Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 130 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аграрлық сектор кейінгі жылдары ауа-райының қолайлы болуына қарамастан экономиканың тәуекелі жоғары және табыстылығы төмен саланың бірі болып қала беруде. Дегенмен, «Агроөнеркәсіп кешені экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылады және оның даму дәрежесіне елдің азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі ғана емес, мемлекеттің қоғамдық-саяси тұрақтылығының деңгейі де тәуелді болып келеді. Кейінгі уақытта әлемдік азық-түлік нарықтарында туындаған дағдарыстық жағдай және оның жағымсыз салдары азық-түлік мәселесінің өзектілігін ол бұрын-соңды жетіп көрмеген деңгейге көтеріп және оны әлемдік экономикалық саясатта алғашқы орынға қойды» [1, 3-5б. ], ал бұл өз кезегінде Қазақстанға да әсерін тигізді.

Мәселе мынада, ауыл шаруашылығын дамытудың экономикалық әдістерін жетілдірмей көп салалы экономика мен нарықтық қатынастарға көшу агроөнеркәсіп кешен жүйесінің ұдайы өндіріс салалары мен сфераларындағы бұрыннан бері келе жатқан қатынастарды қиратты. Ауыл шаруашылығының кәсіпорындары агроөнеркәсіп кешен жүйесіндегі өзге ұдайы өндіріс салалары әрі сфераларымен байламсыз және ұйымдастырушылық өзара байланыссыз қызмет етумен мемлекеттің реттеуші және қолдаушы рөлінен айырылып қалды. Бағалардың тепе-теңсіздігі, банкілік несиеге жоғары пайыздық мөлшерлемелер, несиелік-қаржылық және салықтық жүйенің жетілдірілмегені және т. б. ауыл шаруашылығын дағдарыстық күйге әкелді, мұнысы ауыл шаруашылығы өндірісінің терең құлдырауынан, кәсіпорындардың қаржылық қабілетсіздігінен, ауыл тұрғындары тіршілігінің әлеуметтік жағдайларының нашарлауынан байқалады. Ауыл шаруашылығын тұрақтандыру және тұрақты түрде дамыту мәселесі соңғы кезде барған сайын өзекті болуда. Негізгі мәселе мынада: азық-түлік нарығындағы тұрақты бәсекелестік күрес жағдайында АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріндегі ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер азық-түлікті өндірудің барынша үнемді әдістерін іздестіруге мәжбүр болуда. Әдетте, бір мезгілде өндіріс көлемдерін арттырумен үнемдеуге ауыл шаруашылық өнімдерін алуды химияландыру ісін тереңдету мен кеңейту арқылы және өзге де табиғи емес әдістерін дамыту арқылы қол жеткізіледі. Кейбіреулері, мысалы, селекция мен генетика адам ағзасына қауіп төндірмейді, бұл жай ғана табиғи процестерді жасанды түрде тездету десе, өзгелері, яғни өсімдік өсіру мен мал өсіруде гормондарды, антибиотиктерді, пестицидтер мен өзге химикаттарды қолданумен байланысты әдістер тұтынушылар үшін ықтимал және нақты қауіпті тудырады. «Оның үстіне ауыл шаруашылығында сол не өзге түрдегі препараттарды пайдалануға қатысты жүйелі түрдегі тыйым салулар экологиялық қауіпсіз өндіріс мәселесін шешпейді» [2, 136- 137] .

Осыған балама ретінде жаңа технологиялық негіздегі отандық ауыл шаруашылығын дамыту қажет. Әңгіме батыстың тәжірибесін көшірмелеу жайлы болып отырған жоқ, себебі ол көп жағдайда технологиялық тығырыққа әкеп тіреп отырады.

Замануи технологиялар азық-түлік өндірушілерін өзіндік қақпанға әкеп айдайды. Түрлі химикаттардан бас тарту олардың қаржылық құлдырау қаупін тудырады. Ауыл шаруашылық өнімдерін жоғары қарқындылықпен өндіру барысында бір препаратты қолдану өзге жасанды құралдарды пайдалануды қажет етеді. Егер технологиялық тізбектен химиялық қосылыстардың бір ғана буынын алып тастасақ, өсіріліп отырған дақылдардың өнімділігін немесе асырап отырған малдың өнімділігінің жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз ету мүмкін емес. Азық-түліктің өндірісін осындай негізде одан әрі арттыру өнім сапасының нашарлауына әкеледі. Жасанды құралдардың көмегімен алынған тамақ өнімдері көбінеки табиғи өнімнің тек сыртқы баламалары ғана болып шығуда [3, 76-80 ] . Азық-түліктің ғаламдық ауқымда жетіспеушілігі жағдайларында биотехнологиялық әдістер ашаршылықты жоюда үлкен рөл атқаруы мүмкін. Сонымен қатар зертханаларда алынған тамақ өнімдерін жасанды түрде көбейту оларды ықтимал патогендер мен өзге де қауіп-қатерлердің әсеріне бейім етеді.

Бұл мәселе Қазақстан үшін негізгі мәселе болып табылады, себебі ол батыс елдерінің ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі импорттаушысы болып табылады. «Жағдай тағы да аграрлық секторымыздың әлсіздігін және оның қауіпті әлемдік беталыстардың алдындағы жоғары дәрежедегі осалдығын көрсетіп шықты» деп санайды ҚР Ауыл шаруашылығының министрі А. Күрішбаев. Осыны алдын-ала біліп болжаумен ҚР Президенті өзінің Қазақстан халқына арналған осы жылдың ақпан айындағы жолдауында экономиканың аграрлық секторын одан әрі дамытудың қажеттігіне ерекше назар аудартып және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нақты міндеттерді қойды [4] .

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі азық-түлік нарығында орын алып отырған ішкі, сондай-ақ сыртқы қауіп-қатерлерден сақтауға негізделген.

Қазақстан Республикасында азық-түліктік қауіп-қатерлерді мемлекеттің заң жүзінде бекіткен агроөнеркәсіп кешеннің дамуына жағдай жасау тетігіне арнап жүзеге асырып отырған саясатының арқасында төмендетуге болады. Агроөнеркәсіп кешен дамуына жағдай жасау әдістерінің бірі экономикалық тетікті мемлекеттік реттеуге негізделуде.

Сонымен қатар ҚР-да аграрлық саланы дамытудың заң жүзінде бекітілген тетігі жоқ. Агроөнеркәсіп кешен саласындағы нормативтік-құқықтық актілер құрылымдар бойынша бөлінбеген, жүйеге келтірілмеген және кодталмаған, мұнысы оларды қолдануды қиындатады.

Екінші себебіне агроөнеркәсіп кешен дамуына арналған нормативтік тұрғыда бекітілген жүйеленген тетіктің жоқтығы жатады. Осылайша, ҚР-ның агроөнеркәсіп кешенді дамыту саласындағы жариялаған саясаты заң жүзінде бекітілмеген, мұнысы осы саладағы кереғарлықтарды тудырады:

- ҚР Үкіметінің агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды жария етуі және осындай дамуға ықпал ететін нормативтік құқықтық актілердің жоқтығы;

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен оларды дамытудың экономикалық ынталандырудың жоқтығының арасындағы кереғарлық.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған экономикалық ынталандыруды нормативтік тұрғыдан бекіту саласындағы осындай кереғарлықтарды шешу үшін жекелеген резервтер бар. Мысалы, бүкіл агроөнеркәсіп кешеннің тұрақты ілгері дамуы соған кіретін кәсіпорын субъектілерінің қызметіне және шаруашылық байланыстардың сенімділігі мен орнықтылығына, сондай-ақ ұдайы өндіріс процесінің сфераларының арасындағы қалыптасып отырған экономикалық қатынастарға байланысты. Ауыл шаруашылығын тұрақтандыру және тұрақты дамыту үшін шаруашылық етудің барлық деңгейлерінде өндірістік байланыстар мен экономикалық қатынастарды үнемі түрде жетілдірумен баламалы салааралық және салалық пропорцияларын қамтамасыз ету қажет. Бұл мәселені мемлекеттік органдармен, әсіресе одан жоғары сатыдағы шаруашылық етуші құрылымдар мен ауыл шаруашылығының тікелей тауар өндірушілерінің арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын әкімшіліктік аудан деңгейінде шешу маңызды. Сондықтан агроөнеркәсіп кешеннің аграрлық секторын тұрақтандыру және тұрақты дамытудың негізгі бағыттарына негіздеме беру ғылыми, сондай-ақ тәжірибелік тұрғыда өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан егемендік алғалы бері жиырма жылға жуықтап қалды, осы жылдардың ішінде аграрлық және өзге де қайта құрылымдарды жүзеге асыру барысынды белгілі тәжірибе жинағаны анық. Қазақстанның аграрлық-құқықтық мектебін фундаменталды зерттеуге кіріскен өзінің ғылыми еңбектері құрайды. Айта кетсек, нарықтық экономика жағдайында жерге құқықтардың даму тенденциясына қатысты (А. Е. Бектұрғанов, А. Е. Еренов, А. С. Стамқұлов, А. Х. Хаджиев) ; жер құқықтық қатынастарын жүзеге асыру аспектілеріне (Б. Ж. Абдраимов) ; аграрлық кәсіпорынның құқықтық қамтамасыз ету мәселелеріне (И. В. Амирханова) ; жерді пайдалану мен қорғау үшін ақы төлеуді құқықтық реттеу мәселелері (Г. Т. Айгаринова) ; су қатынастарына қатысты С. Ж. Сүлейменоваға тиесілі еңбектер қатары бар. Сонымен бірге, ерекше көңілді Л. Қ. Еркінбаеваның Қазақстан Республикасындағы аграрлық құқықтық қатынастарға қатысты докторлық диссертациясы; М. К. Жусупбекованың нарықтың қалыптасуы мен дамуы барысында аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің құқықтық аспектілеріне байланысты еңбегі алады.

Аграрлық құқықтық ғылымның дамуына ең үлкен үлесті ТМД елдерінің заңгер ғалымдары қосты, әсіресе, Г. Е. Быстров, С. А. Боголюбов, И. А. Иконицкая, М. И. Козырь, Н. И. Краснов, В. В. Устюкова, Ж. Т. Холмуминов, Б. М. Усманов, Ф. Р. Муратшин, Б. А. Воронин т. б. зерттеулері ерекше қызығушылықты тудырады.

Аграрлық қатынастарды нормативтік-құқықтық реттеу және экономикалық тетікті енгізу мәселесіне аграршылардың, экономисттердің, сондай-ақ заңгерлердің көптеген еңбектері арналған. Аграрлық қатынастарды алдымен 2000 жылға дейін, ал артынша одан ұзақ кезеңдерге арнап тұрақтандыру мен дамытудың концепциялары мен бағдарламалары әзірленген. Алайда олардың барлығы өндірістің нақты жағдайларымен байланыстырылмаған және жеткілікті мөлшердегі қаржылық қамсыздандырусыз жүзеге асырылмаған болар еді, және бұл оларды нормативтік құқықтық тұрғыдан бекіткен жағдайда ғана мүмкін болады.

Зерттеліп отырған проблеманың жекелеген мәселелері И. А. Артемов, В. Р. Боев, И. Н. Буробкин, В. А. Добрынин, А. М. Емельянов, И. Б. Загайтов, В. В. Кузнецов, В. А. Клюкач, Г. И. Макин, В. В. Милосердов, П. М. Першукевич, А. Ф. Серков, И. М. Сурков, И. Г. Ушачев, В. И. Фролов, И. Ф. Хицков, А. А. Черняев, А. Ф. Шишкин, А. А. Шутьков, A. M. Югай және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде баяндалған.

Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеу объектісі ретінде Қазақстан егеменді ел болып қалыптасқаннан бері нарық заманында аграрлық саланы экономикалық қамсыздандыру аясындағы қоғамдық қатынастар танылады.

Зерттеу пәніне Қазақстан Республикасында аграрлық қатынасты экономикалық ынталандыруды құқықтық реттелуін қамтамасыз ететін заңдардың даму жағдайы және осы саладағы арнайы құзыретті органдардың қызметін жетілдіру мәселелері танылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті . Зерттеудің мақсаты ауыл шаруашылығы өндірісі саласында экономикалық ынталандыруға байланысты туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін зерттеу және осы мәселелер бойынша заң шығару ісін жетілдіру жөнінде нақты тәжірибелік және теориялық ұсыныстар жасау.

Бұл мақсат келесі міндеттерді негіздемелеу мен жүзеге асыру арқылы нақтыланып шешіледі:

  • Агроөнеркәсіп кешенді дамыту кезіндегі экономикалық ынталандыруға баса назар аударумен осы саладағы нормативтік құқықтық базаны жетілдірудің концептуалдық бағыттарын негіздемелеу;
  • аграрлық қатынастардың құқықтық табиғатын анықтау;
  • аграрлық қатынастарды реттеудің экономикалық тетігінің құқықтық негіздерін қарастыру;
  • агроөнеркәсіп кешеннің нормативтік-құқықтық базасына кешенді мониторинг жасау арқылы соның негізінде ауыл шаруашылығы өндірісін экономикалық ынталандырудың жекелеген әдістерін зерттеу;
  • шетелдердің агроөнеркәсіп кешенді мемлекеттік реттеу тетігінің нысандарын салыстырмалы түрде талдау.

Зерттеудің әдістемелік негіздері. Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде ғалымдардың құқық, экономика, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп кешен жүйесіндегі ұдайы өндіріс процесстерін ұйымдастыру мен басқару саласындағы еңбектері қолданылды.

Алға қойылған нақты міндеттерді шешу барысында автор келесі түрдегі әдістерді қолданды: салыстырмалы талдау, монографиялық, логикалық, сондай-ақ экономикалық болжамдау, мақсаттық бағдарламаларды әзірлеу және ауыл шаруашылығын агроөнеркәсіп кешен жүйесінің өзге салаларымен өзара байланыста дамыту жобаларының техника-экономикалық негіздемелері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыста аграрлық қатынастарды реттеудің экономикалық тетігі салыстырмалы құқықтық анализдеу арқылы оның түсінігі, құқықтық табиғаты мен бағыттары толық деңгейде анықталды. Заңнамалық базаға жүйелі түрде мониторинг жасау арқылы агроөнеркәсіп кешеннің жағдайы зерттеліп және оның даму беталыстары көрсетілді. Агроөнеркәсіптік кешен жүйесіндегі нормативтік-құқықтық базаны жетілдірудің негізгі бағыттары әзірленді. Аграрлық қатынастарды реттеудің экономикалық тетігіне авторлық анықтама берілді.

Аграрлық қатынастарды экономикалық ынталандырудың жекелеген әдістерін жүйелі түрде зерттеп, қарастыру бойынша алғашқы жұмыс болып табылады.

Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар:

1. Аграрлық қатынасты құқықтық реттеудің экономикалық тетігі дегеніміз - ауыл шаруашылығындағы ұдайы өндірістік процестің қалыпты барысын қамтамасыз ету және ауылшаруашылық өндірушілеріне қолдау көрсету мақсатында бірыңғай әдіснамалық негізде әсер етіп отыратын өзара байланысқан және өзара негізделген құқықтық және экономикалық реттеушілердің жүйесі. Бұл болашақта қабылданатын Аграрлық кодекске енуі ұсынылды. Аграрлық қатынасты құқықтық реттеудің экономикалық тетігінің негізгі мақсаты ретінде ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді ынталандыру, мысалы жерді ұтымды пайдалануын экономикалық амал-тәсілдермен қамтамасыз ету, жеңілдетілген салық жүйесімен ынталандыру, төмен пайыздық несие беру, субсидия бөлу т. с. с.

2. Аграрлық қатынастарды мемлекеттік реттеудің экономикалық тетігінің мазмұны мынадай әдістермен негізделді:

-Ауыл шаруашылығы өнідірісін қаржыландыру және жоспарлау;

-Ауыл шаруашылығы өндірісінің жекелеген табиғат объектілерін пайдаланғаны үшін ақы төлеу;

-Ауыл шаруашылығы өндірісінің қоршаған ортаның ластауынан келтірілген эмиссия үшін ақы төлеу;

-Ауыл шаруашылығы өндірісін экономикалық ынталандыру;

-Ауыл шаруашылық өндірісін сақтандыру.

Ауыл шаруашылығы өндірісін несиелендіру бойынша кепіл институтын дамыту, тауарлы несие беру жүйесін қарастыру, аграрлық банкті қалыптастыру қажет. Ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекет тарапынан ынталандыруды субсидия арқылы емес, дотация ретінде бюджеттен бөліну керек. Ауыл шаруашылығы өндірісін сақтандыруға байланысты «Мемлекеттік қаржылық қолдаумен жүргізілетін ауыл шаруашылық өндірісін сақтандыру» Заңы қабылдануы тиіс. Өйткені қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өндірісі саласынан тек өсімдік шаруашылығын сақтандыруды көздеген. Ал қоғам ауыл шаруашылығы өндірісінің өзге салаларын да сақтандыруды талап етеді. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге салықтық жеңілдіктерге арнайы бөлім ретінде бөліп көрсету бойынша Салық кодексіне өзгертулер енгізу тиіс.

3. Аграрлық қатынасты реттеудің экономикалық тетігі бойынша шет мемлекеттерінің және осы саладағы отандық тәжірибелерді қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының аграрлық қатынасты экономикалық ынталандыру саласындағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында нақты ұсыныстар берген.

4. ТМД елдерінің Кеден одағын құру жағдайында аграрлық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін нығайту қажеттілігі бар. Оны жүзеге асыруда ең басты қойылатын қағидаларға мыналар жатады: Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешен мен ауыл аймақтарын дамытудың басымдығы, ауыл шаруащылық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі, аграрлық өндірістің тұрақты дамуы, ауыл шаруашылық алқапты ерекше қорғау және аграрлық өндірісте жер мен басқа табиғат ресурстарын пайдалану тұрақтылығы, Қазақстан Республикасының аграрлық заңнамаларының халықаралық құқық қағидалары және нормаларымен үйлесімділік, ұлттық және жаһандық мәселелерді шешу барысында халықаралық аграрлық ынтымақтастық. Осы аталған қағидалар Кеден кодексінде ескерілуі тиіс.

Диссертациялық зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы оның теориялық және әдістемелік ережелерін ауыл шаруашылығын тұрақтандыру және тұрақты дамытуға арналған жаңа нормативтік актілерді әзірлеу үшін қолдануға негізделген, мұнысы АӨК жүйесіндегі аграрлық секторды тұрақтандыру және тиімді дамытуға арнап жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қайнар көздер тізімінен тұрады.

1 АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Аграрлық құқықтық қатынастың түсінігі, түрлері, реттеу қағидалары

Құқық қоғамдық қатынастарды реттейді, оның нәтижесінде ол құқықтық нысанға ие болады, құқықтық қатынасқа айналады. Аграрлық құқықтық қатынастар ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, тарату нәтижесінде пайда болатын, аграрлық құқықтың немесе басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін қатынастар.

Қазіргі таңдағы аграрлық саясатты іске асыру үшін маңызды орын алатындар құқықтық институттар, аграрлық қатынастарды регламенттеуге көмектесушілер постулаттар болып табылады. XX ғ. 60-70 ж. ж ауылшаруашылық құқығының қалыптасуы кеңестік заң әдебиеттерде өшпес тарих қалдырды. Нарықтық қатынастарға көшу аграрлық құқық ғылымда жаңа мәселелер қойып, аграрлық құқықтың пайда болуына үлкен талқылауға әкеп соқтырды. Казіргі таңда аграрлық құқықтар істен шығып, ол тек кәсіпкерлікке ғана пайдаланыла алады деген тұжырым көп айтылады. Теориялық сұрақтардың мәнін ашып, түсіну үшін қазіргі таңдағы аграрлық құқықтың мәні мен рөлі қандай екенін аңғару керек.

Аграрлық-құқықтық реттеудің негізіне ауыл шаруашылығымен байланысты жиынтық қатынас жатады. Жер қатынастарынан басқа, бұл жерде экономиканың аграрлық секторындағы кәсіпкерлік қызметтен басқа сфераларды реттеу, айтатын болсақ отарлы мал шаруашылығы, селекциялық қызмет, бал ара шаруашылығы кіреді. Қазіргі Қазақстан Республикасының аграрлық-құқықтық доктринасы отандық аграрлық өндірістің дамуына қолайлы қызмет жасау позициясын ұстанады және бұл осы салада бірден қалыптасқан жоқ. Осы шарада құқықтық нормалар, ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді регламенттейтін аграрлық заңға енді, бұл аграрлық құқықтық реттеудің ашықтылылығын көрсетеді. Мысалы осыған мемлекеттік астық ресурсын құруды, азық-түлік қауіпсіздікті, мал дәрігерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық нормаларын жатқызуға болады.

Аграрлық-құқықтық реттеудің таралу аймағын анықтау мақсатында, ауыл шаруашылық қызметі нені білдіретінін біліп алу керек.

Заманауи зерттеуші М. Лалиганның ойы бойынша осы салада бірегей құқық құруға мынадай жағдайлар тосқауыл болады: ауыл шаруашылық секторының бірдей емес сипаты, ауыл шаруашылық қызметі ұғымының нақты анықталмауы, өзіне өндірістік, қайта өңдеу және кейбір өнімдерді сатуға шығаруды қосуы [5] . Мысалға: Француздық аграрлық кодекс мынадай құрылымда болады ол азаматтық, әкімшілік, қылмыстық және басқада дәстүрлі салада құқықтық нормалар, мына обьектілерге қатысты: 1) жер құрылысы, 2) жануарлар мен өсімдіктер, 3) аңшылық пен балық аулау, 4) ауыл шаруашылығындағы маманданған ұйымдар, 5) ауыл шаруашылық кредиттер, 6) ауыл шаруашылық жалдау, 7) әлеуметтік сұрақтар, 8) ауыл шаруашылығында қайта даярлауды ұйымдастыру[6, 82б] .

Л. Қ. Еркінбаеваның пікірінше, аграрлық қатынастардың құқықтық реттеу обьектісі болып аграрлық өндіріс сферасындағы туындайтын қатынастарды айтуға болады [7] .

Көптеген ғалымдардың ойы бойынша аграрлық қатынастардың құқықтық реттеу пәні болып, ауыл шаруашылығы қызметі сферасында болатын қатынастарды жатқызады, яғни кең мағынада қарастырады.

Сонымен Н. Н. Веденин мынаны атап өтеді: ең алдымен, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, оны қайта өңдеу және сатудың негізінде пайда болатын қатынастар. Осы қатынастардың негізі болып ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудегі қоғамдық қатынас, аграрлық өндіріске материалды-техникалық базаны жасау, оның өндірістік-техникалық қызмет көрсетуі де, аграрлық құқықтың пәні болып табылады [8] .

С. Т. Культелеев «Аграрлық құқық пәнінің негізі болып аграрлық заң табылады» деп айтады [9] .

Бүгінгі күнде аграрлық құқықтық реттеу саласы аграрлық өндіріс сферасындағы ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілердің қатынасын ғана емес, онымен байланысты басқада қатынастарды реттейді.

Г. Е. Быстров, М. И. Козырь және басқалар аграрлық құқықпен реттелетін басқада қатынастарға, «ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен және тұтынушулық өнімді өндірумен айналысатын өзіндік кәсіпорындар мен қожалықтардың қызметін атайды» [10] .

В. Н. Яковлев аграрлық құқық қатынастарының пәніне аграрлық қызмет көрсетуді жатқызады [11] .

Ал Л. Қ. Еркінбаеваның пікірінше, аграрлық қызмет көрсетудің барлық қатынастары аграрлық құқық пәніне жатқызуға болмайды. Мысал келтіретін болсақ, аграрлық құқық пәніне ауыл шаруашылығы техникасын, минералды тыңайтқыштар өндіру қатынастары жатпайды. Бірақ ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу қатынасы жатады [7] .

С. Т. Культелеев мынаны атап өтеді:аграрлық құқық пәнінің маңызды құраушы элементі болып ауылдың әлеуметтік сферадағы қатынасы [9] .

Біздің ойымызша аграрлық құқық пәнінің сыныпталуы өзгеріп тұруы қажет. Дәстүрлі түрде аграрлық құқықтың пәнін құрайтын, негізінде төрт топ қатынасын бөліп көрсетеді-жер, мүлік, ұйымдық-басқару және еңбектік қатынастар.

Сонымен қатар, қазіргі кезде келесі топ қатынастарын бөліп көрсету керек - қаржылық, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің құқығы мен қажеттіліктерін қорғау қатынастары, ауыл шаруашылығында қоршаған ортаны қорғау қатынасы.

Сонымен, аграрлық қатынастарға:

  • ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін, оны қайта өңдеумен және сатумен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілер қатынасы және олармен ауыл шаруашылығы үдерісінде (жер, мүлік, ішкі ұйымдық-басқару, еңбек, экологиялық) пайда болатын басқада қатынастар;
  • аграрлық өндірісті реттеудің қатынасы(ішкі ұйымдық-басқару, қаржылық, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілердің құқығы мен қажеттіліктерін қорғау қатынастары) [7] .

Аграрлық қатынастың не екенін анықтап алғаннан кейін аграрлық құқықтық қатынас ұғымына нақты мағына берелік. Ол үшін аграрлық қатынас пен аграрлық құқықтық қатынастың бір- біріне қатынасын зерттеп алу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық құқық
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
Агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық экономикасы
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мүмкіндіктері
Қазақстандағы аграрлық құқық
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz