Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі жайлы


Мазмұны
КІРІСПЕ 2
I. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ 6
1. 1. Мемлекеттік биліктің теориялық аспектілері 6
1. 2. Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі 15
II. МЕМЛЕКЕТ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ МЕХАНИЗМІ 23
2. 1. Қазақстан Республикасының орталық басқару жүйесі 23
2. 2. Облыстық мемлекеттік басқару жүйесі 26
2. 3. Аудандық мемлекеттік басқару жүйесі 31
III МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ НОРМАТИВТІК - ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 34
3. 1. Мемлекеттік басқару органдары қызметін құқықтық қамтамасыздандыру 34
3. 2. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 40
ҚОРЫТЫНДЫ 51
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 58
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Елдегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру. Дегенмен, қол жеткізілген нәтижелерге қарамастан, оның әлі де алға қойған міндеттермен сәйкеспейтіні анық.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқару механизмі проблемасы көп жылдар бойы қарастырылуда. Дегенмен мемлекеттік басқару механизмі модельінің қоғамдық процесстерге жағымды әсер ету теория түрінде әлі де аяқталмаған.
Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқару теориясына ғалымдар әртүрлі түсінік береді. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік басқару дегеніміз қоғамдық процесстерге мемлекет тарапынан әсер ету. Мемлекет біртұтас құрылым, біркелкі механизм, сондықтан мемлекеттік басқару біркелкі түсінік. Ең жоғарғы деңгейде мемлекеттік басқарудың біртұтастылығы мемлекеттік билікті жүргізүді білдіреді.
Мемлекеттіміздің алғышартты белгілерінің бірі - Қазақстанның дүниежүзілік қоғамдастыққа толыққанды мүше болып, әлем мемлекеттерімен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орната білуімен байланысты. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіздігіміз жарияланғаннан бастап осы аса маңызды мәселеге айрықша мән беріп, ол мәртебенің тұрақтанып, нығая түсуі жолында аянбай, еңбек етіп келе жатқандығы да сол маңыздылықтан өрбіп келеді.
Мемлекет әдетте ұлттық негізде құрылады. Ол - ұлттың өсу, өркендеу қабілеттілігінің нышаны. Осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялағанды. Мемлекетіміз бүгінгі таңдағы әлемдік дәрежеде көптеген өркениетті елдермен үзеңгілесіп, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесіне айналып отыр.
Қазақстан Республикасының Конституциясына байланысты мемлекеттік билік біркелкі, Конституция негізінде және үш билік түрі бір - бірімен өзара әрекеттесу тепе - теңдік негізінде жүзеге асырылады.
Басқару билік тіреуішінсіз әлсіз болып есептеледі. Екі аспекті өте өзара тығыз байланысты және әсіресе қоғамды басқаруда оның құндылығы билік пен басқарудың бірге жүруі. XXI - ғасыр мемлекеттік басқарудың ғылыми негіздемесін жасады. Бүгінгі таңда, барлық жинақталған тәжірибеге қарамай, қоғамның дамуына ғылыми тұжырым беру қажет. Тәжірибе өткенге, өнер - интуицияға, ал ғылыми дәлелденген білім болашаққа жылжудың бағдарламаларын бере алады. Әрине, бұл тұжырымға нағыз ғылым жарайды, оның ағымдағы саясатты түсіндіруді дәлелдеуден қашқақтайтын ғылымның суррогаты жарамайды. Сондықтан, мемлекеттік басқарудың ғылыми негіздемесі екі фактордың өзара әрекеттесуінен: ғылымның даму дәрежесімен және мемлекеттік басқарудың оны қабылдауға дайындығымен, іс жүзіне асырылуымен байланысты.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Мемлекеттік басқару мен биліктің өзара әрекеттесу механизмін зерттеуде ғалымдардың еңбектерін атап айтуға болады: К. Е. Кубаев, В. Н. Уваров, А. М. Байменов еңбектерін айтуға болады.
Зерттеудің мақсаты. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен өнімділігін арттыру проблемалары пәнаралық методологиялық проблема ретінде қарастырылуда. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі көзқарасы тұрғысынан биліктің әр деңгейінде шешім қабылдаудың механизмі, әдісі, тәсілі проблемаларына байланысты. Айта кететін маңызды мәселе қоғамда орын алатын әр қилы саяси, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік процесстерді басқару, әкімшілік - мемлекеттік басқару, экология, қаржы салалары арасындағы кризистік жағдайларды шешудің жолдарын анықтау қажет. Бұл белгілі жағдай, шешім қабылдаудың механизмдері мен процесстері осы процесстің толық теңдігіне ие.
Қарастырылып отырған контексте, мемлекеттік басқару органдарының басты мақсаты мемлекеттік ұйымдардың, мекемелердің қызметінің тиімділігін, өнімділігін, сапасын және нәтижелігін арттыру. Ғылымға негізделген, билікті іс жүзіне асыратын мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалар тек сол саланың жұмысшыларына ғана емес, бүкіл қоғамға пайдасын тигізеді.
Зерттеудің пәні. Кез - келген басқа ғылымдар секілді басқару теориясы өзінің зерттеу пәніне ие. Басқару теориясының пәні болып адамдардың, коллективтің, қоғамның қызығушылығында заңдардың объективті түрде тәжірибеде жүзеге асырылу механизмін талдау. Басқарудың ең күрделі түрі - әлеуметтік - саяси реттеумен байланысты мемлекеттік басқару, қоғамды басқару, экономиканы басқару.
Зерртеу методологиясы. Басқару теориясы басқа ғылымдар секілді де, өзінің зерттеу әдістеріне ие. Қазіргі заманның кең тараған зерттеу әдістерінің бірі ғылыми абстракция, жүйелік - мақсаттылық, комплексті әдістеріне жүгінеді. Осы ретте басқару теориясында функционалды талдау әдісі ерекше мәнге ие, себебі функция басқару теориясында басты категориялардың бірі болып табылады.
Ғылыми абстракция әдісі басқару теориясының жалпы заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Құбылыстар мен процесстерді зерттеуде абстракті - логикалы, баланстық және социологиялық әдістер пайдаланылады. Ғылыми әдістерді қолдана отырып басқару процессіне зерттеу жүргізу зерттеудің ғылыми дәрежесін көтереді, нақты және дәл ғылыми тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеудің ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, нормативтік - құқықтық ақпараттар, Үкіметтің қаулылары, халықаралық конференциялардың материалдары, шетел және отандық ғылыми әдебиеттер, периодикалық баспалар мен Интернет жүйесіндегі ақпараттар қолданылған.
Ғылыми жаңалық мемлекеттік басқарудың барлық деңгейін және оның билікпен өзара әрекеттесу механизмін талдай отырып іс - жүзінде мынадай шараларды енгізу қажет:
- мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде мемлекеттік, облыстық, аудандық атқарушы органдардың жауапкершіліктері мен өкілеттіліктерінің
оптималды балансын құру, децентрализациялау және өкілеттілікті төменгі деңгейдегі билік өкілдеріне беру;
- мемлекеттік басқару процессінде біртұтас ақпараттық кеңістіктер құру, яғни орталық және жергілікті атқарушы органдарда комплекстік ақпараттандыру туралы бағдарлама қабылдау, біркелкі мемлекеттік ақпараттандыру жүйесімен кадрларды басқару;
- мемлекеттік басқару жүйесін автоматизациялау және механизациялау;
-мемлекеттік басқару механизмін құқықтық қамтамасыздандыруды жетілдіру;
-биліктің түрлі тармақтарының неғұрлым тиімді өзара ықпалдасуы;
-биліктің түрлі тармақтарының қызметіне тәуелсіз қоғамдық бақылау, сондай-ақ олардың есептілігін, ашықтығын және тиімділігін күшейту;
Жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімінен, негізгі үш бөлімнен, қорытынды бөлімінен және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 62 беттен, 8 сұлбадан тұрады.
Кіріспе бөлімде дипломдық жұмыстың өзектілігі, тақырыптың зерттелу дәрежесі, тақырыпты таңдау мақсаты және оның пәні, методологиясы, ғылыми жаңалық енгізу және диссертация тұжырымының жариялануы туралы мәліметтер берілген.
Бірінші бөлім «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі » мемлекеттік басқару теориясының түсінігі, мемлекеттік басқару механизміндегі биліктің теориялық аспектілері, атқарушы және өкілді органдар жүйесіндегі билік, мемлекеттік басқару механизмінің компоненттері, билік жүйесіндегі бюрократия туралы мәліметтер қарастырылған.
Екінші бөлім«Мемлекеттік органдарының жүйесінің механизмі» Қазақстан Республикасының орталық басқару жүйесі, облыстық мемлекеттік басқару жүйесі, аудандық мемлекеттік басқару жүйесіне талдау берілген.
Үшінші бөлім «Мемлекеттік басқаруды нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету» Мемлекеттік басқару органдары қызметін құқықтық қамтамасыздандыру, Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпараттар қарастырылған.
Қорытынды бөлімде зерттеу барысында алынған қорытынды ұсыныстар, Қазақстан Республиукасының зиялы, демократиялы қоғам құруда мемлекеттік басқару мен биліктің өзара әрекеттесу механизмін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілген.
I. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесі
1. 1. Мемлекеттік биліктің теориялық аспектілері
Басқару теориясынның күрделі категорияларының бірі билік.
Билік өзінің еркіндігін қабілеттілік пен мүмкіндігін басқару құралдары арқылы құқық, күштеу және мансаптың көмегімен адамдардың жүріс - тұрысына әсер етеді. Басшының жеке сапалары лауазымды билікпен бірге, эксперттік билікте бар. Басшының жоғарғы біліктілігі, тәжірибесі, таланты бағынушыларға жағымды әсер етеді. Жетекші өзіндік және лауазымды билікке ие болғанда, басқару тиімді жүргізіледі.
Биліктің ең жоғарғы формасы демократиялық қоғамда құқық принциптеріне негізделген - мемлекеттік билік. Мемлекеттік билік үш биліктің: заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің өзара әрекеттесуі негізінде құрылады. Соңғы ақпараттық цивилизация және глобализация процесстері кезеңде интеллектуалды билікті де айтуға болады.
Мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады және билік «төменнен жоғары» принципімен жүзеге асырылады. Ал, төменгі деңгейге өкілеттілік жоғарыдан төменге мемлекет береді. Құндылықтар жүйесін ұзақ мерзімді уақытта қоғам қалыптастырады және ол мемлекетпен жүзеге асырылады. Тәуелсіз Қазақстан 1992 жылдың март айында Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі бола отырып, мемлекеттік билікті «билікті бөлу» принципімен жүзеге асыра отырып, құқықтық мемлекет құруда. Мемлекеттік құрылыс тарихы мемлекеттің даму этаптарын күштеудің цивилизациялық формасынан пісіп жетілген мемлекеттік басқару формасына дейінгі тарихты қамтиды. Әртүрлі теориялар мен мектептер экономикалық және қоғамдық өмірде биліктің ролін әрқалай бағалайды. Маркстік билік теориясы билікті капитал билігі деп қарастыру теориясын айтқан [13] .
Билік басқару теориясында зеттелуде. Билікті жеке негізі бар билік, ұйымдастырушы билік деп бөледі. Ұйымдастыру билігі шешім қабылдау құқығының қайнар көзі ретінде күштеу, ресурстарды басқару билігіне, байланыстар билігі және марапаттау билігін қолданады. Бірқатар ғалымдардың пікірінше мемлекеттік билік теориясының қазіргі заман зерттеулерін пісіп жетілген мемлекеттің кезеңіне жатқызу керек деген пікір айтады. Қазіргі заман теориясына сәйкес билік өкілеттілігін жүзеге асыру мемлекеттік басқару жүйесі арқылы жүргізіледі.
Мемлекеттік басқару жүйесінде билік бағынудың иерархиялық құрылымы және мансаптық өсу жүйесіне негізделген. Бүгінгі таңда басты проблема билікті ұйымдастыру емес, тиімді мемлекеттік билікті жүргізуде. Оның негізі: қаншалықты қоғам өз қажеттіліктерін өтеуде билікті жүзеге асыра алады және қаншалықты тиімді мемлекеттік қызметті бақылай алатындығында.
Барлық цивилизация тарихы дәлелдегендей, мемлекеттік басқаруда функционалдық міндеттеріне байланысты мемлекеттік органдардың құрылуы міндетті. Осының негізінде, қарама - қайшылық пайда болады: мемлекеттік билік бір, бірақ оның тасымалдаушылары көп. Бұл билікті бөлу принципімен жүзеге асырылады, яғни мемлекеттік билік тәуелсіз шешім қабылдау өкілеттілігіне ие биліктің үш тармағымен жүзеге асырылады. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей әрбір билік тармағы абсалютті тәуелсіздікке ие емес. Бұл принцип логикалық дұрыс, себебі билік тармақтарының абсолютті тәуелсіздіктерге ие болуы мемлекеттің билік сапасын төмендететін еді. 1995 жылы қабылданған Конституция мемлекеттік билікті атқару функцияларына байланысты нақты үш тармақа бөле отырып, оның құқықтық негізін қалай отырып, мемлекеттің біртұтастығын, конституциялық, демократиялық саяси режимнің механизмін қамтамасыз етті. Осы орайда, Қазақстан Республикасында Президенттің конституциялық институты концептуалды мағынаға ие. Осы институттың мемлекеттік басқару процессінде рөлі мен орнын ғалымдар теориялық зерттеуге талпынуда.
Қарастырып отырған проблема қоғамның және мемлекеттің даму бағдарламасына болжам беруде, сонымен қатар елімізде құқықтық, демократиялық және азаматтық қоғам құру кезеңінде Президенттің заңды статусы мен рөлін нақтылауды қажет етеді. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік - биліктік құбылыстар үш вариантта жүзеге асырылады. Соның ішінде атқарушы билік мемлекеттік биліктің халыққа жақын түрі ретінде ерекше теориялық мәнге ие болуы керек.
Мемлекеттік билік тек заң шығарумен шектелмейді. Мемлекеттік биліктің заңда көрсетілген негізі тәжірибеде жүзеге асырылуы қоғамды мемлекеттік басқарудың негізгі. Дәл билікті бөлу теориясында атқарушы билікке осындай түсінік беріледі. Өкілді билік мемлекеттік өмірді ұйымдастыру нормаларын қалыптастырады, ал атқарушы билік оның іс - жүзіне асырылуын жүзеге асырады. Дәл осы мақсатта барлық елдерде арнайы билік өкілеттіліктеріне ие атқарушы аппарат құрылады. Атқарушы аппарат әкімшілік деп те аталады. Бұл трактовка универсалды емес, әдетте Үкіметте, атқарушы органдар да, ұйымдар мен мекемелерді басқарушылар да әкімшілік деп аталады. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік билік біртұтас және ол Конституция, басқа да заңдар негізінде билікті үш тармаққа бөлу және бір - бірімен өзара әрекеттесу принципімен жүзеге асырылады. Кейбір өркениетті елдерде Конституция деген атымен жоқ. Есесіне олардағы әрбір заңның күші Конституциядан кем емес және қатаң сақталады.
Барлық құқықтық нормалардың негізгі жиынтығы болып табылатын Конституция. Қоғам қандай жағдайға тап болса да, қаншама қажеттілік туып отырса да, басқа зандар егер Конституцияға қиыспайтын болса қабылданбай тасталады. Дұрыс, әрине. Бірақ бұл Үкімет үшін Парламенттің өздігінен заң шығарып қабылдау құқын пайдалануына жол бермеудің басты тетігіне айналып отыр. Бұл Конституциялық Кеңестің осалдығынан болса керек.
Бізде де тәуелсіздік алған алғашқы жылдары Конституциялық бақылауды жүзеге асыру үшін Конституциялық Сот тандап алынған болатын. Ол 1992 жылғы шілдеде құрылып, сол жылы Конституциялық Сот туралы арнайы заң да қабылданған. Алайда, 1993 жылғы Конституцияның қабылдануымен Конституциялық Сот республикадағы бірегей сот жүйесінің құрамына қосылды. Ал 1995 жылғы жаңа Конституция арнайы Конституциялық Кеңес құрылып, жұмыс істеуіне жол ашылды. Бұл Кеңестің негізгі міндеті: Конституцияның үстемдігі мен тікелей қолданылуын қамтамасыз ету; адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің қорғалуын қамтамасыз ету; билік бөлісу принципі қызметінің конституциялық механизмін қамтамасыз ету болып табылады [14] .
Негізінен біздің мемлекетіміздің құрылымы бойынша, Конституцияның беделі Конституциялық Кеңеске байланысты. Ал басқа елдерде бұл әр түрлі жолға қойылған. Мәселен, АҚШ, Жапония (т. б. ) мемлекеттерінде Конституциялық зандарды тексеру барлық соттарға жүктелген. Гвинея, Камерун (т. б. ) елдерінде бұл қызметті Жоғарғы Сот жүзеге асырады. ГФР, Ресей, Италия (т. б. ) елдерінде жалпы юрисдикция органдарынан бөлінген арнаулы орган - Конституциялық Сот құрылады. Ал Франция, Алжир (т. б. ) елдерінде конституциялық бақылау сот сипатындағы емес, арнаулы органға жүктелген.
Кез - келген мемлекеттік билік легитимділікті қажет етеді. Легитимді мемлекеттік билік - сол мемлекеттің азаматтарының келісімімен заңды түрде қабылданған билік. Мемлекетті басқару формасына байланысты биліктің легитимділігі әр түрлі елдерде әр калай жүргізіледі. Мысалы, демократиялы елдерде оның негізгі атрибуты басты Заң - Конституция. Диктаторлы мемлекеттерде арнайы декрет не жарлық негізінде немесе диктатор өзінің режимін өі бақылау арқылы легитимділік жасайды.
Мемлекеттік биліктің легимтимділік дәрежесі сол мемлекеттің азаматтарытарының саяси қадамдарды, сонымен қатар Президент пен Үкімет сайлауларын, саяси қызметкерлердің халықпен ашық кездесулерін қолдауы немесе қолдамауынан анықтауға болады. Легитимділік мемлекеттік биліктің тиімділігін арттырады, себебі оның жүргізетін шаралары халық қолдауына тәуелді.
Әлемнің алып мемлекеттері халықтың қолдауына ие бола алмай жойылып кеткен болатын. Бұл туралы, мысалы ежелгі Египет пен Рим империясынан Совет Одағы мен Югославия мемлекеттеріне дейінгі мысалдарды келтіруге болады.
Мемлекеттік билікке легитимді түрде саясаткерлер ие. Президент ел басы ретінде және Депутаттар билікті дауыс жинау арқылы халықтан алады және Конституция бойынша жоғарғы саяси биліктің өкілдері болып табылады. Сонымен қатар Үкімет мүшелері мен әкімдер саяси өкілеттіліктерге ие. Билік мемлекеттік басқарудың генераторы болып табылады.
Ресурстарды тиімді пайдалану билікті жүзеге асырудың рационалды механизмі болып табылады. Осы механизм арқылы билік өз мақсатына жету үшін әкімшілік жүргізеді. Ал, мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты қоғамның мүддесін қорғау. Билікті жүзеге асыру механизмі мемлекеттік басқаруда жеке адамдардың қызығушылықтарын ғана қорғауға жол бермеуі керек. Осы айтылған мәліметтерден түсінікті болғандай, мемлекеттік басқарудың тиімділігі билікті әкімшілік арқылы жүзеге асыруда тиімділігі артады. Осыдан келіп, мемлекеттік қызметкерлерді 1999 жылы мемлекеттік қызмет реформасын жасағанда мемлекеттік қызметшілерді әкімгершілік қызметкер деп, саяси қызметкер деп бөлдік. Яғни, әкімгершілік қызметтегі адамның қызметкерлігі көбірек болса, саяси қызметтегі адамда қайраткерлік басымдау болуы керек.
Заңда мемлекеттік қызметкердің анықтамасы нақты берілген. Мемлекеттік қызметкер - мемлекеттік органда заңды лауазымды қызмет атқаратын, республикалық, жергілікті бюджеттен немесе Ұлттық банктен жалықы төленетін, өзінің өкілеттілігін мемлекеттің функциялары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында орындайтын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттiк саяси қызметшi
- тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi
- мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi; мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі;
Мемлекеттiк қызмет
- мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;
Мемлекеттiк қызметшi
- мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
Лауазымды адам
- ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам;
Лауазымдық өкiлеттiк
- заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк [16] .
Заңда саяси қызметкер мен әкімгершілік қызметкердің құқықтары нақты белгіленген. Саяси қызметкерлерге министрліктер деңгейінде министр, оның көмекшілері жатады. Аумақтық деңгейде - облыс әкімдері мен оның көмекшілері, район, қала, ауыл әкімдері жатады. Басқа барлық лауазымды қызметкерлер атқарушы органдар жүйесінде әкімгершілік қызметкерлерге жатады [17] .
Мемлекеттік қызметте саяси сайлану «тереңдігі» Сұлба 1
Саясаткерлер - халықаралық тәжірибиге байланысты, партиялардың және жеке азаматтардың атқарушы және өкілді органдарда мүдделерін қорғайтын мемлекеттік қызметкерлер және қоғамдық қайраткерлер. Мемлекеттік лауазымды қызметкермен салыстырғанда, саяси қызметкерді Қазақстан Республикасының Президенті белгілі бір мерзімге сайлайды, мерзімі аяқталғанда қайта тағайындалуы мүмкін немесе мүлде қызметтен босатылуы мүмкін.
Саяси қызметкерлер конституциялық өкілетті билікке ие бола отырып шешім қабылдайды, ал мемлекеттік қызметкерлер оны орындайды. Басқару объектісінің масштабының ұлғаюна байланысты мемлекеттік билікті жүзеге асыру механизмі және мемлекеттік шешімдерді орындау қиындық тудыруда.
Осы биліктің аппараттың ролі артады. Бұл жағдайда бюракратияның рөлі артады, әкімгершілік аппарат мемлекеттік билікті өз қолына алуы мүмкін. Сондықтан бюрократияның дамуына жол бермеу үшін, басқару объектісі ұлғайған сайын, билікті жүзеге асыру механизмі күшті болу керек.
Мемлекеттік қызметтің жетекшісі - атқарушы билік жүйесінің бірінші жетекшісі болып табылады. Ол жоғарғы дәрежелі шенеунік және оның қызметі Премьер - Министрдің бірінші орынбасары қызметіне тең. Мемлекеттік қызметтің жетекшісі арқылы Үкімет Қазақстан Республикасының саясатын жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет жетекшілері, орталық және жергілікті атқарушы органдар жетекшілері саяси қызметкерлер бола отырып, өзіне тиісті салаға жетекшілік етеді.
Мемлекеттік қызметкерлерге саяси партияларға мүше болуға және формалды, формалды емес қоғамдық қозғалыстарға қатысуға құқы жоқ. Мемлекеттік қызметкерлердің категориялары, рангтері «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда және сол заңды дамытатын Қазақстан Республикасының нормативтік - заңдық актілерінде анықтамалар берілген.
Үкімет Премьер - Министр келбетінде әрбір министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің саяси тапсырмаларын анықтайды және осы тапсырмаларды орындадауға тиісті мемлекеттік қызмет жетекшілеріне тапсырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz