Әл-Фараби дүниетанымындағы болмыс пен тәңір


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . …. … . . . 3
I. ӘЛ-ФАРАБИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ
БОЛМЫС ПЕН ТӘҢІР . . . 7
1. 1. әл-Фараби шығармаларының идеялық негіздері . . . 7
1. 2. әл-Фарабидің болмыс ілімі . . . 22
1. 3. әл-Фарабидің тәңірі туралы көзқарасы . . . 49
II. ӘЛ-ФАРАБИ ІЛІМІНДЕГІ ДІН МЕН ФИЛОСОФИЯ
САБАҚТАСТЫҒЫ . . . 64
- әл-Фарабидің философиясындағы ғылыми таным және сенім мәселесі . . . 64
- әл-Фараби калам мен фалсафа арақатынасы
жайында . . . 86
ҚОРЫТЫНДЫ . . . …. . . . …. . 100
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……… . . . ……. 103
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қай халықтың болмасын бүгінгісі өткен тарихымен астасып жатады. Өткенінен хабары жоқ жандардың бүгінге, болашаққа да берері шамалы болады. Келешектің қамын, оның мәнді болуын ойлаған халық жас ұрпақты бесіктен тәрбиелейді. Одан әрі дәстүр - өнегесін санасына сіңіреді. Мұның барлығы халықтың өзіндік қолтаңбасы бар тағылымдарынан туындайды.
Уақыт-ескі мен жаңаны таразылап, бағалайтын, ескіні шаң қаптырып жұтатын, жаңаны сынап, жер жастандырып өзінің талабын сездіретін күш. Бірақ, осы күш-саяси қысым, аласапыран, дүрбелең, тіпті, топан су болып көрініс беріп, тегеурінін сездіріп жатса да, өзінің қадір-қасиеті мен қызметінің қажеттілігін табиғи талаппен мойындататын ұлттық болмысымыздың өзегі-құдайлық әлеммен байланыстырушы дін және оның құндылықтар жүйесі осы уақытпен бірге қатар келе жатыр.
Кеше діни-рухани желі - жүйе кешегі жетпіс жылдық аз ғана уақыттың ішінде қажетсіз деп танытылды, идеологиялық қағажу көрді. Адам мен құндылық арасындағы қатынас бұзылды, тарих үзілді, мәдениет қайта түзілді. Бүгін сол құндылықтарымызды өзінің қалдырған мұрасы арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткізген тарихи тұлғаларымызға басқаша көзқараспен, оларға деген қатынасымызды қалпына келтіріп, тарихи сабақтастықты жалғап, төл мәдениетіміздің келбетін қайта танып, саралауға деген ұмтылыс бар. Осындай рухани мұраның басында барша әлемге Екінші Ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық мұрасы тұр.
әл-Фараби және оның мұрасын жан-жақты зерттеу нысаны ретінде таңдаған фарабитану саласы да өткен дәуірдің тегеурінімен сол уақыт пен кеңістіктің қажет деп тапқан қырларымен танылды және танытылды. Фараби мұрасын тану өзіндік болмысы мен табиғатының ақиқатын жан-жақты танырлық мүмкіндікке тәуелсіздіктен кейін жететін сияқты болып көрінді. әл-Фарабидің шығармашылық мұрасын негізінен зерттелу жағынан, зерттеушілерінің саны мен сапасы жағынан кенде емес. Көрсеткіш ретінде ғалымның мұрасын тану тіл, әдебиет, тарих, мәдениет, дін, философия және тағы да көптеген сала тұрғысынан зерттелініп жалпы әлемде жүздеген диссертациялар жазылды. Бұл сандық, сапалық өлшем. Осы өлшемнің өзінен-ақ саннан сапаның тууы, зерттеудің дәрежесі мен көлемі анықталуы тиіс еді. Бірақ бүгінгі таңда әл-Фараби мұрасының әрбір саласы арасында тұтастық пен тұжырымдалған, орталықтандырылған жүйеге түсіру қажеттілігі артып отыр. әл-Фараби шығармашылығын зерттеуде ашылмай жатқан, тиісінше танылмай, танытылмай жатқан қат-қабат мәселелер жетерлік.
Төрткүл дүниеге белгілі Абу Насыр Әл-Фараби бүкіл әлемге өзінің шығармалары арқылы кеңінен танымал екені мәлім. Менің пікірім Қазақстанда дін ғылымына сұраныс пен талап арта бастаған кезде ислам философиясының соның ішінде әл-Фараби мұраларындағы дін философиялық көзқарастарын тану, оның араб, парсы және түркі тілдеріндегі құнды шығармаларын мейлінше мемлекеттік тілге, яғни қазақ тіліне аудару қажет. Қазіргі таңда ғалымның ашқан жаңалықтарымен қатар, діни-философиялық көзқарасыда құнды. Осыған байланысты бұл диссертациялық жұмыста ортағасырдағы дін мен фалсафаның, ортағасырлық араб-мұсылман дүниетанымының бірегейлігін ақыл мен сенім тұрғысынан көрсете отырып, сараптама жасау.
Араб халифатының мәдениеті гүлденген уақыты әлемдік тарихтың бірден-бір бөлшегі болып табылады. Қазақ топырағынан талай даналарды дүниеге алып келді. Олар бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде танымал жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби, Ибн Сина және т. б. сынды данышпандар Антика дәуіріндегі философиялық дүниелеріне жаңаша сипат беріп, оларға түсініктеме жазған.
Бұл зерттеу жұмысымда әл-Фарабидің мұрасындағы дін мен философия арақатынасы туралы көзқарасын қолға алып отырмыз. Шығыс және батыс ойшылдарының шығармалары негізгі тақырыпты түсінуде бізге көмек болғандықтан оларға белгі қалдырдық. Ислам философиясы дегенімізде әл-Фараби бұл тақырыпта оның пікірлерін талқылау өте маңызды болып отыр. Бұл диссертациялық жұмысымта әл-Фараби мұрасындағы дін мен философияның сабақтастығын түсіндіруде алдымен тәңір, болмыс туралы пікірлерін қарастырдық. Бұл оның философияға ие болған мүмкіндік (мумкину’л-вужуд) және бар болуы міндетті (уажибу’л-вужуд) болмыстар терминін зетіттеуге жетеледі. Осылайша ортаға шыққан бұл екі түр болмыс арасындағы қатынастың уақытын білдіру үшін уақытты да қарастырдық.
Диссертациялық жұмыстың зерттелеу деңгейі.
Соңғы жылдары философия саласы бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіп жүрген, сондай-ақ автордың да кәсіпқойлық қалыптасуына тікелей әсер етіп, ғылыми еңбектері диссертация жазу барысында үлкен қолданыс тапқан белгілі Қазақстан философтарының есімдерін атап өтпеске болмайды.
Ж. М. Әбділдин, А. Х. Қасымжанов, Ә. Н. Нысанбаев, М. С. Әженов, Ғ. Ғ. Ақмамбетов, К. Х. Рахматуллин, Д. К. Кішібеков, А. Қ. Қасабек, О. А. Сегізбаев, Т. С. Сәрсенбаев, К. М. Сатыбалдина, Б. Р. Қазыханова, М. С. Бурабаев, М. Ш. Хасанов, Ж. Ж. Молдабеков, Б. К. Құдайбергенов, З. А. Мұқашев, Қ. Ш. Шүлембаев, А. С. Балғынбаев, С. Д. Таңкаев, М. С. Орынбеков, Б. Ғ. Нұржанов, Т. Х. Ғабитов, Ж. А. Алтаев, Ә. Б. Наурызбаева сондай-ақ, әл-Фарабидің ғылыми мұраларын зерттеу саласында Қазақстан Республикасы Фарабитанушыларының зерделі еңбектерін көп жылдардан бері әл-Фарабидің тарихи-мәдени, философиялық ғылыми мұраларын көп елге танытып келе жатқан А. Машановтың, А. Х. Қасымжановтың, М. С. Бурабаевтың, А. Көбесовтың, Қ. Жарықбаевтың ғалымдарымыздың әл-Фараби мұрасына қосқан ғылыми зерттеулері шаш етектен. Кеңес өкіметі тұсында әл-Фараби мұрасын жан-жақты зерттеу кеңінен етек жайды. Мәскеу мен Алматының, Ташкент қадаларының зерттеуші ғалымдары В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, И. С. Брагинский, Н. И. Конрад, Б. Ғафуров, С. Н. Григорян, В. П. Зубов, П. Иванов, А. Сагадеев сияқгы белгілі зерттеушілер әл-Фараби ғылымының негізін қалады. әл-Фараби философиясы мен дүниетанымын зерттеуде осы Кеңес өкіметі жылдарынан бері докторлық және кандидаттық диссертациялардың, монографиялар мен ғылыми мақалалар қыруар жазылды.
Осы кезде шығыстық ғаламдар араб және парсы тілдерінде жазған Ахмад ибн Халликан, Ибн Саид әл-Қифти, Ибн Аби Усайбиның еңбектері. әл-Фараби өмір сүрген кезеңдердегі Арабтардың рухани және қоғамдық-саяси өмірін зерттеуде Р. Эрланжэ, Ф. Роузенталь, Л. Данлоп, А. Мец, А. Массэ, Г. Э. Грюнебаум еңбектері айта кету керек. .
Зерттеу жұмыстың мақсаты мен міндеті.
-әл-Фарабидің мұрасындағы дін мен философиялық арақатынасындағы көзқарастардың мазмұны мен қағидаларын анықтау.
- әл-Фарабиді ортағасырлық ислам философиясына қосқан үлесі.
- әл-Фарабидің дүниетанымын діни-философиялық тұрғыдан талдай отырып, сараптама жасау.
- әл-Фарабиді ортағасырлық мұсылман философиясының көрнекті өкілі болғандықтан оның философиясын ислами көзқараста зерттеу.
- Ғалымның мантық ғылымына, калам іліміне, философияға, ғылымға қосқан үлесін анықтау.
- Сол кезеңде Халифат дәуірінің өркендеп тұрған кездегі дін мен философияның бір-біріне сабақтастығын айыру.
- әл-Фараби іліміндегі болмыс сатыларын көрсету.
- Ойшылдың тәңір туралы көзқарасына түсінік беру.
Жалпы, әл-Фараби ғылымның барлық салаларының дамуына үлес қосқан энциоклопедист ғалым ретінде көрсете отырып, оның ислам философиясындағы алар орнын анықтау диссертациялық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.
-әл-Фараби мұрасындағы дінмен философия арасындағы сабақтастық мәні анықталады.
-Ойшылдың тәңір туралы ой-тұжырымдарын барша ерекшеліктермен қарастыра отырып, түрік және араб тілдеріндегі тәңірге қатысты уажибул-вужуд (бар болуы міндетті болмыс), мумкунул-вужуд (бар болуы міндетті болмыс), ассабул-аууал (алғашқы себеп), мухарракатул-аууал (алғашқы әрекет жасаушы болмыс) және тағы басқа терминдер енгізілді.
- әл-Фарабидің көптеген еңбектерінде материалистік көзқарастар ұшқындары бар, бірақ әл-Фарабидің нағыз шынайы болмысы ислам дініне деген қызметі зор болған. Өйткені ислам дінінде білім мен ғылымның алар орны ерекше мәнге ие болғандықтан әл-Фараби ғылымның барлық салаларына мейлінше өз үлесін қосқандығын нақтылай көрсету.
-әл-Фараби шығармаларын материалистік тұрғыдан емес, идеалистік тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу обьектісі.
Қазақтың ойшылы әл-Фарабидің діни-философиялық мұрасы.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік мәні.
Диссертацияның берген қортындылары осы мәселені болашақты зерттеуге дінтану ғылыми саласындағы әл-Фараби мұрасының рухани-құндылықтары көптеген мәселелерді шешуге пайдалы, әрі магистрлік диссертация материалдары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарында философия, дінтану тәрізді студенттердің арнаулы курстарында, семинарларда қолдануға тиімді.
Зерттеудің тәсілі мен әдістемелік негіздері
Диссертациялық жұмыстың негізін түрік және отындық ғалымдардың еңбектеріндегі теориялық принциптер құрайды. Сонымен қатар, қазіргі кездегі рухани құндылықтардың даму жайлы жазылған еңбектер басылыққа алынды.
Тақырыпты зерттеу аясында А. Х. Қасымжанов, Ә. Н. Нысанбаев, К. Тажикова, Ғ. Құрманғалиеваның және тағы басқа ғалымдардың зерттеу еңбектері әдістемелік көмегін тигізді. Зерттеу барысында герменевтикалық және компаративистикалық тәсілдері ұтымды қолданысын тапты.
Магистрлік диссертацияның қысқаша мазмұны.
Бұл зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, негізгі мақсаты, нысаны, болжамы анықталып, оларға сәйкес зерттеу барысында шешілуге тиісті мәселелер белгіленеді, зерттеудің жаңалығы, теориялық құндылығы, тәжірбиеге енгізілуі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Зерттеудің «әл-Фараби дүниетанымындағы болмыс пен тәңір» атты тарауда негізінен әл-Фараби шығармаларының идеялық негіздері, әл-Фарабидің болмыс ілімі, тәңірі туралы көзқарасын қарастыру көзделген. Біз әл-Фарабидің ілімі мен еңбектерін не үшін зеріттеуді мақсат етіп отырмыз және олардың дүние танымын зарделеп, оны қазіргі заманауи ұғымда танытуға тырыстық. Себебі бұл біздің тарихымыз, өткеніміз және бүгініміз. Біз одан қол үзіп кете алмайтынымыз ақиқат. Адамзат әлемінде өз болмысы мен тәңірін таныта алмаған ұлт, ата-бабасының ізденістері мен еңбектеріне құрмет көрсетпеген ұлт болып табылады. Біз сол тұлғалар арқылы әлемге өз мәдениетіміз бен тарихи жетістіктерімізді таныта аламыз, тарихи-философиялық қалыптастыру тұрғысынан қаралатын зерттеулерге, көзқарастарға жан-жақты талдау жасалынып зерттеулер жүргізілді.
«әл-Фараби іліміндегі дін мен философия сабақтастығы» атты тарауда әл-Фарабидің философиясындағы ғылыми таным және сенім мәселесі, әл-Фараби калам мен фалсафа арақатынасы жайында тақырыптар кеңінен талқыланады. Оның философиялық-діни, гуманистік-этикалық қасиеттері, өмірде ислам уағыздарын ұстану жайында зерттеулер жүргізілген.
Қорытынды да, жалпы зерттеу барысында алынған нәтижелер мен ұйғарымдардың маңыздылары іріктіліп, жүйеленіп қысқаша тұжырымдамалар түрінде келтіріледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, кітап авторларының мазмұны беріледі.
Магистрлік диссертацияның құрылымы.
Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. ӘЛ-ФАРАБИ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ БОЛМЫС ПЕН ТӘҢІР
1. 1 Әл-Фараби шығармаларының идеялық негіздері
әл-Фарабидің өмірі жөнінен бізге жеткен мағлұматтар аңыз-шыны аралас болып келеді. Фарабидің толық аты-жөні Әбунасыр Мұхамед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарда «Арабтардың Бараба-Фараб деп атап кеткен» дүниеге келген. Осыдан барып ол Әбу Насыр Фараби яғни, Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Кейде оны жәй ғана «Тархани» деп те атайды. Кейбір деректерде қарағанда оның әкесі сол тұста көшпеліліктен отырықшылдыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басшысы болған. Сырдария өзені өз алқабының тарихында Мысыр үшін Ніл мен Месопатамия үшін Тигр мен Ефрат өзендері сияқты орын алған. Фараб кейініректе Отырар болып аталып жүрді, оның үйінділері Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының аймағында жатыр. Отырар жайлы Птоломей мен қытай деректерінің жылнамаларында мағлұматтар бар. ІХ-Х ғарсыр қазіргілердің айтуы бойынша бұл үлкен орталық болды, отырықшы халықпен көшпелі халықты байланыстыратын сол кездегі әлемдік сауда-саттықтағы керуен жолының тоғысқан жері еді. Сондай-ақ, Отырардың мәдени картасында белгілі ғалымдар, ақындар, ойшылдар сияқты саңлақтар отанынан олардың арасынан әлемге танымалы Әбу Насыр әл-Фараби. Ойшыл оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін одан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмар болған зерек Әбу Насыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, медецина мен мантықты хрестиан оқымыстысы Юханна Ибн Хайлана, ал жаратылыстану ғылымдарымен Грек тілін атақты аудармашы Әбу Барш Маттадан үйренеді. [1] ., 23-б.
әл-Фараби түркі, араб, парсы, грек, және т. б. тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 72 тіл білген деп те айтылдады. Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, орасан зор табыстарға жеткен ойшыл. Ол, әсіресе грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруге қолға алған. Бір аңыз бойынша ол Аристотелдің «Жан туралы» дейтін еңбегін 100 рет, «Табиғи гормониясын» 40 рет, «Риторикасын» 200 рет оқыған көрінеді.
Міне, осылай әл-Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, «дүние жүзінің ұстазы» деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта ілім алып, кейіннен Дамаскіде, содан кейін Алеппода «Сирия» әміршісі Сайф әд-Дауланың қарамағында болды. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылданған. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген күндіз қала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. [2] ., 23-б. Шығармаларымыздың кейбірі әл-Фарабидің Шамда шаһарында өмір сүруі үшін бір бақшаның қарауылы болғанын айтса да, бұл туралы болмауы мүмкін. Өйткені, Сейфу-д-Девле ал-Хамадани сияқты бір сұлтанның қарамағында болған және айтылғандай одан әр күн төрт дірхам айлық алған әл-Фараби сияқты ғалымның бұған мұқтаж еместігін көрсетеді.
Кейбір жазушылардың Фараби жайында осындай бір аңыз айтуларына себеп, айтылғанына қарағанда оның әсіресе Шамда сопы сияқты өмір сүруі және кітаптарын жазғанда шәкірттеріне фәлсафа дәстүрін бергенде су басында, ағаштардың астында отыруы да мүмкін.
Фараби қарапайым өмір сүрген, жұпыны киініп ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан. әл-Фараби көп дәріс алып, тіл білімі, философия, музыка, математика, астрономия т. б. заманының ғылымдарын үйренген. Фәлсафа ғылымында жетік және үлкен мәртебесі себебімен Аристотель біріншісі болып, өзіне Ислам әлемінде «Әль-Муаллиму-с-сани» екінші ұстаз деген мағынада латын әлемінде де лақабы берілген. [3] ., 103-б.
Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығармалары ғана келіп жетті. Ол шығармалар ежелден бері-ақ жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері толассыз. «Мұсылман ренессансы» деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларынан белгілі бір дәрежеде өз орнын алады.
әл-Фарабидің шығармашылығында антик замандағы дәстүрдің және «бірінші ұстаз» деп шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарихтың барысында қалдырған әсері неоплатонизмнің, несторионшылдықтың әсері мен исламның әсері Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді.
әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын әрдайым таңдап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ біз үшін ерекше болғаны оның Аристотель ілімінің формальдік жағын ғана емес, сонымен қатар диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі. Сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының ірге тасы болып табылатынын дәлелдейді.
әл-Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мұсылман ойшылы философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің «Категориялар», «Риторика», «Метафизика», «Герменевтика», «Поэтика» және тағы басқа еңбектеріне түсіндірмелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда үлкен атқарды.
Тұжырымдай келе, Фараби түрік сияқты өмір сүріп, түрік сияқты жүретін еді. Орта ғасырдағы әрбір Еуропалы ойшыл еңбегін, Еуропаның ортақ мәдени тілі болған латынша жазғаны секілді, әл-Фарабидің де шығармасы араб тілінде жазылады. Ислам дүниесіндегі діннің және мәдениеттің ортақ тілі болған арабша тілде жазылуы, оның ұлтына ешқандай кедергі болмайды.
әл-Фараби хижри 339 жылы Ражаб айында, милади 950 жылы желтоқсанның аяғында Дамаскіде қайтыс болған. Тарихшы ибн Халлаканың айтуынша, Дамаскінің «Баб ас- Сағир» (кіші дарбаза) мазарына қойылған көрінеді. Фарабидің өлімі Сейфуд - Дефлеге оңай тимеді. Осы сұлтан ғұлама философтың жаназа намазын қылдырғаны айтылуда. [3] ., 23-б.
әл-Фарабидің қаламынан туған туындылардың бірқатары жоғалып кеткен. Ғалымдар оның еңбектерінің есебін әлі толық анықтай алмай келеді. Тіпті, данышпан бабамыздың кейбір шығармалары өзге ғалымдардың есіміне телініп кеткені жөнінде де аракідік сөз болып жатады. Дегенмен, оның «Логикаға кіріспе», «Дәлел келтіру шарттары кітабы», «Аристотельдің шешендік өнеріне түсінік», «Өлең өнері қағидалары трактаты», «Домалақ және қарапайымдылық трактаты», «Сөз ғылымдарының классификациясы туралы», «Тұжырымдаманың негізгі мәні», «Екі философ-қасиетті Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы туралы», «Мәселенің маңыздылығы», «Түсініктеме және философия (даналық) », «Физика ғылымдарының негіздері», «Химия өндірісінің қажеттілігі», «Музыканың үлкен кітабы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактат», «Азаматтық саясат», «Бақыт жолын сілтеу», «Бақытқа жету жайында», «Платон заңдарының қысқаша мазмұндамасы» секілді еңбектері біздің ғасырымызға жетіп отыр. [5] ., 45-46б.
әл-Фараби әсіресе философия саласында логикадан музыкаға және саясаттан адамгершілікке бірнеше еңбек қалдырған. Сондай-ақ медецина және математика саласында да еңбектері бар. Негізгі басты еңбектері мыналар:
Ихса‘ил ‘Улум.
Китабул Ахлақ.
Китабул Жедел.
’Уйун ‘ул Маса‘ил.
Рисале фи-л Хуруф.
Рисале фи Мани-л Акл.
Ессиетул Медение.
Рисале Тахсилу-с-Саде.
Ел-Мединетул Фазыл.
Макале фил Хале.
Ет-Талихат.
Рисале фи Махиетун-Нефс.
Китабул Мусиқа ел-Кебир.
Рисале фи-л Хикме.
Фарабидің “Ихсаул Улум ”атты еңбегінде ілімдердің тақырыбы және қалай оған ие болу жөніндегі сыныптандырылуы көрсетілген. Бұл Фарабидің ең кең және мықты ілімдер сыныбы болып табылады. Олар мыналар:
А. Тіл білімі. (Граматика және лингвистика)
Муфрет сөздер ілімі.
Мүреккеп сөздер қағидаларының ілімі. Дұрыс жазу ілімі.
Дұрыс оқу ілімі.
Шиір ілімі (Поетика)
Б. Илмул Мантық (логика) . [6] ., 46-47б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz