Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары жайлы



КІРІСПЕ
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР
1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері
1.2 Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының ерекшеліктері
1.3 Коммерциялық банктің депозиттік саясаты
2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТІҢ ДЕПОЗИТТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердiң депозиттерi мен оның құрылымы талдау
2.2 "Тұран Әлем Банкі" АҚ.ның депозиттік операцияларының жағдайын талдау
2.3 Банктің депозиттік салымдар құрылымын талдау
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесін қалыптастыру
3.2 Депозиттік операцияларды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді. /1/
Еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.
Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басты!"
Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Президентіміздің өткен жылғы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: "Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те. Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз бар деп пайымдаған еді. /2/
Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып, халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
Екінші деңгейлі банктердің, яғни коммерциялық банктердің пассивті операциялары негізінде салымдар түрінде кәсіпорынның, ұйымдардың, басқа банктердің, халықтың уақытша бос қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Бұл салымдардың негізгі түрлерінің бірі - депозиттер болып табылады.
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген сенімділігінің артуынан байқалады.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Преидентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2007ж. 28 ақпан //Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2007ж.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Преидентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жедел экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыру жолында». 18.02.2005 ж.
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030». 1997 ж.
4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Преидентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Бәсекешіл Қазақстан, бәсекешіл экономика, бәсекешіл ұлт». (19 марта 2004 г.).
5. ҚР Банктер және банктік іс-әрекеті туралы заң (2004 жылдың тамыз айындағы жағдайы бойынша);
6. ҚР Азаматтық кодекс;
7. ҚР Қазақстан Республикасында несиелік тарихтарды құрастыру және несиелік бюролар туралы заң(2004 ж. 4 шілде);
8. № 267 «Екінші дәрежелі банктердің несиелендіру бойынша құжаттарды жүргізу ережелері» Ұлттық банкінің басқармасының жарлығы (1999 ж. 16 тамыз).
9. Қазақстан Республикасының 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Заңы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы».
10. Қазақстан Республикасының 2001 ж. 25 сәуірдегі N 178-ІІ Заңы «Қазақстан Республикасының Даму Банкі туралы».
11. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары. Астана. 2003.
12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2003 жылдың 31 қаңтарындағы № 37 Қаулысы «Қазақстанның ұлттық Банкінің 2003 жылғы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары». Астана. 2003.
13. Сборник Указов Президента, Постановлений Правительства и других государственных актов РК за 1991-95гг. Алматы. 1994.
14. Алиева С. Качественное государственное управление и трансперентность в реализации бюджетной политики.//Қаржы-қаражат. 2004г.
15. Амрекулов Н. Организация финансовой и бюджетной системы.// Саясат. январь. 1999г.
16. Дробозина Л.А. Финансы. Денежное обращение. Кредит. М., 1997г.
17. Финансово-кредитный словарь, т. 1-3. М. 1995.
18. Колесникова В.И. Банковское дело. М. 2005.
19. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. М. 199ұ г.
20. Красавина Л. Н. Денежное обращение и кредит в рыночной экономике. М. 2001.
21. Рынок Ценных Бумаг Казахстана 2002, 2003 годы.
22. Казахстан: 1991-2001годы. Агентство Республики Казахстан по статистике. 2001г.
23. Банковское дело. Под редакцией В.И. Колесникова, Л.П. Кроливецкой М., 1996 г. (75 бет)
24. Усоскин В.М. «Современный Коммерческий банк: управление и операции» М., 1994 г. (215 бет)
25. Челноков В.А. «Банки: Букварь кредитования. Технологии банковских ссуд. Околобанковское рыночное пространство» М.,1996 г. (48 бет)
26. Гольцберг, М.А. Хасан-Бек, Л.М. Кредитование. Пер. с англ. Киев, торго¬во-¬издательское бюро ВHV, 1994. (166 бет)
27. Савинцев А.А. «Ипотечное кредитование в РФ» М., 2003 г.
28. Блоуер Дж. «Развитие ипотечных организаций» С-П., 2002г.
29. Ефимова О. В. Финансовый анализ - М. : Бухгалтерский учет, 1996.
30. Ковалев В. В. Финансовый анализ. - М. : Финансы и статистика,1996.
31. Сейітқасымов Ғ.С. Банк ісі. Алматы. Қаржы-қаражат. 1998ж.
32. Ешбергенова Ә. Қазақстанның депозит нарығы және ондағы салымдарды сақтандырудың мәселелері. Экономика негіздері. №2, 2006ж., 11-13б.
33. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» №169 заңы, 7.07.2006ж.
34. «Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы» заң. 31.08.1995ж.
35. Лаврушин О.И. Деньги, кредит, банки. Москва. Финансы и статистика. г.2000, с.590
36. Міржақыпова С.Т. Банктердегі бухгалтерлік есеп. Алматы. Экономика. 2004ж., 246-265б.
37. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, саясат. Алматы. Экономика. 2001ж., 466б.
38. Иванов В.В. Как надежно и выгодно вкладывать деньги в коммерческих банках. Москва. ИНФРА. 2002г., с.348
39. Грязнова А.Г., Молчанов А.В., Тавасиев А.М. Банковская система в целом. Москва. 2004г., с.322
40. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Банк ісі. Алматы. Қазақ университеті. 2004ж., 241б.
41. Ахметов Д. Банковская система Казахстана. Вопросы экономики. 2001г., №10, с.12-13
42. Арыстанов А. Конкуренция между банками на депозитном рынке Казахстана. Аль Пари. 2001г., №3, с.3-7
43. Ұлттық Банктің 2006 жылғы есебі.
44. Оралбай Ә. Болар банк беталысынан білінер. Нұр Астана. 2005ж., №9, 4б.
45. «Тұран Әлем Банкі» АҚ-ның 2004-2006 жылғы қаржылық есебі.
46. Рамазанов Н. Вклады без альтернативы. Деловая неделя. г.2005, №4, с.7
47. Новые условия гарантирования депозитов. Банки Казахстана. 2007г., №1, с.39-40
48. Разъяснения Агенства касательно размеров ставок банков. Банки Казвхстана. 2007г., №2, с.7-9
49. «Міндеттемелердің бір бөлігін және мәжбүрлеп таратылатын банктің дебиторлық берешегі бойынша талап ету құқықтарын, мүлкін бпсқа банкке бір мезгілде беру жөніндегі операцияларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы №57 Қаулысы.
50. Белинский В. Совершенствование банковской системы необходимо. Казахстан Экономика и жизнь. 1999 г., №2, с.11-12
51. Статистический ежегодник Казахстана за 2006-2005гг. Алматы.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007
жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы
Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында:
"Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер
барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған
сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен
еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы
абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамыз мен мемлекетіміздің
берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі
экономикалық, әлеуметтік, саясаи және әкімшілік тұрғыда жан-жақты
сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық",- деп Елбасымыз
Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да
көзімізді жеткізді. 1
Еліміздің 2030 жылға дейінгі Дамуының стратегиясы – қоғамымыздың
келешектегі келбеті мен мемлекеттің мақсат-мұраты баян етілді.
Бүгін толық жауапкершілікпен былай деп мәлімдеуімізге болады: "Қазақстан
өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық
сеніммен қадам басты!"
Өткен жылы біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды
қолға алған болатынбыз. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50
елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі
ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Президентіміздің өткен жылғы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында: "Біз қатаң бәсекеге әзір
тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты
халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те.
Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық,
әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жекеменшік
капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге
міндетті", - деп экономикамыздың барлық салаларын дамытуға мүмкіндігіміз
бар деп пайымдаған еді. 2
Экономикамыздың дамуына үлкен өзіндік үлесін қосып жатқан Қазақстан
Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметтерінің дамып,
халықаралық стандарттарға сай болып жатқандығын айта аламыз.
Екінші деңгейлі банктердің, яғни коммерциялық банктердің пассивті
операциялары негізінде салымдар түрінде кәсіпорынның, ұйымдардың, басқа
банктердің, халықтың уақытша бос қаражаттарын тартуға мүмкіндігі бар. Бұл
салымдардың негізгі түрлерінің бірі - депозиттер болып табылады.
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақты дамуы бірінші кезекте ұзақ мерзімді
қайта құрудан өткен банктік мекемелердің дамуынан көрініс табады. Осыған
байланысты еліміздің депозит нарығының соңғы жылдардағы даму қарқыны
банктердегі салымдар көлемінің ұлғаюынан және халықтың банк жүйесіне деген
сенімділігінің артуынан байқалады.
Профессор Сейітқасымов Ғ.С.: "Банктік депозиттік нарықтың дамуындағы
жетістіктер 1994 жылдың аяғынан бастап байқала бастады, себебі осы кезден
бастап депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер тиімді болды. Банктерді
депозиттік саясатын белсендіруге мәжбүрлеген бірқатар себептер бар. Бұл
себептерді коньюктуралық деуімізге болады, себебі олар белгілі уақыт ішінде
маңызды болады және белгілі жағдайлардың өзгеруіне байланысты
көкейтестілігін жоғалтады",- деп өзінің бағасын берді 3.
Банктердегі жеке тұлғалар шоты бойынша банктік құпия туралы заңды
актілерді қабылдау және жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерін кепілдендіру
жүйесі жүзеге асқаннан бері халықтың бос ақшаларын тартуда экономикамызда
оңтайлы шаралар жүргізілуде. Халық салымдарын сақтандыру жүйесі Қазақстан
Республикасында банк саласындағы ең маңызды жетістіктердің бірі, өйткені
басқа ТМД елдерінде мұндай жүйе жоқ.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банк жүйесінің
тұрақтылығын сақтауда және банк мекемелеріне деген халық сенімділігін
арттыруда өзінің негізгі міндеттерін оңтайлы орындауда.
Мұндай жағдайда халық тарапынан депозит салымдарынан түсетін пайда жайлы
және қызмет көрсету сапысна байланысты сұрақтар пайда болады. Негізінен
нарық жағдайында халықты толғандыратын мәселе – капиталды (жеке жинақтар)
қалай қауіпсіз түрде көбейтуге болады, өткені пайда көлемі тәуекел көлеміне
тура пропорционалды, яғни нарықта жоғары пайданы жоғары тәуекелділік бар
жерде ұсынады. Бірінші кезекте бұл Қазақстанның әр түрлі аймағындағы біресе
бар, біресе жоқ болатын қаржы пирамидаларына негізделген. Сондықтан Ұлттық
Банк басқармасы мұндай мекемелердің қызмет жасауы заңды емес және қаржы
пирамидаларына ақша салмастан бұрын ойлану керектігін айтады. Шындығында,
халық біртіндеп келе ақша қаражаттарын тұрақты пайыз мөлшерлемесімен банк
депозиттеріне салу керектігін түсінді.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты –коммерциялық банктердің пассивті
операцияларының ішіндегі ең ауқымдысы - депозиттік операциялардың жағдайына
талдау жүргізіп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды беру.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
– банктің негізгі функциялары мен операцияларын қарастырып, коммерциялық
банктің пассивтік операцияларының негізі ретінде депозиттік операцияларды
қалыптастыру ерекшеліктерін ашу;
– Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік
салымдарынның динамикасына және Тұран Әлем Банкі АҚ мысалында банктің
депозиттік қызметіне талдау жүргізу;
– коммерциялық банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін депозиттік
операцияларды тиімді жүргізудің кейбір жолдарын ұсыну.
Зерттеу обьектісі болып – коммерциялық банктің депозиттік операциясы.
Зерртеу пәні- депозиттік операцияларды жүзеге асыру процесінде пайда
болатын экономикалық және ұйымдық қатынастардың жүйесі.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс 73 бет көлемінен, негізгі бөлімі
кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, сонымен қатар 30 атаулы қолданыған
әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Жұмыста 15 кесте және 7 сурет
бар.
Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында коммерциялық банктердің қаржы
ресурстары және оны қалыптастырудың көздері анықталған, коммерциялық
банктегі пассивтік операциясының ішінде депозиттік операцияның мәні
ашылған.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі
депозиттік салымдарынның динамикасына және Тұран Әлем Банкі АҚ мысалында
банктің депозиттік қызметіне талдау жүргізілген.
Үшінші тарауда банктегі депозиттік операцияларын дамытудың кейбір
жолдары және пайда болатын өзекті мәселелерді шешу қарастырылған.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАССИВТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР

Коммерциялық банктердегі пассивті операцияларын жүргізу нәтижесінде банк
ресурстары құрылады. Пассивті операциялардың негізі депозиттік операциялар
болып табылады. Депозиттік саясат коммерциялық банктердің маңызды саласы
болғандықтан, бұл тарауда коммерциялық банктердің жалпы түсініктерін, оның
функцияларын, банк ресустары мен қалыптасу көздерін қарастырамыз.

1.1 Коммерциялық банктің ресурстары және оларды қалыптастыру көздері

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің құрылуы және қызмет
етуі Қазақстан Республикасының " ҚР-ғы Банк және банктік қызмет " туралы
заңға негізделген. Банк – жоғарыда көрсетілген заңға сәйкес банктік
қызметті жүзеге асыра алаты, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды
орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді
орындауын сипаттауға болады.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын
ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсеклестік артықшылықты жаулап алу және
оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір
қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы"
Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
– ақылы негізде депозиттерді тарту
– клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету
– қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жек
тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру
– инвестицияланатын қаражаттар иелерініңнемесе иемденушілердің
тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру
– заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік, депозиттік сертификаттарды,
акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді)
– төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операцияларды жүргізу
– ақшалай нысанда орындпуды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзге де міндеттемелерді беру
– тауар тасымалын талап ету құқығын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың инкассациялық (факторинг) тәуекелін өз мойнына алу
– банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің
тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету
– клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша қызметтер
– коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз
(форфейтинг)
– клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды
– банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету
– лизингтік операцияларды жүзеге асыру
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді
былай құруға болады:
– уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және оны капиталға айналдыру
– кәсіпорындарды, мемлекетті және халықты несиелендіру
– шаруашылықтағы төлемдер мен есептерді жүзеге асыру
– эмиссиялық-құрылтай функциясы
– кеңес беру, экономикалық және қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ету
Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және капиталға айналдыру функциясын
жүзеге асыру барысында, банктер ақшалай табыстар мен жинақтарды салымдар
түрінде тартады. Тартылған қаражатты банк мемлекетті, заңды және жеке
тұлғаларды несиелендіру үшін қолданады. Банктің бір функциясы есеп-төлем
механизмі болып табылады. Төлемдерді өтеу үшін банк өз клиенттері үшін есеп
және төлемдерге байланысты опеоацияларды жүзеге асырушы делдал ретінде
болады. Коммерциялық банктердің эмиссиялық-құрылтай функциясы бағалы
қағаздарды шығарып және орналастыру арқылы жүзеге асырады. Экономикалық
жағдайды әрдайым бақылап тұруға мүмкіндігі бар коммерциялық банктер өз
клиенттеріне кеңес беру қызметін көрсетеді.
Банктің жүргізетін операциясының экономикалық негізі ақша қаражаттарының
қозғалысы құрайды. Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің
барлық операцияларын негізгі 3 топқа бөлуге болады:
– пассивті операциялар (банкке ақша қаражаттарын тарту және ресурстарын
қалыптастыру бойынша операциялар)
– активті операциялар (банк ресурстарын орналастыру)
– активті-пассивті операциялар (белгілі төлемдеоді төлеп, клиенттің банкке
тапсырысы бойынша комиссиондық операциялары)

Коммерциялық банктер, басқа да шаруашылық субьектілер сияқты, өзінің
коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін белгілі ақша
қаражат сомасын, яғни ресурстарды иемденуі қажет. Экономиканың қазіргі
замандағы даму жағдайында ресурстардың қалыптасуы маңыздылығы бойынша
бірінші кезекте. Бұл нарықтық экономикаға өтумен, банктік іске мемлекеттік
монополияның жойылуымен, екі деңгейлі банктік жүйенің қалыптасуымен
байланысты банк ресурстарының белгілі өзгерістерге ұшырауымен байланысты.
Коммерциялық банктердің активті операциялары: өндірістік, сауда және
басқа кәсіпорындарды несиелендіру; халыққа ссуда беру; валютамен, асыл
тастармен және бағалы қағаздармен операциялар.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары: қызмет көрсетумен
клиенттердің ақша қаражаттарын тарту; қызмет көрсетпей клиенттердің ақша
қаражаттарын тарту; басқа көздерден ақша қаражаттарын тарту.
Активті- пассивті операциялары (делдалдық операциялар): клиенттердің
тапсырмасы бойынша есеп операциялары; клиенттерге кассалық қызмет көрсету.
Сонымен қатар, банк қызметінің масштабтары ресурстар көлемінің
жиынтығына байланысты. Банктік ресурстар активті операцияларды жүзеге асыру
үшін қолданатын өз иелігінде бар меншікті және тартылған ақша құралдар
жиынтығын құрайды.
Банктің меншікті ресурсына банктік капитал және оған теңестірілген
баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен көлемі
айырықша қасиетті иемденеді, олар басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар
мен ұйымдардан ерекше, себебі банк меншікті капиталынан 10%-дан кем емес
ақша құралдарына жалпы қажеттілігін жабады. Мемлекет банктер үшін меншікті
және тартылған қаражат арасында белгілі минималды шекті бекітеді. Бірақ,
Қазақстанда мұндай шек бекітілмеген.
Банктің меншікті ресурстарының мәні ең біріншіден, оның тұрақтылығын
қолдау үшін. Банктің алғашқы даму кезінде меншікті қаражат бірінші
шығындарды, яғни банк өз қызметін онсыз жүзеге асыра алмайтын шығындарға
(жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақы) жұмсайды. Меншікті капитал есебінен
банк аса қажетті резервтерді қалыптастырады. Сонымен, меншікті ресурстар
ұзақ мерзімді активтерге салымдардың басты қайнар көзі болып табылады.
Тартылған қаражаттар банктің активті операцияларын жүзеге асыру үшін
ақша қажеттіліктеріне, әсіресе несиелеудің 90%-ын жабады. Олардың маңызы
өте зор. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын тарту
арқылы коммерциялық банктер халық шаруашылығының қажетті айналым
құралдарына қажеттілігін қамтамасыз етеді, ақшаны капиталға айналдырады,
халықты тұтынушылық несиемен қамтамасыз етеді.
Меншікті және тартылған ресурстар Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісінің корреспонденттік шотында тіркеледі. Бұл активті шот, сондықтан
ресурстар осы шоттың дебетінде, ал салынған құралдар бұл шоттың кредитінде
көрініс табады.
Осылайша, дебеттік сальдо көлемі банктің бос резерв көлемін айқындайды.
Бос резерв көлемі қаншалықты үлкен болса, сол дәрежеде банк тұрақты деп
есептеледі, бірақ соншалықты аз табыс алады. Керісінше, егер банктің бос
резерв көлемі неғұрлым аз болса, соғұрлым банк көп табысқа ие болады, бірақ
тұрақтылық деңгейі төмен болады. Сондықтан, кез келген корреспонденттік
шоттағы ресурстар қалдығын оңтайландыруға талпынады.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, банктің меншікті ресурстары ең
алдымен банк тұрақтылығын айқындайды.
Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылған ресурстар аккумуляция
жолымен келксідей топтастырылады:
– депозиттер
– депозиттік емес тартылған ресурстар
Коммерциялық банктердің тартылған ресурстардың негізгі бөлігін
депозиттер құрайды, яғни заңды және жеке тұлғалардың банкке салған ақша
қаражаттары және олардың банк заңы бойынша және шот жүйесі бойынша
қолданылуы.
Депозиттік емес тартылған ресурстар – бұл банктің ақша нарығында
меншікті қарыз міндеттемелерін сату жолымен немесе банк қарыз түрінде
алатын ресурстары. Депозиттік емес көздердің депозиттерден ерекшелігі,
біріншіден персоналды қасиеті, яғни нақты клиенттің салымы емес, ол нарықта
бәсекелестік негізде пайда болады, ал екіншіден бұл ресурстарды тарту
инициативасы банктің өзінен шығады. Депозиттік емес тартылған ресурстарды
көбінесе ірі банктер қолданады. Депозиттік емес ресурстар ірі сомаларда
пайда болады және олар көтерме қасиетін иемденеді.
Ресурстарды тартудың депозиттік емес көздеріне банкаралық нарықта қарыз
алу, бағалы қағаздарды сату және қайта сатып алу келісімі, вексель есебі
және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде ссуда алу, банктік акцепті
сату, коммерциялық қағаздарды шығару, евродоллар нарығында қарыз алу,
капиталды нота және облигацияларды шығару жатады.
Қазақстандық банктер аталған көздердің банкаралық несиелерін және
Қазақстан Республикасы Ұлттық банк несиелерін қолданады. Банкаралық несие
нарығында Қазақстан Республикасының корреспонденттік шотындағы ақша
қаражаттары сатылады және сатып алынады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банк
несиелері қазіргі уақытта коммерциялық банктерге көбінесе қаржыландыру
тәтібінде ұсынылады, орталықтандырылған несиелердің тек 10%-ы банктерге
конкурс негізінде сатылады.
Банкаралық несие нарығы 3 сегментке бөлінеді:
– үш айлық несие
– бір-екі айлық несие
– "қысқа ақшалар" (ең қысқа мерзімді ссудалар, 1-2 күн)
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің несиелік аукцион туралы ережесіне
сәйкес несиелік аукцион қатысушылары болып келесі банктер табылады:
– бір жылдан аз жұмыс істеуші
– барлық экономикалық нормативтерді орындаушылар
– резервке уақытылы ақша қаражатын аударатындар
– есеп беруде қателіктерді болдырмайтын
– Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің корреспонденттік шотында ақша
қаражаты бар және осы шот бойынша дебеттік сальдосы жоқ банктер
– Қазақстан Республикасы Ұлттық банк несиелері бойынша уақытылы өтемеу
қарыздары.
Кез келген банк аукционда ұсынылған несиелердің 25%-н иемдене алады,
ауционда ең біріншіден максималды пайыздық мөлшерлемесі бар банктер, содан
кейін акцияда бекітілген ең минималды несие сомасына дейін
қанағаттандырылады.
Орталықтандырылған және банкаралық несиелер өте жағымды, себебі олар
салым болмағандықтан резервтік қамтамасыз етілуін талап етпейді және қарыз
алушы банктің иелігіне бірден түседі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек,
Қазақстан ірі банктерінің пассивтерінің жалпы сомасының 0,19-дан 61,5%-ға
дейін орталықтандырылған және банкаралық несиелер құрайды.
Банкаралық несиенің маңыздылығы, оның басқа банктер үшін шығындарды
туғызатын ресурстарды тарату арқылы бұл нарық банктік жүйенің несиелік
ресурстарын қолданудың нәтижелігін арттырады. Сонымен қатар, банкаралық
несие нарығын жоғары дәрежеде дамуы банктер өз өтімділігін қолдау үшін
ұстайтын оперативті резервтерін азырақ мөлшерде болуына мүмкіндік береді.
Қазақстан коммерциялық банктерінің депозиттік емес ресурстарын тартудың
ең дамыған түрі банктік вексельдер болып саналады. Банктік вексельдер –
қаржылық вексельдің бір түрі, ол банктің вексель ұстаушыға вексельді
көрсету арқылы вексельде көрсетілген соманы төлеуі туралы міндеттеме.
Вексельмен қызмет көрсету банк үшін тимді, себебі вексель арқылы өткізілген
ресурстар міндетті резервілеуге жатпайды. Ал клиенттер үшін де сондай-ақ
тиімді, өйткені жедел депозит сияқты жоғары пайыз алумен қатар, олардың
қолында ақшаның қайтарылуы туралы кепілдік бағалы қағазы болады. Сондай-ақ,
керек кезде вексельді сатуға немесе банкке кепілдікке қоюға болады.
Қазақстандық банктер үшін облигация сияқты депозиттік емес ресурс көзін
шығару үлкен нәтиже береді. Банктер жарғылық капиталдың 25%-нан жоғары емес
облигация көлемін шығаруына құқылы, оған дейін шығарылған акциялар үшін
төлемдерді толық өтегеннен кейін. Облигациялар атаулы болуы мүмкін. Қарыз
банктің таза табысымен жабылады, жетпеген жағдайда резервтік қордан
алынады. Облигация курсына ықпалын тигізуі үшін банк облигацияларын биржада
сатуы немесе сатып алуы мүмкін.
Тартылған ресурс рөлі банк үшін өте маңызды, соның ішінде депозиттердің
орны ерекше.

1.2 Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының ерекшеліктері

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің
алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен
тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік
ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық
ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда
қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы
мынандай жaғдайлармен түсiндiрiледi - бiрiншiден, банктер қаржылық
нapықтapдa қаржы делдалы ретiнде басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң және
халықтың yaқытшa бос каражаттар сомасын депозит түрiнде жинақтайды, осы
жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарызды қарыз алушыға ұсынaды.
Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк caқтандыру жүйесi болады, бұл
салымдарды жаппай кepi алу қayiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге
тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық обьектiлерiнде
орналастырған активтерiне қарaғанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтiмдi және
нарықта оңай өткiзiледi.
Басқа кәсiпорындармен салыстыpғанда осы барлық міндеттeмелер
коммерциялық банктерге меншiктi капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз мiндеттерiн жүзеге асыруға және дұpыс қызмет eтyiнe
мүмкiндiк бередi. Ең алдымен меншiктi капитал банк кызметiн бастау үшiн
қажет. Сонымен қатар, офистi, жабдықтарды сатып алу және еңбекaқыны төлеу,
сондай-ақ банктiк операцияларды дамытудың келесi кезеңдерiнде шығындарды
төлеу үшiн қажет. Меншiктi капитал – банктiң қорғаныс кепiлдiк қоры. Осы
сипатты меншiктi капитал маңызды, сөзсiз мiндеттi қор болып табылады,
банктiң тұрақтылығы мен оның жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн
банктiк қаражаттар құpылымында оның рөлi өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерiнiң активтiк операцияларын
жүзеге асыру үшiн тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігiн
пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттeрiнiң уақытша бос ақшалай
қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлi түрде осы қаражаттардың негiзгi бөлiгiн
депозиттер құрайды. Депозит пен банктiң клиенттерiнiң жинақ салымдарынан
басқа мерзiмдi және мерзiмсiз салымдарының барлығы түсiндiрiледi.
Банктердiң aқшалай қаражаттарды салымдаpға тарту және оларды пайда табу
мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттiк операциялар деп аталады.
Осылардың негiзiнде коммерциялық банктердiң несиелiк ресурстарының негiзгi
бөлiгi құралады.
Жеке тұлғалар, iскерлiк фирмалар, акционерлiк компаниялар, жеке
кәсiпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкiмeттiк мекемелер, мемлекеттiк
кәсiпорындар, жергiлiктi билiк органдары қаражаттарды коммерциялық
банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бiрнеше себептерiмен түсіндiріледі.
Бiрiншiден, банктер салымдардың үлкен сенiмдiлгiн қамтамасыз етедi,
екiншiден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етiп
қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшiншiден, бұл салымдар
табыс әкеледi.
Депозиттiк операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
– банктiк пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшiн жағдай жасауға;
– депозиттiк операциялар әрекет ету керек;
– банк балансының оперативтiк өтiмдiлiгiн демеу мақсатында икемдi
депозиттiк саясат жүргiзiлуi керек;
– банк балансының өтiмдiлiгiн жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзiмдiк
салымдарға депозиттiк операцияларды ұйымдастыру процесiнде ерекше назар
аударылуы қажет; депозиттiк операциялармен қарыздарды беру бойынша
операциялардың арасында мерзiм және сомалар бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
– депозиттердi тартуға әрекет eтeтін банктiк қызметтердi дaмытyғa шаралар
қолдану 4, 297 б..
Депозиттiк қатынастардың субъектiлерi бiр жағынан банк, екiншi жағынан
депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) ретінде заңды, жеке
тұлғалар, ҚР резиденттерi және резидент емес тұлғалар, банктердiң
клиенттерi және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан кезде банк пен
депозитор apacында келiсiм-шартпен негiзделген құқықтық қатынастар пайда
болады. Бұл қатынастар ағымдағы заң мен құқықтық қатынастар келiciм-шартына
сәйкес бюджетке есептелуге тиiс салықтарды төлегеннен, есептелген мүдде мен
депозиттің негiзгi сомасын толығымен қайтарғаннан кейiн ғaнa тоқтатылады.
Бұл қатынастар депозиттiк келiсiм-шартпен рәсiмделедi.
Депозит экономикалық категория ретiнде жинақ ақшаның құрамдас бөлiгi
болып табылады. Бiрақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен
тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Барлық жұмсалымдардың түрлерi жинақ ақша болып табылады. Депозит - жинақ
ақшаларды сақтаудың бiр түpi.
Депозиттiң экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай белгiлерiн
бөлiп айтуға болады:
1. Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөлiну процестерiн қарастырады,
яғни салынған салымдардың алу мерзiмi келген кезде салынған ақша
қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған.
2. Депозиттер жеке табыс бөлiгi peтiндe капиталмен тығыз байланысты.
Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттiк салымдарды
өтеу кезiнде есептелген пайыздар түрiнде табыс алу жағдайының болуына
негiзделген.
3. Депозиттер қайтарылу мерзiмдерi бойынша көп түрлiлiгiмен. сипатталады.
Бұл мерзiмдiк салымдар және ұзақ мерзiмге салынған салымдар және
мезгiлсiз салымдар болуы мүмкiн.
Депозиттiк операциялармен пайда болған қайта бөлу қатынастарының
келтiрiлген ерекшелiктерi оғaн мынадай анықтамалар бере алады:
Депозиттер - бұл банк пассивi балансында көpiнeтін, депозиттiк
портфельге ақша салымдарын қалыптастыру нәтижесi бойынша, олардың
қатысушылары арасындағы ipi қайта бөлiнy қатынастарының жиынтығы.
Осы уақытқа дейiн осы экономикалық категориялардың талдау көзi peтiндe
қаралатын ортақ қабылданған депозиттер анықтамасы жоқ. Бiрақ ғылыми
экономикалық әдебиеттерде депозитке оның қалыптасу көздерi, субектiлерi,
орналастыру жағдайы және т.б. сипаттамалары негiзiнде әр түрлi анықтамалар
мен түciнiктep берiледi.
Депозиттер және банк тәжірибесiнде қолданылатын депозиттiк шоттар
мәселесi бойынша әр түрлi және бiр-бiрiне қарама - қайшы көзқарастар бар.
Әлемдiк банк тәжiрибесінде депозит peтiндe банктiк немесе басқа да қаржы
мекемелерiне сақтауға тапсырылған ақшалай қаражаттар мен бағалы қағаздар
қарастырылады. 5, 127 б..
Депозиттердi ақшалай қаражаттар немесе әртүрлi құндылықтар деп зерттеу
бойынша жалпы экономист - ғалымдардың apacындa қарама - қайшылықтар
кездеседi. Бұл қарама - қайшылық қазiргi заманда банк операцияларының
немесе қызметтерiнiң өркендеп дамуымен өз шешiмiн тауып жатыр. Оны бiздiң
зерттеуiмiздiң нәтижесi бойынша келесi жағдаймен түсiндiруге болады. Ол:
– коммерциялық банктердегi депозиттер тек ақша қаражаты ретiнде ғана
қарастырлады;
– бағалы қағаздар және басқа да құндылықтар қазiргi уақытта банктерменен
депозиттiк операция жүргiзу мақсатында емес, тек қана сақтау және сенiмдi
басқару мaқcaтындa ғана клиенттерден тартылады. Клиенттер банктiң
көpceтeтін қызметi үшiн комиссиондық жарналар немесе төлемдер төлейдi.
Бағалы заттар мен бағалы тастар екiншi деңгейлi коммерциялық банктер
жүйесiнде қазiргi уақытта eкi мақсатта сақталынуы мүмкiн:
a) банктер өзiнiң өтiмдiлiгiн белгiлi бiр деңгейде ұстап демеп отыру
үшiн, бұл жағдайда қымбат бағалы металдар өтiмдiлiгi өте жоғары
бiрiншi peттeгi резервтiк активтер рөлiн атқарады.
b) табыс табу ушiн.
Шетел әдебиеттерiнде депозит түciнiгiнe барлық мерзiмдi және мерзiмдi
емес жинақ ақшалардан басқа банк клиенттерiнің басқа да құндылықтары
түрiндегi салымдары жатады 10,127 б..
Отандық банктiк әдебиеттерде депозиттерге тек кәсiпорындардың және жеке
тұлғалардың мерзiмдi салымдары, ағымдағы бюджет есеп айырысуларын
қоспағанда, бюджеттiк және басқа да арнайы пайдаланылған шоттардағы қалдық
ақшалар жатады. Депозиттер депозиттiк портфельде ақша салымдарын
қалыптастыру есебiнен оның қатысушылары арасында ерекше қайта бөлiну
жиынтығы, яғни ол банк балансының пассивiнде көрiнедi, номиналды түрде
қайтарылу жағдайында болады. Депозиттiк операциялар банктермен несие ақшаны
белгілi бiр уақытқа немесе уақыты көрсетілмеген мерзiмге қабылдау 11, 576
б..
Депозиттердiң қалыптасуы және құралуы тiптен пайда болуы несиеге және
несиелiк қатынастарға негiзделедi. Олай болу себебi банктiк есеп шот
ашылып, онда ақшалай қаражат түрiнде салымдардың пайда болып, депозиттiң
құралуы бiр жағынан коммерциялық банктер үшiн клиенттерi алдында
мiндеттемелер туғызады, ал клиенттердiң немесе салымшылардың сол депозитке
қатысты банктерге деген мүлiктiк талап ету құқығын туғызады. Себебi,
депозитке айналған банктiк емес шоттарда жатқан ақшалай қаражаттарға деген
қаражаттарды уақытша пайдалану құқығы өзгергенмен меншiк құқығы
өзгермейдi. Сондықтан кейбiр ғалымдар Соколов А.А., Козлов Г.А., Панкус
Ю.В. депозиттiк ақшалар – несиелiк ақшалардың дербес түpi деп қарастыра
келiп, банктiк салымдардың негiзiнде пайда болатындығын дәлелдейдi. Себебi
банктен ашылған шоттардағы
ақшалай қаражаттар клиент пен банктiң арасындағы мүлiктiк
қатынастармен өзара мүлiктiк жауапкершiлiктердiң пайда болуының
негiзгi көзi 12,17 б., 13,56 б., 14, 52 б..
Сондықтан депозиттер мен депозиттiк операциялардың экономикалық мәнiн,
мазмұнын өзара мүлiктiк жауапкершiлiктерге негiзделген несиелiк
қатынастардан iздеу керек. Мұндай ғылыми iзденic тек қана депозиттер мен
несиелiк ресурстарды қатар қоя отырып, зерттеп талдаған кезде ғана бiздiң
ойымызша нақты ғылыми нәтижелерiн бере алады.
Ал бұл өз кезегiнде коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк
портфелiн бipтұтac басқару объектiсi ретiнде қарастырса, банк
менеджментiнiң тиiмдiлiгiн арттырары сөзсiз. Себебi банктiң қаржылық
орнықтылығы және өтiмдiлiгi осындай бipтұтac басқарудың нәтижесiнде
қамтамасыз етiледi.
Осыған байланысты коммерциялық банктердiң депозиттiк және несиелiк
портфелдi тиiмдi және әpi үйлесiмдi eтeтiн жаңа кешендi басқару әдiстерiн
қарастыру керек.
Ресейлiк экономист – ғалымдардың келесi тобы Грязнова А. Г. Молчанов
А.В, Лаврушин О.И., Панова Г.С., Питателков В.А., Тавасиев А.М.
коммерциялық банктердiң каратып алған қаражаттарының нетiзгi бөлiгiн
депозиттер құрайды, яғни банк клиенттерiнің салым ретiнде салған немесе
қаржылық және банктiк операцияларды жүргiзу барысында банктегi шоттарда
белгiлi-бiр уақытқа дейiн сақталынатын ақшалай қаражаттары деп түсiндiредi
15, 322 б..
Бiз депозиттерге берiлген түсiнiктерге қосыла отырып, қазiргi нарықтық
экономикалық қатынастардың ерекшелiктерiн ескерiп депозиттерге келесiдей
aнықтамa беремiз:
Депозиттер деп депозиттiк операциялардың субъектiлерi - жеке және заңды
тулғалардың депозиттiк шотқа белгілi бiр мерзiмге немесе талап еткенге
дейiн салған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз.
Егер Қазақстан Респyбликасының нарықтық экономикасының дамуы
жағдайындағы депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн eскepeтiн болсақ онда
депозит анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлyi керек:
Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және
мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша
қаражаттары.

Бiздің зерттеуімiздiң нәтижесі бойынша отандық ғалымдардың зерттеулері
депозиттердiң келесi қызметтерiн атап айтуға болады:
1. Коммерциялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын
депозитке белгiлi бiр мүдде төлеу шартымен тарта отырып, оны осы
қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзiнің белгiлi үстеме ақысын
қолдана отырьш сатады; Банктiң осы қатынасы оның коммерциялық банк
деген атына негiз болады.
2. Ынталандыру қызмeтi – депозиттiк салымдардың әр түрлi шартпен құрылyы
сaлымдардың белгілi бiр шарттағы салым түpiнe ақша қаражаттарын сала
отырып табыс aлyға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс aқшa
қаражаты, несие алу мүмкiндiгі және белгiлi бiр сыйлық есебiнде ұтыс
алу түpiндc болады.
3. Қорлану қызметi – депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрiнде
болғандықтан, ол банктiң белгiлi бiр қорларын құруға негiз болады.
Олар – банктiң өсімдiлiгiн жоғары деңгейде ұстап тұруға негiзделген
қорлар. Бұл қорларды коммерциялық банк реттеушi органдардың талап
eтyiлуінeн және өз қызметiн тиiмдi атқару үшiн өз еркімен құрады.
4. Банк ресурстарын құру қызметi – депозиттiк салымдар тарихи қалыптасуы
бойынша опар банктiк ресурстарды құрудың негiзгi көзi болып табылады.
Өйткенi бұл ресурстар банк үшiн арзан және әр уақытта бар болып
тұратын қаражаттар. Депозиттiк қаражаттар банктiң пассивтерiнiң 70-80%
құрайтын ресурс болғандықтан олар активтiк операцияларды жүргiзуге
қажеттi банк ресурстарының негiзiн құрайды.
Бұл бөлімді қорытындылай келе Қазақстан Респyбликасының нарықтық
экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттiк нарықтың даму ерекшелiгiн
eскepeтiн болсақ онда депозит анықтамасы келесiдей болып түсiндiрiлyi
керек:
Депозит дегенiмiз коммерциялық банктерге белгiлi-бiр мерзiмге және
мерзiмсiз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуi тиic болып, сақтандырыла
отырып салынған халықтың және сақтандырылyсыз салынған кәсiпорындардың ақша
қаражаттары.

Депозиттiк операциялар активтi және пассивтi болып бөлiнедi. Активтi
депозиттiк операциялар - банктiң уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент-банктердегi шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар.
Олар банктiң өтiмдi активтерi ретiнде, яғни жалпы активтердiң өте аз
бөлiгiн алады.
Пассивтi депозиттiк операциялар - бұл клиенттердiң yaқытша бос ақша
қаражаттарын белгiлi yaқытқa және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмeгiмeн тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлiгiн алады және банктiк ресурстар қалыптастырудың негiзгi көзi.
Қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы
бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттердi мынадай топтарға бөледi:
– талап eтуінe дейiнгi депозиттер;
– мерзімді депозиттер;
– жинақ салымдары;
– бағaлы қағaздар.
Сондай-ақ, оларды мынадай белгiлерiне байланысты жiктеуге болады:
– мерзiмдерiне қарай;
– салым иелерінің категорияларына қapaй;
– қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
– пайыз төлеу тәсіліне қарай;
– банктiң aктивтiк операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қapaй;
– тағы басқалар.
Салым иелерiнiң категорияларына байланысты депозиттiк шоттар мынадай
түрлерге бөлiнедi:
– жеке тұлғалардың шоттарына;
– кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
– жергiлiктi билiк ұйымдарының шоттарына;
– қаржылық мекемелердің шоттарына;
– шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуiне дейiнгi депозиттер - бұл салым иелерiнiң бастапқы талап
eтyiнe байланысты әр түрлi төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын
әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктiк тәжiрибеде талап етуге дейнгі депозиттерге мыналар
жатады:
– мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
– әр түрлі мaқcaтқa тағайындалған қорлардың қаражаттары;
– есеп айырысудағы қаражаттар;
– жергiлiктi бюджеттер қаражаттары жане олардың шоттарындары қаражаттар;
– басқа банктердiң корреспонденттiк шоттарындағы қapaжат қалдықтары.
Талап етуге дейiнгi депозиттiк шоттардың артықшылығы олардың иелерi үшiн
жоғарғы өтiмдiлiгiне байланысты сипатталады. Талап етуге дейiнгi депозиттiк
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседi және пайдаланылады.
Ал кемшiлiгi - бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейдi немесе бiршама
төмeнгi мөлшерде төленедi. Miнe, осыдан келiп талап етуге дейiнгi шоттардың
мынадай өзiндiк ерекшелiктерi қалыптасады:
– ақша салу жане оны алу кез келген yaқыттa ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
– шот иесi банктен осы шотты пайдаланғаны үшiн пайыз түрінде немесе
комиссиондық aқы алып отырады;
– банктер талап етуге дейiнгi шоттарда ақшалай қapaжаттарды caқтaғaны үшiн
өте төмeнгi деңгейде пайыз төлейдi, кейде төлемеуi де мүмкін;
– талап етуге дейiнгi депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық банкте
сақталатын мiндеттi резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
АҚШ-тың банктiк тәжiрибесiнде, талап етуге дейiнгi депозиттiк шоттармен
қатар, сондай шоттар түрiндегi Нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты
депозиттер АҚШ банктерiнде кeңінeн қолданылады.
Нау-шоттар - бұл пайыз төленетiн, чектiк депозиттер. Haу-шоттың мынадай
өзiне тән ерекшелiктерi болады:
– бұл шот түpi бойынша пайыз төленедi;
– бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
– салым иелерiнен бұл шотта ең төмeнгi қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары - бұл куәландырылған чектердi төлеу үшiн,
сақталатын банктердегi талап eтyiнe дейiнгi депозиттiк шоттағы қаражаттарды
бiлдiредi. Куәландырылған чектер - бұл банктiң шоттағы қаражаттың барлығын
чектер арқылы куәландыруы.
Американдық банктiк тәжiрибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының
депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшелiгi бар:
– ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерiнiң өзгеруiне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
– шот бойынша ең төмeнгi қалдықтың болуының талап етiлуi;
– салымдардың сақтандырылуы;
– иемденушi, үшiншi жақтан төлемдер үшiн айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның iшiнде үшеуi чектi көшiрiп жазу жолымен, үшеуi
телефон арқылы жүзеге асады.
Банкте орналастырылған клиент қаражаттарының пайдасын жоғарлату және
банктер үшін тұрақты несие ресурсын құру мақсатында талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарындағы қаражаттар көлемін мерзімді депозиттік шоттарға
ауыстыру келесі формуламен жүзеге асырылады:

(1)
Мұндағы, А – депозиттік шоттарға ауыстыру мүмкіндігі бар есеп беру және
ағымдық шоттарда бір жыл уақытына сақталатын қаражаттар көлемі;
Оққ – бір жыл ішіндегі есеп беру және ағымдық шоттардағы орташа қалдық
қаражаттары;
Ан – бір жыл ішіндегі есеп беру және ағымдық шоттар бойынша несиелік
айналым.
Мерзiмдi депозит – бұл банктерде белгiлi бip мерзiмгe және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердiң уақытша бос ақша қаражаттары. Бұл
депозит түpi алдын ала хабарлаудан кейiн немесе мерзiм бойынша алынуы
мүмкін. Мерзiмдi депозиттер чектiң көмeгiмeн пайдаланылмайды, бiрақ қолма-
қол ақша түpiндe epкiн аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер
мерзiмге дейiн бұл салымды алатын болса, онда шот иесi айып-пұл төлеуге
міндетті.
Бұл салымның ерекшелiгi - талап еткенге дейiнгi депозитке қapaғaндa,
оларға міндeтті резервтердің төменгі мөлшері белгiленедi.
Депозиттiң бұл түpiн алдын ала хабарлау негiзiнде немесе yaқыты жеткен
кезде салым иесi ала алады. Мерзiмдi депозиттердi чeктep арқылы алуға
болмайды. Мерзiмдi депозиттердi басқа шоттарға аударура болады.
Мерзiмдi депозиттер мынадай түрлерге бөлiнедi:
– меншікті-мерзімді депозиттер;
– алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншiктi-мерзiмдi депозиттер сақталу мерзiмiне қарай жіктеледі:
– 30 күнге дейiнгi;
– 30-90 күнге дейiнгi;
– 90-180 күнге дейiнгi;
– 180 күннен 360 күнге дейiнгi;
– 360 күннен жоғары.
Мерзiмдi депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозитi
бойынша міндетті түрде өтiнiшiн талап eтeдi. Өтiнiш беру yaқыты алдын ала
келiсiледi және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгiленедi. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзiмi жетi күннен жоғары болып келедi.
Мерзiмдi депозиттердiң мынадай ерекшелiктерi болады:
– есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды;
– шоттағы қаражат баяу айналады;
– тұpaқты пайыз төленедi;
– пайыз мелшерiнiң ең жоғарғы деңгейi Ұлттық банкi тарапынан реттеліп
отырады;
– ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
– бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгiленедi.
Тaғы бiр кеңінен таралған депозиттердiң түpi - жинақ салымдары. Олардың
белгiленген мерзiмi доқ, қаражатты алуда eскepтyiн талап етпейдi, салымның
жоғары шегi шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет. Банктер үшiн мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді:
операцияны ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына
сай eкi жақты тipкey енгiзу қажет және т.б. Компьютердiң көмeгiмeн жасалған
жеке шоты туралы көшiрмесi негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкiндiгi бар.
Мерзiмдi депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың бiршама
тұpaқты бөлiгiн бiлдiредi.
Әлемдік банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттер мен мерзімді
депозиттер арасында жинақ салымдары елеулі орын алады.

Жинақ салымдардың тұpaқты мерзiмi болмайды. Бұл салымдардың түpi
бойынша, мерзiмдi депозиттерге қарағанда төменгi мөлшерде пайыз төленедi.
Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынадай ерекшелiктерi болады:
– ақшалай қаражаттар сақтауда тұpaқты мерзiмi болмайды;
– шоттағы қаражатты алдьш ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
– ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндeтті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кiтапшасының болуы талап етiледi.
Отандық банктiк тәжiрибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғaнa
ашылады. Ал шетел тәжiрибесiнде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға
және iскep фирмаларға ашыла бередi. Отандық банктiк тәжiрибеде жеке
тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар салым операцияларының мерзіміне және
мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлiнедi:
– мерзімді жинақ салымдар;
– қосымша жарна қocaтын мерзімді жинақ салымдар;
– ұтыс салымдары;
– ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
– мaқcaтты және ағымдық салымдар;
– алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
– валюталық салымдар.
Мерзiмдi жинақ салымдарға тұpaқты мерзiмi белгiленетiн және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзiмдi жинақ салымдарға басқа
жинақ салымдарға қapaғaнда жоғарғы мөлшерде пайыз төленедi.
Қосымша жарна қоcaтын салымдар - бұл шоттағы қapaжатқа алдын ала
келiсiлген уәде бойынша үздiксiз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды бiлдiредi. Бұл шотта жинақталынған соманы белгiлi бiр күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде жане т.с.с) толық төленедi.
Ағымдық жинақ салымдар, негiзiнен, жалақы, зейнетақы, үздiксiз
төлемдердi төлеу үшiн жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
бiлдiредi. Мұндай салымдар бойынша өте төмeнгi пайыз төленедi.
Мерзiмдi депозиттер мен жинақ салымдардың бiр түpiнe депозиттiк және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттiк және жинақ сертификаты - бұл салым иесіне белгілі мерзiм
өткен соң, тиicтi қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беpетін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-
эмитенттiң жазбаша куәлігі.
Депозиттiк және жинақ сертификаттары иемденуiне қарай eкi түрлi болып
келедi:
– атаулы сертификаттар;
– мәлiмдеушi сертификаттар.
Атаулы депозиттiк және жинақ сертификаттары бұл салым иелерiнiң атына
толтырылып берiледi. Ал мәлiмдеушi сертификаттарда салым иесiнiң аты-жөнi
керсетiлмейдi, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесi болып саналады.
Депозиттiк және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетiлген
қызметтер үшiн төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметiн
aтқapa алады. Депозиттiк сертификаттар көбiне ipi сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдiк банктiк тәжiрибеде депозиттiк сертификаттардың мынадай eкi түpi
бар: аударылатын және аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттiк сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып,
yaқыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттiк сертификаттар басқа бiр тулғаларға екінші нapықтa
сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тулғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзiмi 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мерзiм аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғaнa берiледi.
Мерзiмдi депозиттiк жане жинақ сертификаттары мерзiмiнен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бiрақ
төмeнгi мөлшерде пайыз төлейдi. Коммерциялық банктер үшiн бұл сертификат
ресурсты жинақтау тиiмдiлiгiмен, яғни ірі соманың белгiлi бiр мерзiмге
түcyiн сипаттайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердiң активтiк операцияларын
қаржыландырудың басты көзi ретiнде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттiк саясатты белсендi түрде
жүргiзе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттiк
операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтiмдiлiгiн
сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
– депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
– депозиттiк операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда
алу үшiн жұмыс жасауға тиiс;
– депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзiмдi депозиттер мен
мерзiмдi салымдардың көбiрек тартылуына көңіл бөлу;
– салым иелерiнiң санын өcipy мақсатында, депозиттiк операциялар түрлерiн
ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетiп, жеңiлдiктер жасауға
тиiс 16, 81б..
Жоғарыда айтылғандарды жинақты түрде көрсету үшін депозиттердің
сыныптамасын кесте түрінде көрсетуге болады (1-кесте), (Қосымша А).

Кесте 1
Салым түрлерiнiң жiктелуi

Жiктелу белгiлері Салым түрлерi
1 2
субъектiлер бойынша жеке тұлғалардың депозиттерi
заңды тұлғалардың депозиттерi

Кесте 1 жалғасы
1 2
мерзiмi бойынша (өтiмдiлiгi) талап етiлгенге дейiн
мерзімдi, соның iшiнде:
тiркелген мерзiммен;
өтеу үшiн белгiленген мерзiм;
депозиттiк келiсiмнiң тоқтатылуы
туралы хабар
мерзiмi бойынша қысқа мерзiмдi
ұзақ мерзiмдi
шотты алу түрі бойынша шоттағы салымдар: талап етiлгенге
дейiн, мерзiмдi, жинақ ақша.
депозитке ақша қаражатты тартуда жинақ кiтапшалы салымдар
қызмет көрсететін қаржылық құралдар депозиттiк пластикалық карталы
типi бойынша салымдар
белгiлi пайыздық ставканың түрлерi тұрақты, сатылы және өзгермелi
бойынша пайыздық ставкалы салымдар
салымғa тартылған қapaжaттардың cтaндapтты, ерекше немесе
шарты бойынша жеңiлдетiлген шарттармен
пайыздық ставканы немесе сомманы лимиттелiнген
шектеу мүмкiндiгi бойынша лимиттелiнбеген
сақтандырылу деңгейi бойынша сақтандырылған
сақтандырылмаған
қолдану режимi бойынша талап еткенге дейiн: мерзiмдi және
трансакциялық салымдар
қымбаттау дәрежесi бойынша тeгiн ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің дамуы
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Банктің активтік операциялары
Банктердің пассивті операцияларының мәні
Коммерциялық банктің табысы және шығысы
Банктік операциялардың мәліметтер қорын құруды теориялық негіздеу
Пассивті операциялар жайлы
Банктегі несие жүйесі
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Пәндер