Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І.тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы
1.1 Фразеологизмдердің түрлері және тұрақты тіркестердің басқа
тілдік тұлғалардан айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Фразеологизмдердің белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Фразеологизмдер және олардың зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ.тарау. Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару мәселесі.
2.1. Аударма тарихы және теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Фразеологизмдерді аудару мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қызметі және
оларды аударудың жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер, сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және практикалық жағынан да өз негізі бар.
Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең сипатын танытатын алғашқы көркем қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл – бір. Екіншіден, XX ғасыр басындағы қазақ прозасы тілі әр түрлі себептермен толыққанды зерттелмей келеді. Бұның үстіне осы кезең қазақ жазушылары шығармаларының аттары аталмай келгендері де болды. Шындығында, әдеби тілдің ілгері дамуына азды-көпті үлес қосқан ірілі-ұсақты кез келген қаламгердің аты аталып, шығармалары тілі жағынан да ғылыми айналымға енуі тиіс деген филологиядағы пікірлерді (профессор Б.Кенжебаев) ескеріп, алға тартар болсақ, зерттеу нысанының өзектілігі де осыдан анық көрінетіні сөзсіз.
Тілдегі фразеологизмдер – тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып, қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады. Шын мәніндегі ағылшын көркем әдебиетінің ұлы тұлғалары ретінде танылып, Шекспирмен негіздеген жазба әдеби тіл дәстүрін әрі қарай жалғастырған ағылшын жазушылары осы тіл қазынасын мәнді материал, көркем құрал етіп, әдеби тілдің көркемдік дамуын ілгерілетті.
Көркем шығарма тілінің фразеологиялық қорын зерттеу – бір жағынан жалпыхалықтық тілдің кезеңдік ерекшелігін терең білуге себептессе, екінші жағынан, әр суреткердің тіл шеберлігін жан-жақты ашып, оның әдеби тілімізді дамытудағы рөлін анықтаудың бірден бір жолы болып табылады. Себебі фразеологизмдер көркем әдебиет (проза) қажетін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын ақтайтын ең бір күшті тілдік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби тіл дамуы кезеңдерінің көркемдік сипатын танытуда қомақты материалды «тілдің әдебилік сипаттарының біреуі» – фразеологизмдер береді.
Көркем шығарма тілін біршама терең зерттеген орыс ғалымы А.И.Ефимов әдеби тілдің негізі жалпыхалықтық екенін және сөз шеберлері сұрыптаған, байытқан тіл екенін айтады. Көркем әдебиет тілі, жеке жазушылар тілі – әдеби тілдің сипатын толығырақ көрсететін элемент және әдеби тілдің өзге стильдеріне қарағанда, жалпыхалықтық тіл нормасына көркем әдебиет тілі жақын тұр, яғни әдеби тілдің жалпыхалықтық сипаты көркем әдебиет тілінен көбірек сезіледі.
Көркем шығармада (прозада) тілдің сөз байлығы мейлінше мол жұмсалып, әр алуан ой мен сезімді білдіретін тілдік мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану орын алады. Яғни мұнда көркем тіл үшін икемділігі мол фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер жинақталады. Жазушы осы қазынаны пайдаланып, соның үлгісінде жаңаларын жасайды. Осы арқылы өз кезегіңде әдеби тілдің дамуын жетілдіре, толықтыра түседі.
Қолданылған әдебиеттер:

1. Боранбаева Г.С. ХV-XVІІІ ғ. Қазақ поэзиясы тіліндегі фразеологизмдер. Филол. ғылым. канд. дис. –Алматы, 1994. -169 б.
2. Боранбаева Г.С. ХV-XVІІІ ғ. Қазақ поэзиясы тіліндегі фразеологизмдер. Филол. ғылым. канд. дис. –Алматы, 1994. -169 б.
3. Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтакиссі. Алматы, Рауан. 1991.-176 б.
4. Кунин А.В. Английская фразеология. Москва. 1970.
5. Лингвистический энциклопедический словарь. 560-б.
6. В.В.Виноградов. Основные понятия русской фразеологии как лингвистической дисциплины. 1946.
7. В.Н.Телия. Что такое фразеология? Москва. 1966.
8. М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилситикасы. Алматы, 1966.
9. «Халық мұғалімі», 1946, №1-2.
10. Ф. Буслаев. Исторические очерки народной словесности и искусства, т. I-II. стр. 131.
11. И. И. Срезневский. Замечания об образовании слов из выражений// «Изв. ОРЯС», 1873, т. X, стр. 68.
12. Ф. Ф. Фортунатов. Сравнительное языкознание. Избранные труды, т. I. М., 1956, стр. 173-174.
13. А. А. Шахматов. Синтаксис русского языка. Л., 1941.
14. А. А. Потебня. Из лекции по теории словесности. Басня. Пословица. Поговорка. Харьков, 1894, стр. 103.
15. Ш. Балли. Общая лингвистика и вопросы французского языка. М, 1955, стр. 29.
16. «Современный русский литературный язык» (Программы задания для заочных пединститутов), вып. 24, 1933, стр. 12-16).
17. «Русский язык в советской школе», 1929, № 6.
18. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). Алматы, 1962.
19. К.Аханов. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1965.
20. М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилситикасы. Алматы, 1966.
21. М. Қаратаев. Туған әдебиет туралы ойлар. Алматы, 1958.
22. Айтбаев Ө.А. Аудармадағы фразеологиялық құбылыс. - Алматы: Ғылым, 1975, -227 б.
23. Акаева М.А. Субстантивированные слова в составе фразеосочетаний казахского языка // Тезисы республиканской научно-практической конференции «Актуальные проблемы преподавания казахского языка и литературы в вузах республики с русским языком обучения, -Кзыл-Орда, 1990. - 145 с.
24. Аронов Қ.Ғ. Қазақ тіліндегі халықтық космонимдердің этнолингвистикалық табиғаты: Филол. ғылым. канд. дис. - Алматы, 1992. - 196 б.
25. Ахметжанова Ф.Р. Фразеологические типы «относительное прилагательное плюс существительное» в казахском языке. Дис. канд. филол. наук. - Алма-Ата, 1988. - 220 с.
26. Ахметжанова Ф.Р., Кудрявцева В.А. Слово в системе словарей русского и казахского языков. - Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1996. - 126 с.
27. Ахметжанова Ф.Р., Кудрявцева В.А. Фразеологические словари в системе лингвистической подготовки будущего словесника // Русский язык и литература в казахской школе. -1998. - № 1. -с. 47-52.
28. Ахметжанова Ф.Р. Определительные фразеосочетания казахского языка: Монография. -Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1998. - 212 с.
29. Ахметжанова Ф.Р., Ережепова С.К. Моделирование коммуникативных ситуаций при обучении казахскому языку как второму: Учебное пособие. -Усть-Каменогорск: Изд-во ВГИ. -1999. -36 с.

30. Ахметжанова Ф.Р., Қайырбаева Қ.Т. Тұрақты сөз тіркестері құрамындағы түр-түс атаулары // Қазақстан-2030: региональные проблемы научно-технического прогресса. -Устъ-Каменогорск: Изд-во ВКТУ, 1998.
31. Ахметжанова Ф.Р., Қайырбаева Қ.Т. «Ақ» сөзіне байланысты тұрақты сөз тіркестері // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 1998. - № 7-8. - Б. 44-47.
32. Әбіласан Ә. Көне сөздер құпиясы. - Алматы: Ана тілі, 1998. - 112 б.
33. Балақаев М.Б. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. - Алматы: Ғылым, 1984. - 184 б.
34. Балақаев М.Б., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы. -Алматы: Мектеп, 1971. -334 б.
35. Барашков В.Ф. Знакомые с детства названия. -Москва: Просвещение, 1982. - 110 с.
36. Бекбулатова С.А. Цветовой эпитет, его виды и стилистические функции // Актуальные проблемы преподавания казахского языка и литературы в вузах республики с русским языком обучения: Тез. докл. республиканской научно-практической конференции. -Кзыл-Орда, 1990. - 145 с.
37. Боранбаева Г.С. ХҮ-ХҮІІІ ғ. Қазақ поэзиясы тіліндегі фразеологизмдер. Филол. ғылым. канд. дис. - Алматы, 1994. -169 б.
38. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. - Алматы: Санат, 1997. - 256 б.
39. Гафуров А. Имя и история. - Москва: Наука, 1987. - 221 с.
40. Дүйсенов М. Ғасырлар сыры. - Алматы: Жалын, 1988. - 228 б.
41. Дәуренбеков Ж., Тұрсынов Е. Қазақ бақсы-балгерлері. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 224 б.
42. Жарқынбекова Ш.К. Цветообразующие прилагательные как объект художественного перевода (на материале произведений И.С.Тургенева); Дис. канд. филол. наук. - Алматы, 1994. – 192 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

І-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің
басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы
1.1 Фразеологизмдердің түрлері және тұрақты тіркестердің басқа
тілдік тұлғалардан
айырмашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..
1.2 Фразеологизмдердің
белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..
1.3 Фразеологизмдер және олардың
зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ-тарау. Көркем әдебиеттердегі фразеологизмдердің ролі және оларды аудару
мәселесі.
2.1. Аударма тарихы және теориялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
2.2 Фразеологизмдерді аудару
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Фразеологизмдердің көркем шығармалардағы қызметі және
оларды аударудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
Кіріспе
Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі
тарихи бел-белестер, ұлы өзгерістер, сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы
жетеді. Ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші – көркем әдебиеттің де шынайы
болмысы, шеберлігі оның тілі арқылы көрінеді. Ал осы тілдің бейнелілігін,
байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігі – фразеологизмдер
болғандықтан, әлем жұртшылығы XXI ғасырдың табалдырығын аттаған бүгінгі
таңда әдеби тілдің фразеологиялық қорын зерттеудің теориялық және
практикалық жағынан да өз негізі бар.
Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек
те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры
мен құрамы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген емес. Яғни біздің бұл
тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең
сипатын танытатын алғашқы көркем қазақ прозасы тіліндегі фразеологизмдер
ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл – бір. Екіншіден, XX ғасыр
басындағы қазақ прозасы тілі әр түрлі себептермен толыққанды зерттелмей
келеді. Бұның үстіне осы кезең қазақ жазушылары шығармаларының аттары
аталмай келгендері де болды. Шындығында, әдеби тілдің ілгері дамуына азды-
көпті үлес қосқан ірілі-ұсақты кез келген қаламгердің аты аталып,
шығармалары тілі жағынан да ғылыми айналымға енуі тиіс деген филологиядағы
пікірлерді (профессор Б.Кенжебаев) ескеріп, алға тартар болсақ, зерттеу
нысанының өзектілігі де осыдан анық көрінетіні сөзсіз.
Тілдегі фразеологизмдер – тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік
қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып,
қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын
тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің
фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына
үлесін қосып отырады. Шын мәніндегі ағылшын көркем әдебиетінің ұлы
тұлғалары ретінде танылып, Шекспирмен негіздеген жазба әдеби тіл дәстүрін
әрі қарай жалғастырған ағылшын жазушылары осы тіл қазынасын мәнді материал,
көркем құрал етіп, әдеби тілдің көркемдік дамуын ілгерілетті.
Көркем шығарма тілінің фразеологиялық қорын зерттеу – бір жағынан
жалпыхалықтық тілдің кезеңдік ерекшелігін терең білуге себептессе, екінші
жағынан, әр суреткердің тіл шеберлігін жан-жақты ашып, оның әдеби тілімізді
дамытудағы рөлін анықтаудың бірден бір жолы болып табылады. Себебі
фразеологизмдер көркем әдебиет (проза) қажетін өтеуде халықтың эстетикалық
талғамын ақтайтын ең бір күшті тілдік құрал болып келеді. Сондықтан әдеби
тіл дамуы кезеңдерінің көркемдік сипатын танытуда қомақты материалды
тілдің әдебилік сипаттарының біреуі – фразеологизмдер береді.
Көркем шығарма тілін біршама терең зерттеген орыс ғалымы А.И.Ефимов
әдеби тілдің негізі жалпыхалықтық екенін және сөз шеберлері сұрыптаған,
байытқан тіл екенін айтады. Көркем әдебиет тілі, жеке жазушылар тілі –
әдеби тілдің сипатын толығырақ көрсететін элемент және әдеби тілдің өзге
стильдеріне қарағанда, жалпыхалықтық тіл нормасына көркем әдебиет тілі
жақын тұр, яғни әдеби тілдің жалпыхалықтық сипаты көркем әдебиет тілінен
көбірек сезіледі.
Көркем шығармада (прозада) тілдің сөз байлығы мейлінше мол жұмсалып, әр
алуан ой мен сезімді білдіретін тілдік мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану
орын алады. Яғни мұнда көркем тіл үшін икемділігі мол фразеологизмдер мен
мақал-мәтелдер жинақталады. Жазушы осы қазынаны пайдаланып, соның үлгісінде
жаңаларын жасайды. Осы арқылы өз кезегіңде әдеби тілдің дамуын жетілдіре,
толықтыра түседі.
І-тарау. Фразеологизмдердің түрлері, белгілері және тұрақты тіркестердің
басқа тілдік тұлғалардан айырмашылығы
1.1 Фразеологизмдердің түрлері және тұрақты тіркестердің басқа тілдік
тұлғалардан айырмашылығы
Фразеологизм – тілдің сөздік қорының айшықты да, мәнерлі де, бай
саласының бірі. Бұлар өзінің бейнелілік, әсерлілік, экспрессивті-эмоциялық,
суреттеме қасиетімен көзге түседі. Осындай көркем, пәрменді, бояуы қанық
алуан түрлі тұрақты тіркестерді халық орынды пайдаланып, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп келеді.
Фразеологизмдер – жазу, сөйлеу тілінің ажарын кіргізіп, құдіретін
артгыра түсетін, көңілдегі көрікті ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік бояу-
нақышымен жеткізетін, көркем сөз қазынасында қорланып, қолдануға дайын
тұратын, қалыптасқан сөз тіркестері.
Фразеологизмдер – тіл қазынасының байырғы да құнарлы қабатына, көркем
сөз қорының сүбелі саласына жататын сыры мол, мазмұны терең, қолданыс аясы
кең құбылыс. Мысалы: suit the action to the word – сөзді іспен дәлелдеу,
beat it on the hoof – қара жаяу, жаяу жүру, to eat one’s words – өз сөзін
қайтып алу, to make advances – келісімге бару, to take advantage – алдау,
пайдалану, to win smb’s affection – біреудің көңілінен шығу, біреудің
көңілін табу, to be afraid of one’s shadow – барлық нәрседен қорқу, өз
көлеңкесінен қорқу, after – ақыр соңында, to turnd deaf ear – көңіл бөлмеу,
pi jdw – насихат, in a jiffy – бір сәтте.
Фразеологизмдердің тіл білімінен ерекше орын алып, көптеген ғылыми
зерттеулердің объектісі болуының себебі, біріншіден, олардың сан жағынан
көптігі, екіншіден, тілдегі қолданыс аясының кеңдігі, үшіншіден, мазмұн-
тақырып жағынан ауқымдылығы және, төртіншіден, тіл практикасында жиі
кездесуі. Фразеологизмдер сонымен қатар барша рухани өмірдің байлығын жан-
жақты сипаттауда да ерекше қызмет атқарады.
Фразеология деген термин тіл білімінде екі түрлі мағынада –
біріншіден, тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін ғылым деген мағынада,
екіншіден, белгілі бір тілдегі тұрақты сөз тіркестерінің жиынтығы деген
мағынада қолданылады.
Фразеологизмдер – тарихи категория. Олар ұзақ тілдік қолданыстан кейін
ғана тұрақтылыққа ие болады. Фразеологизмдерді басқа тілдік бірліктерден
ажыратудың айырма-белгілері деп зерттеушілер мынадай үш негізге сүйенеді:
1) мағына тұтастығы (белгілі бір фразеологиялық единицаның ішіндегі
сөздер бастапқы мағынасынан түгел немесе ішінара жартылай айырылып қалады
да шоғыр тіркес тек біртұтас мағына береді);
2) тіркес тиянақтылығы (белгілі фразеологиялық единицаның ішіндегі
сөздер бір-бірімен жымдаса байланысады, олардың орын тәртібі нық келеді,
барлық жағдайларда дерлік бір шоқ тіркес өз қалпын сақтайды);
3) қолдану тиянақтылығы (белгілі бір фразеологиялық единицаның әрдайым
айна-қатесіз, өлеңдегі қайырма тәрізді бұлжымай қайталана қолданылады).
Сөз тіркестері аталған белгілерге бірден ие болмайды, фразеологиялық
мағынаға ауысу үшін бірнеше шарттарды қажет етеді. Олар:
1) тура мағыналы сөз тіркестерінің қоғамдық қатынастардың ауысуына,
түрлі әдет-ғұрып, ой-сананың өзгеруіне байланысты алғашқы мағынасының
көнеленуі нәтижесінде идиомалық оралымдар жасалады;
2) еркін сөз тіркестерінің мағыналық жағынан толығуы нәтижесінде
фразеологиялық мағынаға ие болады;
3) жиі қолданылу нәтижесінде тілдік оралымшдар нақтылығын жоғалтып,
алғашқы құрылымдары өзгеріске түседі де, тұтас тіркеске ауысады [1, 13].
4) сөз тіркестерінің алғашқы грамматикалық құрылымының өзгеруімен
бірге, ғасырлар бойы айтылған тұлғалары сақталып, тиянақты құрылымға
айналады.
Тіл білімінде фразеологизмдерге беріліп жүрген анықтамаларда бейнелілік
— фразеологизмдердің басты қасиеттерінін бірі ретінде жиі көрсетіледі.
Фразеологизмдердің экспрессиясын тудырудың бірден-бір жолы образдылық болып
табылады. Еркін сөз тіркестерінің образға ие болуы — фразеологизмге өтудің
бірінші сатысы.
Тура мағыналы еркін сөз тіркестері бір затты, құбылысты, басқа затқа,
құбылысқа ассоциациялау (теңдестіру, ұқсату) нәтижесінде ауыспалы мағынаға
ие болады. Еркін сөз тіркестерінің ауыспалы мағынаға өтуі -
фразеологизмдердің алғашқы шарты. Ауыспалы мағынада жұмсалатын тіркестің
белгілі бір нәрсеге теңелетін, баланатын түрлері адам санасында образ
жасайды. Бейнеліліктің негізінде тура және ауыспалы мағынаның қарама-
қайшылығы болады. Тілдік қолданыста ауыспалы мағынаға ие болған тіркестер
дәл сол құрамында да тұрып, тура мағынада жұмсала береді. Кейбір
тіркестердің алғашқы өз мағынасы әлсіреп, қолданыстан шығып қалады да,
екінші ауыспалы мағынасы ғана тілдік айналымда қалады. Олардың
ассоциацияланған негізгі құбылысы ұмытылады. Бұл — фразеологизм құбылысының
бір белгісі болып табылады.
Фразеологизмдердің бейнелілігіне диахрониялық тұрғыдан келгенде мынадай
факторлар әсер етеді:
1) экстралингвистикалық факторлар: фразеологизм образының уақытқа,
қоғамға, әлеуметтік жағдайға, ұлттың тұрмысына, таным түсінігіне
қатыстылығы;
2) лингвистикалық факторлар: бейнелілікті жасау тәсілдері, троп
түрлері, теңеу, эпитет, метафора, гипербола, литота.
Фразеологизмдердің бейнелілігі экстралингвистикалық және лингвистикалық
факторлар араласа қатар жүруімен жасалады [2, 110].
Фразеологизмдер тіл байлығынан ерекше орын алатындықтан, қазақ тіл
білімінде олардың мән-жайын айқындау проблемалары да аса қажетті, өмірлік
мәселелерге айналды.
Енді фразеологизмге қандай тілдік құбылыстар жатады, олардың
басқалардан қандай түбірлі айырмашылықтары бар, оларды бір-бірінен
ажыратуда нені басты белгі етіп ұстау керек деген мәселеге қатысты
көзқарастарға тоқталайық.
Орыс тіл білімінде бұл салада көп еңбек жасаған ғалым-академик
В.В.Виноградов. Ғалым фразеологиялық орамдарды фразеологиялық тұтастық,
фразеологиялық бірілік, фразеологиялық тіркес деп үшке бөлген.
Фразеологиялық оралымдардың түрлері бір-бірінен әрқашан айқын ажыратыла
бермейді, осыған орай, оларды классификациялау тіл білімінде өте-мөте
күрделі мәселе болып саналады. Тіл білімінде фразеологиялық оралымдар әр
түрлі жағынан қарастырылып, осыған сәйкес, олар түрліше топтастырылған.
Фразеологиялық оралымдар лингвистикалық әдебиеттерде бүтіндей тұрақты
тіркестің тұтас мағынасы мен оның сыңарлары мағыналарының арақатысы жағынан
топтастырылса, екіншілерінде – құрылымы жағынан, үшіншілерінде қызметі
немесе эмоционалды-экспрессивті жағынан топтастырылады.
Академик В.В.Вииоградов фразеологиялық единицаларды бүтіндей
фразеологизмнің біртұтас мағынасы мен оны құрастырушы сыңарлары
мағыналарының арақатысы тұрғысынан топтастырған. Қазақ тіл білімінде де осы
классификацияны бірден-бір арқау етеді.
Фразеологизмдер де негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер
бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін
ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мысалы: to show the
white feather – ақ жалау көтеру = қорқақтық таныту, қорқақтық көрсету; to
kiss the hare’s foot – қоянның табанын сүю – кешігу.
Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда
болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен
белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
Фразеологиялық бірлік. Бұлар орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып
келеді. Алайда құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы, я
болмаса тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктер болады. Бұлар ең алғашқы
еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мысалы: to turn over
d new leaf – жаңа бет ауш, жаңа бетті ашу = жаңа өмір бастау, to dance on a
tight rope – керілген арқанда би билеу, тартылған арқанда би билеу =
тәуекел ету, тәуекелге бару, нартәуекел.
Фразеологиялық тізбек. Бұлар еркін тіркесті ауыспалы мағынада
қолданудан келіп шығады. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық
қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады.
Мысалы: to make allowance – есепке алу, to make up one’s mind – шешу, to
make friend – достасу.
Фразеологиялық тізбектің құрамындағы ерікті мағынасындағы сөздің сан
алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық мағынадағы
сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданылады.
Ал, Н.М.Шанский Лексикология современного русского языка деген
еңбегінде академик В.Виноградовтың жүйесіне төртінші етіп фразеологиялық
түсінік (фразеологическое выражение) дегенді қосып, бұған, мәселен, орыс
тіліндегі: ...қасқырдан қорыққан орманға бармас, жылтырағанның бәрі алтын
емес, темір жол тәрізділерді жатқызады.
Сонымен Н.М.Шанский фразеологиялық орамға жататын тілдік тұлғалардың
аясын кеңейте түсіп, оған кейбір термин сөздер мен мақал, мәтелдерді де
кіргізеді.
Мақал, мәтел, термин сөздерді фразеологиялық орамға қатыстыру соны
пікір емес, бұл сарындағы пікірді кезінде Л.А.Булаховский, А.И.Ефимов
тәрізді тіл мамандары айтқанды. Тіл мамандары арасында бұдан сәл басқаша
пікірлер де жоқ емес. Мәселен, орыс тілінің түсіндірме сөздігінің авторлары
идиома, фразалық сөздерге мәтелдерді қосып, мақалды есепке алмайды,
фразеологиялық орамға нені жатқызу, нені жатқызбау деген мәселеге
байланысты тың пікір айтушы тіл мамандарынан Б.А.Ларин, Л.И.Молотков
тәрізді ғалымдарды атауға болады. Бұлар фразеологиялық тұлғаларды идиом,
фразамен ғана шектеп, мақал, метел, термин сөздерді одан тыс құбылыс деп
қарайды. Дегенмен, орыс тіл білімі уәкілдерінің барлығы дерлік идиома,
фразалардың фразеологиялық орамдардың белгілі тұлғалары болатынын
көрсетеді. Пікір алалығын мақал, мәтел, термин, қанатты сөздер айналасында
кездестіруге болады.
Ал қазақ тіл білімі уәкілдерінің көзқарастарына тоқталсақ, оның мән-
жайы мынадай. Қазіргі қазақ тілі оқулығының бірінші басылымында:
...фразеологиялық тізбектер өздерінің жасалуы, фразалық материалы,
грамматикалық байланысы, лексикалық мәні жөнінен төмендегідей үш ірі түрге
бөлінеді: идиомдар, мақалдар, мәтелдер, - ал аталған оқулықтың 1962 жылғы
басылымында: фразеологиялық тіркестердің құрамына идиомалар және баска
фразалық топтар жатады, - делінген.
Бастапқыда фразеологиялық орамға не жататыны айқын айтылған болса,
соңғыда ол жалпы айтылған. Бірақ мақал, мәтелдердің де сөз болуына
қарағанда, мұнда да олар фразеологиялық орамдардың белгілі тұлғасы ретінде
алынған деуге болады.
Профессор М.Балақаев пен профессор Т.Қордабаев тұрақты тіркестерді
идиомалық тіркестер, фразалық тіркестер деп екіге бөлген. Профессор
А.Ысқақов та күрделі сөздерді топтастыру мәселесіне қатысты айтқандарында
тұрақты тіркесті идиомалық тіркес, фразалық тіркес деп екіге бөледі.
Профессрр К.Аханов: ...мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерді фразеологиялық
единицалардың қай тобына жатқызу – өте күрделі мәселе, - дейді.
Сонымен қазақ тіл білімінде де фразеологиялық орам тұлғалары идиома мен
фраза болатыны күмән тудырмайды. Проблема фразеологиялық тұлғаларды басқа
тілдік құбылыстардан ажыратуда нені межелік белгі етіп алу керек екендігіне
байланысты туады.
Орыс тіл білімінде фразеологиялық тұлғалар жайында сөз қозғаған тіл
мамандары оны басқа тілдік құбылыстардан ажыратарлық белгі ретінде,
негізінен, компоненттерінің тұрақтылығын, бүкіл тіркестің беретін жалпы
мағынасы бөліп-жаруға келмейтін, тұлғасының күрделі, құрылымы жағынан
вариаттары болатын, сөйлеу кезінде құрастырылып жатпай даяр, жаттанды
қалпында ойдан шығарып айтқандай қолданылатынын, басқа тілге сөзбе-сөз
аударуға көне бермейтінін айтады. Ал қазақ тілінде тіл мамандары пікірлері
де негізінен осы бағыттас болып келеді.
Фразеологиялық тұлғаларды онымен құрылымдас басқа тілдік құбылыстардан
ажыратуда арқа-таяныш етіп жүрген белгілеріміз мүлтіксіз деуге келмейді.
Фразеологиялық единица, оның сөз тіркестеріне қатысы туралы мәселеге
тоқталайық.
Сөз тіркесінің көптеген мәселелері жете зерттелмегенімен, оған
фразеологиялық единицалардың қатысы арнайы зерттеудің объектісі болған
емес.
А.Н.Коклянова О границах фразеологии тюркских языков деген
мақаласында фразеологияның мол зертгелгенін айта келе, Тұрақты сөз
тіркестері негізінде екі тұрғыдан қаралады: не жеке бір түркі тілдерінің
фразеологиясы ретінде, не белгілі бір жазушы шығармалары тілінің
ерекшеліктері, - деп көбіне таза фразеологиялық тұрғыдан зерттенгендігін
көрсетеді. Фразеологиялық единицалардың тілдің басқа да салаларымен қатысып
арнайы көрсететін еңбектер де шыға бастады. Л.Архангельский, Г.Ф.Булгаков,
З.В.Валюсинская-Донскова, В.П.Жуков, П.В.Орлов, Х.М.Сайкиев т.б. авторлар
фразеологиялық единицалардың ішкі ерекшеліктерін айтумен бірге олардың
тілдегі басқа да ерекшеліктерін, яғни синтаксистік ерекшеліктерін де арнайы
сөз етті.
Фразеологиялық единицалар туралы көптеген мақала, еңбектер жазылды [3,
74].
І.Кеңесбаев еңбектерінде фразеологиялық единицаның синтаксистік жағы
онша еленбейді. Р.Сарсенбаев, Ө.Айтбаевтың еңбектерінде фразеология тек
таза ФЕ аспектісінде зерттелініп, синтаксистік ерекшеліктері сөз болмайды.
Т.Қордабаев, Х.Қожахметованың, М.Копыленколардың еңбектерінде тұрақты
тіркестердің синтаксистік ерекшеліктері біраз айтылады.
Сонымен, жалпы фразеология туралы шыққан еңбектерге шолу жасай
келгенде, біріншіден, ол еңбектер өте көп, екіншіден, олардың бір бөлігі
таза фразеологиялық аспектіде жазылған, үшіншіден, синтаксистік
өзгешеліктері туралы жазылған еңбектер жоқтың қасы.
Профессор М.Балақаев сөз тіркестері, оның ішінде түйдекті тіркестердің
жасалу жолының бірі – тұрақты тіркестер дей келіп, қазақ тіл білімінде
тұрақты тіркестердің сөз тіркесінің бір сыңары қызметінде жұмсалатындығын
алғаш көрсетіп берді.
Тілдік фактілер әр уақытта да бір-бірімен тығыз байланыста қолданылуға
тиіс десек, фразеологиялық единица да тілдің басқа салаларымен тығыз
байланысты. ФЕ сол тілдік фактілердің ішінде синтаксис, оның ішінде сөйлем
мүшесімем де, тіпті сөйлемнің түрлерімен де тығыз байланысты. Сол сияқты ФЕ
сөз тіркестеріне де қатысы бар категория.
ФЕ сөз тіркссінің белгілі сыңары қызметінде жұмсала алады десек, оның
өзінің іштей ерекшеліктерін айқындау қажет. Сөз тіркесінің сыңары
қызметінде жұмсалуын сөз етуден бұрын олардың ішкі ерекшеліктерін айқындау
ксрек. Сондықтан, біріншіден, ФЕ-ң сөз тіркесінің әрбір сыңарынан
айырмашылығын, екіншіден, ФЕ-ң жалпы сөз тіркесінен айырмашылығын айқындау
орынды.
Академик В.В.Виноградов ФЕ туралы айта келіп, оның сөзден бүтіндей
айырмашылығының барлығын, бірақ күрделі сөзге ұқсастығы болғанымен,
екеуінің жігінің бір еместігін көрсетеді.
Америка және ағылшын лингвистикасында фразеологияға арналған еңбектер
өте аз. Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді зерттеу, оларды аудару
мәселесімен айналысқан Кунин А.В. Кунин А.В. өзінің еңбектерімен ағылшын
фразеологиясының және де жалпы фразеологияның дамуына өте көп үлес қосты.
А.В.Куниннің мынандай еңбектерін атауға болады: Английская фразеология,
Фразеология современного английского языка, Англо-русский
фразеологический словарь т.б.
Кунин А.В. фразеологиялық единицалар мен сөз туралы айта келіп, олардың
төмендегідей өзгешеліктерін көрсетеді. Екеуінің бірінші айырмашылығы
мазмұнында, екінші айырмашылығы жасалынуында, үшіншіден, фразеологиялық
единицаның мағыналық құбылысы мен сөздің мағыналық құбылысы еш уақытта
сәйкес келмейді деп сөзден айырмашылығын айтады [4, 15].
Кунин А.В. ФЕ мен сөз туралы айта келіп, олардың төмендегідей
өзгешеліктерін көрсетеді. Екеуінің бірінші айырмашылығы мазмұнында, екінші
айырмашылығы жасалуында, үшіншіден, ФЕ-ң мағыналық құбылысы мен сөздің
мағылалық құбылысы еш уақытта сәйкес келмейді деп сөзден айырмашылығын
айтады [4, 19].
А.И.Молотков фразеология, оның өзіндік ерекшеліктері туралы айта келіп,
оны тілдің баска да өзіне ұқсас категориялардан, яғни, бір жағынан, сөзден,
екінші жағынан сөз тіркесінен айырмашылығын көрсетеді. Сөйлемде
фразеологизм сол тобымен бір бүтін ретінде жұмсалатын болса, ал сөз жеке
дара-ақ өз алдына жұмсала береді. Фразеологизм мен сөз тіркесінің
ұқсастығы:
1) екеуі де кемінде бірнеше сөзден болады;
2) екеуінің тарихи байланысы бар.
Міне, осы аталған еңбектерде сөз бен фразеологиялық единицаның
айырмашылықтары арнайы айтылғанмен, әрқайсысында түрліше көзқарастың
барлығы айқын.
І.Кеңесбаев сөз бен фразеологияның кей ретте мағына жуықтығы
болғанымен, олардың арасына теңдестік белгісін қоюға болмайтындығын
көрсетеді. ФЕ-да мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы қайталанбайды дей
келе, ондай ерекшеліктер сөзде болмайтындығын айқындайды. Автор ФЕ-ң сөзден
айырмашылығын айтса да оның сөз тіркесіне қатысы туралы сөз қозғамайды.
Сөз ФЕ
1) Сөз бір ғана сөзден, ол түбір 1) ФЕ кемінде екі сөзден болады;
туынды, қос сөз, қысқарған және
біріккен сөз болады;
2) жеке сөздің әрқайсысының жеке 2) ФЕ-ң әрбір сөзінің лексикалық
лексикалық та, грамматикалық та немесе грамматикалық мағынасы айқын
мағынасы бар; емес сөздер;
3) сөз жеке-дара қолданыла алады; 3) ФЕ-ң әрбір сөзі жеке алынбай, сол
тобымен бір-ақ жұмсалады;
4) сөзде жеке ғана ұғым болады. 4) ФЕ-да сол тобымен мағына
тұтастығы басым.

Жалпы сөз бен ФЕ айырмашылығы мен ұқсастығы туралы мынадай қорытындыға
келуге болады: фразеологизмдер мазмұн жағынан жеке-дара сөздің беретін
мағынасына жақындайды. Алайда жеке сөз тікелей атауыштық мәнде жұмсалса,
фразеологизмде бейнелік-атауыштық мағына басым. Сөз белгілейді,
фразеологизм бейнелейді. Тұрақты сөз тіркесі атауыш мәнде жұмсалса да,
экспрессивтік бояуы басым бағалау мәнінде жұмсалса да - бәрінің орнында
сурет, бейне болады. Ол бейне көмескіленген оқиғалардың, дәстүрлердің, ырым-
түсініктердің көлеңкесі немесе фразеологизм – заттың, құбылыстың күрделі
құрылымын, сыр-сипатын дәл атайтын айшықты атау. Жеке сөздер көбіне
халықтың тікелей дүние тану дәрежесінің айғағы секілді көрінсе,
фразеологизм адамның ойлау мүмкіндігінің, психикасының, адамға тән түрлі
табиғи қабілеттер мен қасиеттердің дәрежесін аңғартады.
Жалпы, еркін сөз тіркесі адамның өзін қоршаған объективті, субъективті
дүниемен қарым-қатынасының дәрежесін көрсетеді.
Тілде тұрақты тіркес те, күрделі сөздер де лексикологияның қарайтын
объектісіне жатады. Алайда екеуі де тілде атаулық қызмет атқарғанымен, бір-
бірінен елеулі айырмашылықтары бар. Олар мынадай:
1) екеуінің де төркіні сөздердің еркін тіркесі болғанымен, одан ажырап,
басқа категорияға қалыптасуға әр түрлі процестер ұйытқы болған, мәселен,
тұрақты тіркес тұлғаларына идиомалану процесі, ал күрделі сөздерге
фонетикалық фактор мен лексикалану, идиомалану, делексикалану,
грамматикалану процесі ұйытқы болған;
2) екеуінде де қалыптасып қалған құрылым болғанмен, күрделі сөзге
қарағанда фразеологиялық тұлғалардікі берік, бекем және де ол көп
компонентті; оның құрамы күрделі сөздердей дербес мағынасы бар атаушы
сөздермен шектелмей, оған көмекші сөздер де қатысады; олардың кейбіреулері
сөз тіркесі, сөйлеммен де құрылымдас келеді;
3) идиома, фразалар күрделі сөздердей тура, ауыспалы мағынада емес,
үнемі беймелі мағынада жұмсалады;
4) тұрақты тіркес тұлғалары сөз табы болмайды, бірақ негізгі сөз
табымен орайлас келіп, оның сөйлемдегі қызметінде жұмсалады.
5) күрделі сөз басқа көздің жасалуына негіз болу қасиетін белгілі
дәрежеде сақтаған, ал идиом, фразаларда ол қасиет жоқ.
6) күрделі сөздердің қолдану аясы кең, тұрақты тіркес тұлғалары
негізінен, мінез-құлық немесе жеке затқа тән ерекше бір белгі-қасиетті
білдіреді;
7) идиома, фразалардың дені басқа тілге сөзбе-сөз аударуға келмейді;
8) фразеологиялық тұлғалар сөйлем ішінде қолданылғанда әуел бастағы түр-
тұрпатын сақтайды, ал күрделі сөздер алуан түрлі қосымшалармен өзгеріп
түрленеді.
Фразеологиялық тұлғалардың білдіретін жалпы ұғымы мен беретін
мағынасына ой жіберсек, олардың бірі оны құрастырушы элементтердің бірде-
бірінің лексика-семантикалық мән-мағынасына ешбір қатысы болмай, одан мүлде
басқаша мағына білдіретіні, ал екінші бірі керісінше, ондағы сөздердің бірі
немесе екіншісімен қалайда бір байланыста болатыны байқалады. Осыған орай
бұларды өз ішінде екіге бөліп қарауға болады. Бүкіл фразеологизмдер
идиомдар мен фразалық топтарға ажыратылады.

1.2 Фразеологизмдердің белгілері
Фразеология туралы еңбектерде фразеологизмдердің негізгі үш белгісі
болатыны көрсетіліп жүр: мағына тұтастығы, құрылымының тұрақтылығы және
қолданылу тиянақтылығы. Бұл белгілердің қатарында фразеологизмдердің
бейнелілігі көрсетілмеген. Фразеологизмдердің тұтастығы жай ғана тұтастық
емес, бейнелі, мәнерлі тұтастық. Бейнелілік, мәнерлілік фразеологизмдердің
басқа белгілері сияқты маңызды белгісі болып табылады. Сөйтіп,
фразеологизмдер басқа тіл бірліктерінен төрт түрлі белгі-қасиетімен
ерекшеленеді: 1) құрылым тұрақтылығы. 2) мағына тұтастығы. 3) даяр қалпында
қолданылу тиянақтылығы. 4) бейнелілігі, мәнерлілігі. Осы белгілер
фразеологизм атаулының бәріне тән, тек бірінде толық, бірінде солғын болуы
мүмкін. Фразеологизмдердің жоғарыда көрсетілген белгілерін құрылымы немесе
мағынасы жағынан оларға ұқсас басқа тіл бірліктерімен (еркін сөз
тіркестері, күрделі сөздер, сөйлемдермен) салыстырғанда айқын көруге
болады.
Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы. Бірінші
айырмашылығы. Еркін сөз тіркестері сөйлеу кезінде сөздердің мағынасы
жағынан өзара үйлесе отырып, кем дегенде екі сөздің грамматикалық жолмен
еркін тіркесуінен жасалады, бірақ еркін сөз тіркестерінің құрамы тұрақты
болмайды. Олардың құрамындағы сөздерді мағынасы, айтылуы жағынан солармен
үйлесетін басқа сөздермен айырбастауға, орнын ауыстыруға болады.
Ал фразеологизмдерге келсек, олар да кем дегенде екі сөздің тіркесуінен
жасалады, бірақ олардың құрамы тұрақты.
Екінші айырмашылығы – фразеологизмдердің мағына тұтастығында.
Фразеологизмдер мағына тұтастығын сақтайды, фразеологизмдердің мағыналық
тұтастығы құрамындағы сөздердің жеке мағыналарына тәуелсіз.
Фразеологазмдердің мағыналары құрамындағы сөздердің лексикалық
мағыналарымен сәйкеспейді, яғни лексикалық мағыналардың жиынтығы емес.
Фразеологизмдік мағына дегеніміз – құрамындағы сөздердің не жеке бір
сыңарының лексикалық мағыналарының қайта жаңғыртылған жинақты мағынасы. Сол
себепті фразеологизмдер семантикалық жағынан біртұтас тіл бірлігі ретінде
қолданылады.
Тіпті фразеологизмдердің құрамындағы сөздердің лексикалық мағыналары
анық байқалғанның өзінде, фразеологизмдердің мағыналары семантикалық
біртұтастығынан айрылмайды.
Үшінші айырмашылығы – фразеологизмдердің даяр қалпында қолданылу
тиянақтылығында. Оған негіз болған фразеологизмдердің жоғарыда айтылған
құрылымдық тиянақтылығы мен мағына тұтастығы. Осы белгілердің сақталуы
нәтижесінде фразеологизмдер даяр тұрақты тіркес сипатына ие болады.
Фразеологизмдер сөйлеу кезінде, қарым-қатынас үстінде жасалынбайды,
біртұтас тіл бірлігі ретінде даяр қалпында жұмсалады.
Сөйлеуші бұларды сөйлеу үстінде өздерінше өзгерте алмайды. Олар осы
қалпында адамдардың жадында сақталған, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп, даяр
қалпында қайталанып отырады.
Ал еркін тіркестер керісінше сөйлеу кезінде, қарым-қатынас үстінде
құрамындағы сөздердің өзара үйлесіп еркін тіркесуі арқылы жасалады. Еркін
тіркестердің мағыналары құрамындағы сөздердің лексикалық мағыналарына
тәуелді, яғни фразеологизмдердей қайта жаңғыртылған мағыналар емес.
Төртінші айырмашылығы – фразеологизмдердің көпшілігіне мәнерлілік,
айқындық, бейнелік қасиет тән екендігінде. Бұл қасиет фразеологизмдердің
стилистикалық мәнін аттырады. Бесінші айырмашылығы – еркін тіркестер бір
тілден екінші тілге сөзбе-сөз аударуға көнеді.
Ал фразеологизмдер әдетте бір тілден басқа тілге сөзбе-сөз аударуға
көнбейді, оларды басқа тілдегі баламалары арқылы немесе фразеологиялық
мағыналарын түсіндіру арқылы беруге болады.
Осы сияқты айырмашылықтарымен бірге фразеологизмдер мен еркін
тіркестердің жақындасатын жағы да бар. Құрылымы сөйлемге ұқсас
фразеологизмдердің құрамы формалды түрде еркін сөз тіркестерінен тұрады.
Бұлар фразеологизмдік сипат алғанда, өздерінің еркін тіркестік
мағыналарынан айрылып, бейнелі фразеологизмдік мағыналарға ие болған.
Сөйтіп, бұл арада еркін тіркестердің фразеологизмдерді жасайтын материал
болып табылатынын көреміз.
Фразеологизмдердің сөзбен жақындығы. Бұлардың жақындығын білдіретін
мағыналары мен атқаратын қызметтеріндегі ұқсастықтан көруге болады. Сөздің,
фразеологизмге жақындығы екі жағдайда айқын байқалады.
Бірінші, тілдегі әрбір дербес мағыналы сөз лексикалық бірлік ретінде
жеке тұрып, белгілі бір ұғымды білдіріп, даяр қалпында қолданысқа түсіп
отырады. Сөйлеу үстінде белгілі бір затты, құбылысты, әрекетті қалай
атаймыз деп жатпаймыз, ұрпақтан-ұрпаққа белгілі даяр атаулармен атаймыз.
Яғни еркін тіркес сияқты сөз атау ретінде сөйлеу кезінде, қарым-қатынас
үстінде жасалмай, даяр қалпында жұмсалады.
Екінші, лексикалық бірлік ретінде сөз де фразеологизм тәрізді бір
ұғымды білдіреді, яғни ұғымын білдіруі жағылап сөз бен фразеологизмнің
арасында ұқсастық бар. Осы ұқсастық нәтижесінде фразеологизмдер
лексикологиямен жақындасады.
Сөйтіп, жоғары айтылғандардан фразеологизмдердің екі жақты құбылыс
екенін, екі жақтылығын көреміз.
Фразеологизмдердің сөйлеммен арақатынасы. Фразеологизм мен сөйлемнің
құрылымдық жағында формалды лексикалық, ұқсастық бар. Фразеологизмдерде
жай, құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі.
Фразеологизм мен сөйлемнің айырмашылығы лексика-семантикалық және
синтаксистік қызметіне байланысты. Сөйлемнің негізгі функциясы
коммуникативтік. Сөйлем – тілдің коммуникативтік бірлігі, синтаксистің
объектісі. Ал фразеологизм ұғымды бейнелеп, мәнерлеп немесе тұспалдап,
астарлап білдіретін лексика-семантикалық бірлік, ол осы жағынан лексикалық
бірлік – сөзге, сол арқылы лексикологияға жақын. Сөйлемді синтаксистің
объектісі ретінде мүшелеуге, сөйлем мүшелеріне талдауға болады.
Фразеологизмдер лексика-семантикалық идиомалық бірлік болғандыктан, өз
ішінен мүшеленбейді, тұтасымен бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.
Фразеологизмдердің жоғарыда талданған белгілерінің универсалдық сипаты
жөнінде Лингвистикалық энциклопедиялық сөздікте былай делінген: Егер
белгілі бір тілде сөз категориясы болатын болса, фразеологизмнің мазмұны
мен формасы тіл типіне тәуелсіз осы универсал белгілердің бәрін де
сақтайды, себебі фразеологизм сөздердің тіркесуінен жасалатын категория
[5, 560].

1.3 Фразеологизмдер және олардың зерттелуі
Сөйлеуіміз сөйлемнен тұрады да, сөйлем әлденеше сөзден тұрады. Жеке
сөздің сөйлемге айналуы сирек. Синтаксистік тұрғыдан алып қарасақ, сөз бен
сөйлем аралығында тағы бір топ бар, ол – сөз тіркестері. Сөз тіркесі
дегеніміз – екі не бірнеше сөздерден құралған грамматакалық бірлігі бекем
топ. Сөз тіркестері еркін және тұрақты боп екіге бөлінеді. Еркін тіркестер
жұмыс барысында, қажеттілікке орай қайта жасала беруі әбден мүмкін. Мұндағы
сөздер қайтып ажырамастай қалыпта емес, керегі болса алмастырылып, орын
ауыстырыла береді. Ал еркіндігі жоғалған, ажырамастай қалыпта кірігіп
кеткен тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Бұларды біз фразеологизмдер деп
атаймыз. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем дегендеріңіз синтаксис тексеретін сала
бола тұра әлгі тұрақты тіркес неге лексикологияның мәселесі ретінде
қарастырылады. Себебі фразеологиялық тіркес туралы мәселе синтаксис
тексеретін шеңберден шығып кетеді. Тіпті мұның лексикология, фонетика,
грамматика сияқты өз алдына жеке сала болып зерттелуіне де қатысы бар [11,
29].
Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы
белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға
итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі
ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төмендегідей:
а) лексикалық мәні;
ә) компоненттік құрамы;
б) грамматикалық категориялардың түрі.
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол
фразеологизмдерді тілдік единица - сөзбен және сөз тіркесімен салыстыру
кажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар. Сөз
тіркесі дегеніңіз фразеологизмдер жасалатын ұяның бірі.
Лексикалық мәні және грамматикалық жасалуы жағынан сөз бен
фразеологазмдердің ұқсасатын тұстары көп. Фразеологизм мен сөздің
лексикалық мәнін ашқанда, олар біріне-бірі синоним болып келетінін байқау
қиын емес.
Фразеологиялық тіркестердің жеке сөздер тектес стилистикалық өңі ажарлы
келеді. Сөйлемдегі орнына, қолданылу жүйесіне қарай фразеологиялық
тіркестер кейде еркін тіркесіп, кейде тұрақтанып қалатын тұстары бола
береді.
Фразеологизмдер тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс. Және бұларды тілдік
бөлекше бір сипаттағы, шырыны мен сөлі таусылмайтын дәмді элементтері деп
айтуға болар еді. Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілдің өткірлігі
дегеніңіздің айрықша көрінер жері осы фразеологазмдер маңы. Ойды әсемдеп
айтуды үйренудің мектебі осылар. Сөзіңіз нақты, дәлелді болсын десеңіз,
өңменнен өтіп, қолқаны қозғайты дәрежеде болсын десеңіз, халықтың хас
туындысы — айшықты сөздер тобының тамырын басыңыз. Сонда ғана сіз тілдің
қасиеті деген не, байлығы деген не сияқты сауалдарға нақты жауап бере
аласыз.
Қай елдің, қай жазушысының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы
халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгерлердің қай-
қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім. Осының өзінен-ақ
ғылымдағы фразеологизм проблемасының мейлінше қызықты, мейлінше қиын
проблема екенін байқау қиын емес. Осыларды ғылыми проблема ретінде
қарастыратын әр алуан еңбектердің сөлін сүзсек, мұның неқилы мәселелері
айқындала түседі екен.
Фразеологизм мәселесі көптен сөз болып келеді. Оның бүкіл ішкі-тысқы
қасиеттерін ашып, оларды қолданудың пайдасы мен заңдылықтарын аршып берген
еңбектердің санының өзі мыңға тартады.
Лингвистиканың жеке тарауы ретінде қалыптасып келе жатқан фразеология
жайында жазылған зерттеулер өте көп. Мәселен, Проблемы фразеологии деп
аталатын жинақта 500-ден астам зерттеу жұмыстары көрсетілген. Содан бергі
аралықта мұндай еңбектердің саны едәуір молайғаны мәлім.
Б.А. Ларин фразеология лингвистикалық пән ретінде жасырын даму
дәуірін бастан кешіруде деп жазған еді. Жоғарыдағы еңбектерді талдап
таныссаңыз жасырынбақтың күні өтіп, енді ғылыми айтыс, талас дәуірі
басталған тәрізді. Қазір фразеологияның мәнін, міндетін, аумағын түсінуде
әртүрлі бағытгы ұстанатын бірнеше ағым пайда болғанын байқау қиын емес.
Қаншама еңбектер жазылғанмен, фразеологияның небір қызықты проблемалары
біртіндеп ашылып, дәлелденіп келе жатқанмен, әлі де даулы мәселелері
жетерлік.
Фразеологазмдер қатарына кіретін тұрақты тіркестердің бәрі бірдей емес.
Қайсыбірінің құрамындағы сөздер бастапқы лексикалық мағынасын сақтап тұрса,
енді біразының компоненттері жиылып, мүлде басқа бір ұғымды білдіріп
жатады. Қандай түрі болмасын мұндай тіркестердің бәрі де фразеология
қатарында қарастырылуы тиіс. Бұдан былайғы жерде біз осы тақылетті
тіркестерді фразеологизмдер деген терминге жинақтап сөз етпекпіз.
Лингвистиканың өзге салалары сияқты, фразеология да жеке және жалпы
сипатты болады.
Фразеологияға жататын барлық тіркестердің жалпы атауы ретінде
фразеологиялық единица деген термин жиі қолданылады. Бұл терминді әуелде
акад. В.В.Виноградов [6] атаған еді. Көптеген ғалымдар бұл терминнің жалпы
атау ретінде сәтті табылғанын қолдағанмен, кейінгі кезде оның мазмұнын әлі
айқындай түсу қажеттігін айтып жүр. В.В.Виноградовтың классификациясы бір
кезде айрықша рөл атқарды. Сонымен қоса, оның көптеген мәселелері жете
қарастырылмай дамытылмай, көмескі күйде қалғаны мәлім. Жоғарыда
ескерткеніміздей, тіл білімінде фразеологияны зерттеген жүздеген еңбектер
пайда болды. Фразеологияны өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі
объектісіне айналдырған көптеген айтулы ғалымдар бар. Олар өз
зерттеулерінде В.В.Виноградовтың классификациясына дау айтады, дәлелді
пікір қозғайды. Шынында, бұл пікірлердің жаны бар. Әлі піспеген күмәнді,
күдікті жерлері тағы бар. Акад. В.В.Виноградовта фразеологиялық тізбектер
(фразеологические единства) кейде метафоралық тұрақты орамдар
(метафорические устойчивые обороты) деп те аталады. Тағы бір жерде бұлар
идиомдар болып, оның құрамына мақал-мәтелдер, тұрмыстық қосарлы аттар
(составные бытовые названия), қанатты сөздер, үзінді цитаттар, кішіпейіддік
формулалар (формула вежливости) т.б. еніп кеткен. Сөз тіркесі түріндегі
фразеологияның объектісін таныту үшін, кейбір зерттеушілер фразема деген
термин қолданып жүр. Бұл термин лексема, морфема, семема деген
атаулармен сәйкес, әрі ұйқас. Ал түрі жағынан сөйлемге бара-бар
фразеологазмдерді тұрақты фраза (устойчивая фраза) деп атайды. Бұл
терминді қолдануға пейіл білдіріп жүрген зерттеушілердің бірі В.Н.Телия.
Жалпы фразеологиялық тіркестерді зерттеуші ғалымдар тұрақты сөз
тіркестерінің спецификалық мәнін әрқилы ұғынады. В.В.Виноградов,
О.С.Ахманова, С.И.Абакумов, А.И.Смирницкий, Б.А.Ларин еңбектерін қараңыз.
В.Н.Телия өзінің Фразеология дегеніміз не [7] деген зерттеуінде
құрылысы жағынан сөз тіркесі не сөйлем боп келе беретін фразеология
объектісінің барлық түрін жинақтап атау үшін фразеологиялық орам
(фразеологический оборот не жай ғана орам), фразеологизм деген
терминдерді қолданады. Бұлай атауда ол ғылымның игі дәстүріне сүйенген.
Қазақ ғалымдарының арасында да тұрақты тіркестердің жалды атауы ретінде
осыған ұқсас ғылыми терминді ұстанатындары бар. Мысалы, М.Балақаев,
Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтар мынадай пікір айтады: Мағынасы
жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін единица болып,
қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде
фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды. Авторлардың
фразеологиялық орам немесе фразеологизм деп отырғандарына енетін тұрақты
тіркестер – идиома, фраза, мақал-мәтелдер. Бұған қалыптасқан тиянақгы
фразеологиялық сөздердің бір саласы ретінде қос сөздерді де қосады.
Мұнда фразеологиялық единица және оның В.В.Виноградов жіктеген үш түрі
жоқ. Акад. І.К.Кеңесбаев қазақ тіліндегі фразеологимдерді әлгіндей жік-
жікке бөліп жатпайды. Ол лексикалық формасы, стилистикалық қызметі жағынан
тілімізде айырықша орын алатын [9] мұндай нақыл сөздерді екі топқа бөліп
қарастырады. Ол лингвистика тілімен айтканда идиомдар, фразалық топтар.
Осыған қарағанда көптеген тілдерде В.В.Виноградов классификациясын сол
күйінде қабылдаудың ретті бола бермейтінін әңгіме етіп жүрген пікірлердің
жаны бар тәрізді.
Орыстың атақты ғұламалары: М.В.Ломоносов, академиктер: Ф.Буслаев [10],
И.И.Срезневский [11], Ф.Ф.Фортунатов [12], А.А.Шахматов [13], проф.
АА.Потебня [14] т.б. айтқан пікірлері фразеологияны зерттеу жұмыстарын
ғылыми арнаға салып, дұрыс бағыт берді. Бұл ғалымдардың пайымдаулары
фразеологияны зерттеудің белгілі-белгілі кезеңдерін, даму сатыларын
танытады. Бірақ бұлардың ешқайсысы да фразеологияны лексикологияның жеке
бір бөлімі ретінде бөліп қарастырған жоқ. Өз дәуірінің ғылыми ой-өрісінін
деңгейімен қарағанда ұтымды, дәлелді бір өрбіткенмен, түбегейлі зерттеу ХХ
ғасырдың 30-40-жылдарының үлесіне қалған болатын.
Фразеологияны лексилогияның жеке бір тарауы ретінде бөліп шығарған
Ш.Балли болатын. Ол фразеологияның белгілі бір қалыптағы күйін
(синхроническая фразеология) қарастырудың негізін жасады. Ш.Балли: Языки
постоянно изменяются, функционировать они могут только не изменяясь, — дей
отырып, тілдің дәл қазіргі, осы күнгі жағдайына ерекше мән береді. Міне,
сондықтан Ш.Балли [15] концепциясының қазіргі кезеңде де едәуір маңызы бар.
Дегенмен Ш.Балли де фразеологияның түрлерін, мазмұнын таратып, талдап айтып
бере алмады.
30-40-жылдары тіл білімінде фразеологияға арналған жеке еңбектер шыға
бастады. Проф. Е.С.Истрина [16] фразеологияны лексикологияның жеке тарауы
етіп белген. И.Вульфиус К вопросу о классификации идиомов [17] деген
мақаласында Ш. Баллидің теориялық көзқарастары тұрғысынан біраз пікір
қозғаған.
Л.А.Булаховский фразеологияны тіліміздегі бейнелеуіш мәнерлі сөздер
жайындағы ғылым деп есептейді. Фразеологияны обычно разложимые смысловом
отношении словосочетания, но закрепившиеся в языке как материал ходовой
цитации (пословицы, поговорки, удачные выражения писателей, ставише
крылатыми словами, и т. п.) и потому получившие известную цельность, -
деп түсінеді.
Тұрақты тіркестердің этимологиялық жүйелі классификациясың жасауға
тырысқан проф. С.И.Абакумовтың әрекеттері де көңіл аударарлық. Ол
идиоматика мен фразеологияның жігін ажыратады.
Ол идиомалық орамдардың ерекше белгілері ретінде мыналарды көрсетеді:
семантикалық бір тұтастығы, аударуға келмейтіні, синтаксистік және
лексикалық тұлғаларға бөлінбейтіні, грамматикалық формаларының
өзгермейтіні, сөздер орнының тұрақтылығы, сөз жасау мүмкіңдігінің кемдігі.
Фразеологияға жататын орамдардың беретін мағынасы оның компоненттерінің
негізгі лексикалық мағынасынан алшақтамайтынын анықтайды.
Сонымен, Абакумовтың пікірі бойынша, фразеология дегеніміз ойды
білдірудің дайын сөйлемшелері жөніндегі ғылым.
Фразеология мен идиоматиканың анықтамасын беруде Е.Д.Поливанов:
Фразеология (или идиоматика) является особой дисциплиной (наряду с
фонетикой, морфологией, синтаксисом и словарем, или лексикой), занимающей
по отношению к лексике то же положение, которое синтаксис занимает по
отношению к морфологии, так как эта дисциплина оперирует так же, как и
лексикология, выражением индивидуальных понятий (лексических значений) в
отличие от синтаксиса и морфологии, которые имеют своим объектом изучение
символики общих (абстрактных) идей , — деп жазады. Поливановтың анықтамасы
И.А.Бодуэн де Куртенэ қолданған сөздердің көп қызметтілігі
(полифункциональность) жайындағы жалпы методологиялық концепциясынан шығып
жатқан ұғым. Мұны кейін Л.В.Щерба мен Б.Д.Поливановтың қабылдағаны мәлім.
Фразеология мәселесімен арнайы шұғылданбаса да Поливанов еңбектерінде,
кейде, осындай аса қажет ғылыми пайымдауларын айтқан. Зерттеушілер үшін бұл
сияқты пікірлердің орны бөлек.
Фразеологая синтаксистен, лексикологиядан, семасиологиядан бөлек жеке-
дара дами алмайды.
Сөйлеуіміздегі сөздерден гөрі семантикалық біртұтас тізбектерді, яғни
сөздерден гөрі күрделірек сөздер тобының (фраза, идиома, фразеологиялық
тығыз топ, тұрақты бөлінбейтін тіркестер, фразеологиялық единицалар) жігін
ажырату ниеті В.В.Виноградовтың жазуы бойынша К.Бругман, Г.Пауль, Ш.Балли,
АСеше, О.Есперсен, И.А.Бодуэн де Куртенэ, А.А.Шахматовтардың еңбектерінде
байқалған. Бұл – бір жол. Яғни бұл семантикалық сипаттама. Мұндай
семантикалық топтарды басқа бір жолмен қарастыруға болатынын талдаған
ғалымдар да бар. Фраза құрудың механизмін басқарып отырған тіл
категорияларын зерттеу айрықша нәтиже береді. Сондай категориялардың бірі
тіл жүйесінің фактісі ретіндегі сөз мағынасының құрылысы болса керек. Фраза
құрудың әрқилы процесінің негізін жасайтын сөз мағынасының құрылысын
зерттеу жолын ең алғаш В.В.Виноградов көрсеткен болатын. Ол Современный
русский язык деген еңбегінде былай деп жазған: Тесная связь идиоматики и
фразеологии с лексикологией обусловлена не только структурной близостью
понятий слова и ядиомы, но и постоянным движением внутри языка от слов к
идиомам и фразам – и обратно – от фраз и идиом к словам. Ал Основные типы
лексических значений слова деген ВЯ журналының 1953 жылы 5-санында
жарияланған мақаласында В.В.Виноградов фразеология төңірегіндегі ойларын
кеңейтіп, біраз жаңа ұғымдарды өрбітті [16, 49].
В.В.Виноградов фразеологиялық топқа семантикалық анализ жасап, оның
мағыналық жіктерін дәл ажыратып классификациялаған. Ең алдымен, ол бұл
топтан фразеологиялық тіркестерді (фраз. сочетания) бөліп шығарды да,
Ш.Баллидің единства деп жүргендерін екіге ажыратты; фразеологиялық
түйдектер (тұтастықтар) және фразеологиялық тізбектер (единства) деп.
Осының әрқайсысын жеке-жеке талдап көрейік.
1) Фразеологиялық тұтастықтардың (сращения) негізгі белгілерін тізіп
айтсақ мынадай түйін жасауға болады. Біріншіден, бұлар ішкі формасынан
айрылған, дәлелдемесі жоқ жеке сөздер сияқты лексика-семантикалық
единицалар. Екіншіден, тұтастықтар компонентінің бірде-бірі жеке өзіндік
мағынаға ие бола алмайды. Яғни олар негізгі лексикалық мағыналарынан мүдде
айрылған. Бір бүгіннің беретін мағынасы мен жеке компоненттердің
әрқайсысының лексикалық мағынасы арасында ешқандай байланыс жоқ. Үшіншіден,
мұның құрамыңдағы сыңарлардың сырттай қарағанда жеке-жеке тұруы тек тілдің
өзінің ежелден қалыптасқан дәстүріне, дағдысына байланысты нәрсе. Егер
В.Виноградовтың өз сөзімен тұжырсақ, фразеологиялық тұтастықтар –
ертіндіге айналған лексикалық бөлшектердің химиялық қосындысы. Бұл сияқты
тұтастықтарды идиома деп те атайды. Идиомаландырылған сөз тіркестерінің
грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетеді. Оның себебі фразеологиялық
тұтастықтардың семантикалық жағынан бөліп жаруға келмейтіндігіне
байланысты. Яғни семантикалық біртұтастық оны грамматикалық жақтан
мүшелендірмейді.
С.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша
сөздігі кітабында фразеологияның бұл терминдерінің бәріне қысқаша анықтама
берілген. Мәселен, фразеологиялық түйдектерді (тұтастықтарды) былай
түсіндірген: Түйдекті тіркес ішіндегі сөздердің бір-бірімен лексикалық,
грамматикалық берік байланыста болып, бөлініп-жарылмайтын фразалық
мағынаның ол сөздердің лексикалық мағыналарымен ешбір жуыспайтын томаға-
тұйық тіркестер.
2) Фразеологиялық тізбектердің В.В.Виноградов негізгі төрт қасиетін
көрсеткен. Фразеологиялық тізбек болу үшін бұл белгілердің бәрі түгел
болуының қажеті жоқ. Осының бірі де жеткілікті. Енді сол белгілерді жеке-
жеке қарайық.
а) Біртұтас фразалық тіркестің бейнелі, ауыспалы мағынада болуы шарт.
Бұл мағына бірден ұғынылмай, кей жағдайда ғана сезілуі тиіс; ә) Экспрессивт
тығыздық (насыщенность); б) фразалық тізбектің лексикалық элементтерінің
ешқайсысын басқа бір синоним сөздермен ауыстыруға болмайды; в) Егер
ауыстырар болсақ, онда фразалық тізбекті түгелімен ауыстыру мүмкін
екендігі. Бірақ айтылған белгілердің бәрі де ешбір дау туғыза алмайтын
ақиқат емес. Сондықтан мұны өзінде де біраз солқылдақтық бар (В.Н.Телия).
Жоғарыда көрсетілген тіл білімі терминдерінің сөздігінде фразеологиялық
тізбектерді Тұгас тізбек (бірліктер) күйінде бүтін бір мағынаны
білдіретін, бірлік жігі ажырамайтын, компоненттері басқа сөзбен алмаспай
тұратын тұрақты сөз тіркестерінің бір түрі деген.
Фразеологиялық тізбектердің негізгі қасиеттері оның ең алдымен, бірден
аңғарыла қоймайтын астарлы мағыналылығында болса, екіншіден, мұндай
тіркестер өте әсерлі, әрі мәнерлі болады; үшіншіден, бұлардың
компоненттерінің ешқайсының орнын ауыстырып, не орнына басқа бір сөз қоюға
келмейді; төртіншіден, фразеологиялық тізбекті мәндес бір сөзбен немесе
синонимдес тіркеспен алмастыруға болады.
3) Фразеологиялық тіркестер фразеологиялық единицалардың ең молырағы.
В.В.Виноградов мұны тізбек пен тұтастыққа қарама-қарсы қойып қарайды. Бұл
тіркестер семантикалық жағынан жіктеуге келеді. Мұндағы тіркескен сөздердің
мағыналық салмағы бірдей. Фразеологиялық тіркестердің құрамындагы сөздер
өзінің негізгі лексикалық мағынасында тұрады. Жалпы мағына осы сыңарлар
мағынасымен тікелей байланысты.
Енді осы классификацияға қазақ ғалымдары қалай қарайды екен және жалпы
фразеологиялық тіркестер жайындағы пайымдауларын талдап көрелік.
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың Қазіргі қазақ тілі деп аталатын
кітабында автор тіркес атаулының бәрін фразалық тіркес деп алады да,
алдымен оны идиомдар және басқа фразалық топтар деп екіге бөледі.
Идиомдарды ерекше категория ретінде өз алдына бөлек қарайды да, тіліміздегі
басқа тұрақты сөз тіркестерінің бәрін (мақал, мәтел, қанатты сөз т.б.)
фразаның қатарында әңгімелейді. Идиома ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
Қытай қазақтары тілдік ерекшеліктері
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Қол-рука соматизмдері
Афаризмдер мен фразеологзмді аудару
Фразеологизмдерді аудару мәселелері
Ағылшын және орыс тілдердің сөз тіркестерін аудару мәселесі
Гуманитарлық факультеттердің орыс бөлімі студенттеріне қазақ тілін фразеологиялық сөздік арқылы оқыту әдістемесі
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Аудару барысында сөздік реттің өзгеру мәселесі
Пәндер