Батыс Қазақстан ауданы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Физикалық.географиялық орналасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2. Батыс Қазақстан ауданының табиғи ерекшелігіне байланысты туристік.рекреациялық зоналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕСУРСТАРЫ
2.1. Табиғи ресурстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2. Тарихи.мәдени ресурстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУДАНДАРЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ.
3.1.Қазақстандағы туризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
3.2.Батыс Қазақстан ауданындағы туризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Туризм - әлем экономиканысының қарқынды дамушы және ірі салалырының бірі. Көптеген елдерде ол валюталық табыстың негізгі көзі болып саналады. Туризмнің дамуы – болашақта ұзақ және экономикалық тиімді перспектива. Себебі туризм шетел валютасының келуін , төлем баланс көрсеткіштеріне және мемлекет экспортына жағымды әсерін тигізеді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері туризмді дамытуда үлкен преспективалар ашты. Қазір республикада шетел туристерін келуінде тырысып жатыр, бірақ ескі кешенделген материалдық-техникалық база, сервистің төмен дәрежесі және туристік қызметтер шығындарының көптігі біздің мемлекеттен туристерді кері тартады. Туризмнің дамуы, әсіресе халықаралық туризм, валютаның түсуін көбейтті, бюджеттерді толықтырды, жұмыссыздықты азайтты, нарықта жұмыс орындарын кеңейтті, халық табысын өсірді және өмір сүру деңгейін жақсартты. Жоғарыда айтылғандардың барлығы соңында Қазақстан республикасында тұрақты даму мен гүлденуіне әкелді.
Қазіргі кезде туризмге деген қызығушылық Қазақстан мен өзге үлкен туристік әлеуеті бар мемлекеттерде де туып отыр. Қазақстандағы туризмге қызығушылық бұл сала іс-әрекетінің мемлекет тарапынан құқықтық формада қамтамасыз етуімен сипатталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Батыс Қазақстан территориясында , бір жағынан Батыс Қазақстан аудандарының тұрақты тұрғындары және шетел туристерінің турситік қызметтерде қажеттіліктерін қанағаттандыратын мүмкіндіктерді, екінші жағынан мемлекетте әлеуметтік-экономикалық дамуында республика және жергілікті бюджет табысын көтеретін, жаңа жұмыс орындарын құратын, халықты сауықтыратын, мәдени-тарихи және табиғи мұраларды реационалды пайдаланатын және сақтайтын бәсекеге қабілетті туристік кешендерді айқындау.
Қойылған мақсаттардың жауабын табу үшін келесі міндеттердің шешімі табылды:
- туристердің дәстүрлі демалыс орындарда кешенді туристік-рекреациялық зонаны құру;
- Батыс Қазақстан территориясында қосымша туризм түрлерін игеру.
1 Абуков А.Х. Туризм сегодня и туризм завтра. – М., 1999.- 257 б.
2 Бейсенова А.С. Современное состояние развития туризма в Казахстане.- Алматы, 2000.-150 б.
3 Ярмухамедов М.Ш. Экономическая и социальная география Казахстана -Алма-Ата: Рауан, 1993.-128 б.
4 Саипов А.А. Теория и практика туризма Казахстана.- Алматы, 1999 .-200 б.
5 Каимов К. Любите и берегите животных.-Алма-Ата: Мектеп, 1984.-135 б.
6 А.А. Соколов. Гидрография СССР.-Ленинград:Гидрометеоиздат, 1952.-203 б.
7 2004-2005 жылдары Батыс Қазақстанда туристік саланы дамыту бағдарламасы
8 Б.Б. Сарсенов, П.С. Лежников, А.Н. Мамин. Шалқар көлінің картасы (Батыс Қазақстан): World Discovery туристік картасы баспасы # 03,2004 118-125б.
9 Буренков В.М. Мангышлак. Алма-Ата: Кайнар, 1984. 176 б.
10 РЕГИОН Plus іскерлік адамдарға арналған журналы № 6/15, қыркүйек 2004.
11 Б.К. Тортаев. Статистикалық жинақ 2003 жылғы Қазақстан туризмі.-Алматы, 2004 .
12 Эксклюзив сараптамалық шолу журналы 04 (25) сәуір, 2004
13 Деловой мир Республикалық экономикалық журналы № 34.
14 Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н. Страна в сердце Евразии.-Алматы: Қазақ университеті, 1998. 280 б.
15 2004-2006 жылдарға арналған ҚР спорт пен туризм бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы. – Алматы, 2004 .
16 Таймагамбетов Ж.К., Нуркабаев М.С. Исследования на Мангышлаке Археологиялық ашулар.-Москва, 1987.581 б.
17 История Казахстана с древнейших времен до наших дней.-Алматы: Дәуір, 1993.- 416 б.
18 Корина Л. Батыс Қазақстан облысы / Казахстанская правда, N 179 13.08.2004
19 Әжіғали С.Е. Мавзолей Западного Казахстана Абат-Байтак (XIV-XVвв.) - памятник периода Золотой Орды.-Алматы, 2002.
20 Охрана природы в Казахской ССР, жинақ Алма-Ата 1976, -168 б.
21 Ковшарь А.Ф. Заповедники Казахстана.-Алматы, 1993.- 264 б.
22 Сваричевская З. А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии.- Ленинград, 1965. -214 б.
23 Шалыбков А.М., Строчевой К.П. Природные заказники.-М: Агропромиздат,1985. 90б.
24 Долгушин А. Птицы Казахстана.-Алма-ата: Наука, тт. 1-5, 1960-1974., -305 б.
25 Строчевой К.В. Шалыбков А.М. Природные заказники. – М.: Агропромиздат, 1985.- 208 б.
26 Биржаков М.Б., Никифоров В.М. Индустрия туризма: перевозки.– СПб., 2001. - 400 б.
27 Ким А.Г. Рекреационная оценка территории и развитие туристко-рекреационного хозяйства в Республике Казахстан.- Алматы, 1997. – Б.25-26
28 Агай Б.В. Экстрим-туризм. / Охота, рыбалка, туризм в Казахстане, №3 (08),2004, наурыз., 61-63б.
29 Игнатов Ф., Телятов К. От Урала до Каспия.- Алма-Ата, 1971. - 287 б.
30 Н.Дублицкий, В.Степанова. Путешествия по Казахстану.- Москва, 1978. - 258 б.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. Физикалық-географиялық
орналасуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..4
2. Батыс Қазақстан ауданының табиғи ерекшелігіне байланысты туристік-
рекреациялық
зоналары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕСУРСТАРЫ
2.1. Табиғи
ресурстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...13
2.2. Тарихи-мәдени
ресурстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...19
3. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУДАНДАРЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ.
3.1.Қазақстандағы
туризм ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...25
3.2.Батыс Қазақстан ауданындағы
туризм ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .29

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...34

КІРІСПЕ

Туризм - әлем экономиканысының қарқынды дамушы және ірі салалырының
бірі. Көптеген елдерде ол валюталық табыстың негізгі көзі болып саналады.
Туризмнің дамуы – болашақта ұзақ және экономикалық тиімді перспектива.
Себебі туризм шетел валютасының келуін , төлем баланс көрсеткіштеріне және
мемлекет экспортына жағымды әсерін тигізеді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері туризмді дамытуда үлкен
преспективалар ашты. Қазір республикада шетел туристерін келуінде тырысып
жатыр, бірақ ескі кешенделген материалдық-техникалық база, сервистің төмен
дәрежесі және туристік қызметтер шығындарының көптігі біздің мемлекеттен
туристерді кері тартады. Туризмнің дамуы, әсіресе халықаралық туризм,
валютаның түсуін көбейтті, бюджеттерді толықтырды, жұмыссыздықты азайтты,
нарықта жұмыс орындарын кеңейтті, халық табысын өсірді және өмір сүру
деңгейін жақсартты. Жоғарыда айтылғандардың барлығы соңында Қазақстан
республикасында тұрақты даму мен гүлденуіне әкелді.
Қазіргі кезде туризмге деген қызығушылық Қазақстан мен өзге үлкен
туристік әлеуеті бар мемлекеттерде де туып отыр. Қазақстандағы туризмге
қызығушылық бұл сала іс-әрекетінің мемлекет тарапынан құқықтық формада
қамтамасыз етуімен сипатталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – Батыс Қазақстан территориясында , бір
жағынан Батыс Қазақстан аудандарының тұрақты тұрғындары және шетел
туристерінің турситік қызметтерде қажеттіліктерін қанағаттандыратын
мүмкіндіктерді, екінші жағынан мемлекетте әлеуметтік-экономикалық дамуында
республика және жергілікті бюджет табысын көтеретін, жаңа жұмыс орындарын
құратын, халықты сауықтыратын, мәдени-тарихи және табиғи мұраларды
реационалды пайдаланатын және сақтайтын бәсекеге қабілетті туристік
кешендерді айқындау.
Қойылған мақсаттардың жауабын табу үшін келесі міндеттердің шешімі
табылды:
- туристердің дәстүрлі демалыс орындарда кешенді туристік-
рекреациялық зонаны құру;
- Батыс Қазақстан территориясында қосымша туризм түрлерін игеру.

1 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Физикалық-географиялық орналасуы

Батыс Қазақстан туристік ауданы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және
Маңғыстау облыстарының территориясын құрайды. Ол Қазақстан Республикасының
батыс пен оңтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Көлемі бойынша бұл аудан
республика ішінде 1-орын алады (728,5 км2), ал халық саны бойынша Оңтүстік
пен Солтүстік Қазақстан аудандарынан кейінгі 3-орынды иемденеді
[1].
Батыс Қазақстан аймағы орталық пен оңтүстік Қазақстан және Орта Азия
мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік
батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен,
Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық
байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін
тигізеді.
Батыс Қазақстан құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және
Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақ Республиканың ең шалғай батысы мен
оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-
ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.
Аудан бөлігіне Қазақстан аумағының 26,6 % тиесілі. Батыс Қазақстан
физика-географиялық тұрғыдан Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасып,
оны байланыстырушы көпір рөлін атақарады. Еуропа ылғалды далалықтары мен
Орта Азияның қатал шөлдерінің арасындағы мұндай географиялық орналасуы
континентальды және өте құрғақ климатты болуына себеп болды.
Табиғи жағдайдың қалыптасуына солтүстігінде қалыпты климатты Шығыс
Еуропа жазықтары, оңтүстікте құрғақ және шөлді Орта Азия климаты әсер етті.
Аудан территориясы Каспий маңы ойпатының көп бөлігін, Жалпы Сырт пен Орал
тауларының оңтүстігін, Мұғалжар таулары мен Маңғыстау түбегін түгелдей,
Үстірттің батыс бөлігін алып жатыр.
Батыс Қазақстан климаты континентальды және құрғақшылықпен сипатталады.
Себебі оның территориясының көбі шөл және шөлейт зоналарында орналасқан
[2].
Бұнда қыс мезгілі қазан айынан наурызға дейін созылады. Осындай ұзақ
болуы Ресейдің солтүтсік пен солтүстік-шығыс аудандарынан келетін
арктикалық пен поляр ауа массаларының енуіне байланысты. Тек қана
солтүстігіндегі Орал мен Ақтөбе облыстарында қар жамылғысы 15-20 см-ден
аспайды және 4-4,5 ай сақталады. Бірақ боран мен қатты желдер қарды
ойыстарға ұшырып, жазықтарды тегістейді. Ал бұл жер топырағының терең
суықтануына әкеледі. Батыс Қазақстан республикадан басқа аудандарға
қарағанда тайғақ жерлері көп кездеседі.
Көктем мезгілі бұнда қысқа және тез уақыт арасында ауа-райы
температурасы көтеріледі. Сонымен бірге сәуір-мамыр айларында кей кезде күн
күрт суып кетеді (1 сурет).

1 сурет. Батыс Қазақстан ауданының физикалық-географиялық орналасуы
[31]

Батыс Қазақстан аудандары жазда климаты күннің көп болуымен және ыстық
температурасымен ерекшеленеді. Солтүстік бөліктердің өзі бұл мезгілдерде
тропикадан кем емес жылу түседі. Вегетациялық кезең (150-270 күн) мен
температура 3000-36000 С құрайды. Жауын-шашын аз түседі. Тек солтүстігінде
Ақтөбе мен Батыс Қазақстанда жылына 300 мм-дей жауын-шашын мөлшері түседі.
Ал қалған территорияда ол 200 мм-ден аспайды, ең аз түсетін аудандар – Ембі
(150-170мм) мен Үстірт (75-100мм). Орташа температура солтүтсігінде +250;
оңтүстігінде +300, кей кезде +40+450С болады.
Қыста орташа температура Ақтау -3,20С, Атырау -100С, Орал -150С, Ақтөбе
15,60С. Жазда Ақтөбе +22,30С, Орал 22,60С, Ақтау 24,60С, Атырау 25,60С [4].
Жалпы Батыс Қазақстанның барлық жерінде жауын-шашын аз түседі. Тек
солтүстік бөлігінде Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында 300 мм-ден
жоғары жауын-шашын түсіп, онда ауылшаруашылығымен айналысуға мүмкіндік
береді. Басқа жерлерде 200 мм-ден аспайды.
Қазақстан әртүрлі табиғатымен көп тірі табиғат өкілдерінің мекен ету
ортасы болып табылады. Жейран мен құландардың тобыры далалықтарда өмір
сүреді. Шөлдерде үлкен кесіртке мен жыландар, тағы басқа жануарлар тұрады.
ХХ ғ. дейін Пржевальскийдің тапқан мықты және желаяқ құландарының тобыры
Қазақстанның далалықтарын мекендеген [5].
Батыс Қазақстан жануар әлемі әр алуандылықпен ерекшеленді. Шөл және
далалық жерлерде мекен ететін кейбір жануарлар Қызыл кітап тізіміне енген.
Каспий теңізінде мекен ететін, әсіресе құстардың әртүрлілігі ерекше болып
келеді. Олардың ішінде қорғалатындар – аққу, пеликан және фламинго.
Жануарлар арасында жыртқыштар да кездеседі. Олар қасқыр, қарсақ, түлкі,
жабайы мысық, кейбір тұяқты фауна өкілдері [6].
Жейран мүйізділер отрядына жататын жануар түрі. Оның мекен ету ортасы –
шөл мен шөлейттер. Бұрын оларды республиканың барлық аудандарынан
кездестіруге болатын еді, бірақ қазір ол өте сирек жануарға айналды.
Жейрандар топ болып жүреді. Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес жейран 40 түрлі
өсімдіктермен қоректенеді. Олар өзге жануарларға қарағанда улы болып
табылатын өсімдіктерді де пайдаланады. Жейрандардың тағы бір қабілеті – бұл
үнемі жолдан ары-бері өтуді ұнатады.
Каспий теңізінде реликті балықтар ерекше бағалы. Бұнда теңіз
балықтарының 53 түрі, өзен балықтарының 42 түрі бар. Ірі балықтар арасында
кіші түрлері де кездеседі. Ірі балықтарға қызыл балық, белуга, севрюга,
лосось, делорыбица жатады. Көбіне үлкен сом, сазан, судак, щука және амур
балықтары ауланады.
Каспий итбалығы көне дәуірден бері қазіргі уақытқа дейін өмір сүріп
келеді. Итбалықтар әдетте Жайықтың сағасында мекендейді. Қыста Каспий
аралында қыстайды, онда ақпан-наурыз айларында уылдырық шашады. Жазда олар
акваторияларда негізделеді. Жылдың өзге мезгілдерінде жиынтықтарды құрайды.

Батыс Қазақстан ландшафты да өзіндік белгілерімен ерекше. Мұнда әртүрлі
табиғи жағдайлар мен Жайық зоналар кеңінен орналасқан. Шөлдерде ірі төбелі
массивтер ашық алаңдармен ауысып келеді.
Флора салыстырмалы түрде жақын уақытта қалыптасқан және өсімдік
жамылғысының алалығымен ерекшеленеді. Территорияның әрбір бөлігі –
теңіздік, өзен атырауы, дала зонасы, құм зонасы өзінің өсімдіктер
одағымен сипатталады. Атырау маңында далалық тип, ал орталық бөлігінде
шөлді тип қалыптасқан.
Су – құрлықта сұйық, қатты және бу түрінде кездесетін, бір күйден
екінші күйге ауысатын жалғыз минерал. Қазақстан рельефінің әртүрлілігіне
байланысты ішкі сулар да бірқалыпты тарамдамаған. Шөл мен шөлейт зоналарда
көлдер мен өзендер өте аз. Бұндай аудандарға Батыс Қазақстан территориясы
жатады [7].
Батыс Қазақстан аудандарында өзен торлары нашар дамыған. Өзен торлары
территориясында таралуы біркелкі емес және ол Каспий теңізінің бассейніне
жатады. Солтүстіктің өзінде өзен торларының қалыңдығы 100 км2 жерде 10-
12 км тереңдікті құрайды. Оңтүстікте ол 2-4 км-ге дейін төмендейді, ал
Маңғыстау түбегі, Үстірт платосыда және Үлкен мен Кіші Борсық
кеңістіктерінде мүлдем өзендер көздері жоқ.
Қазақстан территориясында 85 мың үлкен және кіші өзендер бар. Батыс
Қазақстандағы ірі және суы мол өзен – Жайық. Оған Ор, Ілек, Шыңғырлау,
Барбастау, Солянка және Шаған өзендері құяды.
Сонымен бірге мынадай өзендер де маңызды болып келеді. Ембі, Сағыз,
Ойыл, Ырғыз, Үлкен және Кіші Өзен, Бірінші Шыжа, Екінші Шыжа және Дюра.
Жайық өзенінің ұзындығы 1000 км-ден асады. Республиканың барлық
өзендері Солтүстік Мұзды мұхитына тиесілі.
Ішкі ағынсыз бассейн өзіндік өзендер жүйесі мен ірі көлдер деп
бөлінеді. Бұл көлдердің ең үлкені –Каспий. Ішкі бассейнге өзендер, ұсақ
көлдер мен өзендер, уақытша көлдер мен өзендер де жатады.
Батыс Қазақстанда көптеген өзендері әдеттегідей маусымдық сипатта
ағады. Көктемде, қар еріген уақытта жаңбыр суларының ағынды легін құрайды.
Олар құрғақ ойыстарды толтырады. Біз көптеген өзендерің жылдық қордың 80-
90% шығындаймыз. Осыған байлынысты тек қана Жайық өзені Орал тауынан
басталып, каспий теңізіне құяды. Бұнда су туризмімен айналасу мүмкіндіктері
бар.
ТМД елдерінде бұндай өзендер типі қазақстандық деп атайды. Судың ең
төмен деңгейі жазда болады. Кейбір өзендер мүлдем құрғап кетеді. Күзгі
жаңбырдан кейін су деңгейі кішкене көтеріледі, ал қыста кайта төмендейді.
Бірақ туристердің ерекше назарын әлбетте Жайық имеденеді. Ұзындығы
бойынша (2428 м) – Европада Еділ (Волга) мен дунайдан кейнгі 3-орынды
алады. Біздің еліміздің территориясында бұл өзен 1100 км өтеді.
Жайық өзенінде ондаған суармалы құрылыстар тұрғызылған – Нарын, Бақсай,
Приморск және тағы басқа. Жайықтан Ембі мұнай өндірістікке дейін су құбыры
жүргізілген. Жайықта қызыл балық, севрюга, сом, судак, лешь, окунь, чебак
балықтары жүзіп жүреді.
Каспий теңіз бассейнінен Ембі өзені де кіреді. Бірақ кей кезде бұл өзен
теңізге жетпей құмға сіңіп кетеді.
Қазақстанның кең аумағында 48 мың үлкен және кіші көлдер бар. Ауданы 1
км2 болатын (94%) кіші көлдер көп кездеседі. Олар су деңгейнің
өзгермелігімен ерекшеленеді. Көптеген көлдерде су тұзды және олар өздігінен
шөгіп, ас тұзын өндіру үшін пайдаланады [8].
Батыс Қазақстанда 7158 үлкен және кіші көлдер бар. Жалпы ауданы 29751
км2. Көптегені өзен сағалдары мен қазаншұңқырларда онраласады. Олардың
6738 ауданы 1 км2 болатын көлдер, ал ауданы 1 км2 үлкендері 420. Кейбір
көлдер (Аралсор, Ащы-Өзек) жаз мезгілінің басталуымен ыстықтан кеуіп
ағарады, нәтижесінде сорлар пайда болады.
Қазақстан көлдерінің географиялық орналасуында кейбір ерекшеліктері
бар. Олардың біріншісі –бірқалыпты таралмауы. Климат жағдайына байланысты
көлдер солтүстіктен оңтүстікке қарай азаяды. Көлдер барлық табиғи зоналарда
кездеседі, бірақ жылу мен ылғалдылықтың таралуына байланысты саны мен
мөлшері зоналық заңдылықтарына бағынады.
Қазақстан көлдерінің екінші ерекшелігі олардың жас мөлшерінің
әртүрлілігі. Көлдер ежелгі дәурде қалыптасқан.
Жазықты және аласа таулы бөлітегі көптген көлдер дамудың соңғы кезеңін
өтіп келеді. Батыс Қазақстан шөл және шөлейт зоналарының көлдері тез
тұзданып және өзіндік шөгуші көлдерге айналады. Көлдер түрлерінің біреуі –
бұл реликті көлдер. Олар Каспий маңы ойпатында орналасқан. Сонымен бірге
кейбір көлдер Торғай қақпасы мен Тұран жазығында да бар. Қазақстандағы
басты шөгуші көлдері – Каспий мен Арал. Бұл тектоникалық көлдер жер
қабығының қабықшасында қалыптасқан. Олар ежелгі Тетис теңізінен қалған
қалдықтарының геологиялық тарихымен тығыз байланысты. Мезозой дәуірінің
ортасында бассейндер жүйесі Оңтүстік Еуропа мен Орта Азияда созылып
жатқан. Батыста ол Атлант мұхитымен байланысқан. Неогенде күрделі
тектоникалық қозғалыстар нәтижесінде Тетис теңізі алғашқысында Тынық
мұхитымен кейін Атлант мұхитымен бөлінді. Осылайша Тетис теңізінің
қалдықтарынан Каспий мен Арал теңіздері пайда болды.
Каспий теңізі рельеф бойынша 3-ке бөлінеді. Солтүтсік бөлігі
шекарасында Маңғыстау түбегі өтеді. Орта бөлігі осыдан Апшерон түбегіне
дейін созылады, ал қалған территориясы оңтүстік бөлігін құрайды. Солтүстік
жағы ұсақ сулы, 5 м тереңдікті құрайтын және теңіз ауданының 24% алып
жатыр. Оңтүстік бөлігі –ең терең бөлігі. Бұнда орташа тереңдік 345 м, ал
максималды 1025 м, теңіз ауданының 40% алады [9].
Қазақстанда салыстырмалы түрде ұсақ сулы бөлігі кіреді. Аралдар саны
аз. Олардың ең үлкен аумағы 2045 км2. Олардың Қазақстан территориясындағы
88% орналасқан. Ең үлкендері – Құлалы (73 км2) және Теңіз (65 км2).
Каспийдің шығыс жағында Түпқараған, Бозащы, Маңғыстау түбектері орналасқан.

Каспий теңізі 2 климаттық зонасын кесіп өтеді. Солтүстікте ол қоңыржай
белдеуінің континенталь климаты, ал оңтүстік-батысында субьтропикті климат,
шығысы – Орта Азияның шөлді континентальды климаты болуы керек. Жазда
Каспий беті қатты ысиды. Судың температурасы +24+260С дейін көтеріледі.
Қысқы температура әртүрлі болып келеді. Солтүстікте қыс суық. Орташа қаңтар
айының температурасы -7-110С. Ортасында +1+50С, оңтүстігінде
+8+100С. Қықы айларда Каспий теңізінің тек солтүстік бөлігі ғана қатады.
Мұз қалыңдығы 2 м жетеді.
Солтүстік Каспийде судың тұзхдылығы 0,2-10 промильден 10-12 промильге
дейін өзгереді. Орталық пен оңтүстік бөлігін де 13-14 промиль. Су деңгейі
де өзгеріп отырады. 1830-1929 жж. Каспий теңізінің су деңгейі 25,5-26,6 м
болды. ХХғ. 30 ж. су деңгейі -28м дейін күрт төмендеді. 1978 жылы бастап
су деңгейі қайта көтеріліп, 1995 жылы 26,5 м-ге жетті.
Қазіргі уақытта Каспийде көптеген құстардың түрлері кездеседі. Тек
шығыс жағында жылына 2 млн құс келіп кетеді. Каспийде 2 млн суда жүзуші
құстар қыстайды.
Батыс Қазақстан су мен климат жағдайына баға бере отырып, келесілерді
белгілеуге болады:
- жылдағы шуақты күндер (220-240 күн);
- оның ішінде жайлы күндер 30-40 күн және жағымды күндер 120-130
күнді құрайды;
- тұрақты емес қар жамылғысы 3,4-4 ай;
- шомылу рекреациялық маусым кезеңі 100-120 күн;
- су ресурстарының әртүрлілігі;
- климаттың құрғақтығы.
Бұл барлық факторлар батыс қазақстан табиғи жәе туристік-рекреациялық
ресурстарын зерттеу мен әртүрлі санаторй-курортты емдеу орындарын дамытуға
демалыс үйі, пансионат, демалыс базаларын ашуға мүмкіндік береді [10].
Табиғи-рекреациялық ресурстар адам іс-әрекеті процесінде психикалық
энергия мен физикалық шығын деңгейін анықтайды және тұтыну нысаны болып
табылады.
Табиғи ортаның әртүрлі факторлары адамға әсер етеді, әсіресе негізінен
климат байқалады. Біздің ойымызша, климаттық процестер адамның демалыс орны
мен сауықтыру орындарын психологиялық таңдауға мүмкіндік береді.
Туризм – бұл уақыт пен кеңістік бойынша қозғалыс, яғни адамдар саяхаттау
арқылы орныққан орындарын ауыстырады және бір зонадан екіншісіне көшеді.
Сондықтан туристік ағымның маусымдылығы біздің республикамыздың батыс
аудандарында жағымды және жағымсыз климаттық жағдайларын анықтайды.
Табиғи ортада су жағдайлары өте маңызды. Көптген туристер күнге
қыздырынғанды, шомылғанды, балық аулағанды және тағы басқаларды ұнатады. Су
жағдайларының нәтижесін туризм мен рекреация критерийлерін таңдауда маңызды
рөл атқарады.
Қазақстан табиғаты әртүрлі, сондай-ақ әрбір туристің қажеттіліктерін
қанағаттандыра алады. Республика терииориясының физика-географиялық жағдайы
келесі зоналдардан тұрады.: шөл (40%), шөлейт(23%), дала (20%), орманды-
дала (7%), таулы (10%).
Рекреациялық ресурстардың дамуы бальнеологиялық курорттардың салынуымен
табиғи ресуртарының игерілуімен және тағы басқамен сипатталады.
Батыс Қазақстан табиғи ескерткіштерінің аттрактивтілігі де маңызды. Бұл
аудан живописьті алуан түрлі және қызықты ландшафттарға байланысты болып
келеді. Ландшафт экологиялық ортада антропогендік әрекеттердің тікелей және
жанама қызығушылығын, табиғи байланыстарының жағымды жағдайларын анықтайды.

Қазір республика бойынша республикалық маңызға ие 26 табиғи
ескерткіштер бар. Олардың жалпы 6,35 мың га. Олар туризм үшін үлкен
қызығушылықтар тудырады: экзотикалық шатқалдар, мұздықтар, үңгірлер,
сарқырамалар, сақталған флора мен фауна, сирек кездесетін жануарлар орны
және тағы басқалары. Осындай әрбір ескерткіш өзінің ерекше және қайталанбас
аттрактивті қасиеттерімен ерекшеленеді.
Батыс Қазақстанның ең танымал табиғи ескерткіштері болып Маңғыстау
үңгірлері, Үстірт платосы және ТМД-дағы ең терең жер –Қарақия ойысы
саналады [11].
Маңғыстау үңгірлері мен Үстірт платосы Қазақстан территориясында
Үстірттің 30 жуық карстты үңгірлері есептелеінген. Олар неоген дәуірінен
сазды-әкті жынысына жатады. Ең үлкен үңгірлер 100-120м дейін созылады.
Жерасты үңгірлері туристердің қызығатын таптырмас нысаны.
Қарақия - ТМД-дағы ең терең және құрғақ ойыс. Ол теңіз деңгейінен
-132 м төмен жатыр. Қарақия Маңғыстау түбегіндегі шөл зонасының ортасында,
Ақтау қаласынан 120км жерде орналасқан. Ірі ағынсыз ойыс ұзындығы 40м, ал
ені 10км . Ойыстың жан-жағы жартасты, ал түбі кеуіп кеткен көл-сорға
айналған.
Сонымен бірге ландшафттың жоғарғы деңгейінің тартымдылығы ұлттық
паркттердің қолжетімді болуымен сипатталады. Бұндай ауданға Батыс
Қазақстанның Маңғыстаудағы Фетисов пен Құрық селолары жатады.
Облыстағы экологиялық жағдай жарты ғасыр бойы әскери экожүйесінің жұмыс
істеуі мен Жайық өзенінің экожүйесіндегі бұзылуларының жағымсыз әсерімен
байланысты.
Жайық бойында туризмді дамытудың басты факторы – бұл оның географиялық
орналасуы. Территорияда дала мен шөлейт зоналарды айқындап, Жайық маңының
климатты жағдайы туристік жоспарда демалыс маусымында, әсіресе жазғы кезең
сәуір-қазан айларында тартымды болып келеді.
Қазір туристік фирмалар туристердің белсенділігін тарту үшін облыстың
көптеген табиғи және мәдени-тарихи ресурстарын пайдаланады. Бірақ
экскурсиялық қызметтерге сұраныс көбіне жастардан түседі. Бұған басты себеп
–туризмнің материалды-техникалық базаның 80% қайта жаңарту мен күрделі
жөндеуді қажет етіп отыр.
Мемлекет аралық, мемлекеттік және жеке секторлардағы туристік саланы
дамыту мен жоспарлау қатынасы мемлекет тарапынан туризмді қолдаудың
республикалық деңгейдегі 2004-2005 жж. Бағдарлама жоспарына әкеледі [12].
Бағдарлама жоспары даму мүмкіндіктері бар аудандарда инфрақұрылым
нысандарын салуды көздейді. Бұған теректі ауданындағы Шалқар көлі жатады.
Шалқар көлі – Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан 100 км жерде
орналасқан. Бұл су қоймасы өте көне және ол Каспий теңізінің бұрынғы
қалдығы.
Көл айналасы 206 км жерді, ұзындығы 19 км , ені 15 км алып жатыр.
Тереңдігі 18 м, суы тұзды. Оның құрамында тұзды қышқылдар, кальций
гидрокарбонат, магний және басқа өмірге маңызды минералды элементтер бар.
Бұл теңіз суынан еш айырмашылығы жоқ екендігіне көз жеткізеді.[14]
Экологиялық жағынан көптеген теңіз суларынан асып түсетіндігін көрсетеді.
Шалқар көлі мемлекет қорғайтын табиғи ескерткіш болып саналады. Бір
дана: Болашақта дәрігерлер оңтүстіктегі суларына жібермейді, олар адамға
түсінікті, ортасы мен табиғаты жанына жақын орындарға жібереді. Ал менің
жерім – бұл Шалқар деген екен.
Тамшалы – бұл шөлдегі керемет оазис. Ол Форт-Шевченко қаласына 30
км жерде орналасқан. Бұлақ көзіне каньондардар өтіп немесе оның
жартастарымен параллельді жүру арқылы баруға болады. Тамшалы шөл
даласындағы туристердің алдынан кезігетін үлкен жасыл нүктесі.
Мұнда тыныш әрі жайлы. Бұл жер өте қызықты да ерекше болып келеді.
Каньондар арасында орналасқан Тамшалының пайда болуында бір аңызбен
байланыстырылады. Бұл аңыз сұлу қыз Мерет туралы: ...Мерет бір бай түркмен
ханының әйелі болады. Оның күйеуі өте қарт және аурушаң адам. Кейін ол көз
жұмып, оған мазар тұрғызылады. Мерет қатты қайғырыады. Бұл уақыт жаз
мезгілі еді. Бірақ бұл жаз өте ыстық әрі қатал болады. Осы кезде Мерет тау
шатқалында бұлаққа баратын үңгірлі жол салу жөнінде бір ой туады. Ол
арнайы шеберлерді тауып, жерастындағы жыралар қабырғасына үңгір жасауды
бұйырады. Ханның туысқаны қатты қорқып, Аллах бұндай әрекеті үшін зардабын
көреді деп ойлайды. Бірақ Мереттің ойы жүзеге асып, барлық адамдардың
қуанышы мен мақтанышына айналады. Тамшалыда жоғарыдан аққан су көз алдында
иллюзияны сипаттайды.

1.2 Батыс Қазақстанның табиғи ерекшелігіне байланысты туристік-
рекреациялық зоналары

Адамның рекреациялық іс-әрекеті бірнеше аспектісінен тұрады:
- медико-биологиялық;
- әлеуметтік-мәдени;
- экономикалық.
Рекреациялық іс-әрекетте медико-биологиялық аспектісі маңызды рөл
атқарады. Ол ауырған адамның денсаулығын қалпына келтіру, адамның
курортология әдісімен емдеу, сонымен бірге жалпы адамның шаршап шалдығуын
басу мақсатын көздейді.
Әлеуметтік -мәдени жоспарды қоршаған ортаны тану қажеттіліктерін
қанағаттандырады: табиғи, тарихи, мәдени.
Рекреациялық іс-әрекеттің экономикалық аспектісі адамның өндіріс
еңбегін ауру есебінен жұмыс уақыт қорының көбеюіне, адамның еңбек
белсенділік кезеңін ұзартуынан тұрады.
Сонымен бірге курортты-рекреациялық орныдарды құру қызмет көрсету
саласын дамыту, халықтың табыс пен шығындарын баланстауға, бос уақытты
тиімді пайдалануға көмегін тигізеді.
Мемлекеттің басты табысы Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынан
қонақ үй кешендерінен түседі. Республикада ең көп табысты мейрамханалары
бар қонақ үйлер құрайды.
Төменде Батыс Қазақстан облыстарында 2007-2008 жж. туристік қызметті
пайдаланған адам саны көрсетілген (2 сурет).
Берілген классификацияға сәйкес Батыс Қазақстан территориясын 2
туристік-рекреациялық зонаға бөлуге болады.
Бірінші зона – Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары кіреді.
Ол рекреацияның медико-биологиялық түріне маманданған және санаторлы-
курортты емдеумен сипатталады.

2 cурет. 2007-2008 жж. туристік қызметті тұтынушылар саны [32]

Батыс Қазақстан территориясында – 2 негізгі шипажай бар.
Ақ Жайық санаторийі. Ол Орал қаласынан 45 км жердле орналасқан. Емдеу
орны Жайық өзенінің жағасында 1989 жылдан бері өз функциясын атқарып
келеді [13]. Басты табиғи емдеу факторы болып аз минералданған хлоридті-
магнийлі-натрий темірі бар минералды ауруларды ішікі және сыртқы түрде
пайдаланады. Емдеу мынадай ауруларға жүргізіледі:
- қан айналым жүйесінің аурулары (ревматизм, гипертония, варикозды
кеңею);
- ас қортыу мүшелерінің аурулары (гастрит, энтероколит, пакреатит);
- эндокринді жүйе аурулары (қант диабеиті, зоб).
Санаторий емдеуге қажетті құрал-жабдықтары қамтылған диагностикалық
лабораториясы бар. Бұнда 226 адамға орын арналған.
Атырау санаторийі. Емдеу орны Атырау қаласында жайық өзенінің бойында
орналасқан. Негізгі табиғи факторы хлоридті, натрийлі, әлсіз қышқылды
ерітінділер. Емдейтін ауру түрлері:
- бұлшықет-сүйек жүйесінің аурулары (артрит, полиартрит,
остеохондроз, радикулит);
- перифериялық нерв жүйесінің аурулары (невралгия, неврит,
миопатия);
- гинекологиялық аурулар (эндомеррит, сальпингит).
Санаторийде 260 адамды емедеу үшін орын бар[14].
Екінші рекреациялық зонаға Маңғыстау облысы жатады. Ол емдік
бальнеологиялық балшықтарды қолдануымен сипатталады. Курорттарда емдеу ауру
адам ағзасында тез арада әсер етуімен байланысты танымал болып келеді.

2 БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АУДАНЫНЫҢ ТУРИСТІК РЕСУРСТАРЫ

2.1 Табиғи ресурстар

Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі. Адамзаттың әлеуметтік-
экономикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі
сыйлықтарын – табиғи ( немесе жаратылыстық) ресустарды пайдалануымен
барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі
біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам
бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз
мыңдаған жыл өмір сүрді. Табиғи ресустарды игеруге жұмсалатын шығын да әр
түрлі. Кейде бұл шығындар болмашы, алайда көбіне табиғи ресустарды игеру
көп күрделі қаржыны керек қылады: әсіресе қымбат тұратын техника мен
технологияны қолдану, кен орындарын өндіру кезінде көп қаражат жұмсалады.
Барланып, өндірілген көптеген табиғи ресустар материалдық өндірістің алуан
түрлі салалары үшін шикізат болып табылады.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске
тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары
эканомикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға
еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер
болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат
қолданады. Оның құны ( отын мен электр энергиясының құнын қосқанда)
өнеркәсіп өнімін өндіруге жұмсалған жинақтама шығында шамамен 75% болады.
Осындай жағдай шикізаттың негізгі түрлерімен қамтамасыз ету мәселесінде көп
елдердің алдына өте шұғыл проблемалар қояды. Көптеген табиғи ресустар (ең
алдымен мұнай, газ, көмір) біртіндеп азайып келеді. Бұл, әрине, көңіл
көншітпейді. Алайда, біріншіден, олар әлі толық сарқылмағаны былай тұрсын,
әлі толық ашылған деуге де әсте келмейді. Екіншіден, өндіріліп жатқан
табиғи ресустар толық пайдаланылмауда. Үшіншіден, таяудағы он жыл ішінде
ресустар саласында болатын ашылыстарды болжап айту қиын. Өйткені алдынғы
күні біз электр туралы ештеңе білмейтінбіз, күні кеше атом ядросында
орасан зор энергия қорын өндіруге болатынын білмейтін едік. Әлі анық
түсінбейтін күштердің қоршауында тұрғанымыз күмәнсіз. Бар керегі –
адамзат қоғамының ақыл-ой және өндірістік қарекеті Жер шарының барлық
адамдарының пайдасына қызмет етуі тиіс, табиғатты көріктендіріп отыруы,
өзінен кейін құлазыған өңірді ғана қалдырып кетпей, табиғаттың өз қарымын
неғұрлым түгел ашуына көмектесуі тиіс.
Табиғи ресустар деген терминмен қатар табиғи жағдайлар деген
неғұрлым кең ұғым жиі қолданылатын болды. Бір ұғымды екіншісінен саралайтын
шек кейде өте шартты болып шығады. Мысалы, желді табиғаттың компоненті деп
қарауға болады, бірақ осымен бірге ол маңызды ресурс та, ең алдымен энергия
алынатын ресурс.
Табиғи жағдайлар планетамыздағы табиғи ортаның бүкіл сан алуан бейнесін
көрсетеді және адамзаттың тарихымен, оның қоныстануымен тығыз байланысты.
Олар адамдардың өміріне әрқашан ықпалды болды, ал адамдар табиғи ортаға
әсер етті. Осылайша, адам табиғат байлықтарын пайдаланбайынша тіршілік ете
алмайды және осы мағынада табиғатқа тәуелді. Бірақ осымен қатар адам
табиғатқа белсенді ықпал ете алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасының
мәнісі осы.
Ресустардың орналасуы және әр түрлі елдердің олармен қамтамасыз етілуі.
Географияның мұның алдындағы курстарынан сендер табиғи ресустардың минерал,
жер, су, өсімдік ресустары түрінде болатынын білесіндер. Мұның өзі оларды
табиғат құбылыстарының қай тобына жататынына қарай топтастырудың бір түрі.
Бұған қоса табиғи ресустарды жаңадан толығып отыратын және толықпайтын
ресустар деп те саралайды, экономиканың белгілі бір саласына арналу белгісі
бойынша, сапасы бойынша (яғни оларда пайдалы компоненттердің болуына
қарай), түзілу сипатына қарай (минералдық, органикалық) және басқадай
топтастырулар қолданылады.
Табиғи ресустардың жекелеген түрлерінің қорлары да біркелкі деуге әсте
болмайды. Осының нәтижесінде елдердің арасында ғана емес, қазіргі дүниенің
ірі-ірі аймақтарының арасында да олардың табиғи ресустармен қамтамасыз
етілуінің деңгейі мен сипатында елеулі айырмашылықтар бар. Мысалы, Таяу
Шығыс елдерінде мұнай мен газдың мол ресустары бар. Анд елдері мыс және
полиметалл рудаларына бай, тропиктік ормандары көп мемлекеттерде бағалы
ағаш сүрегі ресурстары мол.
Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің бәріне ие
бірнеше мемлекет бар. Бұлар Ресей, АҚШ және ҚХР, Үндістан, Бразилия,
Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың ассортименті жағынан олардан
кейінгі орынды иеленгенімен, басқа мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда
ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстың дүниежүзілік маңызы
бар мол қорларына ие. Мысалы, Габонда марганец, Кувейтте мұнай, Мароккода
фосфорит қорлары мол. Әрбір ел үшін өздерінде бар табиғи ресурстардың көп
түрлілігінің зор маңызы бар. Мысалы, жеке бір елде қара металлургияны
ұйымдастыру үшін тек темір рудасының ғана емес, сонымен қатар марганецтін,
хромиттің, кокстелетін көмірдің болуы өте маңызды. Ал егер бұл ресурстар
мұның үстіне бір-біріне біршама жақын орналасқан болса, онда бұл ел үшін
тиімділігі де жоғары болмақ.
Дүние жүзінде белгілі бір табиғи ресурссыз ел жоқ. Олар аз болған, ал
кейбір елдерде мүлдем болмаған жағдайда бұл мемлекет кедейлікке душар
болады деуге келмейді. Өйткені қай елдің болсын ұлттық байлығы оның
материалдық игілікктері мен табиғи ресурстары қорларының жиынтығымен ғана
өлшенбейді, бұған қоса әр елдің адамдары, олардың тәжірибесі мен
еңбекқорлығы, білімдері мен шеберліктерінің пайдаланылу дәрежесі де ұлттық
байлықты құрайды.Мысалы, экономикада үздік жетістіктерге жеткен Жапонияның
ассортимент жағынан болсын, мөлшер жағынан болсын минералдық ресурстары өте-
мөте шектеулі. Онда күкірт пен пириттердің ғана мол қорлары бар, ал мұнай,
табиғи газ, темір рудасы, сирек металдар рудалары, фосфориттер, калий
тұздары және т.б. өте-мөте жетіспейді. Жапонияға қарағанда минерал шикізат
ресурстары орасан мол болғанымен, әлеуметтік-экономикалық дамудағы
жетістіктері мардымсыз көптеген мысалдар келтіруге болады.
Табиғи байлықтардың планета бойынша әркелкі орналасуы, бір жағынан,
халықаралық еңбек бөлінісі процесі мен халықаралық экономикалық
байланыстардың дамуына себепші болса, екінші жағынан, кейбір табиғи
ресурстары жоқ елдерді белгілі бір экономикалық қиыншылықтарға ұшыратады.
Табиғатты пайдалану процесінде табиғи ресурстарды ғылыми негізде
шаруашылық тұрғысынан бағалаудың маңызды мәні бар. Оның құрамдас
элементтері табиғи ресурстарды барлау, анықтап ашу, инвентарьлау, сондай-ақ
мөлшері мен сапасы тұрғысынан бағалау болып табылады. Әлемнің кемел дамыған
елдерінде мұндай ресурстар ендігі жан-жақты бағаланған, ал дамуы баяу
елдерде бұлай бағалау әлі жүргізілмеген. Ал анығында табиғи байлықтарды
мұқият есепке алмайынша, өміріміздің барлық салаларында олардың тұтынылуын
бақылаудың мінсіз қалыптасқан жүйесі болмайынша және бұл ресурстарды
барынша үнемдемейінше адамзат осылай мәңгілік өркендей береді деп
үміттенуге болмайды. Сонымен, адамзат қоғамы дамуының барлық кезеңдерінде
табиғи ресурстар оның әлеуметтік-экономикалық прогресінің маңызды алғы
шарты болды. Алайда олардың сан алуан экономикалық ресурстарға айналуы
түптеп келгенде адамға, оның ыждағаты мен талантына байланысты [15].
Қарақия ойпаты. Ол – дүние жүзінде тереңдігі жөнінен үшінші орын
алады. Ойпат Ақтау қаласының оңтүстік-шығыс, Құрық поселкесінің солтүстік-
шығыс жағында орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 132 м терең жатыр, ұзындығы35
км, ені 10-15 км аралығында. Әк тасты беткей тік құлама жар 230 м. Қарақия
сорын Қарақия тауы қоршап жатыр. Сордың жалпы көлемі 27
000 га. Қарақия
сорының теңіз беті бір тегіс 0,30 м-лік белгідегі қоңырлық болып келеді де
арасында табиғи деңгейі төмен, ұзындығы 20 км-ге жуық ағысты алқаптар
кездеседі. Оның теңіз деңгейімен салыстырғанда кей жері – 8, орта жері –
20, ал теңіз жағасына жақындаған сайын – 28 м-ге дейін төмендейтін жерлері
кездеседі.
Маңғыстаудың таулы-тасты жұмбақ әлемі жайында, яғни Жолбарыс
кейпінде жатқан Шерқала тауының тарихына біршама тоқталып өтсек. Шерқала –
ғажайып тұлғалы тау. Оның ерекшелігі пішімінен айқын көрінеді. Егер оған
бір бүйірінен көз жіберсек, ауқымды көлемдегі күмбездер көтерілген қазақтың
киіз үйін еске салады.Таудың солтүстік етегінде әскери бекініс орны бар. 
1851 жылы геологиялық экспедицияның құрамында Мағыстауда болған поляк
революционері Б. Залесский: Шерқалаға алыстан қарағанда, Римнің керемет
пантеондарын көргендей боласың. Жақындап келгенде, жеке қабырғалардың
колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің-деп
жазып, Шерқаланың суретін салады.
Шерқаланың жақын маңайында шар тәрізді тастар мен тұтас гранитті
сомтастар көптеп ұшырасады. Түбектің тамаша табиғаты, осынау тастарды алуан
түрлі пошым мен кескінде құйып жасағандай ғажап әсерге бөлейді. Шерқала
тауы шетпелік Айрақты тауының іргесінде, солтүстік батыс жағында небәрі 3-4
шақырым жерде ерекшеленіп тұр. Тегіс жерде 300 метр биіктікке дейін алып
киіз үй немесе төңкерілген тостаған секілді болып жатқан бұл тау бүкіл
Маңғыстаудың символы қызметін атқарады.  Осы таудың атының төркінің ең
қарапайым жолмен жолбарыс қала (парсының шер-жолбарыс деген сөзінен
шыққан) деп түсіндіреді (3 сурет).

3 сурет. Шерқала [33]

1300 жылдары Қобаң мен Тан-Днепр аймағынан Еділ-Жайыққа қоныс аударған
қыпшақ-половецтер мен қондыкер қазақтарының ХІV ғасырдың орта тұсынан
бастап, Қырға шығып, қазақылық жасай бастаған ұрпақтары Үстірт-Маңғыстау
жеріне таралып, Маңғыстаудың таулы бөлігінің қақ ортасындағы тау-монолит
негізді қамалды Шарұқ-қала деп атады, бұл атау ықшамдала келе әуелі
Шерікқалаға, одан Шерқалаға айналып кетті.
Маңғыстау платосындағы Ақтау қаласынан шығыс жағында 50 км жерде әлемдегі
ең терең ойыстарының бірі Қарақия ойысы орналасқан. Ол әлемдік теңіз
деңгейінен -132 м тереңдікті алып жатыр. Негізінен Қарақия ойысын ежелгі
Батыр көлінің ең терең жері деп есептеледі. Оған археологиялық зерттеулер
жұмысы барысындағы балықтың сүйектері дәлел бола алады. Ойыстың оңтүстік
бөлігі Қарақия-Қаракөл қорықшасына тиесілі. Онда Қаракөл көлі мен көптеген
құстардың түрлері(пеликан, фламинго, аққу) қорғалады. Облыстың солтүтік
жағына қарай Ақтау қаласынан 170 км жерде Шерқала тауы орналасқан. Шерқала
тауы мыңдаған жылдар бойы эрозиялық процесс нәтижесінде пайда болды.
Шерқаланы бір жағынан қараса ақ киіз үйге ұқсайды, бірақ тау ұйықыдағы
арыстанға қатты ұқсайды. Шерқала сөзін түркмен тілінен аударған шер-
арыстан деген мағына беріп, арыстан қалады деп аталған. Шерқала тауын
айналып шығу үшін кемінде 1 сағат керек. Халық арасында егер айналып
өтпестен бұрын, адам тілек тілесе ол орындалады деген тұжырым бар. Таудың
маңайында диаметрі 2 м жететін шар тәрізді конкрециялардың алаңын, Самал
тау үңгірін, Ақмыштау тау даласын көруге болады. Солтүстік-батыс жақта
бірнеше км жерде ең қызықты табиғи ескерткіш Тамшалы каньоны бар. Каньон
өзінің терең емес жырасымен және тұзды емес суымен ерекшеленеді. Су
шатқалдан төмен қарай ағып, жаңбыр иллюзиясын сипаттайды. Облыстың оңтүстік-
шығыс жағында Түйесу құмдары орналасқан. Ондағы құм төбелері 10 м дейін
жетеді, жанында Үстірт қорығы да бар. Үстірт қорығы 1984 жылы муфлондарды
қорға мақсатында құрылған. Қорық 223 мың га жерді алып жатыр. Қорық
территориясында 263 өсімдік түрі, 22 жорғалаушылар түрі, 45 бунақденелер
түрі, құстардың 111 түрі бар. Сирек кездесетін құстар ішінен фламинго,
пеликан, балобан, сапсан, дала қыраны, бүркіт, филинді көруге болады. Ал
фауна әлемінен үстірт муфлон, жейран, қарақал, манла, құм мысығы, балжегіш,
қабыланды кездестіру әдбен мүмкін. Облыстағы су ресустары жағынан тапшы
болса да, Қазақстан Республикасындағы ең негізгі де ірі теңіз Каспий осында
шайылып жатыр [16].
Каспий теңізі - жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы
көне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты. Ол бұрын
Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып та аталған. Каспий теңізі және оның
тайпалары туралы Геродот жазбаларында айтылған. Ресей теңізшілерінің Каспий
теңізіне келуі жайлы құжат IX-X ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында 1-
ші Петр Каспий теңізін зерттеуді бастады (Бекович-Черкасский экспедициясы
және т.б.). Содан кейін Семенов И.Ф., Иванышев Н.А., Паллас П.С., Гмелин
С.Г., Карелин Г.С. және басқалар Каспий теңізін зерттеді.Каспий теңізі
солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320 км, жағасының
ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа мемлекеттер
территорияларында). Су көлемінің аумағы 371000 шаршы км, теңіз деңгейі 2
мұхит деңгейінен 28,5-ке (1971) төмен.
Максималды тереңдігі – 1025 м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең
емес, солтүстік Каспийдің тереңдігі – 15-20 м. Ең үлкен шығанақтары –
Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау), Кендерлі, Қазақ, Қара Боғаз Гол және
т.б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы км. Еділ, Жайық және Ембі өзендері
Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды. Теңіз түбі рельефі және
гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі Солтүстік, Орта және
Оңтүстік болып бөлінеді. Теңіз кескіні S әрпі тәріздес [17].
Каспий түбектері:
1. Ағрахан
2. Абшерон –Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан.
3. Бозащы
4. Маңғышлақ – Каспийдің шығысында.
5. Түпқараған
Каспий теңізі көптеген ауа рай зоналарын қиып өтеді: солтүстігінде –
континенталды, батысында – бір қалыпты жылы, оңтүстік-батысында – ылғалды
субтропикалық, шығысында – құрғақ. Солтүстік ауа температурасының қауырт
өзгеруімен және атмосфералық жауын-шашынның аздығымен өзгешеленеді.
Қазан айынан бастап сәуір айына дейін солтүстік пен орталықта жел шығыс
жақтан соғады, мамыр айынан қыркүйек айына дейін муссонды жел солтүстік
батыстан оңтүстікке қарай соғады, орталық шығыста, солтүстік батыста және
солтүстікте желдің жылдамдығы 24 мс-тан асып кетеді. Шілде және тамыз
айларындағы орташа температура +24+26’C, ал максималды температура
шығысында +44’C-ке дейін жетеді. Қыс айларында температура солтүстіктен
батысқа қарай –10’C –12’C болып өзгереді. Шамамен 200 мм атмосфералық жайын-
шашын теңізге түседі. Судың орташа булануы жылына 1000 мм. Жазғы уақытта су
бетінің орташа температурасы - +24+26’C, оңтүстікте - +29’C. Қыс кезінде
судың орташа температурасы - –0,5’C, орталықта - –3’C-тан –7’C-қа дейін,
оңтүстікте - –8-10’C. Солтүстікте су беті қараша айынан бастап наурыз айына
дейін қатып тұрады, мұздың қалыңдығы – 2 м [18].
Судың орташа тұщылығы - 12,7-12,8%, шығыс жағалауда - 13,2%, Еділ мен
Жайық өзендерінің құяр аясында 0,1-0,2%. Теңіз деңгейі кей уақытта 2-2,5 м-
ге дейін көтеріліп, 2 м-ге дейін түседі. Маусым кезіндегі жалпы ауытқу – 30
см. Ең төмен су деңгейі VII-XI ғасырларда болғаны белгілі (қазіргі кезден 2-
4 м-ге төмен). Су деңгейінің соңғы төмендеуі 1929 және 1057 жылдар
аралығында болды. Су деңгейі құрғақ ауа рай, өзен жағасында ірі
гидротехникалық және суғару құрылғыларын салу нәтижесінде төмендейді.
Каспий теңізіндегі флора мен фауна, салыстырмалы түрде, өте аз. 500-ден
астам өсімдіктер, балықтар мен жануарлардың 854 түрі және су құстарының
кейбір түрлері бар. Каспий теңізінің маңайында Атырау, Ақтау, Ералиев,
Балықшы, Ганюшкино және т.б. сияқты ел көп қоныстанған мекендер бар.

2.2 Тарихи-мәдени ресурстары

Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм
керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан
қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазығүрт ауданының агроландшафттары
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Қазақстандағы қазіргі мұз басулар
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналы
Орталық қазақтанның аумағындағы көл қазаншұңқырларының түзілу жолдары
Қазақстанның мұздықтары реликті мұздықтар
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
Оңтүстік Қазақстан облысының агроландшафттарына физикалық - географиялық сипаттама
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Қазақстанның су қоймалары
Пәндер