Инновациялық қызметті реттеу


Мазмұны
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан экономикасының қазіргі даму тенденциясы күрделі өзгерістермен есте қалуда. Бір жағынан, бұл өзгерістер бүкіл әлемді қамтып үлгерген жаһандану үрдісінің алға қойып отырған талаптары десек, екіншіден еліміздің қарыштап дамып, әлемдік қоғамдастықтан лайықты орын алуының бірден-бір жолы екені даусыз. Бұл жөнінде президентіміз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жодауында экономиканы әртараптандыру - табыс кілті және таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады деді [1. -2б. ] . Егер ХХ ғасыр техника ғасыры болды десек, онда ХХІ ғасырдың жүзжылдығы білім мен ғылым, сондай-ақ инновация ғасыры болып саналуы да тегін емес. Демек, зерттеудің ерекшелігі қоғам дамуының бүгінгі сұранысына толық сәйкес келуінде болып отыр. Экономиканы мемлекеттік реттеу қоғам дамуының кез келген жүйесінде болмасын, айрықша маңызға ие болғаны белгілі. Олай болса, инновациялық даму үрдістері де әрдайым мемлекет тарапынан реттеп, қолдап отыруды қажет ететіні сөзсіз. Мұндай сипаттағы реттеу мен қолдаудың қажеттілігі ғылыми жаңалықтар мен инновациялық жетістіктердің үнемі өзгеріп, жаңарып отыратындығымен, сондай-ақ тәуекелінің жоғары болып келуімен байланысты түсіндіріледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының экономикасын инновациялық дамытуды мемлекеттік реттеу мәселелеріне ғылыми талдау жасап, оның ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы рөлі бойынша теориялық және іс-тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
- инновацияның теориялық мәселелері жан-жақты зерттеледі;
- инновациялық дамуды мемлекеттік реттеу механизмдері мен шетелдік тәжірибесі ғылыми тұрғыда сараланады;
- Қазақстандағы инновациялық қызметтің қазіргі кездегі даму жағдайына талдау жасалады;
- ұлттық экономиканың инновациялық дамуындағы венчурлық қорлардың үлесі зерттеледі;
- Қазақстандағы инновациялық үрдістерді дамыту және технологиялық жаңғырту мәселелері жан-жақты зерттеледі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны . Республиканың, ішінара аймақтар мен облыстар экономикасының инновациялық даму жағдайы дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні. Ұлттық экономиканың инновациялық даму жолдары, оны құқықтық қамтамасыз ету мәселелері және инновациялық даму саласындағы экономикалық қатынастар дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі кездегі кәсіпкерліктің инновациялық сипаттарын көрсететін экономикалық қатнастардың қазіргі заманғы теориясын келесідей шетелдік зерттеушілер дамытты. Олар: Й. Шумпетер, П. Самуэльсон, Кэмпбэлл, С. Брю, Э. Роджерс пен Р. Шумейкер, Р. Нельсон, Л. Водачек, П. Друкер, К. Фриман, Дж. Доси, К. Перес және т. б. зерттеушілерді жатады.
Өзіміздің отандас ғалымдарымыздың ішінде инновациялық қызмтті, инновациялық стратгияны, мемлекеттік және салалық инновациялық саясатты, сондай-ақ инновациялық үрдістерді басқару мәселелері академиктер Р. Алшанов, У. Баймұратов, Ә. Сатыбалдин, К. Сағадиев, А. Қошанов, О. Сабден, сонымен қатар А. Марков, В. Гончаров, Ф. Днишев, К. Кажымұратов, Д. Мұқанов, С. Әбдіғаппарова, Н. Барлыбаева, А. Саттарова, К. Е. Кубаев, С. Т. Купешова, А. Н. Тургинбаева, Н. Н. Адекенов, Н. Кахарман, Г. А. Мырзалиева, А. А. Булашева, Г. К. Замбинова және т. б. ғалымдардың жұмыстарынан көрініс табуда.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 3 бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралып, 79 бет, 11 кесте, 10 суреттен тұрады.
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Инноватика теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі концепциялары
Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады.
Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың қалыптасқаны анықталды:
- біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған (Б. Твисс, Ф. Никсон, Б. Сантон, т. б. ) ;
- екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді (И. Шумпетер) . Инновация - бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар енгізу болып табылады.
Нарықтық экономикадағы ғылыми қызметтің нәтижелерін пайдалану мүмкіншілігінің мол болуы, «инновация» деген экономикалық категорияны өмірге әкелді. Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы құбылыс «жаңалық енгізу» деген мағынаны білдіретін «инновация» сөзімен атала бастады.
«Инновация» сөзі 1440 жыл француз тіліндегі «жаңғыру және жаңа» намесе «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағынаны білдіретін «innovatіon» сөзінен пайда болған.
«Инновация» термині, «жаңалық» және «ашылым» түсініктерімен тығыз байланысты болады. «Жаңалық» түсінігі, адаммен шығарылған жаңа құралдар, механизмдер, жабдықтармен түсіндіріліеді. «Ашылым» түсінігі, бұрын белгісіз болған мәліметтерді алу үрдісі және бұрын белгісіз болған табиғи құбылыстардың көрінісімен түсіндіріледі. Инновацияға қарағанда, ашылым термині ең алғашқы сатыда жасалады және қандай да бір кіріс алу мақсатын көздемейді.
Қазіргі кезде бұл инновацияға деген көп көз-қарас бар, әркім әртүрлі анықтама берген, солардың ең алғашқысы және инновация теориясын қалыптастырушы - Й. Шумпетер болатын. 1920 жылдары Австриялық ғалым Й. Шумпетер өзінің «Экономикалық өсу теориясы» еңбегінде алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның ойынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім енгізіп сонысымен басқа кәсіпкерлерді бәсекелестікке шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден озу үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға ұмтылады және мәжбүр болады. Й. Шумпетердің айтуынша әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру арқылыда да жаңалық алуға болады деді. Й. Шумпетер теориясы бойынша жаңа комбинациялардың бес түрі бар, оларға:
- жаңа өнімді қалыптастыру;
- жаңа технология пайдалану;
- өндіріс үрдісін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
- сатудың жаңа рыноктарыға шығуы;
- ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнар көздерін пайдалану жатады [2-454 б. ] .
Й. Шумпетерден кейін Джеймс Брайен Куинн инновацияның жалпы сипаттарына тоқталып келесілерді атады: қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталады; ықтималды сипатқа ие; күрделілігімен ерекшеленеді; көп уақытты талап етеді; кедергінің пайда болуына, қарсыласуға, тоқтатылымға және шапшаң дамуға бейім деп атап көрсетті [3. 14б. ] .
Ағылшынша-қазақша сөздікке сәйкес, «инновация» - жаңадан енгізу, жаңашылдық, өзгеріс. Дегенмен интеллектуалды еңбектің нәтижесі болып жаңашылдық табылады. Жаңашылдық, қысқа мағынада - интеллектуалды қызметтің жемісі, кең мағынасында - ноу-хаудың, ұтымды ұсыныстардың, тауар белгісінің, патенттің, өнертапқыштық, ашылымдардың бейнесінде жасалған инновациялық үдерістің нәтижесі. Егер, жаңадан енгізудің экономикалық немесе әлеуметтік құндылығы болмаса, ол инновация ретінде саналмайды, өйткені инновация болуы үшін белгілі бір пайдалы әсерді қамтамасыз ететін инновациялық үдерістің өндіріске енгізген нәтижесі болуы қажет.
Ал В. А. Макаренконың редакциясымен шыққан заманауи түсніктер мен терминдердің қысқаша сөздігінде толығырақ анықтама берілген. «Инновация (ағыл. innovation - жаңа енгізу, жаңалық, лат. innovation - қайта жаңару, жаңару) бұл:
- Техникалар мен технологиялардың буынын қамтамасыз ету үшін, экономикаға қаржы салу;
- Ғылыми-техникалық үдерістің нәтижесі болып табылатын жаңа техника, технологиялар ойлап табу;
- Жаңа идеяларды жасау мен жинақтау, жаңа теория, модель жасау, оларды жүзеге асыру: қайталанбайтын, жеке саяси бағдарламалар;
- Тіл білімінде - жаңа өскін, салыстырмалы жаңа құбылыс, әсіресе морфологияда.
Қазіргі қолданыстағы «Инновациялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы бойынша, «инновация - жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірген техникалық прогресс, жаңа ұйымдастырушылық техникалық, қаржылық - экономикалық немесе басқа да өнеркәсіп немесе қоғамды басқару салаларына прогрессивті ықпал ететін, әр түрлі қоғамдық қатынастар салаларындағы шешімдер ретіндегі жүзеге асырылынған, инновациялық қызмет нәтижелері» [3] . Ең алдымен, бұл анықтамада инновацияның құқықтық қатынастардағы түрлі көріністері көрсетілген. Екіншіден, инновация - инновациялық қызметтің нәтижесі ретінде келтірілген.
Инновация түсінігінің базалық әртүрлі анықтамалары бар. Әлеуметтік мағынасы жағынан Г. Мюлганның айтуы бойынша әлеуметтік инновация - бұл негізгі мақсаты әлеуметтік бағытты білдіретін, ұйымдардың көмегімен таралатын, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыратын қызмет көрсету және инновациялық қызмет. Аталған автор негізгі мақсаты табыс табу болып табылатын әлеуметтік және бизнес инновациялар аралығындағы айырмашылықты көрсеткен. Бірақта әлеуметтік инновацияның ұтымды үлгісін көрсететін әлуметтік кәсіпкерлік, бір кезде әлеуметтік мәселелерді шешеді және тұтынушылар мен кәсіпкерлерге табыс табуға мүмкіндік береді [3-41б. ] .
Т. А. Тумина әлеуметтік инновацияларды былай анықтайды: а) қызметтердің жаңа немесе жетілдірілген өнімдері және технологиялары, соның ішінде ең біріншіден халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге және адам капиталын дамытуға бағытталған әлеуметтік басқару технологиясы; б) осындай жаңалықтарды жасау және тәжірибеде жүзеге асыру үрдістері әдтте жобалық қызмет қағидаларына негізделеді [3-10б. ] . Бұл жағдайда әлеуметтік инновация әлеуметтік бағыттағы инновациялық қызметтің нәтижесі және үрдісі ретінде көрсетілген.
Ю. Ф. Косинцева әлеуметтік инновациямен материалды-техникалық инновацияны ажыратуды ұсынады. Ол әлеуметтік инновацияны жаңа, ойлап табумен, игерумен, қолданумен байланысты жаңалықтарды қоғамда тарату мен байланыстырды. Ю. Ф. Косинцева әлеуметтік инновациялардың топтамасын ұсынды. Мазмұны жағынан әлеуметтік инновациялар келесідей бөлімдерге бөлінеді:
- экономикалық (еңбкті әлеуметтік ұйымдастыру және материалдық ынталандыру саласындағы инновация) ;
- ұйымдастырушылық - басқарушылық (жаңа ұйымдастырушылық құрылымдар, еңбекті ұйымдастыру формасы, шешім қабылдау және олардың орындалуын бақылау) ;
- әлеуметтік-басқарушылық (ұжым ішіндегі қарым-қатынастың өзгеруі) ;
- құқықтық (құқық объектілері мен субъктілері арасындағы жаңалық) ;
- саяси (әлеуметтік топтар қарым-қатынасы саласындағы мақсатты өзгерістер) [4. 3-5б. ] .
Экономикалық мағынасы жағынан менеджмент теориясында және тәжірибеде қолданылуы жағынан инновацияның бес тобын бөліп көрсетуге болады.
Әртүрлі экономикалық анықтамалар түсінігі жаңа технологияларды қолдануда, инновациялық қызметті коммерцияландыруда, әлеуметтік жүйеде, экономикалық дамуда және әлеуметтік-экономикалық саясаттың бағыттарын қалыптастыруда қолданылады. Экономикалық мағынасы жағынан инновацияны келесідей бес топқа бөледі (1-кесте) .
Кесте 1
Инновацияның экономикалық мазмұны жағынан бөлінуі
Инновация - шығармашылық ойды жүзеге асыру
Инновация - жаңалық ашу мен жаңа ойлардың экономикалық, техникалық, әлеуметтік және де басқа салалардағы енуі.
Инновация - экономикалық тиімділікті, сапаны, ұйым тұтынушыларының жаңалықтар енгізілуі арқылы қанағаттандырылуын жоғарылату
Инновация - білімнің ақшаға айналуы
Инновация - кәсіпорынның әлеуметтік немесе экономикалық әлеуетінің мақсатты өзгеруі
Инновация - жаңалықтарды жасау траекториясы
Инновация - жаңалықтар енгізу жолымен жақсарту үрдісі
Инновация - жаңа ойларды ұтымды қолдану
Инновация - инновациялық үрдістің соңғы нәтижесі.
Инновация - жаңа ой, әдіс немесе құрал.
Инновация - қызметтегі жаңа аспектіні қалыптастыратын өзгеріс.
Инновация - ұйым және білімді өнімге айналдыру ортасы мен адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынас жүйесі.
Инновация - адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесінің өзгеруі
Инновация түсінігіне басқа да ғалымдардың көзқарасы бар, солардың бірі Р. Нельсон. Ол экономикалық эволюцияда бірінші рет инновация түсінігіне байланысты екі үрдісті атады, олар өндірістік инновациялардың пайда болуын білдіретін «өзгермелілік» (variation) және бәсекеге төзімді және бейімделгіш «таңдау» (selection) үрдісі деді. Ал Л. Водачек инновацияны «Кәсіпорынның жүйе ретінде қызмет етуінің мақсатты өзгерістері» деп атады [4-200б. ] .
Экономикалық зерттеулердің барысында инновацияға деген екі көзқарасты байқауға болады, яғни инновация шығармашылық үрдістің нәтижесі ретінде және жаңалық енгізу үрдісі ретінде. Я. Кук және П. Майерс инновацияны нарықта жүзеге асатын, пайда болған идеядан бастап дайын өнімге дейінгі толық үрдісті айтты. Б. Твиссте инновацияны үрдіс деді бірақ ол жаңа жасалым экономикалық мазмұнға ие болатын үрдіс деді. [4-271б. ]
Инновация терминіне, алғаш рет идеяның пайда болу көзіне байланысты П. Друкер келесідей типология ұсынды:
- инновацияның негізінде күтпеген оқиға жатыр;
- инновацияның негізінде ақиқат және оны көре алу
арасындағы сәйкессіздік жатыр;
- инновация, өндіріс үрдістерінің сұранысына негіз болып табылады;
- инновация, нарықтың немесе саланың құрылымының
өзгерістерінің нәтижесі;
- инновация, құндылықтарды белгілеу және көңіл-күйдегі,
қабылдаудағы өзгерістердің негізі;
- инновация жаңа білімнің негізі болып табылады.
Сонымен қатар оның құрастырған инновация теориясының тағы бір аспектісі ғылыми-техникалық жаңалықтардың әртүрлі білімдердің негізінде жасалатындығы және ол білімнің ғылым мен техникаға қатысы болуы міндетті емес.
К. Фриман, Дж. Доси. К. Перес өздерінің зерттеу әдістемесінде экономикалық динамиканың және экономикалық өсудің негізгі қозғаушы факторлары деп келесілерді көрсетті: инновация негізінде бәсекелестік; экономикалық дамуда білім мен зияткерлік қасиет маңызды рөл атқарады және инновациялық қызметті оның мазмұны мен құрылымына тікелей әсер етуші фактор балып табылады [5-271б. ] .
Инновация теориясын зерттей келе біз әртүрлі көзқарастарға кездестік. Біреулер инновацияны зияткерлік қызметтің нәтижесі десе, басқа біреулер оны белгілі бір саладығы өзгерістерге теңейді, ал кейбір ғалымдар инновацияны білімді өнімге айналдыру дейді. Соңғы жылдары инновацияға бұрын нарықта болмаған жаңа немесе жетілдірілген өнім деген анықтама берілген. Сонымен халықаралық стандарттарға сәйкес инновация - (инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі) жаңа немесе жетілдірілген өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдіс нарығына енгізілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.
Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің негізгі функциясы өзгеріс функциясы болатынын анықтадық.
Біздің бұдан байқайтынымыз, осы уақытқа дейін инновация терминіне бір тұрақты анықтама берілмеген. Біз инновация түсінігіне қатысты әртүрлі көзқарастарды зерттей келе, оларды бір жүйеге келтіруге тырыстық. Мұндай талпыныс бізге инновация түсінігіне келесідей анықтама беруге мүмкіндік беріп отыр. Инновация - адамның ақыл-ой еңбегінің нәтижесінде пайда болған, ғылыми негізделген жаңа өнім немесе қызмет түрі, сонымен қатар, белгілі бір өнімді өндіруде немесе қызмет көрсетуде қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Сонымен қатар, біз инновацияның пайда болуындағы негізгі мақсаттарын атап көрсеттік. Инновацияның негізгі мақсатттары 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1. Инновацияның негізгі мақсаттары.
* Ескерту: Сызба автордың жеке зерттеулері нәтижесінде құрастырылған.
Қазіргі таңда әлемнің дамыған және дамушы елдері инновацияға қатты көңіл бөлуде. Өйткені әлемдік нарықтағы жағдай көрсетіп тұрғандай инновацияға негізделген экономика ғана бәсекеге қабілетті болады. Белгілі бір салада инновацияның пайда болуы белгілі бір кезеңдерден өтеді:
1. Келіп түсетін идеяларды бір жүйеге келтіру;
2. Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;
3. Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау;
4. Жаңа өнімді құру;
5. Нарықты тестілеу;
6. Өнім жөніндегі маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау. Аталған кезеңдерден байқайтынымыз. инновациялық өнімді қалыптастыру және оны нарыққа енгізу өзіндік ерекшелігі бар белгілі бір кезеңдерден өтеді. Сонымен қатар, инновацияның өзіндік мақсаттары бар. Инновацияның негізгі мақсаттары 1-суретте көрсетілген.
Қазіргі таңда әлемде көптеген елдер экономикасына инновацияларды енгізуде өзара төрт шешуші ресурс үшін бәсекелестікке түседі:
- табиғи ресурстар; адам ресурстары (дарындар) ; қаржылық ресурстар; замануаи тауарлар мен қызмет көрсетулердің жаһандық нарығы [5 - 32б. ] . Аталған ресурстарды тиімді пайдаланып экономиканың бәсеге қабілеттілігін арттыру үшін әлемнің дамыған және дамушы елдері экономикасын иннновацияға негіздеу барысында өздерінің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруда. Яғни ресурстарды тиімді пайдалану үшін инновациялық өнім мен инновациялық қызмттерді дамытуы керек.
Зерттеу барысында анықталған инновацияға деген әртүрлі көз-қарас бізге инновацияны сипаттарына қарай келсідей жіктеуге негіз болды. Инновацияның жіктемесі 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Инновацияның жіктелуі
- Жақсартылған инновациялар
- Базистік
- Кешенді
- Радикалды инновациялар
- Ғылыми инновациялар
- Ұйымдастырушылық басқарушылық
- Технологиялық (өндірістік) инновациялар
- Экологиялық
- Рухани саладағы инновациялар
- азық-түлік инновациялары;
- үрдістік инновациялар (жаңа технологиялар) .
- әлемдік;
- елдегі;
- кәсіпорындаға.
- кәсіпорын кірісіндегі инновациялар;
- кәсіпорынның өндірісіндегі инновациялар;
- кәсіпорынның жүйелілік құрылымындағы инновациялар.
- Радикалды инновациялар
- Комбинаторлы инновациялар
- Модификациялық инновациялар
Аталған инновацияның жіктемесі инновация түсінігінің экономикалық мәні мен мағынасын ашады. Сонымен қатар инновацияның мақсаттарын, жаңалық деңгейін, қоғамдық жүйедегі орнын және технологиялық параметрлерін көрсетеді. Экономикада инновация саласында жиі қолданылатын инновациялық қызмет деген түсінік бар. Бұл түсінікке толығырақ тоқталатын болсақ. Инновациялық қызмет дегеніміз - инновациялық идеяны іздеумен басталады және өнімді өндіру мен оны нарықта жылжыту мен аяқталады.
Инновациялық қызметке келесідей қызмет түрлері жатады:
- инновациялық өнімді жасау үшін ғылыми-зерттеулік,
тәжірибелік-конструкторлық, және технологиялық жұмыстарды жүргізу;
- инновациялық өнімді жасау үшін кешенді жұмыстар жүргізу,
яғни ғылыми-тхникалық, индикативтік жоспарлау және мақсатты бағдарламалар жасау ұйымдастырушылық және нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету;
- технологияны немесе инновациялық өнімді шығаруға өндірісті
дайындау және технологиялық жабдықтау;
- инновациялық өнімді тұтынушыларға өткізу және сынақтан өткізу;
- технологияны коммерцияландыру үрдістерін басқару;
- инновациялық өнімнің ішкі және әлемдік нарыққа шығарылуы
және өнімдегі интелектуалды қызмет нәтижелерінің құқығын қорғау;
- инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы және дамуы;
- инновациялық өнімді қалыптастыру, жүзеге асыру және
жетілдіру бойынша кеңес берушілік (консультациялық), ақпараттық, заңнамалық сараптама жүргізу [7-139б. ] .
Инновациялық қызмет саласы үш компоненттен тұрады: жаңалықтар нарығы, инвестициялар - капитал нарығы, жаңа енгізулер (новациялар) - жаңалықтар нарығының таза бәсекесі. Осы компаненттердің жиынтығы инновациялық қызметті құрайды.
Экономиканы инновациялық тұрғыда дамыту үшін ең алдымен инновациялық инфрақұрылымды дамыту керек. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту инновациялық қызмет субъектілерін ынталандыру мен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz