Көне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 б.

1 . ТАРАУ. КӨНЕ ТҮРКІ (ХIII.ХIV ғасыр) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ.

1.1. Көне қыпшақ жазба ескерткіші «Кодекс куманикус» және оның зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 б.
1.2. Алтын Орда дәуiрiнде жазылған жазба ескерткіштердің тарихы және зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10б.
1.3. Көне түркі тілдеріндегі есім сөздердің зерттелу жайы ... ... ... ... ... ...17 б.

2 . ТАРАУ. КӨНЕ ТҮРКІ (ХIII.ХIV ғасыр) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕР ТІЛІНДЕГІ ЕСІМ СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

2.1. Ескерткіштер тіліндегі зат есімнің жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ..26 б.
2.2. Жазба ескерткіштердегі сын есiмнің жасалу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37 б.
2.3. Жазба ескерткiштердегi сан есiмдердiң жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44 б.
2.4. Ескерткіштердегі есімдіктердің жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47 б.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50 б.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52 б.

ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН
АТАУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54 б.
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып зерттеу және оны әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі.
Әдеби тілдің қалыптасу, даму тарихын жалпы халықтық тілмен, диалектілермен және көне жазба мұралар тілімен байланыстыра зерттеудің маңызды екені ертеден айтылып жүр. Олардың ішінде әдеби тіл тарихының тереңдігін көрсететін бірден - бір айғақ көне жазба ескерткіштеріміз болып табылады. Қазақ тіл білімі саласында осы бағытта Ә.Қайдар, Ә.Құрышжанов, Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, Б.Қалиұлы, Ә.Төлеуов, М.Серғалиев, Б.Сағындықұлы сынды ғалымдарымыздың ықпалымен біршама жұмыстар атқарылып жүр.
ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба ескерткіштер – біздің заманымызға келіп жеткен жәдігерліктердің бір бөлігі ғана. Орта ғасыр жазба ескерткіштер тіліне қазіргі тіліміздің қаншалықты қатысы бар екенін анықтау негізгі міндеттердің қатарына жатады. Бұл екінші бір жағынан белгілі бір тілдің өзгеру, даму, қалыптасу жолдарын айқындауға да қолғабыс жасайды. Көне түркі тілдері мен қазіргі түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің де өзіндік табиғатын танып, олардың ішкі даму заңдылықтарын ашу барысында тарихи жәдігерліктерді оқып зерттеу – ерекше маңызы бар өзекті мәселе.
Диплом жұмысының нысаны. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі, нақтылап айтқанда, Хорезми «Мухаббат – наме», Құтб «Хұсрау уа Шырын», С.Сарай «Гүлстан бит – түрки», «Кодекс куманикус», Махмуд бин Әли «Нахдж-әл-фарадис» жәдігерліктері нұсқаларындағы есімдер мен орта ғасыр ескерткіштер тілі мен қазақ тіліне ортақ есімдер.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты - ХІІІ - ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі есімдердің морфологиялық жағынан жан – жақты сипаттай отырып, олардың қазіргі қазақ тіліндегі есімдермен сабақтастығын, даму барысындағы өзгерістерін анықтау.
Алға қойған мақсатымызға байланысты мынадай міндеттер туындады:
- түркітанушылардың пікірлері негізінде есім сөздердің лингвистикалық табиғатын ашу;
- ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тілінде кездесетін есім сөздердің лексика – семантикалық, грамматикалық сипаттама беру;
- есім сөздердің даму, қалыптасу барысын нақты мысалдармен түсіндіріп, дәлелдеу;
- ескерткіштерге және қазіргі қазақ тіліне ортақ есім сөздердің морфологиялық қатысын анықтау;
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі есім сөздер толығынан қамтылып, тілдік тұрғыдан жан – жақты сипатталды. Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты талданған нақтылы мысалдар реттелініп, белгілі әдістер бойынша жеке сұрыпталды. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер мен қазіргі қазақ тіліне ортақ есім сөздердің морфологиялық, мағыналық айырмашылықтары анықталып, айқындалды. Орта ғасыр ескерткіштер тілі мен қазіргі қазақ тілінің сабақтастығы есім категориясы негізінде көрініс тапты.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Жұмыста диахрондық әдіс, сонымен бірге түрлі мәселелерді анықтау үшін тарихи зерттеуге қосымша ретінде салыстырмалы тарихи әдіс пен сипаттамалы әдіс те пайдаланылған.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні: Жазба жәдігерліктер мен қазіргі қазақ тіліне ортақ есімдердің фонетикалық, морфологиялық айырмашылықтары ашылып, айқындалды. Ғылыми – зерттеу жұмысының деректерін жоғары оқу орындарында қазақ тілнің тарихи грамматикасын, көне түркі ескерткіштері тілін, орта түркі ескерткіштері тілін, түркі тілдерінің грамматикасын оқытуда, жиілік сөздік жасауда пайдалануға болады. Сонымен бірге филология факультеттерінің студенттеріне арнаулы курс немесе арнайы семинар ретінде оқу бағдарламасына енгізуге болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспе мен қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қашқари М., Түрік сөздігі. А., Хан – І том, 1997-590 б.
2. Құрышжанұлы Ә. Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер. 1975. 44-65 б..
3. Сауранбаев Н.Т. Некоторые черты древнекипчакского языка // Сб. Сауранбаев Н.Т. Проблемы казахского языкознания. –Алма-Ата. Ғылым, 1982. –С.254 //Сб. Вестник АН Каз. -1948. № 12.
4. Наджип Э.Н. Исследование по историй тюркских языков ХI-ХV в.в. Москва: Наука. 1989. –120 с.
5. Наджип Э.Н. О новонайденных арабописьменных списках “Мухаббат - наме” Хорезми / Советская тюркология. 1973, № 3. –94-100 с.
6. Сүйіншәлиев Х. VІІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1989. -223 б.
7. Құрышжанов Ә., Ибатов Ә. Ескi түркi жазба ескерткiштерi хақында. Кiт.: Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы мен даму жолдары. Алматы: Ғылым, 1981 ж. 97-124 б.
8. Қоңыратбаев Ә. Хорезми “Мухаббат-наме”. Қолжазба, ҚР ҰҒА Орталық ғылыми кiтапханасы, 1937.Благова Г.Р. Два издания рукописей “Мухаббат-наме” // Народы Азии и Африки, 1963, -209-212 с.
9. Айдаров Ғ., Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. А., 1986
10. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам (Семантикалық аспект). Алматы: Қазақ университетi, 1999. –309 б.
11. Тектiғұл Ж. “Қазақ тiлiндегi түркi негiздi аффикстердiң эвалюциясы” А. “Ғылым” 2002, 302 б.
12. Томанов М., Қордабаев Т. Тарихи грамматика мәселелері. – Алматы: Мектеп, 1975. – 176 б.
13. Баскаков Н.А. Каракалпакский язык. М., 1952. С. 225.
14. Хасенов Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы, 1957. 20 б.
15. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 403 б.
16. Дмитриев Н.К. Грамматика башкирского языка. Л., 1948. С. 90.
17. Керімұлы Ә. Түркі әдебиеті ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар (ХІV ғасыр), А.,1999.
18. . Гулямов А.Г. Проблемы исторического словообразования узбекского языка (автореферат). Ташкент, 1955, стр. 15.
19. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы. Алматы. Мектеп. 1973. -112 б.
20. Аханов К. Грамматика теориясының негiздерi. Алматы: Ғылым. 1972. –239 б.
21. Севортян Э.В. Аффиксы именного словооброзования в азербайджанском языке. –М.:Наука. -1966. -437 с.
22. Древнетюркский словарь. – Ленинград: Наука, 1969. -375 с.
23. Айдаров Г. Язык орхонских памятников древнетюркской письменности VІІІ века. Алма-Ата, 1971. С. 157.
24. Шәкенов Ж. Қазiргi қазақ тiлiндегi сын есiм категориясы. Алматы: Қазмемоқупедбас. 1961. -79 б.
25. Қазақ тiлiнiң грамматикасы. Алматы: Ғылым. 1967. -47-48 б.
26. Хасенов Ә. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. Алматы, 1957. 23 б.
27. Исаев С.М. Қазақ тiлiндегi қосымшаларды жiктеу мәселесi. Қазақ ССР ҒА Хабарлары, Алматы. 1982, №2.
28. Исаев С. Қазiргi қазақ тiлiндегi сөздердiң грамматикалық сипаты. Алматы: Рауан. 1998. –138 б.
29. Исаев С.М. Қазақ әдеби тiлiнiң тарихы. Алматы: Мектеп, 1989 –83 б.
30. Құрышжанұлы Ә., Ескі түркі жазба ескерткіштері. Алматы: Қайнар, 2001 – 469 б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3 б.

1 - ТАРАУ. КӨНЕ ТҮРКІ (ХIII-ХIV ғасыр) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ
ЗЕРТТЕЛУІ.

1.1. Көне қыпшақ жазба ескерткіші Кодекс куманикус және оның зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5 б.
1.2. Алтын Орда дәуiрiнде жазылған жазба ескерткіштердің тарихы және
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10б.
1.3. Көне түркі тілдеріндегі есім сөздердің зерттелу
жайы ... ... ... ... ... ...17 б.

2 - ТАРАУ. КӨНЕ ТҮРКІ (ХIII-ХIV ғасыр) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕР ТІЛІНДЕГІ
ЕСІМ СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

2.1. Ескерткіштер тіліндегі зат есімнің жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ..26 б.
2.2. Жазба ескерткіштердегі сын есiмнің жасалу
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .37 б.
2.3. Жазба ескерткiштердегi сан есiмдердiң жасалу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 44 б.
2.4. Ескерткіштердегі есімдіктердің
жасалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47 б.

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .50 б.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..52 б.

ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН
АТАУЛАР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 54 б.

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзектілігі. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба
әдеби ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып зерттеу және оны
әрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі.
Әдеби тілдің қалыптасу, даму тарихын жалпы халықтық тілмен,
диалектілермен және көне жазба мұралар тілімен байланыстыра зерттеудің
маңызды екені ертеден айтылып жүр. Олардың ішінде әдеби тіл тарихының
тереңдігін көрсететін бірден - бір айғақ көне жазба ескерткіштеріміз болып
табылады. Қазақ тіл білімі саласында осы бағытта Ә.Қайдар, Ә.Құрышжанов,
Ә.Ибатов, А.Аманжолов, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, Б.Қалиұлы, Ә.Төлеуов,
М.Серғалиев, Б.Сағындықұлы сынды ғалымдарымыздың ықпалымен біршама жұмыстар
атқарылып жүр.
ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба ескерткіштер – біздің заманымызға келіп
жеткен жәдігерліктердің бір бөлігі ғана. Орта ғасыр жазба ескерткіштер
тіліне қазіргі тіліміздің қаншалықты қатысы бар екенін анықтау негізгі
міндеттердің қатарына жатады. Бұл екінші бір жағынан белгілі бір тілдің
өзгеру, даму, қалыптасу жолдарын айқындауға да қолғабыс жасайды. Көне түркі
тілдері мен қазіргі түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің де өзіндік
табиғатын танып, олардың ішкі даму заңдылықтарын ашу барысында тарихи
жәдігерліктерді оқып зерттеу – ерекше маңызы бар өзекті мәселе.
Диплом жұмысының нысаны. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби
ескерткіштер тіліндегі, нақтылап айтқанда, Хорезми Мухаббат – наме, Құтб
Хұсрау уа Шырын, С.Сарай Гүлстан бит – түрки, Кодекс куманикус,
Махмуд бин Әли Нахдж-әл-фарадис жәдігерліктері нұсқаларындағы есімдер
мен орта ғасыр ескерткіштер тілі мен қазақ тіліне ортақ есімдер.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты -
ХІІІ - ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тіліндегі есімдердің
морфологиялық жағынан жан – жақты сипаттай отырып, олардың қазіргі қазақ
тіліндегі есімдермен сабақтастығын, даму барысындағы өзгерістерін анықтау.
Алға қойған мақсатымызға байланысты мынадай міндеттер туындады:
- түркітанушылардың пікірлері негізінде есім сөздердің лингвистикалық
табиғатын ашу;
- ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер тілінде кездесетін
есім сөздердің лексика – семантикалық, грамматикалық сипаттама беру;
- есім сөздердің даму, қалыптасу барысын нақты мысалдармен түсіндіріп,
дәлелдеу;
- ескерткіштерге және қазіргі қазақ тіліне ортақ есім сөздердің
морфологиялық қатысын анықтау;
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба
әдеби ескерткіштер тіліндегі есім сөздер толығынан қамтылып, тілдік
тұрғыдан жан – жақты сипатталды. Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты
талданған нақтылы мысалдар реттелініп, белгілі әдістер бойынша жеке
сұрыпталды. ХІІІ – ХІV ғасырлардағы жазба әдеби ескерткіштер мен қазіргі
қазақ тіліне ортақ есім сөздердің морфологиялық, мағыналық айырмашылықтары
анықталып, айқындалды. Орта ғасыр ескерткіштер тілі мен қазіргі қазақ
тілінің сабақтастығы есім категориясы негізінде көрініс тапты.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Жұмыста диахрондық әдіс, сонымен
бірге түрлі мәселелерді анықтау үшін тарихи зерттеуге қосымша ретінде
салыстырмалы тарихи әдіс пен сипаттамалы әдіс те пайдаланылған.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні: Жазба жәдігерліктер
мен қазіргі қазақ тіліне ортақ есімдердің фонетикалық, морфологиялық
айырмашылықтары ашылып, айқындалды. Ғылыми – зерттеу жұмысының деректерін
жоғары оқу орындарында қазақ тілнің тарихи грамматикасын, көне түркі
ескерткіштері тілін, орта түркі ескерткіштері тілін, түркі тілдерінің
грамматикасын оқытуда, жиілік сөздік жасауда пайдалануға болады. Сонымен
бірге филология факультеттерінің студенттеріне арнаулы курс немесе арнайы
семинар ретінде оқу бағдарламасына енгізуге болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы екі тараудан, кіріспе мен
қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады
І ТАРАУ. КӨНЕ ТҮРКІ (ХIII-ХIV ғасыр) ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ
СИПАТТАМАСЫ
І.1. ЕСКІ ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ КОДЕКС КУМАНИКУС ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ
ТАРИХЫ
Көне қыпшақ тiлi туралы ең алғаш мәлiмет берген автор – М.Қашқари. Ол
өзiнiң белгiлi еңбегiнде қыпшақ тiлiнiң кейбiр грамматикалық ерекшелiктерiн
талдап, көптеген лексикалық мысалдар келтiрiп отырады. Қыпшақ тiлiн ол
әрдайым атай отырып, заманындағы көп тараған көрнектi тiлдердiң қатарына
жатқызады. [1]
Кодекс куманикус (Құмандардың кiтабы). Қолжазба осы күнгi Венециядағы
Марк әулиенiң шiркеуiнде сақтаулы. Сырты былғарымен қапталған.
Түпнұсқа бiр-ақ дана. Ол 82 парақтан (164 беттен) тұрады. Кодекстiң
алғашқы бетiнде 1303 жылы 11 июль деген жазу бар. Бұл, шамасы,
қолжазбаның барлық парақтары түгел жиналып, бiр жерге қосып тiгiлген уақыты
болу керек. Сонда ол ХIII ғасырдың II жартысында құрастырыла бастап, ХIV
ғасырдың басында ғана аяқталған болып шығады. Қолжазбаның жазылған жерi мен
жазылу мақсаты туралы мәселенiң түркология ғылымында күнi бүгiнге дейiн
басы ашылған емес.
Қолжазба 2 бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмiнде келтiрiлген материалдар:
1. Латынша – парсыша және құманша сөздiк. Сөз тiзiмi латын алфавитiнiң
тәртiбiмен берiлген. Әр тiлдiң сөзi жеке – жеке колонкалар арқылы жоғарыдан
төмен қарай тiзiлiп келедi. 2. Куман тiлiндегi үстеу сөздер және олардың
латын тiлiндегi баламалары. 3. Куман тiлiндегi есiмдер мен есiмдiктердiң
септелу үлгiсi және олардағы куман сөздерiнiң латынша аудармалары. 4.
Лексикалық мағыналарына қарай 40 топқа бөлiнiп берiлген латынша – парсыша
және куманша сөздiк.
Екiншi бөлiмде келтiрiлген материалдар 1. Куманша – немiсше және
латынша сөздiк. 2. Куманша жазылған текстер. 3. Латын тiлiнде жазылған
куман тiлiнiң қысқаша грамматикалық очеркi. 4. Итальян тiлiнде жазылған
өлеңдер. Әдетте, мұны Петрарканың өз қолымен жазылған шығармасы деп
есептейдi. 5. Латын тiлiндегi бiр етiстiктiң жiктелу үлгiсi және латын
тiлiнде жазылған текстер. 6. Жазылмай бос қалған беттер.
Құрылысына қарағанда, Кодекстiң бiрiншi бөлiмi таза практикалық
мақсат көздеп жазылған. Ол – тiл үйрену, сол үшiн жарамды оқу құралын
жасау. Екiншi бөлiм кумандар арасында христиан дiнiн уағыздау үшiн жазылған
да, дiни кiтаптардан әр түрлi үзiндiлер әдейi куман тiлiне аударылып
берiлген. Мұнан басқа бұл бөлiмдер жеке сөздер, сөз тiркестерi мен
сөйлемдер, 50-ге тарта жұмбақ, дiн басшыларының әмiрi мен iстерi жайында
хикаялар бар. Аударманың сөз құрау тәсiлi мен грамматикалық құрылысы
кумандардың байырғы тiл ерекшелiгiнен әлдеқайда алшақ жатыр. Сондықтан да
сөйлемдерi барынша икемсiз де орашолақ жасалған.
Бiрiншi бөлiм бес түрлi қолтаңбамен жазылған. Оны жазған итальяндықтар
болса керек. Екiншi бөлiм (14 түрлi қолтаңбамен жазылған) немiстердiң
қолынан шыққан. Осыдан барып, әдетте бiрiншi бөлiмді итальяндық кодекс
немесе итальяндық бөлiм, екiншi бөлiмдi немiс бөлiмi деп атайды.
Екi бөлiм де готикалық көне шрифтiмен жазылып, бiрде қара, бiрде қара
қошқыл бояулы сиялармен өрнектелген.
Қолжазба өте нашар жазылған да, орфографикалық қателерден аяқ алып
жүргiсiз. Готикалық алфавит түркi тiлi дыбыстарын таңбалауға келгенде өте
бiр дәрменсiз алфавит екендiгiн осы Кодекс бетiнде барынша айқын танытты.
Оның үстiне қолжазбаны жазушылардың да сауаты төмен болса керек - оп-оңай
сөздiң өзiн бұрмалап, барынша былықтырып жiберген. Сондықтан да
П.М.Мелиоранский кезiнде Осы Кодекстiң сөзiн оқығаннан бiр нәрсе шыға
қоятынына менiң күмәнiм бар деп жазған едi. Әрине, Кодекстiң бұл мәндерi
оны оқып-үйрену үшiн көпке дейiн залалын тигiзiп келдi.
Европа бiлiмпаздары (әсiресе, Италия жерiнде кiтапқұмар адамдар)
Кодекс туралы ертеден берi-ақ хабардар болған. Томазиус деген кiсiнiң
жазып кеткен мәлiметiне қарағанда, 1362 жылы Италияның атақты ақыны
Ф.Петрарка бұл жазбаны басқа кiтаптармен қоса Венеция республикасына сыйға
тартқан. Ұлы ақынның шығыс елдерiн көп аралап, елшiлiк қызметтер атқарғаны
мәлiм. Бiрақ Кодекстi оның қайдан қолға түсiрiп алғаны осы уақытқа дейiн
белгiсiз болып келедi.
Немiс халқының әйгiлi математик ғалымы, философ ойшылы
Г.В.Лейбниц - тарих мәселелерiмен де көп шұғылданған адам. Ол тарихи
қолжазбаларды жинап, жариялауға зор мән берiп, көңiл аударып отырған. Сол
В.Лейбниц Кодекс туралы былай деп жазады: Мен Петрарка кiтаптарының
каталогын көрдiм. Ондағы кiтаптардың iшiнде көбiрек көңiл аударғаным Куман
тiлiнiң сөздiгi болды. Бiрақ мен қанша әуреленсем де, оны оқып, ештеңе
шығара алмадым.
Кодекстiң I-бөлiмiн ең алғаш француз тiлiне аударып, бастырып
шығарған көрнектi ориенталист, синолог, академик Генрих Юлий Клапорт (1783-
1835) болды. Ол өзiнiң Азия туралы зерттеулер деген диссертациялық
жұмысына қоса әңгiме болып отырған қолжазбаны Ф.Петрарка кiтапханасынан
алынған латынша - парсыша - куманша сөздiк деген атпен жарияланды (Париж,
1828ж).
Кодекс куманикустi екiншi рет түгелдей (екi бөлiмiн де) латын тiлiне
аударып, 1880 жылы Р.Кун Будапешт қаласында бастырды. Баспа 3 бөлiмнен
тұрады. 1. Алғы сөз бен үлкен Кiрiспе бар. Кiрiспеде кумандардың
тарихы, олардың басқа түрлi халық тарихымен (хазарлармен, печенегтермен,
массагеттермен, Туран ойпатын жайлайтын тағы басқа тайпалармен, орыстармен
қарым-қатынасы, ру – тайпалық құрылысы, тiлдiк (аномастика мен топономика
бойынша) ерекшелiктерi, дiни, саяси-әлеуметтiк құрылысы сияқты мәселелер
сөз болады. 2. Кодекстiң текстерi мен олардың латын тiлiндегi аудармалары
келтiрiлген. 3. Куманша - латынша (2838 сөз), парсыша-латынша, немiсше-
латынша сөздiктерге арналған. Оның үстiне, баспада қосымшалар, түзетулер
және әдебиет көрсеткiштерi де бар.
Г.Кун баспасы түпнұсқасының әрi дәл, әрi толық көшiрмесi тәрiздi. Онда
әр сөз латын алфавитiмен қайта таңбаланып, латын тiлiне аударылып берiлген.
Көптеген сөздер басқа түркi тiлдерiндегi (әсiресе, шағатай, ұйғыр, татар
тiлдерiндегi) өзi тектес сөздермен салыстырыла қаралып отырады.
Г. Кун баспасының маңызы – бұрын жарық көрмеген Кодекстiң екiншi
бөлiмiн басып шығарып, Кодекстiң Г.Ю. Клапрот айтқандай сөздiктен ғана
емес, екi бөлiмнен тұратын қолжазба екендiгiн әйгiлi еткендiгi, сондай-ақ
ол Кодекстi халықаралық ғылым тiлi болып саналатын латын тiлiне аударып,
оның даңқын барлық әлемге жаюы. Латын тiлi мен немiс тiлiн жақсы бiлетiн
болғандықтан Г.Кун көптеген куман сөздерiнiң өзiндiк қиын аудармаларын
анықтап бердi. Кодекс тiлi туралы оның осы баспасы бойынша бiрсыпыра
пiкiрлер айтылып, еңбектер жазылды.
Кодекс куманикус үшiншi рет В. В. Радловтың аудармасымен Санк-
Петербургте басылып шықты (1887). Бiрақ бұл толық аударма емес: Р. Кун
баспасының әр жерiнен бiр үзiндi алған да, оны орыс алфавитiнiң үлгiсiмен
транскрипциялап, немiс тiлiне аударып берген. Бұл басылымның мазмұны
мынадай:
1. Алғы сөз. Онда куман тiлiнде келтiрiлген 15 жұмбақ талданады.
2. Куманша-немiсше сөздiк (2217 сөз)
3. Жеке сөйлемдер мен сөз тiркестерi.
4. Куман текстерi мен олардың аудармалары.
5. Сөз тiзiмi (3024 сөз).
6. Түзетулер (33 сөз)
Орыс жазуының негiзiнде жасалғандықтан, В.В.Радлов транскрипциясы
қазiргi оқушылар пайдалану үшiн қолайлы-ақ. Бiрақ бiраз сөздердiң
грамматикалық тұлғасы мен семантикалық аудармалары көп жерде-ақ көңiлден
шықпай жатады. Әсiресе, В. В. Радловтың Куман тiлiнде ц дыбысы бар деп
тануы барлық жерде ч дыбысының орнына ц жазып қолдануы дұрыс емес едi. 1936
жылы Дания ғалымы К.Гренбек қолжазбаларының түпнұсқасын басып шығарды. Бұл
Кодекстiң 4 рет басылуы едi. Мұны өзi ескерткiштiң кейiнгi
зерттеушiлерiне түпнұсқамен жұмыс iстеуге мүмкiндiк туғызып, кейбiр сөздiң
дұрыс - бұрыстығы туралы осыған дейiн болып отырған айтыс – тартыстан
құтқарды.
Кодекс куманикустың соңғы, бесiншi баспасы да К.Гренбектiң қолынан
жарық көрдi. Ол куманша-немiсше сөздiк есебiнде арнаулы алғы сөзiмен қоса
жарияланды (1942 жылы, Копенгаген, 2728 сөз). Онда алғы сөзден басқа куман
сөздерiнiң орфографиясы мен орфограммасы куман тiлiндегi дыбыстардың
айтылуы ерекшелiктерi, сөз жасау тәсiлдерi жайында бiрқыдыру әңгiме болады.
Мұндағы куман сөздерi латын әрiптерiнiң негiзiнде жасалған ғылыми
транскрипциялық жүйемен берiлген. Әр сөздiң түпнұсқасы қолжазба бойынша дәл
көрсетiп отырылды. Сөйтiп, К.Гренбек баспасының арқасында куман сөздерiнiң
оқылу принциптерi бiр iзге түсiп, көп жеңiлдiк тапты. Аударма жағы да
ойдағыдай жақсартыла түстi.
Куман тiлiн зерттеу жұмыстарының iшiндегi аса бiр бағалы еңбек –
В.В.Радловтың Куман тiлi туралы деген кiтабы. Ол Кодекстiң Р.Кун басып,
фонетикалық құрылымын зерттеп, Кодекстiң орфография ережелерiнен ауытқып
жазылған жерлерiн анықтау – осы еңбектiң өз алдына қойған негiзгi мiндетi
болып табылады.
Ескі қыпшақ тілінің ең іргелісі де, сүбелісі де, готикалық көне
курсивпен жазылған қолжазба Кодекс куманикус (Қыпшақтардың кітабы) еді.
Бұл жазба жадыгерліктің тілін зерттеу Ә.Құрышжанұлының зерттеу еңбектерінен
басталады. Кодекс куманикустың өзі мен оның тілдік ерекшеліктері туралы
Ә.Құрышжанұлы бірқатар еңбектер жазып шығарды. Мысалы, К изучению
куманских загадок (1960); Арабо – персидские элементы в куманском языке
(на материале лексики); К вопросу об уйгурской письменности куманов
(1962); О графике одного слова в памятнике куманского языка Кодекс
куманикус Эпиграфика Востока (М., 1963); Көне қыпшақ тіліндегі ай, күн
аттары (1969); К истории изучения разговорной речи кипчаков ХІІІ-ХІV вв.
(1970); К истории изучения куманского языка (1972); О замечаниях
редакторов на полях рукописи Кодекс куманикус (1974); Куманша-қазақша
жиілік сөздік (А.Жұбановпен және А.Белботаевпен бірге); К изучению
лексики Кодекс куманикус (1981); Кодекс куманикус Қазақ тілі.
Энциклопедия, 1998; Түркістан. Энциклопедия, 2000; Кодекс куманикус -
қазақ әдеби тілінің лексикографикалық арнасы (1989), т.б.
Ескі қыпшақ тілінің жазба жадыгерліктері, біз айтып өткендей, тек қана
Кодекс куманикуспен ғана шектелмейді. Біз жоғарыда әдейі атап көрсеттік,
қыпшақ тілін оқып – үйренудің жазылып қалған көздері толып жатыр, ол туралы
Ә.Құрышжанұлының Көне қыпшақ тілінде жазылған ескерткіштер деген
еңбегінде тиісті мәліметтер келтірілген [2,44-65]. [2,44-65]
Ә.Құрышжанұлы ескі түркі жазба ескерткіштерін қазақ тіліне тәржімалап,
қалың қауым оқушылар үшін олардың барынша ұғымды болуын көздеп жүр.
Ә.Құрышжанұлы көне түркі жазба ескрткіштерін және олардың тілін зерттеу
саласында ең алғашқы жол бастаушы. Қазіргі қазақ тілінің жасалу, қалыптасу,
өсу-өрбу, даму-жетілу, өзгеру-шарықтау, байи түсу және құнарлану, т.б.
жолдарын танып-білу үшін, Н.Т.Сауранбаев айтқандай, ескі қыпшақ тілінде
жазылып қалған мұралардың тілін зерттеу, әрине, қажет-ақ, өйткені,
...племена кипчаков можно считать предками казахского народа [3].

І.2. АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ
ЗЕРТТЕЛУІ
Гулистан бит-түрки (Гулстанның түркiшесi). Қолжазба-372 бет. Әр бетте
13 жолдан жазу бар. Өте сұлу каллиграфиялық жазумен, сириялық қаракөк жiбек
қағазға жазылған. Қолтаңба автордың өзiнiкi болса керек. Ол қазiр Лейден
(Голландия) кiтапханасында сақтаулы. Авторы - Сейф Сараий.
Гулистан жазбасы туралы алғаш хабарлаған – венгер ғалымы Тори Иозеф
(1915 ж). Жазбаның ең алғаш фотокөшiрмесi мен оның түрiкше аудармасын басып
шығарған дәрiгер проф. Ф. Н. Узлук (1945 ж).
Еңбек – Шығыстық атышулы жетi ақынның бiрi Сағдидiң қаламынан туып,
парсы тiлiнде жазылған Гулистан поэмасының еркiн аудармасы. Аударма
өлеңдер арагiдiк автордың қолтума шығармаларымен аралас келiп отырады.
Мысалы: Шығарманың басында (3 б.) қолжазбаны Сараий қаласында шыққан Сейф
ақынның Египет өңiрiн билеп тұрған Тейхасбек әмiрге арнап жазғандығы туралы
әңгiме болады. Сонан соң аударма басталады. Бiрақ көп ұзамай аудармашы
өзiнiң көктем көрiнiстерiн суреттейтiн лирикалық өлеңдерiн келтiрiп өтедi.
Одан әрi бiрқыдыру аудармадан соң, автор тағы да өзiнiң Гүлистанды аудару
себебi жайында 87 түрлi бәйiт жазып түсiндiредi. Сонымен, еңбектiң аударма
жағы 355 - бетпен аяқталады. Қалған беттерi автордың өз өлеңдерiне
арналған. Автор өлеңдерiнiң негiзгi мазмұны – ақыл айту мен кеңес беру,
өмiр жайлы өзiнiң ойларын жырлау.
Гүлистанның еркiн аударма екендiгiн мынадан да көруге болады:
аудармашы кейде өлеңмен аударса, ендi бiрде жанынан сөз қосып, ұзартып
отырған; кейде бiр үзiндiлердiң мазмұнын ғана терiп айтса, кейде iле-шала
бұлжытпай жолма-жол аударған. Осындай ерекшелiктерiне байланысты Гүлистан
бiр жағынан еркiн аударма болса, екiншi жағынан ол Алтын Орда жұртшылығынан
шыққан ақынның қолтума шығармалары жазылған еңбек ретiнде де қаралуы тиiс.
Гүлистан жазбасында тек Сейф Сараий ақынның ғана емес, оның үстiне
сол кездегi Египет өңiрiн жайлаған көптеген басқа ақын-шайырлардың
ғазалдары бар. Мысалы: жазбаның 1 бетiнде түркi мен парсы тiлiнде жазылған
жетi ауыз өлең бар (оларды бiрнеше ақын жазған, қолтаңбалары да әр түрлi).
Олардың бiреуi Гүлистан аудармасының авторынікі. Жазбаның соңындағы 8
ғазалды түркi халықтарының сол кездегi белгiлi 8 ақыны жазған. Оның бiрi -
әйгiлi Мухаббат-наменiң авторы Хорезми. Ғазалдардың бәрiне де С.Сараий
өзiнше жауап жазып қалдырған. Одан әрi автордың бiрнеше басқа ғазалдары мен
рубаяттары келтiрiлген.
Мамлюк түрiктерiнiң негiзгi ұйтқысы қыпшақтар болғанымен, олардың
қарамағындағы тайпалар қырық қылаудан құралған, ала-құла халық болатын.
Алтын Орда мемлекетiнiң этникалық құрамы да осы iспеттес едi. Аударма
тiлiндегi кейбiр сөздердiң фонетикалық жағынан бiр емес, бiрнеше вариантта
жазылып қалғаны да осыдан. Гулистан шығармасын жан-жақты толық зерттеген
профессор Ә.Наджип оны қыпшақша да, оғызша да қолдана беретiн, немесе осы
екi тiлдiң элементтерi қосылып қолданылатын әдеби тiлде (екi тiл негiзiнде
жасалған әдеби тiлде) жазылған деп ұйғарады. Ол әдеби тiл, Ә.Наджиптiң
ойынша, Алтын Орда хандығы мен Египет мемлекетiне де ортақ болған .
Қолжазбаның жазылып бiткен кезiнде Сейф Сарайы 70 жаста екен. Сонда ол
1323 жылы туған. Алтын Орданы Өзбек хан билеп тұрған кезде, өмiрiнiң соңғы
жылдарын сонда өткiзген. Ол шебер жазатын дарынды ақын, көп оқыған
бiлiмдар, әйгiлi де атақты адам болған (38-40 беттер).
ХIV ғасырларда Алтын Орда жерiнде, Орта Азияда, Мысырда аралас жазба
тiлi қалыптасып, осы аралас тiлдегi әдебиет айтарлықтай дәрежеде дамыды.
Орта ғасыр әдебиетiнен кеңiнен орын алатын шығарманың бiрi – қыпшақ
тiршiлiгiн сипаттайтын Мухаббат-наме дастаны. Қазақ тiлiнiң бастау көзi
ретiнде көнеден қалған жәдiгерлiктердiң бiрi – Хорезмидiң Мухаббат-наме
дастаны. Бұл Алтын Орда дәуiрiнде дүниеге келген мұралардың бiрi.
ХIII-ХIV ғасырда жазылған ескi қыпшақ тiлiнiң жазба ескерткiшi
Мухаббат-наме дастаны түркология ғылымында кеңiнен танымал. Ол орта ғасыр
дәуiрiндегi қыпшақ тiлiн бейнелейтiн бiрден – бiр бағалы ескерткiш.
Мухаббат-наме- көне дәуiрдегi жазба ескерткiштердiң iшiндегi ең iрi әрi
мәндi, қызғылықты дастан.
Дастанның 1353 жылы Сыр бойында жазылғаны шығарманың өзiнде
айтылғанымен, оның авторы туралы нақты деректер күнi бүгiнге дейiн табылған
жоқ. Бұл оның туған немесе көптеген жылдар тұрған қаласына байланысты
аталған болуы мүмкiн. Ал шығарманың соңында Сүйүнсүн бәндә Хорезми –
Рәвәни (439) дегендегi Рәванидi орта ғасыр жазба ескерткiштерiнен
зерттегенде зор еңбек сiңiрген ғалым Ә.Наджип Хорезмидiң екiншi лақап аты
деп көрсетедi (4,120(. Шындығында, бұл – қате пiкiр. Ғалым шығарма мәтiнiн
дұрыс түсiнбеген. Ә.Наджиптен өзге зерттеушiлер мұны кезiнде дәлелдеген.
Қолда бар деректерге қарағанда Мухаббат-наме-авторы өз заманының
дүлдүл ақыны болғаны белгiлi. Өзбек халқының атақты ақыны Ә.Науай тiл
мәселесi жайлы Мухаммат әл-лүғатаин деген атақты еңбегiнде Мен деген
сөзге байланысты Мухаббат – наменiң 5 бәйiтiн еш өзгерiссiз келтiрген.
Ал профессор Ә. Наджиптiң О новонайденных арабо – письменных списках
Мухаббат – наме Хорезми деген мақаласындағы үзiндiге зер салсақ,
Ходжанди мен Хорезмидiң арасындағы тамаша өнер байланысын байқаймыз.
Если бы мои слова узнал поэт,
Откуда всякому невежде знать цену жемчуга,
Если бы слова Ходжанди бедняге Хорезми услышал,
То с изумлением сказал бы “Браво (5,96(.
Хорезмидiң ең үздiк ақын болғанын дастанды әдеби тұрғыдан сөз еткен
ғалымдарымыздың бiрi, филология ғылымдарының докторы, профессор
А.Қыраубаева бiрнеше нақты тұжырымдармен дәлелдедi.
Дастан сол дәуiрдегi әдеби шығармалар секiлдi алдымен тәңiрге
сыйынудан, құдай мен пайғамбарларға мақтау айтудан басталған. Содан кейiн
ғана ақын өзiнiң Мұхаммед пайғамбармен қалай кездескенiн, оның өтiнiшi
бойынша Мухаббат-наменi жазбақшы екендiгiн баяндап, Мұхаммед-Қожабектi
мақтаған толғау, ғазалмен жалғастырады. Мұнан кейiн ғашық жiгiттiң сүйген
қызына арнаған хаттары (әрбiр хаттан кейiн мәснауи, ғазал келiп отырады)
және шағын әңгiмеден тұратын сүйiспеншiлiк дастан басталады. Ақынның
толғауды ұзақ кіріспеден кейін ғана бастауы 102 бәйітте аяқталады.
Дастанды зерттеушілердің пікірінше, Мұхаммед - Қожабек Өзбек ханның
(1312-1341ж.) тұсында Азакты билеген . Кей зерттеушілер Мұхаммед- Қожабек
Қатлұғ Темірдің (1349 – 1356) билік құрған інісі екенін, музыка мен
поэзияны қадірлеген өзі де ақын болған кісі екенін айтады [6,223]. Осы
деректерге қарағанда, Мұхаммед - Қожабек Алтын Орданың атақты әміршілерінің
бірі болғанға ұқсайды.
Бiздiң дәуiрiмiзге Мухаббат-наменiң төрт түрлi көшiрмесi жетiп отыр.
Ең алғашқысын 1432 жылы, яғни жазба ескерткiштiң жазылғанынан кейiн 79 жыл
кейiн Мансур бахшы көшiрген. Бұл көшiрме Махрух ханның Гераттағы әскери
қолбасшысы Мир Джалаладдинге (1407 – 1444 ж.ж.) арналыпты. Елге танылған
көркем туындыны қайта көшiрiп, бiр – бiрiне сыйға тарту ол кезде iрi
қолбасшылар арасындағы жақсы үрдiс едi. Осылайша көшiрiлiп, бiздiң
дәуiрiмiзге келiп жеткен Мухаббат-наменiң бұл қолжазбасы ғылыми
жұртшылыққа алғаш таныстырған академик В.В.Бартольд болды. Ол Британ
музейiндегi әр алуан шығармалар жинағы секiлдi үлкен бiр қолжазбадан
Мухаббат-наменiң бұрын ғылымға танылмаған жаңа бiр көшiрмесiн тапқаны
жайлы Бүкiлроссиялық ғылым академиясының доктарларына 1924 жылы жариялады.
Бұл жаңалық ғалымдар назарын тез аударып, дастанды қызыға зерттеушiлер
қатары көбейе түстi.
Мухаббат – наменiң бұл қолжазбасы хронологиялық тәртiп бойынша
алғашқы көшiрме болғанымен, ол дастанның толық варианты емес, мұның парсы
тiлiнде жазылған хаттар мен түркi тiлiнде жазылған 53 бәйiт қалып қойған.
Бұған қарағанда көп уақыт кейiнiрек көшiрiлген араб қолжазбасы осы күнге
дейiн дастанды зерттеушi, аударушы ғалымдар мен аудармашының негiзгi
зерттеу нысаны болып келедi. Қолжазбаның көлемi 24 парақ. Ұйғыр жазулы
көшiрмемен екеуi Лондондағы Британ музейiнде сақтаулы.
А.Н.Самойлович байқаған осы әдеби тiлдi түркi жазба ескерткiштерiн
кеңiнен зерттеп жүрген түрколог ғалымдар Ә. Құрышжанов пен Ә. Ибатов орта
түркiлiк жазба әдеби тiл – деп атады (7,111(.
Мухаббат-наменiң қазақ тiлiне қатысын ең алғаш байқап, оның
зерттелуiне өз үлесiн қосқан ғалым Ә.Қоңыратбаев болды. Ол 1945-1946
жылдары Өзбекстанда болған уақытында Мухаббат–наменiң Ташкент
кiтапханасында сақталған фотосуретiн қолмен көшiрiп Қазақ ССР Ғылым
академиясының Орталық ғылыми кiтапханасына тапсырған. Бұл қолжазба
кiтапхананың сирек кездесетiн кiтаптар қорында сақтаулы тұр. Ғалым өз
пiкiрiн көшiрмесiнiң соңында Мухаббат-наме туралы деп атап, жеке берген
(8,54(. Бұнда ескерткiштiң Британ музейiндегi қолжазбалары мен сол уақытқа
дейiн зерттеген ғалымдар пiкiрлерiне тоқтала келiп, көркем туындының
жазылған жерiн Сығанақ қаласы деп болжайды. Ортағасырлық Сыр бойының
қалаларының iшiндегi Сығанақ саяси-эканомикалық жағдайы жоғары, күмiс, мыс,
ақша даудасы қалыптасқан қорғаныстың күшi дамыған бекiнiстi қала болғаны
тарихшылар тарапынан дәлелдену үстiнде.
Түркi тiлдерiнiң iшiнде өзбек, қазақ тiлдерiне толық аударылған.
Қазақша аудармасы араб көшiрмесi бойынша жасалынған. Бұл еңбектi қазақ
тiлiне аударған А. Қыраубаева.
Мухаббат-наме дастаны 946 жол, яғни 473 бәйiттен тұрады. Мухаббат-
наме дастаны екi тiлде жазылған. Барлығы он бiр арнау өлеңнен тұратын
ғашықтық дастанның үш тарауы парсыша, сегiз тарауы – түркi тiлiнде
жазылған. Қазіргі кезде жазба ескерткіштердің тілін зерттеу негізгі
нысанаға алынып отыр.
ХIII-ХIV ғасыр әдебиетiнен ерекше орын алатын ескерткiштердiң бiрi –
Нахдж-әл-фарадис деп аталады. Жинаушы-тiзушi Махмуд бин Әли. Бұл дастан
дiни дидактикалық аңыздар жинағы. Кiтап 1358 жылы Сарай қаласында жазылған.
Әлидiң Нахдж-әл-фарадис (Жұмақтың ашық жолы) ескерткiшiнiң бiзге бiрнеше
жазбасы жеткен. Бiрi Туркияда, екiншiсi Қырымда, қалғаны қазiргi Татарстан
жерiнде сақталған.
20 жылдардың соңына қарай бiз зерттеп отырған жазба ескерткiштiң
бiрнеше үлгiсi пайда болады. Олар: Стамбулдық, Ялтиндiк, Казындық,
Готвальдтық және Казан мемлекеттiк педагогикалық университетiнде сақтаулы
тұрған үлгiсi.
Нахдж - әл - фарадис түгел төрт тараудан тұрады. Қырым жазбасы
алғашқы екi тарауын ғана жеткiзген.
I тарау – түгел дерлiк пайғамбардың өмiрiн баяндайды. Бұл тарау он
бөлiктен тұрады. II тарау – алғашқы төрт халифтiң өмiрбаяндық және тарихи
деректерiн бередi.
III тарауда – құдайға жарасымды жайлар баяндалған.
IV тарауы ақыл – нақылға құрылған.
Әлидiң Нахдж - әл – фарадис дастаны қыпшақтар тiлiн қолданған көне
түркi тiлдi әдебиеттегi ең елеулi жазба ескерткiштердiң бiрi.
Орта ғасыр әдебиетiнен орын алатын елеулi еңбектiң бiрi - Құтыптың
Хусрау уа Шырын дастаны. Хусрау уа Шырын поэмасы - ХIV ғасырда Алтын
Орда топырағында пайда болған көркем әдеби мұралардың ішіндегі ең құнды
ескерткіштердің бірі. Бұл поэманы алғаш зерттеуші ғалымдардың бірінен
саналатын поляк ғалымы А.Зайончковский оны ерекше көңіл бөлетін әдеби мұра
деп бағалаған болатын. Ғалым ұзақ жылдар бойы ескерткіш тексін алуан түрлі
зерттеуге алып, оны парсы тіліндегі Низами нұсқасының 1958 жылғы
көшiрмесімен салыстыру жұмысын мұқият жүргізген, 1961 жылы сөздiгiн
бастырып шығарады. Поляк, немiс тiлдерiнде бiрнеше мақалалар жарияланып,
оның лексика – морфологиялық ерекшелiктерiн зерттедi. Бұл еңбектiң қазiргi
таңда маңызы зор.
Белгілі кеңес түркітанушысы Э.Н.Наджип парсы тіліндегі Хусрау уа
Шырын шығармасымен түркі тіліндегі нұсқаның өзек арқауы бір екенін анықтай
келіп, түркі тіліндегі ескерткішті жартылай оригиналды дербес роман деп
таныған.
Біз Құтыптың Хусрау уа Шырын поэмасы Низамидің парсы тілінде жазылған
осы аттас поэмасынан түркі тіліне сол күйі қайталанған, жолма - жол және
сөзбе – сөз аударма емес, Низамидің композициясы мен сюжетін толық сақтай
отырып, еркін және творчестволық жолмен, өз елінің өмір жағдайына
сәйкестеп, өз халқының түсінігі мен дағды - дәстүріне лайықтап барып
жасалған аударма деген пікірге қосыламыз.
Қолжазба жалғыз дана. Париждiң ұлттық кiтапханасында сақтаулы. Еңбек
1342 жылы өзбек ханның үлкен баласы Тыныбек пен Хан Малик Хатун ханшаға
арналып жазылған. Қазiргi әңгiме болып жүрген Хусрау уа Шырын 1383 жылы
Берке Факих жасаған осы түпнұсқаның көшiрмесi. Оның көшірмесі 785 жылы
сафар айында (жаңаша 1385 жылы көкек айында) жазылған. Қолжазбаның мазмұны

а) Кiрiспе (еңбектiң жазылу себебi, арнау өлеңдер),
ә) Хұсрау мен Шырын,
б) Фархад пен Шырын. Негiзгi бөлiмде (соңғы екi бөлiмде) екi жас
арасындағы сүйiспеншiлiк пен махаббат жырланады.
ХХ ғасырдың ортасына қарай бұл ескерткішке ғалымдар жете көңіл аудара
бастады.

І.3 ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕСІМ СӨЗДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ

Қай тілде де сөзжасам ертеден келе жатқан тілдік құбылысқа жататыны
белгілі. Нақтырақ айтатын болса, ХIII-ХIV ғасырлардағы жазба
ескерткiштерiнен сөз тудырудың морфологиялық жолы (синтетикалық тәсiл),
ал әр сөз табын тудыратын санаулы жұрнақтар болғаны байқалады. Жазба
ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды сөздер болғаны
белгілі. Жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы, сөздердің
тіркесуі арқылы жасалады. Тiлдiң барған сайын дамып, толығып отыратыны,
сапасы артып, тұлғалық жағынан күрделене түсетiндiгi қазiргi қазақ
тiлiндегi сөзжасам жүйесiнде анық аңғарылады.
Ғ.Айдаров жазба ескерткіштер тілінде сөзжасам тәсілдерінің түрлілігін,
оның тілдің даму тарихында біртіндеп қалыптасқанын айтады [9,157]. Бұдан
тілдің сөзжасам жүйесі көне құбылыстарға жататыны анық байқалады. Өйткені
сөз жасаушы элементтер, сөз жасаудың тәсілдері, модельдері күнде құбылатын,
күнде жаңаратын құбылыстар емес. Алайда сөзжасам жүйесі тілдің даму
процесінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жүйесінде де өзгеріс
болады, бірақ ол өте баяу болады және ол көбіне тілде бар модельдердің
белгілі бір кезеңде активтенуі, не пассивтенуі, мағынасының кеңеюі, кейбір
типтердің қолданудан шығуы сияқты өзгерістері ретінде болады.
Жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның синтетикалық тәсілі бар, бірақ
әр сөз табының сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана. Ал қазір де
синтетикалық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, тіл сөз тудырушы
жұрнаққа өте бай, сөзжасам жүйесі жұрнақтар арқылы толыққан, бірақ
сөзжасамдық жұрнақтардың тілге қосылғанын жазба ескерткіштер тілі мен
қазіргі тілді салыстыру арқылы байқауға болады. Тілдің даму барысында
грамматикалық категориялардың өзге түрлері сияқты жұрнақтар да тұлғалық
жағынан – түрлі өзгерістерге ұшырап отырады, бұл – заңды құбылыс. Уақыт
озған сайын қайсыбір жұрнақ сөз тудыру қызметін әлсіретіп, бірте-бірте
кәдеге асудан қалып отырса, екінші біреулерінің қызметі артып орнығып
жатады. Енді бір тобы белгілі бір сөздердің көбіне дерлік қосылып, жаңа сөз
тудырады да, кейбіреулері санаулы ғана сөзге қосылады. Ондай қосымшалардың
мағынасы түбірмен тығыз байланысып соған бағынышты болады. Сөйтіп, жұрнақ
та сөзге қосылатын тілдік дыбыстар комплексі болады да, сөз бен қосымша
арасы мағыналық бірлікте келеді. Бұл екеуінің ара қатысы, жымдасуы –
фономорфологиялық және лексика-семантикалық. Жұрнақтық форма – тарихи
құбылыс, ол тілдің грамматикалық құрылысы дамуынан, жетілуінен барып
қалыптасады. Сөйтіп, сөздің екінші бір бөлшегіне айналып, оның сыртқы
формасын өзгертеді.
Бүгiнгi сөзжасам қазақ тiл бiлiмiнiң жеке бiр саласы ретiнде қалыптасу
үстiнде. Оның өзiндiк зерттеу нысанасы, әдiстерi, заңдылықтары анықталуда.
Сөзжасам тарихы түркiтануда өте ертеден басталады. Түркi тiлдерiнiң
сөзжасам мәселесiн алғаш рет М.Қашқари Диуани лұғат ат-түрiк (ХI ғ)
еңбегiнде көтерiп, сөз жасауға қатысқан бiрнеше аффикстердi көрсеткен
болатын.
А.Байтұрсыновтан бастап қазақ тiл бiлiмiнде сөзжасам тұлғаларын
көптеген ғалымдар зерттедi. Олар: Қ.Жұбанов, Қ.Басымов, С.Аманжолов,
Ә.Төлеуов, А.А.Есенқұлов, А.Хасенова, Ғ.Қалиев, А.Ысқақов, Н.Орхабаева,
Ә.Керiмов т.б. 1989 жылы жарияланған Қазақ тiлiнiң сөзжасам жүйесi атты
авторлар тобының еңбегiнде сөзжасам жүйесiнiң теориялық мәселелерi кешендi
түрде сөз болды. Ал 1999 жылы жарыққа шыққан А.Салқынбайдың Тарихи
сөзжасам атты монографиясында аталмыш мәселе семантикалық, лингвогенездiк
аспектiде сөз етiлiп, жаңа, құнды тұжырымдар ғылыми айналымға қосылды.
Жаңа сала ретiнде қалыптасып келе жатқан сөзжасамның маңызды бiр қыры
оны тарихи тұрғыдан, синхрония мен диахронияны бiр бағытқа үйлестiре отырып
зерттеу. Оның iшiнде қазақ тiлiне қатысты ортағасырлық жазба ескерткiштер
тiлiндегi сөзжасам үлгiлерiн ашудың, кейiнгi дәуiрдегi оның жалғастығын,
сабақтастығын зерттеудiң мәнi ерекше.
Сөзжасамның негiзгi обьектiсi – туынды сөз. Туынды сөз түркi тiлдерiнде
көбiнесе синтетикалық тәсiл арқылы жасалады. А.Салқынбай синтетикалық
сөзжасамның күрделiлiгi мынадай екi жағдайдан көрiнедi дейдi: 1. Туынды сөз
жасауға негiз болатын себепшi негiздiң мағыналық жағынан күрделiлiгi. Яғни
себепшi негiз тарихи тұрғыда өзi туынды тұлға болып саналады да, жаңа
үшiншiлiк мағына туғызуға себепшi негiз болады. 2. Сөз туғызушы
морфемалардың мағынасы да тарихи тұрғыдан алғанда күрделi мәселе. Қосымша
морфеманың денi тарихи - диахрондық аспектiден байыптағанда, түбiр сөздiң
десемантизацияланып, лексикалық мағынаның грамматикалық мағынаға
алмасқанынан туындаған деген пiкiр түркологияда бұрыннан белгiлi. Олай
болса сөз тудырушы қосымша морфемалардың мағыналық құрылымы жөнiнде де
келелi мәселелердi сөз ету қажетттiлiгi туындайды (10,225(. Осында
келтiрiлгендей сөзжасам жұрнақтарының мағыналық құрылымы, семантикасы мен
құрамы, даму эвалюциясы жазба ескерткiштер тiлiндегi деректермен салыстыра
қарағанда көп мәселелердiң ұғымы анықталатыны сөзсiз.
Сөзжасам өзiндiк ерекшелiктерiмен қатар қазақ тiлiнiң тарихи
грамматикасымен, қазақ әдеби тiлi тарихымен, лексикологиясымен байланысты.
Жеке лексикалық мағына берiп тұрған туынды сөз лексикологиясының үлесi. Ал
осы туынды сөздiң iшкi семантикасының құрылымын сөзжасам қарастырады.
Туынды сөзжасамдық тұрғыдан түбiр және қосымша морфемалардан тұратын
күрделi құбылыс. Қазiргi тiл бiлiмде сөзжасам морфемаларын қалыптастырушы
негiзгi 4 түрлi тәсiл бар. Олар: 1) агглютинация, яғни күрделi сөздiң
немесе сөз тiркесiнiң соңғы сыңарларының сөз тудырушы жұрнақтарға айналуы;
2) жалаң жұрнақтардан бiрыңғай күрделi жұрнақтардың жасалуы; 3) адаптация,
яғни сөз соңы немесе сөз таптарының соңғы сөзiнiң сөз тудырушы қосымшаларға
айналуы; 4) форма тудырушы морфемалардың сөз тудырушы қосымшаға айналуы.
Қосымшаның, оның iшiнде сөзжасам жұрнақтарының қалыптасу тарихында
агглютинация құбылысының рөлi ерекше. Сондықтан да қосымшаның шығу тарихына
қатысты екi түрлi пiкiр бар. Бiрiншi пiкiрге жүгiнсек қосымшалар лексикалық
мағынасын жоғалтқан жеке сөздерден немесе сөз тiркестерiнiң соңғы
сыңарларының дербес мағынасын жоғалтқан көрсеткiшке айналуынан пайда болған
(И.А.Батманов, Н.А.Баскаков, Ф.Бопп т.б.).
Екiншi көзқарас бойынша бiр құрамды немесе бiр фонемдi бiрнеше
қосымшалардың кiрiгуi, жымдасуы нәтижесiнде күрделi тұлғалар пайда болған
(В.В.Радлов, Г.И.Рамстед, А.Н.Кононов, О.Бетлинг т.б.). Ж.Тектiғұл өз
еңбектерiнде белгiлi ғалымдардың тұжырымдарын саралай келiп түркi
тiлдерiнде ғана емес, өзге тiлдерде де қосымшалардың пайда болу, даму
эвалюциясы өте күрделi екенi, сондықтан әлi күнге шешiмiн таба алмай
отырған мәселелердiң бiрi екенiн байқаймыз дейдi (11,302(.
Туынды сөз жасауда сөзжасам жұрнақтарының рөлi ерекше. Бүкiл түркi
тiлдерiнде жұрнақтардың 4 түрi қолданылады: 1. Негiзгi түбiрге тiкелей
жалғанған жұрнақтар; 2. Негiзгi түбiрге тiкелей емес, арасына жұрнақ салып
барып жалғанған жұрнақтар; Демек олар екiншi кезектегi жұрнақтар. Түбiр
сөздерден кейiнгi тұлғалармен бiрiгiп күрделi тұлғаға да айналуы мүмкiн; 3.
Тұлғалық жұрнақтар. Ол сөздiң тек грамматикалық тұлғасын ғана айқындап
тұрады да, түбiрге реляциялық мағына бередi; 4. Күрделi жұрнақ. Ол түбiрге
жалғанатын бiр емес, бiрнеше жұрнақтардан құралады. Демек, түркi
тiлдерiндегi жалпы жұрнақ атаулылар жалаң және күрделi болып екi үлкен
топқа бөлiнедi.
Зат есімнің басқа сөз таптарының мағыналық белгілері тек заттардың атын
білдіретін сөздер ғана болып қоймай, сонымен бірге әр алуан оқиғалардың,
құбылыстардың аттарымен байланысты заттық, қимылдық, мезгілдік мәнді
білдіреді.
Есімдер деп аталатын сөздердің ішінде зат есімнен кейінгі еншісі
мол сөз табы – сын есім. Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен
белгілерін тікелей де, заттардың қатыстары арқылы да білдіреді. Түркі
тілдеріндегі сын есім – семантика-грамматикалық мағынасы, морфологиялық
белгілері және синтаксистік қызметі жағынан да өзіне тән ерекшелігі бар сөз
табы. Сөз таптарының пайда болу, қалыптасу және өзіндік даму тарихы болады.
Сол сияқты сын есімдер де әлі айқындала қоймаған, көне кезде есім және
етістік сөздерден қалыптасқандығын тарихи жазба деректерден көруге болады.
Тілдің дамуына байланысты оның жүйесі де қатар дамиды. Тіл жүйесіндегі сын
есімдер де ұзақ дамудың арқасында қалыптасып, өз қатарын көбейтті.
М. Томанов: Түркі тілдеріндегі сын есімдер мен зат есімдердің ара
жігін ашып, өз алдына саралануы Ү - ҮІІІ ғасырлардан бұрын болып өткен
процесс деп, жоғарыдағы пікірге қосылады. [12,176]. Түркі тілдерінде
кездесетін сын есімдер көп болмаса да, олардың өз дербестігін сақтап
сараланғанын жазба деректерден көруге болады. Сонымен бірге, түбір сын
есімдермен қоса, туынды сын есімдер де сол кездерден бастап қалыптаса
бастаған.
Түркi тiлдерiндегi сын есiмдердiң табиғатын ашып, оған жүйелi
анықтамалар берiп, дәлелдi тұжырымдар жасау ХIХ ғасырдан бастау алды. Түркi
тiлдерiнде сын есiмдердi сөз табы ретiнде зерттеу жекелеген тiлдерде жарық
көрген грамматикалармен байланыстырады.
Сан атаулары - өте көне заманнан келе жатқан сөздер, оларды барлық
жазба ескерткіштерден кездестіруге болады. Сан есімдердің көнелігіне
байланысты тілдегі барлық сан атауларының қалай жасалғаны анық көріне
бермейді. Түркологтар жалпы сандық ұғымның қалыптасуын ақиқат өмірмен
байланыстырады. Н.А.Баскаков Сан есімдер – есімдерден бөлініп шыққан сөз
табы, олар сын есім, үстеу сияқты белгі мағынасын білдіреді [13,225] -
деген. Қазақ тілінде сын есімді зерттеген Ә.Хасенов осы пікірді қуаттай
отырып: Түркі тілдеріндегі сөздік қорға жататын сан атаулары өмір
шындығымен, конкретті заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине,
бұл жалпы сандық ұғымдардың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты,
адамзат қажеттігінен туады деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны
толықтыра, растай түседі. Екіншіден, белгілі бір құбылыстың өткен тарихын
қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі формаларын зерттей отырып ашуға,
тануға болады дейтін қағиданы басшылыққа алсақ, қазіргі тілдік фактілерді
жоққа шығармайды, қайта растайды [14,20] - дейді. А,Ысқақов Сан есім –
заттың сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика - грамматикалық сөз
табы - дейді [15,193].
Сан есімдер басқа сөздерге қарағанда тіркестірілмей жеке-дара
айтылғанда, тек абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады.
Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсіп айтылғанда
ғана айқындалып отырады. Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік
мағынада қолданылатын бір алуан сөздер бар. Олар құрамына қарай жеке-дара
сөздер түрінде де, сөз тіркесі түрінде де бола береді. Мысалы: жарым, жарты
сөздері бөлшектік ұғымдарды, жалқы, жалғыз, сыңар, дара сөздері бірлік
ұғымдардың, адым, қарыс, шақырым, ат шаптырым сөздері аралық өлшемдердің
және қас қаққанша, ет асым қас пен көздің арасында сияқты уақыт, мерзім
өлшемдерінің атаулары есебінде қолданылады. Бірақ мұндай сөздер мен сөз
тіркестері қаншалықты мөлшерлік мағынада қолданылғанымен, сан есімдер
қатарына жатпайды. Бұларды сан есімдерге жуықтастыратын таяныш – тек
олардың біршама мөлшерлік мағынада қолданылатын семантикалық белгілері
ғана.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сан есімдердің өзіне тән, өзге сөз
таптарына ұқсамайтын ерекшеліктері бар. Сан есімнің негізгі функциясы
анықтау қызметі болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын
қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан
есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелетін
сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана
айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.
Сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана түрленіп, әр алуан
өзгеріске түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және
жіктеліп те қолданыла береді.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және
туынды сан есімдер болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер қатарына тек
қана есептік сандар жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан
атауларына -ыншы, -ау, -ер, -тай, -тен қосымшалары қосылу арқылы жасалады.
Мысалы: алты-алтау, бір-бірер, қырық-қырықтай, он-оныншы, бір-бірінші, екі-
екеу, төрт-төрттен.
Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді. Дара
сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны – жиырма шақты ғана
сөз: бәр, бес, алты, жеті, сегіз, он, жиырма, елу, қырық, отыз, алпыс,
сексен, тоқсан, жүз, мың.
Сан есім құрамында кездесетін көне қосымшалардың жағдайы басқашарақ.
Олар: -ыз, -із (сегіз, тоғыз), -ты, -ті (алты, жеті). Бұл морфемалардың
этимологиясы белгісіз. Қосымша сөзде жиі кездесетін элемент, бірақ ол басқа
сандарда қайталанбайды. Ал сан есім сөздердің құрамында кездесетін басқа
жымдасқан морфемалардың түп негізі белгілі сөзге барып тіреледі. Бұл заңды,
өйткені сан есім сөзжасамының негізі – синтетикалық тәсіл емес,
аналитикалық тәсіл. Оған дәлел ретінде құрамы күрделі морфемадан тұратын
алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан атауларын келтіруге болады. Н.К.Дмитриев
кейбір жеке сөздердің этимологиясына келсек, алтмыш (алпыс), ете (жеті)
сөздерінен -мыш, -меш жұрнақтары арқылы жасалған, ол алғаш он дегенді
білдірген болу керек. Мұндай сан есім формалары көптеген түркі тілдеріне
қатысты дейді. Ол сексен, тоқсан сөздерін сегіз, тоғыз сөздерімен
байланыстырады да, олардың құрамындағы екінші компонентті он сөзінің
өзгерген түрі деп санайды [16,90].
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі - есімдіктер. Есімдіктер заттың
атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың орнына
жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу
арқылы білдіреді.
Есімдіктердің дәлді мағыналар, егер екі я онан да көп адам сөйлесіп
отырған жағдайда қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я аталып өткен
сөйлемдермен байланысты аңғарылады. Ал егер ондай есімдіктер монолог
түрінде айтылған я жазылған сөйлемдерде қолданылса, олардың дәлді
мағыналары, яғни олар туралы мәлімет, сол сөйлемдерден дұрын айтылған я
жазылған сөйлемдермен байланысты тыңдаушы мен айтушыға ғана белгілі болады.
Демек, есімдіктердің дәлді мағыналары бұрын айтылған я жазылған
сөйлемдермен байланысты анықталады. Мысалы, Қазан астында от, ол қайнамаз
му – Қазан астында от болса, ол қайнамайды ма ХШ деген мысалды алсақ,
сөйлемдегі ол деген сөздің дәл ненің қайнайтынын бірінші сөйлемдегі қазан
деген сөзден аңғарамыз. Шынында, ол, мен деген есімдіктерді алсақ, әркім я
әр адам ол да, мен де бола алады. Ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан
басқаның бәрін білдіреді, демек көзбе - көз я бетпе – бет сөйлесіп тұрған
екі адамнан басқаның бәрі – ол болады.
Есімдіктер мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар (есімдіктер)
қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сол сөздердің негізгі
мағыналарына сәйкес зат не заттық белгімен байланысты ұғымдарға ұштасып
жатады. Мысалы, сен, ол жіктеу есімдіктерін, бұл, сол деген сілтеу
есімдіктерін, кім? не? қай? деген сұрау есімдіктерін алайық. Егер осы
есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап қарайтын болсақ, қандай сөздердің
орнына қолданылуына қарай, олар біріншіден, заттық ұғымды білдіретін
сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер болып, екіншіден, заттың белгісін
білдіретін сөздердің орнына жұмсалатын есімдіктер болып іштей өзара екі
жікке бөлінеді. Сонда сен, ол, кім? не? есімдіктері заттық ұғымды
білдіретін сөздердің, ал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалуы («Мұқаддимат әл Әдаб», XIV ғасыр)
Сақ дауірі ерекшеліктері, шаруашылығы,
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)
Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер
Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер ( ХV-ХVІІ ғғ )
Ескі қазақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасам
Көне түркі тілі. Лекция тезистері
Қабыса және меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Ахмет Ясауи «Хикметтеріндегі» сөздің морфологиялық құрылымы
Қазақ тіліндегі түбірге сіңіскен көне жұрнақтар
Пәндер