ҚР-ң индустриялық инновациалық дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
ҚР-ң ИНДУСТРИЯЛЫҚ ИННОВАЦИАЛЫҚ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 5
1. 2003-2005 жылдарға арналған стратегиясы . . . 6
2. 2006-2010 жылдарға арналған стратегиясы . . . 7
3. 2011-2015 жылдарға арналған стратегиясы . . . 7
ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК КОНСТРУКТОРЛЫҚ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ҒЗТКӘ)
1. Баламалы энергетика . . . 9
2. Технологиялар . . . 10
ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚОР . . . 16
1. Отандық және шетелдік инвесторлармен бірге венчурлық қор құру . . . 17
2. Арнайы инновациялық қызмет субъектілерін құру . . . 18
3. Қордың еншіліс кәсіпорындары . . . 21
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 25
1БЕТ
КІРІСПЕ
Қазақстанның өнеркәсіп өндірісі жылдар бойы күйзеліс-дағдарысқа ұшырап, құлдыраудан кейін 1999 жылдан бастап даму жолына түсті. Ал қай елде болмасын экономиканың дамуы өнеркәсіптің жағдайына байланысты болатыны әйгілі. Кейінгі жылдары дами бастаған Қазақстан өнеркәсібі - кен өндіру өнеркәсібінің, оның ішінде шикі мұнай өндіру есебінен өсуде. Сондақтан да оның сипаты шикізат өндіруші болып отыр.
Жаңалық жаратқанның сыйы. Адамзаттың интеллектуалдық мүмкіндігінің шексіздігі осы ғасырда одан сайын айқындала түсуде. Сондықтан да, 21 жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналған қазірден-ақ ұғындыруда.
Осы жағдайлар ескеріле отырып, экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Ел Президентінің 2003 ж. 17 мамырындағы №1096 Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы” бекітілген.
“Инновация” ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу дегенді білдіреді.
“Инновация” - жаңа техника мен технологияға салынған капиталдан алынған материалдық игілік, қызмет көрсету тағы басқа жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формалары. Инновация технологиялық сипаттарына қарай өнімдік және процестік болып бөлінеді.
2003-2015 ж. инновациялық стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Отандық инновациялық жобаның нарық айдынындағы бәсекелестікке төтеп беруі үшін қатаң талаптар қойылып, оларды мемлекеттік емес, даму инвестициялары арқылы ғана инвестициялауды қарастырады. Тағы бір атап өтетін жәйт, еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіруде инновациялық бағытта ерекше жағдайда жүзеге асырушылық. Оның ішінде инновациялық бизнесті дамытуға қабілетті менеджерлерді дайындау бірінші кезекке қойылмақ. Еліміздегі ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет салаларындағы мемлекеттік саясат бағытын белгілеу. Аталмыш саясатты жүзеге асыруда келешекте мемлекеттің қатысуына маманданған қор құру, онда жиналған қаржыны инновациялық инфрақұрылымдар құру, кадрлар дайындау, авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау, әлемдік тәжірибеде сапа стандарттарынан өту, халықтық ұйымдарға грант тарту көзделген.
Бұл бағыттағы индустриялық саясаттың басымдылықтарын айқындау бойынша - әлемдік экономикалық ахуалға және Қазақстанның сауда әріптестеріне талдау жасау, экономика саласының бәсекеге қабілеттілігін зерттеу жүргізу, бұл бойынша деректер құрын құру, өңірлердің өнеркәсіптік инвестициялық және инновациялық әлеуеті туралы мониторинг жүргізу, корпоративтік менеджмент, жобалардың сапасын басқару мәселелері бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу; сауда жүйесін ырықтандыру бойынша - көрме, коммерциялық тұсаукесерлерді қамтамасыз ету, кеден-тарифтік саясатын іске асыру міндеттері тұр.
3БЕТ
ҚР-ң ИНДУСТРИЯЛЫҚ ИННОВАЦИАЛЫҚ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ.
Қазақстан Республикасының Индустриялық- инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң оныншы форумында берiлген тапсырмаларына сәйкес әзiрлендi
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Бiлiм және ғылым, Көлiк және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлiктерiмен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiнде агенттiктiң, Ұлттық Банктiң және т. б. қатысуымен әзiрледi.
Бұл стратегияның мақсаты - шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялы экономикаға өту үшiн жағдай жасау.
Бұл стратегияның мiндеттерi - Өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8, 4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру; кәсiпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құндар тiзбегiндегi элементтердi игеру; ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру; сапаның әлемдiк стандарттарына көшу; дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Бағдарламаны іске асыру мерзiмi 2003-2015 жылдар
1-кезең - 2003-2005 жылдар
2-кезең - 2006-2010 жылдар
3-кезең - 2011-2015 жылдар
Бағдарламаға қажетті ресурстар - Стратегияны iске асыруға жұмсалатын және қаржыландыру инвестициялық сипаттағы тiкелей шығындардың көздерi болжамды көлемi жылына 1, 2 млрд. АҚШ долл. құрайды. Бұл ретте Стратегияны iске асыруға жұмсалатын мемлекеттiк шығындардың құны 2002 жылғы бағалармен жылына 260 млн. АҚШ долл. құрайды. Республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. Стратегия iс-шараларын қаржыландыру үшiн Даму банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаражаты тартылатын болады. Бұл ретте жаңа инвестициялық және инновациялық институттарды құру iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi қажет етедi.
Бұл бағдарламадан күтiлетiн нәтижелер Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына кемiнде 8, 8-9, 2 % қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3, 5-3, 8 еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8, 4 %-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. Стратегияны iске асыру нәтижелерi 2015 жылы мұнай, газ кен орындарын қарқынды игеру жағдайында экономиканың және өнеркәсiптiк өндiрiстiң құрылымын түбегейлi өзгерiске ұшыратпайды.
Стратегияны iске асыру:
ЖIӨ құрылымында өнеркәсiптiң үлестiк салмағын 2015 жылы 46, 5 %-тен 50-52 %-ке дейiнгi мөлшерде ұлғайтуға; ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми-инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0, 9 %-тен 2015 жылы 1, 5-1, 7 %-ке арттыруға; ЖIӨ құрылымында өңдеушi өнеркәсiп үлесiнiң төмендеу қарқынын 2000 жылғы 13, 3 %-тен 2015 жылы 12-12, 6 %-ке дейiн төмендеуiн бәсеңдетуге (салыстыру үшiн бұл көрсеткiш индустриялық саясат жүргiзiлмесе, 2015 жылы 10, 9 %-тi құрайтын едi) . Сонымен қатар Стратегия iске асырылмаса, өнеркәсiптiк өндiрiстегi кен өндiру салаларының қосылған құнының үлесi, оның iшiнде мұнай өндiру 2000 жылғы 31, 0 және 25, 6 % қарағанда 2015 жылы тиiсiнше 55-56 % және 50-51 %-ке жетуi мүмкiн. Стратегияны iске асыруды есепке алғанда кен өндiру кәсiпорындары 46-47 %-тi ғана құрайды. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiс орындарының үлесi 2000 жылғы ЖІӨ 0, 1 %-нен 2015 жылы 1-1, 4 %-ке дейiн артады. Өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының құрылымында сапалық өзгерiстер болады. Металлургияның және металдарды өңдеу үлесi өңдеушi өнеркәсiптiң қосылған құнының жалпы көлемiнiң 40, 1 %-нен 27-28 %-ке дейiн төмендейдi, ал ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеу үлесi 38, 1 %-тен 45-46%-ке дейiн өседi. Бұл ретте ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялы өнiмнiң үлесi 2000 жылғы 0, 6 %-пен салыстырғанда 9-11 %-тi құрайды.
5БЕТ
1. 2003-2005 жылдарға арналған стратегиясы
Тұтас алғанда Стратегияны iске асыру үш кезеңде: бiрiншi - 2003-2005 жж., екiншi - 2006-2010 жж., үшiншi - 2011-2015 жж. жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезең (2003-2005 жж. ) басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, жаңа заңдар әзiрлеу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру, ҚҚT талдау жүргiзу жөнiнде мамандарды даярлау, мемлекеттiң қатысуымен iске асырылатын тиiмдi жобаларды айқындау көзделедi.
Бұл кезеңде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына салық ауыртпалығын айтарлықтай төмендетуге қатысты өзгерiстер енгiзу, Қазақстанның Метрикалық конвенцияға қосылуы, Халықаралық электротехникалық комиссиясына, т. б. кiруi жоспарланады.
Осы кезеңде қорларды құруға көзделген капиталды түзу, Даму Банкiнiң жарғылық капиталын ұлғайту, жобаларды инвестициялаудың мемлекеттiк жүйесiн айтарлықтай жетiлдiру қажет.
Ғылымды, бiлiмдi дамыту және оны индустриялық-инновациялық дамытуға бағыттай отырып, кәсiби кадрларды даярлау саласындағы реформаны бастау, стандарттау мен сертификаттауды жетiлдiру, Қазақстанның ДСҰ-ға кiру процесiн аяқтау көзделiп отыр.
Осы кезеңдегi экономиканың дамуы индикативтi жоспардың болжамына сәйкес жүргiзiлетiн болады.
2003-2005 жылдар аралығы болжам бойынша өткен жылдардағы ЖIӨ-нiң нақты қарқынын ескере отырып, ЖIӨ-нiң екi еселенуiмен байланысты стратегиялық мақсатқа жету қамтамасыз етiледi.
2000 ж. салыстырғанда 2010 жылы ЖIӨ екi еселенуі бойынша кестенің болжамды орындалуы, (%) Стратегиялық жоспар бойынша ЖIӨ болжам бойынша нақты ЖІӨ Дерек көзi: Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi Жоспарлы кезеңде экспорт пен iшкi тұтынудың дәстүрлi тауарлары және қызметтерi өндiрiсiнiң бiр мезгiлде сан жағынан өсуiмен қатар өнеркәсiп пен аграрлық секторды қайта жаңғырту, жұмыстың инвестициялық-құрылыс күллi кезеңiн түбегейлi өзгерiсi есебiнен экономиканың тұрлаулы дамуын қамтамасыз ету үшiн негiз салыну қажет.
Орта мерзiм iшiнде ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтiң, бiлiм және денсаулық сақтау жүйелерiн, құрылымдық-институционалдық дамыту және мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн, бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру, қаржы секторын дамыту және ырықтандыруды жалғастыру қажет. Тиiмдi инновациялық инфрақұрылымның негiзi қалануға тиiс.
Соңғы жылдардағыдай тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң өсуi тау-кен өнеркәсiбiн дамытудың қарқын алу есебiнен, ең алдымен мұнай мен газ өндiрудi ұлғайту есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады. Бұл кезде макроэкономикалық саясат төмен инфляцияны қамтамасыз етуге, Қазақстан экономикасына тiкелей инвестициялардың келуiне және экспортты ұлғайтуға ынталандыратын жағдай жасауға бағытталуы тиiс.
Осыған сәйкес монетарлық саясат 5, 5 және 4 % арасындағы инфляцияның орташа жылдық өсiмiн қамтамасыз етуi тиiс. Мұнай бағасының конъюнктурасы Қазақстан үшiн қолайлы кезде теңгенiң құнсыздануы АҚШ долларына қатысты жылына тиiсiнше 4, 5 және 3 % арасында ауытқуы тиiс.
6БЕТ
2. 2006-2010 жылдарға арналған стратегиясы
Екiншi кезең (2006-2010 жылдар) Стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Бұл халықаралық стандарттар бойынша ғылым мен техниканың жетiстiктер негiзiнде қуаттарды құру, сондай-ақ қажеттi мамандарды даярлау жөніндегі мәселелерiн кешендi шешуге мүмкiндiк бередi.
Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негiзiнен қалыптасатын болады.
Жеке сектордың, шетел инвесторларының, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк қаржы институттарының қаржы ресурстары бiрыңғай бағытта жұмыс iстеп, инфрақұрылымды дамыту, қайта жаңғырту, жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды кеңейту және жаңа өндiрiстер құру проблемаларын кешендi түрде шешедi. Бұл ретте iрi, орта және шағын кәсiпорындарды үйлесiмдi дамыту қамтамасыз етiледi.
Кейбiр кәсiпорындар құру нормаларын ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асырудың алғашқы нәтижелерiн көредi.
Өнеркәсiптi жаңғыртуға және экономика құрылымын әртараптандыруға бағытталған көптеген жобаларды iске асыру басталады.
Экономиканы әртараптандыру саласындағы бiрқатар iлгерiлеуге қарамастан экономиканы дамыту негiзiнен мұнай мен газды өндiру және экспорттаудың өсiмi есебiнен қамтамасыз етiледi.
Болжам бойынша 2010 жылы 2000 жылмен салыстырғанда ЖIӨ екi еселенуi саласындағы стратегиялық мақсат мұнай мен газды өндiрудi дамыту қарқынының өсуi есебiнен iске асады.
3. 2011-2015 жылдарға арналған стратегиясы
Yшiншi кезең (2011-2015 жылдар) Стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспорттаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.
7БЕТ
Индустриялық-инновациялық саясатты жүргізу ЖІӨ
2003-2015 жылдарға арналған болжамы
┌┬┬┐
│ │ Тұрпатты көлемнің │ млрд. теңге, │
│ │орта жылдық өсімі %│ 2000 жылғы бағада │
│ ├┬┬┼┬┬┬┤
│ │2001-│2006-│ 2011- │2000 │ 2005 │ 2010 │ 2015 │
│ │2005 │2010 │ 2015 │ │ │ │ │
├┼┼┼┼┼┼┼┤
│ІЖӨ │7, 5 │8, 3 │7, 3 │2599, 4│ 3580, 2│ 5342, 3│ 7592, 9 │
├Өнеркәсiп │10, 0 │9, 2 │6, 8 │ 864, 3│ 1031, 9│ 1601, 9│ 2229, 8 │
│Тау кен өндiрiсi │10, 2 │13, 3 │8, 4 │267, 7 │ 448, 3 │ 835, 8 │ 1252, 8 │
│өнеркәсiбi │ │ │ │ │ │ │ │
│мұнай өндiру │11, 6 │14, 2 │8, 6 │221, 6 │ 383, 7 │ 745, 2 │ 1125, 7 │
│өзге де тау кен │7, 0 │ 7 │ 7 │46, 1 │ 64, 6 │ 90, 6 │ 127, 1 │
│өндiру салалары │ │ │ │ │ │ │ │
├Өңдеушi өнеркәсiп │8, 6 │5, 6 │4, 8 │346, 8 │ 497, 2 │ 652, 6 │ 825, 0 │
│металлургия мен │4, 4 │4, 3 │ 3 │139, 0 │ 172, 6 │ 213, 0 │ 247, 0 │
│металл өңдеу │ │ │ │ │ │ │ │
│ауыл шаруашылығы │9, 3 │8 │ 7 │132, 2 │ 206, 6 │ 303, 6 │ 425, 8 │
│өнiмдерiн қайта │ │ │ │ │ │ │ │
│өңдеу │ │ │ │ │ │ │ │
│химия өнеркәсiбi │21, 3 │ 3 │2, 5 │6, 1 │16, 0 │ 18, 6 │ 21, 0 │
│машина жасау │8, 1 │ 2 │1, 5 │17, 91 │26, 4 │ 29, 2 │ 31, 4 │
│ғылымды қажет │2, 0 │ 2 │2, 5 │ 2 │2, 2 │ 2, 4 │ 2, 8 │
│ететiн және │ │ │ │ │ │ │ │
│жоғарғы техно. │ │ │ │ │ │ │ │
│логиялық │ │ │ │ │ │ │ │
│басқа салалар │8, 1 │3, 2 │2, 5 │49, 6 │73, 3 │ 85, 8 │ 97, 0 │
│Электр энергиясын, │3, 4 │5, 6 │6, 0 │73, 0 │86, 4 │ 113, 5 │ 151, 9 │
│газ бен суды │ │ │ │ │ │ │ │
│өндiру және бөлу │ │ │ │ │ │ │ │
│Ауыл шаруашылығы │4, 8 │3, 0 │3, 0 │210, 9 │266, 6 │ 309, 1 │ 358, 3 │
├Құрылыс │16, 0 │19, 3 │15, 0 │134, 6 │282, 7 │ 683, 2 │ 1371, 1 │
│Тауарлар өндiрiсi │9, 7 │10, 4 │8, 8 │1209, 8│ 1581, 2│ 2594, 2│ 3962, 2 │
├Қызмет көрсетулер │7, 4 │6, 3 │5, 6 │1256, 0│ 1791, 4│ 2431, 9│ 3199, 7 │
│өндiрiсi │ │ │ │ │ │ │ │
│Көлiк қызмет │8, 5 │8, 4 │6, 7 │260, 2 │ 391, 2 │ 585, 5 │ 809, 8 │
│көрсетулерi │ │ │ │ │ │ │ │
│Байланыс қызмет │10, 5 │7, 0 │6, 3 │38, 3 │ 63, 2 │ 88, 6 │ 120, 3 │
│көрсетулерi │ │ │ │ │ │ │ │
│Сауда қызмет │8, 6 │7, 0 │6, 5 │323, 5 │ 488, 7 │ 685, 4 │ 939, 0 │
│көрсетулерi │ │ │ │ │ │ │ │
│Бiлiм беру қызмет │5, 5 │4, 0 │4, 0 │110, 0 │ 143, 8 │ 174, 9 │ 212, 8 │
│көрсетулерi │ │ │ │ │ │ │ │
¦Ғылым және ғылыми-│4, 0 │4, 0 │4, 2 │24, 0 │ 29, 2 │ 35, 5 │ 43, 6 │
│инновациялық │ │ │ │ │ │ │ │
│қызмет │ │ │ │ │ │ │ │
│Басқа қызмет │6, 2 │5, 0 │4, 5 │500, 0 │ 675, 4 │ 862, 0 │ 1074, 2 │
│көрсетулер │ │ │ │ │ │ │ │
│Таза салықтар │0, 0 │0, 0 │0, 0 │-23, 7 │ -23, 7 │ -23, 7 │ -23, 7 │
└┴┴┴┴┴┴┴┘
7БЕТ
ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ТӘЖІРИБЕЛІК КОНСТРУКТОРЛЫҚ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (ҒЗТКӘ)
Қор гранттар беру арқылы индустриалдық-инновациялық дамудың басым бағыттарындағы қолданбалы ҒЗТКƏ қаржыландырады. Қолданбалы ҒЗТКƏ жобалар кешенді ғылыми-техникалық жəне экономикалық сараптама негізінде конкурс өткізу, ҒЗКТƏ нəтижелерін коммерцияландыруды бағалау арқылы таңдап алынады. Коммерциялық əлеует бағасы өнімнің (технологияның) бəсеке артықшылықтары деңгейін бағалауды, ұзақ сақталу мүмкіндігін, əлеуетті рыноктың (тұтынушылардың) болуын қамтиды. Қаржы ҒЗТКƏ нəтижелеріне Қордың мүліктік құқықтарын қарастыратын шарттарда заңды тұлғаларға беріледі. Инновациялық жобаның өмірлік циклінің бастауы болып табылатын ҒЗТКƏ жобаларын қаржыландыру Қор үшін инновациялардың «ұрықтары» сияқты стратегиялық маңызы бар. Мысалы, ІСТ технологиялар саласында Қор қаржыландыратын ҒЗТКƏ жобаларының бірінде бұрғылау немесе қазу жұмыстарын талап етпейтін жер асты объектілерін зондпен зерттеу үшін ғана бұрын мұхиттануда пайдаланылған геосонарлық технологияны қолдану қарастырылған. Осындай жұмыстарды қазір қолданылатын технологиялармен салыстырғанда шығындарды қомақты азайтып, 1500-2000 метрге жететін тереңдікке дейін жүргізуге мүмкіндік бар. Тағы бір мысал, фармацевтика саласында қазақстандық ғалымдар жасап шығарған жəне дүние жүзінде теңдесі жоқ «Нормоген» препаратының клиникалық сынақтар жобасы қаржыландырылуда. Ісікке қарсы препараттың əсері өзектік жасушалар деңгейінде болады. 2005 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қорға 2 573, 9 млн. теңге жалпы сомаға ҒЗТКƏ жобаларын қаржыландыруға гранттар алуға 241 өтінім берілді, олардың ішінде Қор инвестицияларының талап етілетін сомасы 1 785, 1 млн. теңге болды. Қор жалпы құны 200 млн. теңге болатын ҒЗТКƏ 26 жобасын қаржыландыру міндеттемесін қабылдады, Қор қатысатын сома - 196, 2 млн. теңге. 2005 жылы Қорға 957, 4 млн. теңге жалпы сомаға ҒЗТКӘ жобалары бойынша грант беруге 105 өтінім келіп түсті. Қор 15 жоба бойынша 123, 6 млн. теңге қатысу үлесімен жалпы құны 127, 1 млн. теңге болатын ҒЗТКӘ гранттар беру міндеттемелерін қабылдады. 31. 12. 2005 ж. жағдай бойынша ҒЗТКӘ жобалары бойынша жалпы 135, 1 млн. теңге, соның ішінде 2005 ж. 106 млн. теңге нақты қаржы бөлінді
Баламалы энергетика
Осы саладағы зерттеулер өзектілігі дүние жүзі бойынша келесі факторлармен анықталады:
• жақын он жыл ішінде дəстүрлі энергия көздерінің бітуіне, соған сəйкес бағаның өсуіне шынайы қауіптің болуы, яғни елдің энергетикалық тəуелсіздігін қамтамасыз ету мəселесі;
• бүкіл дүниежүзі масштабтарында жəне жекелеген елдер мен қалалар масштабтарында экологиялық мəселелердің асқынуы;
• өзіндік құны бəсекеге қабілетті деңгейде орталықтандырылған көздерден алшақ тұтынушыларды энергиямен қамтамасыз ету.
Зерттеулердің негізгі бағыттары:
• жел энергиясының потенциалын тиімді пайдалану. Осы салада елдің көпшілігі оффшор аймақтарды (жағалаудағы теңіз жəне мұхит акваторияларында) пайдалану үшін үлкен агрегаттық қуатты (5 МВт жəне одан жоғары) ірі жел қондырғыларын құруға күш жұмсаған;
• күн энергиясын пайдалану. Зерттеулер генерацияланатын электр энергиясының бағасы дəстүрлі көздер энергиясының құнымен салыстыруға болатын «құн-өндіргіштік» критериі бойынша тиімдірек күн батареясы материалдарын құруға бағытталған. Сондай-ақ күн энергиясын құрудың жəне пайдаланудың басқа схемалары бойынша, мысалы, «Стирлинг қозғалтқыштарын» пайдалану арқылы жұмыстар жүргізілуде;
• өзендер мен теңіз тасуларының энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыру. Дүние жүзінде бірнеше энергетикалық тасу станциялары салынған;
• сутек энергиясын дамыту. Көптеген ғылыми ұйымдар мен компаниялар отын элементтерінде, көлік құралдарында пайдалану үшін сутекті сақтау мəселелерін шешуге терең көңіл бөлуде;
• биоэнергетиканы, жекелеп алғанда көлік құралдары үшін биоотынның экологиялық таза түрлерін дамыту, өмір сүру қалдықтарынан биогаз алу. Баламалы энергетика саласында Қорға ҒЗТКӘ 18 жоба келіп түсті, олардың ішінен Қор 3 жобаны қаржыландыруға қабылдады.
9БЕТ
Технологиялар
Қазiргi экономикалық дамудың негiзгi сипаттамаларының бiрi озық ғылыми-технологиялық әзiрлемелердiң негiзiнде белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жасалған технологияларды кезең-кезеңiмен ауыстыру процесiмен байланысты оның әркелкi сипаты болып табылады. Технологиялық құрылымдардың ауысуы сәтiнде алдындағы кезеңде көш басында болған елдер капиталдың құнсыздануына және бұрынғы өндiрiстерде iстеген қызметкерлердiң бiлiктiлiгiнен айырылуына тап болады. Жаңа өндiрiстiк-технологиялық жүйенi қалыптастыруда жетiстiктерге қол жеткiзiп үлгерген елдер дәстүрлi жұмсау салаларынан сырғып бара жатқан капиталды тарту орталықтарына айналады.
Стратегия индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiк артықшылықтарды алуға жәрдемдесуге тиiс.
Негiзгi бағыттар:
1. Жоғары технологиялы өндiрiстер қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк те, салааралық та технологиялар трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға жәрдемдесу.
2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi бар қалаларда қазiргi заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c. c. ) қолдау.
3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан алғанда озық салаларды дамытуда қазiргi ғылыми-техникалық әлеует салаларын пайдалану.
Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде: биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар штамдары және басқалары) ; ядролық технологиялар; ғарыштық технологиялар; жаңа материалдар, химиялық өнiмдер және басқаларды жасау.
4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық бағыттардың: жаңа материалдар мен химиялық технологиялар; ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.
5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық қызметiн ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсiп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуiне бағытталған заң шығару базасын жетiлдiру.
Басым технологиялық бағыттар бойынша Қор қаржыландыратын ҒЗТКӘ жобалар портфелінің құрылымы Баламалы энергетика Жаңа материалдар мен нанотехнологиялар Биотехнологиялар мен фармацевтика Көміртегі технологиялары.
БАСҚА ТЕХНОЛОГИЯЛАР. Сондай-ақ Қор инновациялық технологиялардың басқа бағыттары бойынша ұсынылған 8 жобаны қарастырып, қаржыландыруға қабылдады. Осылайша, «Белкамит» БК Қазақстан Республикасы мен РФ газ құбырларына арналған тарылту камера құрылғысының тəжірибелік-конструкторлық əзірлемесін жүргізуде. Тау-кен ісі институты берік тау жыныстарында бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін жақсартылған техникалық жəне экономикалық көрсеткіштермен электрмагниттік перфораторды сынақтан өткізуде. «Инновация жəне реинжиниринг ғылыми-зерттеу институты» ЖШС əзірлеушілері гранттық жоба шегінде концентрацияланған азот-фосфор тыңайтқышына Қаратау фосфоритін химиялық өңдеу технологиясы бойынша тəжірибелік-конструкторлық жұмыс жүргізуде. Қаратау фосфориттерін пайдаға асыру экологиялық қана емес, ғылыми-шаруашылық мəнге ие. Грант алушылардың алдында фосфориттен Р 2 О 5 алу коэффициентін 95% дейін көтеру, сондай-ақ өнімділігін 20% көтеру міндеті тұр. Қаржыландыруға қабылданған ҒЗТКƏ 26 жобасының ішінен 31. 12. 2005 ж. жағдай бойынша ҒЗТКƏ 3 жобасы аяқталды, олар бойынша ҒЗТКƏ нəтижелеріне мүліктік қатынастарды рəсімдеу бойынша процедуралар жүргізілуде. Олардың ішінде:
1) ауыр мұнай шикізатының газ ағынды термозил əдісі мен технологияларын əзірлеу жобасы («Urals Ennoble Petroleum Company» ЖШС) . Компания Қордың үлестік қатысуымен патент алуға өтінім берген болатын;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz