Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері жайлы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І.тарау. Ақшаның мәні және қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1.Ақшаның пайда болуы және жаратылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2.Ақшаның экономикалық мәні, қызметтері және түрлері ... ... ... ... ... 7
1.3.Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы ... ... ... ... ...23

ІІ.тарау.Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.1.Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы ... ... ... ... ... ...20
2.2.Ақша жүйесінің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

ІІІ.тарау.Ақша табиғатының ерекшеліктері және теңгенің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.1.Қазақстан теңгесі туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Ақша – адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз немесе қолдағы ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген арманымыз бар. Ауызекі тілмен айтар болсақ «бай» болғымыз келеді.
Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мұмкін. Ақшасы жоқ адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді, мүмкіндіктерді, өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды. Адамның ойын, мақсатыніске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген өлшемі болмаса, ақшаны қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп ақшаның құлына айналады да, өз келбетін жоғалтады.
Бай мен кедей адамның көзге ұратындай айырмашылығы жоқ. Бай адамдарға Құдай берген бас, екі қолы мен аяқ біздің бәрімізде де бар. Бірақ олардың негізгі басымдылығы екі құлақтың ортасында орналасқан мида жатыр. Олар қаншалықты ұтылып, өмірден тепкі көріп жатса, да мойынсынбайды, өйткені олар өте рухты жандар. Қайтпас қайсарлық пен тәуекелге бейім болуы байларды көпшіліктен оқшауландыра түседі. Әрине бұл күнделікті күйбең өмірде тырбанып еңбек етіп, ақшасын айлықтан айлыққа әрең жеткізіп жүргендерге ұнай қоймайтыны бесенеден белгілі.

Біреулері бай болуды мақсат етіп іске кіріссе, енді біреулері тәуелсіздік ті мақсат тұтып ақшалы болуға тырысады.
Бұлардың барлығы қаражатты көбейтіп, пайда табуды көздейтіні анық, дегенмен түпкі мақсаттары әрқайсысында әртүрлі.

Айтпақшы, реті келгенде бай адам мен дәулетті адамның айырмашылығы жөнінде айта кеткен жөн. Дәулетті адам айналасындағы адамдарға шапағаты тиіп, көпшілікпен араласып, әрдайым беделі жоғары деңгейде болады. Олар ақщаның ғана қадірін біліп қана қоймай, адамдар арақатынасына аса көп көңіл бөледі. Байлар жомарт болады. Алу үшін беру керек, бермесең ештеңе де ала алмайсың. Эндрю Карнеги: «Қайырсыз байлық – қорлық өліммен тең», - деп өзінің қалған өмірін байлығын үлестіруге арнады...

Ал ендігі мәселе осынау байлықтың көзі болып табылатын ақша ұғымы жөнінде жалғастырайық.
1. Сейтқасымов Г.С., Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001.
2. Саниев М.С. Ақша, несие, банктер. Алматы, 2001.
3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004.
4. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, Алматы, 2000.
5. Әубәкіров Я., Нәрібаев Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы, 1998.
6. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. «Қазақ университеті». Алматы, 1999.
7. Ахмедьярова М.В., Амирова А.У. Экономикалық теория. (экономикалық мамандықтарға арналған тірек конспектілері). Қазақстан - Британ техникалық университеті баспасы. Алматы 2003.
8. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Алматы, 2004.
9. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н. Ақтөбе Мемлекеттік университеті, 2004.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
 Кіріспе

Ақша – адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақша – бәріміздің де сұранымдарымызды қанағаттандырудың ортақ символы іспеттес қоғамдағы әмбебап құрал. Сондықтан көпшілігіміздің бай болғымыз немесе қолдағы ақшамыз нені қажет етсек соған жететіндей болса деген арманымыз бар. Ауызекі тілмен айтар болсақ бай болғымыз келеді.
Егерде адам өзінің ақшаға деген көзқарасын белгілі бір ретке келтірмесе ақшаның қажеттілігі мүлде орасан зор болуы мұмкін. Ақшасы жоқ адамның қолы да қысқа болып өз бойындағы қасиеттерді, мүмкіндіктерді, өмірге деген құштарлықты мейлінше жетілдіре алмайды. Адамның ойын, мақсатыніске асыруға қыруар қаражаты болуы шарт. Ақша деген өлшемі болмаса, ақшаны қажетті мөлшермен алмаса, онда адам біртіндеп ақшаның құлына айналады да, өз келбетін жоғалтады.
Бай мен кедей адамның көзге ұратындай айырмашылығы жоқ. Бай адамдарға Құдай берген бас, екі қолы мен аяқ біздің бәрімізде де бар. Бірақ олардың негізгі басымдылығы екі құлақтың ортасында орналасқан мида жатыр. Олар қаншалықты ұтылып, өмірден тепкі көріп жатса, да мойынсынбайды, өйткені олар өте рухты жандар. Қайтпас қайсарлық пен тәуекелге бейім болуы байларды көпшіліктен оқшауландыра түседі. Әрине бұл күнделікті күйбең өмірде тырбанып еңбек етіп, ақшасын айлықтан айлыққа әрең жеткізіп жүргендерге ұнай қоймайтыны бесенеден белгілі.

Біреулері бай болуды мақсат етіп іске кіріссе, енді біреулері тәуелсіздік ті мақсат тұтып ақшалы болуға тырысады.
Бұлардың барлығы қаражатты көбейтіп, пайда табуды көздейтіні анық, дегенмен түпкі мақсаттары әрқайсысында әртүрлі.

Айтпақшы, реті келгенде бай адам мен дәулетті адамның айырмашылығы жөнінде айта кеткен жөн. Дәулетті адам айналасындағы адамдарға шапағаты тиіп, көпшілікпен араласып, әрдайым беделі жоғары деңгейде болады. Олар ақщаның ғана қадірін біліп қана қоймай, адамдар арақатынасына аса көп көңіл бөледі. Байлар жомарт болады. Алу үшін беру керек, бермесең ештеңе де ала алмайсың. Эндрю Карнеги: Қайырсыз байлық – қорлық өліммен тең, - деп өзінің қалған өмірін байлығын үлестіруге арнады...

Ал ендігі мәселе осынау байлықтың көзі болып табылатын ақша ұғымы жөнінде жалғастырайық.

Менің курстық жұмысымның басты мақсаты мен міндеті:

• Ақшаның эволюциясы мен оның мәні мен қызметі туралы талдау;
• Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы талдау;
•Ақша жүйесі және негізгі элементтерін талқылау;
• Қазақстан теңгесі туралы тусінік.

Ақша- жалпы бірдей эквивалент,ерекше тауар,онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым – қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады:
- Жалпыға тікелей айырбасталуы;
- Айырбас құнының дербес формасы;
- Еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Кез-келген зат ақша орнына қолданылғанда, олардың барлығының келесідей қасиеттері болуы керек:

Тұрақтылығы. Бүгін әлде ертең оның құны мүмкіндігінше бір деңгейде сақталуы керек.Егер ақша құны өзгермелі болса,онда оның құны өсер деп жинауға,әлде құны түсіп кетер деп бірден ұстауға ынталы болады.Бұл әрекеттердің екеуі де экономикаға кері әсерін тигізеді.

Ықшамдылығы. Қолданылатын ақшаларды адамдар өзімен алып жүргенге ықшамды болуы үшін олар кішкене және жеңәл болуы керек.

Ұзақмерзімділігі. Ақша жасалатын материал берік болуы керек.Осы себепті ақша үшін ең сапалы қағаздар қолданылады.

Біртектестігі. Бірдей құнды ақшалардың бағасы да бірдей болуы керек.

Бөлінімділігі. Ақшаның бұл қасиеті бартерге қарағандағы ең тиімді қасиеті,ақша бірнеше бөлікке бөліңуі керек. І-тарау. Ақшаның мәні және қызметтері

1.1.Ақшаның пайда болуы және жаратылысы

Ақшаның пайда болуын б.ғ.д. 7 ғасырға жатқызады. Бұл кездерде өмір сүрген тайпаларда белгілі бір затты тұтынуда артықшылық пайда болды. Ол затты олар басқа затқа алмастыра алды. Көбінесе тайпалар малды, бағалы тастар, металды үлкен ауқымды пайдаланды. Менің ойымша зат ақша ретінде белгілену үшін ол ең алдымен сатушылар мен сатып алушылар арасында қолдау табу керек.
Ақша қоғамның өзімен анықталады. Қоғамның айыбас ретінде қабылданатынның бәрі де ақша деп танылады.
Ақшаны пайда болу тарихының екі концепциясы бар: біріншісі – рационалистік, екіншісі – эволюциялық.
Рационалистік тұжырымдама бойынша ақша айырбасқа қатысатын адамдар арасындағы жалпыға ортақ бірліктің қажеттігіне байланысты келісім болғандығымен түсіндіреді. Аристотель өзінің Никомахтың этикасы атты жұмысында былай деп жазады: Айырбасқа қатысатын барлық заттың баламасы, не бағасы болуы тиіс... Айырбас жасау үшін белгілі шарттылыққа негізделген бірлік болуы қажет.
Эволюциялық тұжырымдамаға сай ақша тауарлар әлемінен бастау алып, ұзақ тауарлық айырбас барысында тауарлар әлемінің арасынан ақша роліне барынша лайықты болған тауарды жеке-дара бөлініп шығуынан басталады. Ақшаның пайда болуының эволюциялық тұжырымдамасын біршама толығырақ қарастырайық.
Қоғамдық дамудың алғашқы қауымдық құрылысы жағдайында бір қауым өз тұтынуынан ауысқан өзінің қандай да болсын еңбек өнімін анда-санда кездейсоқ кездескенде бюасқа бір қауымның өніміне айырбастайды. Сонда, адам еңбегінің нәтижесі - өнім (зат). Ал оны өндірушілердің белгілі бір қоғамдық қатынастарын дәлелдейтін түрі – тауар. Тауар дегеніміз сату-сатып алу жолымен айырбасқа түскен еңбек өнімі, немесе тауар – еңбек өнімінің айырбасқа арналған формасы. Тауар ең алдымен өндірушінің басқа өнімдерге айырбастау мақсатымен жасалған еңбек өнімі түрінде айырбас кезінде, яки нарықта көрінеді. Егер өнім өндіршінің өзінің тұтынуы үшін жұмсалса, ондай еңбек өнімі тауар сипатын алмайды. Мәселен, етікші өзі тіккен етікті пайдаланса, онда ол тауар емес, тұтыну заты.
Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер нақты еңбектің нәтижесі – тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса, қоғам оны мойындамағаны, онда оны жасауға жұмсалған уақыт босқа кеткен уақыт болғаны да, зат тауар түрінде ие бола амағаны, себебі ол қоғамға керексіз зат. Тауардың басқа адамдардың қажетін қанағаттандыратын қасиеті тауардың тұтыну құны болады, яғни тауардың қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тұтыну құны тауардың өндірушінің өз қажетын емес, басқа өндірушінің тауарына айырбастау арқылы басқа адамдардың қажетін өтейді. Тауардың басқа тауарға айырбасталу қасиетін оның айырбас құны деп атайды. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ғана ілесе жүретін бағалық көрсеткіш айқын көрсетеді. Сонымен тауардың тұтыну құны басқа адамдардың қажетін қанағаттандыру қасиетінен шығады да, ал басқа тауарларға айырбасталу қасиетінен айырбас құны шығады.Әрбір тауар өзініңөндірушісіне айырбас құны ретінде тұтыну құнын алатын құрал болады. Айырбас құны, яғни тұтыну құндары айырбасталуының пропорциясы, ло-құнның айырбас актісіндегі сыртқы көрінісі.

1-сұлба. Ақшаның пайда болуы туралы концепциялар

Айта кететін жәйт, кез келген пайдалы зат құн бола алмайды. Себебі адам еңбегі жұмсалмаған заттардың құны жоқ. Мысалы, өңделмеген тың жер, өзендер мен теңіздер, жабайы жемістер, т.б. Сонда құн деген не? Құн дегеніміз – тауар өндіргенде жұсалатын еңбек жиынтығы Қоғам дамының негізі – еңбек. Сондықтан, тауарға сіңген қоғамдық еңбек тауардың құны болады. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан еңбек шығындары өдігінен өнімді құн ете алмайды. Құнды көруге, сезінуге бола ма? Өнімнің құны болуы үшін белгілі- бір қоғамдық жағдай болуы қажет – ол тауар өндірісі, яғни өндірістік қатынастар, оның ішінде айырбас қатынастары болуы шарт. Ол тек тауар өндірушілердің ғана қатынастары. Айырбас кезінде олардың белгілі бір тауарды басқа тауарларға теңестірулері кезінде, яғни айырбас құны арқылы көрінеді. Тауарлардың құнын зертханада физикалық, ия болмаса сипатта –талдау жасап байқауға болмайды. Оны тек қоғамдық сипатта- нарыққа, айырбас кезінде байқауға болады. Сөйтіп құн деген заттың қоғамдық қасиеті.
Құн – тарихи категория. Құнның негізі – адам еңбегі. Құн еңбектің нәтижесі, еңбек жемісі. Құн деген адамзат тарихында
Көптен бар. Ал оның теориясының негізін қалаушылар ХVІІ ғасырдағы ағылшын экономисі У.Петти, ХІХ ғасырда өмір сүрген шотландық А.Смит, ХІХ ғасырдағы ағылшын бизнесмені Д.Рикардо болды. Ал құнның еңбек теориясына басты улесті ХІХ ғ. К.Маркс қосты. Ол тауарға жұмсалатын еңбектің екі жақты сипатын, яғни белгілі бір тұтыну құнын жасайтын нақты еңбекті ашып, оны жан-жақты талдады. Тауардың екі жағының – тұтыну құны мен құнының – қайшылықтары болғанымен, ол ажырағысыз бірлік түрінде көрінеді.
Тауар ішкі қайшылықтары қандай жағдайда шешіледі деген сұраққа жауап іздестірейік. Қоғамдық еңбек, яғни басқалар үшін еңбек ету қоғам дамуының барлық сатыларында болады. Алғашқы қауымда да, патриархаттық отбасында да адамдар өз күш-қуатын жұмсай отырып, өз отбасына қажетті өнім шығарып, бір-біріне еңбек етті. Алайда, мұнда құн пайда болған жоқ. Себебі тауар пайда болған жоқ, яғни еңбек өнімдері айырбасқа түскен жоқ. Тауар болу үшін өнімнің басқа бір өнімге айырбасталу қасиеті ол өнімді сату-сатып алу кезінде, яғни нарықта оны тұқтыну құны және құн етеді. Өйткені, егер өнім (зат) сатылса, оның тұтыну құны басқаның қажетін өтеуге керек болғаны. Бұл біріншіден. Екіншіден, оның құнының бар екені дәлелденгені. Міне дәл сатып алу-сату жағдайында (нарықта) ауардың ішкі ұарама-қайшылықтары шешіледі.
Осылайша, мынадай қасиеттері бар тауар бөлініп шықты:
1) Ұзақ сақталатындығы.
Ақша ретінде сақталғыштығы төмен затты алу мүлде тиімсіз екенімен келісчетін шығарсыз, себебі біршама уақыттан соң ол бұзылып өзіның ролін атқара алмайтын болса оның қажеті шамалы емес пе?
2) Жинақтылығы (яғни, көлемі кішкентай болғанымен құнының жоғары болуы).
3) Экономикалық бөлінгіштігі.
Кез-келген пропорцияда бөліне алмаса ол онда ақша ролін атқара алмайды.
4) Табиғатта аз кездесетіндігі.
Адамзат қоғамының даму сатыларына айырбас қатынастары да дамып, одан әрі жетіліп, нарықта тауарлар тек натуралды зат ретінде ғана бір-біріне айырбасталып қоймай, бүкіл тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар, яғни тауар-ақша пайда болды. К.Маркстың сөзімен айтқанда: Айырбас құны, тауарлардан бөлініп және сол тауарлармен қатар дербес тауар ретінде жүретін тауар, ол – ақша. Әрбір жеке тауар тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны белгісіз, ол тек тауарды ақшаға теңгергенде ғана анықталады. Тауар мен ақша айырбас процесінде бірін-бірі алмастыра және біріне-бірі теңгеріледі.

2-сұлба. Ақша қасиеттері
Ақша деген тауардың жалпы эквиваленттілігінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасымен тұтыну құны біте қайнасқөан ерекше тауар. Немесе ақша деген тауар өндіру мен оны айырбастау процесінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі –барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) ролін атқару.

1.2. Ақшаның экономикалық мәні, қызметтері және түрлері

Жоғарыда айтылғандай, бір тауарды екінші тауарға айырбастау мүмкін болмаған кезде, оның иесі өз тауарын басқа бір, көбірек тараған, құндырырақ тауарға айырбастады, сонан соң, сол тауарды өзіне керек тауарға айырбастайтын болады.
Осылайша бір тауардың құнын екінші бір тауардың құнымен баламалап анықтайтын құнның жалпыға бірдей нысаны пайда болады. Алғашқы кезде жалпы құнның баламасының міндетін әртүрлі тауарлар орындады. Бара-бара, ол міндетті орындау үшін көбірек пайдаланатын бірақ тауар іріктеліп алынады.
Бұл жөнінде К.Маркс былай деген: Натуралдық нысаны балама нысанымен қоғам бойынша, тұтасып кеткен ерекше тауар, ақшалай тауар болып табылады, яғни ол ақша болып жұмыс істейді. Осыған байланысты ақшаның мәнін былай деп келтіруге болады. Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны. Ақша – жалғыз жалпы балама болып табылатын ерекше тауар . Алтын құнның барлығы таныған көрінісі болып орныққандықтан, ол өзіндік эталон – барлық тауарлар құнының өлшеуіші болып жүре бастады.
Ақша – тауардың ерекше қасиеті, оның кез келген басқа тауарладың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей балама болы жұмыс істейтіндігі, яғни алмастырудың жалпыға бірдей құралы екендігі. Ақшаның тағыф бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші болып табылады. Мысалы, құнды товарды салса, оның ақшалай көлемі күн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сақтау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да (Нарық жағдайда да) ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:
1) Ақша құнды өлшеуші ретінде
2) Ақша, айналым құралы ретінде
3) Ақша төлем құралы ретінде
4) Ақша қолдану құралы ретінде
5) Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде
Айта кететін нәрсе, көрсетілген атқарымдарды тек ақша ғана орындай алады.
Ақша құн өлшемі ретінде. Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы, қоғамдық қажетті шығынмен тең. Олай болса, тауар өндіру, болмаса басқаша қызмет көрсету үшін алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін солардың көмегімен керекті өнім шығарылады, болмаса, қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың (көрсетілген қызметтің) өзіндік құны екі элементтен тұрады. Біріншісі, жоғарыда айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының қүны. Өйткені, ол түгелімен жаңадан шығарылған өнімнің (көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбек күшінің құны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік құнына қосылатын еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының құны да, тірі еңбек күшінің құны да әрбір тауар өндірушілерге бірдей болмайды. Өйткені, барлық тауар өндірушілердің техникамен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әртүрлі болады. Алайда, кез келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады.
Осыдан біз ақшаның құн құралы ретінде атқарымын көреміз.
Ақша айналым құралы ретінде. Барлық тауарлар, қай жерде шығарылғанына қарамастан, қандай меншіктің шығарғанына қарамастан, керекті уақытында сатылуы керек. Яғни, құнның тауарлық нысаны ақшалық нысанға ауысуы тиісті. Сонымен қатар, әрбір тауар өндіруші, сатылған тауардан түскен ақшаға жаңадан құрал саймандар мен еңбек бұйымдарын сатып алады, еңбек ақы төлейді, және басқа да шаруашылықтың қажеттерін қанағаттандырады. Сөйтіп, өндіру мен өткізу процесін үздіксіз жалғастырады (ұдайы өндіріс).
Сонымен, ақшаның майналым құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның тауарға, тауардың ақшаға айналуының толассыз тізбегі болып табылады. Осылайша ақша үздіксіз айналымда жүреді.
Бұл атқарымның өзіне тән бір ерекшелігі, ақша мен тауардың біріне-бірінің қарсы қозғалатындығында: ақша сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып алушы қарай қозғалады.
Айта кететін бір жайт, осы айналымның құралы ретінде жұмыс істеу, тек ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа мемлекеттің ақшасы болуға тиіс емес. Өйткені, олай болған күнде айналымдағы ақшаның саны көбейіп, сапасы азайып, құнсыздандыруына апарып соғады. Басқаша айтқанда, айналымда жүрген ақшаның саны (ақшаның көбеюі) осы атқарымның дұрыс орындалуымен тығыз байланысты. Егер, ақша айналымы тезірек жүрсе, айналымға керек ақшаның саны азаяды. Керісінше, айналымның қозғалысы баяулап кетсе, айналымда көбірек ақша жүруі керек.
Ақша төлем құралы ретінде. Бұл атқарымға тауардың қозғалысы мен ақшаның қозғалысындағы айырмашылық тән. Өйткені, тауар, оны сатып алушының қарауына, ақшаның, сатушының қарауына түсуіне қарағанда, әлдеқалай көп түседі. Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім бойынша тауардың құны алдын ала төленетін болса, ақша сатушыға ертерек түседі. Сөйтіп, келтірілген екі нұсқада да тауар мен ақшаның қозғалысы екі бөлек.
Тарих тұрғысынан қарағанда, ақша төлем құралы ретінде атқарымда тауарды несиеге берумен байланысты пайда болған.
Бұл жөнінде К.Маркс былай деп жазған: Бір тауардың иесі өзінің қолда бар тьауарын сатады, ал басқа біреу оны сатып алады, тек ақшаның өкілі ретінде, тіпті болашақ ақшаның өкілі ретінде.Сатушы несие беруші болады да, сатып алушы қарыздар болып қалады.
Ақшаның бұл атқарымы, несие беріп және оны қайтарғанда, қаржы органдарымен ақшалай қарым-қатынаста (салық бөлімдері), халыққа қызмет ететін кәсіпорындар мен көрсетілген қызмет үшін есеп ажырасқанда, жеке тұлғаларға еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы, стипендия және басқа да ақшалай төлемдерді өтегенде байқалады. Көбінесе жоғарыда айтылған төлемдер қолма-қол ақшасыз, яғни бір шоттан екінші шотқа аудару арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақша тек, есеп ажыратушылардың бір жағы (біреуі) жеке тұлға болғанда ғана қолданылады.
Ақшаның осы атқарымда, қолма-қол ақшасыз есептелетін жеке тұлғалардың үлесі қаншалықты төмен болса, қолма-қол ақшамен есептесетін заңды тұлғалардың үлесі соншалықты төмен (егер есеп ажыратудың барлық ережелері бұзылмаған болса).
Ақшаның төлем құралы ретінде атқарымының жоғарыда айтылған айналыс құралы ретінде атқарымынан айырмасы, бұл атқарымды, ұлттық ақшамен қатар, басқа елдердің ақшалары да орындай алады (сақтық кассаларға ақша салып, оны қайтып алғанда, экспорттық және импорттық мәмілелер жүргізгенде, басқа елдермен және олардың азаматтарымен басқа да төлемдер жүргізгенде).
Ақша қорлану құралы ретінде. Бұл атқарымды, айланыс құралы, болмаса төлем құралы ретінде айналыста жүрген ақшалар емес, айналысқа қатынаспай жүрген ақшалар ғана орындайды.
Оның ішінде халықтың қолында жүрген ақша, банкілердегі есеп шоттарда қалған жеке және заңды тұлғалардың ақшасы кіреді.
Ақшаның қорлану құралы ретінде атқарымын орындайтын артық ақша (бос ақша) табыстық шығыннан көбірек болған күнде ғана пайда болады. Ол ақшалар алдағы кезде орын алатын (күтулі) көлемді шығындардың қоры ретінде сақталады. Сонымен ақшаның бұл атқарымы, несиелік қарым-қатынастың пайда болуына, оның әрі қарай дами түсуіне әсер ететін алдыңғы жағдай туғызады.
Осының арқасында шаруашылықтардың, жеке тұлғалардың уақытша артық (бос) ақшасы, басқа шаруашылықтарға, жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беріледі (қарызға беріледі). Сөйтіп ақшаның бостан-босқа пайдасыз жатуына, сонымен бірге оның инфляцияның әсерінен қүнсызданып кетуіне жол берілмейді. Тек мынандай жағдайларға сүйену керек:
1 несиеге берілген ақша кедергісіз іске пайдаланылатын;
2 несиенің уақытында қайтарылуына күмән жоқ;
3 несиеге берген ақшадан жоғарғы деңгейде пайда түседі.
Дүниежүзілік ақша атқарымы. 1976 жылы, ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз, қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келген. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына қызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғаларымен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзының дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез кеоген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталатын ақшаға (доллар, марка, иена сиқты) ауыстырады да, содан соң оны өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды, тек тежеулі көлемде.

Ақшаның түрлері.

Ақша, пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның (ақшаның), маңызын әртүрлі тауарлар атқарған (оның ішіне мал да кіреді). Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтын тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарынан өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді. Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталарпайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.
Ең бірінші металл ақша, біздің заманымыздан бұрынғы, үшінші ғасырда Римде басылған, ал біздің заманымыздан бұрынғы 7-8 ғасырларда, Мидия мемлекетінде және Ежелгі Грецияда басылған. Басқа, Европа елдерінде және Ресейде өз металл ақшасын басу, ІХ-Х ғасырларда басталған. Сөйтіп, металдан жасалған ақша өте ұзақ өмір сүрген. Мысалы, Ресейде, 5-10 сомдық алтын ақша, бірінші империалистік соғыс басталғанға дейін қолданылған.
Алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар. Сондықтан ол ешуақытта, тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алады. Егер айналыстағы алтын ақша, керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ.
Дегенмен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар қиындықтары бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсетіні белгілі. Екіншіден, айырбастау операциясының өсуі, айналыстағы ақшаның көбеюін керек етеді, ал ол үшін алтын шығаруды көбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны, арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, өзінің жеке құны жоқ, қағаз ақша белгісі пайда болды.
Қағаз ақша. Ең бірінші қағаз ақша ХІ-ғасырда Қытайда шықты. Содан кейін VІІ-ғасырдың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVІІІ-ғасырдың аяғында, ХІХ-ғасырдың басында Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы ассигнация деп аталатын қағаз ақша шығарылды.
Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды және оны үкімет тек мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған байланысты қағаз ақша мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін, ал бұл өз кезегінде, инфляциялық жағжайға (ахуалға) әкелетіні анық. Бұл қағаз ақшаның өзіне тән ерекшелігі.
Несиелік ақша (банк билеттері). Несиелік ақшаны айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцияларды жүзеге асыратын кез келген банктің қолында. (Орталық болмаса Ұлттық банкіден басқа). Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса вакселъдерді есепке алғанда , не қайта есептегенде, банктер қарыз алушыларға өзының банкнотын береді (банк билеттерін). Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджеттің тапшылығымен байланысты. Тек, тауарн өндірумен, оны өткізудің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғандағы үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі несиенің материалдық құндылықтар мен шаруашылық шығындардың нақты қозғалысына қарай беріліп және қайтарылып отыратыны. Өйткені мұндай құндылықтар мен шаруашылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақша айналысына ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, айналымда жүрген ақшаның санын азайтуға , сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді. Тек, мұндай, қолма-қол ақша беру мен несие берудің, сонымен қатар, қолма-қол ақшаның банкке түсуімен несиенің қайтарылуының байланыстары әрбір операциядан байқалмайды. Оны тек барлық иоперацияларды біртұтас, жиынтық ретінде қарағанда ғана байқаймыз. Егер, несие жоғарыда айтылған байланыссыз, шаруашылықтардың нақты керегінен артық берілсе, бүкіл халық шаруашылығы бойынша несие көбейіп кетеді де, инфляциялық жағдай туып, оның ұлғая түсуіне апарып соғады.
Қолма-қол ақшаны несиелік айналым құрамымен ауыстыру, несиенің басты атқарымының бірі.
Қолма-қол ақшасыз айналымдағы ақша. Қолма-қол ақшасыз айналым дегеніміз, қолма-қол ақшаның орнына несие операцияларын пайдалану. Яғни, ақшаны бір есеп шоттан екінші есеп шотқа аудару болып табылады. Ол үшін әртүрлі төлем құжаттары мен құнды қағаздар пайдаланылады. Сөйтіп, бұл айналым, несиелік ақшаның пайда болуын қажет етеді.
Бірақ қолма-қол ақшасыз айналымның, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудан айырмашылығы бар. Олар:
- Кейбір құнды қағаздар арқылы жүргізілетін қолма-қол ақшасыз айналым, банктің қатысуынсыз жүзеге асырылады. Мысалы, вексельдер және басқа да, кейбір төлем құжаттары тиісті жазу (индоссамент) мен ақша алушыға жіберіледі. Бірақ, ақша аударылмайды. Сондықтан мұндай операциялар қолма-қол ақшасыз айналымға жатады.
- Кейбір ақша алушылармен есептескенде төлеушінің банктегі шотта жатқан ақшасы, жалпыға бірдей төлем құралы ретінде шот иесінің рұқсатынсыз пайдаланылады;
- Егер, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысушылар, алдағы уақытта ешқандай міндеттеме алмайтын болса, вексель арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол ақшасыз айналымға қатынасатын вексель беруші, алдағы кезде сол вексельде көрсетілген төлемді уақытында төлеуге міндеттеме алады.
Өз ретінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қолма-қол ақшаның айналымынан төмендегідей өзгешелігі бар:
- Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда 3 жақ қатысады: сатушы; сатып алушы және олардың есеп шоттарына тиісті жазу жасайтын банк;
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысушылар банкпен несиелік байланыста болады. Оған дәлел, есеп айырысуға қатынасушылардың бәрінің де банкіде есепшоттары бар және сол есеп шоттарда азды-көпті ақшасы бар. Міне, сол ақшалар банктердің шот иелерінің алдындағы міндеттемесі болып табылады. Әрбір есеп айырысу операциясынан кейін банктің міндеттемесі не көбейеді, не азаяды. Осының өзі, есеп айырысуға қатысатын тұлғалардың банкпен несиелік байланыста екенін дәлелдейді.
Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен қолма-қол ақшамен есеп айырысудың біртұтастығы және өзара байланыстылығы байқалады. Мысалы, есеп айырысудың екі нысанында да бір ғана ақша қатысады (доллар, рубль, теңге т.т.). Оның үстіне есеп айырысудың бір нысанындағы ақша екінші нысанына оп-оңай ауысады. Егер, есеп шот иесі касса чегімен өз шотынан ақша алса, бұл ақшаның есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанынаң қолма-қол ақшалы нысанына ауысқаны. Егер де, ол өзінің есеп шотына қолма-қол ақша әкеліп салса, көрініс керісінше болады. Есеп айырысудың екі нысанының бір тұтастығының тағы да бір дәлелі, екеуінің да несие негізінде пайда болуы.
Айналымдағы ақша жиыны және ақша базасы. Осы екі ұғымның екеуі де қазіргі нарықтық жағдайда, бұрынғы шаруашылық жүргізудің социалистік әдісіндегіден басқа мәнге ие болды және оларды есептеу әдісі де өзгерді. Бұрын айналымға керекті ақшаның саны, К.Маркстің заңына сәйкес, анықталатын.
Бұл заң нарық кезінде үйлеспейді деген пікірмен соңғы жылдары іс жүзінде қолданылмай жүр. Сөйте тұра, нарық кезіне лайықты заңды ешкім ойлап тапқан жоқ. Шынында, мұндай заң шығару қиынға түседі. Өйткені, көп жағдайда есеп айырысу қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Сондықтан бұл екі нысанның шегі жоғалып кетті. Есеп ажыратушылар өз келісімімен керек деген нысанды таңдай алды.
Бұлай болудың басты себебі нарық жағдайында қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз айналым бір тұтас айналым болды. Осыған байланысты айналымдағы ақша жиыны осы бір тұтас айналымның көлемі болып табылады.
Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 2000 жылы 45,9 пайызға өсіп, 2001 жылдың басында 399,5 млрд. теңгеге жетті. Қазіргі жағдайда айналымдағы ақша жиынын сипаттау үшін әртүрлі агрегаттар қолданылады.
Ақша агрегаттары
Елдегі айналымда жүрген ақша жиынының бөлігін құрайтын ақша құралдарының бөлек түрлері өздеріне тән өтімділік деңгейіне сәйкес ақша агрегаттарына бірігеді немесе оларды ақша кешендері деп те атайды. Әртүрлі елдерде бұл ақша агрегаттарының саны әртүрлі. Мысалы, АҚШта, Жапонияда, Италияда 4 агрегат қолданылса, ФРГ-да 3, Францияда тіпті 10 ақша агрегаты бар.
Типтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика туралы
Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі
Ақша жүйесі жайлы ақпарат
Салықтың мәнi, функциясы туралы
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметі
Пәндер