Қазақ халқының дәстүрлі күй өнері



КІРІСПЕ
I тарау Қазақ халқының дәстүрлі күй өнері
1.1. Қазақ халқының дәстүрлі күй өнерінің таралуы, оның жанрлық ерекшеліктері және жергілікті орыдаушылары
1.2. Қазақ домбырасының түрлері және оның таралуы
II тарау Дәстүрлі музыкалық өнерінің кеңістікте таралу картасын құрастыру және жобалау
2.1. Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерінің кеңістікте таралу картасын құрастыру.
2.2. Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық өнерінің кеңістікте таралу картасын құрастыруға қолданылған картографиялық әдістер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақтың күйі - екі ішекті философия. Қазақтың күйі бұл дүниежүзілік музыкалық әдебиетіндегі таңғажайып құбылыс, ол ерекше тарихи-әдеби жағдайда қалыптасып, өмірге ерекше көзқарасын сақтады. Домбраның күйлері-қазақ музыкалық дамуының ең биік шыңы. Көптеген домбрашы-күйші ұрпақтың, дарындардың шығармашылық еңбегінің арқасында, мыңдаған күйлер шығарылып, олар ғасырларға сақталып, бүкіл қазақ жанының бітім-болмысын толық бейнелейді.
Көшпелілер үшін өнер тек қана рухани-эстетикалық ләззат беріп қоймаған, сонымен бірге ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге қолқанат болып, саяси-әлеуметттік мәcелелерді шешудің құралы бола да білген. Өнер- көшпелілердің өмір реттеушісі. Сондықтан да, дала тұрғындары «Өнер алды-қызыл тіл»деп, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешсе, туғаннан өлгенге дейін ажырамас серігі ән мен күй болып (Абай), бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінген (Г.Н.Потанин).
Қазақ халқының мол дәстүрлі музыкалық мұрасы карта бетіне түсірілмеген соң, мен өз жұмысымда осы бағытқа, оның ішінде XIX ғ күй өнеріне көңілімді бөлдім. Себебі ұлттық дербестіктен айрылған ел Патшаға, сұлтандарға деген көзқарасы, көңіл-күйі, жалпы фольклорлық аңыздарда, оның ішінде күй аңыздарында тайға таңба басқандай сайрап жатыр. Содан да болу керек, бұл кезеңде туған күйлер де, күй аңыздары да ерекше молдығымен, тақытыбының әруандылығымен, оқиғасының деректілігімен назар аударады. Әсіресе, күйлердің әуен-сазының мейлінше шыңдалған кәнігі деңгейін айрықша атап өту керек. Бұл кезеңде Байжігіт, Боғда, Құрмаңғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Сейтек сияқты оңдаған дәулескер күйшілер қазақ музыкасының ұлттық тілін біржолата орнықтырып, жалпы адамзаттық рухани феномен деңгейінде танылды. Егер әрбір халықтың жалпы адамзат мәдениетінің дамуына қосқан рухани үлесімен өлшенер болса, онда қазақ халқының ешбір ұялмай бетке ұстар музыкалық мұрасы болса керек. Бұл орайда әсіресе осы ғасырдағы қазақ музыкасы бойын түзеген арудай сыланып шыға келді де, өзіне бұрыңғы-соңғы ғасырларды тәнті еті, мәңгі ару күйінде қалып қойды.
Ол ару тек тарихта ғана емес, кеңістіктеде орынға ие. Нақ осы кеңістіктегі қазақ дәстүрлі музыкалық өнерінің таралуын картада, картографиялық әдістерді қолдана отырып жасалды. Яғни карта бетінде дәстүрлі күй мектептері, домбыра аспабының түрлерін және олардың мүмкін таралу аймағын көптеген картогафиялық әдістер көмегімен іске асырдым.
1. Казахская традиционная музыка и XX век. Алматы,2002. 288, 295,325 б
2. Күй шежіресі. Құр. Тарақты Ақселеу, Алматы 2001, 408, 409 б
3. Күй қайнары (қобызға,сыбызғыға,домбараға арналған күйлер). Құр. А. Райымбергенов, С. Аманова. Алматы,1990 жыл. 37, 46, 60 б
4. Қазақтың күй өнері. Құр. Ақселеу Сейділбек, Алматы 2002. 466, 626, 628б
5. Жетісудың күйлері. Құр. Мүлтеков Б, Медеубекұлы С. Алматы, 1998. 8, 9 б
6. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі. Алматы 1998, 193-бет
7. Затаевич А.В 500 казахских песен и кюев, 1931 Алма-ата, 185 б
8. Ерзакович Б, Қоспақов А. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. Алматы, 1986
9. Аравин, Ерзакович. Қаазақстан музыка мәдениеті. Алматы, 1957
10. Жұбанов Қ. Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы. Алматы, 1986
11. Қазақтың музыкалық аспаптары. Құр. Болат Сарыбаев. Алматы,1981 116, 118, 119, 120, 122 б
12. Салищев К. А. Картоведение. Москва,1976. 82, 88, 103, 51, 109 б
13. Билич Ю. С, Васмут А. С. Проектирование и составление карт. Москва, 1984. 240, 242 б
14. Берлянт А. М. Картография. Москва, 2003

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Егер белгілі бір елді басқарудың жай-жапсарын
білгің келсе, сол елдің тәртіп тағылымын танымақ
болсаң, онда музыкасына құлақ түр
(Конфуций, б. з. д. II ғ.)

Қазақтың күйі - екі ішекті философия. Қазақтың күйі бұл дүниежүзілік
музыкалық әдебиетіндегі таңғажайып құбылыс, ол ерекше тарихи-әдеби жағдайда
қалыптасып, өмірге ерекше көзқарасын сақтады. Домбраның күйлері-қазақ
музыкалық дамуының ең биік шыңы. Көптеген домбрашы-күйші ұрпақтың,
дарындардың шығармашылық еңбегінің арқасында, мыңдаған күйлер шығарылып,
олар ғасырларға сақталып, бүкіл қазақ жанының бітім-болмысын толық
бейнелейді.
Көшпелілер үшін өнер тек қана рухани-эстетикалық ләззат беріп
қоймаған, сонымен бірге ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге қолқанат
болып, саяси-әлеуметттік мәcелелерді шешудің құралы бола да білген. Өнер-
көшпелілердің өмір реттеушісі. Сондықтан да, дала тұрғындары Өнер алды-
қызыл тілдеп, ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен шешсе, туғаннан өлгенге дейін
ажырамас серігі ән мен күй болып (Абай), бүкіл қазақ даласы ән салып
тұрғандай көрінген (Г.Н.Потанин).
Қазақ халқының мол дәстүрлі музыкалық мұрасы карта бетіне түсірілмеген
соң, мен өз жұмысымда осы бағытқа, оның ішінде XIX ғ күй өнеріне көңілімді
бөлдім. Себебі ұлттық дербестіктен айрылған ел Патшаға, сұлтандарға деген
көзқарасы, көңіл-күйі, жалпы фольклорлық аңыздарда, оның ішінде күй
аңыздарында тайға таңба басқандай сайрап жатыр. Содан да болу керек, бұл
кезеңде туған күйлер де, күй аңыздары да ерекше молдығымен, тақытыбының
әруандылығымен, оқиғасының деректілігімен назар аударады. Әсіресе,
күйлердің әуен-сазының мейлінше шыңдалған кәнігі деңгейін айрықша атап өту
керек. Бұл кезеңде Байжігіт, Боғда, Құрмаңғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей,
Тоқа, Ықылас, Қазанғап, Сейтек сияқты оңдаған дәулескер күйшілер қазақ
музыкасының ұлттық тілін біржолата орнықтырып, жалпы адамзаттық рухани
феномен деңгейінде танылды. Егер әрбір халықтың жалпы адамзат мәдениетінің
дамуына қосқан рухани үлесімен өлшенер болса, онда қазақ халқының ешбір
ұялмай бетке ұстар музыкалық мұрасы болса керек. Бұл орайда әсіресе осы
ғасырдағы қазақ музыкасы бойын түзеген арудай сыланып шыға келді де, өзіне
бұрыңғы-соңғы ғасырларды тәнті еті, мәңгі ару күйінде қалып қойды.
Ол ару тек тарихта ғана емес, кеңістіктеде орынға ие. Нақ осы
кеңістіктегі қазақ дәстүрлі музыкалық өнерінің таралуын картада,
картографиялық әдістерді қолдана отырып жасалды. Яғни карта бетінде
дәстүрлі күй мектептері, домбыра аспабының түрлерін және олардың мүмкін
таралу аймағын көптеген картогафиялық әдістер көмегімен іске асырдым.
Ахмет Жұбанов бастап жазып кеткен халық мұралары халқымыздың кең
даласына орай күй мектептері де әртүрлі болып келеді. Күй қазаққа ортақ,
тек оның орындаушылық машығы, мәнері әртүрлі болады.Батыста бір бөлек
тартылса, Арқада басқа әдіспен ойналады. Бір Батыстың өзінде, Құрманғазы
мектебі бір бөлек, Дәулеткерей мектебі бір бөлек, Абыл, Қазанғап, Дина
мектептері және бөлек қалыптасқан. Арқа күйшілерінің де шертпе
күйлерінің машығы әртүрлі. Тәттімбет бастаған Арқа мектебі жеке-дара
болса, сонау Алтай-Тарбағатай шертпе күйлерінің мектебі бір бөлек. Сүгір
бастаған Қаратау өңірінің мектебі бір бөлек. Жетісу күйшілері және бөлек.
Міне, қазақтың күй өнері осылай бөлінеді. Мұның бәрі нені көрсетеді?
Қазақтың күй өнерінің байлығын, тамырының тереңде жатқанын айқындап тұр.
Кезінде күйді зерттеуші Ахметтің ағасы, тіл білгірі Құдайберген Жұбанов:
Біздің туысқан халықтар, айталық, өзбектерде ән-күй бірге болса,
татарларда ән, күй, би болып, олардың музыкасы әлі синкретизмнен
ажырамаған. Ал біздің өнеріміздің күй, ән болып, жыр, би болып бөлек-бөлек
кетуі өнеріміздің шын мәнінде дамығандығын көрсетеді, – деп жазып кеткен
екен.
I тарау
Қазақ халқының дәстүрлі күй өнері

1.1. Қазақ халқының дәстүрлі күй өнерінің таралуы, оның жанрлық
ерекшеліктері және жергілікті орыдаушылары
Қазақтың аса бай ән-күйі шындықты көркем бейнелеуде адамгершілік
нәзік сипатымен, саф тазалығымен, өмірге құштар көтеріңкі лебімен және
тіршілікпен қойындасып жататын халық жаратылысын ерекше асқақ
адамгершілікпен толаған, терең философиялық синтезге толы әсерге бөлейді-
дейді көрнекті музыка зерттеушісі Б.В Асафьев.
Кез-келген ұлттық музыкалық мәдениетін зертеушілерді бейтарап
қалдырмайтын осы бір пікірдің-музыка да, онымен сабақтасып жатқан күй
аңыздары да халықтың тарихи тағдарымен тамырлас екені саяды.
Көшпелілер дүние тіршілікті рухани игеріп, табиғатпен тіл табусыды
өмір сүрудің тәсілі етті. Орта ғасырдың соңына дейін отырықшыларға
қарағанда көшпелілердің рухы биік, күші басым болып келді. Тек ол ғана
емес, көшпелілер өзінің мәдени-рухани болмысы мен салт-дәстүрін де мейлінше
шыңдап үлгірген еді.
Салт атты көшпелілер өркениетінінң Еуразия ойкуменінде үш мың жылдық
тарихы бар. Бұл орайда, адамзат тарихындағы ең ұзақ базистік өмір салтты,
ең ұзақ формацияны көшпелілер бастан кешті. Мұның өзі ең алдымен біртектес
өмір салтттың тұрақтылығына, соның нәтижесінде шаруашылық-мәдени типінің
шегіне жете шындалуына мұрындық болды. Л.Н Гумилевтың сөзімен айтқанда,
әрі қарай шындауға көнбейтін биікке көтерілді. Кез-келген өркениетті
қоғамның түпкі нәтижесі сол қоғамдағы адам сапасымен анықталатын болса,
көшпелілердің қабілет күші мен ақыл парасатының өзара үндесе кемелденуі,
сөзі жоқ, сол ортадағы өмір салттың әбден реттеле орнығуының нәтижесі еді.
Осы ретте, қазақтың даласын мекендеген номадтардың өнері дүниежүзінің
назарын аударып отыр.[1]
Әсіресе, Затаевичтың зерттеген ән мен күйлері. Себебі, қазақ халқының
музыкалық мұрасы рухани әлеміндегі айрықша құбылыс, қайталанбас дүние.
Шынында да, А. В. Затаевичтің бір ғана Орынбор қаласында отырып (Семей,
Қарқаралы өңіріне аз уақытқа келіп қайтқан), бас-аяғы бес-алты жылдың
ішінде қазақтың екі мыңнан астам әні мен күйін қағазға түсіруі әлемдік
этнография, фольклертану тарихындағы сирек кездесетін бахытты құбылыс. Бұл
туралы француз әйгілі жазушысы Ромен Ролан: музыкалық фольклер жинаудағы
дүниежүзілік рекорд.-деп қайран қалды. Бұл мысалдың екінші қыры бар.
Бүгінгі және болашақ ұрпақ жинаушыға мың алғыс айта отырып, жиналатын
ортаның рухани шүйірлігіне алдымен мән беруі тиіс. Қазақ халқының дыбыстан
жаралғандай әншілігі мен күйшілігі, ән мен күйді қарым-қатынас жасаудың ең
әсерлі құралына айналдырылуы адамның тууынан өлуіне дейінгі аралықтағы
әлеуметтік өнердің барша құбылыстарына ән мен күйдің серік болуы, сөйтіп
тұтас этностың өнер деңгейінде өмір сүруі, міне, бүгінгі- болашақ ұрпақты
таң қалдыратында,ден қойдыратында құдірет осы.
Әрине, адам болған соң,адам қоғамы өркен жайған соң, ол орта өзіндік
рухани үрдістерін тудырмай қоймайды. Мұны бір ғана музыкалық мәдениетке
қатысты айғақтардан айқын аңғаруға болады. Ең байырғы музыкалық белгілер,
биші адамдар бейнесі Ұлытау, Едігетау, Зыңғыртау ішіндегі жартастағы сүлде
суреттерден байқалады
Өнердің кез-келген түрі сол өнерді дүниеге келтірген халықтың тек
тамырымен шеңдесіп жатады. Себебі, нағыз өнер қашанда халықтың мұңын
мұңдап, жоғын жоқтап, сол халықпен бірге күліп, бірге күңіреп отырады. Осы
орайда, өнерді халықтың тағдырымен сабақтастыра зерттеудің, халықтың
этногенезімен байланыста зерттеудің мәні зор. Қазақ даласының шығыстағы кең
көсіліп жатқан Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Сайқан таулы аймағы, Шығыс
Түркістанмен ұласып жатқан Жетісу өңірі исі түркі тілдес халықтардың әу
баста ел болып, еңсе көтерген ел жұрты. Бір кездегі Алтай аясындағы
қағанның ақ шаңқан ордасын күмбірлеткен күйлер кейін Еуропа жерінде
Аттиланың жібек шатырында шалқи естілетін болған.
Жалпы музыка өнеріне, оның ішінде күй өнеріне қатысты айтылған осынау
деректер,түптеп келгенде күй аңыздарының қазақ фольклерында кездейсоқ
құбылыс емес екенін зерделу үшін келтіріліп отыр. Себебі дәстүрлі талғам-
таным бойынша күй мен күй аңызы біртұтас құбылыс. Қазақтың бірде-бір күйі
себепсіз шықпаған. Күйдің шығу себебі сол күйді тартарда күй аңызы түрінде
алдымен ауызша айтылатын болған. Тыңдаушы үшін де, орындаушы үшін де күйдің
ағызын айтып алып,сонаң соң, күйдің өзін тарту біртұтас өнепдің міндетті
компонентттері бплып есептеледі. Демеек, тарихи деректкердің қатысы
күйгеде, күй аңыздарына да бірдей. Келтірілген айғақ мысалдар, сөз жоқ,күй
аңыздарының тарихи деректілігіне ден қойдырады. Алайда, көл-көсір, мол
дерекке жай ғана ден қою, одан әрі көңіл тоғайтын мағұрланумен шектелу-
ғылыми зерде үшін жеткіліксіз.[2]
Енді күй аңыздарын сол деректкермен ұштастыра отырып, тарихи
кезеңдердің саз-сарындарын, күй аңыздарының оқиғаларын және күйші
компмзиторлардың ғұмыр кешкен заманың қаперге алу арқылы күй аңыздарының
тарихи кезеңдерге теліп қарастыруға болады. Сонда ғана күй аңыздарының
тарихи дерек тілігі туралы мәселе өзінің түйінің табады.
Бір ұлттың сөйлеу тілін екінші бір ұлт өкілінің түсіне бермейтіні
сияқты, белгілі бір ұлт музыкасының тілі де өзгелер үшін бар болмысымен
ішін аша бермейді. Белгілі бір ұлттың музыкасы туралы келесі бір ұлт
өкілінің мүлде басқаша жорулар айтатыны әлемдік музыка тарихында жиі
кездесетін құбылыс. Мұның негізгі сыр-себебі музыканың да этникалық тілінің
болатындығында.
Академик А. Жұбанов: Қазақ күйлерінде тақырыпты екі дауыстың бірінде
өткізіп отырып, басқа дауыста остинаттық дыбыс, не ырғақтық жағынан өзгеше
өлшеулі дыбыс беріп отыру филормонияның бастама түрінің элементі, бурдондық
дауыс қос дыбысты полифонияның ұрығы деп есептеуге болады, деп
көрсеткендей.
Кез-келген өнердің өміршең үлгісі әсте шағын ғана орта аясымен
шектелмейді. Шын мәніндегі тамыры терең өнер ұлттың біртұтас рухани
үрдісімен шеңдесіп жатады. әсіресе, аралас-құраласы мол көшпенді өмір
салтты бастан кешкен қазақ халқы өнер дәстүрі мен өнерпаздық мектептері
әсте бір ғана ауылдың немесе бір ғана рудың аясымен тұйықталмаған. Тілі
айқын, дәстүрі дара, бітім болмысы оқшау өнер мектебі қашанда байтақ алапқа
жайылып,бірнеше ру-тайпалардың ортақ рухани игілігі болып табылады. Содан
да болар, қазақтың мейлінше текті музыкалық мектептері- Арқа мектебі,
Атырау мектебі, Алтай мектебі, Жетісу мектебі, Сыр бойы мектебі болып кең
аяда жіктелсе ғана өмір шындығына сай келеді.[3]
Демек белгілі бір немесе күйші-композиторлардың үлгі өнеге алған тегін
теектегенде соңғы тарихи жағдайларға орай қалыптасқан әкімшілік-
территориялық мекендермен шектелу көбінесе қате тұжырымдарға ұрындырады.
Мәселен, Құрманғазыны Жиделіде туылғаны үшін Жиделілік күйшілік мектебін
қалыпиастырушы деп қарастыруға болмайды. Құрманғазының дарын тегеуріні
байтақ Атырау алабының күйшілік мектебіне ықпал еткен немесе Тәттімбет
мұрындық болған өнер мектебін ол дүниеге келген Дастар мен Мыржық тауының
қанжығасынабөктеріп берсе, тарихи ақиқатқа қиянат болар еді. Сол сияқты,
әйгілі Сүгір күйшінің өнерін бір ғана Созақ өңірімен тамырласып
қарастырудың да қисыны жоқ. Шын мәнісіндегі тегеурінді де текті өнер
мектебінің үлгі-өнегесі ауыл арасымен шектелмейді. Сондықтанда,әсіресе,
дәстүрлі өнер үрдістердің тек-тамырына ден қойғанда кейінгі кезеңдердің
әкімшілік территориялық шекарасымен шектелмей, әрбір өнер үлгілердің
дүниеге келген уақытына, сол өнер үлгілерін дүниеге келтірген ортаның
тарихи әлеуметтік ахуалына, өмір салтына мән беріп отырудың маңызы айрықша.
Ғасырлар аясында қалыптасып-сұрыпталған ру-тайпааралық байланыстар мен сол
ру-тайпалардың мекен-тұрағын,көш жолдарын бажайлау арқылы рухани
мәдениеттің де орныққан ортасын,таралған шек-шарасын анықтауға болады.
Қазақтың музыкалық мектептерін Арқа, Атырау, Алтай, Жетісу, Сыр бойы
мектептері деп жіктесек, мұнымыз әсте географиялық ортаның өмір салтымен,
шаруашылыұ-мәдени типімен тікелей тамырласып жатқан үрдістер екенін
аңғартады.
Топоним атаулы жердің тілі ғана емемс, елдің ділімен де үндесіп
жатады. Арқа төсіндегі Қоңырөлең, Өлеңті, Домбыралы, Сарын, Қорқыт көлі,
Жорға, Мұңлы, Тарғылдың тауы, Зыңғыртау, Ақөлең, Дуана, Аңырықай,
Саржайлау, Былқылдақ, Қосішек, Күйтөккен сияқты жер су атауларының қай-
қайсысы да ән күймен сабақтас. ән-күй өмір салтқа айналып, адамдардың
тағдыр- тіршілігімен біте қайнасқан ортада ғана топонимдік айғаққа айналса
керек. Мұндай дәстүрдің ғасырлар қойнауынан үзілмей жеткені күмән
келтірмейді. Қазақ халқы күй ататсы деп Қорқытты атаса, сол Қорқытқа
қатысты аңыз-әңгімелермен топонимдік айғақтардың ең бір байырғы белгілері
Сарыарқаның құба жолдарында сақталған.[4]
Тек XIX ғасырда ғана қазақ музыкасы дем бермеген дін және
дәстүрлердің шынжырларынан босап, сөйтіп дербес көркем шығармашылық ретінде
дамиды. Бұл дәуір қазақ халқы үшін нағыз рухани ренессанс болды. Осы кезде
ақындық, ән-күйлік өнер ерекше дамиды. Қазақтың ұлан ғайыр жерінде
жергілікті шығармашылық композиторлық және орындаушылық мектептері пайда
болады, сөйте тұра әрбір жерде белгілі бір дәстүрдің маманданған түрін
көрсетеді. Батыс Қазақстан аумағы төкпе күйінің орталығы болды, ал Сарыарқа
жері – кәсіпқой әннің орталығы болса, оңтүстік-батыс аймақ, яғни Қармақшы
жері бай жыраулық дәстүрді сақтап,дамытты, ал Жетісу – импровизатор
ақындардың сайысын, айтыс дәстүрін қаймақ майын қалыптастырды. Құрмаңғазы,
Дәулеткерей, Дина, Тәттімбет, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай,
Нартай, Мади, Манап, Мұхит, Абай аттары тек қана қазақ даласында емес,
бүкіл дүниежүзінің музыкалық тарихында жазылған. Олардың шығармашылығы
өздінің жеке даралығымен ерекшеленіп, мінездің образдық құрылымымен және
музыкалық орындау әдістерінің тәсілдерімен ерекшеленіп, қазақ музыкасының
мақтанышына және дәстүрлісіне жатады. Жоғарғы өнерді шығарып және
құдіретті құпияға -музыкаға, қарапайым халықты тартып, олар көзі
тірісінде халық махаббатына бөленіп, әрдайым төрден орын алып отырды. Ең
жоғарғы құрметке сал мен серілер бөленді. XIX ғасырдың кәсіпқой
музыканттарының шығармашылығы,ережеге сай, тек орындаушылық пен
шығармашылықпен шектелмеді,оған сонымен қатар ақындық импровизация,
шешендік өнер, тамаша вокалдық дарын, музыкалық аспапта қайталанбастай
ойнау,театрлық және цирктік элементтерінің болуы,ол өз бетінше қазақ дала
әртістерін Батыс Еуропалық ортағасырлық – жонглерлармен, трубадурлармен,
трувералармен, мейстер мен миннизингирлермен жақындастырады.
Қазақтың күй өнерінде Арқаның күйшілі мектебінің алар орны
айрықша.Шығысы- Тарбағатай сілемдері,батысы- Торғай ойпаты, солтүстүгі-
Сібір алабы, оңтүстігі- Балқаш, Алакөл ойпаты, міне осынау байтақ мекен
ежелден Сарыарқа деп аталатын, сол өңірде қазақ музыкасының арнасы кең.
Айдыны шалқан ұлы дәстүрі қалыптасқан. Қазақ ән өнерінің аспанын биіктетіп,
туын желбіреткен күміс көмей, жез таңдай әнші-сазгерлері дегенде Біржан
сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Естай, Балуан Шолақ, Жарылғапберді, Абай,
Жаяу Мұса, Ғазиз, Иман Жүсіп, Майра, Шашубай, Сегіз сері, Уәйіс сынды бір
туарлар еске түседі. Бұлар қазақ ән өнерінің ажарын келістіріп,дәстүрін
орнықтырып, мазмұнын байытқан ұлы тұлғалар.
Ал егер, Сарыарқаның күйшілік мектебі десе, онда осынау текті өнердің
тамыры одан да әрі тереңдеп, арнасы одан сайын кеңи түсер еді. әрісі орта
ғасырлық Кетбұға, Байжігіт сияқты ұлы күйшілердің басталған ұлы дәстүр
Абылай хан, Жанақ сияқты дәулескер күйшілерге жалғасады. Одан барі қарай
қыдыра шолса, Арқадағы күйшілік дәстүрдің қанаты кең жайылып, Тәттімбет,
Тоқа, Дайрабай, Әшімтай, Қыздарбек, Әбди, Сембек, Баубек, Манарбек, Әбікен,
Мағауия, т. б. болып дәулескер күйшілерге ұласар еді. Бұлардың соңында
қалған ғажайып күйлер әуен-сазы мен тартылу үлгісінің тектестігіне
байланысты халық талғамында Арқаның Күйшілік дәстүрі ретінде орныққан.

Тәттімбет Арғын асқан ардагерім
Қырық түрлі күй тамған
бармағынан

Біржан сал

XIX ғасырдағы ұлт мәдениетінің қайта өрлеу кезеңінде Тәттімбетті ең
жарық жұлдыздарымыздың бірі. Тәттімбет қазақ халқының күйшілік өнерінде күй
тілімен өмір құбылыстарын бейнелеуден гөрі, сол өмір құбылыстары туралы ой
толғап, тұжырым жасау дәстүрін орнықтырған ең ұлы тұлғалардыың бірі
Тәттімбет еді. Оның күйлері нақты құбылыстарынан гөрі ішкі қасиет, фактіден
гөрі постфактум-Тәттімбет шығармаларының ең өзекті сипаты. Бұл орайда,
Тәтттімбетті күйшіліктің философы деуге орынды. Ол тығдаушысын өмірдің
мәніне, тіршіліктің мағынасына ұйыта ден қойдырып, ұдайы биік парасат пен
өрелі кісілікке бастап отырады. Тәттімбет күйлерінің де арқауы өзі өмір
сүрген заман, өзі ғұмыр кешкен орта, өзі білетін ата-бабасының тарихы болып
келеді. Бірақ, мұның бәрін ол құрғақ бейнелеп, жалаң суретттемейді. Ұдайы
өмір құбылыстарының ішіне түсіп, мәні мен мағынасын ашып, өткен туралы,
бүгін тууралы және болашақ туралы тұжырымдар жасап отырды. Қазанғапұлы
Тәттімбеттің туып-өскен ортасы көшпелілердің сан ғасырлық музыкалық
мәдениетінің дәстүрі орныққан, арқауы бекіген, әсіресе, тарихитек тамыры
үзілмеген рухани құнарлы аймақ.
Бұған кесек-кесек үш-төрт айғақ келтіруге болады. Арқаны Сарыарқа
атандырған жатаған ғана сілемді таулары бар. Оның шығысы Қарқаралы, Баян,
Қызыларай тауларымен басталса, батысы Ұлытаумен аяқталады. Ортасында
Балқантау, Кент, Бұғылы, Тағылы, Қызылтау, Ортау, Ақтау, Желтау, Айыртау,
Кішітау, Едігетау деп аталатынбір-біріне иек тірістіретін сілемді таулары
бар. Осы таулардың бәрә шығыстан батысқа қарай созылып, о шеті мен бұ шеті
бес жүз-алты жүз шақырымдық алапатты алып, алып жон арқа,еңселі су айрығы
болып табылады. Сарыарқаның табиғи бітім-болмысы оны қоныс еткен ұрпақтың
тарихи дамуында тек қана көшпелі өмір салтты бастан кешірген алғы шарты
болған. Яғни, кез-келген тарихи әлеуметтік құбылыстың белгілі бір
экосистемамен кіндіктес болатын заңдылығы болатын көшпелілер феноменін де
айналып өтпеген. Бұл орайда, солтүстігі жаз айларында төрт түлігін шүйгінді
өрісі блған, оңтүстүгіндегі Сырдария мен Шуалабы қыс айларында құтты қоныс
болған Сарыарқа салт атты көшпелілер өркениетінің тербеліп өскен алтын
бесігі еді.[6]
Қазанғапұлы Тәттімбет 1815 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына
қарасты Дастар тауының етегінде туған. Осы маңдағы Мананбай Тәттімбет не
бары қырық бес жас ғұмыр кешіп, 1860 жылы дүние салады. Тәттімбет ғажайып
күйлері көзінің тірісінде-ақ Қазақстанның байтақ даласына жайылып үлгірген.
Оның күйлері тек өзінің туып өскен өрісінде емес, алыстағы Алатаудың
бөктерінде, Тарбағатайдың қойнауларында, Ертіс бойында да жайылған.
Күйлерімен қатар осы арада оның әсем өлеңдері, өткір сөздері әркімнің
аузынан естіліп, жазылынып алынып жүр. Тәттімбет творчествосы қазақ музыка
тарихында ерекшк орын алады, қанша уақыт өтсе де, қанша ғасырлар артта
қалса да оның әсем күйлері талай буынның рухани азығы болады ,-деп жазды
академик Жұбанов Ахмет.
Тәттімбет күйлерін алғаш рет қырдың қарапайым қазақтарынан естіп,
нотаға түсірген музыка этнографы А. В Затаевич оны С. В Рахманиновтың, М.
П. Мусоргскийдің шығармаларымен теңеп, қайран қалады.

Қос құрлыққа тел арна болған ару Ақ Жайықты бойлай қоныс тепкен Батыс
Қазақстан облысы бай тарихымен ғана емес халықтық өнердің қайталанбас
тұлғаларын өмірге әкелген өңір ретінде де кеңінен белгілі. Осы өлкенің
масатыдай құлпырған жазира даласы, саяси мол орман-тоғайлары, арналы
өзендері мен айдын көлдері, алтын бұйратты құмы бар табиғаты өз
перзенттеріне өнерлілік қабілет дарытатын болса керек.
Ұлтты ұлт ретінде қалыптастыратын, халықтың атын өшірмей, жер бетіндегі бір
қалтарыста қалдырмай, жалмаңдап келе жатқан жаһанданудан да аман алып
қалатын төл тума мәдениет, яғни тіл, дін, өнер, әдебиет,тағылым алар тарих.

Махамбет Өтемісұлы-
азаттықты көксеген күрескер, қол бастаған батыр,
құдіретті ақын, дәулескер күйші

Өзгенің бәрі қағаз бетінде қалатын өткінші дүние. Жер жаралып, адам
күн кешкеннен бері басынан не өтіп, не кетпеді. Бірақ жоғарыдағы
құндылықтар жылмен жаңарып, ғасырдан-ғасырға алтын арқауын үзбей жалғасып
келеді. Бұған арғы-бергі кезеңдерге бағдарлай қарасаң, көзің жетеді.
Өнер – халқымыздың рухани қазынасы, баға жетпес асыл мұрасы. Осы өнер
атаулының ішінде кепкен қу тақтайдан шебердің шебері жігі мен жымын
білдірмей, сағағын тартқан сымдай, шанағын жер шарының жартысындай
дөңгеленте жасап, бір тиек, екі ішекпен-ақ аққуды айдынға қондырып, қыранды
көгінде қалықтатып, жаныңа сыр, көңіліңе нұр құятын, жүрегіңді қылдай
тербетіп, алпыс екі тамырыңды иітетін күй жанрының қазақ үшін жөні бөлек.
Ақ Жайық елі халықтық күй өнерінің жарық жұлдыздары-Құрманғазының,
Дәулеткерейдің, Сейтектің, Динаның және басқа халық жұлдыздарының әрине
орны бөлек болады.

Күй атасы Құрмаңғазы Сағырбайұлы
Батыс төкпе күй өнерін кеңінен таратушы

Қазақ күйлерінің түр-бітіміне, әуендік құрылымына зер салғанда оқшау
арна тартқан бірнеше ерекшклік назар аударады. әсіресе, XVII-XVIII
ғасырлардан бастап, қазақ күйлерінің алуан түрлі стильдік мектептері,
салаланған үрдістері айқын көріне бастайды. Сөз жоқ, мұндай жағдай ұлтттың
рухани ізденісіне , өнердің өмір жырлағыш дәстүріне жарқын айғақ болып
табылады. Осы орайда, қазақ күйлерінің тартылу дәстүріне, түр-бітіміне
және әуендік құрылысына байланысты ел арасында айтылатын төре күйлері, төре
тартыс дегенді тек қана төре тұқымы тартқан күйлер деп есептесек, онда
күйшілік мәдениетіміздегі үлкен үрдісті, өнегелі мектепті елемегендік болып
шығар еді. Төре күйлері, төре тартыс дегеніміз ең алдымен музыкалық
мәдениетіміздегі күйшіліктің орныққан оқшау дәстүрі. Бұл дәстүрдегі
лирикалық сезімталдығымен ерекшеленеді. Төре күйлері, дәлірек айтсақ, төре
тартыс адам сезімін арқау етуге, адамның ішкі әлемін жырлауға алдымен ден
қояды. Адамның ішкі әлемін, сезім-түйсігін қоршаған ортамен, өзі ғұмыр
кешкен қоғаммен шендестіріп көрсетуге төре күйлері айрықша икемді. Төре
күйлерінің пайда болып, қалыптасқан ортасы хан-сұлтандардың ордасы,
билердің айналасы болу керек. Бұл орайда, хан-сұлтандардың, би-бектердің
төңірегінде пайда болған сал-серілік дәстүрінің төре күйлерін орнықтыруға
әбден мүмкін. Сеьебі, әрісі Түркі қағанаты кезіндегі қағандардан, бастап,
Шыңғыс хан, Жошы хан,Абылай хан, Кенесары хан төңірегіне дейін тарихи
деректерде үнемі күйші мен күй қосарланып айтылады. Ал Абылай ханнан бастап
төрелердің өз жанынан күй шығара бастаған дерегі бар. Абылай ханнның өзі
шығарған бірнеше күйі осы күнге дейін сақталды.
Тек төре тұқымынан ғана емес, қарадан шыққан күйшілердің ішіндеде төре
тартыс дәстүрін орнығып, ілгері дамуына үлес қосқан күйшілер болған. Бұл
орайда, Тәттімбет, Дайрабай, Әлшекей, Сүгір сияқты күйшілердің төре тартыс
үлгісінде шығарған күйлері еріксіз назар аударады.
Төре күйлерінің дәстүрін біржолата орнықтырып, төре тартысты тұтас бір
мектеп ете алған адам-Шығайұлы Дәулеткерей (1814-1887). Сондықтан да болар
Ахмет Жұбанов Дәулеткерейді төре күйлерінің атасы дейді. әрине Дәулеткерей
тақыр жерден өнген дарын емес. Ол өскен ортада күйшіліктің әбден
қалыптасқан дәстүрі болған. Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты күйші-
домбырашылар Орда төңірігіне құлақ түргізген дарын иелері еді. Дәулеткерей
осы күйшілердің дәстүрін шабыт тұғыры еді. Сол күйшілер арқылы ғаырлар
тұңғиығынан жалғасқан асыл мұраны өнеге еткен. Бұл орайда, Дәулеткерей
өмірдің мәні мен сәнін сұлтандық биліктен емес, күйшілік өнерден тапқан
деуге негіз бар. Ол өзі ғұмыр кешкен алмағайып өтпелі кезеңде күйді жұбаныш
етумен тыңбаған, күй арқылы қоғамға, заманға үкім айтқан суреткер.

Дәулеткерей Шығайұлы
Төре тартыс күй дәстүрінің атасы

Дәулеткерей Шығайұлы бұрыңғы Бөкей ордасына, қазіргі Батыс Қазақстан
облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде 1814 жылы дүниеге
салған. Ата-бабасы Орыс ханнан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген.
Дәулеткерейдің шығармашылығын үш бөлікке бөліп қараймыз. Жігер күйі
Дәулеткерейдің ең биік шыңы, ол Дәулеткерейдің ғана емес, бүкіл қазақ
халқының күйлерінің асқан белі. Сол қолдың барлық саусағына бірдей жүк
артып, күш түсіру арқылы тартылатын күйге екінің бірі бара бермейді. Күйдің
жайын білетін домбырашылар бұл күйді Үлкен Жігер деп қаймығып отырады.
Онысы, осынау шатырман қағысты ұзақ туындыны күйдің романына балағаны.
Ахмет Жұбаов: Шынында Жігер күйі өте терең, музыкалық тілі бай, құрылысы
ерекше, интонациялық жағы таң қаларлық, даму ы, мелодикасы, динамикасы көп
күйде кездеспейтін жан-жақты үлкен философиялық шығарма.[7]
А. Затаевич болса: Менің ойымша, осы бір таңқаларлық пьесаны тыңдаған
әрбір музыкант бұл күй арқылы сыры тұңғиық, сезімі асқақ, екпіні тегеурінді
шығарманың мүмкіндігі шектеулі қарапайым ғана домбыраның иығына түскенін
мойындауға тиіс... Түптеп келгенде, қазақтың халық күйлерінде ұшыраспайтын
құдірет тегеуріні бар және өзге күйлердңің табиғатынан мүлде бөлек қасірет
лебі ескен бұл күй өзінен көп кейін шыққан Чайковскийдің аса мәдениетті
Патетикалық симфониясының төртінші ұқсас екенін еріксіз еске түседі -
деп қайран қалады.
Қазақ даласының шығысындағы кең көсіліп жатқан Алтай, Тарбағатай, Сауыр,
Сайқан таулы аймағы, Шығыс Түркістанмен ұласып жатқан Жетісу өңірі исі
түркі тілдес халықтардың әу баста ел болып, еңсе көтерген ата-жұрты.
Қазақстанның шығыс өңірінде күйшілік өнердің арналы мектебі қалыптасқан.
Мұндай үрдіс бергі кезеңннің , берідегі ғасырлардыңғана нәтижесі емес,
тамырын уақыт тұңғиығынан тартқан байырғы дәстүрдің айғағы. Бұл өңірде күні
бүгінге дейін қобыз домбраны былай қойғанда, бұғышақ, шаңқобыз, жетіген,
сыбызғы сияқты байырғы аспаптарда күй тартады. Күй аңыздары көбінесе
табиғат туралы, сол табиғат аясындағы жануарлардың киелі қылық-қасиеттері
туралы болып келеді. Қазақ даласының шығыс өңіріндегі күйлерінің аңызымен
үндес тартылатын саз-сарындары де ерекшк естіледі. Көбінесе теріс бұраумен
тартылатынкүйлердің әуен сазы табиғаттың тылсым үнындей естіліп, сол
табиғат аясындағы мың сан тіршіліктің дыбысындай қайран қалдырады. Тіптен,
алғаш тыңдаған адам шығыс күйлерін табиғатқа жалаң еліктеуден туған
натуралистік дыбыс өрнегі деп қабылдауы мүмкін. Бірде шертіп, енді бір
жерде серпіп, келесі сәтте іліп тартылатын күйлер шынындада табиғат
аясындағы тосын құбылыстарды әсерлі елестетуге икемді-ақ. Алайда, байыптап
ден қойып, құлақ үйреткен тыңдаушы бұл күйлерде табиғатқа еліктеуден гөрі
табиғат туралы толғануының басым екенін, өмір көрінісін бейнелеуден гөрі,
сол өмір туралы ойқоытуыныың бел алып жататынын сезінер еді. Бұл сияқты
музыкалық тіл мен сезімнің астасуы қазақтың күй өнеріне тән биік өрелі
қасиет. Түптеп келгенде, бұл қасиет ұлттық күйдің сипатын даралап,
төлтумалығын айқындайтын бірден-бір алғы шарт.[8]
Қазақ даласының басқа аймақтары сияқты шығыс өңірінде күй өнерінің
классикалық биікке көтерілуі XIX ғасырдың аясында. әрине, оның сыр-себебі
хлалықтың саяси-әлеуметтік ахуалымен тікелей байланысты. Жоңғарлармен
арадағы екі ғасырға созылған қаңқақсап соғыста жеңіс туы қазақ халқының
қолында қалды. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтар сыртқы
жаудың шабуылынан алаңдауды тоқтатты. Шығыста Қытайдың, батыста Ресйдің
алыстан құрған темір торы алғашқыда қазақтар үшін қамқорлықтың қорғанындай
болып көрінді. Бұл темір торлар бүріліп қазақ халқын қыспаққа алғанша
ғасырдың жүзі өтті. Осы уақытта қазақ халқы қол-аяғын шешкен бесіктегі
баладай тыраңдап, алаңсыз көшпелі өмір салтымен қауышты. Аль, көшпелі өмір
салттың шегіне жете шыңдалған шаруашылығы ғана емес, сонымен бірге қоғамдық
өмірді реттеп отыратын кісілікті салт-дәстүрі ең алдымен рухани түлеуге
мұрыңдық болды. өмір барлықө саласында ең алдымен моральдық-этикалық сапа
шешуші роль атқарды. Ердің құны екі ауыз сөзбен шешіліп, ата-дәулетін
ұрпағына енші етіп бөлгенде бір бөлігін қонаққа деп де бөлінетін болды. Кез-
келген қазақ байтақ даладағы жұлдыздай шашыраған үйін өз үйім деп
есептеді. әрбір бой жеткен қыз жеті атадан әріге ғана ұзылатын рәсім қатаң
сақталды. Жеті атада бір кіндіктен тараған ұрпақ рулы елге айналды. Осы
рәсімдер ең алдымен қазақ халқының біртектістігіне ұйытқы болып, әсіресе
мәдени-рухани болмысының біртұтастығын қамтамасссыз еттті. Шоқан
Уәлихановтың байтақ қазақ даласынан қылдай ауытқуы жоқ, бір қолдан
шыққандай өнер нұсқаларына куә болып, қайран қалатыны сондықтан.[9]

Қазақтың күй өнері үшін XIX ғасыр алтын ғасыр болса, осынау рухани
ұлы құбылысты орнықтырған дәулескер күйші-композиторлар шоғырының ішінде
Дөненбайұлы Бейсенбінің (1825-1898) есімін Құрмаңғазы, Дәулеткерей,
Тәтттімбет, Қазанғап, Ықылас сияқты әйгілі тұлғалардың қатарында атап,
қастерлеуге әбден болады. Дөненбайұлы Бейсенбі-Қазақстанның шығыс
өңіріндегі күйшілік дәстүрдің қалыптасуына мұрындық болған арқалы өнер
иесі. Күйдегі Дәулеткерей мен Тәттімбет сияқты, поэззиядағы Абай сияқты
Дөненбайұлы Бейсенбіде ел басқару ісі мен күйшілік өнердің қос тізгінін тең
ұстап, өиірін абырой-құрметке бөленумен өткерген. Әсіресе, Алтай,
Тарбағатай, Баян-Өлгии аймағындағы қазақтардың саяси әлеуметтік өміріне
белсене араласып, тарихи күрделі кезеңде ел-жұрттың тағдырын шешкен келесі
істердің басы қасында болып отырған. Бұл жолда Дөненбайұлы Бейсенбі алдына
келген істі ақ шешетін әділдігімен, небір қиыннан жол табатын ақыл-
парасатымен танылған. Ел қамы, халық тағдырына қатысты түйіні күрделі
істерді шешерде Дөненбайұлы Бейсенбі тереңнен толғап, ойды орнықтырғандай
қоңыр күйге салатын болған. Ол қоңыр күй ердің құнына бодау болғандай,
елдің сынына өтеу болғандай, тыңдаушысын сабырға шақырып, түйінді ойдың
хабаршасындай әсерге бөлеген. Ел ішіне кең тараған Дөненбайұлы Бейсенбінің
Кеңес күйі деп аталатын тармақты күйлер тасқыны осылай туындап отырған.
Дөненбайұлы Бейсенбі- парасаты кемел би, дәулескер күйші болуымен бірге,
домбыра аспабының тіліне-тіл қосқан, үніне үн қосқан шебер ретінде де

Дөненбайұлы Бейсенбі
Шығыс дәстүрлі күй мектебінің арқалы өнер иесі,
үш-төрт ішекті домбыраны дүниеге әкелуші

танымал. Ол дүниеге әкелген үш-төрт ішекті домбыра мен сол домбырада
шертілген шешен күйлер Алтай, Тарбағатай өңірінің күйшілік дәстүріне
айналаған. әсіресе үш ішекті домбырада тартылған күйлер өзіндік оралымды
саз-сарынмен соны үрдістің қалыптасуына мұрындық болған.
Халық Дөненбайұлы Бейсенбі қадірлеп Бежең деп атаған. Дөненбайұлы
Бейсенбінің туып өскен жері алтайдың Бауыршын деген мекені.[10]
Осындай күйші-композиторларға, дарынды музыканттарға бай қазақ даласында,
әрине көптеген аспаптар таралған. Себебі күй- қазақтың аспапты музыкасы, ал
күйші-қазақтың аспапты музыкасын шығарушы және музыкалық аспапта күй
тартушы адам. Осы адамдар өз шығармашылығының шынына тек шыңдалған аспаптың
арқасында ғана жетеді, ол аспапты олар өзгертіп, жаңалықтар енгізіп,
музыкалық дыбысталуын және өздеріне ғана тән ерекшеліктер енгізіп,
шығармаларын ғасырларға жеткізіп, бізге мол мұра етіп қалдырды. Осы
аспаптардың ішінен домбыраның орны ерекше, әрбір қазақтың баласы жастайынан
домбырада ойнап, ата-бабасы өсиететіп қалдырған күйлерін шертеді, тамырына
жақындайды. Қазақ халқының атақты композиторлары Ахмет Жұбанов, Нұрғиса
Тілендиев өз өнерін осы қоңыр дауысты домбыраны шертуден бастаған.
Домбыра күй шертпейді, сыр шертеді демекші, оның тылсым дүниесін
қазақтың жаны ғана ұғынып, түсіне алады. Ал біздің кең байтақ елімізде осы
аспаптың көптеген түрі болған.

1.2. Қазақ домбырасының түрлері және оның таралуы

Домбра - 19 ғасырдағы қазақ аспаптарының ханшасы . Жаппай болуына
байланысты аймақтық көптеген түрлері болады. Батыс Қазақстандағы домбраның
гриф ұзындықтары, пішіні, перне байлауы әр түрлі болады. Олар ұзын
мойынды, екіоктавалық диапозонды болады,себебі батысказақстансдық күйлер
күрделі түрімен ерекшеленеді. Аспаптағы динамикалық ойнау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ сахнасында ән-аспаптық эстрадалық ансамбль өнерінің даму мәдениеті
Қазақ халқының музыкалық этнографиясының зерттелуі
Халық музыкасы
БАТЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Қазақ музыка мәдениетінің қалыптасуы және өркендеуі
Ұлттық өнер және оның ерекшеліктері
Қазақ халқының ұлттық өнерінің мәні
Ұлттық өнер
Пәндер