Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның даму приоритеттері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 139 бет
Таңдаулыға:   

Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ахметова Гүлстан Иванқызы

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУ ПРИОРИТЕТТЕРІ

08. 00. 01 - Экономикалық теория

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

іздену диссертациясы

Ғылыми жетекші:

экономика ғылымдарының докторы,

профессор Шеденов Ө. Қ

Алматы - 2007

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 10

1. 1. Экономикалық қатынас жүйесіндегі инфрақұрылым . . . 10

1. 2. Инфрақұрылымның дамуының шетелдік тәжірибесі . . . 25

ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІ . . . 38

2. 1. Қазақстан Республикасындағы инфрақұрылымның қызмет ету ерекшеліктері . . . 38

2. 2. Инфрақұрылым - ұлттық шаруашылықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың факторы . . . 54

2. 3. Республикадағы инфрақұрылым дамуының инвестициялық ахуалы . . . 68

2. 4. Инфрақұрылым салаларының сапалы қызмет көрсету тиімділігі . . . 79

ІІІ. ХАЛЫҚТЫҢ ӨМІР СҮРУ ЖАҒДАЙЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ПРИОРИТЕТІ . . . 92

3. 1. Инфрақұрылым дамуында мемлекеттік реттеу құралдарының өзара қатынасы . . . 92

3. 2. Аймақтағы халықтың өмір сүруін қамтудағы инфрақұрылым . . . 107

Қорытынды . . . 118

Қолданылған әдебиеттер . . . 121

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі жаһандану жағдайында қоғамдық прогресс әлеуметтік және экономикалық процестердің дамуымен қоғамның дамуына қажетті жағдай жасайтын ұлттық шаруашылық кешенінің барлық салаларын жетілдіруге қабілетті. Бұл қызметті материалдық және әлеуметтік ситаттағы инфрақұрылым атқарады.

Қоғамдық ұдайы өндірістің дамуында материалдық және әлеуметтік инфрақұрылымның алатын орны алдыңғы қатардағы өзекті мәселелердің бірі екендігі анық. Олар бүгінгі таңдағы ауқымды экономикалық өзгерістер кезеңінде қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сондықтан да әлеуметтік, экономикалық және т. б. күрделі мәселелерді шешуде инфрақұрылымды дамыту және оны жетілдіру - бүгінгі күннің басты талабы.

Инфрақұрылым қоғамдық ұдайы өндіріс процесі құрылымында, адами ресурстар мен капитал салымдарының айтарлықтай бөлігін қамтуда және қоғамдық, халықаралық еңбек бөлінісін арттыруда маңызды орын алады. Сонымен қатар, күрделінген және кеңейтілген қоғамдық және мемлекетаралық қатынастарға қызмет көрсетуге бейімделген әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық процестерді күшейтуге зор ықпалын тигізеді.

Инфрақұрылым әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыпты қызметін жүзеге асыратын, әрі қамтамасыз ететін қосымша салалар кешенін құрайды. Ол елдің экономикалық дамуына үлкен ықпал етеді, бірақ ол өндірістің әрбір тәсіліне қарай өзгеше, және оның элементтері экономикалық заң талаптарының әсер етуімен дамиды. Инфрақұрылымның даму деңгейі және қызмет көрсету сапасы, көбінесе өндірістің даму дәрежесіне және халықтың өмір сүру сапасына әсерін тигізеді.

Қазақстан Республикасында экономиканың рыноктық өзгеріс барысында инфрақұрылым салаларының қызмет етуінің дәстүрлі жүйесі өзгерді. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бұл салалардағы ахуалдарды жақсарту мақсатында оның даму приоритетіне ерекше көңіл бөлінуде.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында: «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды біз стратегиялық міндет дәрежесіне көтеруге тиіспіз. Біз мемлекеттік -жеке меншік әріптестігінің көмегімен әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму тетігін қалыптастыру қажеттігіне жеттік деп білемін» [1], - дей отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдар, бағыттардың жүзеге асырылуында ең басты инфрақұрылым салалары қызметтерінің дамуына айрықша көңіл бөлуі бекер емес.

Әлеуметтік бағытталған экономикада ұлттық экономиканың жаңа моделін жүзеге асыруда әлеуметтік аялардың қызметтерін, атап айтқанда көлік және коммуникация салаларының халыққа сапалы қызмет көрсетулерін жақсартуда тиімді механизмдерді пайдалану орын алды. Көлік және коммуникация қызметтері инфрақұрылым қызметтерінің құрамдас бөлігі ретінде қоғамның еңбек әлеуетінің қалыптасуымен, әлеуметтік кепілдіктерді іске асырумен, адамның өмір сүру сапасы және оның әл-ауқатымен байланысты мәселелерді шешеді. Көлік және коммуникация жүйесі - экономикалық өрлеудің негізгі факторы.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі - еліміздегі экономикалық қатынас жүйесіндегі инфрақұрылым салалары қызметтерінің, оның ішінде көлік және коммуникация қызметтерінің даму приоритеті.

Қазіргі таңда экономиканың әртүрлі салаларының қызмет ету тиімділігіне және халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету мүдделеріне қолайлы жұмыс жасайтын, тиімді, қауіпсіз көлік және коммуникация жүйесі бағытталған. Халыққа қызмет көрсететін көлік және коммуникация саласы қоғамның әлеуметтік процестерінің дамуына әсер етеді.

Көлік және коммуникация қызметтері тұтынушыларына, оның ішінде халықтың мұқтаждықтарына және толығымен экономикаға бағытталған болуы тиіс. Олар Республикадағы қалалық және ауылдық мекендердің арасын байланыстыра отырып, мемлекеттің әкімшілік және аймақтық тұтастығын, қорғаныс қабілеттілігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Қызмет көрсететін көлік және коммуникация инфрақұрылымның басқа түрлерімен қатар сыртқы саяси, экономикалық, әлеуметтік мақсаттарға жетудің маңызды факторы бола отырып, қоғамның тіршілік әрекетін негізгі жағдайлармен қамтамасыз етеді. Көлік - бұл адам және жүк тасымалдау қызметін көрсететін сала ғана емес, ең алдымен, шаруашылықты жүргізу мен тіршілік әрекетіне жағдай жасайтын салааралық жүйе. Көлік және коммуникация қызметінің тарихи дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық және кеңістік дамуын алдын-ала айқындай отырып, оның халықаралық әсерін күшейтуге ықпалын тигізді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған міндетіне сәйкес экономика мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көбінесе көлік және коммуникация кешені қызметінің тиімділігіне байланысты және осы салалық инфрақұрылымды дамыту басты мәселеге айналып отыр.

Көлік және коммуникация салаларындағы экономикалық қатынастар қоғамдағы экономикалық қатынастар жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Көлік және коммуникациядағы экономикалық қатынастардың ерекшелігін көрсету - олардың нақты түрлерін анықтау, экономикалық мәселелерді талдау, әлеуметтік-экономикалық процестегі оның орынын дәл анықтау қажеттігі.

Тақырыптың ғылыми зерттелуінің дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде инфрақұрылымның мәні, оның қоғам өміріндегі қызметтері мен ролі туралы мәселелер бойынша осы уақытқа дейін біртұтас көзқарастар болмады. Сонымен бірге оған жалпы белгіленген анықтама да жоқ. Өйткені инфрақұрылым түсінігі теориялық және тәжірибелік жағынан әрдайым кеңейтіліп отырады және ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жағдайында өндірістік және әлеуметтік аяның барлық жаңа қызмет көрсететін жүйесін қамтиды.

Инфрақұрылым салаларын зерттеу мәселелері бойынша көптеген шетел ғалымдарының, яғни В. Леонтьева, Е. Домар, Р. Нурксе, П. Розенштейн-Родан, Ф. Котлер, К. Р. Макконл, С. Л. Брю, М. Портер, А. Лернер, Ф. Найт, Р. Познер және т. б. жұмыстарын айтуға болады.

Инфрақұрылымның даму теориясы мен тәжірибесіне байланысты арналған жақын шетел экономист ғалымдарының зерттеулері сан алуан. Олардың ішінде: Л. И. Абалкин, М. А. Абрамов, Э. М. Агабабьян, А. Н. Алымов., А. И. Горанин, В. В. Запольский, А. И. Кочерга, В. А. Медведев., Н. С. Подольский, В. М. Рутгайзер, М. И. Скаржинский, М. В. Солодков, Р. Х. Шадиев және т. б. атап көрсетуге болады.

Инфрақұрылымның дамуындағы әр түрлі мәселелері және олардың экономикалық теориямен байланысы отандық ғалымдардың, атап айтқанда Я. Ә. Аубакиров, Р. А. Алшанов, С. Батыршаұлы, С. Н. Гайсина, Р. Е. . Елемесов, С. Р. Есимжанова, Е. Б. Жатканбаев, Д. К. Кенжегузин, А. К. Кошаноав, К. Е. Кубаев, К. С. Мухтарова, С. Н. Нысанбаев, Т. С. Сарбасова, Л. Ф. Сухова, М. С. Төлегенова, Б. П. Чумаченко, Ө. К. Шеденов, Ю. К. Шокаманов және т. б. еңбектерінде де кездеседі. Сондай-ақ көлік және коммуникация саласының даму саласында қызмет ететін инженер-ғалымдардың, яғни Е. Д. Атамқұлов, А. Есентүгелов, К. К. Жангаскин, Н. К. Исинғарин, С. С. Сатыбалдин, Р. К. Сатова, Т. Б. Баяхметов, Г. Сұлтанбекова және т. б. еңбектерін айтуға болады.

Инфрақұрылымның мәнін келесідей тұжырымдауға болады, яғни, бұл - қоғамның барлық элементтерінің және олардың өндіріс пен әр түрлі сипаттағы қызмет көрсету арқылы өзара қарым-қатынасын білдіретін, нәтижесінде тиімді әлеуметтік-экономикалық кеңістік дамуын және халықтың өмір сүру сапасын жоғарлататын экономикалық қатынас жүйесіндегі салалар мен объектілер жиынтығы. Инфрақұрылымның әлеуметтік-экономикалық мәнін екі тұрғыдан қарауға болады: біріншіден, өндірістің түріне тәуелсіз материалдық және рухани игіліктер өндірісінің кез-келген үдерісінде қажет; екіншіден, осы және басқа қоғамға лайық экономикалық қатынастардың ажырамас бір бөлігі.

Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі жағдайында инфрақұрылымның дамуы теориялық және әдістемелік негіздегі зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Сондықтан материалдық және әлеуметтік (материалдық емес) сипаттағы инфрақұрылымның даму мәселелерінің бәсең зерттелуі теория тұрғысынан ғылыми зерттеудің өзектілігін дәлелдейді. Бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдаудың бірден-бір себебі.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты әлеуметік бағыттағы рыноктық экономика жағдайында инфрақұрылым салалары қызметтерінің қалыптасуы мен қызмет ету процестерін кешендік оқып білу және осының негізінде экономикалық қатынас жүйесіндегі инфрақұрылымның маңызды құрамдас бөлігі ретінде халыққа қызмет көрсететін көлік және коммуникация қызметтерінің даму мәселелерін зерттеу болып табылады.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты төмендегідей зерттеу міндеттерін белгіледі:

- инфрақұрылым түсінігінің толық мағынасын ашу үшін оған әдістемелік тәсілдерді жүйелеу және кешендік жалпылау;

- қазіргі экономикадағы инфрақұрылымның жіктеу үлгісін анықтау;

- экономикалық қатынас жүйесіндегі инфрақұрылым қызметтерінің орынын анықтау;

- еліміздің экономикасының дамуына әсер ететін инфрақұрылым салаларының, оның ішінде халыққа қызмет көрсететін көлік және коммуникация қызметтеріне баға беру;

- көлік және коммуникация салаларының қызмет ету ерекшеліктерін талдай отырып, статистикалық мәліметтердің негізінде адамның қызметіне талдау жүргізу;

- көлік және коммуникация қызметтері рыногының даму тенденциясы мен динамикасын қарау және ондағы өзгерістерге баға беру;

- инфрақұрылымның дамуын мемлекеттік реттеу құралдары мен әдістерін зерттеу және реттеудің үйлесімді институттарының даму шараларын ұсыну;

- аймақтағы халықтың өмір сүруін қамтудағы инфрақұрылымның ролін анықтау.

Ғылыми зерттеудің нысаны - қоғамға және халықтың тіршілік әрекетіне қызмет көрсететін Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация салалары.

Ғылыми зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасында инфрақұрылым қызметі түрлерінің, оның ішінде көлік және коммуникация қызметтері рыногының қалыптасуы мен қызмет етуімен байланысты экономикалық қатынастар.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін экономика ғылымдарының классиктері, инфрақұрылым жөніндегі шетелдік және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары, монографиялар, ғылыми-практикалық және халықаралық конференциялар жинақтары, оқулықтар, басылымдар, сонымен қатар жалпы теориялық және жалпы әдістемелік сипатардағы материалдар құрайды. Зерттеуде жүйелік-қызметтік, тарихи-логикалық, салыстыру, экономикалық-статистикалық, сандық-сапалық талдау және т. б. әдістер қолданылды.

Ақпараттандыру және статистикалық негіз ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, басқа да құқықтық-нормативтік актілер, Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрінің аналитикалық жинақтары, арнайы веб-сайт, Ұлттық статистика агенттігінің ресми мәліметтері алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Зерттеу кезінде диссертацияның ғылыми жаңалығын анықтайтын төмендегідей нәтижелер алынды:

  • Қазақстан Республикасы экономикасының дамуының жаңа моделінің ерекшеліктерін ескере отырып, инфрақұрылым түсінігіне толық авторлық анықтама берілді;
  • авторлық тұрғыдан материалдық және әлеуметтік (материалдық емес) сипаттағы инфрақұрылым қызметтерінің жіктелу моделі жасалды;
  • халыққа қызмет көрсететін инфрақұрылым қызметтер түрлері рыногының даму ерекшеліктері және олардың бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканың дамуының сандық және сапалық көрсеткіштеріне әсері анықталды;
  • инфрақұрылым салалары қызметтерінің, оның ішінде көлік және коммуникация қызметтерінің сапалы қызмет көрсету арқылы әлеуметтік-экономикалық тиімділігі көрсетілді;
  • әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы жүзеге асыру жағдайында көлік және коммуникация қызметтер рыногының дамуын зерттеу негізінде көлік және коммуникация қызметтерін көрсетудегі мемлекеттік реттеудің приоритетті бағыттары ұсынылды.

Қорғауға ұсынылатын негізгі жағдайлар:

  • Инфрақұрылым - бұл қоғамның барлық элементтерінің және олардың өндіріс пен әр түрлі сипаттағы қызмет көрсету арқылы өзара қарым-қатынасын білдіретін, нәтижесінде тиімді әлеуметтік-экономикалық кеңістік дамуын және халықтың өмір сүру сапасын жоғарлататын экономикалық қатынас жүйесіндегі салалар мен объектілер жиынтығы;

- Экономикалық қатынастар жүйесіндегі инфрақұрылымның мәні оның келесідей негізгі функциялары арқылы анықталады: инфрақұрылымның қызмет көрсетуші функциясы шаруашылық объектілері табысты жұмыс істеу үшін өндіріске және халыққа қызмет көрсетеді; инфрақұрылымның қамтамасыз ету функциясы белгілі аумақта адам қызметтерінің сол не өзге түрлерін қамтамасыз етеді. Инфрақұрылым өнім өндіру үшін жағдайдың қалыптасуын, дайын өнімнің сатылуын және қызметтің көрсетілуін қамтамасыз етеді; инфрақұрылымның интеграциялық функциясы өндірістік және әлеуметтік сала, аймақ пен мемлекет арасындағы орынға ие; инфрақұрылымның жүйелік функциясы тұтас алғанда ұлттық шаруашылықтағы ұдайы өндірістің барлық фазаларындағы бірлікті, ал жеке алғанда, ұдайы өндіріс процесінде өзара байланысты орнату арқылы оның құрылымдық бөлімшесіндегі бірлікті қамтамасыз етуге ықпал етеді; инфрақұрылымның ұдайы өндіріс функциясы өндіріс пен негізгі өндірістік факторлардың процесі сияқты, тауарларды өндіруге және қызметтердің көрсетілуіне тікелей қатысатын адам ресурстарын және басқа факторларды өндіреді; и нфрақұрылымның аумақтық функциясында инфрақұрылым жаңа объектілерді аумақтық орнықтыру немесе ескі объектілерді өзгерту (қайта салу, қайта жинақтау және басқалар) факторы болып табылады. Шаруашылық аумақтық жүйелерді және аумақтық кешендерді қалыптастыру инфрақұрылымдық негізде жүзеге асады.

- Инфрақұрылым ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілетті жағдайында күрделі бөлігі бола тұрып, өзінің дамуы мен жетілу процесінде оның әлеуметтік-экономикалық мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін сапалы жаңа ерекшеліктерге ие болды. Ал бұл арқылы оның ең сипатты құрам бөліктерін анықтауға болады. Біріншіден, инфрақұрылым салаларының қызметтері жұмысшылардың еңбек нәтижесі ретінде өмір сүру игіліктерін өндірудің негізгі құрамдас бөлігі болды, нәтижесінде оның қоғамдық пайдалығын анықтайды. Екіншіден, ауқымды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде, тұрмыс халінің артуында, қала мен ауыл арасындағы айырмашылықтарын жоюда, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануда, қоғамдық еңбек шығындарын үнемдеуде, адамдардың бос уақытының ауқымын кеңейтуде әлеуметтік инфрақұрылымның қызметтері өсті. Үшіншіден, инфрақұрылым салаларының экономикалық дербестілігі нақтыланды және анықталды, сәйкесінше, жеке көрсеткіш жүйелерін, нормативтерді, стандарттарды, техникалық шарттарды өндіру, қалыптастыру және негіздеу процесінде жаңа мақсатты қызметтері анықталды.

- Көлік және коммуникация қызметінің қызмет етуінің ерекшеліктері инфрақұрылымдық кешеннің құрамдас бөлігі бола отырып, өнімнің өзіндік құнында көлік-коммуникация шығындарының елеулі үлес салмағынан тұрады. Осылайша, көліктік-коммуникациялық қызмет көрсету аясының өсімі, көлік және коммуникация қызметтерінің жүзеге асырылуының тиімділігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының елеулі факторы болып табылады, ол экономикалық базистің кеңеюіне мүмкіндік береді, қоғамдық өндірістің нәтежиелерінің жетілуіне әсер етеді. Осының барлығы қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік қажеттіліктерін толық және жан-жақты қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды.

Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәні. Диссертациялық жұмыстың ғылыми және тәжірибелік қорытындылары мен түйіндері экономика ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосады және қолданбалы (нақты-экономикалық) деңгейде ұқсас зерттеулер жүргізу барысында әдістемелік негіз ретінде қолдануға ұсынады.

Зерттеу жұмысының нәтижелері инфрақұрылым қызметтерін әлеуметтік-экономикалық қатынастарда жүзеге асыру жөніндегі ұзақ мерзімді тұжырымдамаларда, нұсқауларда және сонымен қатар инфрақұрылым салалар қызметтері, оның ішінде көлік қызметтерінің дамуы мен оларды мемлекеттік реттеудегі бағыттарды жүзеге асыруға қолдануға ұсынылады.

Жұмыстың мағұлыматтарын жоғары оқу орындарындағы келесідей курстарды оқытуда пайдалануға болады: «Экономикалық теория», «Қоғамдық сектор экономикасы», «Әлеуметтік аялар экономикасы» және т. б.

Диссертациялық жұмыстың сынақталуы мен расталуы. Зерттеу жұмысының негізгі теориялық нәтижелері мен қорытындылары халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалды. Оның ішінде: «Біртұтас экономикалық кеңістік: стратегиясы және жүзеге асыру механизмі» атты халықаралық ғылыми конференция. (Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 13-15 қараша, 2003 ж. ) ; «Қазақстандағы экономика өсімі: көзі, факторлары, тенденциясы және болашаққа болжау» атты жас ғалымдардың 58-ші ғылыми-теориялық конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 22-23 сәуір, 2004 ж. ) ; «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері» атты Ф. А. Жеребятьевтің 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 12-13 қараша, 2004 ж) ; «Экономикадағы бәсекелестік қабілет: теория және тәжірибе мәселелері» атты жас ғалымдардың V-ші ғылыми-теориялық конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 8-9 желтоқсан, 2004 ж) ; «ХХI - ғасырдағы Қазақстан экономикасының бәсеке қабілеттілігі мен жедел жаңаруның стратегияся» атты халықаралық ғылыми конференция. (Ақтөбе қаласы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті, 14-16 сәуір, 2005 ж. ) ; «Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жедел жаңаруының мәселелері мен болашағы» атты жас ғалымдардың 59-шы ғылыми-теориялық конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 19-20 сәуір, 2005 ж. ) ; «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» атты Т. Рысқұловтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 18-20 мамыр, 2005 ж. ) ; «Социальные приоритеты экономической политики Республики Казахстан» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 9-10 маусым, 2005 ж. ) ; «Ғаламдық даму аясындағы ұлттық экономика» атты ҚР ҰҒА академигі Я. Ә. Әубәкіровтың 80 жылдық мерейтойын арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 8-9 желтоқсан, 2005 ж) ; «Әлемдік рынокта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты жас ғалымдардың 59-шы ғылыми-теориялық конференция (Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 13-14 сәуір, 2006 ж. ) ; «Ускоренная модернизация и динамичность национальной экономики Казахстана» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция (Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰПУ, 12 мамыр, 2006 ж. )

Диссертациялық жұмыстың жарияланымы. Диссертациялық жұмыс тақырыбы бойынша 13 авторлық жұмыс жарық көрді. Ол еңбектер жұмыстың негізгі мазмұнын тегіс қамтиды. Оның ішінде 3 еңбек ЖАК-тің нұсқауындағы ғылыми журналдарда жарияланған. Баспа табақ көлемі - 3, 7.

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, 90 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертация көлемі компьютерде терілген 125 бетті, 9 кесте, 12 суретті қамтиды.

І. Экономикалық қатынас жүйесіндегі инфрақұрылымның дамуының теориялық негізі.

1. 1. Экономикалық қатынас жүйесіндегі инфрақұрылым

Инфрақұрылым қоғамдық ұдайы өндіріс процесі құрылымында, адами ресурстар мен капитал салымдарының айтарлықтай бөлігін қамтуда және қоғамдық, халықаралық еңбек бөлінісін арттыруда маңызды орын алады. Сонымен қатар, күрделінген және кеңейтілген қоғамдық және мемлекетаралық қатынастарға қызмет көрсетуге бейімделген әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық процестерді күшейтуге зор ықпалын тигізеді.

Инфрақұрылым әлеуметтік-экономикалық жүйенің қалыпты қызметін жүзеге асыратын, әрі қамтамасыз ететін қосымша салалар кешенін құрайды. Ол елдің экономикалық дамуына үлкен ықпал етеді, бірақ ол өндірістің әрбір тәсіліне қарай өзгеше, және оның элементтері экономикалық заң талаптарының әсер етуімен дамиды. Инфрақұрылымның даму деңгейі және қызмет көрсету сапасы, көбінесе өндірістің даму дәрежесіне және халықтың тіршілік ету сапасына әсерін тигізеді.

Инфрақұрылым кең мағынада материалдық өндірістің негізгі базалық саласына қызмет көрсететін, ғылыми-техникалық және әлеуметтік өрлеудің дамуына ықпал ететін, ең алдымен, өндірістік емес аялардың бөлімшелері мен салалар жүйесін қамтиды.

«Инфрақұрылым» термині латын тілінде «infra» - төмен, «structura» - құрылым, орналасу дегенді білдіреді. Бұдан, инфрақұрылым - бұл құрылым негізінде қалыптасатын және экономикалық субъектілердің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ұдайы өндірістің материалдық жағдайын жасау арқылы шешетін ұлттық шаруашылықтың құрылымдық таралымы. Инфрақұрылымды экономиканың барлық салаларын дамытушы іргетас ретінде де қарастыруға болады. Инфрақұрылым термині соғыс кезеңінен кейін, яғни ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының соңында пайда бола бастады. Ол ең алғашқысында әскери терминологияда (әскерлерге қызмет ететін объектілер, ғимараттар, аэродромдар, ракета базалары, радиолакациялық орындар) қолданылған, одан кейін ол экономиканың әр түрлі салаларында пайдаланылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестицияны басқарудағы даму приоритеттері
Туркия және Орталық Азия елдері арасындағы қарым-қатнастың экономикалық аспектілері
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық саясаты
АҚШ - ның Қытайдың әскери потенциалын кемітудегі қимылдар
Қазіргі кездегі АҚШ – Қытай қатынастары
Шетел инвестициясын ұлттық экономикаға тартудың теориялық негізі
Туризм саласындағы мультипликативті әсері
Кластер және бәсекелестік
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Кәсіпкерлік кызметтің түрлері,классификациясы, мемлекеттік реттелуі Қазақстан Республикасында құрылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz