Сатып алу-сату шарты жайлы мәлімет



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. САТЫП АЛУ.САТУ ШАРТЫНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ.САТУ ШАРТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

3. САТЫП АЛУ.САТУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ.САТУ
ШАРТЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ... ... ... ... ... ... ...15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. ҚР азаматтық заңнамасы оның бірнеше түрін қарастырады және олардың әрқайсысының ерекшелігі, бұл шартарға қолданылатын заңдардың ерекшелігіне байланысты. Сондай-ақ әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзак даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады.
Осы курстық жұмысытың негiзгi мақсаты – ол мемлекеттiк сатып алу – сату шартының ерекшелiктерiнiң құқықтық-теориялық жақтарын қарастырып кету болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi. (Ерекше бөлiмi) 1 шiлде 1999 ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi. (Жалпы бөлiмi) 1 шiлде 1999 ж.
4. ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы 2002 ж. 16 мамыр
5. Жайлин. Ғ. А. Азаматтық құқық. Оқулық. Ерекше бөлiм. II том. –Алматы: Заң әдебиетi. 2003.
6. Гражданское право .Том.2. Учебник для вузов. (Академический курс).Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, 2002.
7. Гражданское право: Учебник. Т.2. /Под. ред. Е.А Суханов. М. 1993.
8. Брагинский М.И.Договор хранения. –М.: Статут, 1999.
9. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан. Отв. ред. М.К. Сулейменов. Ю.Г.Басин. –Алматы “Жетi жарғы”2000.
9. Сергеев А.П, Толстой Ю.К. “Гражданское право”Часть 2. Проспект,
М.,1997

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   


МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

1. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ–САТУ ШАРТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .11

3. САТЫП АЛУ-САТУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ–САТУ
ШАРТЫ БОЙЫНША ЖАУАПКЕРШІЛІК ... ... ... ... ... ... ... ...15

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

КІРІСПЕ

Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. ҚР азаматтық заңнамасы оның бірнеше түрін қарастырады және олардың әрқайсысының ерекшелігі, бұл шартарға қолданылатын заңдардың ерекшелігіне байланысты. Сондай-ақ әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзак даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады.
Осы курстық жұмысытың негiзгi мақсаты – ол мемлекеттiк сатып алу – сату шартының ерекшелiктерiнiң құқықтық-теориялық жақтарын қарастырып кету болып табылады.

1. САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Мемлекеттiк сатып алу – сату шартының ерекшелiктерiн қарастырып кетпестен бұрын бiздер ең алдымен сатып алу-сату шартыны туралы жалпы ережелерге тоқталып өткендi дұрыс деп шештiк.
Сонымен сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзак даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының және республикалардың Азаматтық заңдары негіздерінің 1991 жылы күшіне енгізілуіне байланысты аталған шарт мүлікті сатып алушы тарабының меншігіне, толық шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беретін болып қарастырылады.

Мұндай шешімді екі тұрғыда қарастыруға болады.
Біріншіден, мемлекеттік кәсіпорын, мекеме қатысуымен сатып алу-сату шартын онда мемлекет аталған субъектілердің мүлікті оның меншігіне алуға келісімін берген шарт ретінде бағалауға болады, осымен бірге мемлекет аталған субъектілерде тиісті заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкін. Екіншіден, аталған заттық құқықтар мемлекеттік меншікке негізделетін заңды тұлғалар меншік иелері ретінде мүлікті сатып ала алуы үшін көлемі бойынша жеткілікті екенін болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкіншіліктер меншік иесінен басқа өзге де заттық кұқықтар иелерінде, мысалы, мүлікті сенімгерлікпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз.
Осы екі көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгеніне қарамастан оларды одан әрі негіздеу мемлекеттік және оның құрған заңды тұлғаларының қарымқатынастарының тәжірибелік мәселелерін шешуге мүмкіншілік бере алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: "Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мулікті (тауарды) екінші тараптын (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті".
Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық жүргізуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Бұл мемлекеттік меншік нысанына негізделген заңды тұлғалар тек шартты бөлініп шығарылады деген пікірге әкелуі мүмкін. Бірақ бұл (заңды тұлға құру) мүлікті бірнеше мақсатта оқшаулау үшін маңызды. Кейде осы жеке меншікке негізделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлікке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.
Атап өтілгендей, сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғал-майтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ. Болашақта тауар айналымының кеңеюіне байланысты біздің азаматтық заңнамада да айтылғандай нормалар қажет болады. Ал, негізінен қандай да болсын сатып алу-сату шартына ерекше бөлімде 25-тарауда мазмұнданған жалпы нормалар тарайды.
Сатып алу-сату шартын меншікке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретін шарт ретінде бағалау (себебі тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншік құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлікті құқықтарды сату ерекшелігін ескеруді талап етеді.
Бағалы қағаздарды және валюталық құндылықтарды сатып алу-сатуда, егер заңнама оларды сатып алу-сату үшін арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бірге бөлшектеп сатып алу-сатуға, тауар жеткізіліміне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады.
Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Кейде сатып алу-сату шарттарын жасағанда акылылық ережесінен ауытқу да болуы мүмкін (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мәмілелер өзінің заңдық табиғаты бойынша шартты мәмілелер бола алады. Мысалы, егер сауда кәсіпорны мыңыншы сатып алушыға ірі жеңілдік жасаймын деп жарияласа (мәміле осы жөніндегі шартпен жасалса).
Бір біріне қарсы бағытталған екі тараптың субъективтік құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартын өзара шарт ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Әңгіме шарттың мәнін құратын құқықтары мен міндеттері туралы болады. Құқықтар мен міндеттердің көмекші мөлшері екі жақтықтан ауытқу болуы да мүмкін.
Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъектілеріне және заңдық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-бабында бекітілген мәміле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келеді.
Жүз айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатыидарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жылжымайтын мүлікке құкықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығына сәйкес, жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату шарттары мемлекеттік тіркеуге жатады. Азаматтық кодекстің 494-бабы кәсіпорынның сатып алу-сату шартының бір құжатты құру жолымен, екі жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актісін, бухгалтерлік балансты, кәсіпорынның құны мен кұрамы туралы тәуелсіз аудитор қорытындысының міндетті тіркелуін қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлікті сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттік тіркеуге жатады және мемлекеттік тіркеу кезеңінен жасалған деп есептеледі.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысу-шылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады. Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтеміз. Арнайы құқықтық қабілетті иемденетін заңды тұлғалар сатып алу-сату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабілетгілік шеңберіңде қатыса алады, яғни бұл жерде әңгіме қандай да бір оның жалпы шеңбері туралы жүрмейді, құқықтық қабілеттілік көлемі әрбір жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргізу құқығында мүлкі бар мемлекеттік көсіпорын, оның негізгі құралдарына жататын мүлікті, сонымен бірге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік мүлік ережелері бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне кейбір қосымшалар мен өзгерістер енгізу туралы” Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстің 200-бабының 2-ші тармағы.
Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері. Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.
Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиым-дылығымен бекітілсе.
Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын аыықтаудың үшінші амалы - сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.
Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларының тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардың арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы сатып алудын, нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру міндеті озгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.
Тұрақты нарықты экономикасы бар елдер соттарының тәжірибесі осындай жағдайларда сатушының жеке басына және сатып алушының жеке басына назар аударады. Егер сатущы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын (белгілі бір саладағы маман) субъект болса, тауар сапасының талап етілетін мақсатқа сәйкес болуын қамтамасыз етуге міндетті, Егер де сатып алушының біліктілігінің дәрежесі әлдеқайда жоғары болса, онда осы мәселе басқаша шешіледі. Мысалы: өндірістік кәсіпорын (казіргі заманның ұйымдастыру-құқықтық нысанында мұрагер өндірістік тағайындалуы бар мұрагерден сатып алғалы тұр. Мұрагер болса онын, техникалық қасиеттерін мүлдем білмейді. Осындай жағдайда сатып алушы тауарды сатып алам деп шешім қабылдайтын болса, онда тауардың тиісті сапасы бар деп есептелуі керек, бірақ тауарды мақсатына сәйкес пайдалануға мүмкіншілік бермейтін жасырын кемістіктерге қатысты наразылық ұсыну құқығы сақталуы керек.
Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде езін тиісті сапалы тауар беру бойынша міндетінен босата алады.
Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар кезделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті.

2. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ–САТУ ШАРТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде Ресей Федерациясының Азаматтық кодексіндегідей (525, 532-баптар) мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізумен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастарды тікелей белгілейтін нормалар жоқ. Біздің заңнамалық шешім неғұрлым ұтымды болып табылады. Оған сатып алу-сату туралы барлық жалпы ережелер қолданымды болып келеді. Бұл қатынастар таза азаматтык-кұқықтық болып табылады. Бұл есепте пікірталастық көзқарастар да бар.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 1-бабында "Мемлекеттік сатып алу туралы шарт - осы Заңға және өзге де нормативтік күқықтық актілерге сәйкес тапсырысшы мен өнім беруші арасында жасалган азаматтық-құқықтық шарт" деп тура керсетілген. Осыған байланысты қазіргі кезеңде Қазақстанның цивилистикалық ғылымында қалыптасқан позицияны келтіруге болады: М.К. Сүлейменновтің көзқарасы бойынша шарттың 1 екі түрін ажыратуға болады:
1) жеке күқықтық (азаматтық-құқықтық);
2) көпшілік-құқықтық, тек тең құқықты субъектілер, мемлекеттер (халықаралық шарт), әкімшілік-аймақтық құрылымдарда ішкі мемлекеттік шарт, министрліктер мен әкімшілік шарт арасында ғана пайда болады. Қалғанының барлыгы азаматтық-құ-қықтық шарттар2 М.К.Сүлейменов мұнда мемлекет ұйым неме-се азаматтармен қатынаста биліктік әкілеттікті қалыптастырған кезде шарттық қатынастар болмайды деп көрсетеді.2
Қарастырылған жағдайда мемлекет, әкімшілік—аймақтық бірліктер, мемлекеттік органдар заңды және жеке тұлғалармен қатынасқа тең құқылы субъектілер ретінде қатысады, аталған қатынасқа (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 2-бабының 1 тармағында бекітілген шарт бостандығы мен азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдік қағидаттарының әрекеті таралады. Сондықтан мемлекет мүқтажы үшін тауарларды жеткізу бойынша қатынастар бүтіндей және толығумен сатып алу-сатуды және тауар жеткізілімін реттейтін жалпы ережелерге негізделеді. Бұл материалдардың артық қайталауынан босатады және аталған шарттың тек ерекше мазмұнына назар салуға мүмкіндік береді. Олар негізінен шартты жасасу рәсімінде болып келеді және тек біршама көлемде ғана осы шарттық құқықтық қатынастардың мазмұнында көрінісін табады.
Бұл шарттьң тағайындалуы өзінің атауынан-ақ көрініп түр. Мемлекет мұқтажы үшін тауарларды жеткізудің жеке-құқықтық тетігі арқылы өзінің көпшілік-құқықтық функцияларын жүзеге асыру үшін экономикалық негізін құрады. Мемлекет аталған жағдайда билік аппараты, саяси егеменді субъект ретінде өз қалыптасуын қамтамасыз етеді. Одан басқа арнайы қүрылымдары арқылы өз әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізеді. Мемлекет оның басқа міндеттерінде мысалы қорғаныс міндетінде дәл осылай жүргізеді. Осы ескеріліп мемлекеттік сатып алумен байланысты қатынастар арнайы нормативтік реттеумен қамтамасыз етіледі. 1999 жылғы 16 шілдесіндегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның орнына 2002 ж. 16 мамырында дәл осы атаумен Заң қабылданды. Ол бұрын ескертілген Мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа мемлекет экономикасы саласында калыптасқан қазіргі замандық құбылыстарға бейімделген. Онда мемлекеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг институның жалпы сипаттамасы
Лизинг шартының ерекшеліктрі
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарына сәйкес келетін, сатушылардың міндеттері
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
Бөлшектеп сатып алу, сату шартының ұғымы
Шарт, келісім, меморандум, мәміле. Презентация. Резюме. Жарнама. Кепілдеме хат
ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІН ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІН БАҒАЛАУДЫН МАҚСАТТАРЫ
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Пәндер