Банктің несиелік портфелі және оның сапасын бағалау әдістері


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ

«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

кафедра менгерушісі э. ғ, к., доцент

М. Ж. Арзаева

«Банктің несиелік портфелі және оның сапасын бағалау әдістері»

атты тақырыбында

ДИПЛОМ жұмысы

050509- «Қаржы» мамандығы

Орындаған:

«Қаржы» мамандығының

4 курс студенті Шайнусипова А. Е.

(күні, қолы)

Ғылыми жетекші:

аға оқытушы Керімбекова Н. Н.

(күні, қолы)

Норма бақылаушы:

аға оқытушы Садыханова Д. А.

(күні, қолы)

Алматы, 2011


Диплом жұмысын дайындау

ГРАФИГІ

Реттік №
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі
Ескертулер
Реттік №: 1.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиеттерді таңдау, оларды зерттеу мен өңдеу. Негізгі көздер бойынша библиография жасау
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 2.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Диплом жұмысының жоспарын жасау және оны жетекшімен қарастыру
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 3.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Бірінші бөлімді жазу және оны тексеруге ұсыну
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 4.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Практикалық материалдарды және т. б. жинақтау, жүйелеу және талдау.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 5.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды мен ұсыныстарды ғылыми жетекшімен келісу.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 6.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Ескертуге сәйкес диплом жұмысын қайта өңдеу (толықтыру) . Аяқталған жұмысты кафедраға ұсыну.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 7.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлермен танысу
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:
Реттік №: 8.
Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі: Рецензия мен пікірлерді ескере отырып, қорғауға дайындықты аяқтау.
Ғылыми жетекшіге тапсыру мерзімі:
Ескертулер:

Тапсырманың берілген күні

Кафедра меңгерушісі

э. ғ. к., доцент Арзаева М. Ж.

Жұмыс жетекшісі

аға оқытушы Кукиев А. Ж.

Тапсырманы орындауға

алған студент Шайнусипова А. Е.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ

«ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ

«ҚАРЖЫ» мамандығы

4 курс Ф07К3тобының студенті Шайнусипова А. Е. .

«Банктің несиелік портфелі және оның сапасын бағалау әдістері»

атты тақырыбында диплом жұмысын орындауға арналған

ТАПСЫРМА

« » 2010 ж. бұйрығымен бекітілді.

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «»

Жұмыстың бастапқы мәліметтері :

Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:

a)

ә)

б)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

  1. ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІ

ЖӘНЕ ОНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 7

1. 1 Коммерциялық банктердегі несиелік операциялардың экономикалық мәні . . . 7

1. 2 Несиелік портфелдің жіктелуі және оларға провизия құру тәртібі . . . 17

1. 3 Банктiк ссуда алушының несиелiк қабiлеттiгiн бағалау - несиелік

портфель сапасы негізі . . . 24

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ

БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІ САПАСЫНА ТАЛДАУ

ЖАСАУ ("KZI БАНК" АҚ - НЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ) . . . 28

2. 1 Қазақстан республикасындағы Екінші деңгейлі банктердің несиелік портфелi сапасына талдау жүргізу . . . 28

2. 2 «Kazakhstan Ziraat International Bank» АҚ мәліметтері негізінде несиелік портфеліне талдау . . . 36

2. 3 «BEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті несиелендіру тәжірибесіне талдау жүргізу . . . 47

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛЬДІ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 68

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында банк аясы серпінді түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бірі. Бұрын қатал түрде реттелетін коммерциялық банктер, бүгін дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында жұмыс істеп жатыр.

Әлемдік қаржы дағдарысына қарсы қабылданған ҚР Үкіметі, Қазақстан Ұлттық банкі және ҚР-ғы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыруға байланысты бірлескен шаралар жоспарын іске асыру механизмдерінде қарастырылған қаржы секторын тұрақтандырудың басты бағыттары айқындалды, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру, олардың сыртқы қарыздарды алуын әрі қарай шектеу шараларын қабылдау, Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес қызмет етіп отырған банктердің активтерінің жіктелім тәртібін оңтайландыру және жүйе құраушы екінші деңгейдегі банктердің жай және артықшылықты акцияларын сатып алу арқылы, сондай-ақ оларға субординирленген займдар беру арқылы қосымша капиталдандыру шаралары көзделген.

Жалпы несие порфелі - несиелік тәуекелдің немесе одан қорғану тәсілдерінің әр түрлі факторларына байланысты критерийлері бойынша жіктелген несиелерге байланысты банктің қоятын талаптарының жиынтығыболып табылса ал, несиелік портфелді басқару - ол банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылатындықтанда диплом жұмысының өзектілігі банктің т әуекелге бара отырып берген несиелері бойынша мәселе туындай қалған жағдайда құрылған несиелік портфелінің сапасын бағалау әдістерінің қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі мен несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетіндігі болып табылатындығында. Сондықтанда банктің несиелік тәуекелі мен табыстылық деңгейлері өзара пропорционал болып келеді, яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Сондықтан кез келген банк табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.

Диплом жұмысының мақсаты коммерциялық банктердің несиелік портфельді басқарудың теориялық негізін ашу, сондай-ақ «KZI Банк» АҚ мысалға алып отырып оның несиелік портфелін басқарудағы ерекшелігін қарастыру.

Осыған байланысты диплом жұмысында келесідей міндеттер қойылды:

  • Коммерциялық банктердің несиелік операцияларының экономикалық мәнін ашу;
  • несиелік операциялардың жіктемесін жасау;
  • коммерциялық банктердің пайдасын құруда алатын орны ;
  • коммерциялық банктердің несиелік портфелінің сапасына талдау жасап, оны басқаруыдың мақсаттарын анықтау;
  • «Kazakhstan Ziraat International Bank» АҚ мәліметтері негізінде несиелік порфеліне талдау жүргізу талдау жүргізу

несиелік портфельдің сапасын жақсарту жолдарын сипаттау;

- «Kazakhstan Ziraat International Bank» АҚ клиенті «BEST» жауапкершілігі шектеулі серіктестікті несиелендіру тәжірибесіне терең талдау жүргізу;

- Коммерциялық банктерде несиелік портфельді басқаруды
жетілдіру жолдарына ұсыныс жасау;

Диплом жұмысында жүргізілген талдау коммерциялық банктерде несиелік портфельдің қалыптасу ерекшеліктерін түсінуге жүргізілетін несиелік операциялардың көлемін келешкте кеңейту үшін алғышарттар жасау және бұл қадамдардың банктер мен жалпы экономика үшін маңыздылығы мен салдарын анықтауға несиелеу процесінде туындайтын тәуекелділік деңгейін төмендету жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Жұмыс құрылымы кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың жалпы мазмұнына қысқаша сипаттама беріледі. Сондай-ақ, жұмыстың мақсаты қойылып, міндеті айқындалады. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау мен қорытынды бөлімдерінен тұрады.

Жұмыстың обьектісі коммерциялық банктердің несиелік портфелі, оның ішінде «KZI Банк» Акционерлік қоғамының несиелік қызметі, оның портфелінің қалыптасуы болып табылады.

Жұмысытың мазмұнын ашуда теориялық әдіс ретінде шетел және отандық экономист ғалымдардың еңбектері, банктің тәжірибелі де білікті мамандарының баспа бетінде жарыяланған мақалалары мен Қазақстан Республикасының нормативті қүқық актілері, сонымен қатар өзім өндірістік тәжірибеде болған «Kazakhstan Ziraat International Bank» Акционерлік қоғамның нақты статистикалық мәліметтері пайдаланылды.

1 ҚР ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ПОРТФЕЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Коммерциялық банктердегі несиелік операциялардың экономикалық мәні

Несиелік операциялар - ақша қаражаттарын пайдалануға беру барысында пайда болатын несие мен несие алушы арасындағы қарым-қатынстар 1995 ж 30. 03 шыққан Қазақстан Республикасының "ҚР- дағы банктер және банктік қызмет турал” заңының 34 бабына сәйкес "несиелік операция-банкпен басқа түлғаларға мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық шартымен ақша беру болып табылады. Банктің несиелік немесе ссудалық операциялары банктің директорлар кеңесімен (жабық акционерлік қоғам болған жағдайда акционерлерінің жалпы жиналысымен) бекітілген ішкі несиелік саясаты туралы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Ішкі несиелік саясаты жүзеге асыратын мүше - банктің несиелік комитеті. Ішкі несиелік саясат туралы ережелер ссудалық операцияларды жүргізу барысында туындайтын тәуекел дәрежесін төмендету мақсатында жасалады және келесілерді анықтайды.

а) заңды және жеке түлғаларға несие беру шарттарын;

б) лауазымды түлғаларға және банк қызметкерлеріне несие беру
шарттарын;

в) несиелік комитеттің үйымдық қүрылымын, қызметтерін,
өкілеттілігін;

г) несиелік комитеттің мүшелерінің жауапкершілігін;

д) несиелеу шектерін;

е) несиелік шарттарды бекіту процедурасын;

Несиелік қарым-қатынасқа қатысушыларды былайша атайды; Несие беруші - Кредитор Несие алушы - Дебитор

Банктің несиелік операциялары 2 топқа бөлінеді:

  • актив немесе белсенді, яғни банк ссуда беріп, кредитор ретіндеқатынасқа түссе;
  • пассивті, бұл жағдайда банк басқа банктерден жәнеклиенттерінен ақша қаражаттарын таратып дебитор ретіндешықса. Бұдан біз несиелік операциялардың екі формасынтуындап шығарамыз- ссудалар мен депозиттер.

Нарық қатынастарына өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының маңызды факторы болып табылады. Несие қосымша ресурстар түрінде кәсіпорындар мен үйымдары меншік капитал шеңберінен шығуға мүмкіндік беріп, жаңа күш-қуат беретін өндірістің өркендеуіне экономикалық алғышарттар жасайды.

Несие несие алушының обьективті қажеттілігін қанағаттандыру үшін беріледі.

Несиелік операциялардың обьектісі - бұл белгілі бір зат, құндылық. Бұл затқа деген қажеттілікті қанағаттандыру үшін ссуда беріледі немесе несиелік мәміле жасалынады. Бірақ несиелеу обьектісі ретінде тек материалды зат, не құндылық қана бола бермейді, ал сонымен қатар несие алушының қосымша ресурстарға деген де қажеттілігі де болуы мүмкін. Сондықтан несиелеу обьектісі әрі материалдық құндылық, жалпы материалды процесс.

Қазақстан Республикасының тәжірибесінде банктердің несиелік салымдарының негізгі обьектілері негізінен экономиканың өңдеуші секторларының кәсіпорындарының: жеңіл - тамақ өнеркәсіптерінің, сауда және қызмет көрсету салаларының, шағын және орта бизнестің - қысқа мерзімді айналым қаражаттары болып табылады.

Несиелеу субьектілері - бұл несие алушы ретінде қатынасқа түсетін кәсіпорындар, ұйымдар, жеке түлғалар.

Қазіргі несиелеу жүйесінің негізгі ережелері келесі қалыпта;

  1. Несиелеу жүйесі коммерциялық банктің .
  2. Несиелік операциялар коммерциялық сипатқа ие.
  3. Несиелік салалардың көлемі банк ресурстарына ғана емессонымен бірге міндетті резервтер мен де байланысты өзгеріп отырады.
  4. Банктің несиелік саясаты келісім негізінде жүзегеасырылады.
  5. Ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ететіннесиелердің формасына өту көзделіп отыр.
  6. Несиелеу жүйесі келесі принциптерге негізделіп отыр:мерзімділік жөне ақылық немесе төлемділік, қайтарымдылықпен несиенің көзделген мақсатқа жұмсау.
  7. Сонымен бірге несиелеу моделін құрастыру үшін сол несиеалушының өндірісінің экономикасы негіз болу қажет.

Коммерциялық банктерде несиелік операциялар несиелік механизм арқылы жүзеге асырылады.

Несиелеу механизмі - несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі. Басқаша айтқанда несиелеу механизмі несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі - бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм тәжірибеде нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.

Қазіргі несиелеу механизмінің құрамы төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады:

  • несиелік әдістері және ссудалық шот түрлері;
  • несиелік мәмілені құжаттау;
  • несиенің мөлшерін белгілеу;
  • несиені беру процедурасы;
  • несиені қайтару тәртібі;
  • несиелеу процесіне жасалатын бақылау;
  • кепіл заттарын бағалау және іске асыру.

Несиелеу әдістері - ссуданың берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдерін білдіреді.

Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған :

  • қалдық бойынша;
  • айналым бойынша.

Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай ссудалық шоттар бойынша берілді.

Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі ссуданың берілуі тікелей төлемге қатысты және, ең бастысы, зайымдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы ссудалық шоттар бойынша беріліп отырған. Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, екіншісі банктік ссудаларды үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда үлкен роль ойнайды.

Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтумен байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың бірінші кезеңінің барысында саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден біртұтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге өтудің объективті процесі аяқталды. Мұнда, айналым бойынша несиелеуге жиынтық қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау-сату ұйымдары несиеленеді.

Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады :

  • айналым бойынша несиелеу әдістері;
  • қалдық бойынша несиелеу әдістері;
  • айналым-қалдықтық.

Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Ссудаға деген объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты ссуда мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты ссуда қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын процесс болып табылады.

Қалдық бойынша несиелеу барысында несие ссудаға деген қажеттілікті туындататын тауарлы-материалды құндылықтар мен шығындар қалдықтарымен өзара байланысқан. Несие бұл жағдайда тауарлы-материалды құндылықтардың қалдықтарын есепке ала отырып, компенсациялау тәжірибесінде беріледі, ал қажетті материалдарды сатып алу шығындары авансылау үшін берілмейді. Қалдық бойынша несиелеуде несиелеу объектісінің кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелеуде объектісі толығымен қамтылады.

Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.

Несиелеу әдістері несиені беру және қайтаруға арналған ссудалық шоттар

формаларын анықтауға негіз болады. Несиенің ұйымдастырылу қозғалысы

банктің клиентке ашқан ссудалық шотында көрсетіледі.

Ссудалық шот - клиенттің банктен олған несиесіне байланысты қарызы көрсетілетін, яғни ссуданың берілуі мен қайтарылуы көрсетілетін шотты білдіреді.

Несиенің берілуі мен өтелуі, қарыздың көрсетілуінің ортақ біртұтас сызбасы барысында ссудалық шоттар өзара бөлінеді:

  • ашылу мақсатына қарай;
  • айналыммен өзара байланысы бойынша.

Ашылу мақсатына қарай ссудалық шоттар депозиттік-ссудалық болып келеді. Мұндай жағдайда, клиент өзінің банктік депозитке салынған меншікті қаражатын жұмсап қойған кезде ғана белгілі бір мөлшерде несие алуға хұқық алады. Егер бұл шотта дебеттік қалдық шықса, онда ол депозиттік шоттан ссудалық шотқа айналады.

Айналымы мен өзара байланысы бойынша ссудалық шоттардың үш типі болуы мүмкін:

  1. айналым-төлемдік;
  2. қалдықты-компенсациялық;
  3. айналым-қалдықтық.

Осы үш типі мәні жағынан несиелеудің үш әдісіне сәйкес келеді.

Айналым-төлемдік шотты ашу барысында клиент әр түрлі қажеттіліктерге байланысты төлем құжаттарын: тауарлар мен қызметтер шотын, жалақыға берілетін чектерді, берешек қарызды өтеуге, салықтар мен басқа да төлемдерді аударуға байланысты төлем тапсырмаларын төлеуге мүмкіндік алады.

Клиент барлық төлемдерді төлеуде қалдықты-компенсациялық шотты пайдалана алады. Клиенттің қанша несиелеу объектісі болса, сонша қалдықты-компенсациялық шоты болуы мүмкін. Бұл ссудалық шот алдындағы екі ссудалық шотқа қарағанда біршама қолайлы және көп техникалық рәсімделуді қажет етеді, Сол сияқты несиенің белгілі бір мақсатқа берілуі қатаң қадағаланады.

Айналым-төлемдік ссудалық шоттың ерекше бір түрін контокорренттік шот құрайды.

Контокоррент шоты - банктік тәжірибеде банктердің бірінші класты несиелік және төмен қабылеті бар қарыз алушыларға несие беруде активті-пассивті (есеп айырысу-ссудалық) шоттарды біріктіре отырып, пайдалануын білдіреді.

Бұл шот банк сенімінің ең жоғарғы формасын сипаттайды. Оның дебет жағы бойынша клиенттік өндірістік қызметіне және пайданы бөлуіне байланысты барлық төлемдер, ал кредитіне клиенттің есебіне түсетін түсімдер және басқа да түсімдер есепке алынады. Бұл шоттың кредиттік қалдығы клиенттің сол уақытта айналымда бар меншікті қаражатын, ал дебеттік қалдығы айналымға банк несиесінің тартылғандығын, яғни ол бойынша пайыз төлеп отырғандығын көрсетеді.

Қарыз алушыларды несиелеуге байланысты операцияларды жүзеге асыру үшін екінші деңгейлі банктер оларға ссудалық шоттар ашады: жай және арнайы.

Арнайы ссудалық шоттар шаруашылық ұйымның төлем айналымының үлкен бөлігін несиенің көмегімен жүзеге асыратын жағдайда және несиеге деген үнемі қажеттілікте болатын қарыз алушыларға ашылады. Қазіргі кезде арнайы ссудалық шоттар бойынша тауарлар қорлары айналымына байланысты бөлшек және көтерме сауда ұйымдары, сонымен қатар сату-жабдықтау ұйымдары несиеленеді.

Кәсіпорынға тек бір ғана арнайы ссудалық шот ашылуы мүмкін. Бірақ та банк кәсіпорындағы жекелеген қандай-да бір тауарлар, шаралары үстіне несиелеу қажет деп санаса, онда оған жай ссудалық шоттар ашуға мүмкіндік береді. Жай ссудалық шоттар бір рет ссудалар беру үшін ғана банктік тәжірибеде қолданылады. Мұндай шоттар бойынша қарыздың өтелуі қарыз алушының келісілген мерзімде мерзімді міндеттеме-тапсырмалар негізінде жүзеге асырылады.

Егер қарыз алушы кәсіпорын бір уақытта бірнеше объектілер бойынша несиені пайдаланса, онда оған бірнеше жай шоттар ашылуы мүмкін және ссудалар әр түрлі шартпен, әр түрлі мерзімге және әр түрлі пайызбен беріледі. Мұндай ерекше ссудаларды есепке алуда қарыз алушылардың алған ссудаларын уақтылы өтеуіне банк тарапынан бақылау жүргізудің маңызы бар.

Несиелеу механизмінің екінші құрамдас бөлігі - несиелік мәмілені құжаттау. Бастапқы кезде банк пен клиент арасында ауызша келісім жасалып, оның соңы банкке несиелік ресурсқа сұралатын өтініштің жазбаша түрде несиенің мақсатын көрсете отырып тапсырылуымен аяқталады. Банкте клиенттің қаржылық жағдайын анықтауға және оның несиелік қабілетін бағалауға мүмкіндік беретін материалдар болуы керек. Сондықтан да, банк клиенттен оның қызметі жайлы соңғы екі-үш жылдағы жыл басына жасайтын кәсіпорынның балансын, қажет болған жағдайларда таяу айдағы күнге жасалған балансын талап етеді. Кәсіпорынның балансына қоса банкке пайда және зиян туралы, ақшалай қаражаттар қозғалысы туралы есептерін береді. Клиенттің белгілі мақсатқа несие алуға, оның қажетті мөлшерін, сыйақы мөлшерін және нақты мерзімнен тұратын несиеге деген қажеттілікті негіздейтін техникалық-экономикалық негіздемесі немесе бизнес жоспары болуы тиіс.

Банк пен қарыз алушы арасындағы жасалатын несиелік мәміленің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несие саясаты
Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау
Банктік тәуекелдің деңгейі
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Несиелік тәуекел факторлары
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Camel жүйесі
Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері
Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы
Қарыз алушының несиелік тәуекелін басқару әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz