Қылмыскердің жеке тұлғасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қылмыскер тұлғасының ұғымы және іс бойынша шындықты анықтау үшін оның жеке басын зерттеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2. Қылмыскер тұлғасының кұрылымын анықтаудың тәжірибелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

3. Қылмыстық тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік және биологиялық байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қылмыскер тұлғасы кез келген адам тұлғасы сияқты белгілі бір құрылымға өзара байланысқан және өзара әрекеттес әлементтер тобына ие болатын тұтастай құрылым болып көрінеді. Сондықтанда іс бойынша шындықты анықтау үшін сезіктінің немесе айыпталушының жеке басын зерттеудің маңызы сөзсіз зор деп айтуға толық негіз бар.
Қазіргі кезде қылмысты тергеп іс бойынша ақиқатты анықтау жолында тергеушілердің қылмыскер тұлғасының құрылымын дұрыс және жақсы танып-білу қажет.
Әсіресе елімізде жүріп жатқан әлеуметтік езгерістерге байланысты соңғы жылдарда қылмыс өрши түсіп, оның ішінде аса қауіпті күрделі кылмыстардың жасалу саны одан әрі өсіп отыр.Сондықтан тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсарту үшін, қылмысты ашуда, тергеуде нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан-жакты пайдаланылу қажет. Болған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза қолдану қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады, кейбір адамдарды қылмыс жасаудан сақтандырады.
Шындықты анықтау үшін сезіктінің немесе айыпталушының жеке басын зерттеуде сондай-ақ жалпы қылмысқа қарсы күресу практикасында тергеу және жедел іздестіру органдарының жұмыстарын одан әрі жетілдіріп, іскерлікпен қолдануда криминалистиканың атқаратын маңызы өте зор деп айтуға болады
Криминалистикалық тергеу және басқа да кұқық қорғау органыңрының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, Өйткені криминалистика тергеу практикасын талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдірді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкеріне дайындап беріп отырады.
1. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері: Оқулық.-Алматы:Жеті жарғы 2004.
2. Криминология: Дәрістер құрсы. Астана: Дәнекер, 2005.
3. Игошев К. Е. Типология личности преступника и мотивация преступного поведения. -Горький, 1974.
4. Алиев В. М. Личность осужденных наркоманов, индивидуально-воспитательное воздействие на н в ИТУ: Автореф. Дис. ...канд. юрид. наук. - М., 1990.
5. Анисгшов В. М. Антиобщественные традиции, обычаи и нормы поведения осужденных в местах лишения свободы: историческиеаспекты.-М., 1990.
6. АнтонянЮ. М., Бородин С. В. Преступность и психические аномалии.-М., 1987.
7. 4. Берекашвили Л. Ш. Общая криминологическая характеристикалиц, совершившихпреступления.-М., 1976.
8. Биленчук К. Д., Ращик А. И. Изучение личности несовершеннолетнего обвиняемого на предварительном следствии.Киев, 1991.
9. Голик Ю. В. Случайный преступник. -Томск, 1984.
10. КаиржановЕ. И. Криминология(Общаячасть). Алматы, 1995.
11. Криминальнаямотивация/Отв. ред. В. Н. Кудрявцев. М., 1986.
12. Криминология / Под ред. А. И. Долговой. - М., 1997.
13. Криминология / Под ред. В. Н. Кудрявцева, В. Е. Әминова. -М, 1995.
14. Криминология и профилактика преступлений. - М., 1989.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Іс бойынша шындықты (ақиқатты) анықтау үшін сезіктінің (айыпталушының) жеке басын зерттеудің маңызы.
Қылмыскердің жеке тұлғасы. КУРСОВАЯ

ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қылмыскер тұлғасының ұғымы және іс бойынша шындықты анықтау үшін оның жеке басын зерттеудің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2. Қылмыскер тұлғасының кұрылымын анықтаудың тәжірибелік мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

3. Қылмыстық тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік және биологиялық байланыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Кіріспе

Қылмыскер тұлғасы кез келген адам тұлғасы сияқты белгілі бір құрылымға өзара байланысқан және өзара әрекеттес әлементтер тобына ие болатын тұтастай құрылым болып көрінеді. Сондықтанда іс бойынша шындықты анықтау үшін сезіктінің немесе айыпталушының жеке басын зерттеудің маңызы сөзсіз зор деп айтуға толық негіз бар.
Қазіргі кезде қылмысты тергеп іс бойынша ақиқатты анықтау жолында тергеушілердің қылмыскер тұлғасының құрылымын дұрыс және жақсы танып-білу қажет.
Әсіресе елімізде жүріп жатқан әлеуметтік езгерістерге байланысты соңғы жылдарда қылмыс өрши түсіп, оның ішінде аса қауіпті күрделі кылмыстардың жасалу саны одан әрі өсіп отыр.Сондықтан тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсарту үшін, қылмысты ашуда, тергеуде нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан-жакты пайдаланылу қажет. Болған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза қолдану қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады, кейбір адамдарды қылмыс жасаудан сақтандырады.
Шындықты анықтау үшін сезіктінің немесе айыпталушының жеке басын зерттеуде сондай-ақ жалпы қылмысқа қарсы күресу практикасында тергеу және жедел іздестіру органдарының жұмыстарын одан әрі жетілдіріп, іскерлікпен қолдануда криминалистиканың атқаратын маңызы өте зор деп айтуға болады
Криминалистикалық тергеу және басқа да кұқық қорғау органыңрының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, Өйткені криминалистика тергеу практикасын талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдірді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкеріне дайындап беріп отырады.
Болған оқиғаны жан-жақты және объективті түрде анықтау үшін тергеуші орын алған жағдайды дұрыс болжап, жасалған қылмыс әрекетінің тетігін ойымен қалыптастыруы тиіс. Ал жасалған қылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дүрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға кеп мүмкіндік береді.
Мен бұл курстық жұмыс барысында іс бойынша шындықты анықтау үшін сезіктінің немесе айыпталушының жеке басын зерттеудің маңызына қатысты құқықтық-теориялық мәселелерді жан-жақты қарастырып өтпекпін.

1. Қылмыскер тұлғасының ұғымы және іс бойынша шындықты анықтау үшін оның жеке басын зерттеудің маңызы

Қылмыстылық-адамның мінезқұлқы нысандарының бірі, ал қылмыс - адамның саналы түрде жасаған әрекеті, нақты қылығы. Адамның тұлғасын сипаттайтын қасиеттердің бәрін біліп алмай, жеке адам қылмысыны.ң себебін немесе жалпы қылмыс себебін біліп-түсіну мүмкін емес. Криминалистика ғылымы адам қылмыскер болып тумайды, қылмыскерлік тұлғаның қалыптасу кезеңіндегі жайсыз жағдайлардың салдарыныа пайда болады деп пайымдайды. Алайда, жайсыз жағдайдың бәрі бірдей және әр уақытта қылмыстық мінез-құлық тудырады деп ойлауға болмайды. Адам іс жүзінде өзінің биологиялық табиғатына сай келетін шарттар мен факторларды алып және оны белгілі бір дәрежеде игереді.
Қылмыскер тұлғасы қылмыстылыққа итермелеуші әлеуметтік жағдайы мен осы жағдайдың салдарынан болған қылмыстың жалғастырушы буын болып саналады.
Қылмыскер тұлғасы деп қылмыстық заңды жағдайлармен және мән-жайлармен қосаадамды кінәлі ететін, осылайша оның қоғамға жат қылықтарына әсер ететін әлеуметтік және әлеуметтік мәні қасиеттердің, белгілердің, қатынастардың жиынтығы деп таниды.
Қылмыскердің тұлғасы өзінің бағыттылығы арқылы көзқарас пен бағдар мазмұнынан, қажеттік деңгейі мен шеңберінен белгіленеді. Алайда, мұндай жағдайға қарап қылмыс жасаған адамдардың барлығында бірдей қоғамға жат көзқарас пен бағыт-бағдар бар деп ойлауға болмайды.
Мұндайлар болмағанның өзінде де қылмыскердің тұлғасы мен оның қылмыстық мінез-кұлық себептерін зерттеудің қажеттігі күні тәртібінен алынып тасталмайды. Дегенмен, қылмыскерлердің негізгі көпшілігі осындай ерекшеліктермен көзге түседі.
Қылмыскердің тұлғасы криминология нәрсесі ретіңде мұндай тұлға әлеуметтік мәні бар жеке- нақты объекті ретінде немесе жалпы ретінде қарастырылуы тиіс пе деген пікірталас тудырды.
Кезінде А. А. Герцензон1 қылмыскердің тұлғасы туралы мәселенің, адам бұл қылмысты неліктен жасады деген нақты, бірақ алеуметтік-танымдық тұрғыдан алғанда өте шектеулі сауалға жауап беретіндігіне байланысты жалғыз қылмыскер үшін маңызы бар деп айтқан болатын. Мұндай көзқарастағы қылмыскер тұлғасының жалпы криминологиялық маңызы іс жүзінде жаппай әлеуметтік құбылыс ретіндегі қылмыстылық жеке қылмыстың қасиетімен бара-бар түсіндірілуі мүмкін емес деген негізде қабыл алынбады. Қылмыскердің тұлғасы деген сөз жеке қылмыс деген этимологияда маңызды рөл атқарады деп санауға болмайды, сонымен бірге, оның жаппай алғандағы қылмыстылыққа қатысы жоқ.
Криминалистика мен криминология қылмыстылық пен оның себептері мен заңдылықтарын ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге, адамға белгілі бір әлеуметтік тип ретінде жалпы сипаттама да береді.
Қылмыскердің тұлғасын криминологиялық зерттеу түбінде алдын алу шараларын жүргізу үшін маңызы бар қылмыс туғызатын мінез-құлықтарды анықтау мен оларды бағалай білу мақсатында жүргізіледі. Осыған байланысты криминологияның: қылмыскердің тұлғасы, қылмыстық мінез-құлық себептері мен механизмі және қылмыстың алдын алу сияқты үш буынды проблемалардың бірлігі қалыптасады. Мұндай кезде қылмыскер тұлғасы криминогендік ерекшелігі жоғары, қылмыстық әрекеттің субъективті себептерінің көзі болып табылатындықтан, басты назар соған түсетіндіктен алдын алу объектісі әрекет немесе мінез-құлықемес, осы тұлға болуы керек.
Осы жоғарыда айтылған ерекшеліктердің жиынтығының бірлігі мен өзара әрекеттестігі қылмыскер тұлғасының қоғамға қауіптілігінің мәнін кұрайды; ал қылмыстық мінез-құлық - осының туындысы.
Тұлғанын, криминогендік ерекшелігін білмейінше немесе ескермейінше мінез-құлықты өзгерту мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі сыртқы әлеуметтік факторларды мүлдем жоққа шығармайды. Тұлғаның қылмыстық қасиеттері аталған факторлардың әсерімен қалыптасады, ол тұлғаның бойында әбден “бекіген” соң мәні айтуға сөз жетпейтіндей дербес күшке айналады. Қылмыстың жасалуына жағдайлық мән-жайлар мүмкіндік туғызады, дегенмен бір анығы, бір жағдайдың өзі әр адамның санасында бөлек бағаланып, бөлек қабылданады. Ендеше, жеке қылмыстық мінез құлық механизмінде қылмыскер тұлғасы сыртқы факторлармен байланысы бойынша басты рөл атқарады.
Жекелеген ғалымдар, әсіресе, И. И. Карпец2 заңды сақтайтын азаматтардың тұлғасынан қылмыскердің тұлғасын ерекшелеп тұраты оларға тән арнайы қасиеттер мен сапа белгісі жоқ деп санай келе, “қылмыскер тұлғасы” криминологиялық ұғымының ғылыми және-практикалық мәнділігіне күмән келтіретіндіктерін білдірді. Олардың ойынша “қылмыскер тұлғасы” ұғымы тек қылмыс жасаған адамға ғана сай келеді, ал оның орнына дәстүрлі және өзінің мазмұны жағынан дәлме-дәл келетін “қылмыс субъектісі” деген ұғым әбден жеткілікті.
Қылмыскер тұлғасының ерекшеліктерін теріске шығару осы ұғымның өзін ғана теріске шығарып қоймайды, ең бастысы қисынды түрде адамды кез келген сәтте қылмыс жасайтындай сыртқы күштер мен жағдайларға тәуелді етіп қояды. Қылмыстық құқық тұрғысынан алғанда қылмыскер (қылмыс субъектісі) - іс жүзінде заңмен көзделген кінәлі түрде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған белгілі бір жасқа толған адам. Сондықтан қарастырылып отырған категория қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жазаны өтегенге дейін сотпен “куәландырылған” уақытша шеңберге ие болады. Жазасын өтеп шыққаннан кейін адам енді қылмыскер емес. Мұндай жағдайда қылмыскердің тұлғасы турасында емес, қоғамға қауіптілік тудыратын тұлға туралы сөз болады.
Қазіргі кездегі тергеу тәсілдері тек қана қылмыс жасағандарды ғана зерттемейді, ол, сонымен бірге, өмір салты, көзқарасы мен мінез-құлқы қылмыстық жолға түсетіндей күмән туғызған адамдарды зерттейді.
Сонымен бірге, тергеу саласының үлесіне маскүнемдік, нашақорлық, қаңғыбастық және басқа қоғамға жат қылықтар тиеді. Көріп отырғанымыздай, осы көрсетілген адамдарды зерттеу қылмыс субъектісінің-тұлғасын зерттеу шегінен шығып кетіп отыр. Бұл қылмыстың себептерін ашып және оның алдын алудың тиімді құралдарын іздестіруге көмектеседі.
Жалпы алғанда қылмыстың тұлғасын қоғамға жат көзқарасының, қоғамдық мүддеге теріс қарауы мен өзінің қоғамға қауіпті жолдарды жүзеге асыру ойы және теріс нәтиже болдырмау жолындағы әрекетсіздігі кесірінен қылмыс жасаған адамның тұлғасы арқылы анықтауға болады.
Сонымен бірге қылмыскердің тұлғасын зерттеу диалектикалық категорияларға сәйкес негізгі үш деңгейде жүзеге асырылады: 1) жалпы; 2) ерекше; 3) жеке.
1-деңгейде “қылмыскер тұлғасының” жалпы ұғымы мен оның негізгі белгілері мен қасиеттері қарастырылады.
2-деңгейде бірқатар жағдайда қылмыстылықтың жекелеген түрлеріне, яғни, халық шаруашылығының жекелеген салаларында, жекелеген аймактарда және баскалардағы қылмыстылыққа сай келетін қылмыскерлердін, жекелеген категориялары мен типтері қарастырылады.
3-деңгейде нақты қылмыскер (нақты қылмыс) қарастырылады.
“Нақты тұлға” ұғымы жеке қайталанбас қасиеттерді білдіреді. Осыдан келіп осы қасиеттерді жан-жақты есепке алып отыратын жеке жұмыстарды жүргізудің мейлінше құрделілігі туындайды.
Тұлғаны зерттеу нәтижелерінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізудің криминалистика ғылымдары үшін де маңызы зор. Тергеу саласы үшін қылмыскер тұлғасының маңыздысы - оның табиғаты мен мәні, қайнар көздері, оның қоғамға жат қасиеттерінің қалыптасу жолдары мен нысандары, механизмі, қылмыстық мінез-құлықтың пайда болуына әсер ететін, басқаша сөзбен айтқанда, қылмыс жасауға себепкер болатын ортамен өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктері3.
Міне, осындай зерттеулердің нәтижесі қылмыстың алдын алу мәселелерін шешудегі ең бір негізгі нұсқаулар болып табылады.

2. Қылмыскер тұлғасының кұрылымын анықтаудың тәжірибелік мәні

Қылмыскер тұлғасының кұрылымын анықтау барысында оны, басқа адамдармен араласу нәтижесінде және өз кезегінде белігілі бір істің; танымның, қарым-қатынастың субъектісі ететін әлеуметтік мәні бар қасиеттер жиынтығын иеленуші деп қарау керек.
Қылмыскер тұлғасын танып-білу тұлғаның құрылымы мен оның жүзеге асырылатын әлементтері арасындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастарды талдау арқылы ғана мүмкін.
Қылмыскер тұлғасы кұрылымының өзі бірқатар құрылымдық бөліктерге бөлінеді, яғни қылмыскер тұлғасын төмендегі блоктардан (жүйелік бөліктерден) құралатын жүйе ретінде қарастыруға болады:
1) қылмыскер тұлғасының демографиялық блогы;
2) қылмыскер тұлғасының әлеуметтік-мәдени блогы;
3) қылмыскер тұлғасының әкономикалық блогы (қоғамдық өндіріс жүйесіндегі жағдайы мен материалдық қамтамасыз етілуінің деңгейі);
4) тұлғаның әлеуметтік институттарға қатысты блогы (серіктестік қатысы, әлеуметтік институттарға арқа сүйеушілік, дұшпандық қатынастары, олардың қызметінің шырқын бұзуға ұмтылысы);
5) тұлғаның әлеуметтік қауымдастықтарға қатысы блогы (жағымды әлеуметтік міндеттер атқаруға бағытталған, бірақ шырқы бұзылып, соның салдарының өзінің мүшелеріне жағымсыз әсер ете бастаған, сондай-ақ, мүшелерінің жағымсыз пиғылдары негізінде құрылған қауымдастықтар);
6)тұлғаның әлеуметтік нормаларға қатысты блогы. Адамның мінез-құлықтары белгілі бір әлеуметтік нормалар жүйесімен реттелетіні белгілі. Бұл нормалардың бәрі мынадай екі топқа бөлінуі мүмкін: а) бүкіл қоғам мойындаған (жалпы әлеуметтік); б)жекелеген қауымдастықтар мойындаған және қорғаған. Мұның өзін: жалпыәлеуметтікке сай келетін; оларға бейтарап; оларға қарама-қарсы деп бөліп қарауға болады.
Сөйтіп, тұлға мен әлеуметтік институттардың арасындағы қатынастарды тек тұлға ғана сипаттап қоймайды, оның қалыптасуына кері әсер еткен факторлар да сипаттайды. Құрылымдық бөліктерден бір нәрсені алып тастау, бөліктер өздігінен өзі дербес жалғасын таба алмайтындықтан бүкіл құәылымның тұтастығын бұзады. Демек, олардың бәрі де бір-бірімен өзара тығыз байланыста және біріне-бірі тәуелді.
Қылмыскер тұлғасы құрылымының басқа да амалдары анықталуы мүмкін. Әсіресе, мынандай жолдары белгілі:
- әлеуметтік-демографиялық және қылмыстық-құқықтық белілері;
- қоғамдық өмірдің әр саласындағы әлеуметтік көрінісі;
- адамгершілік қасиеттері;
- психологиялық ерекшеліктері.
Профессор А. Б. Сахаров бастапқыда категориялардың мынадай белгілерін ұсынды: әлеуметтік-демографиялық; әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-биологиялық4. Алайда, ол кейіннен өзінің көзқарасты пікірін өзгертіп, тұлғаның биологиялықбелгісін алыптастады.
Қылмыскердің тұлғасы жалпы тұлғадан өзінің кұрылымында белгілі бір компоненттердің бар-жоғымен емес, ең алдымен осы құрылымдағы белгілі бір компоненттердің мазмұнымен және бағыттылығымен ерекшеленеді. Криминология үшін аса қажеттісі -нақты қылмыс жасаудың себептері болып саналатын адамгершілік қасиет, мәнді бағдар, көзқарастардың; мүдделердің, қажеттіктің, бейімділіктің, әдеттің қоғамға жат бағыттылығы, дегенмен мұның бәрі құрылымдық бөліктердің басқаларын жоққа шығару болмаса керек. Тұлғаның бағыттылығы адамның өзіне тән сипатталатын және оның қызметіне әрекет ететін ақиқатқа таңдамалы қатыстылығын көрсетеді. Бағыттылық- тұлғаның психологиялық құрылымындағы әлемент. Ол басқа да әлементтерге - білім деңгейіне, биологиялық қасиеттерге (жігерлілік, талабы) негізделген сипаттардың көрінуіне басты әсер етеді және адамның тиісті қылмыстық мінез-құлықты
тандауын анықтайды.
Еңбектен қол үзу немесе өзінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлылықпен қарау, қоғамдық өмірге араласпау, тұрмысқа икемсіздігі, үнемі алкогольдік ішімдіктен, кейде нашақорлықтан арылмауы сияқты фактілер адамды физикалық, ой-өрістік және әлеуметтік кері кетушілікке мәжбүр етеді. Осыған байланысты қылмыскер тұлғасына тән қасиеттерді былайша бөлуге болады: а) бірінші - адамның қылмыс жасағанына дейін пайда болған қасиет; б) екінші қылмыстық өмір салты салдарынан болған, өз кезегінде осы салттан бас тартуды құрделілендіре түсетін қасиет. Осыдан келіп қылмыскер тұлғасының айырықша көрінген түрінде қылмыстық мінез-құлық себептерінің бірі ғана емес, белгілі бір дәрежеде осындай мінез-құлықтың өнімі.
Тұлғаның криминологиялық ерекшеліктерін зерттеу мен есебін жүргізу қылмыскерлердің ерекшеліктерін анықтауға, қылмыс жасауға итермелейтін факторларды ашуға мүмкіндік береді. Мұндай талдауды аймақ бойынша, жедел қызмет көрсетілетін жекелеген учаскелерде, жекелеген істер бойынша жүзеге асыру қажет. Оның нәтижелері ескерту жұмыстарының аса мыңызды деген бағыттарын анықтауға көмектеседі, мысалы, өкілдері жиі құқық бұзатын тұрғын халық ортасындағы топтарды. Сұрыптық криминологиялық зерттеулерде, мәліметтік деректерде, әсіресе, сотталғандардың арнайы жүргізілген санақғарында қылмыскерлер арасында әйелдерден гөрі еркектердің көп екендігі (90 %) байқалады. Алайда, кейбір қылмыстар бойынша әйелдердің үлесі жоғары. Мысалы, сауда мен қоғамдық тамақтандыру жүйесінде, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде ұрлықшы әйелдердің саны 25-30 % қүрайды.
Криминология, әсіресе, жастардың мейлінше агрессивті, албырттық сипаттағы қылмыс жасайтындығын баяғыда анықтаған болатын. Қылмысты 18-40 жас аралығындағы жастар жиі жасайды екен (70-75 %). Қылмысқа тым бейімділік көрсететіндер 29 жасқа дейінгілер, одан кейін 30-39 жас аралығындағылар, содан кейін қылмыстық белсенділіктің кемитіндігі байқалады. Зерттеу, мысалы қылмыс жасайтын қылмыскерлердің 50 пайызы үйленбегендер екендігін анықтады. Сонымен бірге, үйленбегендер арасындағы қылмыстылық коәффициенті үйленгендерге қарағанда екі есеге жуық жоғары екендігі анықталды. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан кезінде ерлерге қарағанда әйелдердің жанүялары көбірек ыдырайтыны байқалады. Қылмыс жасағандардың көбінен артығы қоғамға пайдалы еңбекпен айналысуға қатысады, алайда бұрынғы бұзақылар, ұрылар, қарақшылар мен тонаушылар жұмыс орындарын жиі ауыстыратындықтары, кейде еңбекпен ұзақ мерзім айналыспай үзіліс жасайтындары да болады. Жұмыс істейтіндер арасындағы да қылмысты қайталап жасаушылар үлесі жоғары (25 %).
Абсолюттік көрсеткіш бойынша қылмыс жасаушылар арасынан жұмысшылар саны тым көп көрінеді, ал ауылдықтар, қызметкерлер, оқушы жастар аз. Сұрыптап зерттеу қылмыскерлердің көпшілігі еңбекке жарамды, тек оныншы адамның біреуі ғана еңбекке шектеулі түрде жарамды екенін көрсетті.
Қылмыс жасаушы адамдардың білімі басқа адамдарға қарағанда тым төмен екендігі байқалып отырады, әсіресе жоғары және орта арнаулы білімі барлар аз кездеседі. Қорлау, пайдақорлық, бұзақылық қылмыстар адамдардың білім деңгейі тым төмен екендігі, ал мемлекет мүлкін иеленіп қалу арқылы ұрлау, шығынға батыру немес сенімді бас пайдасына пайдалану сияқты лауазымдық қылмыстар жасайтындардың білімдері жоғарырақ келетіні байқалады.
Қылмыс жасағандардың басым көпшілігі адамгершілік қасиеттерінің негізгі ерекшеліктері болып саналатын құқықтанымдарының төмендігімен сипатталады. Дегенмен, қылмыс жасайтындар заңды нашар біледі деп айтуға болмайды. Керісінше, олардың көпшілігі, әсіресе, қылмысты қайталап жасаушылар рецидивистер) өздеріне қажетті құқықтық біліммен тиісті дәрежеде қаруланған, бірақ олардың санасында заңға оң көзбен қарау деген жоқ, заңның нұсқауларын орындау қалыптаспаған.
Қылмыс жасаушылардың бір жағынан бір-бірінен демографиялық, кұқықтық, психологиялық және басқа белгілер бойынша айырмашылықтары болады, екінші жағынан бір-біріне ұқсас белгілер бойынша тұрақты топ құрады. Сондықтан да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыскердің тұлғасының ұғымы және қылмыстық мінез – құлықтың ерекшеліктері
Қылмыскер тұлғасының ұғымы
Билiктi немесе қызмет өкiлеттi асыра пайдалану
Қылмыс субьектісі мен қылмыскер тұлғасы категорияларының арақатынасы және қылмыскер тұлғасы типологиясының мәселелері
Пайдакүнем қылмыскер тұлғасының криминологиялық сипаттамасы
«Криминология» пәнінен дәрістер
Қылмыскердің әлеуметтік позицияларын және әректің зерделеу
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Зорлау қылмыстарын тергеу
Қылмыскердің жеке тұлғасы туралы
Пәндер