ХХ ғ. 20-30 жж. қазақ зиялыларының әліпби айтысы


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ КАФЕДРАСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ХХ Ғ. 20-30 ЖЖ. ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ӘЛІПБИ АЙТЫСЫ
Орындаған Малдыбай А. Д. "" 2009 ж. /қолы / /А. Ж. Ә. /Ғылыми жетекші__т. ғ. д., проф. Қаражан Қ. С.
/қолы/ /А. Ж. Ә. /
"" 2009 ж.
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
т. ғ. д., проф. Қаражан Қ. С.
/қолы/ /А. Ж. Ә. /
"" 2009 ж.
Алматы-2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3I. ХХ Ғ. БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЛАТЫН АЛФАВИТІНЕ КӨШУ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 «Күншығыстағы мәдени революция» немесе алфавитті өзгерту саясатының мақсаттары . . . 6
1. 2 Латыншылардың әліпби жобалары . . . 11
II. А. БАЙТҰРСЫНОВ БАСТАҒАН АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ӘЛІПБИДІ ӨЗГЕРТУГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСІ
2. 1 А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесі . . . 142. 2 Арабшылардың араб графикасының артықшылықтары туралы пікірлері . . . 18
2. 3 Баку съезі және латын әліпбиінің ендірілуі . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі . Кез-келген халықтың ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында жазу мен емленің айрықша орын алатыны белгілі. Ұзақ мерзімді тарихи үрдістер нәтижесінде қалыптасып, материалдық және рухани құндылықтарды бейнелеуші және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретіндегі жазу таңбаларының өзгеру тарихы назар аударатын өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерден рухани сала да шет қалмады. Руханияттың көзі - ағарту ісі үлкен маңызға ие болғандықтан кеңес өкіметі халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесіне реформалар жасады. Қазақ алфавитін ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылып, Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейінгі он екі жыл ішінде алфавит екі рет өзгертілді. 1928-30 жж. Латын алфавиті араб графикасының негізінде жасалған дәстүрлі қазақ алфавитін ауыстырса, 1940 ж. жазу кириллицаға көшірілді.
ХХ ғасырдың 20-30 жж. қызу айтысқа айналып, аз ғана уақыт ішінде өзгертуге ықпал еткен кеңес үкіметінің өктемдік саяясатының мақсаты мен себептері, және осы саясатқа қарсы күрескен А. Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларының пікірлері мен дәлелдерін, төл әліпбиді сақтап қалу барысында жүзеге асырған іс-шаралары туралы әлі күнге дейін ғылыми зерттеулер жүргізілген жоқ. Тақырып аясындағы ХХғ. 20-30 жж. қазақ зиялыларының екі түрлі позиция ұстануы, латын әрпін ендіру саясатының бастау алуы, алаш зиялыларының араб әліпбиінің артықшылықтарын дәлелдеу себептері, А. Байтұрсыновтың әліпби реформасы мен латын алфавитінің қажеттілігі дәрежесін айқындау т. б. мәселелер толық зерттелмеген және объективті баға берілмеген ақтаңдақтар қатарында қалып отыр. Осы мәселенің көлеңке тұстарын анықтау және сол арқылы ХХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ қоғамының саяси-мәдени ахуалы мен Алаш зиялыларының ұлттық көзқарасы, идеологиялық ұстанымдарын жан-жақты зерттеу, тану қажеттілігі туып отыр. ХХІ ғасырдағы тәуелсіз қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен рухани, елдік идеясын дәріптеуде Алаш қайраткерлерінің өнегесі мен мұрасының маңызы зор болып табылады.
Курстық жұмыстың деректік қоры. Зерттеу жұмысында ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатындағы 81, 83, 141, 740, 929, 1692 қорларындағы 1, 2, 231, 244, 307, 309 істер/1/ қаралды. Және осы мәселеге қатысты ҚР Президенті мұрағатының 141 қорындағы 336, 915, 1560, /2/ негізгі дерек көздері болып табылады. Бұл құжаттарда 1924ж. Орынбор съезіндегі А. Байтұрсыновтың, Н. Төреқұловтың баяндамалары, 1926ж. Баку съезінің құжаттары, латыншылар мен арабшылардың пікірталасы, Жаңа Алфавит Қоғамының Қаулысы т. б. маңызды деректер мен мақалалар бар. Және тақырыпты зерттеуде А. Байтұрсынов еңбектері /3/ де қарастырылды.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі. Бұл мәселеге қатысты толыққанды жүргізілген ғылыми зерттеулер жоқтың қасы. А. Байтұрсыновтың қазақ емлесі мен тіл ғылымына қосқан үлесі туралы бірқатар филологиялық зерттеулер мен мақалалар жарық көрді/4/. Әліпби тарихына байланысты М. Мырзахметұлының «Қазақ қалай орыстандырылды»/5/ еңбегінде отаршылдық саясаттың кейбір тұстары анық көрсетілді. Тақырыпқа қатысты жазба жұмыстарының көпшілігі мақала түрінде кездеседі. Әсіресе, 2000ж. латын алфавитіне көшу идеясының көтерілуімен байланысты ғылыми жариялымдар мен баспасөз беттерінде бірнеше мақалалар жарық көрді. Атап айтқанда З. Ижанов/6/, Д. Қамзабекұлының/7/ мақалаларында ХХ ғ. 20-30 жж. әліпби айтысы мәселесі мұрағат деректері негізінде зерттелді. А. Байтұрсынов пен алаш зиялыларының күресі туралы А. Б. Салқынбай/8/, Ш. Б. Нұрманова/9/, Ж. А. Арықбаева/10/, Б. Әбілқасымов/11/ т. б. авторлардың мақалалары жарық көрді. Дегенмен А. Байтұрсынов және оның жақтастарының араб әліпбиін сақтап қалуға тырысқан іс-шаралары тарихи тұрғыдан толық түбегейлі зерттелген жоқ.
Курстық жұмыстың мақсат-міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - ХХ ғ. басындағы зиялылардың әліпби айтысы мен А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының алфавитті өзгертуге қарсы іс-шараларын зерттеу. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- латын әліпбиіне көшу идеясының көтерілу себептері мен барысын айқындау;
- А. Байтұрсыновтың араб алфавитіне жасаған реформасы мен араб әліпбиінің ерекшеліктерін қарастыру;
- А. Байтұрсыновтың қазақ емлесін дамытуға қосқан үлесін айқындау;
- Орынбор съезінде араб емлесінің қабылдануы мен оған алаштықтардың қосқан үлесін ашып көрсету;
- Баку съезінде алаш зиялыларының араб әліпбиін жақтау себептері мен дәйектерін айқындау;
- 1924-28 жж. арабшылар мен латыншылардың баспасөз бетіндегі айтысында келтірілген дәлелдерге талдау жасау;
- ЖАҚ бөлімшелері мен Жалпыодақтық түркі жаңа әліпбиінің Орталық комитетінің қызметін қарастыру т. б.
Курстық жұмыстың теориялық-методологиялық негіздері. Тақырыпқа қатысты барлық мақалалар мен еңбектерді қарастыра отырып, сыни тұрғыдан талдау жасау. Қазақ интеллигенциясының әкімшіл-әміршіл жүйеге ғылым мен мәдениет саласындағы қарсылығына Тәуелсіз Қазақстан тарих ғылымы мен ұлттық көзқарас тұрғысынан, ретроспективті әдіс пен объективтілік принциптерін ұштастыра отырып, қорытынды жасау. Мұрағат деректеріне жан-жақты талдау жасау.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. А. Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының алфавитті өзгертуге қарсы іс-шараларын қарастыра отырып, тақырыпқа қатысты мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға енгізу. Алфавитті өзгерту - әкімшіл-әміршіл жүйенің отарлық сипаттағы науқандарының бірі екенін дәлелдеу. Алаш зиялыларының елдік идеяларын насихаттау.
Курстық жұмыстың хронологиялық-территориялық шеңбері. Зерттеу жұмысында ХІХ ғ. соңы - ХХғ. Басындағы және 20-30 жж. саяси, мәдени жағдай қарастырылады. Түркі халықтарының латын әрпін қабылдауы мен негізінен Қазақстандағы Алаш зиялылары мен латыншылардың әліпби күресі зерттелді.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі, қорытынды бөлімдер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.
1 ХХ Ғ. БАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА ЛАТЫН АЛФАВИТІНЕ КӨШУ ИДЕЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. 1 «Күншығыстағы мәдени революция» немесе алфавитті өзгерту саясатының мақсаттары
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерден рухани сала да шет қалмады. Руханияттың көзі - ағарту ісі үлкен маңызға ие болғандықтан кеңес өкіметі халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесіне реформалар жасады. Қазақ алфавитін ауыстыру мәселесі күн тәртібіне қойылып, Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейінгі он екі жыл ішінде алфавит екі рет өзгертілді. 1928-30 жж. Латын алфавиті араб графикасының негізінде жасалған дәстүрлі қазақ алфавитін ауыстырса, 1940 ж. жазу кириллицаға көшірілді.
20 жылдардың басында социализмнің лениндік жоспарында белгіленген мәдени революцияны іске асыру үшін бірнеше күрделі міндеттерді шешу қажеттіліктері, соның ішінде, ең алдымен қоғам дамуына бөгет болып тұрған сауатсыздықты жою мәселесі көтерілгенде КСРО-да зиялылар арасында жазуға қатысты екі тенденция байқалды: біріншіден, дәстүрлі араб алфавитін реформалау; екіншіден, бірден жаңа түрік алфавитіне көшу. Алғашқа кезден-ақ латын негізіндегі алфавитті қалыптастыру идеясы дамыды. Латын грамматикасының негізгі алынуы оның араб алфавитімен бір кезеңде қатар қалыптасуына және халықаралық маңыздылығына байланысты болды деп түсіндірілді/12. 12/. Яғни араб жазуы түркі тілдес халықтарға ислам діні және мәдениетімен бірге кіріп, көп уақыт бойы түркі соғды жазуымен қатар қолданылып келсе, латын жазуы Батыста римдік-католиктік шіркеудің ықпалымен таралды. Орта ғасырларда Батыс Европа елдерінде діни, мәдени, ғылыми зерттеу салаларында ортақ жазба тіл ретінде қолданылғандықтан, латын тілі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының ортақ тілі болып қалыптасып қалған/13. 338/.
Аталмыш идея алғашқы кезде түркі зиялылары арасында уақыт талабына сай жаңарған қоғамдық қатынастар туралы мәселелерді көтерген, оқу орындарында реформалардың жүргізілуін және Батыс Европа елдерімен мәдени байланыс орнатуды қолдаған жәдидшілдіктің бір бағыты ретінде пайда болды/14. 317/. ХІХ ғ. ІІ жартысынан басталған латын алфавитіне көшу туралы идея ХХғ. 20-30 жж. аса кең ауқымда көтерілді. Ол тек Кеңестекр Одағы Құрамындағы ұлт өкілдерінің арасында ғана емес, Одақ сыртындағы түріктер мен мұсылман елдерінің арасында да дамыды. Мысалы, ХІХ ғ. ортасында Түркия журналисі Сүлеймен Тевфикбей латын негізіндегі албан ұлттық алфавитінің авторы - Шамседдин Сами Фрашерибейдің тәжірибесін қолданып, латын әріптері арқылы түрік тілінің грамматикасын қалыптастырды/15. 249/.
Латын негізіндегі жаңа алфавитке көшу туралы мәселені алғаш көтерген Әзірбайжан Республикасы болды. Ол жөнінде А. Байтұрсынов: «Араб әрпін тастап, латын әрпін алу керек. Араб әрпі - қолайсыз, әлдеқашан аты шыққан, онымен жақсылап емле түзеуге болмайды . . . деп әріп мәселесін алдымен қозғаған әзірбайжандықтар ойлаған еді . . . »/16. 326/ дейді. ХІХ ғ. 50 жылдары бұл елде мұсылман халықтарының дәстүрлі жазуына өзгеріс енгізу туралы жаңа жобалар ұсыныла бастады. Алғашқылардың бірі болып Ф. Ахундов жаңа түрік алфавитінің жобасын 1857 жылы және 1863 жылы екі рет жасады. Көпшілік тарапынан қолдау тапппағанымен араб алфавитінің кемшіліктерін көрсетіп, оның түркі елдерінің жазуына қолайсыздығын жария еткені үшін патша үкіметі әзірбайжандық Ф. Ахундовты «жаңа түрік алфавитінің атасы, негізін салушы» деп атады/17. 58-59/. Жүзеге асырылған іс-шараларға қарамастан, түркі тілдес елдердегі ислам дінінің ықпалына байланысты араб алфавиті қолданыстан бірден алына қоймады. Академик Бартольд араб алфавиті түркі тілінің дыбыстарын дұрыс бере алмайтындығына орыс зерттеушілерінің көзі жеткендігін айтакеле, «Араб әліппесін дін ғана сақтап келеді. Дін болмаса бұл әріп әлдеқашан тозғындар еді» деп көрсетеді/18. 42/. Латын алфавитін жақтаушылардың түсінігі бойынша Ресей, Түркия, Иран әкімшілігінің құрамындағы шенеуніктер мен дінбасылар халықтың білімді, өнерлі болуын қаламады. Бұндай деңгейге жеткен жағдайда «патша өзінің тағынан, молда сәлдесінен айрылып қалады» деген қауіп төніп тұрды/18. 42/. Осылайша ХІХ ғ. ІІ-жартысында жаңа алфавит мәселесі біраз талқыланып басылса да, ел назарынан мүлде тыс қалып қоймады. 1905 ж. бірінші орыс буржуазиялық революциясы қарсаңында бұл мәселе тағы да қозғалды. Әзірбайжандар мен татар зиялылары латын әрпі туралы баспасөз бетінде, жиылыстарда сөз қылғанымен, мәселе біржақты шешілмеді. 1908-1913 жж. Түрік елінде ұзақ талқыға салынып, төрт-бес жылдай түрлі мәдени орталарда, Стамбулда шығатын баспасөз беттерінде осыған орай көптеген айтыстар туындады. Латын графикаына көшу туралы қозғалыстың татарлар арасында белең алғандығын ақын Сағит Рамиевтың 1911-1912 жж. «Идеал» газеті бетінде жарияланған мақалаларына байқауға болады. Қазан төңкерісінен кейін түркі халықтарының орфографиясы туралы мәселе көптеген конференциялар мен съездерде қарастырылды. 1918-1919 жж. түркі еліндегі соғыс және өз ішінде болған түрлі қозғалыстар мәселенің шешілуінде уақытша қиындық туғызғанымен, елде тұрақтылық орнағаннан кейін алфавит жайлы пікір-талас 1921 жылдардың соңғы айларында қайтадан жалғасты. 1922 жылы наурыз айында Бакуде өткен түркі зиялыларының жиылысы жаңа алфавитке көшу жөніндегі істің басы саналды. Себебі бұған дейінгі алфавит мәселесі тек баспасөз бетінде талқыланып, аяқсыз қалып отырса, ендігі кезекте істі жүзеге асыратын жаңа түркі алфавитінің комитеті құрылды. Ағамалы Оғлы басшылығымен бұл комитет 1922-1925 жж. түркі халықтары арасында латын графикасының шеңберінде жаңа түрік алфавитінің жобасын жасауға шақырды/12. 11/.
1922 жылы 11-тамызда Әзірбайжан Орталық Атқару Комитетіні төрағасы, «жаңа түрік алфавиті» қозғалысының көшбасшысы С. А. Ағамалы Оғлы В. И. Лениннің қабылдауында болады. Төраға сөзін мұқият тыңдаған Ленин: «Латын графикасына өтуге бұқара қалай қарайды?», - дейді. Ағамалы Оғлы: «Түгел қолдайды», - деп жауап береді. Сонда Ленин: «Бұл - Күншығыстағы мәдени революция», - депті. (Бакуде өткен түрік Білімпаздары съезіндегі Ғ. Шараф сөзінен) /7. 11/.
1922 жылдан бастап латын алфавиттерінде «Жаңа жол» атты апталық газет шығып тұрды. 1923 жылы қазан айының 20-да Әзірбайжан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар кеңесі «Жаңа түрік алфавитінің мемлекеттігі туралы» декрет қабылдап, латын алфавиті араб алфавитімен қатар барлық мекемелер мен ұйымдарда тең дәрежеде қолданылуы тиіс болды/19. 3/. Осылайша бірқатар елдер Әзірбайжанда жүргізілген шараларға байланысты жаңа алфавитті қабылдауға әрекет жасай бастады. Өзбек, түрікмен, қырғыз, башқұрт халықтары арасында қаулы шығару мәселесі қарастырылып жатса, ингуш, қарашай, кабардин, шешендерде жаңа алфавит қабылданды. Ресей құрамындағы республикалардағы латынға бетбұрыс жасау Қазақстанда да осы мәселенің көтерілуіне түрткі болды. Кеңестік жылдарда мәдениет жағынан артта қалған елдердің көпшілігі қазан төңкерісінің нәтижесінде еркіндікке қолы жетіп, өнер-білімге талпынысын, мәдениеттік тілектерін орындау жолындағы елеулі құралдарының бірі болған әріп, әліп-билерінде үлкен кемшілік болғандықтан алфавит мәселесі көтерілгендігі және алфавит ауыстыру саясаты өркениетке жетудің бір жолы екендігі айтылып, бұл жолда ұшырасқан қиындықтар қатарына еңбекшілердің саяси жағынан сауатсыз болуы, тілдік мәдениеттің кемшілігі жатқызылды. Дамушы қоғам талаптарына сәйкес жүргізілген шаралар жаңа алфавиттің пайда болуына негіз болды деген пікір қалыптастырып, латын графикасының халықаралық маңыздылығы, яғни интернационалды сөздерді бірыңғай жазуға, халықтар мен олардың тілдерінің жақындасуына көмектеседі және Батыс Европалық шет тілдерді үйренуде жеңілдік туғызады деп дәріптелді. Шын мәнінде, Кеңес өкіметі дәстүрлі араб алфавитін ауыстыру арқылы ұлттың этно-мәдени ерекшелігін жоюды көздеді, мұсылман халықтарының, соның ішінде қазақ халқының рухани құндылықтарының тамырына балта шауып, орыстандыру саясатын жүргізді/20. 196/.
Не себепті И. Сталин түркі тілді халықтардың араб алфавитін жедел өзгерту туралы қатерлі нұсқауында, алдымен латын жазуына көшуді, ал бұл саладағы көздеген мақсат орындалған соң, латыншадан орыс жазуының таңбасына көшуді мақұл көрген? Мұның астарлы сыры неде жатыр? Бұл сұрақтардың жауабын филолог, абайтанушы көрнекті ғалым М. Мырзахметұлы Кеңес өкіметінің орыстандыру саясатымен тікелей байланыстырады.
Ұлт саясатында шебер бүркемеленіп интернационалистік идеяның шапанымен тасаланған қатерлі саясаттың жүзеге асырылуында сұмдық зымияндық мақсаттар жатқаны анық. Профессор Қ. Жұбанов айтқандай аса қауіпті де зардабы зор сұмдық заңдарды жүзеге асыруда: « . . . ескі замандағы тағыларынан ХІХ ғасырдағы көргенді елдердің адамшылығы өзге болған емес, бүгінгілер бүркеншікті сүйеді», - деуінде көп нәрсенің сырын біліп барып, қатерлі жолдың қайталануы мүмкін екендігін ишарамен ескерткен көрегендік жатыр. Шындығында, орыстандыру, араб жазуын орыс жазуына алмастыру идеясын патша үкіметі басында өте құпия ұстап, келе-келе шет аймақты түгел отарлап, жергілікті жердегі билікті толық қолына алған соң, құпия саясатының сырын ашып, бүркемесін алғанда да, тым ашық кетпей кульлтрегерлік бүлкілге басқан еді. Ал И. Сталин болса, патшалы Ресейдің армандап жүзеге асыра алмай кеткен мақсат-мұраттарын, яғни: 1. Орыстандыру, 2. Араб жазуын орыс жазуына алмастыру, 3. Келімсектерді басқа ұлт жеріне мейлінше мол орналастыру, 4. Қырым жерін қырым татарларынан тазарту, 5. Кавказ өлкесін мұсылмандардан тазарту, 6. Орта Азия мен Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру, 7. Аралас мектептерді көбейту, 8. Орыс тілін ресми түрде айтылмаса да, мемлекеттік тілге айналдыру, 9. Ұсақ ұлттарды ассимиляциялап жұтып жіберу, 10. Бүкіл ұлттарды бір халыққа, яғни орыстанған кеңес халқына айналдыру т. б. осы сияқты өте нәзік те күрделі ұлттық мәселелерді халықтар достығы ұранымен бүркемелеп жүзеге асырып кетуінің тікелей куәгері болып отырмыз/5. 107/ деп жазады.
И. Сталиннің, алдымен араб жазуын латын жазу таңбасымен ауыстыруға нұсқау беруінің сыры әлі де ашылмаған кінараты бар саясат екендігін сезінеміз. Алдымен, латын жазуына жармасудың сыры шет аймақтағы қолданылып келе жатқан араб жазуын кириллицаға алмастыруды көздеген патша үкіметінің миссионерлік саясатының тарихымен хабардар ұлт республикалардағы зиялылар тобының мол болуынан сескеніп, алдын-ала дайындықсыз бірден орыс жазуына көшіріп жіберу орысшылдық пиғылға қатты қарсылық тудыратыны сезініп, белгілі бір қолайлы жағдай туғанша қоғамдық пікірді адастырып жіберу үшін істелген айла-амал ғана. Бұл саясаттың мүлде із-түзін білдірмей жіберу үшін, әлдеқашан шоқынып, орыстанып кириллицаға түсіп кеткен Сібірдің якут тәрізді майда ұлттарын күштеп отырып латынша жазуды қабылдауға алып келді. Әрине, бұл басқа ұлттарды алаңдатпау үшін істелген уақытша тактикалық ұғымдағы айла-тәсілдің бірі ғана болатын-ды. Болмаса бүкіл дүниежүзіндегі түркі тілді халықтарды бір ғана жазу таңбасына әкелуді патша үкіметі де, кеңес үкіметі де ешқашан ойлаған емес, оған бару олар үшін аса қауіпті саясат болмақ. Себебі кеңес еліндегі түркі тілді туысқан халықтары мен Түркияны бір жазу негізінде сауат ашып, бірін-бірі оқып түсінісуі орталық үшін аса қатерлі жол болып саналатын-ды. Өйткені И. Сталин бастаған саяси бюро түркі тілді халықтардың бір емле негізінде оқып түсінісуінен өлердей қорқатын. Оларды бір-бірінен аулақ ұстап ажыратпаса, бір тұтастыққа ешқашан жібермейтін/5. 108/.
Д. Қамзабекұлы да өз мақаласында осы пікірді білдіреді. 20- жылдарда Ахметтер араб харпін (төте жазуды) неге қызғыштай қорғады деген сұраққа жауап беру үшін сол кезеңнің шындығын білу керек. Жаппай таралатын мерзімді басылымдардың, оқулықтардың шыққанына он-ақ жылдай уақыт болғанда араб харпінен латынға көшу - елді басқа континентке көшіркмен пара-пар еді. «Қазақ» газеті ары барғанда 8 мың, «Еңбекші қазақ» одан сәл-ақ көп тираж жинағанда, ұңғыл-шұңғылы белгісіз латынға ауысу қауіпті еді. Сондай-ақ Мұрат ақынның «Мен қауіп еткеннен айтамын» дегеніндей, Ахметтер латынның - кирилге бара жолдағы аялдама екенін сезген тәрізді.
Ал, сол кезде бірден кирилл харпіне көшеміз десе не болар еді? Онда Мәскеу колониялық, миссионерлік саясатты ашық жалғастырушы болып көрінер еді де, қарсылыққа тап болар еді/7. 11/ деп түсіндіреді.
ҚР құжаттану және мұрағат ісі жөніндегі ғылыми-техникалық ақпарат орталығының қызметкері З. Ижанов әліпбиді өзгерту саясатының мақсатын төмендегідей баяндайды. «Араб графикасынан латынға, латыннан асығыс түрде орыс графикасына көшірудің астарында құйтырқы саяси мүддежатқан-ды. Араб графикасынан латынға көшіру ең алдымен мұсылман өркениетінен халықты бөлу үшін керек болды. Ол мақсат орындалды. Халық Қазан төңкерісіне дейінгі дінінен, мәдениетінен айрылды. Жүздеген жылдар бойы түйнектеп жиналған тарихты, әдебиетті оқудың жолы кесілді. Бұл мақсатқа жету үшін зиялы қауымды өзара айтыстырып, отарлаушылар халықты алдады»/6. 3/.
Қорыта айтқанда, латын алфавитін ендіру кеңес өкіметінің орыстандыру мақсатында күштеп жүргізілген науқандарының бірі болды. Ол үшін батыс Европада қалыптаса бастаған осы идея пайдаланылып, «Күншығыстағы мәдени революция» ретінде дәріптелді. Қазақ зиялыларын екіге бөлген саясаттың жүргізілу барысы мен латын әрпін жақтаушылардың пікірлері мен дәйектері келесі тараушада баяндалады.
1. 2 Латыншылардың әліпби жобалары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz