Астана-менің сүйікті қалам


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Механика-математика факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Web-технология пәнінен

Астана-менің сүйікті қалам

Курстық жұмыс

Орындаған: Маханов Шыңғыс

Группа Ис - 09 - 1Б

Қабылдаған:Абдрахманова Малика

Алматы 2012

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

I. САЙТ ҚҰРУДЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ 5

1. 1 Сайтты қалай жасау керек туралы жалпы мәлімет 5

1. 2 Сайттың құрылымы 6

II. САЙТТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЭЛЕМЕНТТЕР 11

2. 1 Сілтеме мәтін 11

2. 2 Фотосуреттер, сырғымалы жолдар, маркерленген тізімдер 11

ҚОСЫМШАЛАР 12

а-қосымшасы 12

ә-қосымшасы 12

ҚОРЫТЫНДЫ 16

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 17

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта WEB-сайттарды жасау - заман талабы. Ол қызықты әрі күрделі іс болып табылады. Оны үйреніп алып, әр-түрлі әдемі құжаттар жасауға болады.

WEB-сайттарды жасау үшін алдымен мыналарды білу керек:

  • Интернеттегі Internet Explorer браузерінде жұмыс жасай білу
  • Интернеттен алынған әр түрлі форматтардағы ақпараттарды файл түрінде сақтау
  • Ақпараттарды интернеттен WORD мәтіндік редакторына көшіре білу
  • Іздеу жүйелерімен және каталогтармен жұмыс жасай білу
  • Жаңа пошта құра білуі және электрондық поштаны қабылдай білуі керек.

Назарларыңызға ұсынылып отырған курстық жұмысымның тақырыбы - «Астана - менің сүйікті қалам» деп аталады. Бұл курстық жұмыста: Астана қаласының тарихы, мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі жайлы сөз болады. Курстық жұмыстың мақсаты - Астана қаласы жайлы қазақша мәлімет беру, сонымен қатар Web технология пәнін оқу кезінде қарастырылған кодтарды, скрипттерді пайдалана отырып өз сайтымды құру, яғни сайт жасау арқылы алған білімімді тереңдету.

Бұл сайтты HTML , CSS , JavaScript программалау тілдерінің кодтарын қолдана отырып жасадым.

HyperText Markup Language (HTML) - гипермәтінді белгілеу тілі - World Wide Web ортасында жарияланатын гипермәтіндік құжаттарды жазуға арналған тіл [1] .

Cascading Style Sheets (CSS) (Стильдер-дің сатылы кестелері) -гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады [1] .

JavaScript - браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар.

Курстық жұмыста келтірілген түсініктерді ұғып-түсіну үшін қажет құралдар мен қойылатын талаптар: дербес компьютер, Блокнот (Notepad) және Іnternet Explorer программалары, сонымен бірге дербес компьютерде оны қолданушы ретінде жұмыс жасай білу керек және студенттер HTML, JavaScript және CCS тілдерін білу керек.

JavaScript - динамикалық парақтар құратын мүмкіндік болып табылады. JavaScript программасы скрипт немесе сценарий деп аталады, ол HTML-программасы ішінде орналаса береді не жеке файлға да жазылады. Ондай файлды да браузер арнайы команда бойынша оқып алады.

JavaScript коды HTML тілін толықтырып, оны көрнекі етеді. JavaScript тілі арқылы гипермәтіндер жаңа мүмкіндіктерге ие болады.

Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Кіріспеде курстық жұмыстың тақырыбы, мақсаты туралы сөз қозғалады, қолданылатын HTML, JavaScript және CCS тілдеріне анықтама беріледі.

Негізгі бөлім жеті тараудан тұрады:

Бірінші тарау «Негізгі бет» деп аталады. Бұл тараудаАстана қаласының жалпы тарихы жайлы баяндалады.

Екінші тарау «Суреттер». Мұнда қаланың көрікті жерлерінің суреттері қойылған.

Үшінші тарау «Думан» деп аталады. Онда Қазақстандағы ең үлкен ойын- сауық орталығы жайлы айтылған

Төртінші тарау «Хабарласу» деп аталады. Бұл сілтемеде қала жайлы толық мәліметтер р керек болса хабарласуға арналған сілтеме орналасқан.

Бесінші тарау «Рәміздер» деп аталады. Онда Қазақстан Республикасының рәміздер туралы мәліметтер баяндалып кеткен.

Алтыншы тарау «Гумилев Л. Н» деп аталады. Астана қаласының алдыңғы қатарындағы Еуразия Университеті жайлы толық мәліметтер жазылған

Жетінші тарау «Әкімдік» деп аталады. Бұл тарауда Астана қаласының әкімдігі туралы мағлұматтар айтылған.

Компьютерлерді жұмыста тиімді пайдалану белгілі бір мәдениет иесі болуды талап етеді, яғни ол мәдениеттіліктің белгісі болып табылады. Ол үшін компьютердің негізгі мүмкіндіктерін жақсы білу қажет, олар: есептерді айқын түрде қоя білу, оларды шешудің жоспарын жасау және компьютерге түсінікті тілде жазу, есеп шығаруға керекті мәліметтерді айқындай білу мен алынған нәтижелерді талдау тәсілдерін әрбір адамның жетік меңгеруі болып табылады. Қазіргі таңда web-сайт жасау жұмыстары өте маңызды болды. Себебі кез келген адам өзіне қажетті ақпаратты Интернет желісі арқылы оңай тауып ала алады. Тіпті кәсіпқой web-сайт жасаушылар үйлерінде отырып-ақ сайт жасау арқылы жақсы қаражат алып жатыр. Осыдан шығатын қорытынды қазіргі заман талабына сай сайт жасау үшін әрбір студенттің білім дәрежесі, ойлау қабілеті, оқып-үйренуге деген белсенділігі өте жоғары дәрежеде болуы қажет.

Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Өндірістегі ақпарат жиыны сызбалар мен мәтіндер түрінде, анықтамалар мен есеп беру, кестелер түрінде кездеседі. Компьютерлерді өндіріс пен жобалау ісінде, ғылыми зерттеу жұмыстары мен білім беруде пайдалану, миллиондаған адамдардың жұмыстарының мазмұны мен орындалуын түбегейлі түрде өзгертті деуге болады.

.

I. САЙТ ҚҰРУДЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

1. 1 Сайтты қалай жасау керек туралы жалпы мәлімет

  • Сайт тақырыбын құру

Сайт тақырыбы сіз құратын сайттың басты мазмұны, сондықтан әрбір сайттың анық тақырыбы болуы керек. Өйткені енді бастап сайт құрғанда сіз үлкен сайттардағыдай мазмұны толық, әмбебап етіп жасай алмайсыз. Сізде басында мұндай қабілет те, тәжірибе де болмайды. Сондықтан алдымен өзіңіз ең қызығатын, біршама терең түсінетін, анығырақ тақырыпты таңдағаныңыз дұрыс. Әрине сайт жасауда тақырып сан алуан әрі шектелмейді [1-3] .

  • Лайықты жобалау құралын таңдап алу

Сайттың сәтті болуына сонымен қатар жобалау құралын дұрыс таңдау үлкен әсер етеді. Сайт жобалайтын программалық жабдықтар өте көп, қазір көбінесе дайын редакциялық құралдарды пайдаланады [1] .

  • Қорғау мен жаңарту

Сайтты үнемі бақылап мазмұнын жаңартып тұру керек, жасалған күйін өзгеріссіз қалдыруға болмайды. Үздіксіз жаңа мазмұндармен толықтырып тұру керек. Сонда ғана басқаларды қызықтыру мүмкіндігіне ие бола аласыз [2-3] .

  • Сайт бетін жобалау

Сайттың сәтті болу-болмауы жобалаушының жобалау қабілетінің деңгейіне тікелей байланысты. Сайт бетін жобалау кезінде жан-жақты ойластыру керек: оның құрлымы, стилі, түстердің сәйкестігі, беттің орналасуы, жазулар мен суреттердін дұрыс қойылуы т. с. с. Сіз тек сайт жасау алдында осыларды түгелімен ойластырып алғанда ғана, оны жасау барысында икемді жалғастыра аласыз, әрі осылай жобаланған сайт қана өзіндік ерекшелікке ие болады [3-5] .

  • Сайтты жасау

Материал жиналып, программалық жабдық таңдап алған соң, құрған жоба бойынша, өз ойыңызды шындыққа айналдыруға болады. Сөзсіз алды-мен үлкенін соңынан кішісін, алдымен қарапайымын соңынан күрделісін жасау керек. Сонда ғана қателік болғанда оңай түзетуге болады [5-7] .

  • Материал жинау

Сайт тақырыбын таңдап болған соң, сіз сол тақырыпқа байланысты материал жинауыңыз керек. Сіз өзіңіз жасаған сайтыңыз толық, басқаларға қызық болсын десеңіз мүмкіндігінше көбірек материал жинауыңыз қажет. Материалды қаншалықты көбірек жинасаңыз, сайт жасау соншалықты оңайырақ болады. Материалды кітаптан, үнқағаздан, әр түрлі мультимедиядан немесе ғаламтордан алуға болады. Соңынан ол материалдарды өз сайтыңызға ыңғайластырып пайдалануыңызға болады [8-9] .

1. 2 Сайттың құрылымы

Бұл сайт негізгі беттен - home. html және 7 қосымша: негізгі бет, суреттер, Думан, хабарласу, рәміздер, Гумилев Л. Н, әкімдік парақтарынан тұрады. Кез-келген парақтан басқа кез келген қосымша параққа жеңіл өтуге болады. Олар HTML тілінің <А> . . . </А> тәгтері1 арқылы жасалған [7-9] .

Негізгі бет «Астана -Қазақстан Республикасының астанасы» деп аталатын тақырыппен басталады (1-сурет) .

1-сурет. «Астана - менің сүйікті қалам» сайтының негізгі беті

Бұл парақта Астана қаласы туралы жалпы мәліметтер берілген. Сайттың негізгі бетінде Есіл өзенінің жағалауында орналасқан сүйікті Астана қаламыздың суреті көрсетілген. Еліміздің көне қалаларының бірі көптеген жылдар бойына республикамыздың экономикалық, мәдени, білім орталығына айналғаны, өсіп-өнуіміздің, қарышты қарқынмен алға дамуымыздың алтын бесігі болып табылатын Астана Қазақстан сынды жас мемлекеттің мәдениетіміздің алтын бесігі, көненің көзі. Қазіргі ұшқыр 21 ғасырда маңызы бар қажетті ақпаратты уақтылы алып тұру көптеген салалардың жедел қарқынмен дамуына ықпал етеді. Келесі парақтан қаланың көрікті жерлерінің суреттері қойылып кеткен. (2-сурет) .

2-сурет. Астана қаласының әсем жерлерінен көрінісі

3-сурет. "Думан" Ойын-Сауық Орталығының 2-миллионыншы келушісі!

.

Астана қаласындағы Думан ойын-сауық орталығы жайлы мағлұмат айтылған (3-сурет) .

Ендігі парақта егер Астана қаласы жайлы тағыда мағлұматтар керек болса, өз атыңмен e-mail- лыңды жазу арқылы тіркеліп, өзіңе керекті мәліметтер алуға болады (4-сурет) .

4-сурет. «Хабарласу» парағының көрінісі.

Бұл сілтемеде Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы айтылып кеткен. Мұнда рәміздердің шығу тарихымен, әр белгілер қалай алынғаны туралы мәліметтер жазылған. (5-сурет) .

5-сурет. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

.

Л. Н. Гумилев өмірі - оның негізгі кезеңдері белгілі бола тұра, толық зерттелмеген тақырып. Бізге ойшылдың өмір жолына арналған үш кітап қана белгілі: С. Б. Лавров «Лев Гумилев. Судьба и идеи» (М., 2000), А. И. Чистобаев «Этнологи, опередившие время: к 90-летию Л. Н. Гумилева и 50-летию К. П. Иванова (СПб., 2002) » и Т. Фроловская «Евразийский Лев» (Семей, 2003) . Сондықтан Л. Н. Гумилевтің өмірін толыққанды сипаттау, оның адами және ғылыми биографиясын беру қиындық туады. (6-сурет) .

6-сурет. Лев Николаевич Гумилевтің өмір жолы.

Астана қаласының құрылған кезеңдерімен, осынға дейінгі басқарып келген әкімдермен, қазіргі даму стратегиясы айтылып кеткен. (7-сурет) .

7-сурет. Астана қаласының әкімдігі.

II. САЙТТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЭЛЕМЕНТТЕР

Курстық жұмыста HTML, Javascript және CSS тілінің тәгтерін пайдаландым.

HyperText Markup Language (HTML) - гипермәтінді белгілеу тілі - World Wide Web ортасында жарияланатын гипермәтіндік құжаттарды жазуға арналған тіл [1] .

Cascading Style Sheets (CSS) (Стильдер-дің сатылы кестелері) -гипермәтіндік мәліметтер мазмұнын олардың экрандағы бейнелену формасынан бөліп орындауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады [1] .

JavaScript - браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар.

2. 1 Сілтеме мәтін

Курстық жұмыстың негізі кестелерден тұрады деп айтуға болады. Кесте тұрғызу <TABLE> және </TABLE> тәгтері көмегімен орындалады, оның әрбір жолын анықтау - <TR> және </TR> тәгтері арқылы, ал сол жолдағы бағаналар - <TD> және </TD> немесе <TH> және </TH> тәгтері арқылы анықталады. Web-парақтардың басқа Web-парақтарға қатысты сілтемелерінің болуы - WWW жүйесінің ең тартымды ерекшеліктерінің бірі. HTML құжаттарында гипермәтіндік сілтемелерді құру өте жеңіл. Курстық жұмыстағы кез келген парақтан басқа кез келген қосымша параққа жеңіл өтуге болады. Олар HTML тілінің <А> . . . </А> тәгтері арқылы жасалған. Гиперсілтемелерді құрған кезде HREF= ” . . . ” атрибуты міндетті түрде қажет. Оның мәні сол сілтеме көрсетіп тұрған файл атынан немесе оның Интернеттегі URL-адресінен тұрады. Сілтеме мәтін <A> мен </A> тәгтерінің арасына орналасады [3-7] .

2. 2 Фотосуреттер, сырғымалы жолдар, маркерленген тізімдер

Фотосуреттік бейнелер Web-парақтарды әшекейлеп безендіру кезінде маңызды роль атқарады. Сол үшін де курстық жұмыстың кез келген парағынан фотосуреттерді көруге болады. Суреттерді құжаттардың ішіне орналастыру үшін <IMG …> жеке, яғни жабылмайтын жалқы тәг қолдандым [7-10] .

ҚОСЫМШАЛАР

а-қосымшасы

Қаланың көрікті жерлерін көрсететін парақ кестеге салынған. Бұл парақтың программасы төменде көрсетілген [5-10] .

Көрікті жерлер кестесінің бейнесі (программасы) :

ә-қосымшасы

Негізгі бет кестесінің программалық коды

ҚОРЫТЫНДЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы
Бауыржан Момышұлының әдеби мұралары
«Қаһар» романы
Тұманбай Молдағалиевтің өмірбаяны
Ұлылық ұлағаты (Б. Шалабаевтың Мұхтар Әуезов шығармалары жайындағы зерделі зерттеуі: дәуір талабы және тың тұжырымдар)
Қадыр Мырза Әлі
Елордасы – Астана
Ұлттық құндылықтар – жеке тұлғаға рухани –адамгершілік тәрбие берудің кәусар бұлағы”
Туған елім, тірегім ( әдістемелік құрал )
Артикльдердің аудармасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz