Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару



1.ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Зейнетақы жүйесі және олардың түрлері
1.2 Жинақтаушы зейнетақы қорының: мәні, міндетті,қызметі
2.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін талдау
2.3 Жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақымен қамсыздандыру (Халық банктің жинақтаушы зейнетақы қоры мысалында)
3.ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Шетелдік зейнетақы реформасының тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Әр адам өмір ағымында әр түрлі қауіпті жағдайларға тап болуы мүмкін. Ол адамның денсаулығына әсер етіп, негізгі өмір сүру көзі болатын жалақысынан айырылуы мүмкін. Осы жағдайларға: кәрлік, ауру, мүгедектік, асыраушысынан айырылу және т.б. Осындай жағдайлар зейнетақымен қамтамасыздандыру қажеттілігі туындайды.
Адам даму тарихында ежелгі мемелекеттерде зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің жүргізілуі туралы аз емес мысалдары бар. Мысалы: Рим империясында отставкаға шыққан легионерлер 3000 денари алса, ал преторианцтер 5000 денари және жер алатын болған. Ресейде алғашқы рет әскери адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру I Петр Теңіз уставында 1720 жылы заңдастырды.
Еуропада классикалық капитализм кезеңінде (XIX-ғ басы XX-ғ аяғы) зейнетақы кассалары кең өріс алды. Оларды қазіргі кәсіби зейнетақы қорларымен салыстыруға болады. Зейнетақы кассаларындағы ақша қаражаты жұмысшылардың жарналары есебінен құрылды. Ауруға шалдығуына байланысты және жасына байланысты төлемдерді төлеу жұмыс мерзімінің ұзақтығына сәйкес өсе берді. Егер жұмысшы жұмыстан босатылса осы зейнетақы құқығынан айырылатын болған. Сондықтан сол уақыттың өзінде-ақ зейнетақы кассаларын жұмысшылар және жұмыс берушілер жарналары есебінен құру туралы ұсыныстар айтыла бастады, бірақ бұл ұсынысқа жұмыс берушілер түсініспеушілікпен қарады.
Мемлекет деңгейінде алғашқы рет зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін Германияда 1889 жылы Отто фон Бисмарк ұйымдастырды. Неміс жүйенің негізі міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналары болып табылады.
Данияда ( 1891 ) және Жаңа Зеландияда ( 1898 ) зейнеткерлеу жүйесін енгізді, бұл жүйе кедейлерге көмек көрсетуге бағытталған еді. Бұл жерде ол жалпы салық пайдасынан қаржыландырылды, қажеттілікті бақылауды ескеріп, төлемдерді нақты берілуіне кепілдік бере алды. Бұл зейнетақы жүйесі дәстүрлі кедейлер туралы заңдамасынан шықты.
1. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң 1997 жылғы 20маусымдағы №136-1.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы //Астан 2008 жыл.
3. 1.Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. - Алматы. Бieii, 1997. С. 176.
4. Жұмағұлов Ғ.Б, Ахметов А, Ахметова Г.//Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы// оқу құралы Алматы 2005 жыл.
5. Г.Мурзахметова //Накопительный пенсионный фонд Нардного Банка Казахстана// Финансы и кредит 2006 №4 31-33 бет.
6. К.Тулепав, Б.Еспенбетова// Теоретические основы диверсификации инвестиций активов накопительной пенсионной системы//Банки Казахстана 2007 №12 34-39 бет.
7. Г.Батайқызы//Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жетістіктері мен проблемалары//Рынок ценных бумаг 2000 №12.
8. А.А Айтуған// Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық менеджменті: шетелдік тәжірибені қолдану мүмкіндігі// КазЭУ хабаршысы 2004 №4 216-221 бет.
9. Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін тәуекелдіктерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды белгілеу туралы//Егемен Қазақстан 2007- 13шілде.
10. Зейнетақы жинақтау қорына міндетті зейнеткерлік жарналар бойынша түсімдер және алынатын алым//Статистикалық бюлетень 2004 №7.
11. Б.Қарабеков// Үш деңгейлі зейнетақы жүйесі//Қаржы- қаражат1997 №3.
12. Шағатай Ж.//Зейнетақы қоры қазаққа керек пе?//Түркістан 2007-27.09
13. Бельгибаева//Анализ современного состояния пенсионного обеспечения в РК//Труд в Казахстане 2004 №4.
14. А.Айтуған//Жинақтаушы зейнетақы қорының меншік капиталына келетін табысты үлестіру//Қаржы-қаражат 2007 №2 44-48 бет.
15. А.Айтуған//Зейнетақы жинақтау қорларындағы тәуекелдіктерді басқару қызметіне рейтингтік баға беру// Қаржы-қаражат 2006 №10.
16. С.Н Әбиева// Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттерінің қазіргі жағдайына талдау// КазЭУ хабаршысы 2006 №4.
17. К.М Тулепбаев// О ходе пенсионной реформы в Казахстане//Труд в Казахстане 2007 №12.
18. К.М Тулепбаев//Новая модель пенсионного обеспечения население Казахстана: теория, методологии и механизмы реализации// автореферат Алматы 2007жыл.
19. Оспанов Г.Б. //Мировой опыт пенсионной системы// Вестник Национальной академии наук РК//2006 №5 96-99 бет.
20. Об организации социальных выплат//Финансы и кредит 2006 №4 28-30
21. К.Тулепав, Б.Еспенбетова//Инвестиции в человеческий капитал и механизмы их реализации// Труд в Казахстане 2005 №2.
22. Актуальные вопросы–профессиональные ответы //Финансы и кредит 2006 №12.
23. Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агентігінің мәліметтері веб сайты:www.afn.kz
24. Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталықтың мәліметтері.
25. Г.Ж.Жолдасбекова//Зейнетақы жүйелерінде реформа жүргізудің шетелдік тәжірибиесі// КазЭУ хабаршысы 2003 №1.
26. А.Темен//Еңбек нарығының болашағы және зейнетақы//Президент және Халық 29 ақпан 2008 жыл.
27. Статистиктический ежегодник 2007.
28. Әбдіжапар Сапарбаев «Инновация – негізгі қозғаушы күш» //Егемен Қазақстан, 24 наурыз, 2004 жыл.
29. Стратегия / «Қазақстан Республикасының Индустриялы – инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясы» - Алматы, 2003 ж.
30. 2.Социальные реформы в странах с переходной экономикой. Проблемы и опыт / Под редакцией С.В.Кадомцевой.. Москва: ИКЦ "ДИС", 1997. С. 221.
31. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін артыру туралы//Егемен Қазақстан-2008-5 қаңтар.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   
1-ТАРАУ. ЗЕЙНЕТАҚЫМЕН ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Зейнетақы жүйесі және олардың түрлері

Әр адам өмір ағымында әр түрлі қауіпті жағдайларға тап болуы мүмкін.
Ол адамның денсаулығына әсер етіп, негізгі өмір сүру көзі болатын
жалақысынан айырылуы мүмкін. Осы жағдайларға: кәрлік, ауру, мүгедектік,
асыраушысынан айырылу және т.б. Осындай жағдайлар зейнетақымен
қамтамасыздандыру қажеттілігі туындайды.
Адам даму тарихында ежелгі мемелекеттерде зейнетақымен қамсыздандыру
жүйелерінің жүргізілуі туралы аз емес мысалдары бар. Мысалы: Рим
империясында отставкаға шыққан легионерлер 3000 денари алса, ал
преторианцтер 5000 денари және жер алатын болған. Ресейде алғашқы рет
әскери адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру I Петр Теңіз уставында 1720
жылы заңдастырды.
Еуропада классикалық капитализм кезеңінде (XIX-ғ басы XX-ғ аяғы)
зейнетақы кассалары кең өріс алды. Оларды қазіргі кәсіби зейнетақы
қорларымен салыстыруға болады. Зейнетақы кассаларындағы ақша қаражаты
жұмысшылардың жарналары есебінен құрылды. Ауруға шалдығуына байланысты және
жасына байланысты төлемдерді төлеу жұмыс мерзімінің ұзақтығына сәйкес өсе
берді. Егер жұмысшы жұмыстан босатылса осы зейнетақы құқығынан айырылатын
болған. Сондықтан сол уақыттың өзінде-ақ зейнетақы кассаларын жұмысшылар
және жұмыс берушілер жарналары есебінен құру туралы ұсыныстар айтыла
бастады, бірақ бұл ұсынысқа жұмыс берушілер түсініспеушілікпен қарады.
Мемлекет деңгейінде алғашқы рет зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін
Германияда 1889 жылы Отто фон Бисмарк ұйымдастырды. Неміс жүйенің негізі
міндетті әлеуметтік сақтандыру жарналары болып табылады.
Данияда ( 1891 ) және Жаңа Зеландияда ( 1898 ) зейнеткерлеу жүйесін
енгізді, бұл жүйе кедейлерге көмек көрсетуге бағытталған еді. Бұл жерде ол
жалпы салық пайдасынан қаржыландырылды, қажеттілікті бақылауды ескеріп,
төлемдерді нақты берілуіне кепілдік бере алды. Бұл зейнетақы жүйесі
дәстүрлі кедейлер туралы заңдамасынан шықты.
Келесі жылдары көбінен батысеуропалық мемлекеттер германдық модел-
ге негізделген зейнетақы жүйесін қалыптастырды, ал англосаксондық мем-
лекттер (АҚШ-тан басқа) және Солтүстік Еуропа мемлекетр Дания және Жаңа
Зеландия салған жолмен қалыптасты. Бұл жүйелер әр түрлі міндеттерді
шешті. Германдық модель жұмысшының зейнетке шыққаннан кейінгі әлеу-
меттік статусты сақтауға бағытталса, ал Дат моделі, аяғында Англия енген,
кедейшіліктің деңгейін азайтуға бағытталған.
XX ғасырда дамыған мемлекеттер арасындағы зейнетақы жүйелерінің
бірқалыпты ұқсастығы байқала бастады. Сақтандыру жарналарына негіздел-
ген жүйе (Германия) алдынғы жарналарға қарамастан, ең төмеңгі зейнетақы
кепілдігі жасалған. Бірдей зейнетақыға негізделген мемлекеттерде зейнетақы
жүйесі бюджеттен, жалпы кірістерден қаржыландырылды. Ең төмеңгі зейнет-
ақыға қосымша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.
Солтүстік Америкада мемлекеттік жасына байланысты зейнетақының
таралуы салыстырмалы баяау жүрді. Канадада 1927 жылы сақтандыру жарна-
лары ескерілмеген, қажеттілікті бақылау жүйесін енгізді. АҚШ-та штат
үкіметі 1920 жылдары қажеттілікке негізделген зейнетақы жүйесін енгізе
бастады. 1934 жылы бұл жүйе 28 штатта іске асырылды. 1935 жылы
АҚШ-та федеративті зейнетақыны сақтандыру жүйесін енгізе бастады.
Ф.Рузвельт жарналарға негізделеген зейнетақыны сақтандыру жүйесін
құруды қолдады, өйткені ол оның ұзақ саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету
мақсат қойды.
II Дүниежүзілік соғыс қарсанында бүкіл индустриялы мемлекеттерде
зейнетақымен қамсыздандыру жүйелері болған. Бірақ бұл жүйелерге халықтың аз
бөлігі қатыстырылып, төлемдер деңгейінің төмеңдігімен сипатталды.
Зейнетақымен қамсыздандырудың даму тарихындағы зерттеулер
нәтижесінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі деген анықтама берілді. Оның
астарында құқықтық, қаржылық, экономикалық және ұйымдастырушылық-
институттар мен нормаларды қамтиды. Олардың мақсаты халыққа зейнетақы
түрінде материалды көмек көрсету. [26]
Карл Маркс қоғамдық қорлар құрамының астарында еңбекке жарамсыз
азаматтар үшін құрылып, кәрлік кезеңінде, ауруға байланысты және еңбек
қабілетсіздігі пайда болған жағдайда қордан қаражат беріледі деп есептеді.

Дж.Кейнс зейнетақы түсінігінде кәрлікті қамтамасыз ететін халықтың
жеке сақтаған қаражаты, сондай-ақ мемлекет азаматтарына зейнетақы жасына
жеткен кезінде төленетін белгілі бір ақша суммасы.
Өткен ғасырдың зерттеушілері халықтың кәрлігін қамтамасыз ету
проблемаларын әр түрлі қарастырды. Мысалы, либералды нарық экономиканы
жақтаушылары әр индивид өзінің кәрлігін өзі қамтамасыз ету керек, ол үшін
өмір процессінде қаражат жинауы қажет деген тұжырым айтса,
ал кейнсианистер бойынша өздерінің жеке жинақтауларынан басқа қарт
адамдарға мемлекет тарапынан зейнетақы немесе т.б әлеуметтік төлемдер
түрінде көмек көрсетуі кажеттілігін айтты.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамтамасыздандыру туралы заңында келесідей түсінік берілген:
Зейнетақы – бұл азаматтарды әлеуметтік қамсыздандырудың бір түрі және
Орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы
төлемдерінің жиынтығы болып табылады. [1]
Зейнетақы жүйелерінің негізгі ерекшеліктері олардың қаржыландыру
көздерінде. Зейнетақы жүйелерін қаржыландырудың негізгі екі тәсілі бар:
Біріншісі - бөлу (қорланбаған) арқылы қаржыландыру. Бұл төленетін
зейнетақыларды ағымдағы түскен жарналар арқылы жабу болып табылады.. Бұл
әдсісті PAYG (pay-as-you-go)- жүріп жүргенде, төле деп те атайды.
Екіншісі - жинақтаушы (қорланған), барлық зейнетақы төлемдерін
қазіргі уақыта және болашақта қамтамасыз ететін арнайы қор құруға қаражат
жіберіледі.
Көптеген елдерде зейнетақымен қамсыздандыру бөлу жүйесіне
негізделген. Халықаралық еңбекті ұйымдастыру ұйымына қамтылған 58
мемлекеттік зейнетақы жүйесінің 44-і бөлу жүйесімен жұмыс істейді.Бұл
елдерде мемлекеттік зейнетақы қорлары ақшалай қаражаттарды ағымдағы
зейнетақыларды төлеуі үшін жинайды.
Бөлу (қорланбаған) зейнетақы жүйесі.
Қорланбаған зейнетақы жүйесі деп ағымдағы төленетін зейнетақыларды
зейнетақы қорына ағымдағы түскен жарналар арқылы жабу болып табылады. Бөлу
зейнетақы жүйесінің төлеу қабілеттілігі ағымдағы уақытқа қажет қаражаттарды
жинақтауға байланысты анықталады. Зейнеткерлер өздерінің зейнетақыларын
жұмыс істейтіндердің төлемдері арқылы алады да, осы арқылы төлемдер мен
жарналардың тепе-теңдігі жасанды түрде ұсталынады. Бөлу зейнетақы жүйесі
ұрпақтардың ынтымақтастығы принципіне негізделген, бұл принцип бойынша
жұмыс істейге қабілетті балалар, яғни жас үрпақ, еңбек жасауға шамасы жоқ
қарттарға таяныш болу жүгін алып жібереді. Осы мемлекеттік зейнетақы
қорларында жайлы жылдары профицит қалыптасса, бұл профицит қолайсыз
жылдарда болатын дефицитті жабуға жұмсалады.
Бөлу зейнетақының кемшіліктерінің бірі-зейнетақыны төлеу кепілдігінің
болмауы. Ол дағдарыс жағдайларында жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қарағанда
икемсіз. Зейнетақымен қамтамасыз етуді қаржыландыруда бөлу
әдісінің артықшылығы ретінде басқаруды ұйымдастырудың оңайлығын айтуға
болады. Бұл жүйеде қажеттілікке байланысты ойын ережелерін өзгертіп, оны
бірден тәжірибеге қолдануға болады. Мысалы, егер зейнетақы жарналары мен
ережелері өзгерсе, зейнетақыны төлеу тәртібі мен зейнетақының мөлшері
өзгеред. Жинақтаушы жүйеде бұндай іс-әрекеттер рұқсат етілмейді.
Жинақтаушы қорланған зейнетақы жүйесі- арнайы ақша қорларында
жинақталған қаражаттары бар жүйе. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
зейнетақымен қамтамасыз етуі-өте ұзақ үш кезеңнен тұратын ивестициялық
процесс. Бұл жағдайда:
- бірінші кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорларында салымдар жарналар
түрінде жасалынады;
- екіншісі кезеңде жинақталған зейнетақы ақша қаражаттары
инвестицияланады.Мұндағы инвестициялық процестің ерекшелігі жарналар
мен зейнетақылардың көлемін анықтайтын қабылданған ережелерге
байланысты;
- үшінші кезеңде тоқтаусыз зейнентақыларды төлеу жүргізіледі;
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ағымдағы міндеттердің құны
болашақтағы төленетін зейнетақылардың дисконтталған мөлшері мен болашақтағы
зейнетақы жүйесіне төленетін жарналардың айырымына тең.Жинақтаушы жүйеде
ағымдағы міндеттер мен жинақталған активтердің тепе-теңдігі міндетті түрде
ұсталынуы қажет.
Жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз етуде ынтымақтастық идеясы да
қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік сақтандыру принципіне негізделген жинақтаушы
зейнетақы жүйелерінде ынтымақтастық екі түрі қолданылады:
1. Көлденең ынтымақтастық - бұл әр ұрпақ шегіндегі зейнетақы жүйесі
мүшелерінің ынтымақтастығы. Осы ынтымақтастыққа сәйкес ұзақ өмір сүрген
зейнеткерлерге қайтыс болған зейнетақы қорының мүшелеріне төленбеген
төлемдер есебінен зейнетақылар төленеді.
1. Тікелей ынтымақтасытқ - бұл жүйенің тұрақтылығын сақтауға
бағытталған ұрпақтар арасындағы ынтымақтастық. Жинақтаушы жүйедегі
тікелей ынтымақтастықтың кейбір елдерде қолданылып келе жатқан бөлу
жүйесіндегі ынтымақтастықтан айырмашылығы-жас ұрпақ пен үлкен ұрпақтың
арасындағы бөлу ғана емес, қарама-қарсы бағытта бөлуді жүргізу.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әдетте міндетті болып табылады. Осы
жүйені мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы қорларында қолдануға
болады.
Мемлекеттік емес жинақтакушы зейнетақы қорлары.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары тәуелсіз,
құрылымтайшылардың міндеттеріне жауап бермейтін заңды, қаржылық ұйым болып
табылады. Осы қорлардың ережелеріне қорда жетіспеушілік пайда болған
жағдайда оны құрылтайшы жабуы немесе азайтуы қажет деген тәртіптер
енгізіледі.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметі мемлекет тарапынан
реттеліп, бақыланып отырады. Мысалы, қаржылық есеп беру, міндеттерін
анықтау әдістері, инвестициялардың көлемі реттеліп, бір жүйеге келтіріліп
отырады.
Жеке және топталған зейнетақыны сақтандыру сызбасы.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларына жеке және топтплған
зейнетақыны сақтандыру сызбасын қолдануларына болады.
Жеке сақтандыру сызбасында зейнетақы төлемдері жарналардың тепе-
теңдігін сақтаудың жай тәсілдеріне негізделегн,осы сызба бойынша жеке
мүшенің жинаған зейнетақы қаражаттары инвестициялық табыспен бірге қордың
комиссиялық сыйақысын шегергеннен кейін зейнетақы ретінде сол мүшенің өзіне
төленеді.
Топтық сызбалады қолдану қиынырақ болғанымен, әлеуметтік тұрғыдан
қарағанда зейнетақыны жеке сақтандырудан гөрі әділетті.Дамыған елдердің
мемлекеттік емес зейнетақы қорларында топтық зейнетақы сақтандыру сызбасы
қолданылады, яғни зейнетақының көлемі жеке жинақтарға байланысты емес
мүшенің орташа жалақысының деңгейі мен жұмыс стажының ұқсастығымен
анықталады. Осыған қосымша топтық сызбаларда зейнетақы қорының мүшесі
қайтыс болған жағдайда жинақталған зейнетақы қаражаттары оның обасыны
мұраға қалдырылады. Бұл сызба бойынша барлық қор мүшелерінің жалпы
жинақтары мен қордың барлық зейнетақы міндеттемелерінің арасында тепе-
теңдік сақталынуы қажет.
Топтық сақтандыру сызбасын қолданылатын қор мүшелері екі топқа
бөлінеді:
1. белсенділер тобы
2. зейнеткерлер тобы
Белсенділер тобында жұмыс істеп жүргендер жарна төлесе,
зейнеткерлер тобына зейнетақы алатындар.
Белсенді мүшелер уақыт өткеннен кейін зейнетке шығады да, олардың
орнын жаңа мүшелер басады, яғни қорға қатысушылардың құрамы өзгеріп
отырады. Белсенді мүшелері бір қалыпты қорларда белсенділер мен
зейнеткерлердің саны біртіндеп тұрақталады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры жұмысын бастағанда зейнетақылар
төленбейді, тек жарналар алынады. Келесі уақыт интервалында жарналардың
көлемі төленетін ағымдағы зейнтақылардың көлемінен асып түседі, өйткені
жұмыс істейтін мүшелердің саны зейнеткерлердің санынан бірнеше есеге
артады. Қолданылмаған зейнетақы қаражаттары инвестицияланады. Уақыт
өткеннен кейін жарналар төленетін төлемдермен теңеседі. Келесі кезеңде
жарналардың мөлшері зейнетақы шығындарынан кем болады. Бұл айырмашылық
инвестициялардан түскен табыстармен жабылады. Жүйенің балансыда резерв
азаймайды, өйткені зейнетақы қорлары қажетті тепе-теңдікті сақтау
мақсатымен зейнетақымен қамтамасыз ету процесіне үздіксіз мониторинг
жүргізіп, зейнетақы қорының мүшелерінің алдында өз міндеттемелерін орындау
мүмкіншілігін анықтау үшін қорды актуарды бағалап отырады. Актуарды бағалау
дегеніміз-зейнетақы резервтерінің қордың ағымдағы міндеттеріне сәйкестігін
анықтау. Маманданған актуарий жүргізетін жұмыс зейнетақы қорына
салымшылардың сенімін арттырады. Өйткені актуарий қордың міндеттемелерін,
елдің демографилық жағдай мен инвестициялық саясатты есепке ала отырып,
жетіспеушіліктің алдын алып, қажетті шараларды уақытылы жүргізуге мүмкіндік
береді және зейнетақы қорының нақты нәтижелері мен келешектегі жұмыстарына
баға береді. Өкінішке орай, материалдық және ұйымдастыру шығындарына
байланысты актуарды бағалауды жүргізу кейбір жинақтаушы қорларда қолдау
таппай отыр.
Зейнетақы қорлары ең маңызды инвесторлар, олардың көмегімен бос
ақшалай қаражаттар жұмыс капиталы ағымына айналады. Жинақтаушы жүйенің
тиімділігі субьективті және экономикалық жағдайларға байланысты. Соның бірі
резервті басқару, инвестициядан түсетін табысты жоғалту тәуелділігі,
инвестициядан түсетін табыстардың зейнетақы сызбасында жоспарланған
мөлшерлерінен төмендеу. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігі елдің
сыртқы және ішкі жағдайларына байланыстығына қарамастан, қазіргі
демографиялық жағдайда төлеушілерге бөлу жүйесінен гөрі жинақтаушы жүйенің
мүшесі болған анағұрлым арзанға түсетінін байқадық. Өйткені, жинақтаушы
жүйеде жинақталған резервке қосымша инвестициялық табыстар көзі қосылады.
Бөлу және жинақтаудың екі түрлі күрделі процесс екенін көріп
отырмыз.
Бөлу және жинақтау зейнетақы жүйелері зейнетақы жүйелерінің екі плюсы
іспетті. Олар бір–бірінен тәуелсіз немесе бір–бірін толықтыра отырып қызмет
етуі мүмкін, өйткені әр зейнетақы жүйесінің өзіндік артықшылықтары мен
кемшіліктері бар екенін байқадық.
Көптеген дамыған елдерде зейнетақы жүйесі үш деңгейлі.
Бірінші деңгейдің қызметі - кедейліктен сақтау. Бұл деңгей
белгілі өмір сүрудің ең аз деңгейіне кепілідік береді. Бұл функцияны
мемлекеттік әлеуметтік бөлу зейнетақы жүйесі іске асырады. Әлеуметтік
зейнетақылар дифференциацияланбайды.
Екінші деңгейдің қызметі–зейнеткердің қажеттіліктерін қамтамасыз
ету. Бұл деігей белсенді жұмыс жасайтын халыққа есептелген. Олардың еңбекке
қабілетті жасында жинауға міндеттеп немесе ынталандырып отыру. Бұл қызметті
мемлекет немесе оның бақылауымен құрылған міндетті зейнетақы жүйесі
жүргізеді.
Үшінші деңгейдің қызметі – жеке қосымша зейнетақымен қамтамасыз
ету. Бұл деңгей сақтандыру компаниялары, банктер, жеке зейнетақы қорлары
мен басқа да қорлар тарапынан жүргізіледі. Бұл деңгейде әдетте мемлекет
қатыспайды.[32]
Зейнетақы жүйелерінің жалпы сипаттамасы.
Қарт адамдарды материалды қамтамасыз етудің жалпы төрт әдістері
бар:
1.Жұмысты жалғастыру.
2.Отбасы ішкі қамсыздандыру.
3.Мемлекет тарапынан зейнтақы алу.
4.Қаражат жинақтау.
Зейнетақымен қамсыздандыру рөлінің маңыздылығын тек дамыған және
дамушы елдердің біразы түсінеді. Ал дүниенің басқа бөлігі дәстүрлі жолдан
бас тартпай,яғни балалар өз ата-аналарын қамтамасыз етеді, ал олар өз
кезегімен қолдан келгенше жұмыс істейді. Дамыған мемлекеттің азаматы
зейнетақымен қамсыздандыру жайлы сөз қозғалғанда жас ұрпақтың жалақысын
қайта бөлу емес, қарт адамдардың өздерінің ақша қаражаттарын қолдану
туралы айтылады.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру.
Мемлекеттік зейнетақы жүйелерінің жұмыс істеуінің ең басты қаржылық
көзі-әлеуметтік сақтандыру жүйесіне төленетін жарналар. Бқл жарналар
жалақының жалпы мөлшеріне байланысты есептелінеді және әр елде жарналардың
мөлшері әр түрлі Мысалы, Канадада 5%-тен жоғары, ал Италияда 27%-ке дейін
жетеді. Көптеген елдерде жарналардың мөлшері шектелген, осы шектен жөғары
жарналар алынбайды.
Көптеген дамыған мемлекеттерде зейнетақы қажеттілік бағасының
өзгеруіне байланысты идексацияланады.
Келешекте демографиялық жағдайға байланысты әр зейнеткерге
жұмысшылардың аз саны келген сайын жоғары мемлекеттік зейнетақымен
қамтамасыз ету деңгейі қатерге түсуі мүмкін. Зейнетақылардың деңгейі орта
жалақының деңгейінен азаюы мүмкін деген жорамалдар айтылуда. Сонымен қатар,
мемлекет зейнеткерлердің әл–ауқатын төмендетпеу үшін зейнетақы жүйесіне
төленетін жарналар мөлшерін көтеруге мәжбүр болады. Теория бойынша бұл
проблемалардан шығудың бір жолы зейненткерлікке шығу жасын көтеру,
жеңілдіктерді азайту болып отыр, бірақ бұндай шаралар мен проблеманы шешу
мүмкін емес. Алайда, бұл шаралар көптеген елдерде қолданылуда. Сондықтан
дамыған елдердің алдында зейнетақымен қамтамасыз етуде реформалар жүргізу
проблемасы тұр.
Жеке зейнетақы сақтандыру.
Мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандырумен қатар жеке зейнетақы
сақтандыру жүйесі қалыптасты. Бұл жүйе кәсіби негізде және дербес жинақтар
негізінде де қалыптасты. Қазіргі уақытта әртүлі жүйелер халықты кәсіби
зейнетақы сақтандыру принципке негізделіп жасалған.
Кәсіби сызбалардың мемлекеттік және дербес жинақтаулар сызбалардан
айырмашылығы, оларды жұмыс берушы есебінен қаржыландырады. Алайда,
олар фирмалардың ерікті жарналармен бірге ұжымдық келісімге сәйкес
белгіленген жарналрға негізделеді. Олар мемлекеттің минималды қатысуымен
және салыстырмалы төмен әкімшілік шығындармен байланысты жүзеге асырылады.
Кәсіби зейнетақы жүйелері негізделуі мүмкін:
-салалық принципке, ол еуропалық мемлекеттерге тән;
-жеке компания принціпіне, бұл тәсіл англоамерикандық деп есептелінеді.
Мұндай жүйелерде жұмысшыға болашақта төленетін зейнетақы жұмыс стажына
және жалақыға байланысты болады.Бөлу зейнетақы жүйелеріндегі шоғырланған
ресурстарға қарағанда, кәсиби жүйелерінің активтерін еркін және үкімет
алдына қоятын саяси мақсаттардан тәуелсіз қолдану мүмкіндігі бар.
Нәтижесінде инвестициялар жекеменшік секторға белсенді барып, мемлекеттік
зейнетақы қорларына қарағанда бірмаша жоғары есесін қайтарып береді.
Барлық жеке зейнетақы жоспарлар екі категорияға бөлінеді:
1. Бекітілген төлемдер жоспарлары - олардың қатысушыларын зейнетақы жасына
келген кезіңде, зейнетақы қоры қазіргі уақытт қандай қаржылық жағдайда
екеніне қарамастан, алдын ала анықталынған жәрдемақымен қамтамасыз
етіледі.
2. Бекітілген жарналар жоспарлары зейнетақы төлемдері зейнетке шығу
уақытына сәйкес жинақталған қаражатына байланысты.[9]
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйелерінің әртүрлігімен ерекшеленеді
Ұымдастырушылық негізде, принциптер бойынша,басқару әдісімен және т.б.
маңызды сипаттамалар бойынша екі бірдей жүйененің ұқсастығын табу қиын.
Зейнетақы жүйелерінің зерттеулері нәтижесінде зейнетақымен қамсыздандыру
жүйесін басқару классификациясының негізін қалау мүмкіндігін берді.
1-кесте. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару классификациясы
Зейнетақы жарналардың Ынтымақтастық
капитализамциясына немесе үлестіру Жинақтаушы
принциптің Аралас
қолдануына байланысты
Ұлттық зейнетақы жүйесінің моделіне Беверидж моделі
байланысты Жеке (ұжымдық) зейнетақы сақтандыру
моделі
Бисмарк моделі

Қаржыландыру әдісіне байланысты Зейнетақы төлемдерін ағымдағы
түсімдерден ағымдағы шығындарды жабу
Барлық зейнетақы төлемдерін қазіргі
уақытта және болашақта қамтамасыз
ететін резерв құру
Салық салу әдісіне байланысты Зейнетақы төлеу кезіңде салық салу
Инвестициялық табысқа салық салу
Қатысушылар қамтылуына байланысты Барлық азаматтар үшін
Халықтың жеке топтарына арналған

1-кестенің жалғасы
1 2
Зейнетақы жүйесіне қатысу түріне Міндетті
байланысты Ерікті
Кәсиби
Зейнетақы кестелерін қолдану арқылы Бекітілген жарналарман
зейнетақы мөлшерін анықтау тәсіліне Бекітілген төлемдермен
байланысты
Оспанов Г.Б. автореферат 2007 жыл

Бұл классификация осы саладағы зерттеулерді жүйеге келтіру үшін
құрастырылған. Оның көмегімен әр зейнетақы жүйенің негізгі элементтерін
белгілеу, зейнетақы жүйенің негізгі мақсаттық функциясын анықтауға және
оған қол жеткізу үшін нақты эффективті басқару әдістерін қалыптастыруына
мүмкіндік береді.
Дүние жүзіндегі зейнетақымен қамсыздандырудың тәжірибесі мен практикасы
Қазақстандағы жүргізілген нарық реформа жағдайында олардың даму жолдары мен
проблемаларды зерттеу негізін бере алады. Көптеген халықаралық
эксперттердің пікірінше зейнетақымен қамтамасыз ету үш деңгейлі құрылымды
болуы тиіс. Жұмыс барысында автор Германия, Ұлыбритания, Швеция, Польшия
және Чили мемлекеттіердің зейнетақы жүйесін зерттеді.
2-кесте. Әр түлі мемлекеттердің зейнетақы жүйесінің ұқсастықтары
Мемлекет Зейнетақы Зейнетақы Міндетті Салық салыну
жүйесінің жасы зейнетақы
түрі жүйесіне қатысу
міндеттілігі
Германия аралас 6565 жоқ зейнетақы
төлеу кезінде
Ұлыбритания аралас 6065 иә зейнетақы
төлеу кезінде
Швеция аралас 6565 жоқ зейнетақы
төлеу кезінде
Польша аралас 6065 иә зейнетақы
төлеу кезінде
Чили жинақтаушы 6065 иә зейнетақы
төлеу кезінде
Жолдасбекова Г.Ж КазЭУ хабаршысы №12003 жыл

Қазақстанның зейнетақы реформасы Чили мемлекетінің зейнетақы жүйесі
негізіне алынды. Бірақ біздің зейнетақы жүйесі чилилік моделдің түп нұсқасы
бола алмайды. Өйткені ол ынтымақтастық жүйеден жинақтаушы жүйеге ұзақ өту
кезеңмен сипатталды.
Зейнетақы реформасы қаржы нарығында жаңа мүшелерді алып келді. Бұл:
1) жинақтаушы зейнетақы қорлары;
2) зейнетақы активтерін ивестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдар;
3) кастодиан-банктер;
Қазақсатан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі нәтижелері
оңды болып, динамикалық өсу қарқыны мен тұрақтылығын көрсетті. [16]

1.2 Жинақтаушы зейнетақы қорының: мәні, міндетті,қызметі

Зейнетақы жүйесін реформалау мақсаттаррында біздің мемлекетімізде
зейнетақы қорларының жүйесі құрылды. Жинақталатын жеке зейнетақы
қаражаттарын қалыптастыру үшін жинақтаушы зейнетақы қорларының екі түрі
құрылды: мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес
жинақтаушы зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ)
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (ары қарай Мемлекеттік жинақтау
зейнетақы қоры) Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен № 1372 1997 54
қыркүйегінен құрылтайшысы Қазақстан Республикасында үкімет болып шыққан,
жабық акционерлік қоғам ретінде құрылған. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қорының міндетті зейнетақы салымдар жинауын іске асыратын және Қазақстан
Республикасы үкіметі орнатқан тәртіпте зейнеткерлерге зейнетақы төлемін
жүзеге асыратын, сонымен қатар зейнетақы активтерін құру қызметін жүргізіп,
оларды мемлекеттік құнды қағаздарға, мемлекеттік банк депозиттеріне,
халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздарына инвестициялайтын заңды
тұлға болып табылады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Респкбликасының
зейнетақы жүйесінде орталық буын болып табылады. Дәл осы қор салымшылармен
қарым-қатынастарды ұйымдастырады, зейнетақы шарттарын жасасады, ерікті және
міндетті зейнетақы жарналарды жинауды жүзеге асырады,зейнетақы жарналарына
және инвестициялық табысқа жеке есеп жүргізеді. Соған қоса, бұл қордың
міндеттеріне халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шағымдар мен
өтініштеріді қарау және т.б. жатады.
Қазіргі заңға сәйкес мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ) жабық
түрдегі акционерлік қоғам болып табылады. Мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қоры үлкен екі топқа бөлінеді:
1) Ашық қорлар;
2) Корпоративті қорлар;
Корпоративті қор: қордың құрылтайшылыры және акционерлері болатып
табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың кәсіпорын жұмысшылырының
алушылары үшін құрылған. Тек осы жұмыскерлер қордың салымшылары бола алады.
Корпоративті жинақтаушы зейнетақы қордың жарғылық капиталы-20 млн.теңге.
Ашық қор: Барлық азаматтар үшін жұмыс істейді. Елімізде табыстары бар
кез-келген жеке адам өзінің мекенжайына, кәсібіне, жұмысберушіге,
байланыссыз осы қормен шарт жасай алады. Корпоративті қор белгілі бір тобы
үшін құрылса, ол көптеген адамдар үшін қолайлы болып саналады. Алайда бұл
жағдайда қор үшін құрылтайшыларға орындалатын міндеттер бойынша қосымша
жауапкершілік жүктейді. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы-
90 млн.теңге болуы тиіс.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшысы және
акционерлері Қазақстан резиденті болып табылатын заңды және жеке тұлғалар
бола алады. Корпоративті жинақтаушы зейнетақы қорының ұүрылтайшылары мен
акционерлері тек Қазақстан Республикасы заңды тұлғалары ғана бола алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқытары:
• Зейнетақы төлемдерін салымшыларға ҚР-ның үкіметі белгілеген тәртіппен
жүргізу.
• Зейнетақы төлемдерін және жинақтарының дербес есеп жүргізу
• Зейнетақы төлемдерінің күй-жағдайы туралы конфиденциалдығын сақтау.
• Зейнетақы заңы мен зейнетақы келісм шарттарының заң бұзушылықтары
болған жағдайда ҚР-ның заңына сәйкес жауапкершілікті алу.
• Салымшының өтініші бойынша оның зейнетақы жинақтарын бір жинақтаушы
зейнетақы қордан екінші қорға аудару.
• Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөнінде ЗАИБЖҰ-мен келісім
шарт жасау.
• Өзінің қызметі жайында 1,3,5,10 күнтізбелік жыл аралығында стандартты
уақыт периодында статистикалық және басқа да ақпаратты жариялау.
• ЖЗҚ- мен зейнетақы келісім шартқа отырған азаматтарға бірдей жағдай
жасау.
Мемлекттік емес зейнетақы қоры зейнетақы активтерін өздері
инвестициялауды жүзеге асырмайды. ҚР-ның заңына сәйкес олар зейнетақы
активтерін инвестициялау үшін арнайы құрылған зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға (ЗАИБЖҰ) аударады. Қ Р-
ның бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының (әрі қарай ҚР-ның БҚҰК)
қаулысымен және заңға сәйкес Зейнетақы акативтерін басқару жөніндегі
қызметін лицензиялау және квалификационды міндеттерді бекіту туралы
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым ҚР-ның
БҚҰК белгілеген тәртіппен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлардың
зейнетақы активтерін басқару үшін арналған. Зейнетақы активтерін
инвестициялық басқару жөніндегі қызметі эмиссионды бағалы қағаздарды алу
немесе олардан бас тарту және көрсетілген құнды қағаздар мен басқа да
зейнетақы активтермен келісім шарттарды жүзеге асыру. ЗАИБЖҰ заңды тұлға,
жабық акционерлік қоғам ретінде құрылып, құнды қағаздар нарығының кәсіби
мүшесі болып табылады.
ЗАИБЖҰ-ның жарғылықты капиталының минималды мөлшері-80 млн.теңге.
Жарғылықты капиталды тек құрылтайшылардың қаражат есебінен қалыптасады.
БҚҰК-ның лицензиясы бар және бір немесе бірнеше ЖЗҚ келісімшарт негізінде
ЗАИБЖҰ зейнетақы активтерін орналастыру жалпы зейнетақы активтерінің
көлемін орналастыру кезеңіне байланысты. Мөлшері келесідей жүзеге
асырылады:
• мемлекттік қысқа мерзімді құнды қағаздары – 25% кем емес.
(өтініш беру мерзімі бір жылға дейін)
• мемлекттік орта мерзімді және ұзақ мерзімді құнды қағаздар-25% кем емес.
(өтініш беру мерзімі бір жылдан жоғары)
Келесі халықаралық қаржы ұйымдармен шығарылған құнды қағаздары:
• Халықаралық даму және қайта құру банкі
• Еуропалық даму және қайта құру банкі
• Америкааралық даму банкі
• Халықаралық қаржы корпорациясы
• Азия даму банкі
• Африка даму банкі
• Ислам даму банкі - 10% көп емес;
• Қазақсатан қор биржасының А санатына енгізілген эмитенттер
акциясы - 10% көп емес;
• Қ Р-ның Ұлттық Банк бекітілген тізім бойынша банктік депозиттік
сертификаттар мен екінші деңгейлі банктердің дипозиттері - 40% көп
емес;
ЗАИБЖҰ эмитенттердің құнды қағаздарымен келісімдерді тек бағалы қағаздар
рыногында брокелермен келісім шарт негізінде жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорыының зейнетақы активтері: зейнетақы
жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл жіне жинақтпушы зейнетақы
қорларының комиссиялық сыйақыларын шегеріп тастағандағы залалдарды өтеу
ретінде түскен қаражат есебінен қалыптасады.
Салымшының, алушының жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктің және
зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың
қарыздарды бойынша зейнетақы активтері осы аталған субъектілер таратылғанда
және (немесе) банкротқа ұшырағанда өндіріліп алуға жатпайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек мына мақсаттарда
ғана жұмсалуы мүмкін:
1. тізбесін уәкілетті органдар белгілейтін қаржы құралдарына
орналыстурыға;
2. зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жүзеге асыруға;
3. зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына не
зейнетақы аннитуитеті бойынша Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртіппен сақтандыру ұйымына аударуға;
4. қате есептелген зейнетақы жарналарын және өзге де қате
есептелген ақшаны қайтаруға.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы төлемдерін
төлеуді және жинақталған зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге
асыруға байланысты шығыстарды өтеуге.
6. Алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не алушыны
жерлеген адамға жинақтаушы зейнетақы өорлары жерлегені үшін
он бес еселенген айлық есептік көрсеткіш шегінде , бірақ жеке
зейнетақы шотында бар қаражаттан аспайтын мөлшерде біржолы
төлем жасайды.
Жинақтаушы зейнтақы қорларының зейнетақы активтері заңына сәйкес,
кастодиан есепшоты тәртібінде кастодиан келісім шартына сәйкес Кастодиан-
банкте сақталады. Кастодиан–банк, басқаша айтқанда банк-сақтаушы, құңды
қағаздарды жауапты сақтап, барлық зейнетақы активтерінің аккумуляциялау
жөнінде операцияларға есеп жүргізу , оларды орналастыру, инвестициялық
табыс табу және ЖЗҚ есеп шоттарының жағдайы мен ЗАИБЖҰ қызметі туралы
айсайын ақпарат беру бойынша қызмет көрсететін банк. Сонмен бірге Банк-
кастодиан МЕЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін мақсатты орналастыруын бақылау
және ЗАИБЖҰ-ның заңға сәйкес болмаған тапсырмаларды тоқтату және осы жағдай
туралы Бағалы қағаздар рыногын бақылау жөнінде уәкілетті органы мен
мемлекеттік емес зейнетақы қорын ескерту. Мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қорында тек бір банк-кастодиан болуы мүмкін, бірақ банк-
кастодианға осы шектеу қойылмайды.
Банк-кастодианның міндеттері:
Қорға сеніп тапсырған зейнетақы қаражаттарына есеп жүргізу үшін келесі
есепшоттарды ашу:
- Инвестициялық зейнетақы есепшоты (зейнетақы жарналарын ашу,
инвестициялық кірісті аудару және оларды қаржы құралдарына
инвестициялау үшін арналған);
- Зейнетақы төлеу есепшоты (зейнетақы төлеу және басқа қорларға
аудару үшін арналған)
- депо есеспшоты бағалы қағаздарды және қаржы құралдарын сақтау
мен есепке алу үшін арналаған.
- Банк заңнамасына сәйкес зейнетақы жинақтарын және бағалы
қағазадарға есеп жүргізу мен қауіпсіз және конфиденциалды
сақталуына кепілдік беру.
- Апта сайын қорлар мен компаниялармен кездесіп, зейнетақы
жарналарының суммасын, зейнетақы жинақтарынан жүргізілетін
төлемдерінің суммасын , инвестициялық кіріс суммасы мен өткен
тоқсанда салымшылар зейнетақы жинақтарын басқа қорларға аудару
суммасы бойынша мәліметтерді салыстыру және қорлардың зейнетақы
активтерін бағалау.
- Қор мен салымшылар туралы ақпаратты жасырын сақталуына
қамтамасыз ету.
ЖЗҚ, ЗАИБЖҰ және банк-кастодиан мемлекеттік емес зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесінің негізі болып, үш жақты кастодиандық келісім шарт
жасалады. Онда әр жақтың міндеттері мен құқықтары және барлық құқық
қатынастары белгіленеді. Осы үш қатысушылар арасындағы қарым-қатынас
келесі кесте бойынша жүргізіледі. Зейнетақы қоры мен салымшы арасындағы
зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы келісім шартына сәйкес
салымшыалушы жарналарын осы үшін арнайы қордың инвестициялық зейнетақы
есеп шоты кастодиандық шарт жасасқан банк-кастодианға жіберіледі.
Кастодиандық шарттың үшінші жағы -ЗАИБЖҰ -келісім шартқа сәйкес зейнетақы
жинақтарын инвестициялық басқару іске асырылып, Қ.Р-ның БҚҰК белгілеген,
инвестициялық портфельге сәйкес қаражат салынады. Зейнетақы активтерін
басқару нәтижесінде алынған кіріс салымшылар арасына таратылады. Сонымен
бірге салымшыларалушылар есеп шоттарына зейнетақы жарналарына сәйкес
инвестициялық кірістің 90% аударылады. Зейнетақы қорларында өздеріне
әріптес таңдау мүмкіндігі бар. Осыдан кастодиандық шарттың және барлық
мемлекеттік емес зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің негізіг мүшесі
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры болып табылады.[6]

Қазіргі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі реформасының ерешеліктері.

Қазақстанның ұрпақтар жалғастығына, ынтымақтастық принципке
негізделген зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі, басқа кеңес одағының
мемлекеттер сияқты дағдарысқа ұшырады.
Сондықтан, 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап отандық
зейнетақылық жүйені әлеуметтік–экономикалық өзгерістерге қарай
сәйкестендіру талпыныстары жасалды.
1991 жылығы маусымда тәуелсіз Қазақстанның тарихында зейнетақы туралы
алғашқы заң Қазақ КСР-де азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы
заң қабылданды. Бұл заңның басты мақсаты болып зейнетақылардың мөлшерін
жұмыс стажына және орташа айлық жалақыға тәуелдірек ету, сонымен қатар
зейнетақылық жүйені арнайы құрылатын зейнетақы қорларының есебінен
қаржыландыруды ұйымдастыру табылады. соған қоса, зейнетақыларды тағайындау
және төлеу тәртібі елеулі түрде өзгереді.
Бұл кезеңде ұрпақтар жалғастығына негізделген зейнетақымен қамтамасыз
етудің мемлекеттік жүйенің әлсіздігі анықталып, 90-шы жылдардың ортасында
әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы дағдарысқа ұласты. Осы дағдарыстың
обьективті және субьективті шығу себептерін қарастырайық.
1.Халықтың табиғи қартаюы, туудың азаюы, жұмысыздықтың өсуі, Қазақстаннан
еңбекке қабілетті азаматтардың көшіп кетуі, халықтың қартаю деңгейінің
көрсеткіші зейнеткерлер санының еңбекке қабілетті жастағы тұрғындар
санына қатынасы арқылы анықталатын тәуелділік коэффициентінің өсуі
байқалып отыр. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1,8:1 және оның төмендеп бара
жатқаның көрсетеді.
2. Зейнетақы жарналарының мамандырылған есепке алмауынан кәрлікті
қамтамасыз ету қызығушылығын және жеке жауапкершілікті жойылуына алып
келді.
3. Бюджеттік емес қорларға міндетті жарналардың мөлшері жоғары
болғандықтан жарналарды төлеуден бас тарты. Бюджеттік емес қорларға есеп
беру кезіңде минималды табысты декларациялау, тіпті салық органдарында
тіркелуден жалтару сияқты салдарынан жалпы кәсіпорындардың барлық
жекеменшік түрлері мемлекеттік зейнетақы қорына тіпті 40млрд.теңге
(23млрд.долл.США) қарыз болды. Мемлекет секторындағы жұмыспен
қамтылғандардың саны төмеңдеуінен, ал жекеменшік секторында және өзін-өзі
жұмыспен қамтығандардың саны өсті. Осының нәтижесінде салық жинау деңгейі
төмеңдей берді.
4. Бүкіл өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды бақылау мүмкін болмады. Олардың
бюджеттік емес қорларына аударған жарналардың мөлшерінен
салыстырмалы түрде аз болды.
5. Бюджеттік емес қорлардың қаражаты бақылаусыз жұмсалды.
6. Жергілікті орындағы билікітің децентрализациясы нәтижесінде басқару
құрылымының екі жақты әкімшілікке алып келды. Бір жағынан операциялар
аймақтық деңгейде министрлік бөлімшелерінің көмегімен іске асырылса, ал
екінші жағынан барлық аймақтық ұйымдар әкімдерге бағынды.
7. Барлық облыстардың жергілікті кірісті бірдей зейнетақы төлемдерін
төлеу мүмкіндігі болмағандықтан, Халықты әлеуметтік қорғау және еңбек
министрлігі кірістерді қайта құру механизмдерін қолданады.
Айсайын жиналған жарналардың 30% республикалық есеп шотқа аударады.
Министрлік осы түсімдерді тапшылық бар облыстар бойынша қайта бөлді.
Облыс бойынша зейнетақы төлемдерінінің айырмашылығы әділетсіз және ол
халықты әлеуметтік қорғау ынтымақтастықтың ұлттық сезімін әлсіретеді.Бұл
нәтижелі емес еді. Табысы жоғары деңгейдегі облыстар бүкіл жарналарды
жинау оларды ынтландырмады, өйткені олардың зейнеткерлеріне төленетін
суммасынан әлде қайда жоғары болып, жиналған түсімдердің үлкен бөлігін
жоғалты. Казахстанға зейнетақы алушылар мен салымшыларға тұрғылықты
жеріне байланыссыз бірдей қызмет көрсететін, түсімдерді жинау және
зейнетақы төлемдерін жүргізетін ұлттық жүйеге көшу қажеттілігі туындады.
8. Осыған байланысты Қазахстандағы зейнетақы жүйесінің дағдарысқа
ұшырауының негзгі себетерінен, зейнеткерлерге зейнетақы төлембеудің
нәтижесінде миллиардаған қарыздарға алып келді.
Қазақстан Республикасының зейнетақылық жүйесінің дамуындағы келесі
кезең болып 1994 жылы 1994 жылғы нақтыланған респбликалық бюджет туралы
заңды қабылдау болды. Бұл заңды қабылдау нәтижесінде зейнетақылық жүйеде
біршама өзгерістер орын алды. Зейнетақылық кор Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министріліктің қарауына берілді. Осылай, зейнетақымен
қамсыздандыру мемлекттік бюджет тарапынан қаржыландырудан алып тасталды,
жасына байланысты зейнетақылар жұмыс берушілердің және қызметкелдердің
өзімен қаржыландырылатын болды.
Осы уақытта алғашқы заңды тіреклген ерікті жинақтаушы зейнетақы
қорлары пайда болды. Бірақ заңамалық базасының болмауынан халықтан ерікті
зейнетақы жарналарын тарту мүмкін болмады. Жинақтаушы зейнетақы қорлардың
қызметі бұл кезеңде негізінен мәліметтерді алу мен өндіру, кадрларды
дайындау, іздену, іс-шараларды дайындауға бағытталды. 1994жылы 27
желтоқсанда үш жинақтаушы зейнетақы қоры және екі акционерлік қоғам
Қазақстанның ерікті зейнетақы қорының Ассоциациясын құру туралы шешім
қабылдады. Сол кезеннің өзінде–ақ координациалық органның қажеттілігі
туындап, 1995жылы қаңтарда ерікті зейнетақы қорлар Ассоциациясы құрылды.
1995 жылы ерікті зейнетақы қоры Ассоциациясы зейнетақы реформасының
Консепциясының әдістемесін, Қазақстанның ерікті зейнетақы қорлары туралы
заңның жобасын құруына қатысты. Мемлекеттік органдармен, Парламентпен өзара
жұмыс атқарды. Ерікті зейнетақы қорлар мен Ассоциация осы уақытта шығынмен
жұмыс жасады.Осыған орай барлық қызығушылықты жақтар халықтан ерікті
зейнетақы жарналарын тарту жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылдады. 1996
жылы 3 маусымда Мемлекеттік емес зейнетақы қорлар туралы Қ Р-
ның заңы қабылданды. Ол бір жыл көлемінде жұмыс істеп, бірақ жұмысы іске
аспады. Бір жыл ішінде бір де бір зейнетақы қоры лицензия алып, жұмыс
істей алмады. Оның негізгі себептері:
1. Қоғамда ерікті зейнетақымен қамтамасыз ету идеясы қалыптаспады.
2. Жалпы бірігу нәтижесінде, бүгінгі күнге қаражат таппай отырғанда,
біреуде бір болашаққа қаражат жинайтынына сенуге қиын еді.
3. Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру және қалыптастырумен байланысты
бастапқы шығындардың көптігімен және салымдардың есесін қайтару
ұзақтығы.
4. ЖЗҚ үшін жарналардың комиссиялық пайыздардың (0,6%) және
инвестициондық пайданың (5%) аздығы.
5. Инвестициондық портфельдің тарлығы.
6. Құнды қағазда нарығының әлсіз дамуы.
7. Кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылығының ерікті зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы келісім шарт жасауға дайын еместігінің
нәтижесінде біраз ғана зейнетақы жарналарына қаржылық және еңбек
ресурстарының шығындары.
8. Республикадағы халық шаруашылықтың жалпы жағымсыз жағдайдың болуы
(өнеркәсіптердің тоқтауы, жалақының берілмеуі, өмір сүру деңгейінің
жоғарлауы)
9. Салық жеңілдіктерінің қарастырылмауы.
10. Жинақтаушы зейнетақы қорларын құруға қаражат салуға қарағанда,
коммерциялық операциялардан біршама пайда табудың мүмкіндігі.[25]
Көптеген талқылаулардан және таластардан кейін 20.06.1997 жылы Қазақстан
Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан
Республикасының заңы қабылданып, 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді.
Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып міндетті зейнетақымен
қамтамасыз ету принципіне негізделген заң қабылданды. Бұл зейнетақы
реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашты. Бұл заң зейнетақымен
қамсыздандырудың мемлекеттік толыққанды жүйесінен-белгіленген міндетті
жарналармен және ерікті қосымша жарналармен байланысты жинақтаушы зейнетақы
жүйесіне біртіндеп өтуді бекітті. 1998 жылы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша
кем дегенде алты айлық еңбек стажына ие азаматтар зейнетақыны толыққанды
жүйеден де және егер зейнетақылық жарналарды төлеп отырса, жинақтаушы
зейнетақы қордан да алатын болады. Әрбір жұмыскер міндетті түрде
еңбекақысынан 10% жарна ретінде жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.
Сонымен бірге ерікті қосымша зейнетақы жинау мүмкіндігі сақталды. Енді
жинақтаушы зейнетақы қорларының негізгі қызметі халықты ерікті зейнетақы
жарналарының қажеттілігі туралы түсіндіру емес, салымшыларды іздеуге және
оларды өз зейнетақы қорларына тарту жұмыстарына ауысты.
Жинақтаушы жүйеге көшу ұзақ уақытты қажет етеді, сондықтан біздің
жағдайда толығымен бұл жүйеге көшу 2045 жылғы дейін жалғасады. Мемлекеттік
емес жинақтаушы зейнетақы жүйесін ендірудің екі қызметі қарастырылды -
әлеуметтік тұрақтылық және қаржылық делдалдық. Жалпы қазіргі зейнетақымен
қамсыздандыру жүйесін келесідей кесте арқылы көрсетуге болады.
ҚР-ның аралас (мемлекеттік
мемлекеттік емес) зейнетақымен
қамсыздандыру моделі
Мемлекеттік бөлу жүйесі Мемлекеттік емес зейнетақы
(қазіргі зейнеткерлер үшін) жұйесі (болашақ зейнеткелер
үшін)

Зейнетақы төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақылар
Заңды тұлғалар ЕАҚ-ның
15%мөлшерінде;

Әлкеуметтік
зейнетақы
Республикалық
бюджеттен
Жинақтаушы
зейнетақы
қорларынан
төленетін
жинақталған
зейнетақы

МЕЖЗҚ
МЖЗҚ

1-сурет. Қазақстан Республикасның зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің
кестелік құрылымы
Жұмағұлов Г.Б, Ахметов А, Ахметова Г. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы оқу
құралы. Алматы 2005 жыл
Келтірілген схемадан көрінгендей, Қазақстан Республикасындағы
зейнетақымен қамсыздандырудың бүкіл жүйесі қазіргі кезде үш заңды тұлғаға
жүктелген:
1. Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, бұл орталық
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік зейнетақы қорының құқықмирасқоры
болып табылады, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған және оралымды
басқару құқығына негізделген.
Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық Қазақстан
Республикасының жұмыс істейтін барлық азаматтарына жарналарды есепке алу
және жеке зейнетақы шоттарын жүргізу үшін қажетті әлеуметтік жеке кодтарды
(ӘЖК) беруге міндетті. Сонымен қатар, зейнетақыларды төлеу жөніндегі
мемлекеттік орталық мәліметтер қорын құрады және жұыс берушілердің
зейнетақы жарналарын уақытылы аударуына бақылау жасау үшін салық
органдарына мәліметтерді беріп отырады.
2. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының
зейнетақы жүйесінеде орталық буын болып табылады. Дәл осы қор салымшылармен
қарым-қатынастарды ұйымдастырады, зейнетақы шарттарын жасасады, ерікті және
міндетті зейнетақы жарналарды жинау жүргізеді. Соған қоса, бұл қордың
міндеттеріне халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу , шағымдар мен
өтініштеріді қарау және т.б. жатады.
3. Мемлкеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. 2003 жылғы дейін бұл қорға
салымшылармен шарт жасаспастан тек міндетті зейнетақы жарналарын жинауды
жүргізуге және зейнетақы төлемдерін алушыларға Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгіленген тәртіпте беруге рұқсат етілген болатын.
2002 жылғы 29 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңына өзгертулер мен толықтулар енгізу
туралы заңына сәйкес 2003 жылдан бастап Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қоры жойылды.
Енді Мемлекеттік зейнетақы қоры да мемлекеттік емес зейнетақы қорлары
қызмет ететін қағида бойынша жұмыс істейді. [3]
Қазақстандағы зейнетақы реформасының негізгі ерекшеліктері:
1. Зейнетақы төлемдер бұрынғыдай ұрпақтар арасында емес, бір ұрпақтың
өз ішінде ғана көзделген, яғни әрбір азамат еңбекке қабілетті жасында өз
қаражатынан болашақ зейнетақыға жарналар салады.
2. Зейнетақымен қамсыздандыру үш деңгейлі жүйесін құруға бағытталған.
Бірінші деңгей - республиканың барлық азаматтары үшін мемлекеттік негізгі
зейнетақы.
Екінші деңгей - ынтымақтастық жүйесі және міндетті зейнетақы есебінен
зейнетақы жарналардан құрылған жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін
зейнетақы.
Үшінші деңгей - бұл ерікті зейнетақы жарналары бар жинақтаушы жүйе.
3. Зейнетке шығу жасы үлкейді: ерлерге -63жасқа, ал әйелдерге 58жасқа
толғанда, бірақ бұл бір мезетте емес, бір қалыпты өтті.
1998 жылы 1 қаңтардан-ерлерге 61жасқа, әйелдерге 56 жасқа толғанда;
1998 жылы шілдеден-ерлерге 61,5 жасқа, әйелдерге 56,5жасқа толғанда;
1999 жылы шілдеден – ерлерге 62 жасқа ,әйелдерге 57 жасқа толғанда;
2000 жылы шілдеден –ерлерге 62,5 жасқа, әйелдерге 57,5 жасқа толғанда;
2001 жылы шілдеден- ерлерге 63жасқа, әйелдерге 58жасқа толғанда.

Бірақ бұл жерде айта кететін нәрсе әйел адамардың жалақысы көп
жағдайда ер адамардың жалақысынан төмен, яғни зейнетақы жарналардың мөлшері
және жинақталатын сомасы да аз болады (зейнетақы қорына аудару пайызы
бірдей жағдайда) Сонымен қатар ер адамдарға қарағанда әйел адамардың өмір
сүру ұзақтығы жоғары. Қазақстандағы әйел адамдардың өмір сүру ұзақтығы
болжам бойынша - 74жыл, ал ер адамдарда - 60,45 жыл.
3-кесте. Қазақстан Республикасының орташа өмір сүру ұзақтығы
Жылдар Барлық халық Оның ішінде Әйел
адамдардың
өмір сүру
ұзақтығының
асырылуы
Ер адамдар әйел адамдар
1 2 3 4 5
2000 63,6 58,0 69,7 11,7
2001 64,0 58,5 69,9 11,4
2002 64,5 59,0 70,4 11,4

3-кестенің жалғасы
1 2 3 4 5
2003 65,5 60,3 71,0 10,7
2004 65,5 59,8 71,3 11,5
2005 65,8 60,5 71,32 10,82
2006 66,0 60,7 71,52 10,82
2007 65,83 60,45 71,46 11,01
Казахстан в цифрах Статистикалық жинақАбдиева К.С. Алматы 2007жыл

Елімізде өмір сүру ұзақтығының үрдісі жағымды. Бұл жинақтаушы
зейнетақы қорлар қызметінің дамуының артықшылығы.
4.1998 жылы 1қаңтардан бастап зейнетақыға шығу барлық жеңілдетілген
түрлері тоқтатылды.
5. Бұрынғы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде кәсіпорындар
мемлекеттік зейнетақы қорларына еңбекақы төлеу қорынан 25,5% төледі.(ЕТҚ).
Қазіргі уақытта осы 25% бөлінеді. Біріншісі ЕТҚ-дан 15% мөлшерде зейнетақы
жарнасы ретінде зейнетақы төлеу қорына аударылады, қазір атауы ауысып
зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы деп қайта құрылыды (ЗТМО). Осы 15%-дан
ЗТМО 1998 жылдың 1қаңтарға дейіңгі зейнеткерлерге зейнетақы төлейді бірақ
болашақ зейнеткерлерге 1998 жылы 1 қаңтарға дейіңгі еңбек стажының
жылдарына сәйкес зейнетақы төленеді.
Екіншісі ЕТҚ-ның 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарнасы есебінде
салымшы өз таңдауымен зейнетақы келісіміне отырған мемлекеттік немесе
мемлекеттік емес зейнетақы қорының дербес зейнетақы есепшотына аударады.
Сондай-ақ салымшы себепті түсіндірмей-ақ жылына екі рет зейнетақы қорын
ауыстыру құқығы бар.
Қазіргі заңға сәйкес мемлекеттік емес зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ) жабық
түрдегі акционерлік қоғам болып табылады. Мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қоры үлкен екі топқа бөлінеді:
1) Ашық қорлар;
2) Корпоративті қорлар;
Корпоративті қор: қордың құрылтайшылыры және акционерлері болатып
табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың кәсіпорын жұмысшылырының
алушылары үшін құрылған. Тек осы жұмыскерлер қордың салымшылары бола алады.
Корпоративті жинақтаушы зейнетақы қордың жарғылық капиталы-20 млн.теңге.
Ашық қор: Барлық азаматтар үшін жұмыс істейді. Елімізде табыстары бар
кез-келген жеке адам өзінің мекенжайына, кәсібіне, жұмысберушіге,
байланыссыз осы қормен шарт жасай алады. Корпоративті қор белгілі бір тобы
үшін құрылса, ол көптеген адамдар үшін қолайлы болып саналады. Алайда бұл
жағдайда қор үшін құрылтайшыларға орындалатын міндеттер бойынша қосымша
жауапкершілік жүктейді. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталы-
90 млн.теңге болуы тиіс.
Жинақтаушы зейнетақы қорының құқытары:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейнетақымен қамсыздандырудың Чилилік моделі
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Жинақтаушы зейнетақы қоры
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы реформасының ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау
Халықты зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың теоретикалық аспектілері
Жинақтық зейнетақы қорлар жүйесі
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық инвестициялық портфелі
Зейнетақы жүйесі туралы
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі туралы
Пәндер