Транспорттық құралдарды бағалау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Т. РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: «Статистика және баға»
Курстық жұмыс
Тақырыбы: ТРАНСПОРТТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ БАҒАЛАУ
Орындаған: Қайырбаева А.
Мамандығы: Бағалау
Тобы: 302
Тексерген: Оралтаев Т. К.
Алматы 2010 жыл
Жоспар:
Кіріспе . . . 3
1. Транспорттық құралдарды бағалаудың теориялық негіздері . . . 4
1. 1. Машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалауда қолданылатын ұғымдар . . . 4
1. 2. Шығын тәсілдерін қолдану . . . 7
1. 3. Салыстыру тәсілдерін қолдану . . . 16
2. Жеңіл автокөлікті бағалау есебі . . . 18
Қорытынды . . . 26 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27
КІРІСПЕ
Транспорттық құралдарды бағалау үшін, негізгі қорлардың басқа элементтерін бағалауда қолданылатын базалық механизмдер мен тәсілдер қолданылады:
- Салыстырмалы
- Шығындық
- Табыстық
Халықаралық және қазақстандық үлгісінде белгілегендей, белгілі бір әдістің таңдалуы көбінесе ақпараттың ашықтығына, нарықтың және бағаланатын объектінің ерекшелігіне ескертулер жүргізе отрып, бағалаудың нәтижесін беру керек. Егер барлық қолданылған әдістер өзінің әрбір элементін нарықтық ақпаратқа сүйене отырып қабылдаса, теоретикалық жағынан бұл дұрыс та болуы мүмкін, бірақ практикалық есептеулерде әр түрлі әдістермен алынған бағалық құнның мөлшері әр түрлі болады. Бұл өзгешеліктер елеулі болуы мүмкін, оны жеңу үшін әр түрлі мүмкіншіліктерді ұсынуға болады: түрлі әдістермен алынған орташаланған баға; бағаның интервалдарының тапсырмалары; алдыңғы қатарлы әдісті таңдау және басқа тәсілдер арқылы алынған бағаларды ескермеу.
Бағалаушы транспорттық құралдарды бағалаудың әр түрлі әдістерін қолдануға құқығы бар. Бағалаудың құрамында қарастырылған, машиналардың және құрал-жабдықтардың әр түрлі топтарына бағалану қолданылуы мүмкін. Бірақ, бағалаудың әрбір тәсілі кемшіліктері мен артықшылықтарға байланысты нақтылық пен дәйектілікті қамтамасыз ету үшін жалпы жағдайда бірнеше тәсілді қолдануға ұсынылады. Кейбір жағдайларда оның нақты түрлерінің ерекшелігін ескеру керек. Бұған бизнесті құрайтын машиналар мен құрал-жабдықтар, лизингте қолданып жатқан және лизингке алынған машиналар мен құрал-жабдықтар жатады. Олар өндірістік-технологиялық жүенің біртұтас бөлінбеген жүйеде қарастырылады.
Бағалаушының жұмысы жоба алдындағы бағалау жұмыстары кезінде тапсырыс берушінің ойлары шындықпен қаншалықты жанасатынын түсіну. Бағалау жұмыстары бойынша есептеулер бағалаушының экспресс-талдаудан алынған қорытындыларын растау керек. Бағалаушының жолындағы негізгі кедергілердің бірі, бағалау объектісінің бір мәнді идентификациясының болмауы, толық мәліметтер тізімін ала алмау.
Бірінші және екінші нарық болмаған кездер алыста қалған жоқ. Құралды алғаннан кейін оның өзінің бірінші иесінің қолында тозып қалатын. Сирек кездерде иелерін ауыстыру болған. Құралдар қайтарымсыз « бір баланстан екінші балансқа» берілген, болмаса бекітілген есептік - қалдық құны бойынша сатылады.
Қазіргі кезде толық сенімділікпен бірінші және екінші мүліктік нарықтың әрекет ететіндігі туралы және құралдардың кең таралған және белсенді тауар екендігі туралы айтуға болады. Нарық пайда болды - бағалауға қажет болды. Ал бағалау бағаланатын объектілерінің нақты идентификация жөнінде талаптарын қойды. Идентификация - бұл объектілердің қасиеттерін, техникалық сипаттамаларын тауып оларды негізгі құралдардың белгілі бір тобына жатқызу. Бұл ақпарат кейін объектілер құнын есептеуге қажет мәлімет болып табылады Орташа кәсіпорындағы құралдар санын мен түрлерін есепке алсақ бұл ең жауапты және қиын процесс екенін түсінеміз.
1. 1. ТРАНСПОРТТЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ БАҒАЛАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰҒЫМДАР
Баға - бұл:
- Бағалау объектілерінің құны туралы бағалаушылардың ғылыми негізделген пікірі;
- Бағалау объектілерінің мүмкін болатын нарықтық құнының анықталуы.
Бағалау объектісі - бұл осыған қатысты бағалауды жүзеге асыратын азаматтық құқықтар объектісі.
Бағалау тақырыбы - бұл меншік құқығының әр түрлі тұрпаты. Бағалау тақырыбы болып үйге толық меншік құқығы болып табылады.
Толық меншік құқығы - меншікті иелену, пайдалану және өкімдену құқығы.
Бағалау күні - бағалау объектісінің мүмкін болатын нарықтық немесе өзге құнды анықталатын күні.
Бағалау туралы есепті жасау күні - бағалау туралы есепке қол қойылған күн.
Бағалау қызметтері - бұл оның нәтижелерін қолдану салалары: қозғалмайтын мүлік объектісінің нақты құнын анықтаудағы, тапсырыс берушіге және басқа да қызығушы тұлғаларға, сонымен қатар объектіні кепілге қою мақсатында көмек көрсету.
Бағалау мақсаты- бұл баға түрінің анықталуы және бағалауды, бағалау объектісінің нарықтық құны арқылы іске асыру.
Нарықтық құн - мәміле жақтарының бағалау объектісі туралы барлық ақпаратты бола отырып әрекет ететін кездегі, бағалау объектісінің бәсеке жағдайындағы мәмілеге негізделіп шеттетіле алатын, бірақ мәміледегі бағаға төмендегі болжанбаған жағдайлар әсер етпейтін ең мүмкін болатын бағасы.
- мәміле жақтарының біреуі бағалау объектісін шеттетуге, ол екінші жағы сатып алуға міндетті емес:
- мәміле жақтары мәміле тақырыбы туралы жақсы хабар берілген және де өз мүдделері үшін әрекет етеді;
- мәміле бағасы бағалау объектісі үшін ақшалай сыйақының балама құны болып табылыды және мәмілеге тұруға мәміле жақтарының ешқайсы тарапынан мәжбүрлеу болған жоқ.
Берілген “Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы” заңның анықтамасына сәйкес келетін “Нарықтық құн” ұғымының анықтамасы бағалаудың жалпы ұғымдары мен ұстанымдары тарапында және кіріспеде, “нарықтық құн - бағалау негізі ” 1 - стандартында және “Бағалау несие қамтамасыз ету үшін, кепілдеме үшін және қараудың міндеттемелері үшін” 4 - стандартында келтірілген Бағалаудың Халықаралық стандарттарының анықтамаларынан аз ғана айырмашылығы болса да бағалаушылардың пікірі бойынша олар жасаған қорытындылар мен бағалау нәтижелері Бағалаудың Халықаралық стандарттары талаптарына толығымен сәйкес.
Тапсырыс беруші- Орындаушы - Бағалаушының қызметін тұтынушы келісім - шарт жақтарының бірі болып табылатын тұлға.
Бағалаушы- бағалау келісім - шартының екінші жағы болып табылатын, бағалауды жүргізетін және бағалау келісім - шартының орындалуына жауапкершілікті алатын жеке тұлға.
Бағалаушылар - Бағалауға және Бағалау туралы есепті құруға қатысушылар, компетентті жұмыс істеуге, бағалаудың кәсіптік стандарттарын сақтауға, өз мінез - құлықтарында сақсыз, әдепсіз немесе біліксіз әрекет танытпауға, тапсырысты риясыз, объективті, бағалауға өзінің жеке мүддесін енгізбеу міндеттемелерін алған мамандар тобы.
Бағалау қызметінің ерекшеліктері - осыларға сәйкес бағалау қызметінің субъектілерімен қолданылатын бағалау принциптерін пайдаланғанда бағалау жұмыстарының орындалу сапасына, қозғалмайтын мүлікті, қозғалатын мүлікті, меншік кешені ретінде кәсіпорынды, интеллектуалды меншік объектілерін бағалау әдістеріне, бағалау туралы есептің формасы мен мазмұнына қойылатын талаптар бойынша бағалау жұмыстары жүргізуі тиіс, Қазақстанның мемлекеттік басқару органдарымен белгіленген ережелер бойынша.
Бағалау практикасының ережелері- осыларға сәйкес бағалау жұмыстары жүргізуі тиіс, құқықтық - нормативтік базасының нашар әзірленуінің және бағалау қызметі туралы мемлекетпен бекітілген стандарттың болмауының нәтижесінде Қазақстанда бекітілген ережелер.
Бағалау туралы есеп- өкілетті органмен белгіленген жазбаша мәлімдеме түріндегі бағалау жұыстарының нәтижесі туралы заң талаптарына сай келетін және тапсырушыға берілетін орындаушы бағалаушының шынайы есебі. Басқа ұғымдардың анықтамалары олар қарастырылатын бағалау туралы есептің бөлімдерінде келтіріледі.
Жалпы көліктер мен жабдықтарды бағалау қабылданған процестерге байланысты қарастырылады. Көліктер мен жабдықтар активтер түрлерімен ерекшеленеді.
Бағалаудың мақсаттарынан және себептеріне тәуелді бағалау объектісі жүргізіледі.
Көліктер мен жабдықтардың нарықтық құнын бағалау үшін біз үш тәсілмен жұмыс істедік. Олар: шығын тәсілі, салыстыру тәсілі және кіріс тәсілдері.
Біріншіден, шығын тәсілі көліктер мен жабдықтарды бағалауды орынбасу процесімен және еңбек теориясы құнымен негізделеді. Осы тәсілдің өзі бірнеше әдістер арқылы жүзеге асады.
Екіншіден, салыстыру тәсілі- арқылы бағаланатын көлік құнын жабдыққа бағалы ақпараты бар тәріздес бағаланатын объектіні есептеуге болады. Осы тәсіл бағаланатын объект үшін бірнеше аналогтарды беруге болатынын олардың сатудың белгілі бағасын шығарады.
Үшіншіден, кіріс тәсілі-бағаланатын жабдықтың инвестициялық құнын, оның пайдаланудағы болашақ кірістердің ағымды құнын анықтайды. Көліктер мен жабдықтар бағалауында кіріс тәсілі шектеулі қолданылады. Өйткені, бағаланатын жабдықтың бірлігінен әкелетін және жалпы өндіріс жүйесінен әкелетін кірісті сипаттау қиынға түседі.
1. 2. Транспорттық құралдарды жүйелі талдау
Транспорттық құралдар - күрделі, көп сыңарлы бұйым. Бұл объектілердің нарықтық құнын анықтағанда, жоғарыда айтылған жалпы экономикалық принциптер ғана емес, сонымен қатар басқа да жалпы алынған ғылыми зерттеулер мен әдістер, соның ішінде мыналарды айтуға болады, статистикалық талдау, функционалды әдіс, статистикалық модельдеу мен өмірлік цикл принципі қолданылады.
Жүйелі талдау қарастырылатын бағалау объектіні күрделі техникалық жүйе ретінде болжайды, сабақтастық, әрекеттілік элементтерден тұратынын және басқа да системамен кірісі мен шығысының болуы (сыртқы орта) Интегративті жүйенің сипаты ерекше қасиетті және ол система элементіне кіретін алгебралық сомамен табыстырылмайды. Жүйелі талдау өзінің операциясына структуризациялық жүйе, элементтердің бір-бірімен байланысын зерттейтін және сыртқы ортамен, элементтер параметрін анықтау жүйені толығымен қосады. Осыған қоса жүйелі әдіс техноэкономикалық талдау көрсеткіштерінің объектісіне қолданылуы мүмкін. Ол негізінде комплексті көрсеткішті жүйелі жеке көрсеткіштер ретінде әр түрлі деңгейде қаралады.
Функционалды әдістемеде әрбір материалдық объект дақпыртты функцияны тасушы ретінде болады. Бұл функциялар пайдалы және пайдасыз болуы мүмкін. Пайдасыз функциялар объектінің ақталмайтын қымбаттауына әкеледі. Осының негізінде объектінің құны бірінен құн функциясын зерттейді. Функционалды әдіс принциптері құн талдау теориясында және инжиринг құнының негізінде жатыр.
Статистикалық үлгілеу - методология, математикалық статистика теориясына ахуал сүйенеді және бағалаушының экономика-математикалық корреляциялық әдістерін тұрғызуға арнайы аспабы болып келеді. Статистикалық модельдеу сонымен қатар бағалау нәтижесіне түзету анализін өткізуге мүмкіндік береді, жетілдіру және экономикалық нормативті шығындарын негіздеу және рентабельділік есептеу құнында қолданылады.
Өмірлік цикл принципі барлық объектінің өмірлік кезендерінің параметрлерін зерттеуін болжайды: жобалау, өңдеу, сату, эксплуатация және утилизация. Әр бір өмірлік цикл кезеңдерінде ақша ағымдарын бағалайды және пайда мен шығынды талдайды. Өмірлік цикл теория дәрежесі мынандай практикалық тапсырманы есептеуге, объектінің қызмет ету тиімділігін бағалау, пайдалылық мерзімін пайдалануын болжау ( қызмет мерзімі ), объектінің тозу дәрежесін бағалау және т. б.
1. 3 Бағалау процессі.
Бағалау процессі бірнеше негізгі кезеңдерден тұрады.
Тапсырма қаулысы. Тапсырыс берушінің бағалау қажеттілігі пайда болып бағалаушы тапсырыс ерушімен бірге ситуацияны қарастырады. Әдетте бұндай ситуациялар Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңда ескеріледі және регламенттеледі. Содан кейін бағалау нәтижесі қалай пайдаланатыны және меншік қандай бағалау объектісіне жататынын қарастырады. Бағалау күні бағалау объектісінің мақсаты мен ситуациясына байланысты анықталады. Бағалау күні - бұл бекіту күні, бұл күнге барлық есептемелер жүргізіледі. Нарықта үздіксіз ситуация ауысуы нәтижесінде, бағалау күніне байланысты әр түрлі нәтижелер алынады.
Құнды анықтау. Бұл этапта бағалаушы бағалау мақсатын салыстыру, ол бұл кезеңде көрсетіледі және есептелуі керек. Машина мен құралжабдықтарды бағалауда әр түрлі құн құн түрлері қарастырылады. Оның ішінде ең маңызды нарықтық құн болып есептеледі. Бағалаудың міндеттемелеріне бағалау объектісінің мақсатына байланысты ең тиімді тәсілдерін, құнның кезеңдері мен түрін тапсырыс берушіге ұсынуы кіреді.
Меншік объектісін анықтау. Бұл этапта меншікті теңдестіру және оны инвентаризациялық тізіммен салыстыру жұмыстары атқарылады.
Мәліметтер жиыны. Бұл ең күрделі және өзекті жұмыстардың бірі болып саналады. Мұнда міндетті түрде активтерді жүйелеу және оларды классификациялау жүргізуі тиіс. Ол бухгалтерлік есептеуде қолданылатын стандартты классификация немесе +жекеменшік, бағалаушының өз шартымен құрастырылған егер ол қойылған тапсырманы тез және жақсы есептеуге көмектессе.
Содан кейін бағалаушы объектіні физикалфқ қарастырады, объектінің сипаттамасын жүргізеді ( листинг ), машинаның физикалық күй - жағдайын анализдейді, техникалық қызмет әдістемелермен танысады, технология және әрдайым жөндеу графикасымен, сонымен қатар олардың орындалуын анализдейді. Бұл мәліметтер келешекте машинаның күй-жағдайын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Мәліметтер жинау этапы ең маңызды болып табылады, себебі бұл жинақталған мәліметтер барлық бағалау жұмысының нәтижесішығарылады. Жиі машина мен құралжабдықтарды бағалағанда көптеген агрегаттар мен буындарды қоса бағалауымыз қажет. Егер барлық қажетті мәліметтерді анықтап алмасақ, әсіресе физикалық қарастыруда, онда бұл себептерден әр түрлі түсініктемелер пайда болуы мүмкін және ол қате нәтижеге соқтыруы мүмкін.
Бағалаушы физикалық қарастыруды жүргізбеуіне болады, бірақ ол өз атчетында бұл мәліметті көрсетуі тиіс. Күтілетін нақты құн нәтижесі екі есе түседі.
Мәліметтер жинау барысында негізгі үш бағытқа негізделуі жөн:
Шығындар әдісінің ерекшелігі мынада, индекстеуге объектінің тұтастай алғандағы құны (бағасы) емес, оның өзіндік құны реттелетін шығынға ұшырайды.
Салыту осындай немесе осы объектіге ұқсас т. б. осындай құралжабдықтар құнының анализі.
Пайдалылық ол объектінің болашақта қандай пайда әкелетіні.
Тозу анализі. Бұл этапта бағалаушы мәліметтерді талдайды, сонымен қатар осы мәліметтерге сүйене отырып машинанын физикалық күй-жағдайын нақты анықтайды. Эксплуатациядағы машина әр түрлі физхикалық факторлерге дұшар болатыны бізге түсінікті және тозу кезеңі анықталады.
Бірақ та физикалық тозу ғана емес сонымен қатар функционалды және экономикалық ескіруі де машина құнының түсуіне себепкер болады.
Функционалды немесе материалдық тозу техника және технологиялық прогресс кезінде пайда болады. Осыдан бірнеше жыл бұрын шығарылған машина бүгінгі кезде шығарылғанмен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер әр түрлі болуы мүмкін.
--- капиталды шығындардың және эксплуатациялық шығынның көп болуы, нашар техникалық сипаттамалар, ескі техника мен материалдарды қолдану және т. б. Бұның бәрі техниканың тартымдылық құнын төмендетеді.
Сыртқы экономикалық тозу - сыртқы және ішкі нарықта болып жатқан экономикалық өзгерістерге байланысты туындайды.
Объектінің жағдайын, қолдану деңгейін талдап, бағалаушы жұмыстың ең маңызды бөлігіне, яғни объектіні бағалау және есептеуге кіріседі.
2. 1. Бағалау методологиясы.
Транспорттық құралдарды практикалық бағалауда негізгі үш тәсіл қолданылады.
Шығындық тәсіл, құнды бағалауда мына жағдайға сүйенеді: баға, құн және өзіндік құн арасындағы айырмашылықтарға қарамастан, нарықтық қатысушыларықұн мен бағаны, өндіріс және сатушығындарына байланысты. Мұнда физикалық тозу басты рөл атқарады.
Нарықтық тәсіл, жиі салыстырмалы тәсіл (салыстыру арқылы) деп аталады, әділетті анықтау немесе дәйекті объекті нарықтық құнына негізделеді.
Табысбық тәсіл, пайдадан шыға нарықтық құнның анықтауы негізделеді, ол болашақта объектінің эксплуатациядан әкелетін пайдасы.
Барлық үш тәсіл нарықтық мәліметтерді қолданады. Шығындық тәсіл материалға, еңбекке және т. б. ресурстар, машиналарды ауыстыруға немесе қалпына келтіру үшін керек ресурстардың нарықтық құнын қолданады. Нарықтық тәсіл берілген құрылыстың бірлігінің нарықтық құнын анықтайды. Ал табыстық тәсіл арқылы бағаланатын объектінің болашақта әкелетін табысы негізінде құнын анықтайды.
Үш тәсілдің есебін жүргізгенде, бағалаушы көп жағдайда үш нәтиже алады. Сол себепті келесі кезеңде бағалаушы алған нәтижелерді салыстырып талдау жасап, қорытынды жасайды. Содан кейін бағалаушы қорытынды құн шығарады. Соңғы кезең бұл - бағалау туралы есеп жасау. Төменде аталып кеткен кезеңдерге толық тоқталып кеттік.
2. 2. Бағалау мақсаты.
Мүлікті бағалау әрқашанда мақсатты сипаты бар. Транспорттық құралдарды бағалауда келесідей бағалау мақсаттары және дәлелдері аса маңызды.
- Салық салу және бухгалтерлік есеп беру мақсатында кәсіпорынның активтерін қайта бағалау,
- Акционерлік қоғам құру кензінде мүліктік кешеннің жалпы құнын бағалау,
- Несиелеу жағдайында белгілі объектіні кепіл ретінде алу үшін машинаның және құрылыстың кепілдік құнын анықтау,
- Транспорттық құралдардың сақтандыру құнын анықтау,
- Қаржылық менеджмент мақсатындағы машиналармен құрылғылардың құнын анықтау.
Сонымен қатар машиналар мен құрылғылардың құнын анықтағанда:
- Сату, сатып алу кезінде;
- Жалға немесе лизинг беру кезінде;
- Жарғылық капиталда мүліктің үлесін анықтау;
- Кәсіпорынды жабу кезінде;
- Кәсіпорынды ликвидациялаған кезде;
- Инвестициялық жобаның бизнес жоспарын жасау кезінде;
- Объектілерді утилизациялаған кезде және т. б.
Бағалау объектісінің мақсаты мен дәлелдеріне байланысты мынадай болуы мүмкін:
- Жекеше, бір ғана машина немесе құрылғылар, нарықтық құн, салыстыру құны, ликвидациялық құн, жалға беру құрылғылар құны, утилизациялық құн анықтаған жағдайда;
- Көптеген шартпен бір бірі тәуелсіз бірлік машиналар мен құрылғылар, қалпына келтіру құны анықталған жағдайда;
- Машина және құрылғылар комплексін өндіріс - техникалық ақпаратпен тіркеу, комплекстік бөлек элементтерімен және олардың арасында, бір жағынан оны қоршаған инженер - техникалық инфраструктурамен, ал екіншіден нарықтық құн анықталған кезде, ликвидациялық құн, инвестициялық құн.
Құн түрін бағалау мақсаты мен ахуалына байланысты таңдалады.
Бағалау мақсаты мен дәлелдері бағалау объектісін таңдауына ықпал етеді, бағалау әдістерінде қолданады, бағалау құнының түрін анықтау және анықталу әдістері.
Осыған байланысты әр бір бірдей құрылғылар жиыны бағалау мақсатына байланысты әр түрлі бағалануы мүмкін және жалпы жиынның құны да әр түрлі болады.
Дүние жүзілік тәжірибеде келесідей бағалау мақсаты мен құн кезеңдері ұсынады:
- Меншік құқықтарын беру - дәйекті нарықтық құн;
- Қаржыландыру (несие беру мақсатымен және т. б. ) - дәйекті нарықтық құнын тоқталмай пайдалануы (бұл құн көбінесе өте жоғары нәтиже береді), дәйекті нарықтық құнның ауысуы, ликвидацияны ретке салу құны, тездетілген ликвидациялық құн;
- Табыс салығы - пайдалануда дәйекті нарықтық құн, қондырылған құрылғылар дәйекті нарықтық құны, ауыстырудағы дәйекті нарықтық құн;
- Мүлік салығы - көбінесе батыс заңдары дәйекті нарықтық құнды қолдануға бет бұрған, себебі бұл құн кезеңдері ең жоғары көрсеткішті көрсетеді;
- Сақтандыру - физикалық тозудан толық қайта өндіру немесе ауыстыру құнын алып тастау. Кейбір мемлекеттерде - тоқталмай пайдаланудың дәйекті нарықтық құны, ауыстырудағы дәйекті нарықтық құн;
- Лизинг - қаржэылықтағыдай көп нұсқалық есептеулер болуы мүмкін;
- Серіктестікті бұзу (мысалы, ажырау) - қолдануда дәйекті нарықтық құн, ауыстырудағы дәйекті нарықтық құн;
- Заңды капитал салымы - қондырылған құрылғылар дәйекті нарықтық құны, ауыстырудағы дәйекті нарықтық құн;
- Мұраға салық (жағдайға байланысты) пайдаланудың дәйекті нарықтық құны, ауыстырудағы дәйекті нарықтық қөұны;
- Жобаның орындалуын зерттеу - барлық құн түрлері;
- Сату бағасын үлесу - 99% жағдайда дәйекті нарықтық құнды пайдалану;
- Ставка мен тарифтерді анықтау - кәсіпорын коммуналды қызметтерде қолданылады (электр-энергие, жылу және телефон желісі), көбінесе толық қайта өндіру құны, толық ауыстыру құны немесе ары қарайпайдаланудағы дәйекті нарықтық құн.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz