Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы (Жамбыл облысы бойынша)


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 133 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

ӘОЖ 338. 49:338. 22(547. 52) (043) Қолжазба құқығында

Сопбеков Жеңіс Сабырұлы

шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуы (ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША)

08. 00. 05 - экономика және халық шаруашылығын басқару

экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

экономика ғылымдарының

докторы, профессор

Жатканбаев Е. Б.

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010
Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырудың теориялық негіздері . . . 8

1. 1 Инфрақұрылымның мәні, оның ұдайы өндіріс процесіндегі маңызы . . . 8

1. 2 Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы және оның шағын кәсіпкерліктің дамуына әсері . . . 18

1. 3 Шағын кәсіпкерліктің инфрақұрылым қызметін мемлекеттік реттеудің мәні мен маңызы және шетелдік тәжірибесі . . . 26

2 Нарықтық инфрақұрылым субъектілері және шағын кәсіпорындардың өзара қарым-қатынасын талдау (Жамбыл облысының мысалында) . . . 50

2. 1 Шағын кәсіпкерлік субъектілері - нарықтық инфрақұрылым қызметінің тұтынушылары ретінде . . . 50

2. 2 Аймақтық нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің қазіргі жағдайын

зерттеу . . . 67

3 Жамбыл облысы бойынша шағын кәсіпкерліктің дамуын инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелері . . . 87

3. 1 Шағын кәсіпкерліктің дамуының ұйымдастыру-экономикалық механизмін жетілдіру және оны мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары. . 87

3. 2 Шағын кәсіпкерлік үшін нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің даму стратегиясы . . . 102

Қорытынды . . . 115

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 118

Қосымша . . . 125

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлік саласының дамуы біздің мемлекеттегі экономикалық саясаттың басым бағыттарының бірі. Шағын кәсіпкерліктің дамуы экономикалық дағдарыстан тез арада шығуға, бәсекелестік орта мен экономиканың нарықтық құрылымын қалыптастыруға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызмет өзінің табиғаты бойынша жаңа өнім шығару үшін, жаңа шикізат көздерін, өтім нарықтарын ашу, өндірісті қайта құру үшін әртүрлі мүмкіндіктерді жедел пайдалануға тез бейімделеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Cтратегиялық даму жоспарында» айтылғандай, «Қазақстан 2020 жылы әлемдік дағдарыстан біршама қуатты және бәсекеге қабілетті, экономикасы әртараптандырылған және халқы белсенді түрде жаңа экономикаға тартыла отырып шыныққан елге айналады. Ішкі жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 7-10 %-ға ұлғаяды. Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізудегі жеңілдік» (Doing Business) рейтингі бойынша көрсеткіштері ең жақсы 50 елдің қатарына енеді».

Алға қойылған негізгі міндетке жету жолында мемлекет біршама іс-шараларды қолға алды. Экономикалық жағдайды жақсартуға «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры Ұлттық қордан 1 триллион 87, 5 миллиард теңге көлемінде бөлген қаражаттың 120 миллиард теңгесі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау үшін бағытталды. Бүгінгі күні осы сала кәсіпорындары өндіріп отырған өнім көлемі жалпы ішкі өнімнің 22-24 пайызын құрап отыр. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, таяу арада бұл көрсеткішті 10 пайызға дейін ұлғайту үшін бұл бағытта әлі біршама жұмыстар атқарылу керек екені белгілі.

Шағын кәсіпкерлік саласының үздіксіз жұмыс жасауы оның инфрақұрылымының даму деңгейіне байланысты. Нарықтық экономика кезеңінде ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін жаңа инфрақұрылым қалыптастыру проблемасы туындайды, сондай-ақ нарықтық инфрақұрылымның кәсіпкерліктің дамуына, оның ішінде шағын кәсіпкерлік секторының дамуына әсері күшейеді. Нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру қаржы ресурстарын тарту, өндірістік алаңдар жасау, бизнесті жүргізу үшін қажетті ақпарат іздеу, шикізатпен және өнімнің өтімімен қамтамасыз ету саласындағы кәсіпкерлік проблемасын шешу үшін қажет.

Шағын кәсіпкерліктің ерекшелігі оның белгілі бір аймақты ғана қамтуында, сондай-ақ шағын кәсіпорындардың қызметіне жергілікті жердің экономико-географиялық ерекшелігі де өз әсерін тигізеді.

Экономиканың даму бағыттарына сай инфрақұрылымның жаңа институттары қалыптасуына байланысты, олардың шағын кәсіпкерліктің дамуы мен тиімділігіне әсері өсуіне байланысты осы мәселені жаңа жағынан қарастыру туындайды.

Шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін жағымды жағдай қалыптастыруға әртүрлі теориялық және әдістемелік көзқарастар, сондай-ақ нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің қызмет етуінің кейбір аспектілері келесі ғалымдардың жұмыстарында бейнеленген: отандық ғалымдар Кошанов А. К., Калиев Г. А., Баймуратов У. Б., Кенжегузин М. Б., Жатканбаев Е. Б., Исаева М. Г., Нурланова Н. К., Тулембаева А. Н., Балапанов М. Ж., Кубаев Е. т. б. ; ресейлік ғалымдар Сахарнов Ю. В., Федько В. П., Орлов А. А., Кориков М. А., Муханова Е. Б., Наливайский В. Ю., Блинов А. О., Тяглов С. К., Иоффе А. В., Шулус А. А., Джуха В. М., Виленский А. В., Мишин А. С., Чернышев М. А., Евсеева И. Д., Мишурова И. В., Скрябин С. А. ; шетелдік ғалымдар Р. Кантильон, А. Смит, А. Маршалл, Ж. Б. Сэй, Д. Шумпетер, Д. Макклеланд, П. Друкер және басқалар.

Бірақ, шағын кәсіпкерлік секторының дамуын қолдау мәселесін қарастырғанда кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылымдық қамтамасыз ету проблемасына аз көңіл бөлінеді. Осымен қатар, кейбір жеке зерттеулерде инфрақұрылым өзі жетілетін механизм ретінде қарастырылады, бірақ шағын кәсіпкерліктің қалыптасуындағы оның ролі ашылмай қалған.

Шағын кәсіпкерлік секторының тұрақты дамуымен байланысты мәселелерді шешудің теориялық және тәжірибелік маңызы осы зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға негіз болды.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты аймақтағы шағын кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді жүйелі түрде дамыту бойынша ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасау.

Қойылған мақсатқа сәйкес келесі міндеттер анықталды:

- нарықтық инфрақұрылымның ұдайы өндіріс процесіндегі орнын анықтау, сондай-ақ оның қазақстан экономикасы жағдайындағы қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;

- нарықтық инфрақұрылымның шағын кәсіпкерлік секторының даму процесіне әсерін анықтау;

- аймақтық деңгейдегі нарықтық инфрақұрылым субъектілері мен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өзара байланысының ерекшеліктерін зерттеу;

- кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылымдық қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жүйелі көзқарасты талдау;

Зерттеу нысаны ретінде республикалық және Жамбыл облыстық шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымы алынды.

Дисертациялық зерттеу заты нарықтық инфрақұрылым субъектілері мен шағын кәсіпорындардың өзара әсер ету процесінде қалыптасқан экономикалық қатынастар болып табылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының Статистика Басқармасының статистикалық мәліметтері, Жамбыл облыстық әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының мәліметтері, сондай-ақ басқа да нарықтық инфрақұрылым субъектілері мен республиканың шағын кәсіпорындарының мәліметтері алынды.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік базасы экономикалық теория классиктерінің іргелі еңбектері, шағын кәсіпкерлік пен оның инфрақұрылымын дамыту мәселесіне арналған шетелдік, отандық және ресейлік авторлардың ғылыми жұмыстары, диалектикалық, логикалық, экономико-математикалық және басқа да экономикалық талдау әдістері болып табылды. Диссертациялық зерттеу мәселесін анықтау және зерттеу объектісінің ерекшеліктері келесі әдістемелік құралдарды пайдалану қажеттілігін көрсетті: теориялық зерттеу әдістері (талдау, синтез, индукция, дедукция) және эмпирикалық (бақылау, салыстыру), сондай-ақ эконометриялық моделдеу әдістері кіретін ғылыми танымның жалпы әдістері.

Қорғауға шығарылатын тұжырымдар:

1. Шағын кәсіпкерлік секторының дамуы үшін нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің қызмет ету механизмі шағын кәсіпкерліктің ішкі табиғаты мен жұмыс істеу масштабына негізделген, яғни ірі фирмалардан айырмашылығы негізгі өндіріске қызмет ететін бөлімшелерді өз бетінше құра алады.

2. Шағын кәсіпкерліктің қазіргі құрылымының ерекшелігі шағын фирмалардың жалпы жиынтығындағы сауда кәсіпорындарының жоғары үлесімен, сондай-ақ шағын кәсіпорындардың белгілі бір аймақ ішіндегі территориялық орналасу теңсіздігімен сипатталады, мұны нарықтық инфрақұрылымның жаңа субъектісін құру кезінде есепке алу қажет,

3. Нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің шағын кәсіпкерлік секторының дамуына әсер ету мүмкіндігін шектейтін маңызды факторлар болып табылатындар: нарықтық инфрақұрылымның жеке субъектілері арасындағы ақпараттық ағынның жоқтығы; кәсіпкерлердің өздеріне ұсынылатын қызмет түрі мен оларды алу жағдайы туралы ақпараттан аз хабардар болуы; нарықтық инфрақұрылым субъектілері қызметінің өндірістік-шаруашылық қызмет тәжірибесі бар кәсіпорындарға бағытталуы.

4. Шағын кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қамтамасыз етудегі мемлекеттің қатысуы концепциясы нарықтық өзін-өзі реттеу механизміне ішінара араласу принципіне негізделуі тиіс. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық инфрақұрылым субъектілері қызметін реттеуді қамтамасыз ету, шағын кәсіпкерліктің ішкі потенциалын пайдалану үшін жағымды жағдай қалыптастыру.

5. Шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру проблемасы өндіріс факторларын біріктіру процесінде өзара байланыстырушы элемент ретіндегі нарықтық инфрақұрылым субъектілерін құру қажеттілігін көрсетеді. Олардың негізгі міндеттері кәсіпкерлік қызметті ақпараттық қамтамасыз ету, оның ішінде кәсіпкерлерді сыртқы және ішкі нарықтар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылуы қажет.

Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- нарықтық инфрақұрылым түсінігі нақтыланды, бұл - негізгі қызметі тауар қозғалысының нарықтық шаруашылық шеңберіндегі негізгі процестерге қызмет көрсетуге, сатушылар мен сатып алушылар іздеуге, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстарды, ресурс ағымдарының қозғалысын, сондай-ақ кәсіпкерлік құрылымдардың жұмысын жолға қоюға бағытталған шаруашылық субъектілердің жиынтығы;

- нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің шағын кәсіпорындармен өзара әсерін кеңейту жағдайы анықталды, оған кіретіндер: нарықтық инфрақұрылымның шағын кәсіпкерліктің даму деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету; аймақтағы кәсіпкерлер үшін қол жетімді қызмет бағасына бағыттау; нарықтық инфрақұрылымның әртүрлі субъектілерінің қызметін реттеу;

- «инфрақұрылымдық жетелеу схемасы» түріндегі нарықтық инфрақұрылымның мемлекеттік субъектілерінің қызметін реттеу схемасы ұсынылды және түсіндірілді, ол кәсіпорын қызметінің кейбір кезеңдеріндегі дағдарыстық сипаттарды төмендетуге және қызмет кешенін қалыптастыруға негізделген.

- шағын кәсіпорындардың нарықтық инфрақұрылым қызметіне сұранысы мен оның өмірлік циклының кезеңдері арасындағы байланыс анықталды, оның негізінде шағын кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қамтамасыз етудің стратегиялық бағыты ретінде қайта құрылған кәсіпорындар табылды;

- аймақтағы ақпараттық-талдау жүйесін құру концепциясы жасалды, ол кейбір жеке территориялардың «өсу нүктесін» анықтауға, ресурстық потенциалды есепке алуға және экономикалық өсімге жетуге бағытталған реттеуші әрі ынталандырушы құрылымдық саясат жүргізуге мүмкіндік береді;

Жұмыстың тәжірибелік мәні.

Диссертациялық зерттеуде жасалған Жамбыл облысындағы нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында тәжірибе жүзінде қолдану үшін қабылданды. Диссертациялық зерттеудің концептуалдық көзқарастары мен тәжірибелік ұсыныстары нарықтық инфрақұрылымның әртүрлі субъектілерінің жұмыс істеу процесінде пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі нәтижелері келесі конференцияларда баяндалды және талқыланды:

- «ТМД елдерінде экономиканың дамуы мен экономист мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері» атты VI халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Тараз, маусым, 2005 ж.,

- «Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі және ұлттың ғылыми-білім әлеуеті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Тараз, қараша, 2008 ж.,

- «Жас ғалым - 2009» атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, Тараз, сәуір, 2009 ж.

Зерттеу нәтижелерін жариялау. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша жалпы көлемі 2 баспа парағы болатын 8 ғылыми мақала, оның ішінде 3 мақала - ҚР білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған баспаларда жарияланды.

Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспе, үш тарау, жеті бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттердің 123 тізімінен тұрады. Жұмыстың мазмұны 126 компьютер мәтінінде, оның ішінде 24 сурет, 26 кесте, қосымшалармен берілген.

1 Нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырудың теориялық негізДЕРі

1. 1 Инфрақұрылымның мәні және оның ұдайы өндіріс процесіндегі маңызы

Қазақстан Республикасындағы жаңа экономикалық жүйенің құрылуы бүгінгі қоғамнан берілген процестің түрлі аспектілерінің мұқият зерттелуін талап етеді. Нарық негіздерін зерттеудің кез келген түрі таным субъектісінің алдына нарықтық инфрақұрылымның қалыптасу мәселесін қояды, өйткені нарықтық шаруашылықтың тиімділігі белгілі бір деңгейде қоғамдық өндіріс процесінің жалпы құрылымдық элементтерінің жағдайына байланысты болады.

Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердегі нарықтық экономиканың К. Маркс зерттеген капиталистік қатынастар жүйесінен айырмашылығы бар. Бүгінгі күні “кәсіпкерліктің бағытталған жүйесі” деген түсінік дамыған елдердің экономикасын дәлірек сипаттайды.

Қазіргі заманғы нарықтық жүйе өз дамуының жоғары деңгейіне жетті, өйткені оған қажетті инфрақұрылымды жасау барлық өндіріс процесін қамтитын іс-шараларды жүзеге асыруды талап етеді.

Инфрақұрылым біртұтас экономикалық жүйенің маңызды компоненті. Нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен нарық инфрақұрылымының арасындағы, сонымен қатар инфрақұрылымның өз ішіндегі теңдікті сақтау қажеттілігі оның барлық элементтерінің жетілуі мен дамуына кешенді түрде ықпал етуді талап етеді.

Бұл Қазақстан Республикасының экономикасын түкпілікті реформалау үшін басым бағыт болып табылатыны сөзсіз. Бірақ, осы уақытқа дейін (шаруашылықты қатаң орталықтандырылған жоспарлы басқару кезеңдерін қоса алғанда) инфрақұрылымның жұмыс жасап тұрған субъектілерінің қызметін өзара байланыстыру және оның дамуына кешенді түрде ықпал ету ешқашанда болған емес.

Инфрақұрылымды жіктеуге әртүрлі көзқарастарды жүйелей келе оны келесі блоктарға біріктіруге болады:

  • өндірістік инфрақұрылым;
  • нарықтық инфрақұрылым;
  • әлеуметтік инфрақұрылым;
  • экологиялық инфрақұрылым;
  • институционалдық инфрақұрылым;

Инфрақұрылым жүйелерін осылайша біріктіру экономикалық айналымдағы инфрақұрылымның ролі және инфрақұрылым қызметінің ерекшелігімен - ұдайы өндіріс жағдайын қамтамасыз етумен байланысты барлық критерийлер жиынтығын есепке алады.

Сурет 1. Инфрақұрылым элементтері

Е с к е р т у - сурет теориялық материалдар негізінде автормен құрастырылған.

Өндірістік инфрақұрылым материалдық және материалдық емес қызмет түрлерін көрсетумен сипатталады.

Жинақталған түрде өндірістік инфрақұрылымды жіктеу 1 - кестеде көрсетілген.

Өндірістік инфрақұрылымды кестеде көрсетілген белгілер бойынша қарастыру оның дамуын кешенді талдауға, диспропорцияны, жетілдіру бағыттарын анықтауға, аймақтық бағдарламаларды жасаған кезде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жіктеудің теориялық мәні - оның көмегімен өндірістік инфрақұрылымды аймақтық экономиканың комплексті құраушысы ретінде қарауға болады, ал тәжірибелік мәні - жіктеу белгілеріне сәйкес әр топтағы мәселелер мен қарама-қайшылықтарды есепке алуға мүмкіндік береді.

Әлеуметтік инфрақұрылым - адамның жеке және қоғамдық қажеттіліктерін іске асыру кезінде әртүрлі қызмет түрлерін ұсыну арқылы кешенді ұдайы өндіруге мүмкіндік беретін салалар мен қызмет түрлерінің жиынтығы.

Әлеуметтік инфрақұрылым құрамына үш функционалды-мақсатты блокты кіргізуге болады:

- қоғамдық-саяси және интеллектуалды-мәдени қызмет (білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, бұқаралық ақпарат, қоғамдық ұйымдар, қоғамдар, ассоциациялар, бірлестіктер саласындағы қызмет) ;

- дене саулығын қалпына келтіру және сақтау (денсаулық сақтау, дене мәдениеті және спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, туризм, қоршаған ортаны қорғау және жетілдіру) ;

- коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсету (тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда және қоғамдық тамақтандыру, қоғамдық транспорт, халыққа қызмет көрсету бойынша байлыныстар) ;

Әлеуметтік инфрақұрылым функциялары қоғамның әлеуметтік және экономикалық даму мақсаттарымен анықталады және оған тәуелді.

Кесте 1. Экономиканың материалдық секторының өндірістік инфрақұрылымын жіктеу

Жіктеу белгісі: Жіктеу белгісі
Белгілердің мәні: Белгілердің мәні
Жіктеу белгісі: өндіріс құралына меншік формасы
Белгілердің мәні:

1) өндірістік инфрақұрылымның мемлекеттік субъектілері;

2) ұжымдық меншіктегі өндірістік инфрақұрылым субъектілері;

3) жеке меншіктегі өндірістік инфрақұрылым субъектілері.

Жіктеу белгісі: Өндірістік инфрақұрылым кәсіпорындарының қызметін басқару әдісі
Белгілердің мәні:

1) басқарудың нарықтық әдісі;

2) басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі;

3) басқарудың нарықтық-әкімшілік әдісі.

Жіктеу белгісі: Негізгі өндірістің салалық ерекшелігі
Белгілердің мәні:

1) өнеркәсіптік инфрақұрылым

2) ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы;

3) құрылыс инфрақұрылымы.

Жіктеу белгісі: Функционалдық саласы
Белгілердің мәні:

1) сыртқы өндірістік инфрақұрылым;

2) ішкі өндірістік инфрақұрылым;

3) аралас өндірістік инфрақұрылым.

Жіктеу белгісі: Өндірістік инфрақұрылым субъектілерінің аймақтық таралуы
Белгілердің мәні:

1) магистральды өндірістік инфрақұрылым;

2) аудандық өндірістік инфрақұрылым;

3) жергілікті өндірістік инфрақұрылым.

Жіктеу белгісі: Пайда болу этаптары
Белгілердің мәні:

1) қалыптасып келе жатқан өндірістік инфрақұрылым;

2) дамыған өндірістік инфрақұрылым;

3) регрессивті өндірістік инфрақұрылым.

Жіктеу белгісі: Уақыт факторы
Белгілердің мәні:

1) өндірістік инфрақұрылымның алға кеткен түрі;

2) өндірістік инфрақұрылымның өз уақытындағы түрі;

3) өндірістік инфрақұрылымның кешіккен түрі.

Жіктеу белгісі: Қызметті тұтыну деңгейі бойынша өндірістік инфрақұрылым субъектілері
Белгілердің мәні:

1) сала аралық;

2) сала ішілік;

3) өндіріс ішілік.

Жіктеу белгісі: Өндірістік циклдың әр кезеңіндегі өндірістік инфрақұрылым функциялары
Белгілердің мәні:

1) технологиялық процесті жүзеге асыру үшін дайындауды қамтамасыз ететін өндірістік инфрақұрылым субъектісі;

2) технологиялық процестің жағдайын қамтамасыз ететін өндірістік инфрақұрылым субъектісі;

3) дайын өнімді таратуды қамтамасыз ететін өндірістік инфрақұрылым субъектісі.

Жіктеу белгісі: Өндірістік қызметке сұраныс пен ұсыныс масштабы
Белгілердің мәні:

1) республикалық мәндегі субъектілер;

2) аймақ аралық мәндегі субъектілер;

3) жергілікті мәндегі субъектілер.

Жіктеу белгісі: Е с к е р т у - кесте теориялық материалдар негізінде автормен құрастырылған.

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қызмет етуінің негізгі мақсаты адамның тұрмыстық, рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен толық және жан-жақты дамуы.

Әлеуметтік инфрақұрылым
Мәдениет
Әлеуметтік-мәдени қызмет
Тұрғын-үй шаруашылығы
Тұрғын үй қоры
Білім беру
Әлеуметтік институттар
Бөлшек сауда
Сауда
Мәдени қызмет
Мәдени құндылықтар
Ғылыми қызмет
Қызмет
Дене мәдениеті
Ғылыми білім

Сурет 2. Әлеуметтік инфрақұрылымның элементері

Е с к е р т у - сурет теориялық материалдар негізінде автормен құрастырылған.

Нарықтық инфрақұрылым категориясын отандық және шетелдік экономика теориясы мен тәжірибесінде өте өзекті, қызықты және ең аз зерттелген зерттеу объектісі деп айтуға болады. «Инфрақұрылым» термині («infra» - асты, structura - құрылым) батыстық және отандық экономистердің еңбектерінде кеңінен қолданылған, әлі де қолданылып келеді.

В. Г. Кагин атап көрсеткендей, батыстың экономистері бұл түсінікті әскери сөздік қордан кірме сөз ретінде алғанын айта кету керек, ол сөз әскери қарулы күштердің қызметін қамтамасыз ететін тұрақты ғимараттар кешені мағынасында берілген [1] . Б. Абдрахманованың пікірі бойынша, батыс ойшылдары басты назар аударған мәселе кейбір мекемелердің жұмыс жасауына қатысты ұсақ проблемалар болып табылады, олар: банктік және банктік емес қаржы институттары, биржаның түрлері, тауарлы нарық инфрақұрылымының ұйымдары [2] . Ең жақсы дегенде нарықтың барлық инфрақұрылымы емес, нарықтық инфрақұрылым субъектілерінің жеке топтары талданады. Бірақ Батыстағы инфрақұрылымның қалыптасу процесі тарихи тұрғыдан алғанда басқаша болғандығы жөніндегі фактіні ескеруіміз керек. Нарықты қатынастың жұмыс істеуі үшін қажетті экономикалық орта шаруашылықтың капиталистік жүйесі пайда болғанға дейін біртіндеп қалыптасқан. Ол феодалдық дәуірде біртіндеп ұйымдаса бастады және дамыған нарықтың қалыптасуы үшін қажетті жағдай мен алғышарты болып саналады. Алғашқы тауар биржасы 1531 жылы Антверпенде пайда болғаны бәрімізге белгілі (1549 жылы Лион биржасы, ал 1566 жылы Лондонның королдік биржасы құрылды) . Бұл биржаларда негізінде тауар операцияларымен қатар, валюта операциялары да жүргізілді. Бұдан аз уақыт бұрын қаржылық операциялармен жұмыс істейтін ең алғашқы банктер Европада ашылған болатын. Осылайша, белгілі бір механизм шеңберінде нарықтық қатынастардың даму деңгейіне байланысты оған сәйкес инфрақұрылым да қалыптасты.

Батыс елдері ғалымдарының зерттеулерін экономикалық дамудағы инфрақұрылымның роліне көзқарасы бойынша жіктеуге болады.

Америкалық экономистер (А. Хиршман мен П. Мэтлек) артта қалған экономиканы түрлендіру керек екенін ескере отырып, инфрақұрылымның дамушы елдердің экономикасын көтерудегі ролін зерттеуге аса назар аударды. Өз кезегінде ғалымдардың басқа тобы (П. Самуэльсон, С. Джеймс және т. б. ) бірнеше еңбегін инфрақұрылымның дамыған елдердегі экономиканы көтеру проблемаларын шешудегі контексті мүмкіндіктерін зерттеуге арнады [3] .

Бірақ бірнеше шетелдік ғалымдардың білдірген пікірлері бойынша инфрақұрылым жеке капиталдың құрылуына қолайлы жағдай жасауы керек. Егер мәселе дамушы елдердегі экономика жөнінде болса, онда инфрақұрылымды олардың одан ары дамуына қажетті негізгі шарттарына жатқызуымызға болады. Экономикасы дамыған елдердегі инфрақұрылым бәрінен бұрын капитал жинақтаудың қосымша көзі ретінде және экономикалық дағдарыспен күресудің тиімді құралы ретінде қарастырылады [4] .

Атақты экономист П. Самуэльсон экономикалық дамудың нақты мысалын қарастыра отырып, халық шаруашылығының дамуына қажетті жағдай ретінде «қоршаған қоғамдық ортаның белгілі бір жағдайларын» анықтады.

П. Самуэльсон инфрақұрылымның жеке субъектілерін құруда мемлекеттің ақша құюы қажет деп санайды, ол мұны “social overhead capital” -қоғамдық көмекші капитал терминін қолдана отырып түсіндірді. П. Самуэльсонның пікірі бойынша - бастапқы тартымсыздығынан жеке инвесторлар үшін жоғарыда аталған инвестициялар мемлекет инфрақұрылымның қалыптасуына қаржы салымының іске асырылуына байланысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыру туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының шағын және орта бизнесінің даму бағыттары
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің бағыттарын анықтау
Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту негіздері
Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz