Түркістан өлкесіндегі кеңес билігіне қарсы қарулы қозғалыс (1918-1924 жылдар)


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

“ЖАЛПЫ ТАРИХ” КАФЕДРАСЫ

ӘОЖ 94(574) . 02/. 08 Қолжазба құқығында

Жұмашев Талғат Мерекеханұлы

ТҮРКІСТАН өЛКЕСІНДЕГІ кЕҢЕС билігіне қарсы

қарулы қозғалыс (1918-1924 жылдар)

6NО114 - тарих

магистрлік диссертация

Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымдарының

кандидаты, доцент О. М. Қоңыратбаев

Көлемі - 90 бет

қАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Алматы, 2008

Мазмұны:

Кіріспе . . .: Кіріспе . . .
3-22: 3-22
Кіріспе . . .: 1тарау. Түркістандағы бүкілхалықтық қозғалыстың идеялық-саяси тамырлары және мәні . . .
3-22: 23-39
Кіріспе . . .: 1. 1
3-22: XX ғасырдың басындағы Түркістан қоғамындағы реформизм және азаттық идеялары . . .
23-30
Кіріспе . . .: 1. 2
3-22: Түркістан өлкесіндегі кеңес билігіне қарсы қарулы қозғалыс-тың мәні мен тамырлары . . .
31-39
Кіріспе . . .: 2 тарау. Түркістан өлкесіндегі қарулы қозғалыстың негізгі даму кезеңдері . . .
3-22: 40-71
Кіріспе . . .: 2. 1
3-22: Түркістанда кеңес режиміне қарсы қарулы қозғалыстың баста-луы және дамуы (1918-1920 жылдар) . . .
40-58
Кіріспе . . .: 2. 2
3-22: Түркістан өлкесіндегі 1921 - 1924 жылдардағы қарулы қозғалыс . . .
59-71
Кіріспе . . .:

Қорытынды . . .

Пайдаланылған деректер мен әдебиеттер көрсеткіші . . .

3-22:

72-76

77-90

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен маңыздылығы. Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болған 1991 жылдан бері отанымыздың өткен тарихына сын көзбен қарау, оны тереңдете зерттеу, ұлт тарихының жалпы заңдылықтарын және өзіне тән ерекшелік белгілері бар құбылыстарды анықтау аса маңызды да өзекті болып отыр.

1918-1924 жылдар аралығында қазіргі Қазақстанның бүкіл оңтүстік өңірлері Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрамына кірген болатын. Қазір кейбір зерттеушілер сол тұстағы «Қазақстан» деген саяси-географиялық ұғымға тек Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының ғана аумағын кіргізіп шатасып жүр. Осылайша, қазақ жерлерінің тең жартысы кірген Түркістан аумағын Отан тарихынан тыс қалдырғысы келеді. Бұл теріс және мүлдем қате түсінік. Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының тарихы да толығымен Отан тарихы аясында қарастырылуы тиіс. Сондықтан да біз үшін Түркістан тарихын зерттеу аса маңызды және өзекті мәселе болып қала береді.

Диссертацияның мақсаты мен міндеттері. Түркістан өлкесінде 1918-1924 жылдар аралығында кеңес билігі мен қызыл әскерге қарсы бағытталған қарулы қозғалысты кешенді және салыстырмалы түрде зерттеу - біздің магистрлік диссертациямыздың басты мақсаты болып табылады. Осы негізгі мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер белгіленді:

  • Түркістан өлкесінде кеңес билігіне қарсы қарулы қозғалыс тарихының дерекнамасы мен тарихнамасының мәселелерін талдау; Түркістандағы жалпы халықтық қозғалыстың идеялық-саяси түп-тамыр-ларын ашып көрсету; XX ғасырдың басында Түркістан қоғамында реформизм және азаттық идеяларының таралуы мен қарулы қозғалысқа бұл идеялардың тигізген ықпалын анықтау; Түркістан өлкесінде кеңес билігіне қарсы қарулы қозғалыстың мәні мен табиғатын ашып беру; Қозғалыстың эволюциясын: оның пайда болуын, басталуын, шарықтау шегін, құлдырауы мен жеңіліске ұшырауын, кеңестерге қарсы күрестің басты бағыттарын зерттеу; оның кезеңдерін бөліп қарастыру; Кеңес билігі мен қызыл армияға қарсы қарулы күрестегі негізгі әрекет етуші күштердің әлеуметтік топтарын және ұлттық-этникалық құрамын сараптап талдау; қозғалыстың жалпы қатысушылардың санын анықтау; қарулы қозғалыстың идеялық жетекшілері мен дем берушілерін көрсету; қозғалыстың ұйымдасу және саяси формалары: құрбасшылардың құрыл-тайлары, құрбасшылардың әскери ұйымдасуы мен әскердегі басқару жүйесі, Мадаминбек және Шермұхаммедбек басқаруында құрылған өкіметтердің қызметі мен маңызын зерттеу; Кеңестік Ресей мен Түркістандағы большевиктер өкіметінің, қызыл армияның (Түркістан майданының) қарулы қарсылық қозғалысына қатысты қолданған басқыншылық саясатының мәнін ашып беру. Түріккомиссия, Түрікбюро, Орта Азия бюросы сынды Орталықтан жіберілген, шексіз өкілеттілікке ие болған түрлі комиссиялар мен бюролар қызметтерінің отаршылдық белгілерін анықтау; Өлкедегі қарулы қозғалыстың жалпы халықтық белгілерін анықтау; Қозғалыс жетекшілері арасында орын алған негізгі қайшылықтар мен келіспеушіліктердің себептерін ашып беру; Қарулы күрестің жеңіліске ұшырау себептерін талдау.

Зерттеу тақырыбының хронологиялық шегі . Диссертациялық жұмыс-та Түркістан өлкесіндегі қарулы қозғалыс тарихын зерттеу барысында оның хронологиялық шегі ретінде қозғалыстың бірінші дәуірі - 1918-1924 жылдар аралығы белгіленді. Осы дәуірде қарулы күрес өлкеде өзінің шырқау шегіне жетіп, кеңес билігі мен қызыл әскерге қарсы бағытталған ұлттық қарсылық қозғалысы қысқа уақыт ішінде ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін көтеріледі. Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыс 1924 жылдың аяғында Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу жүргізілгеннен кейін айтарлықтай сая-бырсып, ауқымы қысқарып, қарқыны басылған болатын. Сондықтан да қоз-ғалыс тарихында 1918-1924 жылдар жеке және дара бір кезеңді құрайды.

Диссертациялық жұмыстың тарихи-географиялық шекаралары. Зерттеудің территориялық ауқымына Түркістан республикасының Ферғана, Самарқанд облыстары, ішінара Сырдария, Закаспий, Әмудария облыстары, сондай-ақ көршілес Бұқара мен Хорезм республикаларының Түркістанмен шекараларлас аудандары кіреді.

Диссертацияның әдістемелік негіздері. Диссертацияны жазу барысында ғылыми-тарихи зерттеулердің негізгі әдістері болып табылатын объек-тивтілік және тарихилық, сондай-ақ, жалпы ғылыми және арнайы тарихи зерттеу әдістер қолданылды. Жалпы ғылыми әдістермен (талдау, логикалық және классификациялық) қатар, зерттеу жұмысында тарихи танымның ар-найы әдістері (хронологиялық, салыстырмалы-тарихи, синхрондық, структу-ралық және т. б. ) де кеңінен пайдаланылды. Хронологиялық әдіс диссертация-да белсенді түрде қолданылып, ол барлық тарихи оқиғаларды хронологиялық тәртіпте келтіруге, жан-жақты суреттеуге мүмкіндік беріп, Түркістан өлкесінде орын алған саяси-экономикалық, әлеуметтік, діни-рухани процестердің негізгі мәнін ашуға, олардың терең тамырларын көрсетіп беруде өз септігін тигізді. Синхрондық әдіс бір уақытта Орталықта да (Мәскеу мен Ташкентте), Түркістан өлкесінің түрлі жерлерінде де орын алған әр түрлі оқиғалар және процестердің толыққанды суреттемесін қалпына келтіру ісінде өз көмегін тигізсе, әскери, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани және діни ағымдар мен бағыттарды терең зерттеу қажеттілігі структуралық әдісті қолдануға алып келіп, бұл әдіс мәселенің құрамдас бөліктерін біріктіріп, осы уақытта орын алған процестер мен оқиғалардың қыр-сырын ашуға өз үлесін қосты. Көптеген ғылымдар үшін тән болып келетін статистикалық әдіс те зерттеу жұмысын жазу барысында қолданып, статистикалық мәліметтер, сандар мен әр түрлі дәлел-дәйектер көмегімен зерттеу жүргізілген мәселенің әскери, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси сипаттамасын толық зерттеп шығуға мүмкіндік берді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы оның объектісін, мақсаттары мен мін-деттерін тандаумен, жаңарған деректік және тарихнамалық негіздерімен, зерттеудің нәтижесінде қол жеткізген тұжырымдармен түсіндіріледі.

Диссертациялық жұмыста отандық тарих ғылымында алғаш рет 1918-1924 жылдарда Түркістан өлкесіндегі кеңес билігіне қарсы орын алған қару-лы қозғалыстың тарихын жан-жақты әрі кешенді түрде зерттеудің нәтиже-сінде оның толықтай тарихын қалпына келтіруге әрекет жасалынды. Бұл тарихты қалпына келтіру негізінде деректік базаның ақпараттық әлеуетін жалпыландыру мен жүйелеу, оған сараптамалық талдау жасау, отандық және шетелдік ғылыми-тарихи ойдың тарихнамалық мұрасын қайта зерттеу, тақырыптың бұрын түрліше объективті және субъективті себеп-тердің салдарынан ашылмай келген қырларын зерттеп, оған тарихи баға беру, сондай тақырыптың түрлі мәселелерін қайта қарастыру жатыр.

Отандық тарих ғылымында тұңғыш рет Түркістан республикасындағы азаттық жолында күрескен халықтардың аймақтық қарулы қозғалыстары кешенді түрде зерттелінді. Аймақтық деңгейлерде осы қозғалыстардың себептері мен эволюциясы, қозғалыстың әрекет етуші күштерінің этникалық және әлеуметтік құрамы, ұйымдасу, саяси-әскери формалары, қолбасшылары мен идеологтары, қарулы қозғалыстың аймақтардағы саяси процестерге жасаған ықпалы, жеңілу себептері қарастырылды. Аймақтық қозғалыстардың жоғарыда аталған аспектілерін қарастыру негізінде диссертацияда қарулы қозғалыстардың ортақ белгілері мен ерекшеліктері туралы бірқатар жаңа тұжырымдар өз көрінісін тапты.

Зерттеу тақырыбының деректік базасы. Диссертациялық жұмысты жазу барысында бұрын жарыққа шыққан түрлі құжаттардың жинақтары кеңінен пайдаланылды. Оларды шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады. Біріншісі, кеңес өкіметінің жарияланған ресми құжаттары болса [1], екіншісі - белгілі бір тақырыпқа арналған құжаттар мен материалдардың жинақтары [2] . Бұл жинақтардың біраз бөлігі осы 1918-1924 жылдар аралығында жарыққа шыққан болатын.

Бірінші топтағы жинақтар арасында Бакуде 1920 жылы 1-8 қыркүйекте болып өткен Шығыс халықтарының I-ші құрылтайы және Мәскеуде 1923 жылы 9-12 маусымда болған РКП(б) ОК-нің ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің IV-ші кеңесінің стенографиялық есептері маңызды орын алады. Аталған жиындарда Түркістан мен онымен көршілес Бұқара, Хорезм республикаларының жетекшілері, ұлттық зиялы қауымның өкілдері қатысып, кеңес билігінің отаршылдық саясатының түрлі жақтарына баға беріп, қарулы қозғалыс қатысушыларына жанашырлық білдірген.

Екінші топтағы деректер арасында Түркістан өлкесі Мұсылмандар бюро-сының материалдары жинақталған және Ресейдің қызыл әскер бас штабы-ның Арнайы органдар қызметкерлерімен жарыққа шығарған кітаптар өз маз-мұны мен құжаттық базасымен ерекшеленеді. «Ферғанадағы басмашылық . . . » атты кітапта Ферғана құрбасшыларының әскери қызметі мен жеке өмірлері, олардың күрес жүргізудегі стратегиялары мен тактикалары туралы құнды мәліметтер бар. Сондай-ақ, Түркістан майданының штабы шығарған «Басма-шылықка қарсы күрес» атты арнайы ережеде қызыл әскерге «басмашылар-ды» қалайша талқандау керектігі жайлы КСРО Қарулы күштерінің Бас қол-басшысы С. С. Каменевтың арнайы тапсырмасымен жазылған 123 бабтан тұратын нұсқаулар келтірілген. Өкінішке орай, бұл кітаптар осы кезге дейін отандық және шетел тарихшыларының ғылыми сараптау аясына алынбай, назардан тыс қалып отырды.

Сонымен қоса, 1985-1987 жылдары Оксфордта орыс тілінде жарыққа шыққан Түркістан тарихына қатысты жекелеген еңбектерде [3], 1997 жылы Стамбулда жарыққа шыққан «Жас Түркістан» (І-ші том) жинағында [4], 1998 жылы Уфада башқұр және орыс тілдерінде басылған Ахмад Заки Валидидің хаттары, сондай-ақ 1999 жылы Мәскеуде басылған Валиди мен Мұстафа Шоқайдың хаттарында [5], Ташкентте жарыққа шыққан «Ұлттық баспасөз беттерінде» библиографиясында [6], татар халқының көрнекті қайраткері - Мирсаид Сұлтан-Ғалиевтің Қазанда жарыққа шыққан тергеу және сот материалдарында [7] аталған зерттеу тақырыбына қатысы бар түпдерек көзі болып табылатын көптеген құжаттар жарияланды. Әсіресе, Валиди мен Мұстафа Шоқайдың хаттары, сондай-ақ М. Сұлтан-Ғалиевтың тюркизм мен ұлт-азаттық қозғалыстары жайлы жазған ойлары үлкен тарихи маңызға ие.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Түркістан өлкесінде орын алған ұлт-азат-тық қозғалыс туралы тың материалдар мен мәліметтерді бізге деректердің ерекше түрі болып табылатын мерзімді баспасөз береді. Сол уақытта Орталықта (Мәскеуде) және жергілікті мерзімді баспасөзде жарыққа шыққан келесідей газеттер: «Еженедельник политработника», «Жизнь национальностей», «Из-вестия» (Мәскеу; Ташкент; Бұқара; Андижан; Қоқан), «Наша газета», «Красная звезда» (Ташкент), «Красная Фергана», «Красноармейская газета», «Красный фронт», «Набат революции», «Озод Бухара», «Свободный Самар-канд», «Советский Туркестан», «Туркестанская правда», «Туркестанский коммунист», «Туркестанский курьер», «Улуғ Туркестан», «Ферғана», «Хур-рият» және төмендегідей журналдар: «Бухарская жизнь», «Военная мысль», «Военная мысль и революция», «Военное дело в Средней Азии», «Военный работник Туркестана», «Еженедельник политработника», «Жизнь националь-ностей», «Коммунист» (Ташкент), «Коммунистическая мысль», «Коммуни-стическая революция», «Красная казарма», «Красный архив», «Красный рубеж», «Народное хозяйство Средней Азии», «Народное хозяйство Турке-стана», «Новый Восток», «Революционный Восток» беттерінде жарияланылған түрлі материалдар мен мәліметтер зерттеу жұмысын даярлау барысында кеңінен пайдаланылды.

«Красная звезда» (1922-1926), «Красноармейская газета» (1921-1922), «Красная Фергана» (1921) сынды кеңес газеттері беттерінде басмашылар қозғалысына қатысты көп мөлшерде фактілік материалдар, құрбасшылардың әскери қызметі туралы жеке мәліметтер кездесіп, ірі құрбасшыларға сипат-тамалар берілген.

Зерттеуде сонымен қоса «Бюллетень партработника», «Бюллетень прессы Среднего Востока», «Бюллетень І-ой Экономической Конференции Средне-Азиатских Республик (Туркестанской, Бухарской и Хорезмской) », «Бюлле-тень Центрального статистического управления Туркестанской Республики», «Бюллетень VI Конференции Коммунистической партии Туркестана», «Бюл-летень VI съезда Коммунистической партии Туркестана», «Информационный бюллетень СНК и Экономического Совета Туркреспублики» атты бюлле-теньдерде келтірілген материалдар мен мәліметтер зерттеу тақырыбының түрлі жақтарын ашу барысында пайдаланды.

Зерттеу жұмысына қатысты деректердің келесі бір маңызды тобын 20-шы жылардың аяғында - 30-шы жылдардың басында-ақ, демек, қарулы қозғалыс өлкенің жекелеген облыстарда әлі де толығымен аяқталмаған уақытта жарық-қа шыға бастаған қарулы қозғалыстың тікелей қатысушылары мен куәгер-лерінің мемуарлары мен естеліктері жатады. Осы топқа кіретін деректерде келтірілген материалдар субъективті сипатқа ие екендігін жеке атап өткен жөн. Өйткені олардың басым көпшілігі авторлардың естеліктеріне негізделе отырып жазылған болатын. Мемуарларды кеңес және шетел мемуарлары деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ мемуарлары [8] арасында «Войны в песках» [9] және М. Мұхаммеджановтың «Турмуш уриништери» [10] атты шығармалары өз объективтілігімен ерекшеленді. Сондай-ақ, ВЧК-ОГПО-ның Шығыс бөлімінің директоры, чекист Г. Агабековтың алдымен Парижде, сосын Мәскеуде орыс тілінде жариялаған мемуарларында [11] Түр-кістан құрбасшыларының қызметіне қатысты құнды мәліметтер бар. Чекист А. Валишев және генерал-лейтенант М. А. Веревкин-Рахальский естеліктерін-де де зерттеу мәселесіне қатысты мәліметтер кездеседі.

Екінші топ естеліктеріне кеңес өкіметіне қарсы опозициялық лагерьді құрып, алдымен Орта Азиядағы кеңес билігіне қарсы бағытталған қарулы қозғалыстың дем берушілері мен идеологтары болған, кейіннен КСРО-дан тысқары жерлерге, дәлірек айтқанда Түркия, Ауғанстан, Иран, Еуропа мем-лекеттеріне өз туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болған түрік-мұсылман зиялылары эмиграцияда жүріп жарыққа шығарған мемуарлары мен естелік-терді жатқызуға болады. Олардың авторлары Түркістанның зерттеп жатқан дәуірдегі атақты саяси және әскери қайраткерлері әмір Саид Алимхан [12], Мұстафа Шоқай [13], Ахмад Заки Валиди Тоған [14], Шермұхаммедбек [15], Мунаввар Қари [16], Палуаннияз Қажы Юсупов [17], Алихантура Сағуни [18], Салимхан Тиллаханов [19], сондай-ақ, Ибрахим Еркин [20], Мария Шоқай [21] (Мұстафа Шоқайдың әйелі) болған. Бұл естеліктерде Түркістан халықтарының кеңес билігіне қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресінің үгіт-насихаты көрініс тапқан.

Зерттеу тақырыбының тарихнамасы.

ХХ ғасырдың 20-30 жылдар аралығында Орта Азиядағы қарулы қозғалыс тарихының мәселелері зерттеушілерді көптен бері қызықтырып келеді. Бас-машылар қозғалысына қатысты кеңес зерттеушілерінің алғашқы публикация-лары өлкеде қарулы қозғалысқа қарсы соғыс әлі де аяқталмаған кезеңге, дәлірек айтқанда өткен ғасырдың 20-шы жылдардың ортасына жатады. Кеңес дәуірі бойы осы қарулы қозғалыстың тарихы кеңес тарихшылары тарапынан үздіксіз зерттелініп, нәтижесінде кеңес тарихнамасында аталған қозғалысқа арналған 40-тан астам зерттеулер мен материалдардың жинақтары, Азамат соғысы мен Орта Азиядағы қарулы қозғалыстың тарихына арналған куәгер-лер мен қатысушылардың естеліктерінің жинақтары жарық көрді. Шетел та-рихнамасында да «Орта Азияны кеңестендіру» тарихына қатысты ірі көлемде зерттеу еңбектері, монографиялар мен мақалалар жинақталған болатын.

Түркістан өлкесінде кеңес билігіне қарсы қарулы қозғалыс тақырыбының тарихнамасы бай, жан-жақты болғанына қарамастан, ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемде орын алған бірқатар саяси сипаттағы себептердің, түрлі саяси күштер мен ағымдардың ықпалы астында қарулы қозғалыс тарихы біржақты зерттелініп, түрлі интерпретациялар мен бір-біріне қайшы келетін тұжырымдардан құралған. Кеңес ғалымдары өз назарын қарулы қозғалыстың мәселелерін зерттеуден гөрі, өлкеде оған қарсы кеңес өкіметінің күресіне көбірек аударған болса, шетел зерттеушілері қарулы қозғалыстың ұлт-азат-тық сипаты туралы тезисті дәлелдеуге тырысып бақты. Осы күнгі зерттеу-шілер кезінде кеңес және шетел тарихнамасында үстем болып тұрған концеп-цияларды қайта қарастырып, қайтадан ой-елегінен өткізуге ұмтылғандықтан да, олардың қаламынан шыққан еңбектеріне де идеологиялық түс тән болып отыр. Зерттеу тақырыбына қатысты барлық әдебиеттерді екі дәуірге бөліп қарастыруға болады: біріншісі - кеңес дәуірі; екіншісі - тәуелсіздік дәуірі (1991 жылдан бастап) . Бірінші дәуір өз кезегінде үш кезеңге бөлінеді: 1) ХХ ғасырдың 20-шы жылдары; 2) 1930-1986 жылдар; 3) ХХ ғасырдың 80-шы жылдардың аяғы - 90-шы жылдардың басы.

Бірінші дәуірдің бірінші кезеңі - XX ғасырдың 20 жылдарында Түркіс-тан өлкесінде кеңес билігіне қарсы қарулы қозғалыс бойынша жүргізілген алғашқы зерттеулер, яғни Ташкент пен Мәскеудің беделді журналдарында жарыққа шыққан мақалалар мен ондаған кітаптарда [22] авторлар қарулы қозғалыстың мәні неде, оның бағыты мен әлеуметтік табиғаты қандай деген сауалдарға жауап беру міндетін өз алдарына қойып, негізінен осы қозғалыс-ты түсіндіруде таптық күрес теориясына арқа сүйеген еді. Бірақ бұл жайтқа қарамастан, алғашқы авторлар өз еңбектерінде Орта Азиялық аймақта кеңес өкіметінің орнау процесіндегі өзіне тән болған ерекшеліктерін жеке атап өтіп, Орта Азияның түрлі аймақтарындағы саяси ахуалға ұлттық, діни ерекшеліктер мен әлеуметтік өмірдің ескі формалары қалайша ықпал етіп тұрғандығы, сондай-ақ осы ерекшеліктер қалайша артынан «контрреволю-циялық басмашылықтың» өрши түсі шартына айналғандықтарын көрсетуге ұмтыла отырып, алғашқы кеңес өкіметі органдарының қате саясатына және әлеуметтік-экономикалық себептілікке көп көңіл аударды.

Бұл мәселе бойынша тұңғыш көлемді еңбек Мәскеуден Түркістанға келіп жоғары лауазымды қызметтерде жұмыс істеген, РКП(б) ОК Түркбюро төр-ағасының орынбасары Г. И. Сафаровтың қаламынан шығып, автор онда Түркістанның экономикалық және саяси жағдайы, большевиктер басқыншы-лығынан кейінгі ахуал, Түркістанда кеңес өкіметінің орнатылуы, Түркістан Автономиясы өкіметінің Ташкент Кеңесі жіберген қызыл гвардияшылар мен армян дашноқтар отрядтарымен қарудың күшімен талқандалуы, Ферғана алқабындағы қарулы қозғалыстың пайда болу себептері, оның мәні мен күрес тәсілдері, кеңес билігіне қарсы жүргізілген соғыс қимылдары туралы егжей-тегжейлі тоқталып өтеді. Бірақ Г. Сафаровтың большевистік позицияда тұруы бұл қозғалыстың басты мәні мен негізгі ерекшелігін түсіне алмаған-дығын, оның қозғалысқа берген сипаттамасынан көруге болады: «Басмашы-лық, бір жағынан, Қоқан автономиясының талқандалуы мен отаршылдық саясаттың жалғасуы нәтижесінде ұлттық тәуелсіздік үшін күрес өз бастауын алса, екінші жағынан, экономикалық дағдарыс - аштық, Ферғанадағы мақта шаруашылығының құлдырауымен бірге алдымен өз үстем етуші жағдайы-нан айырылған өзбек-сарт буржуазиясы және үйреншікті ісінен қол үзген мардикер, чайрикер және қара халық бұқарасынан өсіп шықты» [23] .

Ұлттық жетекші қызметкерлер Т. Рысқұлов, И. Хыдыралиев, Ф. Хожаев кеңес билігі өктем етіп тұрған жағдайда өз еңбектерінде осы күрделі және қайшылыққа толы болған қозғалысқа баға беруде асқан сақтықпен келген-деріне қарамастан, қарулы қозғалыс туралы ақиқатты ашық айтудан бас тартпаған болатын.

Түркістан республикасы жетекшілерінің бірі, түрік-мұсылман зиялылары-ның жарқын өкілі болған Тұрар Рысқұлов (1894-1938) өзінің «Революция және Түркістанның жергілікті халқы» атты танымал еңбегінде Ферғана алқабында 1917-1919 жылдар аралығында орын алған күрделі ахуалды түп-деректердің негізінде зерттеп, қозғалыстың мән-мағынасын, алғышарттары мен себептерін көрсетіп берген. Автордың пікірінше, кеңес билігі басшыларының Ферғана алқабында, жалпы, Түркістан өлкесінде жүргізген отаршылдық және ұлтшылдық саясаты, жергілікті халықтың мұн-мұқтажымен санаспауы, мүдделерін есепке алмауы, ұлттық-рухани құндылықтарды қорлап, аяқ астына таптауы қарулы қозғалыстың үнемі өріс алып, қарқынды дамып тұруына себепші болған. Түркістан өлкесі Мұсылмандар бюросы төрағасы болған Т. Рысқұлов өз еңбегінде қызыл армия бөлімдері және армян дашноқтарының бөлімдері Ферғана алқабында жасаған озбырлықтары мен бассыздықтары туралы құжаттарға сүйене отырып кеңес билігінің жергілікті халықтарға қатысты жүргізген қатыгез, аяусыз саясатын ашық көрсеткен еді [24] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан өлкесі - кеңес билігі тұсында (1918-1925 жж.)
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Түркістан АКСР-і зиялылардың шығыстағы ордасы
ХХ ғасырдың басындағы түркістанды мекендеген халықтардың ұлм-азаттық көтерілістері
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі
Түркістан үкіметінің мүшелері
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
ХХ ғасырдың бас кезіндегі Жетісудағы саяси жағдай және 1916 жылғы ұлт- азаттық көтеріліс
Түркістан автономиясының күйреуі жайлы мағлұмат беру
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаттары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz