Каир қаласы


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
1. Каир қаласының тарихы . . . 4
2. Қаланың мәдениет ошақтары . . . 6
Қорытынды . . . 9
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 11
Кіріспе
Ғасырлар бойы Мысыр әлемнің әр бөлігінен келген монархтар мен ақсүйектер үшін нағыз туристік Мекке болған. Миллиондаған саяхатшылар Мысырға келген. Олардың ішіндегі ең әйгілілері осында өздерінің мемлекет және Ніл туралы қызықты жолдамаларын қалдырған: математик Евклид, географ Страбон, жазушылар - Гюстав Флобер және Агата Кристи, Лоренс Дорелл және Форстер. Тіпті жаулап алушылар да бұл мемлекеттің сұлулығына төтеп бере алмаған. Ұлы Ескендір бұған Александрияны сыйлаған, археологтары Ежелгі Мысырды тапқан. Наполеон, жорығы кезінде өзінің әскеріне: «Солдаттар, осы пирамидалардан сендерге қырық ғасыр көз салып тұр» деп айтқан.
Европа және Америкада тас дәуірі кезеңінде, аңшылықпен адамдар тіршілік етіп жүргенде, Ежелгі Мысырлық инженерлер Ұлы Ніл бойымен ирригационды құрылыстар жүргізген, Ежелгі Мысыр математиктері Ұлы пирамидалардың негізінің квадраты мен иілу бұрышын есептеген, Ежелгі сәулетшілер ұлылығын уақыт та жеңе алмайтын ғажайып храмдар тұрғызған.
Қазіргі кезде Мысыр Араб Республиксы деп аталатын мемлекеттің жерінде, ежелде ең қуатты және құпия, ғасырлар және мыңжылдықтар бойы өз замандастарын магнит тәрізді тартқан өркениет пайда болды.
Жылдан-жылға Мысыр еліне саяхаттау кең таралуда. Жыл сайын әлемнің әр бұрышынан мұнда 5 млн. саяхатшылар келеді. Әлемнің еш бір нүктесінде жайлы курорттар мен осы заманға сай отельдердегі демалыс қызықты экскурсиялық бағдарламалар мен тиімді бағалармен дәл осындағыдай сәйкес келмеген.
1 . Каир қаласының тарихы
Африканың солтүстігіндегі мемлекет - Мысыр Араб Республикасының астанасы.
Каирдың территориясында болған қалалардың ең ежелгісі бұл - Пер Хапи ен Он. Ол қазіргі Каир Гелеополис ауданының орнында орнасласқан. Каирге жақын жерде Ежелгі Мысырлық мемлекеттің астанасы - Мемфис қаласы болған. Каирге таяу жерде, Гизада, Мысырлық перғауындардың жерленген жерлері, б. з. д. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған пирамидалар бар. Қазіргі Ескі Каир территориясында б. з. д. V ғасырда қала-қорған - Вавилон тұрған. Византиялық басшылық кезінде Вавилон Мысырдың әкімшілік орталығына, Шығыстағы христиан дінінің орталығына айналған. Б. з. д. 41 жылы арабтар Вавилонды жаулап алып, араб басшыларының резиденциясына айналдырды. Оны Ал-Фустат деп атады. Араб тілінен аударғанда «лагерь» мағынасын береді. Ал-Фустат бірнеше жүзжылдықтар бойы Мысырдың алғашқы мұсылмандық астанасы болып қала берді [Сурет 1] .
Каирдің өзіндік тарихы ливиялықтар Фустат қаласын басып алып, оның орнына Каир қаласын қалағаннан басталады. Аңыз бойынша бұл уақытта аспанда араб астрологтары Әл-Кахира (Жеңісті) деп атайтын Марс өте жарық болып көрініп тұрды. Сондықтан қалаға Әл-Кахира деген атау берілді.
Х ғасырдың аяғында-ақ Каир Шығыстың ең ірі қалаларының бірі болып саналды. 1046-1049 жылдары Мысырға келген парсылық саяхатшы Назири Хуфу сол кездегі Каирдың толық сипаттамасын қалдырды. Оның айтуы бойынша, Каир 20 мыңдай үйлері бар ірі қала болған. Үйлердің көбісі бес және алты қабатты болып келетін және де бір-бірінен скверлермен және бақтармен бөлініп тұратын. Үйлердің оюланған есіктері қызыл ағаштан болатын. Бірақ үй ішінде киім сақталатын сандықшалардан басқа зат болмайтын. Бай үйлерде ыдыс-аяқтар жиі мыстан жасалған. Барлық үйлер халиф иелігінде болып, ай сайын жалға алу пұлы жиналып отырған. Саяхатшы айтуы бойынша, Каирде 20 мыңнан астам зат сататын лашықтар. Ал тауарлар мен сатылатын жидектер мен көкөністер саны таңғаларлықтай көп болған.
Назири Хуфу күміс баспалдақтары бар алтын тақ тұрған халиф сарайын өте көркем суреттеген. Сарайға 12 мың құлдарды қосқанда 30 мың адам сиятын болған. Түнге қойылатын күзетшілер саны мыңға жуық болған.
1200-1300 жылдары Каир Шығысытың ең ірі мәдени және сауда орталығына айналды. 1300 жылдары оның тұрғындарының саны 1 миллион адамнан асты.
Француз елшісімен бірге Мысырға келген монах, Жан Тьено Каирді Парижден үш есе үлкен деп жазған. Тағы да басқа францискиандық монах Каирді теңдесі жоқ, 14 мыңға жуық мешіті, тар көшелері, 20 мыңнан астам сауда лашықтары және 500 мың көшеде су сататын сатушылары, ал Нілде Венеция мен Генуя кемелерін қосқандағы кемелері бар деп айтқан.
ХVІІІ ғасыр аяғынан европалық державалар арасында Мысыр үшін көптеген дау-дамайлар жүрген. 1798 жылы император Наполеон Александрия тұсында 30 мыңдық армиясын жинап, 21 шілде күні пирамидалар тұсында болған шайқаста жеңіп, Каирді жаулап алды. Бірақ ағылшын адмиралы Нельсонмен шақайста жеңіліс тапқан соң және Каирдағы көтерілісен кейін француздар елді, оның астанасын тонап өз елдеріне қайтты. Мысыр ұзақ уақытқа Англияның отары болып қалды. Тек 1922 жылы ғана ол патшалық аталып, ағылшындық протекторат жойылды. 1952 жылы 23 шілдеде «Тәуелсіз офицерлер» ұйымы Фарук патшаны тағынан құлатып, жаңа үкіметті қалыптастырды. Енді Каир перзиденті және парламенті бар республикаға айналған Мысыр астанасы [5] .
2. Қаланың мәдениет ошақтары
Каирды мыңдаған минареттер қаласы деп атайды. Қазіргі таңда мұнда 400 жұмыс істеп жатқан мешіті бар. Олар негізінен Ескі қалада орналасқан.
Ең көне мешіт бұл - 641 жылы Ал-Фустатта салынған Амбра ибн әл-Аса мешіті. Бұл мешіт бүкіл Африка континентінде салынған ең алғашқы мешіт. Оның ежелгі күмбездерін бірнеше қатар діңгектер тіреп тұрады. Солардың ішінде ең әйгілісі бар. Аңыз бойынша Амурға Меккеден Мұхаммед пайғамбардың өзі жіберген діңгек. Мәрмалы бетінен оны айнала қалған із бар. Аңыз бойынша бұл пайғамбардың діңгекті Фустатқа ұшқысы келмегені үшін қамшымен сабаған ізі дейді. Тек қамшымен ұрғаннан кейін бұл діңгек бағынып, бағыттаған жаққа ұшқан.
Қаланың басты мешіттері бұл Тулуна (ІХ ғ), Әл-Азхар (Х ғ) және Әл-Хәкім (ХІ ғ) . Сол заманда бұл мешіттер намаз уақытында Каирдің бүкіл мұсылмандарын сидыратын. Әл-Азхар мешіті өзінің Арабтық Шығыстың тарихы мен мәдениетін зерттеу үшін өте құнды болып есептелетін 60 мыға жуық кітаптар мен 15 мыңдай қолжазбалары сақтаған кітапханасымен әйгілі [Сурет 2] .
Каирдің тарихи ескерткіштерінің бірі бұл - Моккатам тауларында орналасқан - Цитадель. Мұны 1176 жылы Салах ад-Дин сұлтаны салған. Цитадельде орталық орныда Мұхаммед Али мешіті орналасқан. Цитадельдің тағы бір көрнекілігі бұл қазіргі уақытта мұражайға айналған - патшалар сарайы [3] .
Цитадельге жақын жерде «өлілер қаласы» - некрополь, мұсылман зираттары орналасқан. Мұнда зираттардың көптеген аллеялары және көшелері бар.
Ескі Каирдің сауда орталығы болып Хан-әл-Халили (Алтын Базар) саналады. Мысырлықтар бұны Шығыстағы ең ежелгі және әйгілі базары деп айтады. Ол туралы бірінші мәліметтер 1292 жылы жазылған. Алтын базар көптеген жүзжылдықтар бойы өзінің шығыс ортағасырлық бейнесін сақтап қалған. Мұнда алтын бұйымдардың түрлері, мыс ыдыстардың түр-түрі, кілемдер, піл сүйегінен, ағаштан, теріден жасалған заттар және т. б. заттар сатылады. Хан-әл-Халили Каирдан тыс жерлерде де әйгілі. Ол ежелгі сауда көшесі - Мускида орналасқан.
Каирдің барлық жерлерінде ескі үйлер кездеседі. Бірақ Хан-әл-Халили базары және Әл-Азхар мешіті тұсында олар өте көп шоғырланған. Тар көшерелде оюлы балкондары, терезелері түрлі түсті шынымен өрнектелген үйлер салынған. Аулаларында фонтандары бар.
Каир орталығында, Әл-Тахрир алаңында, әйгілі Мысырлық мұражай орналасқан. Мұнда әлемдегі ешқандай мұражайда кездеспейтін экспонаттар көрсетілген. Мұнда мүсіндерді, саркофагтарды, рельефтерді, Мысырлық перғауындар мумияларын қосқанда 100 мыңға жуық экспонаттар бар.
Каирдың қазіргі заманғы орталығы болып - Әл-Тахир алаңы саналады. Мұнда 14 қабатты ғимаратта үкіметтік мекемелер орналасқан. Әл-Тахир алаңынан Каирдың магистралі - Сүлеймен паша көшесі басталады. Мұның бойына көптеген жабық балконды керемет үйлер, ірі дүкендер және мейрамханалар мен кинотеатрлар салынған.
Әл-Тахир алаңынан фешенебельді көше Каср ан-Ниль Аль-Эзбекийаның солтүстігіне апарады. Сквер маңында 1869 жылы Суэц каналының құрылысының аяқталуы қарсаңында ашылған Опера театры бар. Опера театрының алдындағы Ибрахим-пашаның қола мүсінінен Әл-Гумхурийа алаңына тірелетін Әл-Гумхурийа көшесі созылады. Алаңда соңғы Мысырлық патша Фаруктың резиденциясы болған Абдиндік сарай орналасқан. Қазір оның бір қанаты әскер, ал екіншісі азаматтық мұражайларға берілген. Вокзал алдындағы алаңда Рамсес ІІ көшесінде перғауынның мүсіні орнатылған.
Әл-Тахир алаңының маңында, Ніл жағалауында каирлық фешенебелді отельдері «Шеферд», «Семирамис», «Хилтон-Нил» орналасқан. Ніл жағажайы өте көркем және оның бойында 20 шақырымға Жаңа бульвар созылып жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz