Қазақстан Республикасындағы инфляция саясаты


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І бөлім Инфляцияның теориялық негіздері . . . 5
- Инфляция түсінігі және оның пайда болу себептері . . . 5
- Сұраныс және ұсыныс инфляциясы . . . 13
- Инфляцияның дамуы . . . 17
ІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы жүргізілетін
саясат . . . 23
- Қазақстан Республикасындағы инфляцияның мәні және әлеуметтік зардаптары . . . 23
- Инфляцияның Қазақстан Республикасындағы ерекшелігі . . . 24
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясаты мен инфляцияға қарсы күресте қолданылатын әдістер . . . 25
Қосымша . . . 27
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Инфляцияның мазмұнын әр автор әр түрлі жазып жүр. Мысалы, “Ақша, несие, банктер” деген, 2003 жылы, Мәскеуден шыққан көлемді уқулықта (орыс тілінде), : “инфляция, бағаның жоғарлағанын, тауардың жетіспеушілігінен және тауар мен көрсетілген қызметтің сапасыздығынан шыққан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіншілігінің төмендеуі болып көрінеді” делінген.
Бұл анықтаманың басты кемшілігі, айналымдағы ақша белгілерінің аса көбейіп кетуінің инфляцияға тигізетін әсері көрінбейді.
2004 жылы, Алматыда шыққан “Толық экономикалық орысша-қазақша сөздікте” инфляция былай сипатталады: “Ақшалай табыстың тауарлар мен көрсетілетін қызметтерден асып түсуі” (223 бет) .
Мұндай анықтамадан байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуінде сияқты. Соның салдарынан айналымда ақша көбейіп кетеді деген ой туады. Бірақ, бұл да теріс түсінік. Әңгіме табыста емес. Ол өскен жоқ, ал тауар мен қызмет жетпегендіктен, олардың сапалары төмен болғандықтан, ұсыным азайып, сұраным көбейгеннен кейін, айналымда ақша көбейген сияқты болып көрінеді.
Осының бәрін еске алып, инфляция дегенді былай анықтаған жөн дейміз:
“Айналым арналарының, артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің, тауар мен қызметтердің жетіспеушілігінің және олардың сапасыздығының салдарынан, ақшаның құнсыздануы, тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі, сөйтіп халықтың нақты табысының төмендетілуі”.
Инфляция тек қағаз ақшағаға ғана тән және ол экономиканың кез келген үлгісінде де орын алады. Көбінесе, инфляция айналымдағы ақшаның көбейюімен бейнеленеді. Бірақ, кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны бірқалыпта қалған күнде де туады. Мысалы, егер елде тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен тікелей байланысты тауар айналымының да көлемі азайяды. Сөйтіп, дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі артық болып шығуы мүмкін. Тап осындай жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де туады. Ақша айналымын жеделдету, басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға қосымша ақша шығарғанмен бірдей.
Сонымен, инфляциялық ахуал көптеген себептердің әсерінен тууы мүмкін. Осы себептерді екі топқа бөлуге болады:
- Ақша айналымымен тікелей байланысты себептер:айналымға, бюджеттің тапшылығын жабу үшін, тауарлық ресурстармен қамтамассыз етілмеген тым көп қолма-қол ақша шығару; айналымға қолма-қол ақша шығарумен байланысты, шаруашылыққа шамадан тыс көп несие беру; ұлттық валютаның бағамын бір деңгейде ұстау үшін Ұлттық Банктің, басқа елдердің, еркін айырбасталымды валюталарын сатып алу немесе сатуын (валюта басқыншылығы) .
- Ақша айналымы мен жанама байланысты себептер:шаруашылықтың үйлесімді өркендеуінің бұзылуы; шаруашылықтың шығынды тетігі; салық саясаты; бағалы саясат; мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі.
Шаруашылықтың шығынды тетігі бюджеттің тапшылығына әкеліп соғады, ал бұл тапшылық, айлымға тауармен қамтамассыз етілмеген эмиссия шығарумен жабылады. Айналымдағы ақшаның жалпы саны көбейеді. Сөйтіп ақша құнсыздана бастайды.
Шектен тыс салық та өндіріс пен тауар айналымының өсуін ынтымақтандырмайды, керісінше, инвестициялық белсенділік төмендейді, соның салдарынан, өндіріс көлемі де, тауар айналымы да азайып, айналымда артық ақша пайда болады.
Баға саясатын жүргізудің екі жолы бар: біріншісі - бағаның өсуіне жол бермей, бір деңгейде ұстап отыру (бұрыңғы әкімшілік тарату жүйесінде ұсталынған саясат), екіншіден - бағаны қоя беріп, оның өсуіне кедергі жасамау(Қазіргі нарықтық саясат) . Өйткені, инфляцияны толығымен жоюға болмайды. Сондықтан, шама келгенше, инфляциялық ахуалдың бақылаудан шығып кетпеуін, оның шексіз өсіп кетпеуін қадағалау керек.
Қазіргі таңда еліміздегі инфляция жағдайы өзекті мәселенің бірі болып отыр. Өйткені, инфляция егер қарқынды өссе, еліміздің экономикасына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. КCРО халық шаруашылығындағы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге тән, ал социолизм жағдайында, жалпы экономика тұсында, бұл болуға тиіс емес деген фактілер оған себеп болады.
Менің қарастырып отырған курстық жұмысымның тақырыбы “Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты” жайында. Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім және қорынтындыдан тұрады. І бөлімде Инфляцияның теориялық негідері қарастырылады, оның ішінде инфляция түсінігі және оның пайда болу себептері, сұраныс және ұсыныс инфляциясы және инфляцияның дамуы жайында талқыланады. ІІ бөлімде Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы жүргізілетін саясаты, оның ішінде инфляцияның Қазақстан Республикасындағы ерекшелігі, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның мәні және әлеуметтік зардаптары көрсетіледі. Сонымен бірге, ІІІ бөлімде Қазақстан Республикасындағы инфляцияға қарсы саясат пен инфляцияға қарсы күресте қолданылатын әдістер.
І бөлім Инфляцияның теориялық негіздері
1. 1. Инфляция түсінігі және оның пайда болу себептері
Экономикалық баланс сияқты инфляция да өте ұзақ уқыт бойы қалыптасып келеді. Оны кейбіреулер функционалдық ақшаның пайда болуымен бірге қалыптасқан дейді.
Инфляция термині латын сөзінің inflation - қампию дегенді білдіреді. Ол алғаш рет Америкада 1861 -1865 жылдары азамат соғысы кезінен бастап қолданыла бастады және қағаз ақша қатынасының көбею процесін белгіледі. ХІХ ғасырда бұл термин тағы да Ұлы Британияда және Францияда пайда болды. ХХ ғасырдың І дүниежүзілік соғыстан кейін инфляция түсінігі оқулықтарда кеңінен тарады, ал Кеңес Одағының оқулықтарында 20-шы жылдардың ортасынан бастап тарады. Жалпы, инфляция - тұтыну тауарларының үстінен айналымдағы ақша массасының көбеюі. Ол ақша бірлігінің құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің санын көтеруге алып келеді.
Бірақ, инфляцияның анықтамасын, ақша айналымындағы каналдарды құнсыз қағаз ақшалармен толды деп айтуға болмайды.
Инфляция тауар бағасының көтерілгенінде, таза ақша феноменінде ғана байқалмайды.
Бұл күрделі әлеуметтік болмыс. Ол әртүлі шаруашылық нарықтық сфераларды өндірудегі диспропорционалдымен жояды. Көптеген мемлекеттерде қазіргі экономикалық даму кезінде инфляция үлкен өзекті проблема болып отыр.
Инфляция нәтижесінде мемлекет, үкімет, қаржы нарығы, әсіресе халық зиян шегеді. Инфляция кезінде:
- Алтынға қатысты ақшаның құнсыздануы;
- Тауарға қатысты ақшаның құнсыздануы;
- Шетел валютасына қатысты ақшаның құнсыздануы болады.
Инфляция - бұл мемлекеттегі жалпы бағаның көтерілуі. Ол сұранысқа байланысты көпшілік нарықтағы ұзақ теңсіздік нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, инфляция - бұл жиынтық сұраныс пен ұсыныстың арасындағы дисбаланс.
Ақша саласы жағдайына байланыссыз тауар бағасының көтерілуі өндірістік динамиканың еңбек өзгерістерінің нәтижесінен, өндіріс сұлбасындағы (схеиасындағы) құрылымдық қозғалыс нәтижесінен, нарықтың монополизациялануынан, экономиканы мемлекеттік реттеуінің, жаңа салық мөлшерлемелерінің енгізілуінен, ақша бірлігінің девальвация және ревальвациясы нарықтағы коньюнктураның өзгеруінен, сыртқы экономикалық байланыс әсері, төтенше жағдайлардың болуы әсерінен және тағы да сол сияқты себептерден болуы мүмкін. Сонымен қатар, бағаның көтерілуі, көптеген себептерден болады.
Инфляциялық бағаның көтерілуіне:
- Диспропорционалдық немесе мемлекеттік шығындар мен кірістердің балансталғандығы, яғни мемлекеттік бюджеттің дефициттігінде.
- Бағаның инфляциялық көтерілуі мынадай болады: егер, анологиялық әдіспен инвестицияны қаржыландырса, әсіресе экономиканың милитаризациясымен байланысты инвестиция өте қауіпті болып табылады.
- Жалпы баға қарқынының көтерілуі әртүрлі қазіргі ХХ ғасырдағы нарықтың құрылымының өзгеруімен байланыстырылады. Нарықта көп өндірушілер қызмет етсе өнім бір түрлі мінздеме береді, капиталдардың құйылуы қиынсыз және бұл құрылым жаңа бәсеке көрінісін жояды. Ал, олигополист (жетілмеген бәсеке) белгілі дәрежеде бағаға ықпал етеді, оны басқарады.
- Осы және басқа да мемлекеттік экономика өсімінің ашықтылығы импорттық инфляцияның қауіпсіздігі ұлғаяды. Валюталық курстың өзгеріссізгі шарттарынан, мемлекет әрқашан әкелінген тауарларға бағаның көтерілуінің ықпалын сезеді. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіншілігі өте күрделі.
- Инфляциялық күту нәтижесінде, инфляция өзін-өзі ұстау мінезін (қабілетін) қалыптастырады. Көпшілік батыс мемлекеттерінің ғалымдары антиинфляциялық саясаттың негізгі жұмысы өндірудің инфляциялық күтімдерден өткізуін негізгі факторлар ретінде қарастырады.
- Ақшаны көп мөлшерде шығару нәтижесінде айналым салаларындағы қағаз ақша мөлшері көбейіп, нәтижесінде инфляцияны шақырады.
- Инфляциялық процесті тағы болса, жұмыссыздықтың жоғары көрсеткіші алып келеді, өйткені тауарды өндіру көлемі төмендеп, тауармен ақша массасы көбейеді.
Баға саясатын жүргізудің екі жолы бар: біріншісі - бағаның өсуіне жол бермей, бір деңгейде ұстап отыру(бұрыңғы әкімшілік тарату жүйесінде ұсталынған саясат), екіншіден - бағаны қоя беріп, оның өсуіне кедергі жасамау(Қазіргі нарықтық саясат) . Өйткені, инфляцияны толығымен жоюға болмайды. Сондықтан, шама келгенше, инфляциялық ахуалдың бақылаудан шығып кетпеуін, оның шексіз өсіп кетпеуін қадағалау керек.
Баға саясатының инфляция процессіне тигізетін әсерін төмендегі кестеден көруге болады.
Бағаны бұрыңғы деңгейде
ұстау әрекеті
Тауардың және қызметтің
бағасын жоғарлату
Халықтың әл-аухатын бір
деңгейде ұстау
Өндірістік шығынның
азайтылуы
Өндірістің дамуының
тоқтауы, техникалық деңгейінің төмендеуі
Өндіріс шығынының
көбеюі, тауардың
өзіндік құнының
өсуі.
Тауардың жеткіліксіздігінің
пайда болуы
Тауарды қымбатқа
сататын “көлеңкелі базардың” пайда болуы
Бағаның қайтадан
жоғарлатылуы
Халықтың әл-ахуалының
нашарлауы
Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің инфляциямен байланысына келсек, ол мынадай. Егер, тауар өндірушілер, басқа елдерден шикі затты немесе өндірістік жабдықтарды жоғары бағамен сатып алса, өндірістің шығыны көбейеді, тауардың өзіндік құны өседі. Мұндай жағдайда тауар өндірушілер пайданың көлемін азайту үшін өнімнің бағасын өсіруге тырысады. Сөйтіп баға өседі. Инфляция күшейе түседі.
Елдің ішкі саяси жағдайының тұрақсыздығы да инфляциялық ахуал туғызады. Өйткені, кез келген митингілер, ереуілдер, басқа да бас көтерушіліктер, осыдан шығатын барлық зардаптарымен өнімнің көлемін азайтады.
Елдің ішінде, ұлттық ақшамен қатар басқа да ел ақшасының (валютасының) қолданылуы да инфляцияның қозғаушы күші болып табылады. Басқа елдің ақшасы (мысалы, доллар) еркін айырбасталатын болған соң, ұлттық ақшаны айналымнан ығыстырып, оны құнсыздандырады.
Әрбір қоғаушы күштің әсеріне байланысты инфляция - сұраным инфляциясы және шығын инфляциясы болып екіге бөлінеді.
Халықаралық тәжірибеде бағаның өсуіне байланысты инфляцияны былайша бөлу қажет:
- Сырғыма - егер, бағаның орташа жылдық өсімі 5-10%-дан аспаса.
- Үшкір инфляция - егер, бағаның орташа жылдық өсімі 10-50%-ға дейін (кейде 100% дейін)
- Гиперинфляция - орташа жылдық өсімі 100% - дан асса. Гиперинфляцияға қазір бағаның айына 50% -дан өскенін қалайды. Дамыған елдер сырғыма инфляциямен сипатталады, яғни, жылдан жылға аз мөлшердегі құнсыздану.
Инфляция - бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын - күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат түсетінін біледі Бұл, өз кезегінде өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді. Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар деңгейі бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып - сату (спекуляция) түрі тез қамтиды. /2, 287б. /
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға қарсы жедел және жүйелі іс - шаралар бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет болады.
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе - тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция - бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция - бұл рыноктардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның өсуі - тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес. Инфляция - елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі. /2, 288б. /
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын ескере отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе - теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің несиесі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады, сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.
Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру, жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық банктің несие беруімен жүргізілетін болса, онда бұл да инфляцияның себебіне айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі нарық - көбіне олигополия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны өзі белгілей алады. Фирма - олигополия бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың «ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді.
Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде, көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады. /10, 110б. /
«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселен мынада: адамдар біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі.
Қорыта келе, инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы (құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары Батыс елдерінде инфляцияның негізгі себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға - еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болды.
Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналды. Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның баяу түрін өндірістің дамуына қосымша онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады. Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына 20% - 200%-ке дейін өсу түрі) - экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады. Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бірқалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі. /14, 105б. /
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz