Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру


ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес факультеті
Қаржы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНДЕГІ ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Орындаушы
Ғылыми жетекші
аға оқытушы
Норма бақылаушы
аға оқытушы
Кафедра меңгерушісі
Қорғауға жіберілді э. ғ. к., доцент
Алматы, 2010
Реферат
Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтың дамыған кезінде еліміздегі екінші деңгейлі банктерінің қолма-қолсыз есеп айырысу нысандарын және ол бойынша мәселелерді көрсету мен мәселелердің шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі - банк жүйесі дамыған кез келген мемлекеттің шаруашылық, қаржылық, конверсиондық, валюталық және тағы да басқа операциялары бойынша жүргізіліп келген есеп айырысулар қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында жүргізілуге бағытталуда және жүргізілуі тиіс.
Нарықтық экономиканың өміршеңдігі қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің жағдайымен анықталады. Мұндай есеп айырысу төлемдер аз уақыт ішінде және тиімді жолмен жүргізілу керектігімен сипатталады.
Қолма-қолсыз есеп айырысудың дамыған жүйесі - төлем жүйелерін кейінгі жылдары Ұлттық Банк, олардың тиімді және тұрақты жұмысын қаматамасыз ететіні, сонымен қатар төлем жүйелері әлемдік іс-тәжірибедегі соңғы жетістіктерге сәйкес тиісті ақпарат технологиясымен және техникалық жарақтандырумен қаматамасыз етілетілуіне бағытталып отыр.
Қолма-қолсыз төлем жүйесінің мәселелерін шеудің негiзгі бағыттары мен тетiктерi:
- Қазіргі қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің мәселелерін ерекшелігі болып - өңдеудің әр түрлі кезеңдерінде құжаттардың өту процесінің автоматтандырылуы;
- Төлем карточкаларын Қазақстан Республикасының барлық аумағында Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесi шеңберiнде ендiрудi және пайдалануды қамтамасыз ету үшiн нақты микропроцессорлық төлем карточкасын қандай банк шығарғанына қарамастан, микропроцессорлық төлем карточкаларын жаппай пайдалану үшiн тиiстi жағдайлар жасау және инфрақұрылым құру қажет;
- Электронды ақшалармен есеп айырысуды кең қолдану, банктік қызметтерді әрі қарай автоматтандыру мен компьютерлендіру банкаралық клирингтерді өндіру;
Қорыта келгенде, қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдығына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 6
1 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің төлем айналымында қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын ұйымдастырудың теориялық негіздері . . . 8
1. 1 Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысу ерекшеліктері мен нысандары . . . . . . ……8
1. 2 Қолма-қолсыз есеп айырысу түрлерінің коммерциялық банктерде жүргізілу ерекшеліктері . . . …… . . . 14
2 Қазақстан Республикасында қолма-қолсыз есеп айырысу нысандарына талдау жасау («Қазақстан Халық банкі» АҚ тәжірибесі негізінде) . . . 29
2. 1 Қазіргі кезде еліміздің қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесіне талдау…… . . . . . . . . … . . . 29
2. 2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның тәжірибесі негізінде қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлерінің дамуына талдау жасау . . . …. . …45
3 Қазіргі кездегі қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің жетілдіру жолдары мен даму болашағы . . . 61
3. 1 Нарықтық қатынастар жағдайында қолма-қолсыз есеп айырысуды жүзеге асырудың бағыттары . . . . …. 61
3. 2 Қазақстан Республикасында қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің жүзеге асу мәселелері мен оны шешу жолдары . . . . …. . 74
Қорытынды. . . . . . . …81
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … . . . ……… . . . ……… . . . …. ……. . …. 83
Қосымшалар
КІРІСПЕ
Банктер - нарықтық құрылым жүйесінің орталық тізбегінің бірі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы - нақты нарықтық механизмді құрудың керекті шарты. Экономикалық қайта құру банк жүйесін реформалаудан басталды. Бұл қазір де даму үстінде. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2010 жылғы халыққы жолдауы «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталып, онда еліміздің экономикасын дамыту мен жаңа мүмкіндіктер жасаудың жолдары қарастырылған.
Екі деңгейлі банк жүйесі халық шаруашылығының қызметін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Есеп айырысу, салым, несие және басқалай операцияларды жүзеге асыра отырып банктер қоғамға қажетті қызметтерді атқарады. Сонымен қатар, басқа коммерциялық кәсіпорындардың қызметі сияқты банк қызметі де көптеген тәуекелдерді бастан кешіреді және сондықтан көптеген елдерде бұл қызмет кәсіпкерліктің ең көп реттелетін түрі болып есептеледі. Ал, реттеу Ұлттық банк жүйесінің құрылу ерекшелігін сипаттайтын ұлттық ерекшеліктерге ие.
Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі - қолма-қолсыз ақша айналымымен жалпылама реттеледі және банктік қағидалармен жүзеге асатын жүйені білдіреді. Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру мен жүргізу клиенттерге банктік қызметтер көрсету мен банктердің комиссиондық операцияларын жүргізумен жүзеге асырылады. Аталған функциялардың орындалуы, біріншіден, банк шоттарында шаруашылықтардың, мемлекеттің және халықтың бос ақша қаражаттарын сақтаумен байланысты. Есеп айырысудың кең дамуы қолма-қол ақша қозғалысы саласын айтарлықтай шектеуге жол ашады. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді нысандарын енгізу төлемдердің жеделдігін арттыруға және есеп айырысуда ақша қаражаттарының айналымдығын тездетуге көмектеседі, нәтижесінде банктік ақша айналымы жылдамдатылады. Банктердегі қолма-қолсыз есеп айырысудың мәні - шаруашылықтардың қор айналымдылығын жүргізуде және шаруашылық келісімшарттарының аяқталуында болып табылады.
Барлық коммерциялық банктер қолма-қолсыз айналымға сол коммерциялық банктегі шоттарында өз қаражаттарын сақтаушы шаруашылық органдары және халықты несиелеу процесінде төлем қаражаттарын эмиссиялайды. Екінші деңгейлі банктер жүргізіп жүрген қолма-қолсыз есеп айырысулар, банктің ресурстарын өсіреді, бос ақша қаражаттарын экономиканың және халықтың қажеттіліктерін несиелеуге жұмсай отырып көлемін арттырады. Осыдан келіп, есеп айырысуларды банктердің рөлі үлкен деген тұжырым дәлелденеді, себебі олардың нақты және тиімді жұмыстарынан халық шаруашылығының қалыпты дамуы іске асады.
Нарықтық экономиканың өміршеңдігі қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің жағдайымен анықталады. Бұл жолмен есеп айырысқанда төлемдер максималды аз уақыт ішінде жүргізілу керектігімен сипатталады. Қолма-қолсыз есеп айырысулар процесінде белгілі бір қатынастардың пайда болуына алып келеді. Есеп айырысу құжаттары және клиенттер мен кәсіпорындардың банктік шоттары арқылы қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің негізі құралады. Дипломдық жұмыстың мақсаты - нарықтың дамыған кезінде еліміздегі екінші деңгейлі банктердің есеп айырысу нысандарының жүргізілу ерекшеліктері мен сол операцияларды жүргізуі барысындағы мәселелерді көрсету мен мәселелердің шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Аталған мақсатқа сәйкес, дипломдық жұмыстың келесідей міндеттері алға қойылған:
- Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінде төлем айналымында қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын ұйымдастырудың теориялық аспектілерімен таныстыру;
- Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысу ерекшеліктері мен нысандарын көрсету;
- Қазақстан Республикасында қолма-қолсыз есеп айырысу нысандарына талдау жасау;
- «Қазақстан Халық банкі» АҚ тәжірибесінде қолма-қолсыз есеп айырысудың түрлері мен даму көрсеткіштеріне талдау жасау;
- Нарықтық қатынастар жағдайында қолма-қолсыз есеп айырысуды жүзеге асырудың бағыттарын көрсету;
- Қазақстан Республикасы қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің жүзеге асу мәселелері мен оны шешу жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі - банк жүйесі дамыған кез келген мемлекеттің шаруашылық, қаржылық, комиссиондық, валюталық және тағы да басқа операциялары бойынша жүргізіліп келе жатқан есеп айырысулар қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында жүргізілуде және жүргізілуі тиіс. Алғашқысын тұжырым, кейінгісін қағида ретінде қарастыруға болады. Тұжырымның өзектілігі қолма-қолсыз есеп айырысудың қолданылуы тиімді, жылдам әрі ыңғайлы. Келесі қағида - бұл еліміздің есеп айырысу саласындағы заңнамалық актілерінде кеңінен көрініс табады. Демек, оның өзіне тән себептері бар. Негізгі себеп - жеке және заңды тұлғалардың шоттарының қозғалысын бақылау арқылы салық жүйесінің де кең дамуына жол ашу. Яғни салықтық міндеттемелерін дер кезінде төлеу мен салықтан жалтару фактілерінің болмауын қадағалау. Сондықтан қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің өзектілігі тек қана банк және қаржы секторы үшін ғана емес, сонымен қатар, салық жүйесі үшін де маңыздылығы жоғары болып табылады.
Дипломдық жұмыста Мақыш С. Б., Сейітқасымов Г. С., Хамитов Н. Н. және тағы басқа отындық ғалымдардың банк ісі саласы бойынша шығарған оқулықтары, оқу құралдары, практикумдары және мақалалары қолданылды. Сонымен қатар, шетелдік Лаврушин О. И., Коробова Г. Г., Тавасиев А. М. секілді ғалымдардың оқулықтары мен оқу құралдары қолданылды.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үш тарау және тақырыптардан тұрады.
1 Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің төлем айналымында қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. 1 Коммерциялық банктердің қолма-қолсыз есеп айырысу ерекшеліктері мен нысандары
Банк жарғылық капиталын және материалдық базасын құрып болғаннан кейін ғана банктік операцияларды орындай алады. Алайда көрсетілген қызметтерден пайда алуы үшін меншікті қаражаттары жеткіліксіз болып, банк қосымша қаражаттар тарту бойынша тиімді жолдарды қарастыруы тиіс. Қолма-қолсыз есеп айырысулар қолма-қолсыз ақша қаражаттарын банктердегі шоттарда сақтауды қажет етеді және заңды тұлғалардың есеп айырысуының негізгі жүйесі болып табылады. Банк өзінің активті операцияларын жүргізу үшін қосымша қаражаттарды ала алады, себебі шоттарында үнемі қаражаттардың қандай да бір қалдығы қалып отырады. Және осы операцияларды жүзеге асырғаннан кейін көрсеткен қызметтері үшін белгілі бір комиссиялық табыс пен қосымша сыйақылар алады [1] .
Нарықтық экономиканың өміршеңдігі қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің жағдайымен анықталады. Бұл жолмен есеп айырысқанда төлемдер максималды аз уақыт ішінде жүргізілу керектігімен сипатталады. Қолма-қолсыз есеп айырысулар процесінде белгілі бір қатынастардың пайда болуына алып келеді. Есеп айырысу құжаттары және клиенттер мен кәсіпорындардың банктік шоттары арқылы қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің негізі құралады.
Қолма-қолсыз есеп айырысуды құру процесінде маңызды мәнге оны ұйымдастыру әдістері ие болады, оларға келесілерді жатқызуға болады:
- Банк клиент шоттарынан қаражаттарды басып қалуды тек клиент рұқсаты болған кезде ғана жүзеге асыра алады;
- Есеп айырысу нысанын клиент өзі таңдауға және аударушы мен ақша алушының келісім-шартына тіркеуге құқығы бар;
- Есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, клирингтік орталықтар немесе банктердің корреспонденттік шоттары арқылы жүргізілуі мүмкін;
- Есеп айырысулар бойынша ақша аударушы мен алушы арасындағы қаражаттар бойынша өзара келіспеушіліктер банктің қатысуынсыз белгілі бір ретпен жүргізуді рұқсат етеді;
- Қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын жүзеге асыру кезіндегі жіберілген қателіктер банктердің жауапкершіліктері арқылы қарастырылады [2] .
Қолма-қолсыз есеп айырысу айналымы белгілі бір қағидалардың негізінде ұйымдастырылады.
Бірінші қағида - есеп айырысуды және төлемдерді жүргізудің құқықтық режимі - қазіргі замандағы қоғамның негізгі элементі ретіндегі төлем жүйесінің рөлімен шартталған. Нарықтық айналым табиғаты бойынша әр түрлі міндетті қатынастардың жиынтығын көрсетіп, қарызгердің кредитордың пайдасына белгілі бір міндеттемелерді орындауымен байланыстырылады. Кәсіпорындардың, жеке тұлғалардың, мемлекеттердің міндеттемелерін орындауы төлем жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Кейбір әдебиеттерде қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі - бұл ақша қаражаттарының қозғалысы емес, ол ақшалай міндетемелердің қозғалысы деген позициялар ұсталынуы осыдан. Сондықтан, клиенттің банкке талаптары оның есеп айырысу шотында көрініс табады. Есеп айырысу қарым қатынасының күрделілігі мен маңыздылығы - оларды реттеудің салдарын бірыңғайландырудың қажеттілігімен анықталады. Яғни оның барысында заңдар мен заңнамалық актілердің кешені (Президент жарлықтары, Үкімет жарғылары), сонымен қатар, реттеу қызметтерін орындау тапсырылған мемлекеттік органдар нормативтік актілері де жатады. Халықаралық есеп айырысулардың дамуы сыртқы экономикалық әрекеттердің либерализациялануымен байланысты, сәйкес келуші конвенциялар мен нормативтік актілердің қолдану қажеттілігімен шартталады. Осымен байланысты, атап өту қажет, ХХ ғ басында неміс экономисі Г. Кнапп ақшаны тек төлем құралы ретінде қарастырып (басқа функцияларын ол мойындамады), соның ішінде мемлекеттік билік пен құқықтың өнімі екенін көрсетті. «Ақшаның болуы, - деді ол, - белгілердің материалы емес, оларды тұтынудың құқықтық нормаларында». Есеп айырысуларды реттеудің басты заңнамалық қайнар көздеріне : «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 30 наурыз 1995 ж; «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы » Заңы 31 тамыз 1995 жылы жарық көрген; «Қазақстан Республикасында вексель айналысы туралы » Қазақстан Республикасы заңы 28 сәуір 1997 ж қабылданған; «Валюталық реттеу және бақылау туралы» Қазақстан Республикасының заңы 18 желтоқсан 2005 жылы қабылданды; «Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы 1998 жылы 29 мамыр. [ 3]
Екінші қағида - есеп айырысудың банктік шоттар арқылы жүргізілуі. Бұл қағида төлемді төлеуші үшін де, алушы үшін де өте маңыздысы болып табылады. Банк пен клиент арасында есеп айырысу операциясы жүргізілу үшін банктік шоттың келісімшарты жасалады - өзіндік екі тараптық (қатысушылардың құқықтары мен міндеттері қарастырылған) азаматтық құқықтық келісімшарт.
Үшінші қағидасы - өтімділікті белгілі бір деңгейе сақтап тұру, ол төлемдердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бұл қағиданың сақталуы - міндеттемелердің нақты орындалуының кепілі. Барлық төлеушілер (кәсіпорын, банк және т. б. ) түсімдерді, шоттан ұстап қалуларды жоспарлап, қарызды, міндеттемелерді өз уақытында орындау мақсатында, жеткіліксіз ресурстарды табуды қарастыруы маңызды.
Төртінші қағида - төлеушінің төлеуге акцептінің (келісімінің) болуы. Бұл қағида мыналарды қолдану жолдарымен іске асырылуы мүмкін:
- Сәйкес келетін төлем құралдарымен (чек, жай вексель, төлем тапсырмасы) ;
- Немесе құжаттардың арнайы акцептімен.
Бесінші қағида - төлемнің мерзімділігі - нарықтық экономиканың ең негізгі мәнін ашушының бірі болып табылады. Бұл қағиданың мәні - тауарларды, қызметтерді өндіруге үздіксіз шығысталып отырған қаражаттар сатып алушылардың төлемдерді мерзімінде төлеп отыруы есебінен жүзеге асырылып отырылуы тиістігінде болып табылады. Төлемдерді төлеудің тоқтап қалуы - қаражаттардың айналымын бұзуға алып келіп, соңында төлем дағдарысына әкеп соқтыруы мүмкін. Мерзімділік қағидасының мәні тек қана төлемдердің уақытылы және толық төленіп отырылуында емес, сонымен қатар, банктің есеп айырысу операцияларын жүргізу қызметтерінің уақыт ұзақтығында да көрініс табады.
Алтыншы қағида - есеп айырысудың дұрыс жүргізілуінің қадағалануын барлық қатысушылар өзіндік бақылап отырулары тиіс.
Жетінші қағида - келісім-шарттағы шарттарды орындамағаны үшін мүліктік жауапкершілік [3] .
Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл банктегі шоттар жазбалары арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысулар болып табылады. Мұнда ақша төлеушінің шотынан ұсталып, жабдықтаушының шотына аударылады. Белгілі бір уақыт аралығында жүргізілген қолма-қолсыз есеп айырысулардың жиынтығы қолма-қолсыз төлем айналымын құрайды.
Қолма-қолсыз есеп айырысулардың қатысушылары болып заңды және жеке тұлғалар танылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне байланысты, заңды тұлғалар арасындағы және жеке тұлғалар қатысатын есеп айырысулар көптеген жағдайларда қолма-қолсыз түрде жүзеге асырылуы тиіс. Осы заңнама бойынша, кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларды банктер, ал банктер арасындағы есеп айырысуларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізуі нұсқауланған.
Қолма-қолсыз есеп айырысулардың экономикалық мәні келесідей:
- Қаражаттардың айналымдылығын және төлемдерді жүргізудің жылдамдығы;
- Қолма-қол ақша көлемінің қысқаруы мен оның айналымымен байланысты шығындардың төмендеуі;
- Банктегі шоттағы қаражаттардың аккумуляциясы;
- Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктері оларды бақылауға ыңғай тудырады, мысалы, қолма-қолсыз есеп айырысуды қолданғанда салықтан жалтару фактілерінің азайғандығы қарастырылған. Қолма-қолсыз айналымның ақшалай қаражаттары айтарлықтай спецификаны құрайды [4] .
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ерекшеліктері:
- Қолма-қол ақшамен есеп айырысуда төлемді төлеуші мен алушы - екі тарап қатысса, қолма-қолсыз есеп айырысуда үш тарап: төлем төлеуші, алушы және банк қатысады, яғни ол төлеуші мен алушының шоттар жазбаларындағы өзгерістерден көрініс табады;
- Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға қатысушылар банкпен несиелік қарым-қатынаста болады. Бұл қатынастар осы есеп айырысуға қатысушылардың шотындағы қалдық сомаларынан көрініс табады. Мұндай несиелік қатынас қолма-қол ақшамен есеп айырысуда болмайды;
- Бір тарапқа тиесілі ақшаны ұстап, оны келесісіне аудару олардың шоттарындағы жазбалар арқылы іске асырыла отырып, нәтижесінде, банк пен осы операцияға қатысушы арасындағы несиелік қатынастар өзгеріп отырады. Басқа сөзбен айтқанда, мұнда ақшаның көмегімен несиелік операция жүзеге асырылады [5] .
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың кең таралуы мен белгілі бір дәрежеде дамуы, төлемдерді ақша қаражаттар айналымының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін нарықта әр түрлі бағалы қағаздардың қолданылуын да қамтамасыз етеді. Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақша арасында тығыз байланыс бар. Мысалы, қолма-қол ақша банктегі белгілі бір шотқа салу барысында қолма-қолсыз ақшаға айналады, керісінше, банктегі шоттан белгілі бір қалдықты қолма-қол ақшамен алу барысында ол қаражат қолма-қол ақшаға айналады.
Сонымен, банктің есеп айырысу операциялары екі формада жүзеге асырылады: қолма-қол ақшалар және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі - қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне немесе банктің комиссиондық операцияларына байланысты.
Аталған қызметтің орындалуы, ең алдымен, банктік шоттарда шаруашылықтың, мемлекет пен халықтың бос ақшалай қаражаттарын шоғырландыру және сақтаумен байланысты. Коммерциялық банктер әр түрлі шоттар ашады: есеп айырысу, ағымдық, дербес, депозиттік, контрокорренттік және т. б.
Бұндай шоттар заңды және жеке тұлғалар үшін ашылады. Клиенттер тапсырмасы бойынша банк қызметкерлері сәйкес төлем құжаттары негізінде клиент шотына төлем құжаттарында көрсетілген соманы есептейді немесе шегереді. Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл банктік айналым ақшаларының қозғалысы, яғни ақшалай қаражаттар сомасын шаруашылық органдарының шоттары бойынша (олармен міндеттемелерін төлемдер бойынша орындау тәртібіне сәйкес) жазба түріндегі аударымдары [6] .
Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айрысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдығына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді. Қолма-қолсыз есеп айырысу «зат алмасуда» халық шаруашылығы шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығы мен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады. Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынады, олар шаруашылық органдарының қорларының айналымына және шаруашылық мәселелердің аяқталуына көмектеседі.
Қолма-қолсыз есеп айырысу - бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принциптерінің, оларға қойылған талаптардың жиынтығы. Есеп айырысудың принципі анағұрлым тұрақты, өзгермейтін болып келеді. Есеп айырысуға қойылатын талаптар экономиканы басқару әдістерінің дамуы мен жаңғыруына байланысты өзгеріп отырады. Ал есеп айырысу формасы мен әдістері осы талаптарға сай болып, олардың өзгерістеріне бейімделіп отыруы керек.
Барлық коммерциялық банктер халықтар мен шаруашылық субъектілерді несиелеу процесінде қолма-қолсыз ақша айналымы төлем құралдарын эмиссиялайды, ал олар (шаруашылық органдар мен халықтар) өз кезегінде өз қаражаттарын сол банктегі шоттарда ұстайды. Банк арқылы өтетін қолма-қолсыз есеп айырысу оның ресурстарын көбейте отырып, есеп айырысудағы бос ақша қаражаттары экономиканы және халықты несиелендіру қажеттіліктеріне шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу шаруашылық огандардың өзара бақылауына және банктердің өндіріс процесіне, тауар айналымына белсенді қатысып, әсер етуіне мүмкіндік береді. Банк шаруашылық органдарының төлем тәртібін, ол төлемдерді уақытында төлеуін мұқият бақылайды және төлемеудің себептерін талдайды. Төлем тәртібін бұзғаны, оны уақытында төлемегені үшін банк экономикалық санкциялар қолданады.
Қажет жағдайда, шаруашылық жүргізуші орган банктен уақытша несие ретінде қаржылық көмек алып, пайда болған талаптар бойынша төлемсіздік мөлшерін азайта алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz