“Қайта құру” саясаты және Қазақстан



М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси акциялар жүйесі тарихқа “қайта құру” деген атпен енді. Осы кезең дамуында бірнеше этаптарға бөлінеді.
Бірінші: 1985ж. көктем – 1987ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды.
Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей валюталық ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен жеделдетуді арттыру көзделген.
Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа факторларын енгізуден көрінді. 1985ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген, колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық, телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені тұтынушының таңдауға мүмкіндігі жоқ қой және өзіне монополист-өндіруші

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
“Қайта құру” саясаты және Қазақстан
 
М.Горбачевтің КСРО басшылығына келуімен жарияланған әлеуметтік-экономикалық
қайта қамтамастыруларға қарай бағыт өзінің басталу кезеңінен билікке шығар
кезде өздерін демократиялық басшылар әрекеттерінікіндей тенденцияға ие
болды. Қоғамды реформалауға бағытталған әлеуметтік-экономикалық және саяси
акциялар жүйесі тарихқа “қайта құру” деген атпен енді. Осы кезең дамуында
бірнеше этаптарға бөлінеді.
Бірінші: 1985ж. көктем – 1987ж. жаз. Осы этап шеңберінде жеделдету деп
аталған концепцияны жүзеге асыруға әрекеттер жасалды. Ел басшылығы қоғамды
тоңыраудан алып шығуға ішкіштікпен және салғырттықпен күрес көмектеседі деп
сенді. Күткендегідей бұл шаралар еңбек өнімділігін арттыруда, сондай-ақ
қоғамдық дамуды жеделдетуде тез көрініс беруге тиіс болды.
Алайда жеделдетудің басты факторы ретінде өндірістік аппараты жаңарту
идеясы көрінді. Кейбір “қайта құру архитекторлары” есептегендей валюталық
ресурстарды тұтыну тауарларын сатып алудан негізінен машина жасау импортын
алуға бөлу арқылы 1990 жылға таман әлемдік стандарттарға жауап беретін
машина жасаудың азаматтық салаларындағы машиналар, құрал-жабдықтардың
үлесін 90%-ке дейін жеткізу болады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі мен
жеделдетуді арттыру көзделген.
Аграрлық салада жеделдету мүмкіндігі НТР жетістіктерін, жаңа
технологияларды және ауылшаруашылық өндірісін интенсификациялаудың басқа
факторларын енгізуден көрінді. 1985ж. қыркүйекте Целиноградта сөйлеген
сөзінде М.С.Горбачев атап өткендей бұл уақыт келешегі сондай зор делінген,
колхоз-совхоз жүйесіне күш беру қажеттілігін атап өтті.
Сондай-ақ рынок пен жеке меншіктің нәтижесінде тұтынушы үшін бәсеке
күрестің жоқтығы жағдайында жеделдетудің барлық идеялары елес қана болып
қалды. Расында да монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа айталық,
телевизорлардың, жаңа технологиялық желілердің, егер жалпылама
жеттіспеушілік жағдайда тіпті оның ең ескірген және сапасыз өнімін
тұтынушылар талап алып жататын болса қажеті қанша. Өйткені тұтынушының
таңдауға мүмкіндігі жоқ қой және өзіне монополист-өндіруші монопольді түрде
қымбат бағамен ұсынатын нәрсені алуға мәжбүр болады. Олай болса, жаңа
технологияларда, станоктарда, т.с.с. қандай мән бар? Оларсыз-ақ монополист-
кәсіпорындар гүлденетін болады. Сондықтан зауыттар мен фабрикалар өздеріне
жеделдетуге партиялық бағыт аясында таңылған импорттық жабдықтардан бас
тартты. Ал бұл іс жүзеге аспаған соң контейнерлердегі немесе ашылған соңғы
заттар желдің, қар мен жауынның өтіндегі артқы қораларға жасырылды.
Жеделдету концепциясының қауқарсыздығы ауыл шаруашылығында кері әсер етті.
Мұнда да бәрі жеке мүлік қатынастарымен түсіндірілді. Мемлекеттік колхоз-
совхоз жүйесі өзінің табиғи қуатымен ғылыми-техникалық төңкерестің, ең жаңа
технологиялар мен жер өңдеудің ғылыми жүйелерінің жетістіктерін қабылдауға
қабілетсіз болып шықты. Колхозшылар мен совхоз жұмысшылары мемлекетте
құқықсыз тап, өндірістен, сондай-ақ еңбек нәтижесінен аластатылған күйінде
қала отырып, қоғамдық өндіріске мән бермеді. Мотивацияның осындай үлкен
шеңберінде интенсификация туралы айту тым артық еді.
Ал “бүкіл әлемнің тәртіп үшін күресіне ие артуға келсек, онда осы шараның
көмегімен өнеркәсіп нәтижелілігін тек 1%-ке ғана көтеруге қол жетті, оның
өзі қайта құрудың бірінші жылы болды. Ішімдікке қарсы әрекет госбюджет
жетіспеушілігінің өсуі мен тұтынушылар рыногындағы ахуалдың ұшығуына әкеп
соқты.
Екінші кезең. 1987ж. жаз – 1989ж. мамыр. Қайта құрудың алғашқы кезеңінің
нәтижелері экономиканы жеңілдетілген жолдармен реформалау әрекеттерінің
қабілетсіздігін көрсетіп берді. Анық болған нәрсе реформаның стилі болған
“косметикалық әдістер” бұл істе көмектесе алмайды, өйткені дағдарыс
себептері тіптен тереңде-өндірістік қатынастар жүйесінде жатыр. Осыған
байланысты елдің динамизациясы мен игілігіне жолды рынок пен жеке мүлік
арқылы, яғни барлық дамыған өркениетті мемлекеттер өз эволюцияларында жүріп
өткен бағыт арқылы табуға болады деген аксиома қоғамның санасын кеңінен
билеп алды.
Алайда ел басшылығы бұрынғыдай сенімсіздік, баяулық және шектен тыс
байқампаздық көрсетті. Жоспар мен нарықтық апатты жалғау, сол арқылы
социалистік нарықтың бір үлгісіне шығу, жеке меншікті ойдан шығарылған
тәртіптермен алмастыру әрекеттері осымен түсіндіріледі. Осы кезең
кемістіктерінің жарқын мысалы мемлекеттік кәсіпорын туралы және кооперация
туралы жартылай заңдар болды. Олар қоғамға ілгерілеуді хабарласа да,
бәрібір проблемаларды шешпеді. Радикалды шаралар керек болды.
Үшінші кезең 1989ж. май – 1991 ж. тамыз. Тек шешімдер қабылдау орталығының
бюрократиялық орындардан белсенділеу реформатырлыққа бағытталған орғанға
көшуі ғана әлеуметтік жаңарулардың нәтижелі өтуіне үміттенуге себеп болды.
Мұндай жорамалдар 1989 жылғы көктемгі ұлттық парламенттің сайлауы
нәтижесінде құрылған болатын. Парламент мінбелерінде тоталитарлық
империяның қалдықтары үстіне демократиялық қоғам орнатудың маңызды шарты
ретінде нарық пен жеке меншікке өту үшін қызу талас-тартыс өріс алды.
Сол уақыттарда бұқаралық ақпарат құралдарында биліктегілерге жеңілдікпен
күресу бойынша әрекеттер кеңінен насихатталды. Еңбекшілерге бір-екі нашар
партиялық санаторийдің берілуі туралы жар сала хабарланды немесе ертеңмен
дүкенге өзі барып, азық-түлік алатын жаңа республика басшысының
“қарапайымдылығы мен демокаттығы айтылып жатты.
Өсуін жалғастыра берген қылмыспен күресуге бостан бос күш салынды.
Горбачевтік ішімдікке қарсы кампания шеңберінде “қала мен селоны
алкоголизмнен тазартамыз” деген ұран көтерілді. Кәсіпорындарда саулық
қоғамдары құрылып жатты, әр жерде “құрғақ” тойлар өткізілуде болды, ал
милиция болса тіке ресторан залдарынан ішкендерді аулап жүрді десекте
болады. Алкоголизм бәрібір азаймады. Бұл ауруға ұшыраған адамдар
есірткіқұмарлыққа көшті, самогон қайнатумен айналысып кетті және т.б.
Осылайша республикада байқалған қоғмдық-саяси өмір тенденциялары ел
орталығындағы процестермен бірге өрбіп жатты. “Жариялылық туралы мәлімдеп,
жүйе өзін-өзі құрту инерциясын қолдан шығарып алды. Өзгерістер дауылы
Қазақстанға да жете бастады.
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанда формальді емес қозғалыс қалыптаса
бастайды. 1989ж. қарашадан 1990ж. наурызға дейінгі аралықтың өзінде 103
қоғамдық қозғалыстар, партиялар, бірлестіктер мен топтар болды. Қоғамда
әлеуметтік-саяси күштің әркелкі спектрі қалыптасты.
Сонда да айта кету керек, жеке меншік пен нарықтық қатынастардың жетілген
институтының жоқтығы жағдайында қоғамда бір-бірінен ажыратылатын таптық
мүдделердің болуы мүмкін емес еді және ол болған да емес. Сондықтан да
қозғалыстардың әлеуметтік базасы негізінен біркелкі болды. Ал, таптық
мүдделерге келсек, олар этникалық немесе барлық бағыттарға тиімді жолдар
бойынша құрылды. Мұны айтпақшы, электорат дифференциациясының негізгі
принципі этникалық топпен идентификация екенін анықтап берген парламентке
сайлау да нақтылай түсті.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының біркелкілілігі, демократияның құқықтар мен
еркіндіктердің басты жоқтаушысы – орта топтың болмауы Қазақстанда осы
кезеңде демократиялық бағытпен белгіленген қозғалыстар мен партиялардың
неге халықтық қолдауға ие болмағандығынан деп түсіну керек. Егер олардың
құқықтық демократиялық мемлекет құруға абстракті үндеулері халық арасында
біршама құнтталып жатса, ал жеке меншік пен қоғамның нарықтық қатынасына
нақты бағдарламалық бағыт көбіне өзін-өзі ақтай алмады.
Осы жылдары коммунистік партия өзінің “қоғамның бірден-бір басқарушы және
бағыттаушы күші” ролін сақтап қалуға тырысып жатты. Алайда оның беделі түсе
берді. 1990ж. басында КСРО қалаларында, оның ішінде Алматыда өткен
әлеуметтік сұрау салулар жауап берушілердің тек 17%-і ғана КОКП-ның қоғамды
қайта құруды басқарып, оның табысын қамтамасыз ету қабілетіне сенетіндігін
көрсетті. Осындай пікірлер партия мүшелерінің өздерінің қатарында да,
көбейіп келе жатты. Сонымен, 1989ж. қазанда Алматыда сайлаушылардың
қалалық “Кеңес” клубы құрылды. Оның бастамашылары партия мүшелері
С.Әбдірахманов, Қ.Мезенцов, т.б. болды. Осы клуб отырыстарында КОКП-ға сын
айтылды, оны түбірімен реформалау талаптары қойылды. Алайда мұндай елестің
жүзеге аспайтындығы анық болды. 1988 ж. ортасында өткен КОКП Бүкілодақтық
конференциясы, одан кейінгі партия съезі партияның өзін-өзі жаңартуға және
реформалауға қабілетсіздігіне толық көз жеткізді. Қоғам тарапынан оған
деген сын мен қарсы келу жоғары тенденциямен өсе түсті. Мұның нәтижесі
1991 жылғы тамыз оқиғалары болды. 1991ж. қыркүйекте Қазақстан Компартия
таратылды. Республика дамуының, қоғамдық-саяси өмірінің жаңа кезеңі
басталды.
 
Қоғамның рухани өмірі
 
Алматыдағы желтоқсан оқиғалары тұңғыш рет басқарушы Коммунистік партияның
жариялылық пен демократияландыру идеяларын өрістету ауданын болмашы ғана
шекте елестеткенін шынайы көрсетіп берді. Олардың жүзеге асырылуына мәдени
және интеллектуалдық өмір саласында рұқсат етілгенімен Жүйені сынау мен
оған қарсы келетін нәрсенің бәріне қатаң қадағалау енгізілген еді.
Тіпті сол жағдайдың өзінде шаралар бір-біріне қайшы келді. Мәскеу мен
Ленинградта бұрын қуғындалған жазушылардың тиым салынған еңбектерін
жариялаған әдеби журналдар, қоғамды таң қалдырған публицистердің мақалалары
миллиондаған тиражбен шығып жатқанда, Қазақстан өкіметтің қолдауымен
“интеллектуалдық шөл” болып қала берді. Оның үстіне “қазақ ұлтшылдығымен”
күрес бойынша кеңінен өріс алған әрекеттер шеңберінде халықтың тарихи
жадынан ұлттық-либералдық интеллигенциямен, репрессиялы сталиндік режиммен
байланысты нәрселердің бәрін тағы бір рет өшіру жұмыстары басталды.
Жариялылықтың бәрі баспасөз бен партиялық-шаруашылық жиындарда
сыбайластықты, кадрлық және аймақтық протекционизмді сынауға алып келді.
“Өкіметтің осы келеңсіздіктермен күресуге мызғымас шешімін іске асыру
мақсатында бірқатар лауазымды тұлғалардың үстерінен қылмыстық істер
қозғалды.
 Халықтың тұрмыстық — әлеуметтік жағдайы
 
60ж. ортасында аз елдің партиялық-мемлекеттік басшылығы халықтың ақшалай
табысын арттыру бағытын ұстады. Мұның өзі халықтың тұрмыс дәрежесінің 40-50
жылдар мен салыстырғанда артыуында белгілі дәрежеде оң рөл атқарды. 70ж.
бірінші жартысында халық шаруашылығының өндірістік салаларында жаңа
ставкамен жалақы белгіленді, ең төменгі жалақы 70 сомға жеткізілді.
1977—1978жж. өндірістік емес салалардың қызметкерлері үшін жаңа өлшемдер
мен жалақылар белгіленді. Егер 1965ж. халықтың 4% ғана табысы айына жанұя
мүшелеріне шаққанда 100 сомнан және одан жоғары болса, ол 1977ж. олардың
саны 40% жетті. Тұтас алғанда республика жұмысшылары мен қызметкерлерінің
орташа айлық табысы 1971—1989жж. 89%, 123,7 сомнан 233,7 сомға дейін,
өнеркәсіп жұмысшыларының табысы осыған сай 93,6% 133,9 сомнан 259,3 сомға
дейін өсті. Совхоздар қызметкерлерінің жалақысы да елеулі түрде — 121
сомнан 247 сомға дейін өсті. Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы өсті. (100
сомнан — 210 сомға) халықтың төмен айлық алатын өкілдері орташа айлық
алатындар дәрежесіне көтерілді. Жасына қарай төленетін айлық орташа
зейнетақы 51,1 сомнан 93,2 сомға дейін көтерілді.
Жалақының осындай дәрежеде өсуі жылдар бойы халықтың тұрмыс дәрежесі үнемі
өсіп келеді деп санады, ал шын мәнінде бұл шындыққа сай емес еді.
Мемлекеттің және монополист кәсіпорындарының бағаны көтеруі, товарлар
сапасының төмендеуі, тапшылықтың өсуі, жалақы көлемін қолдан төмендету, ақы
төлеудегі теңгермешілік сияқты факторлар халықтың тұрмыс дәрежесінің
құлдырай беруіне әкеп соқты. Өнеркәсіптегі таза өнімде жалақының үлесі
үнемі төмендей берді, 1927ж. ол 58% болса, 1985ж. 36% болды.
Халықтың нақты табысының төмендеуіне ақшаның құнсыздануы да әсер етті, мұны
көп уақыт бойы мемлекеттік органдар халықтан жасырып келді. Құнсыздану
қарқыны жылына 4% (ғалымдар есебі бойыншаша) екенін есептегенде нақты
жалақы 1970—1986жж. 20% төмендеді. 1985ж. 1 сом 60ж-ң ортасындағы 1 соммен
салыстырғанда 54 тиынға тең еді. ОКП ХХV съезінде партия басшылығы ақшалай
табыстың жеке өзін алып қарағанда тұрмыс дәрежесінің нақты өсуі емес екенін
мойындауға мәжбүр болды.
Қарастырылып отырған осы жылдары халықты қоғамдық тұтыну қоры есебінен
қамтамасыз ету біраз жақсарды. Оның едәуір бөлігі жәрдем зейнетақы және
степендия төлеуге, тегін білім алуға, денсаулық сақтауға, мәдени тұрмыстық
қызмет көрсетуге жұмсалды. 1971ж. колхозшылар үшін де жұмысшылар мен
қызметкерлерге белгіленгендей зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді.
1972—1974жж. соғыс және еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33%
көбейтілді. 1975ж. Отан соғысы мүгедектеріне қосымша жеңілдіктер енгізілді.
Ана мен баланы қорғау жөніндегі шаралар белгіленді. Отан соғысы на
қатынасқандардың материалдық-тұрмыс жағдайы жақсартылды, бала кезінен
мүгедек болғандарға жәрдем көбейтілді. Алайда бұл шаралардың халықтық
тұрмыс дәрежесін көтеруге ықпалы аз тиді.
Зейнетақылардың, жәрдем ақының ең аз мөлшері мардымсыз өсірілді, себебі оны
өсірудегі негізге алынған мөлшері одан да мардымсыз болатын. Халықтың
едәуір бөлігінің, әсіресе зейнеткерлердің, көп балалы жануялардың табысы
төмен күйінде қалды, ол көбінше күнкөру минимум да қамтамасыз етпеді.
70—80жж. көпшілік қолды көптеген тауарлар бағасының тұрмыстық және
коммуналдық қызмет көрсетудің, көліктің көптеген түрлері бағасының ресми
және ол сияқты жасырын түрде жоғарлатылуы халықтың нақты табысын едәуір
төмендетті.
Тапшылық күшейе түсті. Сатудан балаларға, қарттарға арналған арзан тауарлар
жоғалып кетті, көптеген азық-түлік түрлері жетіспеді. Тамақ өнімдерінің
сапасы нашарлады. Сонымен қатар олардың бағасы қымбаттады. Сағаттап кезекте
тұру — кеңестік құрлыстың айнымас серігі, үйреншікті әдетке айналды.
70—80жж. адамдардың көпшілігі кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам
деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери, шаруашылық
номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты еді. Мұндай
артықшылықтар әлеуметтік теңсіздіктің арнаулы түрін тұғызды, іс жүзінде
алып қарағанда, сомның сатып алу құны әртүрлі тұтыну рыноктарын
қалыптастыру болды. Бюрократия артықшылықтарды бөлуде шендікпринципті қатаң
сақтады. Олардың көлемі қызмет орнының дәрежесімен белгіленді.
Әлеуметтік саладағы ең өткір мәселелердің бірі тұрғын үй мәселесі еді.
Қаралып отырған дәуірде оны шешуде кейбір алға басулар байқалды. 2208,7 мың
пәтер салынып, 13 млн. адам жаңа пәтер алып, өз үйін сатып немесе пәтер
кеңейтіп өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты.
Алайда халық санының өсуіне байланысты олар тұрғын үймен толық қамтамасыз
етілмеді. Үй салуға бөлінген күрделі қаржы азайды, сол себепті салынған
пәтер саны да азайды, тұрғын үй құрлысының жоспары орындалмады. Тек он
бірінші бесжылдықта ғана республикада 1,2млн. шаршы метр тұрғын үй
пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары
орындалмады. Осындай жағдайда 70—80жж. басында республиканың орталығында
және облыс орталықтарында құны қымбат әкімшілік үйлері салынып жатты.
Республика экономикасының орталық ведомстволарға бағыныштылығы, әлеуметтік-
мәдени салалардың проблемаларын бағаламау, олардың дамуына ресурстарды
қалдық принцип бойынша бөлу мына жағдайға әкеліп соқтырды: Қазақстан
халықтың тұрмыс дәрежесін белгілейтін көптеген көрсеткіштер бойынша жалпы
одақтың көрсеткіштерден артта қалып қойды. 70—80жж. Одақтас
республикалардың даму дәрежесін жеңестіру туралы жарияланған ереже іске
аспады. Қазақстанның көптеген аудандары, ең алдымен Семей ядролық
полигонының зардабы тараған аймақ, Арал өңірі адам баласы төзгісіз қиын
жағдайда еді. Негізінен қазақтар тұратын алыстағы селолық аудандар қалыпті
дәрігерлік көмекпен, ауыз су мен, көкөніс және жемістермен қамтамасыз
етілмеді, оларда бала бақшалар, кітапханалар және т.б. жетіспеді. Осы
жағдай республика мен орталық арасында қарама-қайшылықтың шешеленісуіне
объективті негіз болды.
Республика халқының тұрмыс дәрежесінің жағдайын қарастыра отырып, 70—80жж.
соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырғанда халықтың негізгі бөлігінің
жағдайының жақсарғанын мойындау қажет. Жанұялардың көпшілігінде теледидар,
тоңазытқыш, кір жуатын машина, үй жиһаздары және басқа ұзақ пайдаланылатын
заттар пайда болды. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі тұрмыстық
көріністері — жер кепелер, барактар көзден кете бастады, коммуналды
пәтерлерде тұратындардың саны азайды. Түристік сапармен шет елді, елді
аралаушылардың, санаторийлер мен демалыс үйлерінде дем алушылар саны
көбейді.
Бірақта әлеуметтік саланың проблемалары оларды шешу қарқынынан тез көбейді,
оны қалдық принцип бойынша қаржыландыру дәрігерлік қызмет, мектепке дейінгі
тәрбие, білім беру сапасының артта қалуына әкеліп соқтырды. Жағдай,
көбінесе ауылдық жерлерде нашарлады. Тұрғын үй, мәдени-тұрмыс объектілерін
салу, қызмет көрсету саласын дамыту халықтың қажетінен барған сайын артта
қалды, осының барлығы халықтың заңды наразылығын туғызды. Азық-түліктің,
сапалы өнеркәсіп тауарларының тапшылығы күшейді, адамдар өмірінің орташа
ұзақтығы қысқарды. Еңбекке немқұрайлы қарау, өндірістегі ұрлық, еңбек
тәртібінің құлдырауы, маскүнемдік, қылмыс жасау жаппай құбылысқа айналды,
“қылмысты экономика” дамыды. Осының барлығы әлеуметтік саладағы дағдарыстың
көріністері және тоталитарлық жүйесі күйретуге әкелген объективті себептер
болды.
Әміршіл-әкімшіл жүйенің күйреп, нарықтық қатынастардың қалыптаса бастауы
әлеуметтік әділеттікті орнатпады, керісінше оны күшейтті. Осы нығаюдың
орнына соңына дейін оның күйретілуі болды. Әлеуметтік қарама-қайшылық
шиеленісті, экономика одан әрі күйреді. Өндіріс өсудің орнына құлдырай
түсті, осыған байланысты еңбек өнімділігі және тұтыну дәрежесі төмендеуде,
әлеуметтік-әділеттілік балаларды, зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы
отбастарын әлеуметтік қорғау проблемасын туғызды. Еңбек ақы төлеудегі
теңгермешілік жойылды, бірақ ақы төлеудің ауылы әділеттіктен алмақ.
Шаруашылықта жүргізудің жаңа түрлері — мердігерлік, жалға алу,
кооперативтер, бірлескен кәсіпорындар, жеке меншік кәсіпорын, коммерциялық
банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар осы ұжымдарда жұмыс атқаратын
адамдар үшін орынсыз жоғары табыс беруде. Сауда-саттық кооперативтердің
мүшелері шексіз байып жатыр. Әлеуметтік жіктелу процесі күшейюде,
көпшіліктің табысы тұтыну минимумынан төмен дәрежеде. Ақшаның құнсыздануы,
бастала бастаған жұмыссыздың адамдардың келешекке сеніміннен айырды,
халықтың материалдық жағдайын құлдыратуға әкеліп соқты.

 

КОКП билігін монополиясыздандыру және КСРО-ның құлауы

 
80-жылдардың екінші жартысы — 90-жылдардың басы Кеңестік Социалистік
Республика Одағы деп аталған бір кездегі алып державаның құлауымен есте
қалды. Оның сынықтарының үстінде Тәуелсіздік Мемлекет Достастық құрылды.
Бір кездері бір үйге сыйған он бес одақтық республиканың әрқайсысы өздеріне
“ұлттық пәтерлер” алды. Бұл уақыт күрделі саяси және әлеуметтік-
экономикалық сілкіністерге толы болды. Бұл уақытта ұлттық тәуелсіздік пен
мемлекеттік егемендік кезек күттірмейтін мәселеге айналды.
1985ж. КСРО-да қоғамды демократияландырудың белгісі ретінде түсіндірілетін
“қайта құру”, “жариялылық”, “жеделдету” және “қоғамдық жаңаруға” бағыт
жарияланды. Бұл белгілі бір дәрежеде халықтардың ұлттық сана-сезімнің
оянуына жағдай жасады. Өйткені кеңестік билік жылдарында Кеңес Одағы
құрамына кірген халықтардың қоғамдық та, ұлттық сана-сезімдеріне нұқсан
келген еді.
Кеңестік держава алып күші бар және тозығы жеткен әкімшіл-әміршіл жүйенің
кең қолданылуымен унитарлы мемлекетке айналды. Мұндай жағдайларда жаңа
одақтық келісім, республикалар мен орталық қатынастарының принципиалды жаңа
негіздерін жасау қажеттігі туындады. 1990ж. сәуірде КСРО Жоғарғы Кеңесі
“КСР Одағы, одақтық және автономиялық республикалардың экономикалық қарым-
қатынастарының негізі туралы” және “Одақтық республиканың КСРО құрамынан
шығуына байланысты мәселелердің шешілу тәртібі туралы” заңдар қабылданды.
Артынша осыған байланысты оқиғалар қауырт өріс алды: Балтық жағалауы
республикалары, олардың соңын ала Грузия мемлекеттік тәуелсіздік және КСРО
құрамынан шығу туралы шешім қабылдады. Оқиғаның одан әрі өріс алуына РСФСР
Жоғарғы Кеңесінің егемендік туралы декларация қабылдауы да үлкен ықпал
етті.
1990ж. 25 қазанда ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі “ҚазКСР-ң мемлекеттік егемендігі
туралы декларациясын қабылдады. Онда былай делінген: “Қазақстан Кеңестік
Социалистік Республика басқа республикалармен егемен республикалар одағына
бірігетін, олармен келісімшарт негізінде қарым-қатынас орнататын және Одақ
құрамынан өз еркімен шығуға құқығы бар егемен мемлекет”. Бұл ұлтаралық
қатынас саласында кезек күттірмейтін шешімдерге байланысты жаңа одақтық
келісімшарттарды жедел қарастырып, қабылдауды талап еткен жаңа ахуал
туғызды.
Көпұлтты мемлекет халықтары арасындағы принципиалды қатынастар негіздеріне
байланысты мәселелер бойынша екі негізгі бағыт айқындалды.
Алғашқы ұстаным бойынша федерация өкілеттіктерді республикалар мен одақ
арасына бөлу негізінде құрылуы қажет, ал одақтық республика өзінің
егемендік құқықтарының бір бөлігін орталыққа жібереді. Бұл пікір негізінен
шектеулі егемендік теориясынан туындаған және бұған себеп қалыптасқан ортақ
халық шаруашылығы комплексін сақтап қалу қажеттілігі және бүкіл әлемде
жүріп жатқан объективті интеграциялық процестер болды.
Елді жаңарту жолы жөніндегі екінші ұстанымның мәні мынада болды: егемендік
әрбір халықтың табиғи және ажырамас құқығы. Егемен мемлекет ретінде
Республика орталыққа ешқандай өкілеттік жібермейді, ал өзі орталық билік
қызметіне әртүрлі жолдар арқылы тікелей атсалысады. Орталықтың өзі
қаламайтын шешімдеріне бөгет болу үшін оның өз конституциялық мүмкіндіктері
болуы тиіс. Мұндай көзқарас өмірлік маңызы бар жалпы одақтық шаруашылық
құрылымдардың, транспорттық, энергетикалық және басқа да бірқатар
жүйелердің тұтастығын сақтап қалу қажеттілігінен туындаған еді. Бұған қоса
мұндай көзқарас демократизм принциптеріне жауап берді және ұлтаралық
қатынастардағы шиеленіскен тұстарды жоюға жағдай жасай отырып, одақтық
мемлекеттің беріктігіне негіз бола алатын еді.
1990-1991жжү өн бойында, елде КСРО-ның болашағы жайында мәселе талқыланып
жатқанда Қазақстан жаңарған федерация және республикалардың егемендігі
принциптерінің негізінде Одақтың сақталып қалуын жақтады. Н.Ә.Назарбаев
конфедеративтік құрылым орнату жөнінде ұсыныс тастайды. Алайда елде
кеңестік ұлы державаның “тас-талқан” күйреуіне алып келген орталықтан безу
тенденциясы басым болды. 1991ж. 8 желтоқсанда Беловежскіде Тәуелсіздік
Мемлекет Достастық құру туралы келісімшартқа қол қойылып, КСРО мемлекеттік
құрылым ретінде өмір сүруін тоқтатты. Бұл оқиға ХХ-ғ. соқындағы тағы бір
үлкен құбылыс болды. Адамзат тарихындағы мемлекеттік жүйенің осы тәрізді
моделі жетпіс үш жыл өмір сүріп, тарих беттерінде мәңгі сақталу құқығына ие
болды. КСРО тарихы жайында жазылып келген және әлі де көп жазылатын болады.
Бүгінгі күндері бұрығы кеңестік кеңістік үшін маңызды нәрсе КСРО-ның ыдырау
себептерін түсіндіру, бұған болашақ перспективалар мен табыстарды көру көп
байланысты. “ХХІ-ғ. табалдырығында” еңбегінде Н.Ә.Назарбаев мұның
себептерін түсіндіріп өтеді: “КСРО-ның ыдырау себептерін әрқалай түсіндіру
қай жағынан алсақ та екі айқын позицияларға келіп тіреледі. Олардың
алғашқысы бойынша КСРО-ның ыдырауы-сыртқы және ішкі күштердің өздерінің
идеологиялық және геосаяси бәсекелестерін саналы түрде жоюы. Екінші
позицияның пікірінше ол субъективті және объективті себептердің әсерінсіз
дәл осы жылдары өтуі тиіс болған математикалық орын алмауы мүмкін емес
процесс. Әрине бұл ең көрнекті пікірлер, бірақ олар қазіргі күндегі бұрынғы
кеңестік кеңістікке деген көзқарастардың сипатын беретін саяси ойлардың екі
ағымын айқын көрсетіп отыр. КСРО-ның ыдырауын Кеңес Одағы позицияларының
бәрінен бұрын ақпараттық және мағыналық соғыс барысында біртіндеп әлсіреу
процесі ретінде қарастыратын авторлардың пікірлері біршама айқындалған және
шындыққа жанасады.
Мемлекеттік билік жүйесі мен ел экономикасының бірден құлау процесі
Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға жол ашатын
президенттік басқаруды енгізуге қажеттілікті, тудырды. 1990ж. 24-сәуірде
республика Жоғарғы Кеңесі Қазақстан КСР Президент қызметін бекітті.
Парламент сессиясындағы жасырын дауыс берудің нәтижесінде президент болып
Н.Ә.Назарбаев сайланды. Президенттің Семей полигонындағы ядролық сынақтарға
тиым салу туралы, ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілген
азаматтар әлеуметтік қорғау мен көмек шаралары туралы Жарлықтары
Қазақстандағы демократиялық қайта қалыптастырулардың көрсеткіштері болды.
1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Алматыда орын алған оқығаларға байланысты
жағдайларға қорытынды баға беру жөнінде арнайы комиссия құрылды.

 Ұлтаралық қатынастар
 
Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы деформациялар мен қателіктер ұлтаралық
қатынастарға да әсерін тигізбей қоймады. Интернационализм мәнінің әр жерде
жоғары орынға қойылуы ұлттық мүдделерді жоққа шығаруға, ұлттық дәстүрлер
мен ұлттық психологияға немқұрайды қарауға әкеп соқты. Республиканың
кадрлік, демографиялық, миграциялық және тілдік саясатты қадағалап отыруға,
еңбек ресурстарын бөлуге қатысуға мүмкіндігі болмады.
Интернационалдық тәрбие мағынасының бұрмаланып түсіндірілуі нәтижесінде
бірқатар жерде ол ұлттық саясаттың орнын алмастырып отырды. Шовинизмде
интернационализм деп, ал ұлттық сана-сезімнің оянуын, ұлттық дамудың
көкейтесті мәселелерін алға тартудың — ұлтшылдық ретінде бағалануы жиі орын
алды. Мұндай келеңсіз жағдай ұлтаралық тіл ретінде қабылданған орыс тіліне
ғана қолдау көрсетуге алып келді. Қазақ тілінің толыққанды өмір сүруіне
қауіп осылай төнді. Бағыныштылық пен шыдамдылыққа бойы үйренген кеңес халқы
өз тағдырының жарқын тұстарын күтумен өмір сүріп жатты. Басқару-әкімшілік
тоталитарлық жүйе халықты тығырыққа тіреді, одан шығар бір ғана жол болды —
төңкерес жолы. Дағдарысты жағдай биліктің жоғарғы сатысындағы ахуалдармен
одан бетер ушыға түсті.
 
1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары
 
“Қайта құрудың” алғашқы уақыттарында қоғамдық өмірдің барлық жақтарын
демократияландыруға арналып ресми қарар жарияланды. Алайда Алматыдағы 1986
жылғы желтоқсан оқиғалары бұл идеяның да аңыз болып қалатынын, әкімшілік-
командалық жүйе аясында жүзеге аспайтындығын ашып берді.
Бұл қайғылы жағдайға себеп болған жайттар былай өрбіп еді. 1985-4986
жылдары-ақ М.Горбачев аппараттық дәстүр жолымен Л.Брежневтің “ескі
гвардиясынан” біртіндеп құтыла бастады. Олардың арасында Д.А.Қонаев та бар
еді.
Қазақстан партия ұйымының бүкіл тарихында ол ұйымның бірінші хатшысы болған
үшінші қазақ болатын.
Д.Қонаев өмірінің соңғы күндеріне дейін (1992ж. қайтыс болды). Жүйенің
адамы болып қала берді, “социалистік таңдау” мен “коммунистік идеяға”
шынайы сенді. Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы ретінде Орталық
саясатын өмірге енгізді. Аз ғана республика көсемдерінің арасында КОКП ОК
Саяси бюросының мүшелігіне тағайындалды. Ол сонымен қатар үш мәрте
Социалистік Еңбек Ері атағын алған.
Д.Қонаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін
жасаған еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Кең эрудиция мен мәдениетті
игерген партия қайраткерінің типін көрсете жүріп ол ғылымның, әдебиеттің,
өнердің, жалпы зиялы қауымның жарқын өкілдеріне барынша қамқорлықпен
қарады. Бәлкім Д.Қонаев “сауатты көсем” атағына талаптанған, басшының
авторитарлық типі болды деп айтқанымыз дұрыс шығар.
Сонда да оның уақыты өтті. 1986ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы ОК
Пленумында Д.Қонаев қызметінен босатылды. Қазақстанға жаңа көсем болып сол
уақытқа дейін Грузия Компартиясы ОК екінші Хатшысы болып және Ульянов
облысында қызмет атқарған “партия сарбазы” Г.Колбин келді.
Ешқандай хабарсыз және жариялылықсыз өткен пленум 20 мин-тан арыға
созылмады. Бірақ бұл басты нәрсе емес еді. Ойша болса да республика халқы
басшы алмасуын күтіп жатқан еді.
Бұл КСРО-дағы ұлттық республика басшылығына жергілікті ұлт өкіллінен
шықпаған тұлға ғана емес, республикада ешқашан тұрмаған адамның қойылуының
бірінші оқиғасы.
Осындай немқұрайды қараудың қазақ халқының намысына, оның ұлттық сана-
сезіміне кір келтіргені, халық пен оның өкілдеріне сенімнен ашық түрде бас
тартудың реніш тудырғаны түсінікті жайт.
Осы көптеген себептерге одан да тереңірек факторлар: әлеуметтік және ұлттық
саясаттағы, экономикадағы сәтсіздіктер, халық пен студент жастардың назарға
ілікпеуі және т.б. жайттар қосылды. Осының бәрі бір арнаға ұйысып, қуатты
этникалық жаңаруға негіз болып, наразылықтың өршуіне алып келді.
17 желтоқсанда қазақ жастарының көптеген студенттері және жұмысшы топтары
Алматының көшелері мен алаңдарына шықты. Толқуларды басуды Алматыға өз
қызметкерлерін ғана емес, сонымен бірге әскери күшейтпелерін де шұғыл түрде
аттандырған Мәскеу тікелей басқарып отырды. Олар митингіге қатысушыларды
ұрып-соғып, суық су шашуы арқылы қуды. 2400 демонстрант ұсталды, 1722 адам
дене жарақатын алды. Одан кейінгі құғындаулар барысында 99 адам қылмыстық
жауапқа тартылды, 309 студент оқу орындарынан шығарылды, 758 адам комсомол
қатарынан босатылды және т.б.
Осылайша Кремльдегі “адал интернационал-лениншілердің” қылмыстық еркімен
бір жарым миллиондық, көп ұлтты қала бір сағатта ұлтаралық бөліністердің,
реніштер мен түсініспеушіліктердің, аяқ асты болу мен намыстың кірлену
сезімі желтоқсандағы суық суыға батырылды.
Қуанышқа орай халықтар қашанда саясаткерлерден ақылды.
Олардың арқасында емес, оларға қарамастан ұлтаралық әлем біртіндеп қалпына
келе бастады, халықтардың даналығы, олардың кек сақтамайтындығында. Бірақ
1986ж. желтоқсан оқиғалары сонда да ұлтаралық келісім мен бейбітшіліктің
кез келген гармония секілді, әлемдегі барлық асыл дүниелер секілді нәзік
нәрсе екендіктерін көрсетіп берді. Сондықтан да оларды көзіміздің
қарашығындай сақтау талап етілді.
Орын алған іс-әрекеттердің насихаттық мәнінің бұрмаланып берілгендігін атап
өту қажет. Мұндай жағдай ұлтаралық алауыздықты қоздырып қана қойған жоқ,
сондай-ақ солтүстік аймақ қазақтарын оңтүстіктегі қандастарына қолдан қарсы
қойып, республиканың билік салаларына көп орын алып отырған соңғыларына
“мафиялық Техас” деген айдар тақты.
1986ж. желтоқсанның үш күні ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен
айтқанда, Қазақстанның тәуелсіздік пен егемендік алуына жол ашып берді.
1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің едәуір
өскендігін байқатты. Олар бірінші болып ғасырға жуық уақыт бойы халықтарды
казармалық режимде өмір сүруге мәжбүрлеп келген тоталитарлық жүйе алдындағы
қорқынышты жеңіп шықты. Жастар өз халқы атынан кез-келген ұлтқа тән ұлттық
намыс сезімін таптауға енді ешкімге жол бермейтіндігін ашық айтты. Қазақ
тарихында есте қаларлық минуттар, сағаттар мен күндер аз болған жоқ. Ұлттың
қазіргі заман тарихындағы есте қаларлық минуттардың бірі — 1986 жылғы
желтоқсандағы үш күн. Кейіннен маған бірнеше рет көп адамды, оның ішінде
М.С.Горбачевті де өз халқымнан ұлтшылдыққа байланысты айыптауды алып
тастауға көндіруге тура келді. КОКП ОК Саяси Бюросы өз шешімін жоюға мәжбүр
болды.
 
 Сайлау жүйесі

Сайлау жүйесі мемлекеттік құрлыстың негізгі элементі болып табылады.
Қазақстан Республикасында сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық
егемендіктің бір белгісі ретінде көрінеді, соған байланысты Президент
сайлауы, Мәжіліс депутаттары мен жергілікті Маслихат-сайлауы жүргізіледі.
Республиканың сайлау құқығының көзі құқықтық актілер, конституция құқық
нормалары, қоғамдық қатынастарды бағыттаушы, елдегі сайлау органдарының
бағытын құрастыру болып табылады.
Сайлау заңы бірнеше кезеңдерден өтті: 1993ж. аяғында көпшілікке байланысты
маторитарлық жүйе қабылданды, 1995ж. маторитарлық жүйе абсолютті көпшілік
және 1998ж. пропорциональды жүйе элементі енгізілді. 1998ж. “Сайлау туралы”
Заң, қосымша ережелерімен қатар, бүгінгі таңда сайлау өткізудің негізгі
қайнар көзі болып табылады.

 Мемлекеттік құрылыс
 
Парламент

ҚР-ның Конституциясы

Қаз.Сов. Соц. Республикасының мемлекеттік егемендік туралы декларациясы
 

Мемлекеттік басқару реформасы

 
ҚР-ның Президенті — мемлекеттің сайланған басшысы, оның жоғарғы лауазымды
тұлғасы.
Президент институты ҚР-нда 1990ж. пайда болды ҚР Президентінің құқықтық
мәртебесі Қаз КСР-ның 1990ж. 24 сәуірдегі “ҚазКСР Президенті міндетін
тағайындау және ҚазКСР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы” заңымен белгіленген.
Президент Институты үлгісін мына концепция белгіледі: Президент — атқарушы
билік басшысы, Республикалық Кеңестің шеңберінде. Бұл заң 5 жылға жасырын
дауыс беру арқылы бүкілхалықтық, тең төте Президент сайлауын қарастырады.
Президент депутат бола алмайтын, Жоғарғы Кеңестің, Жоғарғы Кеңес
Президиумының жұмыстарына қатыса алатын; Министрлер кеңесінің мәжілістеріне
төрағалық етуге құқылы болатын; Жоғарғы Кеңеске өз кандидатурасын
Министрлер Кеңесінің Төрағалығына, Халықтық Бақылау Комитетінің
Төрағалығына, Жоғарғы сот Төрағалығына, Бас мемлекеттік соттыққа ұсынуға;
Жоғарғы кеңеске Жоғарғы Сот Төрағасынан басқа көрсетілген лауазымды
тұлғаларды қызметтен босату туралы ұсыныстармен кіре алатын: Президент
Жоғарғы Кеңес алдында Министрлер Кеңесін отставкаға жіберу шешімін,
Министрлер Кеңесінің Председателімен кеңесу арқылы Үкімет мүшелерін Жоғарғы
Кеңестің бекітуімен қызметке тағайындау мен босату құқығына ие болды.
Президент Республика басшысы сайланғанда, Қазақстанның ішкі және
халықаралық қатынастарын жүргізуге құқылы да міндетті: Қазақ мемлекеттігі
шеңберінде Республикадағы жоғары атқарушы және билік жүргізуші өкімет
басшысы ретінде Қазақ ҚСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру
қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991ж.
20 қарашада қабылдаған Қазақ ҚСР-ның “Қазақ ҚСР-да мемлекеттік өкімет
билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына
өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы” Заңы қабылданды.
 1991ж. 1 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 1991ж. 16 қазандағы
шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жалпы халықтық сайлауы
өтті, қорытындысында мемлекет басшылығына 98,7% Н.Ә.Назарбаев сайланды, ал
Вице-Президент болып Е.М.Асанбаев сайланды.
1993ж. 28 қаңтарда Жоғарғы кеңес қабылдаған Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы
Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы
және Республиканың тұтас атқарушы билік жүйесін басқарады; Жоғарғы Кеңес
келісімі бойынша Премьер-министрді сайлау; Қазақстан Республикасын
халықаралық қатынастарда таныстыру; Қазақстан Республикасы келіссөздер
жүргізу мен келісім шартқа қол қою; Республиканың келісім шарттарының дұрыс
жүргізілуі мен міндеттерін; Қазақстан Республикасы халықтары мен оның
Жоғарғы кеңесіне үндеуі; негізінде Қазақстан Республикасы Заңы мен
Конституциясының өкімдері, қаулылары Қазақстан Республикасының барлық
территориясына күшін иеленді; Парламент депутаттарының жалпы санының 23
көпшілік дауыс шешімі бойынша тиым салу құқығын иеленді.
1995ж. Конституция. 1995ж. 30 тамыздағы республикалық референдумда
мемлекеттік билік жүйесінің түпкілікті реформасы болды; Қазақстан мемлекеті
Президенттік басқару формасын жариялайды.
Конституция шешімі бойынша, Президент Қазақстан Республикасыда туылған
азамат, 35 жастан жас емес, 65 жастан үлкен емес мемлекеттік тілді толық
меңгерген, Қазақстанда 15 жылдан астам тұрған болуы қажет. Президент
мандаты — 5 жыл. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның жоғарғы
қызмет адамы, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының негізгі
бағытын анықтаушы, Қазақстан Республикасын мемлекеті ішінде және
халықаралық қатынастарда, мемлекет билігі мен халықтар бірлігінің (гаранты)
кепілі, Конституция бойынша Қазақстан Республикасы барлық азаматтардың
бірдей құқығы мен бостандығы, мемлекеттік билік пен биліктің жауапты
органдарының халық алдындағы жауап-күшілігі.
 Президент кең өкілдікпен қамтамасыз етілді; Парламент Премьер-министрінің
келісімімен Үкіметті құрайды, оны қызметтен босатады, парламенттің Жоғарғы
палатасын құруға қатынасады, заңдар мен өнімдер шығаруға құқылы,
республикалық референдум өткізуге және оның шешімін қабылдайды,
Республиканың Қарулы күштерінің Бас басқарушысы, Қарулы күштердің жоғарғы
басқаруышысын қызметке тағайындау мен қызметтен босату, 5 жыл уақытқа
қызметке сайлау, Санақ Комитетінің республикалық бюджеттін бақылау мен
атқаруынының Председателі, төтенше жағдай сипаты барысында Қазақстан
территориясының барлық жерінде төтенше жағдай жасауға құқылы, және т.б.
 
Президент парламентті таратуға 1)Үкіметке сенімсіздік білдіру. 2) Премьер-
Министрдің тағайындау келісіміне екі реттен артық келісім бермеу. 3)
парламент палатасы немесе парламентпен және мемлекет басқару саласы
арасында саяси дағдарыс пен (алаусыздық) келіспеушілік туғанда.
 
1998ж. қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев конституциялық реформа өткізу
ынтасын көрсетті. Парламентариялармен өткізген консультация (кеңестен)
кейін, кейбір депутаттардың келіспеушіліктерінен соң парламенттің Мәжілісі
мен Сенатының біріккен мәжілісінде 1995ж. Қазақстан Республикасының
Конституциясына түзетулер енгізілді. — Қазақстан Республикасы Заңы
“Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгертулер мен қосымшалар туралы”
Президент, Парламент Үкімет сайлаулар конституциялы — құқықтық статусына
байланысты. Конституцияға 19 түзетулер енгізілді. Нақты түзетулер Президент
мезгілінің ұзартылуы, яғни 5 жылдан 7 жылға дейін; Президент жасына
байланысты түзету; сайлау кезінде 50% төмен дауыс алмау;
1999ж. Президент сайлауының неліктен тыс сайлауында Н.Ә.Назарбаев жеңіске
жетті.
2000ж. 27 мауысымында Қазақстан Республикасының Парламент палаталарының
біріккен мәжілісінде “Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті туралы”
Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы қабылданды.
 
Деректер:
 
1. 1.                      Казахстан этапы государственности.
Конституционные акты. Алматы: Жеті-Жарғы, 1997-446с.
2. 2.                      Конституция РК 1995г. С изменениями и
дополнениями, внесенными законом РК от 7 декабря 1998г. Алматы:
Правовая инициатива 2030.
 
Қазақстан Республикасының Парламенті
 
Қазақстан Республикасының парламенті заң шығарушы орган. Қазақстанның
алғашқы Парламенті Қазақстан Республикасының жоғарғы Кеңесінің 12
шақыруында — 1990ж. 25 наурызда сайланды, Қазақ КСР-нің 1978ж.
Конституциясының негізінде жұмыс істеді. 1993ж. 10 желтоқсанда Жоғарғы
Кеңес өзінің тарқатылуына жайлы жариялады.
1994ж. 7 наурызда алғашқы профессиональды парламенттің сайлауы өткізілді,
оның конституциялық негізі 1993ж. Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы
болды. 1993ж. Конституция Жоғарғы Кеңесті Қазақстан Республикасының жоғарғы
заң шығарушы органы сипатында көрсетті. 64 статьяға байланысты, Жоғарғы
Кеңес биліктің жоғарғы бөлігі мен Қазақстан Республикасының Конституциясын
қабылдауға, оған түзетулер мен қосымшалар енгізуге заң қабылдауға, олардың
орындалуын бақылау, Қазақстан Республикасының шекараларын өзгертуге шешім
қабылдауға, республикалық бюджет қабылдауға және бақылауға, референдум
өткізуге шешім қабылдауға, Республика Президентіне Премьер-Министрді,
Премьер-Министрлердің орынбасарын тағайындауға, шетел істері Финанс,
Қорғаныс, ішкі істер министрлерін, ҰҚК председателін, дипломатиялық
басшыларды, Конституциялық Сотты, Жоғарғы Сотты, Жоғарғы Арбитражды Сотты,
Президенттің төтенше жағдайға байланысты өкімдерін бекітуге, Қазақстан
Республикасының халықаралық келіссөздерін шарттарын бекітуге, шартты
бұзуға, соғыс пен бейбітшілік мәселесін шешуге, Қазақстан Республикасының
Бас Прокурорын тағайындауға, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
председателін тағайындауға құқылы болды.
 
1995ж. 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылдаған Қазақстан
Республикасының Конституция келісімі бойынша, Қазақстан Республикасының
Парламенті жоғарғы басқарушы орган және заңшығару функциясын атқарушы. ҚР
жаңа Конституциясының негізінде Парламент 1995ж. және 1999ж. екі рет
сайланды.
ҚР Парламенті екі Палаталық структурадан тұрады: жоғарғы — Сенат, төменгі —
Мәжіліс.
Сенат әр облыстан екі адамнан депутат сайлау негізінде, Парламент мерзіміне
сәйкес Республика Президенті Сенатқа жеті депутат тағайындайды. Мәжіліс
жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат жергілікті сайлау
округтарының бір мандатты сайлауы негізінде. Он депутат партиялық тізім
бойынша бір жалпыхалықтың сайлау округі бойынша сайланады.
Екі палатаның өздеріне тиесімші қызметкерімен қатар, кейбір мәселелер бір
істің өкілдігін атқарады. 55 статьяға сәйкес Сенат Президент нұсқауы
бойынша Жоғарғы Сот председателін сайлауға және босатуға, Президент рұқсаты
мен тағайындауы негізінде Бас Прокурор мен ҰҚК Председателін, жергілікті
органдардың өкілеттігін тоқтатуға, Мәжілісте қаралған мәселе Президенттің
қызметтен бас тартуы және т.б. мәселерді шешуге.
Мәжіліс: заң проектілерін қарауға, оны қарауға шешім қабылдауға,
Президенттің заңға байланысты нұсқауларын қарастыруға, Президенттің
мерзімнен тыс сайлау өткізуін хабарлауға, Президентке қарсы мемлекетке
сатқындық жасауына байланысты айып тағуға құқылы.
 
Парламент Президент нұсқауы бойынша палаталардың біріккен мәжілісінде
Конституцияға байланысты өзгертулер мен қосымшалар енгізеді; конституциялық
заң қабылдайды; республикалық бюджетті бекітеді және Үкімет есептері мен
есеп комитетінің бюджетті орындауына бақылау жасайды, әр Палатаның жалпы
санының 23 дауыс беруі негізінен, Президент нұсқауымен бір уақыт аралығына
заңды түрде делегат жіберу, Президент нұсқауы мен келісімі бойынша Премьер-
министр, Ұлттық Банк Председателін тағайындауға, бейбітшілік пен соғыс
мәселесін шешуге республикалық референдум өткізуге т.б.
 
Парламенттің екі палаталы структурасы, негізінен Қазақстанның жоғарғы заң
шығарушы қызметін атқаруда бірлестік, негізінде болды; Қазақстан
Парламентінің палаталары бір-біріне бағынышты емес, әр палата жеке жұмыс
уақытында қызмет жасайды, өз қызметі мен өз әрекет өрісі бар, сонымен қатар
палаталар өзара келісімде, негізгі мәселеде бірге болуы шартты, өзара
дауласу жағдайында — келісімділік комиссиясы құрылады. Әр палата өзіне
тиеселі заң процесінде алатын орны бар, әр палата өзінің сандық құрамы бар,
жоғарғы және төменгі палаталар өзара байланысты және өзара тәуелді.
 

Деректер:
 
1. 1.                    Казахстан: этапы государственности
Конституционные акты. — Алматы: Жеті-Жарғы 1997г -496с.
2. 2.                    Конституция РК 1995г. С изменениями и
дополнениями, внесенными законом РК от 7 декабря 1998г. Алматы:
Правовая инициатива-2030
  
Қазақстан Республикасы үкіметі
 
Үкімет — атқарушы биліктің жоғарғы органы болып табылады. Ол мемлекеттік
биліктің негізгі бұтағы, атқарушы органдар жүйесін атқарады және оның
қызметіне басшылық жасайды. Атқарушы билік органдар жүйесіне
министерліктер, комитеттер, агентсвалар, жергілікті атқарушы органдар —
облыстық, аудандық, қалалық акиматтар жатады. Парламент келісімі бойынша
Президент Пермьер-Министр қызметін тағайындайды; қызметтен босатады;
Премьер-Министр ұсынуымен Үкімет структурасы анықталады, оның мүшелерін
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; орталық атқару органдарын
құрастырады, тарқатады, қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды.
Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын
құрастырады оның қауіпсіздігі, қорғанысы, жалпы тәртіпті қамтамасыз ету;
парламентке республикалық бюджет есебі мен оның атқарылуын көрсетеді,
Мәжіліске заң проектілерін енгізеді және заңның орындалуын бақылайды;
мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; сыртқы саясат істеуін
атқарады. Премьер-Министр Үкімет қызметін басқарады және оны ұйымдастырады,
оның жұмысына жауап береді, Президент алдында Үкімет қызметінің негізгі
бағыттарын баяндайды, қаулыларға қол қояды.
Үкімет мүшелері өз өкілеттігінен тыс өзіндік шешім қабылдайды. Олар Премьер-
Министр алдында қызметкерлерінің жұмысына жауапты. Парламенттің әрбір
Палатасы Үкімет мүшелерінің қызметіне байланысты есептерін тыңдауға құқылы.
Үкімет мүшелері заңды орындамаған жағдайда, депутат Президентке Үкімет
мүшесін қызметтен босату жайлы өтініш жасауға құқылы. Үкімет өз
компетенциясына тиеселі қаулы шығаруға және ол мемлекет территориясының
барлық жерінде күшіне ие. Жаңадан құрылған Үкімет өз қызметі жайлы
бағдарлама жасайды және оны Парламент алдында баяндайды. Егер парламент
депутаттардың жалпы санының 23 даусы қарсы болса, Үкіметке сенімсіздік
туады. Үкімет заң шығару ықыласын жасауға құқылы. Үкімет заң жобасы
жоспарын жасайды, оны парламент мәжілісінің заң жобасына ұсынады. Заң
жобасын дайындауда министрліктер мемлекеттік комитеттер, бірінші басшылар
қатынасады және оның сапасына жауап береді. Президент нұсқауы бойынша
Үкімет Парламент Мәжілісіне заң жобасын енгізеді. Үкімет сыртқы
функцияларды да атқарады. Ол халықаралық келіссөздер жүргізу, үкімет аралық
келісімдер жасау, сыртқы сауда, финанс, білім, ғылым дамыту жұмыстарына
қатынасады.
 
Әдебиеттер:
 
1. 1.     Конституция РК, раздел V. Правительство.
2. 2.     Указ Президента РК. “О Правительстве РК”, имеющий силу
конституционного закона от 18 декабря 1995г.
3. 3.     Закон РК “О местном государственном управлении в РК ” от 23
января 2001г.
4. 4.     Комментарий к Конституции РК, Алматы, Жеті Жарғы, 1999.
 
 
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі.
 
 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі мемлекеттегі Негізгі
Заңның жоғарғы органы болып табылады. Ол, 1995ж. Конституция негізінде
қабылданған және 1992ж. мен 1995ж. аралығындағы қолданылған Конституциялық
Сотты алмастырды. Оның негізгі құрылуына конституциялық бақылаудың француз
тәсілі қойылды, оған биік салаларың ешбірі тікелей қатыспайды.
Конституциялық Кеңес дербес және мемлекеттік органдардан, саяси
партиялардан, қоғамдық ұйымдасудан тәуелсіз, тек Конституцияға бағынады.
Конституциялық Кеңес құрылу негізі — оның мемлекет лауазымды қызметкерлері
мүшелерін тағайындауы; Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республиканың
Президенті, екі мүшесін Сенаттың Төрағасы және екі мүшесін Мәжілістің
Төрағасы тағайындайды, олардың өкілеттігі алты жылға созылады Республиканың
экс-Президенттері құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің
мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің міндеті жалпы
дауыс беру негізінде шешімді егер дауыс тең бөлінген жағдайда
Конституциялық кеңес Төрағасының даусы шешуші болып табылады.
 
Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат
Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының
кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша:
1) 1)    Дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент
депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум
өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешеді.
2) 2)    Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына
сәйкестігін Президент қол қойғанға дейін қарайды.
3) 3)    Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін олардың
Конституцияға сәйкестігін қарайды.
4) 4)    Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді.
5) 5)    Конституцияның 47 бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетілген
реттерде қорытындылар береді.
 
Алдында көрсеткен жоғары мемлекеттік лауазымды қызметтер қатарына сот
төрелігі де жатады. Қазақстанның сот төрелігін тек сот қана жүргізеді. Сот
билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген
өзге де нысандарымен жүзеге асырылады. Конституциялық Кеңесте көрсетілген,
Президенттің қызметке кірісуі, Парламенттің сайлаған депутаттарын тіркеу не
республикалық референдум нәтижелерін шығару тоқтатыла тұрады.
Конституциялық Кеңеске көрсетілген мәселелер бойынша өтініш жасалған ретте,
тиісті актілерге қол қою мен оларды бекіту мерзімінің өтуі де тоқтатыла
тұрады. Конституциялық Кеңес өтініштер түскен күннен бастап бір ай ішінде
өз шешімін шығарады. Егер мәселе кейінге қалдыруға болмайтын болса,
Республика Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін
қысқартылуы мүмкін. Конституциялық Кеңестің заңды күші өте жоғары, егер
Қазақстан Республикасының Конституциясына кері деп танылған заңдар мен
халықаралық шарттарға қол қойылмайды, тиісінше бекітілмейді және күшіне
енгізілмейді. Адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен
бостандықтарына нұсқан келтірілген деп танылған заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілердің күші жойылады. Конституциялық Кеңестің
шешімдері қабылданған күннен барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті,
түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы
 
1993ж. 28 қаңтарда егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші
Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің
тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи орын алатын
ҚР ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Салық саясатының экономикалық мазмұны
Коммерциялық несие саясатының мақсаттары
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының салық саясаты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Жастар саясаты
Қазақстан Республикасының қаржы саясаты және оның нарықтық экономиканы дамытудағы ролі
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУ САЯСАТЫ
Пәндер