Қазақстан Республикасының аймақтарында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару



КІРІСПЕ 3.4
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН.ӨЗІ БАСҚАРУ
1.1. Қазақстан Республикасының жергілікті органдарына жалпы сипаттама және әкімшілік.аумақтық құрылысы 5. 12 1.2. Аймақты басқарудың мәні және құрылымы 13.17 1.3. Жергілікті өзін.өзі басқарудың шетелдік тәжірибесі 17.19
2. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1. Қаланың өнеркәсіп саласының дамуы. 20.27
2.2 Тараз қаласы бюджетінің орындалуын талдау 27.30
2.3 Қаланың жалпы өнеркәсіп саласының дамуын талдау 30.37
2.4 Қаладағы кәсіпкерліктің дамуын талдау 37.41
2.5 Тараз қаласындағы құрылыс, көлік және байланыс салаларының
дамуын талдау 42.47

3. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ІС.ШАРАЛАР

3.1 Тараз қаласының экономикасындағы салалық құрылымдарды
жақсарту бойынша шаралар 48.50
3.2 Әлеуметтік саланың қазіргі кездегі жағдайын бағалау 50.55

ҚОРЫТЫНДЫ 56.57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58.59
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген.
Осыған орай, елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды білу құштарлықтары арта түсуде.
Қазіргі кезде экономикалық және қоғамдық–саяси жүйелерінің өзгерісі жергілікті басқару органдарының құрылуы мен дамуына тікелей байланысты. Қазақстанның соңғы жылдардағы тәжірибесі жергілікті шаруашылықты басқару бүгінгі күні экономикасы нарықтық, әлеуметтік бағытталған, құқықтық және демократиялық мемлекетті құруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен қатар мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуде және күрделі ішкі проблемаларды шешуде аймақтық және жергілікті деңгейлерде басқарудың маңызы зор екенін елде қалыптасқан жағдай дәлелдейді.
Қазақстан экономикасының өркендеуі ірі және шағын қалалардың, ауылдар мен елді мекендердің дамуы негізінде жатыр. Жергілікті билік органдары, кәсіпкерлер, белсенді азаматтар жергілікті шаруашылықтың дамуын басқарудың жаңа формалары мен әдістерін жете білмейінше, жергілікті басқару, демократиялық қоғам, нарықтық экономика шынайы болмайды.
Жергілікті басқару жүйесі мемлекеттік аймақтық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Аймақ экономикасын дамытудың мақсаты әлеуметтік бағытталған, сонымен қатар тиімді мемлекеттік реттеуін құру болып табылады.Міне, осындай реттеу, тұтастай алғанда, аймақтарды дамыта отырып, халық шаруашылығының тиімді қызмет етуінің жағдайын құру керек. Ең алдымен бұл еңбек ресурстарын барынша үйлесімді және тиімді қолдану, сонымен байланысты шығындарды азайту, аймақтың мамандандырылуы жағына байланысты.
Қазіргі кезде экономикалық қатынастар субъектілерінің жаңа құрылымын құру жүріп жатыр. Онда аймақтар маңызды орын алады. Аймақтың дамуы түрлі құрылымдық өзгерістерге әкеледі. Сондықтан, экономикалық дамуға қол жеткізу үшін жергілікті басқару органдары аймақтың тиімді даму бағдарламаларын жасап, оны жүзеге асыруда белсенді қызмет етуі қажет. Ал жергілікті қоғамдастық жергілікті әлеуметтік–экономикалық дамудың мәселелерін түсіндіруде негіз болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет – Алматы:ЮРИСТ,2004ж.- 121 б
3. “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” ҚР Заңы, 20 шілде 2001ж
4. «Паспорт Жамбылской области», Тараз, 2004 г. Областное управление экономики,48 стр.
5. Региональная политика Казахстана:Экономический механизм реализаций. Алматы,Ғылым,1998 г.
6. «Әлеуметтік-экономикалық даму» жедел хабарлама,Тараз,2003 ж,Облыстық статистика басқармасы.
7. Об индикативном плане социально-экономического развития г. Тараза на 2000-2002г//знамя труда 1999г.-30 января.
8. Социально-экономическое развитие Казахстана. 2/2005,- Алматы,2005
9. Илюхина Е. Законодательное регулирование муниципальных собственности // Российский экономически журнал 1996 г
10. Муниципальная экономика крупного города: Концепция, механизм, управления, / А.М. Чернецкий и др. Основы местной социально-экономической политики / Под-ред. А-Еколуга – 1995 г.
11. Постовой Н.В. Местное самоуправление, история, теория, практика – М, 1995 г
12. Положение “О местных финансовых органах Республики Казахстан” // Казахстанская правда – 2000 г. – 19 декабря.
13. Улюкаев А. Государственные финансы и (регулирования) регулированное развитие // Вопросы экономики – 1998 г. № 3
14. Райымбердиев Т. "Әлеуметтік сақтандыру жүйелері", Жас Алаш // 2004 жыл, 5 ақпан, 8 бет.
16. Тоқтасынов Б. "Әлемдік экономикаға интеграциялану", Егемен Қазақстан // 2003 жыл, 8 қараша.
17. Цой С. Н., Ибатуллин С. Р., Уркунчиев Е. М., Султанбекова М.З., "Организация самостоятельной работы по дипломному проектированию и НИРС экономических специальностей" Учебное пособие, Тараз: ТарГУ, 2003 год, 88 стр.
18. "Паспорт Жамбылской области", Тараз, 2004 год, Областное управление экономики, 48 стр.
19. "Статистикалық жинақ", Тараз, 2002 жыл, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі.
20. "Әлеуметтік-экономикалық даму", жедел хабарлама, Тараз, 2002 жыл, Облыстық статистика басқармасы.
21. "Әлеуметтік-экономикалық даму", жедел хабарлама, Тараз, 2003 жыл, Облыстық статистика басқармасы.
22. Экономикалық теория: Оқу құралы/Я.Ә.Әубәкіров.Байжұмаев Б.Б,Ф.Н. Жақыпова.Т.П.Табеев.- Алматы:Қазақ университеті.
23. Мамыров Н,Қ, Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях рынка Казахстана.Алматы,Экономика , 1998 г.
24. Государсвенное регулирование национальной экономики.Алматы, Қазақ университеті, 2004 – 108 с.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3-4

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

1.1. Қазақстан Республикасының жергілікті органдарына жалпы сипаттама
және әкімшілік-аумақтық құрылысы
5- 12
1.2. Аймақты басқарудың мәні және құрылымы
13-17 1.3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың
шетелдік тәжірибесі 17-19

2. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2.1. Қаланың өнеркәсіп саласының дамуы.
20-27

2.2 Тараз қаласы бюджетінің орындалуын талдау
27-30
2.3 Қаланың жалпы өнеркәсіп саласының дамуын талдау
30-37
2.4 Қаладағы кәсіпкерліктің дамуын талдау
37-41
2.5 Тараз қаласындағы құрылыс, көлік және байланыс салаларының
дамуын талдау
42-47

3. ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ БАСЫМ
БАҒЫТТАРЫН АНЫҚТАУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР

3.1 Тараз қаласының экономикасындағы салалық құрылымдарды
жақсарту бойынша шаралар
48-50
3.2 Әлеуметтік саланың қазіргі кездегі жағдайын бағалау
50-55

ҚОРЫТЫНДЫ
56-57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
58-59

КІРІСПЕ

1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында
біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген.
Осыған орай, елімізде түбегейлі экономикалық және саяси қайта
құрылыстар жүргізілуде, мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік пайда
болып, дамуға байланысты, шаруашылықты жүргізу мен халықтың әл-ауқатын
жақсарту нарықтық қатынастарға негізделетін, мемлекет экономика мен
әлеуметтік-мәдени салаларын тікелей басқарудан бас тартып, оларды негізінен
құқықтық реттеумен және заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында
бақылаумен шектелетін болғандықтан халықтың қолданылып жүрген заңнамаларды
білу құштарлықтары арта түсуде.
Қазіргі кезде экономикалық және қоғамдық–саяси жүйелерінің өзгерісі
жергілікті басқару органдарының құрылуы мен дамуына тікелей байланысты.
Қазақстанның соңғы жылдардағы тәжірибесі жергілікті шаруашылықты басқару
бүгінгі күні экономикасы нарықтық, әлеуметтік бағытталған, құқықтық және
демократиялық мемлекетті құруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Сонымен
қатар мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз етуде және күрделі ішкі
проблемаларды шешуде аймақтық және жергілікті деңгейлерде басқарудың маңызы
зор екенін елде қалыптасқан жағдай дәлелдейді.
Қазақстан экономикасының өркендеуі ірі және шағын қалалардың, ауылдар
мен елді мекендердің дамуы негізінде жатыр. Жергілікті билік органдары,
кәсіпкерлер, белсенді азаматтар жергілікті шаруашылықтың дамуын басқарудың
жаңа формалары мен әдістерін жете білмейінше, жергілікті басқару,
демократиялық қоғам, нарықтық экономика шынайы болмайды.
Жергілікті басқару жүйесі мемлекеттік аймақтық саясаттың құрамдас
бөлігі болып табылады. Аймақ экономикасын дамытудың мақсаты әлеуметтік
бағытталған, сонымен қатар тиімді мемлекеттік реттеуін құру болып
табылады.Міне, осындай реттеу, тұтастай алғанда, аймақтарды дамыта отырып,
халық шаруашылығының тиімді қызмет етуінің жағдайын құру керек. Ең алдымен
бұл еңбек ресурстарын барынша үйлесімді және тиімді қолдану, сонымен
байланысты шығындарды азайту, аймақтың мамандандырылуы жағына байланысты.
Қазіргі кезде экономикалық қатынастар субъектілерінің жаңа құрылымын
құру жүріп жатыр. Онда аймақтар маңызды орын алады. Аймақтың дамуы түрлі
құрылымдық өзгерістерге әкеледі. Сондықтан, экономикалық дамуға қол жеткізу
үшін жергілікті басқару органдары аймақтың тиімді даму бағдарламаларын
жасап, оны жүзеге асыруда белсенді қызмет етуі қажет. Ал жергілікті
қоғамдастық жергілікті әлеуметтік–экономикалық дамудың мәселелерін
түсіндіруде негіз болып табылады.
Жергілікті экономика өндіріспен тығыз байланыста қаралған дәстүрлі
тәсіл дамудың критерийлері мен басымдығы туралы басқа түсініктер
қалыптастырады. Олар бағалаушы өндірістік көрсеткіштермен байланысты. Ал
жергілікті тұрғындардың өмірін жақсартудың мақсаты - өндірістің дамуына
байланысты қажеттілікті қамтамасыз ету.
Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару мақсаттары мен міндеттері бүгінгі
күні келесідей болуы қажет: әлеуметтік салада – халықтың
әлеуметтік–экономикалық жағдайының қажетті деңгейде қамтылуы, еркін өмір
сүру және еңбек құқығын жүзеге асыру. Ал экономикалық салада – жергілікті
құрылымдардың аймақтық еңбек бөлінісінің объективтік артықшылықтары мен
аумақтардың кооперациясын рационалды пайдалану.
Осы орайда дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Тараз қаласының
жергілікті өзін-өзі басқару қызметі мен қаланың әлеуметтік-экономикалық
даму жағдайы танылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – жергілікті шаруашылықты басқарудың
механизмдерін ашу, олардың жетілдіру жолдарын қарастыру. Қойылған мақсатқа
жету үшін келесідей міндеттерді қарастыру қажет:
- халық шаруашылығының негізгі бөлігі ретінде жергілікті шаруашылықтың
экономикалық дамуының мазмұнын ашу;
- жергілікті басқару органдарының ұйымдық–құқықтық негізін ашып
көрсету және жергілікті басқару қызметінің қазіргі қалыптасқан даму
жағдайына тоқталу;
- Тараз қаласының қазіргі әлеуметтік–экономикалық даму жағдайына жалпы
сипаттама беру және бағалау;
- Қаланың болашақтағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын анықтау
және ауданда шаруашылықты басқару механизмдерін жетілдіру жолдарын
қарастыру.
Осыларды ескере отырып бұл дипломдық жұмыста аймақтағы жергілікті
басқаруға жалпы түсінік бере отырып, жергілікті басқарудың маңызын,
мазмұнын және атқарытын қызметтері туралы жалпы түсінік беруді жөн санап
отырмын. Сонымен қатар жұмыста Тараз қаласын жұмыстың зерттеу объектісі
ретінде қарастырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеу
жүргіздім. Және осы жұмысты аяқтай келе қаланың әлеуметтік-экономикалық
жағдайын жақсартуға және аймақтағы жергілікті басқаруды дамытуға өз
ұсыныстарымды қостым.
Қазіргі кезде аймақтардағы жергілікті басқару жүйесі дамытылуда, яғни
жергілікті әкімдерді сайлау ұсынылуда, аймақтардағы алынатын салықтар
жергілікті жерде қалдыру жөніндегі ұсыныстар жүргізілуде және т.с.с.
Осыларға байланысты дипломдық жұмыстың негізгі үш бөлімінен аймақтағы
жергілікті басқарудың түсінігі туралы тереңірек мағлұмат ала аласыз.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНДА

ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

1. Қазақстан Республикасының жергілікті органдарына жалпы
сипаттама және әкімшілік-аумақтық құрылысы

Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз – бұл заң актілерінде
белгіленген құзірет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті
аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге
асыратын, сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып
табылатын қызмет.
Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік-аумақтық бөліністің
әрқилылығы көрініс табады, оның қызметінің экономикалық және қаржылық
негіздерін, әрине, жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға
бекітілген мүлік, сондай-ақ заңға сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де
мүлік құрайды. Алайда, маслихаттар мен әкімшіліктерге міндеттер, талаптар
мен шектеулер қойылады, олардың негізгілеріне жататындар:
1) Жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатқа қаржы және
инвестициялық саясатқа қайшы келетін шешімдердің
қабылдануына жол бермеу;
2) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Республиканың
мүддесін сақтау;
3) Қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы
мемлекеттік стандарттарды ұстану;
4) Азаматтардың құқықтары мен заңды мүделерінің сақталуын
қамтамасыз ету.
Аумақты дамытуға байланысты маслихаттар мен әкімшіліктер қабылдайтын
жоспарлар еліміздің стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуі тиіс, әрі
оларға бірыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар
мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға
тыйым салынады.
Әкімшілік-аумақтық құрылыс ұғымы мемлекет аумағының әкімшілік-аумақтық
бірлестіктер деп аталатын белгілі бір бөліктерге бөлінуін сипаттайды. Олар
жергілікті істерді дербес түрде басқарады және мемлекеттік құқықтық
қатынастардың субъектілері болып табылады. Аумақтық бөліну: мемлекет
органдар жүйесін құру (мемлекеттік үкімет, басқару, сот, прокоратура),
халық шаруашылығын, мәдени құрылысты басқару, материалдық игіліктер мен
ұлттық кірістің дамуы мен оларды елдің бүкіл елдің аумағы бойынша біркелкі
бөлу, аумақтық және салалық болжамды ұйымдастыру, қызмет көрсетудің барлық
саласында халық мұқтаждығын қанағаттандыру және орындалуы, әдетте,
мемлекеттің аумақтық бөлінуіне байланысты болып келетін әлеуметтік
басқарудың басқа да міндеттерін, жүзеге асыру сияқты әралуан мемлекеттік
міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет болып табылады. [1]4
Қазақстан Республикасы конституциясының 2-і бабына сәйкес
республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, астананың орналасқан жері мен
мәртебесі заңмен белгіленеді. “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық
құрылысы” туралы Заң 1993 жылғы желтоқсанның 8-інде қабылданды. Одан кейін,
атап айтқанда, 1995 жылғы желтоқсанның 19-да Қазақстан Республикасының
Жарлығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Әкімшілік-аумақтық бөліністі реттейтін құқықтық нормалар:
1) мемлекет аумағына бөлінетін әкімшілік-аумақтық бірліктер тізбесін;
2) әкімшілік-аумақтық бөліністі айқындау жөніндегі мемлекеттің
құзіретін;
3) әкімшілік-аумақтық бөлінісін өзгерту тәртібін және осы салалардағы
мемлекеттік органдардың құзіретін;
4) елді мекендердің белгілі бір түрге жататындығы негізінің құқықтық
актілерінің жүйесін;
5) елді мекендерді атау мен қайта атаудың тәртібін белгілейді.
Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісінің жүйесінде мынадай буындар
бар: аймақ (облыс, аудан, ауыл (село) округі) және елді мекен,
республикалық маңызы бар қала, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы
бар қала, поселкелер, ауыл(село).
Аймақ дегеніміз – республика мүддесін көздеп құрылатын және
басқарылатын бірнеше елді мекендерді өзіне қамтитын республика аумағының
бір бөлігі.
Елді мекен – азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметі
нәтижесінде қалыптасқан республиканың халық шағын сипатта қоныстанған бір
бөлігі, оның заң белгіленген тәртіппен есепке алынған әрі тіркелген, сондай-
ақ жергілікті өкілетті және атқарушы органдар басқаратын тұрғындарының саны
кемінде 50 адам болады.
Республикалық маңызы бар қала дегеніміз – ерекше мемлекеттік маңызы бар
немесе халық саны 1 миллионнан астам адамнан тұратын елді мекен.
Облыстық маңызы бар қала дегеніміз – ірі экономикалық және мәдени
орталық болып табылатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік қосалқы
құрылымы мен саны 50 мыңнан астам адамы бар елді мекен.
Аудандық маңызы бар қала дегеніміз - өнеркәсіп кәсіпорны, коммуналдық
шаруашылығы, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оқу мен мәдени-ағарту
мекемелерінің емдеу және сауда объектілерінің дамыған жүйесі бар, халық
саны кем дегенде 10 мыңнан тұратын, жұмысшылары, қызметкерлері және олардың
отбасылары жалпы халық санының үштен екісінен де көбін құрайтын елді мекен.
Поселкелер дегеніміз – саны кем дегенде 3 мың адамнан тұратын,
жұмысшылары, қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері жалпы санының кем
дегенде үштен екісін құрайтын өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыстардың,
темір жол станцияларының және басқа да экономикалық маңызды объектілердің
жанындағы елді мекендер.
Емдік маңызы бар орындарында орналасқан, халқы кем дегенде 2 мың
болатын, халқының кем дегенде жартысына жуық адамдар жыл сайын емделуге әрі
демалуға келетін елді мекендер поселкелерге теңестіріледі; осы
айтылғандарды ересек халқының кем дегенде 25 пайызы тұрақты түрде ауыл
шаруашылығымен айналысатын, қалалықтардың жазғы демалыс орны болып
табылатын саяжай поселкелерін де жатқызылуы мүмкін.
Ауыл (село) дегеніміз – саны кем дегенде 50 адамнан тұратын,
ауылшаруашылығымен айналысатын қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері
кем дегенде халқының жартысын құрайтын елді мекен.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы
біртұтас мемлекет болып табылады. Ол мынадай негізгі белгілермен
сипатталады: 1) бірыңғай Конституция; 2) мемлекеттік жоғарғы органдарының
біртұтас жүйесі (Президент, Парламент, Үкімет); 3) бірыңғай азаматтық; 4)
біртұтас құқық жүйесі; 5) біртұтас сот жүйесі; 6) біртұтас мемлекеттің
аумағы әкімшілік аумақтық бөліктерге бөлінеді, олардың мәселен, Польшадағы,
Франциядағы, Жапониядағы, Түркиядағы және т.б. сияқты қандай да бір
дербестігі болмайды. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекет
органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Қазақстан Республикасында
жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз
ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.
Бірыңғай басқару бүкіл мемлекеттік аппаратты бірыңғайландыру, әкімшілік-
аумақтық бірліктердегі жергілікті органдарға тікелей немесе жанама бақылау
жасауды көздейді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 2-бабының 2-
тармағында айтылғандай, Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын
қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін
қамтамасыз етеді.

Жергілікті өкілетті орган

Жергілікті өкілді орган (маслихат) халықтық өкілдің бірыңғай
жүйелерінің ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз
бойына сіңірген. Айталық, жоғарыда сөз етілген “Қазақстан Республикасындағы
жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңның 1-бабының 8-тармақшасында:
жергілікті өкілдік орган (маслихат) – бұл облыстың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы
сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және ҚР заңдарына сәйкес оны іске
асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және жүзеге асырылуын бақылайтын
сайланбалы орган” - делінген. Мұның өзі халықтың өкілді органы екендігін
және мемлекеттің өкілді органдар жүйесіне кірмегендіктен, одан оқшауланып
тұрғандығын аңғару қиын емес. Солай бола тұрса да бұл органның жалпы
мемлекеттік мүделерді ескеретініне күмән келтірмеуіміз қажет (ҚР
Конституциясы, 86-бап, 1-тармақ). Сондықтан болар жергілікті өкілді
органдардың (маслихаттардың) өзіндік ерекшеліктерімен оқшауланатындығы.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті атқарушы органдар

1. Жергілікті атқарушы орган (акимат) – облыстың (республикалық маңызы
бар қаланың, астананың), немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)
әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік
басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган. Бұл Қазақстан
Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті
аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің
жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқаруша органдардың қарауына ҚР Коноституциясының 87
бабының 2-тармағына сәйкес, мыналар жатады:
1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және
әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті
әзірлеу және олардың атқаруын қамтамасыз ету;
2) коммуналдық меншікті басқару;
3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке
тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы
органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де
мәселелерді шешу;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай
Ресопублика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға
жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру. Бұл
жөнінде, мысал ретінде, облыс акиматының құзіретін
алсақ та жеткілікті. Осы акимат заңнамаға сәйкес өз
аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды
дамыту үшін жағдай жасайды; аграрлық сектордың ұтымды
және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; ҚР
өндірістік күштерін орналастыру схемаларына сәйкес
облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс
орталықтарын, республикалық маңызы бар қаланы және
астананы салудың бас жоспарын әзірлейді, оларды
облыстық маслихаттың қарауына өткізеді. Сонымен қатар
ол – облыстық коммуналдық меншік объектілері мен
әлеуметтік мәдени мақсаттағы объектілер құрылысы
бойынша тапсырысшы болады, коммуналдық желілер мен
құрылыстарды салуға рұқсат береді, әкімшілік
аудандардың аудандық жоспарлану схемаларын, аудан
орталықтарын, облыстық маңызы бар қалаларды салудың
бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық
маслихатқа бекітуді ұсынады; су құбырлары, тазарту
жұмыстары, электр беру, байланыс желілері мен басқа да
көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар объктілерінің
құрылысын салуды және пайдалануды ұйымдастырады; жер
қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, сондай-ақ
азаматтардың тегін білім алу құқығын іске асыруды
қамтамасыз етеді; халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
және кедейлікпен күрес бағдарламаларын әзірлеп,
маслихаттың бекітуіне ұсынады және оны іске асырады;
халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына
қайырымдылық және әлеуметтік көрсетуді үйлестіреді.
Дәл осындай өкілеттіліктерді аудандық аумақтық
ерекшеліктеріне қарай аудандық акиматтары да атқарады.
Мысалы, оның тікелей құзіретіне жататын мәселелер
болып табылатындар: жоғарыдағы айтылғандардан басқа,
әскери тіркелу мен әскери қызметке шақыру жөніндегі,
сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелері жөніндегі іс
шараларды ұйымдастыруын қамтамасыз етеді; қоғамдық
жолаушылар тасымалын ұйымдастырады; аудандық маңызы
бар жолдарды пайдалануды және ұстауды ұйымдастырады;
өз қарауындағы тұрғын үй қорын бөледі; халықты
жұмыспен қамтуға көмектеседі және кедейлікпен күрес
бағдарламасын іске асыруға қатысады.
Аудандық акимат өзіне жүктелген міндеттерді іске асыруда аудандық
маслихат алдында жауапты болады.
2. Әкім – ҚР Президенті мен Үкіметінің тиісті аумақтағы жергілікті
атқарушы органын басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта
мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, бүкіл орталық атқарушы органдарының
аумақтық бөлімшелерінің келісімді жұмыс істеуін, тиісті бюджеттен
қаржыландырылатын, атқарушы органдардың қызметіне басшылықты қамтамасыз
ететін және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік басқару
өкілеттілігі берілген, тиісті аумақтағы істің жай-күйіне, әрі оның
әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты өкілі. Оны премьер-министрдің
ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды және босатады.
Ал облыстық немесе республикалық маңызы бар қала әкімінен төмендегілерін
президент айқындаған тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады.
Демек бұл туралы Президенттің жарлығы не үкімі қабылдануы тиіс.
Әкімнің аппараты – бұл жергілікті атқарушы органның және әкімнің
қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме. Оның қызметін ақпараттық
талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық тұрғыдан
қамтамасыз етуді әкім аппараты жүзеге асырады. Оны әкім құрады және қайта
құрады, таратады. Әкімнің өкілеттілігінің тоқтатылуы жаңа әкімнің
тағайындалуына байланысты. Әкім аппараты жергілікті бюджеттің есебінен
ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. Облыс әкімі жергілікті
бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарды құрады, таратады және
қайта ұйымдастырады.4
Акиматтың және әкімнің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен
міндеттеріне қатысты актілер міндетті жариялауға жатады және де бұлардың
жалпыға міндетті маңызы бар, ведомствоаралық сипаттағы немесе азаматтардың
құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілер заңда
белгіленген тәртіпте ҚР Әділет Министрлігінің аумақтық органдарының
мемлекеттік тіркеуіне жатады.
ҚР Президенті, Үкіметі, жоғары тұрған акимат немесе әкім, акиматтың
немесе әкімнің өзі, сондай-ақ соттың шешімі акимат немесе әкім актілері
қолданылуын жоюы, не толық немесе ішінара тоқтата тұруы мүмкін. Бұлардың
актілерінің қолданылуын тиісті прокурордың тоқтата тұруы да мүмкін.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару
түсінігі

Дүниежүзінің көптеген елдерінде тек орталықтан басқару мүмкін еместігі
байқалды.Оларда жергілікті өзін-өзі басқару орталық өкіметтік билікке
қарама-қарсы күш ретінде қолданылды, сондықтан ол қоғамның демократиялық
саяси жүйесінің бірі ретінде қарастырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары дербестік ретінде Қазақстан
Республикасында 90 жылдардың басынан бастап, алдымен одақтық (1990),
артынан еліміздің (1993) жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы
заңдары қабылданғаннан кейін қалыптаса бастады.
1993 жылғы 10 желтоқсандағы “ҚР жергілікті өкілді және атқарушы
органдары туралы” заңынан бастап жергілікті өкімет органдарының жүйесін
реформалау процесі басталды. Оны қайта құру, өз кезегінде қоғам өмірінің
экономикалық, әлеуметтік, саяси салаларындағы өзгерістердің маңызды
факторы.
ҚР тұңғыш Конституциясында билікті бөлу концепциясы бірінші рет баянды
етіліп, одан жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен одан әрі
дамуының құқықтық негіздерінің жаңа концепциясы қисынды түрде туындады.
2000 жылғы 12-қыркүйектегі “ Қазақстан Республикасындағы жергілікті
өзін-өзі басқару туралы” заң жобасы дүниеге келді. Бұл заң жобасында
жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, оның
органдарының құзіретін, ұйымдастыру және қызмет тәртібін белгілеу баянды
етілген. Әрине, ол 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясының өзекті
мәселелерінен туындап, оның қажеттігін экономикалық, әлеуметтік, саяси және
идеологиялық сипаттағы алуан түрлі себептер талап етіп отыр.
ҚР Конституциясының 3-бабына сәйкес халық билікті: 1) тікелей (яғни
республикалық, референдум, еркін сайлау); 2) мемлекеттік өкімет органдары;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы да жүзеге асырады.
Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару – бұл халықтық биліктің тағы бір
нысаны ретінде көрінеді. Демек, жергілікті өзін-өзі басқару дегеніміз, ҚР
Конституциясы мен заңдарына сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу
жөнінде аумақтық құрылымдар халқының қызметін дербес тұрғыда жүзеге
асыратын халық билігін іске асырудың нысаны.
Бұл анықтамадан оның негізгі мынадай белгілерін айыруға болады:
1. Ең алдымен айтатынымыз жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекше
субъектісі – халық, азаматтар болып табылады. Жергілікті өзін-
өзі басқаруды жергілікті қауымдастықтар және өздерінің басқа
да органдары арқылы жүзеге асырады. Олар ауылдың, ауылдық
округі, аудандық маңызы бар қаланың аумағы шегінде, ал
облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада
көшелер, орамдар, шағын аудандар шегінде ұйымдастырылуы
мүмкін. Олардың міндетті түрде мүлкі, жергілікті бюджеті,
сайланбалы органдары болуы тиіс.
2. Жергілікті өзін-өзі басқару қоғам мен мемлекетті басқарудың
демократиялық механизмінде ерекше орын алады.
Бұл мәселенің өзегі – жергілікті өзін-өзі басқару, олардың органдары
мемлекетік басқару механизмінің құрамдас бөлігі болып есептелмейтінінде.
Бірақ біздің елімізде бұлар мемлекетік өкімет органдарымен өте тығыз
байланыста тұрады, өйткені олардың бірыңғай ортақ қайнар көздері халық
билігі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару қызметін атқаруда
мемлекеттің рөлі орасан зор. Айталық, жергілікті өзін-өзі басқаруды
қалыптастыру және дамыту үшін қажетті құқықтық, ұйымдық, қаржылық және т.б.
жағдайлар жасайды. Және де жергілікті өзін-өзі басқару құқығын жүзеге
асыруда халыққа жәрдем береді. Бұлардың органдардың дербестігіне өзінің
Заңда көзделген өкілетті шегінде мемлекет кепілдік беруі тиісті. Қайткен
күнде де, мемлекеттік органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
қызметіне араласпауы қажет.
3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың өзіндік жергілікті маңызы бар
мәселелер жөнінде айрықша объектісі болады. Бұл мәселелердің тізбектері заң
жобасында көрсетілген. Онда мынадай мәселелер қамтылған:
- жергілікті қауымдастық аумағының шекарасы мен құрамы;
- жергілікті қауымдастық қарауына жататын мәселелер;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тізбесі мен атауы, сондай-
ақ олардың айрықша құзіреті;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылу тәртібі мен
құзіреті;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілеттіліктерінің мерзімі;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіліктерін қайтарып
алудың, мерзімінен бұрын тоқтатудың, жергілікті қауымдастық
халқының оларға сенбестік білдіруінің өзге де жауаптылық түрлеріне
тартудың қабылданған шешімдерінің негіздемесі мен тәртібі;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асырудың экономикалық,
қаржылық негіздері туралы мәліметтерді, жергілікті
қауымдастықтықтың меншігін иемденудің, пайдаланудың, билік етудің
жалпы тәртібі;
- жергілікті қауымдастықтың кірістері мен шығыстарының сметасын
әзірлеу мен орындау тәртібі;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру туралы басқа да
мәселелер.
Жарғыны азаматтардың бастамашы тобы әзірлейді және жергілікті
қауымдастықтың халқы тікелей дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен
қабылдайды. Және ол әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс, ал
оның үлгі жарғысын үкімет бекітеді. Мұндай шешімдерді орындау жергілікті
қауымдастықтың аумағында орналасқан барлық мекемелер, ұйымдар және
кәсіпорындар, олардың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарамастан,
сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен азаматтар үшін
міндетті болып табылады.
4. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мәнін сипатайтын өзекті белгісінің
бірі – оның дербестігі.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен
белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі (конституцияның 89-бабы, 4-
тармақ). Жергілікті өзін-өзі басқаруды халықтың өз билігін жүзеге асыратын
нысанының дербестігі ретінде мемлекет таниды. Ол мынадан – мемлекет, қоғам
басқару жүйесінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырушылық
бөлектігінен көрінеді.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың және оның кепілдіктерінің маңызды
көрінісі – бұл мемлекет танитын өзінің функциясын жүзеге асырудағы қаржы-
экономикалық ресурстарға құқықтығы. Жергілікті маңызы бар мәселелерді
халықтың еркін шешуі демократиялық институттардың қызмет істейтіндігін
аңғартады.
Жергілікті өзін-өзі басқару конституциялық принциптерге негізделінеді,
яғни оның ұйымдастырылуына негізгі идеялар, бастапқы ережелер қаланады.
ҚР Конституциясында (89-бап) мынадай жергілікті өзін-өзі басқарудың
негізгі принциптері бекітілген:
- Жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі еркін
шешуі.
- Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастыру мен қызмет
тәртібін азаматтардың өздері белгілеуі.
- Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекет тарапынан
берілетін кепілдіктер.
Еркіндік принципі дегеніміз – жергілікті өзін-өзі басқару бостандығы,
яғни жергілікті маңызы бар мәселелерді өз өкілеттілік көлемінде шешуі. Ол
үшін мынадай жағдайларды орындаулары қажет – ұйымдастырушылық,
экономикалық, психологиялық. Бұл байланыстардың мәні мынада:
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымына, оның
лауазымды адамдарының тағайындалуына мемлекет органдары мен
лауазымды адамдарының ықпалының жоқтығы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға мемлекет органдары
мен лауазымды адамдары қатысады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың лауазымды адамдарының
мемлекеттік қызметкер ретінде есептелінбеуі;
- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімін тек оны
қабылдаған органдармен лауазымды адамдар ғана жоя алады, немесе
олар соттың шешімімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Жергілікті өзін-өзі басқару құзіретінің материалдық-қаржы ресурстарына
сәйкестігі. Жергілікті өзін-өзі басқару функциясын іс жүзіне асыруға
қажетті материалдық-қаржы құралдарымен қамтамасыз етілуге тиісті.
ҚР Конституциясы, өзге де заңдары олардың экономикалық және қаржылық
дербестігіне де кепілдік береді, соның ішінде, коммуналдық мүліктің
меншікке берілуін қамтамасыз етілуі.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізі болып мыналар
табылады: 1) жергілікті қоғамдастықтың мүлкі; 2) заңдармен тыйым салынбаған
өзге де мүлік.
Жергілікті қауымдастықтың қаржылары мынадай кіріс көздерінен тұрады:
- жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттар;
- жергілікті қауымдастық құрған коммерциялық ұйымдардан және
оларға тиесілі мүлікті жалға тапсырудан алынған жергілікті
қауымдастықтың кірістерінен;
- жергілікті қауымдастық халқының өз еркімен салық төлеуі
нәтижесінде алынған кірістерден;
- заңдармен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптасады.
Жергілікті қауымдастықтың кірістері мен шығыстарының сметасы, сондай-
ақ оның орындалуы туралы жылдық есеп тиісті жергілікті қауымдастықтың
кеңесімен бекітіледі.

1.2 Аймақты басқарудың мәні және құрылымы

Аймақтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда жалпы бағыттарды анықтау
үшін қызметтер мен тұтыну заттарының ұдайы өндірісін және басқа да
салаларды, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуді басқаруда
орталықтандыру мен орталықсыздандыруда белгілі бір үйлесімділік қажет.
Аймақтық ұйымдастыруда басқару шешімдерін қабылдаудың көпсатылық
процедурасы аймақтық басқарудың республикалық органдарымен деңгейаралық
қатынасын, басқа да облыстармен көлденең өзара байланыстары мен өзара
қатынастарын, сонымен қатар жергілікті басқару органдары мен ұдайы өндіріс
процесінің өндірістік-коммерциялық топтарымен қатынасын бейнелейді.
Аймақтық басқарудағы әр түрлі деңгейдегі субъектілердің өзара қатынастарды
реттеу нұсқасы басқарудың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық
нысандарын жүйелі түрде қолдануына негізделуі тиіс. Орталықтандыру мен
орталықсыздандыру қатынастары келесі жағдаймен анықталады – аймақтық
әлеуметтік-экономикалық жүйенің басқа басқару объектілерінен айырмашылық
спецификасымен анықталады. Ол аймақтық экономика пәнін анықтаумен және
“аймақтық басқару” және “аймақтық өзін-өзі басқару” түсініктерімен
байланысты. Экономикалық әдебиеттерде “аймақ” түсінігі кеңінен қолданылады.
2. Аймақ нақты белгіленген әкімшілік шекараларға ие және онда
тұрғындардың өмірін қамтамасыз етудің әлеуметтік және экономикалық
процестері ұдайы өндірілетін аумақтық құрылым.
Қазіргі кезде экономикалық қатынастар субъектілерінің жаңа құрылымын
құру жүріп жатыр. Онда аймақтар маңызды орын алады. Бұл жерде Қазақстанның
экономикалық, саяси және мемлекеттік өмірінің субъектілері ретінде
аймақтардың теңдігі айтылып отыр.
Мемлекеттік аймақтық саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының
өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің іргелі маңызы бар. Осы
мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында тұр.
Осы мәселелерді шешуде әкімшілік аймақтар айтарлықтай роль атқарады.
Экономикалық әдебиеттерде аймақ екі түрлі түсінікке ие. Біріншісі,
географиялық жағдайларымен және табиғи ресурстық мамандануымен
ерекшеленетін, елдің халықшаруашылық кешенінің белгілі бір бөлігін аймақ
деп атайды. Екінші түсінік – елдің әкімшілік бөлінісінің бірлігі: облыс,
аудан қала және т.с.с. аймақтар басқару объектісі ретінде әдетте,
экономикалық-географиялық, әлеуметтік-демографиялық құрылымдармен, халыққа
қызмет ету құрылымымен сипатталады. Бұл құрылымдардың ерекшеліктері белгілі
бір аймақтың жалпы халықшаруашылық кешенінде маңыздылығына сілтейді.
Еңбек бөлінісінің бастапқы алғышарты бөлу емес, оның қатысушыларының
мүдделерін бірігіп нығайту болып табылады. Осыған байланыты аймақта сонымен
қатар еңбектің спецификалық аумақтық қоғамдастырылуы, негізгі және айналым
қорлары, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның объектілері туралы
айтылып отыр. Барлық осы іс-әрекеттің мақсаты аймақтағы тұрғындардың
әлеуметтік-экономикалық, материалдық жағдайын жақсарту және мәдени деңгейін
көтеру болып табылады.
Бұл мақсатты жүзеге асырудың екі жолы бар. Тікелей – егер де халыққа
қызмет етудің мәдени-тұрмыстық және басқа да түрлерін жақсарту туралы,
халық тұтынатын тауарлардың өндірісі туралы айтылып отырса. Жанама – егер
де жалпы аймақтағы өндіріс тиімділігін жоғарылату болса. Жоғарыда
айтылғанға негізделе отырып, жеке аймақтық мұдделер туралы, яғни өндіріс
тиімділігін аймақтық ынталандыру мүмкіндігін айтуға болады.
Сондықтан дәл осы аймақтық мүдделерді атап көрсету, оларды
қанағаттандыру арқылы қоғамдық өндірісті ынталандыру механизмін табу және
максималды пайдалану аймақтың әлеуметтік-экономикалық басқаруын
жетілдірудің басты бағыттарының бірі болып табылады.
Аймақты басқарудың объектілеріне кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер,
сонымен қатар еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, қала және ауыл тұрғындары
жатады.
“Жергілікті қоғамдастық” жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың
мәселелерін түсіндіруде негіз болып табылады. Ол дамудың бағытын таңдауда
кім басты субъект және дамуды бағалаудың критерийі не екенін анықтайды.
Аймақтық экономика өндіріспен тығыз байланыста қаралған дәстүрлі тәсіл
дамудың критерилері мен басымдығы туралы басқа түсініктер қалыптастырады.
Олар бағалаушы өндірістік көрсеткіштермен байланысты. Ал жергілікті
тұрғындардың өмірін жақсартудың мақсаты - өндірістің дамуына байланысты
қажеттілікті қамтамасыз ету. Жергілікті қоғамдастықтың дамуы негізінде ең
алдымен экономикалық жағдайын “жергілікті шаруашылық” түсінігі арқылы
сипатталады. “Жергілікті шаруашылық” түсігіне қатысты әртүрлі пікірлер бар.
Мәселен, ол туралы сөз болғанда белгілі бір жерде, яғни, қалада, ауданда,
ауылда орналасқан әртүрлі кәсіпорындардың жиынтығын айтады. Бұл жерде
жергілікті шаруашылық халық шаруашылығының бір бөлігі ретінде қарастырылып
отыр. Сондай-ақ жергілікті шаруашылық, коммуналдық шаруашылық, яғни
жергілікті қоғамдастықтың халқына қызмет көрсетуші кәсіпорындармен
теңестіріледі. Сонымен қатар көркейту талаптарын қанағаттандыруға
бағытталған жергілікті билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
іс-әрекетін жергілікті шаруашылық ретінде қарастырады.
Әрбір жергілікті қоғамдастықтың өзінің “жергілікті шаруашылығы”
болады. Ал шаруашылық деп жеке және мемлекеттік меншік түрлері бар, нақты
аумақта орналасқан, өзінің атқаратын қызметімен сипатталатын шаруашылық
субъектілердің жиынтығын айтамыз. Жергілікті шаруашылық субъектілеріне үй
шаруашылығы, тұтыну кооперативтері, несиелік серіктестіктер, өндірістік
бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын жатқызады. Жергілікті
шаруашылық құрамына сол аумақта орналасқан жеке, коммуналды кәсіпорындар,
қаржы-материалдық және еңбек ресурстарын жатқызамыз.
Кейбір пікірлерге қарағанда, “жергілікті шаруашылық” қалада, ауданда
орналасқан түрлі өнеркәсіптердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Бұл жерде
“жергілікті шаруашылық” халық шаруашылығының бір бөлігі ретінде саналады.
Сонымен қатар, жергілікті шаруашылық халық қажеттілігін қанағаттандыруға
бағытталған жергілікті басқару органдарының және жергілікті өзін-өзі
басқарудың өзара іс-әрекеті деп қарастырылады.3.
“Жергілікті шаруашылық” түсінігі жергілікті халыққа қызмет көрсетудің
нақты көзі ретінде түсіндіріледі. Зерттеліп отырған тақырыптың объектісі 2
басты шартқа сай құрылуы тиіс:
1. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің көбірек бөлігінің
нақты шешімі болуы тиіс;
2. Құрылымдық-тұтастық және салыстырмалы дербес әлеуметтік-
экономикалық жүйе болуы керек.
Жергілікті шаруашылықтың атқарған басты қызметі қоғамның ауыл
шаруашылық өнімдеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету. Жергілікті
шаруашылықтың қосымша қызметіне үш түрлі шартты жатқызуға болады:
әлеуметтік-кеңістіктік, рекреациялы – табиғатты пайдалану және жартылай
демографиялық. Бірінші функциясының мәні тепе-тең орналасуды, шаруашылықты
игеруді және қаладан тыс аумаққа әлеуметтік бақылау жасауды білдіреді.
Қалалардан мыңдаған шақырым алыс жерлерде орналасқан ауылдық жерлерге
қатынайтын жолдарды толықтай жақсы жағдайда ұстап тұру, халыққа қызмет
көрсету ауыл шаруашылығы жерлерін, өзен, көлдерін игеру, оларды пайдалану
маңызы. Екінші функцияның мәні табиғи рекреациялық ресурстарды (тау, орман
және өзен, минералды ресурстар көздері, емдік балшықтар) пайдалану есебінен
қоғамның әр мүшесіне демалыс пен сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру болып
табылады. Көптеген санаторийлар, қаладан тыс орналасқан емханалар, демалыс
үйлері, туристік базалар, бау-бақша учаскелері жергілікті шаруашылық
аумағында орналасқан.
Жоғарыда аталған функциялардың үшіншісі, жергілікті шаруашылық
тұрғындарының ұдайы өндірісімен көрінеді. Бұл нарық жағдайында жергілікті
халық санының өсуі азайып бара жатқан қала халқының санының орнын
толтырады, сонымен бірге республика халқының санының өсімін қамтамасыз
етеді. Осылайша, жергілікті шаруашылықты басқаруда, оның дамуын жоспарлауда
берілген объектінің орындайтын функцияларын толығымен ескеру қажет.
ҚР-ның жергілікті шаруашылығы төменгі бірлік болып саналады, онда
еңбекке жарамды жастағы адамдар үлесі аз, ал зейнеткерлер саны жастардан
көп. Жергілікті шаруашылықтарда тұтыну төменгі деңгейде дамыған, олардың
құрылымы ерекше, олар нарық жаңалықтарына сенімсіздікпен қарап, кейбір
керітартпа ойлармен ерекшеленеді. Жергілікті шаруашылықтың материалдық-
техникалық базасы да ерекше. Өндірістің басты құралы болып жер саналады
және өндірісті қоғамдастыру деңгейінің өнімділігі болып табылады. Бұл жерде
өндірілген өнім халықтың жеке шаруашылығына жатады. Жергілікті шаруашылық
кішігірім қоныстарда орналасады. Осыдан әлеуметтік-экономикалық дамуы мен
халықтың өмір сүру кешенінің деңгейі бойынша қоныстар терең сараланады.
Осыған байланысты жергілікті шаруашылықтың әлеуметтік-экономикалық
ерекшелігі халықтың өмір сүруінен көрінеді. Демек, жергілікті шаруашылық –
бұл нарықтық экономиканың салалық кіші жүйесі ғана емес, сонымен қатар
өзіне тән құрылымдық элементтері бар аумақтық бірлік және ерекше әлеуметтік
объект.
Жергілікті және халық шаруашылығы түсініктерінің байланысын тек
теориялық тұрғыдан қарауға болмайды. Шаруашылық дамуының мәселелері ұлттық
және аймақтық экономикалық жағдайларынан анықталады. Бұл мағынада
жергілікті шаруашылық халық шаруашылығының бір бөлігі болып табылады. Халық
шаруашылығының жергілікті шаруашылықтан айырмашылығы – ол жергілікті
шаруашылықты көркейту мақсатымен жұмыс істейді. Ал халық шаруашылығы барлық
халықтың тұратын жеріне қарамастан қажеттілігін өтеуге міндетті. Сонымен
ұлттық нарыққа қарағанда кеңістікті шектеу жергілікті нарықтың қызмет
етуінде маңызды роль атқарады.4. Жергілікті шаруашылық ұлттық
шаруашылықтан әлеуметтік функциясымен де ерекшеленеді. Оның басты қызметі
жергілікті халықты еңбекпен қамтамасыз ету және аймақты дамыту.
Жергілікті шаруашылық түсінігі төмендегіні қамтиды:
- кеңістіктегі сипаты, яғни белгілі бір шектелген аумақта
орналасады;
- ұлттық нарыққа қарағанда жергілікті нарық ерекшелігі, яғни
нақты жердегі тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыратын
тауарлар мен қызметтердің қозғалысын қамтамасыз етеді;
- жергілікті шаруашылық аумағында ресурстық әлеуеті және түрлі
меншік нысандары бар кәсіпорындардың мүлкі ғана емес, сонымен
қатар әлеуметтік-мәдени мұралар да есепке алынады.
Жергілікті шаруашылық көп құрылымды болып келеді. Дәлірек айтсақ,
оның құрылымы көп өлшемді, өз алдына дербес проекциялардан тұрады.
Жергілікті шаруашылықтың құрылымы шаруашылық басқарудың ерекше объектісі
сияқты ҚР әкімшілік-аумақтық бөлінісіне жатады. Аумақтық-басқарушылық
құрылымның жоғары деңгейі аграрлы және аграрлы-өнеркәсіптік ауылдық
бірліктер мен қалаларды құрайды. Одан кейінгі деңгей ауыл шаруашылық
аудандар. Төменгі деңгейді кішігірім қоныстар құрайды. Қарастырылып отырған
құрылымның элементтері арасында әлеуметтік-экономикалық байланыстың басты
формалары мыналар:
- жергілікті шаруашылық өнімін өндіру жоспарын және оның орындалуына
қажетті ресурстарды бөлу;
- күрделі қаржыландыру, құрылыс материалдарын бөлу;
- мамандандыруға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін айырбастау;
- өндіріс ресурстарын жоспарлы түрде бөлу;
- мерзімді жұмыс жасау кезінде өндіріс құралдары мен еңбек күшінің бір-
біріне өзара көмектесуі;
- экономикалық және тұрмыстық жағдайлары аймақтардағы айырмашылықтан
туындаған жергілікті шаруашылық халқының көшіп-қонуы.
Жергілікті шаруашылықтың проэкциясына жоғарыда жүргізілген талдау
жоспарлауға, болжауға және объектінің экономикалық-әлеуметтік дамуын
басқаруға бағытталған. Дегенмен бұл проекциялар жүйенің қызмет етуінің
нақты механизмдері мен дамуын аша алмайды. Мұндай механизмдерді анықтау
үшін ұдайы өндірістің қандай да болмасын бір тұсына жауап беретін, яғни
қарастырылып отырған сала мен қоғамның дамуы үшін қажетті дербес өнім
шығара алатын іс-әрекет аясын анықтау қажет.
Жергілікті шаруашылықтың жеті кіші жүйесін көрсетуге болады:
- материалды өндіріс,
- жеке қосымша шаруашылық;
- білім беру және біліктілікті көтеру;
- материалды тұтыну және өткізу;
- рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру және демалыс;
- денсаулық сақтау және оны ұйымдастыру;
- ұдайы өндіріс, табиғи ортаны қорғау және тиімді пайдалану.
Шаруашылық өмір сүріп, дамуы үшін осы барлық жеті жүйе керек.
Жергілікті шаруашылықтың мақсаты – жергілікті қоғамдастықтың
әлеуметтік жағдайын жақсарту. Ең алдымен шаруашылық қызмет материалдық өмір
сүру ортасын қайта құрып, оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықаралық ынтымақтастық
Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру
Қазақстаңдағы мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтаңдыру
Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәселелері
Бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың күйіне кешенді талдау жасап, орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін елдегі әкімшілік реформасы тұрғысында негіздеу
Аймақтық басқару – жалпы басқару саласы ретінде
Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі жағдайы
Төтенше жағдайлардың класификациясы мен түсінігі
Республика экономикалық аймақтарының мәселелері
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару
Пәндер