Мәулен Балақаев Тіл мәдениетінің теориялық негізін қалаушы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
МАГИСТРАТУРА
Қазақ филологиясы кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Мәулен Балақаев Тіл мәдениетінің теориялық негізін қалаушы»
Орындаған:
2 - курс магистранты Сатаев Б.
Ғылыми жетекші:
филол. ғ. д., профессор Смағұлова Г.
Норма бақылаушы:
филол. ғ. д., доцент Әміров Ә.
Кафедра меңгерушінің
рұқсатымен қорғауға
жіберілді:
филол. ғ. д., профессор Шалабай Б.
АЛМАТЫ 2010
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: М. Балақаев «Тіл мәдениетінің теориялық негізін қалаушы».
Жұмыстың құрылымы: Магистрлік диссертация кіріспеден, екі тараудан құралған негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қазақ тіл мәдениетінің әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі: 97
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 155
Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: Тіл мәдениеті, әдеби тіл, тілдік норма, диалект сөздер, кәсіби сөздер, лексикалық норма, орфоэпиялық және орфографиялық норма, кірме сөз, грамматикалық норма.
Жұмыста қолданылған әдістер: Жұмысты жазу барысында сипаттама, талдау, жүйелеу, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.
Жұмыстың нысаны: Қазақ тіл мәдениетінің тарихы мен теориялық негізінің жасалу жолы.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері: Қазақ тіл білімінің бір саласы болып қалыптасқан тіл мәдениетінің тарихын ғалымдар, әдебиетшілер, журналистер мен тіл жанашырларының мерзімді баспасөз бетінде жарияланған ғылыми мақалаларымен ой пікірлерінен бастау алатындығын қазақ тіл мәдениетінің әдебиеттер тізімінің жылнама тізбесін жасай отырып дәлелдеу.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Жұмыстың кіріспесінде еңбектің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны анықталады. Еңбектің маңыздылығы, өзектілігі, еңбекте қозғалып отырған мәселелердің көкейкестілігі сөз болады. Сонымен қатар негізгі дерек көздері аталады.
Жұмыстың бірінші тарауында тіл мәдениетінің зерттелу тарихы мен оларға қатысты көзқарастар, тіл мәдениетінің грамматикалық, семантикалық сипаты көрсетіледі.
Жұмыстың екінші тарауында М. Балақаев «Тіл мәдениетінің негізін қалаушы» тақырыбына байланысты, ғалымның зерттеу еңбектері туралы сөз етіліп, қазақ тіл мәдениетінің теориялық негізінің қалануы нақты мысалдармен берілд
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4-5
1. Тіл мәдениеті - ұлт мәдениетінің айнасы . . . 6-39
2. Мәулен Балақаев «тіл мәдениетінің теориялық негізін қалаушы» . . . 40-42
2. 1 Әдеби тіл туралы түсінік . . . 42-43
2. 2 Әдеби тілдің даму арналары . . . 43-47
2. 3 Әдеби тілдің нормалары . . . 47-55
2. 4 Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті . . . 55-66
2. 5 Сөз қолдану мәдениеті . . . 68-80
2. 6 Грамматикалық тәсілдерді пайдалану өрнегі . . . 80-87
Қорытынды . . . 88-90
Қазақ тіл мәдениетінің әдебиеттер тізімі . . . 91-97
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы: «Ұлт тұтастығы - егеменді ел мен тәуелсіз мемлекеттің түп қазығы, ыдырамас бірлігі. Ұлт тұтастығының негізі мемлекеттік тіл. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ал айрандай ұйыған ынтымақ пен бірліктің кілті де, қаруы да қазақ тілі мәдениеті болуы керек»(ну) . Сол себепті магистірлік дисертация тақырыбы негізінде тіл мәдениеті тарихына және Мәулен Балақаевтің «Тіл мәдениеті теориялық негізін салған» ғылыми еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға кең көлемде тоқталуды жөн көрдік.
Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіл мәдениетіне, оның дәстүрлі нормаларына сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері қазақтың ұлттық әдеби тіл нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсүуіне, оның бейнелілігі мен оралымдылығының арта беруіне зор үлес қосты.
Әдеби тіл мәдениетінің ауызша және жазбаша қатар дамып, қоғам өміріндегі қызметінің өрістей түсуі үшін оны түрлі ауытқулардан арылтып отыру, қоғамның, тілдік ұжым мүшелерінің тіл мәдениетін көтеру «тіл мәдениеті» деген ғылыми-теориялық пәннің алдында тұрған жауапкешілігі мол игі іс.
Тіл мәдениеті пәнінің қазіргі жайы алдымен қазақ тіл білімінің өткені мен бүгінін зерттеу және жалпы тіл білімі ғылымының парадигмаларымен байланысты. Қазақ тіл мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының «алғышарты алғашқы оқулықтар мен оқу құралдарының грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларының ереже түрінде берілуі әдеби тіл нормаларын қалыптастыруда маңызы ерекше болды» (Н. Уәли «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері» 3-б. ) .
Тіл мәдениеті қазақ әдеби тілінің тарихымен тығыз байланысты. «М. Балақаев, Р. Сыздықова, М. Томанов, Е. Жанпейісов т. б. ғалымдардың еңбектерінде әдеби тілдің дәстүрлі нормаларының, ұлттық әдеби тілдің стильдік салалары мен тармақтарының, жанырларының зерттелуі; Б. Әбілқасымовтың еңбектерінде қазіргі әдеби тіл нормаларының ескі қазақ жазба тілімен салыстырыла қарастырылуы; Р. Сыздық, Қ. Өмірәлиев, Е. Жұбановтың әдеби тіл тарихын ауызша сөз өнерімен, ақын, жыраулар поэзиясының сөз үлгілерімен байланысты қарайтын зерттеулері сөз мәдениетінің нормативті-функционалдық аспектісін эмперикалық, теориялық материалдармен байыта түсті». (ну)
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақ тіл білімінің бір саласы «қазақ тіл мәдениетінің» даму тарихы мен теориялық негізінің қалыптасуындағы М. Балақаевтың еңбектері әлі де болса жүйелі зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі болып отыр. Себебі өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастау алатын қазақ тіл мәдениетінің даму барысындағы ғалымдар мен әдебиетшілер, журналистер мен тіл жанашырларының көтерген мәселелерін зерттей келе, ғалым М. Балақаев оларды жүйелей отырып нормалану принціптерін айқындайды, тіл мәдениетінің теориялық негізін қалайды.
4
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты
қазақ тіл мәдениетінің теориялық пән ретінде қалыптасу тарихы мен тіл мәдениетінің теориялық негізін салушы Мәулен Балақаев еңбектеріне тоқтала отырып, ғалымның ғылыми мақалалары мен зерттеу еңбектерінде көтерілген тіл мәдениетінің мәселелі жақтары уақыт туғызған теориялық тұжырымдама екенін дәлелдеу.
Бұл мақсатқа жету жолында мынадай міндеттер белгіленді;
- Шора Сарыбаевтың алты томдық «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткішінің» тіл мәдениеті бөлімінде көрсетілген мақалалар мен ғылыми еңбектерден тіл мәдениетінің хронологиясын жасау.
- Мерзімді баспасөз бетінде жарияланған тіл мәдениетіне қатысты мақалалармен танысу, зерттеу, көтерілген мәселеледі саралау.
- Мәулен Балақаевтың мақалалары мен ғылыми ғылыми еңбектеріне тоқталу, ғалым сөз еткен тіл мәдениетінің мәселелерін басқа да тіл жанашырларының баспасөз бетінде жарияланған мақалаларындағы көтерілген мәселелерімен үндестігін сөз ете отырып уақыт туғызған теориялық тұжырым екенін дәлелдеу. М. Балақаев тіл мәдениетінің теоиялық негізін негізін салушы ғалым екендігіне уақыт тұрғысынан баға беру.
Зертеу нысанасы: Мерзімді баспасөз бетінде жарияланған тіл мәдениетіне қатысты мақалалар, М. Балақев зерттеу еңбектері
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау, жинақтау және жалпылау, қортындылау тәрізді ғылыми әдістер қолданылды.
Зерттеудің жаңалықтары:
- Тіл мәдениетінің тарихына бойлау мақсатында көпшілік талқысына түскен мерзімді баспасөз беінде жарияланған мақалалардағы тіл жанашырларының көтерген мәселелері сараланды.
- Шора Сарыбаевтың алты томдық «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» бойынша тіл мәдениеті әдебиетінің храналогиясы жасалды.
- Тіл мәдениеті теориялық негізінің қалыптасуын баспасөз бетінде жарияланған материялдармен талдай отырып салыстырылды.
- «Тіл мәдениетінің теориялық негізін салушшы» Мәулен Балақаев еңбектерінің уақыт туғызған теориялық негізі сараланды.
5
1. «Тіл мәдениеті - ұлт мәдениетінің айнасы»
«Тіл - халықтың қазынасы». Халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, өнері, танымы-бәрі де тілде таңбаланады, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өз жалғастығын табары сөзсіз. Демек ұлт мұраты, атадан балаға қалған аманаты ана тілінде. Ал ана тілін зерттеп, зерделеу, қорғау ұлтын сүйген кез келген азаматтың парызы.
Ана тілі - туған ұлтынның тілі, халқыңның тілі. Олай болса, Тіл мәдениеті-ұлт мәдениетінің айнасы. Бүгінде Тіл мәдениеті тіл білімі ғылымында теориялық негізі қалыптасқан, мақсат - міндеттері айқын пәндік ғылым. Алайда, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйе білген» қазақ халқының тіл мәдениеті мәселелерін көтеруі жайдан - жай емес еді. Өткен ғасырдың 30-40 жылдарынан бастау алған тіл мәдениетінің мәселелі жақтары тақырыбы жағынан да саналуан болып келеді. Сөзіміздің дәлелі ретінде Ш. Сарыбаев құрастырған «Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткішінде берілген», тек тіл мәдениетіне арналған әр түрлі тақырыптағы 200-ден астам мақалалар мен ғылыми - практикалық конференцияларда оқылған баяндамалар материалдарын, оқулықтар мен оқу құралдарын мысалға келтіре аламыз. Бұл библиографиялық сөздікте көрсетілген қазақ тіл білімі әдебиеттерінің материалдарын былай топтастыруға болады:
- Тіл мәдениеті 200-ден аса мақалалар, баяндамалар, оқулықтар, оқу құралдары
- Сөз мәдениеті
- Үгітші тілінің мәдениеті
- Газет тілінің мәдениеті
- Әдеби тіл мәселелері
Тіл мәдениеті туралы сөз қашаннан бастау алады дегенге жауапты да жоғарыда айтылған библиографиялық сөздіктен таба аламыз.
- 1920-1940 жылдар, қазақ әліпбидің қалыптасуы туралы жазылған сыни ойлар мен дәйекті ғылыми мақалалар, баспаларда бір сөздің әртүрлі қолданылып жүргендігі туралы мақалалар, шұбалаң сөйлемдер мен сөйлем кестесіндегі шатақтар туралы мақалалар.
- 1940-1960 жылдар, тіл мәдениеті туралы, сөз мәдениеті туралы, шұбалаң сөйлемдер, сөз қолданысымыз туралы, үгітшінің тіл мәдениеті, әдеби тілдің тазалығы, орынсыз сөз, түсініксіз сөйлемдер, оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, ой мен тіл туралы мақалалар».
- 1960-1980 жылдары, тіл мәдениеті туралы кейбір ойлар, тіл мәдениеті мәселелері, тіл мәдениеті және мектеп, әдеби тіл мәдениеті жайындағы пікірлер, тіл өнері, сөз мәдениеті, тіл нормалары, сөз талғамы өрелі ой кепілі, әдеби тілдің бүгінгі талабы, тіл шұбарлығына тыйым, тіл - халықтың қазынасы, тіл мәдениеті және терминология т. б. тақырыптарда жарияланған мақалалар.
6
- 1980-1990 жылдары, «тілдегі кібіртіктер қайдан туды, тіл оранды болғанда
көкірек ояу, тіл өнері дертпен тең, тіл мәдениетінің кейбір мәселелері, тағы да норма мен вариант жайында, елемеуге болмайтын, шығарма және тіл мәдениеті, бір сөйлемнің анатомиясы, қарға қаңқылдап, тіл туралы, тіл заңдылығы мен сөз сыры. Сөз талғамы - көркем тіл кепілі, әдеби норма және сөз сыры, тілдегі түйіткілдер, тіл мәдениеті туралы, тіл заңдылықтарын сақтайық, әркім өзінше тон пішкенде, қуаты күшті нұрлы сөз, тіл бұзу осындайдан басталады, тілдегі түйіткілдерден туған түйіткіл, көркемдік кілті, әдеби тілдің бастауы, тіл бұзаризмге»-деп келетін тақырыптарда сантүрлі мақалалар республикамыздың әртүрлі газет - журналдарында жарияланып тұрды.
Жоғарыда атап көрсетілген мақалалар нәтижелері қазақ тілінің әлеуметтік ахуалын жақсартып, Тіл мәдениетінің теориялық негізін қалыптасуына тікелей қатысы бар негіздеме болды. Себебі тіл мәдениетін зерттеу өзекті сипат алып, келесі мәселелерінің бағыт - бағдары айқындалып, оларды теориялық негізде шешуді күн тәртібіне қойып отырды. Тақырыпты терең түсіну, зерттеу, тұжырымдау, теориялық негіздеу мақсатында тіл мәдениетіне қатысты жарияланған мерзімді баспасөз мақалаларының және ғылыми-практикалық конференцияларда оқылған баяндамалардың материялдарында негізгі деп танылған ұстаным, принціп, ұыныс, ереже, тұжырым, пікірлерге тоқталалуды жөн көрдік.
А. Көшімбаев «Тіл мәдениеті туралы» мақаласында, мектеп табалдырығындағы сөз өнері мен тіл мәдениетінің жай - күйі мен ондағы қиындықтар туралы сөз ете отырып, «Қазақ халқы өткір, көркем, сыпайы сөздің иелерін ерекше қадірлейді». «Орта мектепті бітірген оқушылар әдебиет тілімен дұрыс сөйлей, жаза алатын дәрежеде болуы керек, » - деп ой түйеді. Өз мақаласында тіл мәдениетін оқытудағы кемшіліктерді мысалға келтірсе де қиындықтарды шешу туралы ұсыныстарды тіл мамандары назарына қалдырса керек. Бірақ автор қолданған «Әдебиет тілі» тіркесінен байқайтынымыз, сірә, әдебиет тілі мен әдеби тіл терминдерінің аражігі әлі ажырай қоймаған болуы керек.
«Шұбалаң сөйлем, қотыр тіл» атты Социалистік Қазақстан газетінің сыни мақаласымен оқып танысқанда мынадай мысалдарды көруге болады:
- Анардың міндетінде 12 сыйыр бар . . .
- Бұзаулар тегіс күйлі, дені сау . . .
- Таза ауаға қыдыртып ойнатады . . .
- Көктемгі егіс жоспарын орындау жөніндегі партия мен үкімет белгілеген срок өтіп барады.
- Жыйналатын қаржының дерлік көпшілігі . . .
- Ерте туған қой - ешкілер . . .
- Ферманың қой шапаны . . .
- Қазір сол төлдерден 12 басы қотыр . . .
- «Көк бұлақ» колхозының қой фермасы 160 қой - ешкіден 200 қозы - лақ алды . . .
7
Берілген сөйлемдер логикалық қыйсынға келмейтіндігі және сөйлемдердің дұрыс құрылмауы, төл сөздердің дұрыс қолданылмауы, баламасы бар бола тұра кірме сөзді қолданушылықты байқатады. Бұндай мәселелер баспа беттерінде «шұбалаң сөйлем, қотыр тіл» немесе орынсыз сөз, түсініксіз сөйлем деген тақырыптармен жарияланып, тіл мәдениетінің кемсін тұстарын аңғартып тұрды.
М. Сәрсекеев «Әдеби тілдің таза болуы үшін күресейік» атты мақаласында «Тілдің негізгі жасаушысы және дамытушысы - халық»-дей келе, ойын былай сабақтайды. Сондықтан жазушылар мен ақындар халықтың сөйлеу тілінен көп үйренеді, соның асыл қазыналарын кең пайдаланады. Көркем әдебиет шығармаларынан оқушылар жұртшылығы өздерінің қайнаған өмірі мен қажырлы еңбегін көреді. Оқушылар бұл шығармалардан көп тәлім тәрбие алады. Шығарманың тілінен үйренеді. Осылайша, көркем әдебиет тілі оқушылар үлгі алатын, теңелетін, үйренетін норма болып отыр. Сондықтан көркем әдебиет шығармалары таза, тартымды, көрікті тілмен жазылуы керек. «Ұлы октябрь ревалюциясының нәтижесінде орнаған жаңа құрылыс, жаңа мәдениет, жаңа мораль көптеген жаңа ұғымдарды, жаңа сөздерді туғызды». «Бірсыпыра сөздер тілімізден мүлде шығып қалды. Біраз сөздер ескі мағыналарынан айрылып, бүтіндей жаңа мәнге ие болды», - дей келе, «30-жылдары көп ұғымдар, ғылым мен техника терминдері, тіпті жер - су аттары ерекше бұрмаланып айтылып жүргенін» де сөз етеді. Автор көркем шығармалар мен аудармаларда, ғылыми еңбектердегі шұбарлаушылық әдеби тілдің нормасын жете айырмай диалектизмге ұрынуда деп бағамдайды. Ақын - жазушылардың сөз қолданысындағы неологизмдерді жасанды сөздер деп бағалайды. Мысалы: Отарба - паровоз, күй сандық - пианино, сайтан арба - велосипед, қорғанбек - командант, жортарман - барлаушы. Бұл сөздер қалың жұртшылыққа түсініксіз «Тілдің күрмелуіне себепкер болатын мағынасыз жасанды сөз».
Көркем әдебиетте «Сарыарқа, арқа, сахара, жазира, дариға, дулыға, әруақ, тәж, хан, патша сияқты көне сөздер, шамдал, лала, зифа, таутана, феруза, зәлзала, зүбаржат т. б. араб - парсы сөздері, : бүткіл, тірі шатақ, дырау, тыныс күні, жүдә, ұра шапты, желеу, дың сияқты диалектизмдер әлі де қолданылып келеді» деп мін тоғады да, «Тіл тазалығы, анықтығы, өткірлігі үшін күрес мәдениет құралы үшін күрес болып табылады» - деген (М. Горкии) сөзімен аяқтайды.
С. Садырбаев «Өнер алды қызыл тіл»атты мақаласында сөз құдіретін былай өрбітеді: «Тегінде ғылыми айтыс демелік, өзара жай қарапайым әңгіме демелік, - барлығында да үш шарт сақталса ғана нысанаға дөп тимек. Атап айтқанда, бірінші, - ой тұнықтығы, екінші - тыңдаушыға ұқтыру, үшінші - эстетикалық ләззат беру болып табылады».
М. Қарақұлов «Тіл бұзу осындайдан басталады» атты мақаласында
орынды - орынсыз қолданылып жүрген сөздер туралы ойын ашық білдіреді:
жайлы = жайында, хақында, турасында, туралы, жөнінде
- Отырар жайлы дерек.
- Отырарға жасаған жөртуыл жайлы біршама деректер жазып қалдырды,
- Олар үлкен апаттың келе жатқаны жайлы қалаға өсек таратып, халықты
8
үрейлендіріп еді (Ә. Дербісәлиев «Көне жазба мұралар», мақала, жұлдыз 1981ж. )
- Қаратауы, оның теріскейін, Келіншектауын көріп, соңғысы жайлы әкесінен естіген ертегі.
- Сақтану жолдары жайлы кеңес беріп отырады.
- Дүйсенкүл әже жайлы есте қалғандарын айтып біраз отырды.
- Бұл жайлы айтқанында
- Өмірлік шаруа жайлы өзіңмен ақылдасқалы келіп едім (К. Қамбаров «Жалғыз бала» повес «Жұлдыз №6 1981ж»)
«Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 1978 ж III том «жайлы» - қажетке сай, қолайлы, ыңғайлы мағыналарын береді.
- «бұл жайлы» тіл бұзушылық оны тіл бұзарлар, дүмшелер, белсенділер
шығарған. Сауаттылар «бұл жайында» деп қолданады.
- Ендігі бір, орынсыз жерге иығын тығып, сол жерде тұруға тиісті сөздің орнын озбырлықпен тартып алып жүрген сөз -Күрделісөз. Бұл сөз «күрделі мәселе», «күрделі жөндеу», «күрделі қаржы» дегендерде өз мағынасында, өз орнын тауып тұрады. «Күрделі - капитальный, сложный» сөздерінің орнына алынған. Бірақ «Сложный» сөзін мәтінде қазақшалағанда барлық жерде бірдей күрделі деп аудару дұрыс еместігін автор
Күрделі жағдай - қиын жағдай = сложное положение
Күрделі уақыт - қиын, қысылтаяқ уақыт = трудное время
- Қазақтың бұрыннан айтысып жүрген кейбір сөздерін басқа сөзбен ауыстырып қолдану:Істейді // жасайды //
Қызмет істейді // қызмет жасайды
Жұмыс істейді // жұмыс жасайды
Арасында // ішінде
8 әйелдің ішінде 4 ғалым бар
өз орнында тұрмай, жеке сөздіңде сонымен қатар бүтін сөйлемнің де
мағынасын бұрмалайтын осындай сөздер қазбалай берсе көптеп табылады.
Біздің «тіл бұзарлық осындайдан басталады» деп отырғанымыз осыдан деп
түйеді.
С. Кеңесбаев «Тіл мәдениетін арта түссін» атты мақаласында «Жазушылық әрқилы ойы, сезім дүниесі тіл арқылы ғана білінеді. Жазушының тілі шығарманың негізгі идеясына сай келгенде ғана көркем әдебиеттің құны артпақ», -дей отырып, автор ойын былай сабақтайды; «Тегінде әдебиетшілеріміз тіл мамандарына сеніп, бұлар әдебиетшілерге сеніп, көркем әдебиеттің тілі ешқайсымыздың арнап зерттеу объектіміз бола алмай жүрген тәрізді».
«Халық тілінің негізгі екі арнасы бар: бірі - ауызекі тіл, бірі - ауыз әдебиеті. Бұл екеуі тілдік құрылымы жағынан жазба әдебиет тіліне үйлес келгенмен, сөздік құрам, стилистика жағынан, сөйлем түрлері, сөз тіркесі жағынан бір - бірінен ірі -ірі ерекшеліктері бар. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі қазақ әдебиеті қайраткерлерінің біріне бірі ұқсай бермейтін тілдік - стилистикалық
9
ерекшеліктері бар.
Жазушы өз шығармасындағы ұнамды, ұнамсыз образдарға лайық эстетикалық, көркемдік жағынан дөп келетін сөз бен сөйлем іздейді: кей уақытта жазушы тың соны сөз (неологизм), кей уақытта көне сөз (архаизм) іздейді. Орынды қолданған жерде бұл тәсілдің ешбір сөкеті жоқ. Керісінше, мұндай ізденушілікке жол беру керек. «Кең жол беру» деген оңды - солы келе беретін ебедейсіз, икемі жоқ «жаңалық» ашу деген емес: әбден мұқият, тапқырлықпен ғана иемденген сөз ұтымды келетіндігін сөз етеді.
Г. Жәркешованың «Тіл байлығы - ой байлығы» атты мақаласы «Тіл мәдениеті оқушы жұртшылықты мәдениетті жазуға, сөйлеуге баулитын, оларға эстетикалық әсер - ықпал ететін көркем шығармаларға да байланысты».
«Өмір талабы өскен сайын сөздің де мағынасы кеңейіп, үстеме ұғымдар пайда бола береді». Әр автордың өзінше сөз қолдану тәсілі болады. Онда автор бір сөзден жаңа толық мағына шығармағанымен, сол сөздің негізгі мағынасына меңзеп я соған балап, не негізгі мағынаны жанамалап отырады. Мысалы: «Оның өзгелерден жігі бөлектеу», «Бір жағынан кен зерттеу ісінен де айырылғым келмейді, бауыр басып қалған өнерім ғой». «Екеуміз де көмескі жандармыз». Жік, бауыр, көмескі сөздері тура мағынада емес, негізгі мағынаға балап, жанамалап берілгендігін сөз етеді.
«Мазмұн және тіл мәдениеті», атты мақалада «Газеттегі мақаланың үнамды және ұғымды болуы оның көтерген мәселесінің актуальдігімен қатар, тілінің мәдениетті болуына тікелей байланысты»
- газеттерде жарияланған кейбір мақалалар мазмұнының тақырыбына сай келмейтіндері байқалады.
- сөйлемдерді ұзақ құрудан, сөздердің өз орындарында тұрмауынан айтылатын ойдың түсініксіз болуы да жиі кездеседі.
/ Ғылыми - атейстік насихаттау көлемі аз өткізіліп жүр. // көлемін өткізу қоғамдық орындарды бұзып . . .
- Газет тілінің мәдениетті болуына терминдер мен атаулардың дұрыс
аталынуының елеулі маңызы бар.
Участок - учаске, колхоз басқармасы - колхоз правлениесі,
насихат - пропаганда, топ - группа,
бастық - начальник, бақ - сад, председатель - басқарма,
жиналысқа қатысу - жиналысқа қатынасу т. б.
Аудандық, қалалық газеттер терминдерді дұрыс қолдану үшін орталық газеттерді оқып, жарда терминдер қалай алынатынын бақылап отыруға тиіс.
- Газет мәдениетін арттыруда авторлардың фамилияларын дұрыс жазуда
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz