Сақтандыру қызметінің қалыптасуы


Жоспар
Кіріспе
1 Сақтандыру қызметінің қалыптасуы мен түсінігі
1. 1 Сақтандыру қызметінің түсінігі және оны ұйымдастыру 15-25
1. 2 Егемендік алғаннан кейінгі еліміздегі сақтандыру ісінің қалыптасуы және дамуы
1. 3 Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде атқаратын рөлі
2 Сақтандыру нарығы және оның құқықтық жағдайын талдау
2. 1 Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау
- Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуі бойынша мемлекеттік шаралары
2. 4. Сақтандыру компаниясының жалпы сипаттамасы және оның қаржылық көрсеткіштеріне талдау
3 тарау. Қазақстан Республикасының сақтандыру ісінің даму перспективалары
3. 1. Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін дамыту проблемалары
3. 2. Сақтандыру қызметі нарығының даму перспективалары
3. 3 Сақтандыру қызметін нарықтық қарым-қатынас талаптарына сай жетілдіру мәселелері және өзара сақтандырудың құқықтық негіздері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанның сақтандыру рыногын бағалай отырып, бірнеше келіспеушіліктерді атауға болады. Бір жағынан, бұ сектор қызықтырарлық өсуді көрсетеді, екінші жағынан, көлемі бойынша банктік сектордан айтарлықтай қалып отыр. Дегенмен, әлем бойынша сақтандыру компаниялары банктерді құратын ең ірі инвесторлар ғана емес, экономиканың индикаторы да болып табылады. Егер тұрақтылық болмай, сақтандыру компанияларының акциялары төмендесе, онда саудаға да, көлікке де, банктерге де ол әсерін тигізеді.
Қазақстанның сақтандыру рыногы қолданыстағы мемлекеттік сақтандырудың (Госстрах) монопольді жүйесі негізінде құрылған, 90-шы жылдары ол ірі қайтақұруларға тап болды. Отандық сақтандыру рыногы өз дамуында әр қадам сайын табиғи емес монополияны басып, альтернативті компанияларға жол берді. Қазіргі уақыттан бастап республиканың сақтандыру алаңында тоқауыл қойыған шараларға жол берілмейтін анық бәсекелестік бар деп үлкен болмаса да сеніммен айтуымызға болады. Тек шетелдерде қолданылған жаңа сақтандыру түрлері ендіріліп жатыр, сақтандырушылардың жауапкершілігі өсуде.
Тақырыптың өзектілік дәрежесі мынадан шығады: Рыноктық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Меншік иесіне мүліктің жойылуы мен табыс жоғалуынан, адамды өмірдің барлық жағдайынан сақтай отырып, сақтандыру қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандыру компанияларының резервтері өндірістік және өндірістік емес бағыттың тиімді салаларына ірі инвестициялар көзі болып табылады.
Көптеген шаруашылық субьектілердің өндірісіне зиян келтіретін және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін үлкен территориялардағы ірі табиғи немесе техногенді апаттар болған жағдайларда тиісті зиян шегудің орнын сақтандыру компаниялары арқылы өтеу, макроэкономикалық жағдайға оң әсер береді.
Қазақстан үшін өндірістік және өндірістік емес бағыттар табиғи немесе техногенді апаттарға сезімталдық деңгейі жоғары, яғни сақтандырудың потенциалды рөлі жоғары. Дегенмен, жеткілікті сақтандыру резервтерінің болмауы стихиялық апат, авариялар мен техногенді катастрофалар болған жағдайда, ішкі өнімді тұтыну, жинау және орнын толтыруға қайта бөлу пропорцияларының жоспарын бұзады. Пайда болған тура және жанама зиянның орнын толтыруға инвестициялық ресурстарды іздеу қажеттілігі туады. Сондықтан рыноктық экономика жағдайында Қазақстанның барлық халықшаруашылық кешенінің қаржылық жақсартудың тиімді жолдарын іздеу шарттарында, сақтандыру елдің тағдырын анықтайтын маңызды экономикалық міндеттерді шешуден тыс қалмауы керек.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы үздіксіз дамуда, бұл тақырыптың өзектілігін анықтайды. Сақтандыру сыйақыларының көлемі, капитализация деңгейі мен басқа да көрсеткіштер өсуде. Сонымен қатар, сақтандыру нарығының даму жолында елеулі мәселелер жатыр. Бұл диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға түрткі болды.
Диссертациялық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.
Зерттелудің мақсаты - ақтандыру ісін ұйымдастырудың теориялық аспектілерін анықтау қажет ететін сала болып табылады.
Қойылған мақсаттарға байланысты келесі міндеттерді зерттеу қарастырылған:
-Сақтандыру қызметінің түсінігі және оны ұйымдастыруды анықтау
- Егемендік алғаннан кейінгі еліміздегі сақтандыру ісінің қалыптасуы және дамуын талдау
-Сақтандырудың ұғымы және оның бүкіләлемдік сақтандыру кеңістігінде атқаратын рөлін зерттеу
-Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының жағдайын талдау
-Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуі бойынша мемлекеттік шараларын қарастыру
-Сақтандыру компаниясының жалпы сипаттамасы және оның қаржылық көрсеткіштеріне талдау
- Қазақстан Республикасының сақтандыру ісінің даму перспективаларын қарастыру
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасының сақтандыру мәселелерін қарастыру.
Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасының сақтандыру ісін жүзеге асыру.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Сақтандыру қатынастарын дамыту мәселелері бойынша жарияланған шетелдік және отандық құқық мамандарымен, ғалымдардың ғылыми еңбектері; заңнамалар; нормативтік актілер; құжаттар; мемлекеттік және жергілікті органдардың мерзімдік бағдарламалары; статистикалық мекемелердің көрсеткіштері; тұрғын үй мекемелерінің есебі; бұқаралық ақпараттар; www-серверлер материалдары.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеудің ғылыми жаңалығы - Қазақстан Республикасының тұрғын үсақтандыру ісін қатынастарының құқықтық реттеу мен үй қатынастары қызметін орындау механизмдерін жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасалдыі.
Диссертациялық зерттеу барысында келесідей ғылыми нәтижелер алынды:
- «тұрғын үй қатынасы» және «тұрғын үй саласын несиелендіру» түсінігіне анықтама берілді;
- тұрғын үй қатынастарының қалыптасуының ғылыми-тәжірибелік аспектілерін анықталды;
- тұрғын үй қатынастарын дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру жолдарын жетілдіруді қарастыру ұсынылды.
Зерттеу жұмысының қорғауға шығарылған тұжырымдары:
- тұрғын үй құрылыс саласында құқықтық реттеуді жетілдіру;
- несиелеу жүйесінің енгізу мәселелерін анықтау;
- қазақстандық тұрғын үй нарығы қызметін сәйкестендіру;
- тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын онтайландыру.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы мен апробациясы:
Диссертацияда берілген қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастарын қалыптастыру және жетілдірудегі теориялық-тәжірибелік міндеттерді шешуге бағытталған. Жоғарғы оқу орындарында оқу барысында диссертация қорытындыларын қолдануға болады. Диссертация ұсыныстары мен қорытындыларынғ ғылыми зерттеу материалдарын «Азаматтық құқық және азаматтық құқық істерін» жүргізу пәндерін оқыту барысында қолдануға болады. Диссертация тақырыбы бойынша 6, 5 баспа табақ болатын 2 мақала жарияланды.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі- бет.
1 Сақтандыру қызметінің қалыптасуы мен түсінігі
1. 1 Сақтандыру қызметінің түсінігі және оны ұйымдастыру
Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру қызметі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптармен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.
«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- өмірді сақтандыру;
- аннуитеттік сақтандыру;
«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
- жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
- медициналық сақтандыру;
- автомобиль көлігін сақтандыру;
- темір жол көлігін сақтандыру;
- су көлігін сақтандыру;
- жүктерді сақтандыру;
- 3) -7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
- әуе көлігін сақтандыру;
- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
- автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
- 10) -14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру.
Ерікті сақтандыру нысанында әрбір сыныптың мазмұны және оны жүгізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметін уәкілетті мемлекеттік органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.
Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді. [3, 39б. ]
Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы заңда көзделген заңда көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс.
Қайта сақтандыру бара- бар емес қайта сақтандыру қызметін де жүзеге асыру құқығын береді.
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша немесе «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензисы бар сақтандыру ұйымы бара бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметін өзінің лицензисында көрсетілген сыныптарда ғана қайта сақтандыру лицензиясынсыз жүзеге асыруға құқылы.
«Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек қана «жалпы сақтандыру» саласында қайта сақтандыру жөніндегі қайта сақтандыру жөніндегі лицензия алуға және бара-бар қайта сақтандыру жөніндегі қызметті де, бара-бар емес қайта сақтандыру жөніндегі қызметті де жүзеге асыруға құқығы бар.
Қайта сақтандыру қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмір сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салалары бойынша бара-бар қайта сақтандыруды да жүзеге асыруға құқылы.
Заңда қайта сақтандыру ұйымын құру, лицензиялау және оның қызметін тоқтату талаптарын қайта сақтандыруды қызметтің ерекше түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарына қатысты келтірілген.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі:
Сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметінен басқа қызметтің мынадай түрлерін:
- уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен инвестициялық қызметті;
- тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін) ;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды;
- ақпарат берілімдерінің кез келген түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы әдебиет сатуды;
- бұрын өз мұқтаждары үшін сатып алынған (сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымы үшін) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келіп түскен (сақтандыру ұйымы үшін) мүлікті сатуды немесе жалға беруді;
- сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетуді ;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргізуді;
- сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалы болуды;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консоциум немесе жай серіктестік құруға, қатысуға құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсіпкерлік қызмет ретінде көзделмеген мәмілелерді жүзеге асыру мен операцияларды жүргізуіне тыйым салынады.
Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандырушыларға (сақтандырушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.
Жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын ескере отырып, өзінің сақтанушыларына сатып алу сомасы шегінде қарыз беруге құқылы.
Сақтандыру ұйымы аннуитет шарты қолданылатын кезеңде актуарийдің қорытындысы негізінде уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен тұрақты беріліп тұратын сақтандыру төлемінің мөлшерін ұлғайтуға құқылы. [4, 160 б. ]
Ортақ сақтандыру кезінде сақтандыру шартының талаптары ортақ сақтандыру шартымен белгіленетін жағдайларда жетекші сақтандыру ұйымының міндеті мен өкілеттігін өзіне қабылдайтын сақтандыру ұйымының сақтандыру ережелеріне сәйкес айқындалады. Ортақ сақтандыру шартына қатысушы сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын сол сақтандыру түрі бойынша олардың ережелерінде көзделгенінен өзгеше жағдайларда жасасуға құқылы.
Лицензиясында тиісті сақтандыру сыныбы көрсетілмеген сақтандыру ұйымының ортақ сақтандыру ісіне қатысуына тыйым салынады.
1) Уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір тұлғаның:
өз атынан сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға, негізгі немесе қосымша қызмет түрі ретінде сақтандыру брокерінің, актуарийдің немесе уәкілетті аудитордың қызметін көрсетуге;
2) өзінің атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «сақтандыру ұйымы», «қайта сақтандыру ұйымы», «сақтандыру брокері» деген сөздерді немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыруды білдіретін не сақтандыру брокері, актуарий немесе уәкілетті аудитор ретінде көрінетін туынды сөздерді (сөз тіркестерін) пайдалануға құқығы жоқ.
Сақтандыру брокерінің қызметі ерекше қызмет түрі болып табылады және оны уәкілетті мемлекеттік орган лицензиялауға тиіс.
Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша өкілеттігімен жауапкершілігі сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тараптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді.
Сақтандыру брокерінің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне және оның қызметінің өзге де жағдайларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
Сақтандыру брокері, уәкілетті мемлекеттік органға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзі анықтаған төлем қабілетсіздігі фактілері туралы дереу хабарлауға міндетті.
Сақтандыру агентінің сақтандыру рыногында делдалдық қызметті жүзеге асыруға өкілеттігі сақтандыру ұйымының тиісті құжаттарымен белгіленеді.
Сақтандыру агентінің өкілеттігі болмаған жағдайда оның сақтандыру агенті ретінде қызметіне жол берілмейді.
Сақтандару ұйымы, өзінің атынан сақтандыру агенті сақтандыру ұйымынан алған өкілеттік шегінде жасаған сақтандыру шарты бойынша қабылдаған міндеттемелерді сақтандыру ұйымының өзі тікелей қабылдаған міндеттемелер ретінде орындайды.
Сақтандыру агенті сақтандыруға міндетті талаптар, оның ішінде сақтандыру құжаттамасы бланкілерінің есебінен жүргізумен сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу мәселелері жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасы талаптарымен ескеріле отырып, сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру делдалдығы операцияларын жүргізуге өзі уәкілдік берген сақтандыру агентерінің тізілімін жүргізіп отыруға міндетті.
Актуарийлік қызметті жүзеге асыру уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке адам актуарий болуға құқылы.
Актуарийлік қызмет заңға және уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес, сондай-ақ актуарийлік қызметті жүзеге асырудың халықаралық принциптері (стандарттары) ескеріле отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Актуарийлік есептеулер мынадай негіздер бойынша:
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бастамасы бойынша -бастамашылық актуарийлік есептеулер жүгізіледі.
- Қазақстан Республикасының заңдарында көздеген жағдайларда- міндетті актуарийлік есептеулер жүгізіледі.
Актуарийлік есептеулер жүргізу кезінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті актуарийлік есептеулер мен қорытындыларды жасау және дайындау үшін қажетті, актуарий талап еткен қолда бар құжаттар мен мәліметтердің бәрін беруге міндетті. Актуарий өзінің қарауына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы табыс еткен құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап бермейді.
Актуарий өзі жасаған актуарийлік есептеулермен қорытындылардың дұрыстығымен дәлдігіне Қазақстан Республикасының заң актілері жауап береді.
Актуарий, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзі анықтаған фактілерді уәкілетті мемлекеттік органға дереу хабарлауға міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің аудитін уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы бар уәкілетті аудитор жүзеге асырады.
Сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыруға қойлатын талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленеді.
Уәкілетті аудитор, жүргізілген аудит туралы қорытындының көшірмесін, уәкілетті мемлекеттік органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге міндетті.
Уәкілетті аудитор, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында ішкі аудит қызметі (аудиторы) болуы міндетті, оның қызметі лицензиялауға жатпайды. [5, 272 б. ]
Ішкі аудит жүргізу тәртібі, уәкілетті мемлекеттік органның талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті ішкі құжаттарында белгіленеді.
Сақтандыру компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметінің маңызды бағыты сақтандыру резерві және меншік капиталының қаражаттарын инвестициялау болып табылады. Жинақтаушы сақтандыру арқылы жиналған сақтандыру сыйақысының бір бөлігін инвестициялау сақтандыру келісім-шарттарын орындаудың қажетті элементі сақтандырудың тәуекелді түрлері (ең алдымен мүліктік тәуекелден сақтандыру) бойынша сақтандыру сыйақысын инвестициялау табыстың қосымша және елеулі көзі болып табылады.
Сақтандыру компаниясын сақтандыру операцияларынан кейін, табыс көзі ретінде екінші болып келетін олардың инвестициялық қызметі дұрыс дамымай отыр. Сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру қызметі нарығындағы өскен бәсекенің салдарынан сақтандыру тарифтерінің төмендеуі, әлеуетті сақтанушының тәукелден қорғаудың баламалы әдістерін таңдауы сақтандырушылардың инвестициялық белсенділігін дамыту проблемасын, ең көкейкесті проблемалардың қатарына қояды.
Сақтандыру компаниясының активтері қарқынды түрде өсуде және 2005 жылда 44, 1 млрд. теңгеге жетті. Институционалды инвесторлардың (сақтандыру компаниясы және зейнетақы қорлары) активтерінің тұрақты өсуі ең сапалы және өтімділігі жоғары қаржылық инструменттерге активтерге орналастыру үшін сәйкес шарттарды жасауға алғы шарттар қояды. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенті (ҚҚА) бұл бағытта белгілі бір шаралар жүргізуде. Бірақ, оның мүмкіншіліктері отандық қаржы нарығының белгілі даму ерекшелігіне байланысты шектеулі. Сондықтан, сақтандыру компаниялары және зейнетақы қорлары экономиканың нақты секторын ұзақ мерзімді ресурстармен қамтамасыз етуде елеулі рөль атқармайды.
Бастапқы кезеңде сақтандыру резервтері ең бірінші мемлекеттік бағалы қағаздарға (атап айтсақ, Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына) инветицияланады.
Сақтандыру резервтерін жұмсаудың екінші маңызды көзі- мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылады. Олардың үлесіне инвестициялық потфельдің төрттен бірі тең. Алайда, сақтандыру компаниялары оларды сатып алу арқылы экономиканың нақты секторын инвестициялау деген сөз емес. Өйткені, корпоративті қағаздардың көп бөлігі екінші деңгейдегі банктердің борыштық міндеттемесін және аз бөлігі нақты сектордағы кәсіпорындардың облигацияларына тиесілі.
Сақтандыру ұйымдарының қызмет ету стандарттарын бекіту, корпоративтік басқаруды жетілдірудің ынталандырмасын қалыптастыру, тәуекел қаупі үлкен қаржы нарығының аймағында қадағалау ресурстарын шоғырландыру, өмірді жинақтаушы сақтандыру және аннуитет жүйесін дамытудың ынталандырушы жағдай тудыру мақсатында 2004 жылдың 3-ші желтоқсанында «салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заңда аннуитетті сақтандыру бойынша корпоратиті табыс салығының мөлшерлемесі алынатын сақтандыру сыйақысының сомасынан 2%-тен 1%-ке дейін төмендетіледі.
Қазіргі таңда, республикада жеке сақтандыру секторы дамымай отыр. Жеке сақтандыруды жүргізудің ерекшелігі (оның ішінде өмірді сақтандыру) қазіргі таңдағы проблемалармен байланысты: Халықтың табыс деңгейінің төмендігі; Посткеңестік кезеңдегі жеке сақтандырудың жағымсыз тарихы; Сенімді қаржы инвестициялық инструментердің шектеулігі; Болашақта әлуетті сақтанушылардың сенімсіздігі; Халықтың жекелеген сақтандыру делдалдарымен сақтандырушылардың сақтандыру мәдениетінің төмендігі; Ұзақ мерзімді жеке сақтандыруда халықтың қатысуы үшін экономикалық ынталандырманың болмауы. Бұл тізімге, халық тарапынан сақтандыруға деген сенімнің болмауын кіргізе аламыз. Бұл өткен кезеңдердегі ірі дауларға және КСРО мемлекеттік сақтандыру сомаларының құнсыздануымен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz