ҚР-ның экологиялық мәселелері



I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а) Каспий аймағының экологиялық жағдайы
ә) Арал табиғатының экология мәселелері
б) Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
в) Кіші өзендерді қорғау мәселелері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер
Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі – су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.
Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін де ескерген жөн. Су физикалық химиялық тұрғыдан қарағанда, ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіп, су мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады.
Академик А.Карпинский су туралы былай деген: «Су – ең бағалы байлық, су – тек минералды шикізат, ол тек өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамытушы ғана емес, сонымен бірге өмір жоқ жерге тіршілік сыйлайтын ыстық нан».

Қазақстанның су ресурстары
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі ен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар – мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс, азоты органикалық қосылыстар, фосфор қосылыстары, цинк жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен кліп түседі.
1. Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева. Экология. Оқулық. А., 2002. 296-301 бб.
2. Ж.Ж. Жатқанбаев. Экология негіздері. А., 2003. 107-108 бб.
3. Ғ. Сағымбаев. Экология негіздері. А., 2005. 182-190 бб.
4. А. Жақбасова, Г.Ә. Сайнова. Экология негіздері. А., 2003. 130-134 бб.

ЖОСПАР:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

а) Каспий аймағының экологиялық жағдайы
ә) Арал табиғатының экология мәселелері
б) Балқаш көлінің экологиялық мәселелері
в) Кіші өзендерді қорғау мәселелері

III. Қорытынды

IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Табиғат байлықтарының қымбатты түрлерінің бірі – су. Дүние жүзінде көптеген өнім мен тағамға айырбас боларлық заттар табылғанымен суды алмастыратын зат табылған жоқ.
Су адамдар мен жануарлардың дене құрамына кіріп, онда болатын зат және энергия айналымына қатысады. Бұл айналымдар тек сулы ортада жүретінін де ескерген жөн. Су физикалық химиялық тұрғыдан қарағанда, ең күрделі заттың біріне жатады. Оны таза күйінде алу өте қиын. Таза су барлық уақытта жеңіп, су мен аз мөлшерде ауыр және аса ауыр судан тұрады.
Академик А.Карпинский су туралы былай деген: Су – ең бағалы байлық, су – тек минералды шикізат, ол тек өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын дамытушы ғана емес, сонымен бірге өмір жоқ жерге тіршілік сыйлайтын ыстық нан.

Қазақстанның су ресурстары
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр. Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі ен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы заттар – мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс, азоты органикалық қосылыстар, фосфор қосылыстары, цинк жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен кліп түседі.
Каспий аймағының экологиялық жағдайы
Бұл ауданның экологиялық жағайы Каспий теңізінің деңгейінің көтрілуіне және жағалаулық теңіз экжүйесінің антропоенді әсерге ұшырауына байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2 – 2,2 млн. га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардың ең ірі мекен ту ортасы болып табылады. Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес, ғаламдық мәселе болып табылады. Каспийдің биологиялық алуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы. 1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады. Бірақ кез келген экологиялық бағдарламаның іс жүзіне асуына, оның ірі мұнай-газды аймақ ретінде маңызының артуы күрделендіріледі.

Арал табиғатының экология мәселелері
60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жібереді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіпкетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.
Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.
Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі заманғы қоғам өзінің болашағын жояды. Болашақ ұрпақтың дамуы үшін экологиялық тұрақтылықты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды норалау мен алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.
Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3 судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 глитрге (бұрын 11-12) жетті. Судың деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп қалған теңіз түбінен құмды-тұзды дауылдар көтерілуде.
Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қойаларының ішінде төртінші орында болған.
Теңіз Тұран ойнатында орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік шығыс жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі – шамамен 1000 км3. Тереңдігі 20-25 м., ең үлкен тереңдігі – 67 м. Жаздағы орташа температура 24-260С, қыста – 7-13,50С. Жылдық жауын-шашын мөлшері шамамен 100мм.
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашынмен – 5,9 км3, өзен ағысымен – 54,8 км3 қамтамасыз етіліп отыр. Орташа булану – 60,7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Қоршаған ортаны қорғауға байланысты халықаралық экологиялық шараларға жалпы сипаттама
ЕУРОПА ОДАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Еуропа одағының қалыптасуы мен дамуы
БҰҰ - ңың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы
Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және қоғамның тұрақты дамуы.
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экология құқығы түсінігі
ҚР табиғатты қорғау туралы заңдары
Пәндер