Отбасы жас ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ -Түрік университеті

ӘОЖ 314. 6:316. 346. 32-053. 2 Қолжазба құқығында

Отбасы жас ұрпақты әлеуметтендіру институты ретінде

22. 00. 04 - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік институттар мен процестер

социология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

социология ғылымдарының докторы,

профессор О. Нұсқабаев

Қазақстан Республикасы

Түркістан, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 БАЛАНЫҢ ОТБАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТЕНУІ: ЗЕРТТЕУДІ ТЕОРИЯЛЫҚ- МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕУ . . . 9

  1. «Әлеуметтендіру» ұғымы . . . 9
  2. Зерттеуді негіздеудің теориялық - әдістемелік бастаулары . . . 11
  1. ОТБАСЫ БАЛАНЫҢ ӨМІР СҮРУІ МЕН ЖЕТІЛУ ОРТАСЫ . . . 21Отбасы социологиясы - жанұя туралы . . . 21Отбасының құрылымы, тұрмысы, міндеттері . . . 28Баланың әлеуметтенуі мен психикасы қалыптасуының әлеуметтік (отбасылық) алғы шарттары . . . 45
  2. БАЛАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДЕГІ БҮГІНГІ ОТБАСЫЛЫҚ

ТӘРБИЕ . . . 59

  1. Нәрестелік және балдырғандық жас шағындағы баланың отбасында әлеуметтенуінің ерекшеліктері . . . 59

3. 2 Баланың балаң жас шағындағы отбасылық әлеуметтендірудің қиыншылықтары мен тәрбиелік амалдары . . . 77

3. 3 Халықтық педагогиканың, отбасылық салт - дәстүрлер мен жөн - жоралғылардың жас ұрпақты әлеуметтендірудегі орны мен рөлі . . . 101

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 118

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 121

ҚОСЫМШАЛАР . . . 127

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпылама сипаттамасы . Зерттеуде жас ұрпақты әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге қосудағы отбасының орны мен рөлі қарастырылады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Отбасы дүниеге жаңадан келген әрбір баланы аяқтандырып, қоғамдық ортаға қосудың қайнар бастауында тұрған әлеуметтік институт.

Өйткені өмірге жаңадан келген әрбір нәресте бірден пісіп, жетіліп, бітім-болмысы, бет ажары келіскен, ақыл-есі толысқан, ішкі жан дүниесі бай, сегіз қырлы, бір сырлы, арлы, намысты, адамгершілігі бар азамат болып қалыптаса салмайды.

Ондай азамат санатына жету үшін оған өсіп, өнуі, адам баласы өзіне дейін жинақтаған әлеуметтік тәжірибені меңгеруі қажет.

Демек, дүниеге жаңадан келген әрбір баланы, жаңа ұрпақты өмір сүре білуге үйрету үшін оқыту және бейімдей білу қажет. Олардың әрқайсысын жеке тұлға, белсенді де білікті азамат, белгілі бір кәсіпті толық меңгерген іскер жан етіп қалыптастыра, өмір сүруге икемдеп, тәрбиелеп жетілдіре білу керек.

Сонда ғана бала өмірден өз орнын дұрыс таба алады. Өзін бағалай біледі. Өз «менінің» мәнін түсініп, өзін басқалардан ажырата алады. Өзін жеке тұлға ретінде сезінеді. Баланың өз «менін» айыра алуы - оның тұлғалық қадір -қасиеттерінің өзекті арқауы, кісілігінің айрықша белгісі.

Міне осындай тұлғалық, жеке бастық қадір - қасиеттердің қалыптасуына тікелей әрі белсенді ықпал ететін орта - бұл отбасы. Сондықтан да отбасы социологиясы жанұяны - баланы, өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің ең бастапқы ұясы ретінде қарастырады. Қазіргі ересектер мен жастар арасындағы ішкілік, есірткіге құмарлық көріністер мен әркелкі ауытқушылықтар туа біткен қасиеттер емес. Отбасында және әлеуметтік ортада көргені, әлсіздігі, ақпарат жүйесінің бейбастақтыққа тәрбиелеуі, көңілден шығатын іс - әрекеттер кеністігінің жетіспеуі, рухани таяздықтың қанат жаюы салдарлары. Осы мәселелердің өз шешімін табуы дұрыс бағдармен әлеуметтенуге аса маңызды ықпалын тигізеді.

Отбасының адамзат өркениетінің пайда болып, дамуындағы мәртебелі орны мен рөлі оның жанұялық қызметтерінің (функцияларының) терең әлеуметтік мәні барлығымен, қоғам үшін аса маңыздылығымен сипатталады. Демек «бізге отбасы және неке институтын нығайту керек. Оның мәртебесін көтеріп, ар-иман құндылықтарын жаңғыртуға тиіспіз. Отбасылық құндылықтар мен дәстүр біздің қоғамның және мәдениетіміздің негізі болған және солай болып қала береді де. Бізге көптеген отбасыларында сақталған игі дәстүрлер мен құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау қажет. Себебі өмірге жаңадан қадам басқан әрбір баланың, әрбір жаңа ұрпақтың өмірден өз орнын тауып, дұрыс қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге тікелей байланысты. Отбасы әрбір жаңа ұрпаққа қоғамда жинақталған мәдени мұраны, материалдық және рухани құндылықтарды табыс етуші қызметін атқара отырып, оларды толық әлеуметтендіреді. Қоғамдық өмірге толық әлеуметтеніп, тұлғалық және адамгершілік қадір - қасиеттері қалыптасқан, өмір сүруге әзір азаматтар етіп қосып отырады. Осыған орай, әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға еліміздегі қоғамдық және халықаралық ұйымдармен, ғылыми қауымдастықпен бірлесе отырып отбасына қатысты мәселелерді, ең алдымен бала туылымы, ана мен бала денсаулығы, отбасындағы бала тәрбиесі мен тәлімі, т. т. жөніндегі ұсыныстарды талқылауды тапсырамын. Бұл бағытта ішкі және халықаралық тәжірибелер зерделенуі тиіс» [1] .

Отбасына қатысты мәселелерге, соның ішінде, баланы отбасында әлеуметтендіру мәселелеріне Елбасы тарапынан айрықша назар аударылудың өзі - ақ, осы зерттеу жұмысы авторының алдына зор жауапкершілік жүктеп, артылар жүгі ауыр болса да, зерттелуі қажетті проблеманың есігін ашып беріп отыр.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтануда отбасы өмірінің әртүрлі жақтары қарастырылған еңбектердің молдығына қарамастан, отбасылық әлеуметтендіру жеке алынып, зерттелген еңбектер жоқтың қасы. Айталық, отбасы социологиясының қалыптасып, дамуына ықпал еткен Э. Дюркгеймнің «Отбасы социологиясына кіріспе», М. Вебердің «Жұбайлар және ана құқығының дамуы», М. Ковалевскийдің «Отбасы мен жеке меншіктің пайда болуы мен дамуы» очеркі, К. Циммерманның «Отбасы және өркениет», Ч. Кулидің «Әлеуметтік топ» атты еңбектерінде отбасы нақты тарихи құрылым ретінде ғана қарастырылады да қояды.

Ал, отбасы социологиясының негізін қалаушылар ретінде танылатын француз социологы Фредерик Пьер Ле Пле мен американ социологы Эрнст Берджесс еңбектерінде отбасы қоғамның ең қарапайым, кішкентай бөлшегі ретінде ғана зерттеледі. Ле Пле өз зерттеулерін отбасы туралы эмпирикалық мәліметтерді жинаудан бастап, үш жүзге жуық отбасының өмір сүру салтын талдады. Нәтижесінде отбасы типологиясын жасақтап, үлгі ретінде ұсынды.

Дегенмен, көп уақытқа дейін отбасын зерттеулер жанұяға тән бір ғана құбылысты талдаулармен шектеліп келді. Тек XX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай ғана отбасы біртұтас жүйе ретінде қарастырылып кешенді тұрғыда зерттеле бастады. Пікіріміздің дәлеліне айғақ келтірелік. 1974 - 1975 жылдары аралығында АҚШ - тағы 25 университеттің 50 - ге жуық ғалымдары өте күрделі жобалық проект - отбасы қызметтенуінің мәнін жан -жақты түсініп, ұғынуға ықпал ететін теориялық моделін (үлгісін) жасақтауды қолға алды. Жобалық проект авторлары отбасы мәселелерін түбегейлі саралау мақсатында оны 24 салаға бөліп алып, қарастырды. Мысалы, типтері, эволюциялық даму тарихы, отбасы ішілік қарым - қатынас, рөлдік ынта, кикілжің, билік бөлінісі, жас отбасы, толық емес отбасы, т. т. Осы ғалымдардың арасынан өздерінің зерттеулерінің артықшылығымен көрінген У. Берр, У. Гуд, К. Девид, К. Кристенс, И. Ной, Д. Попеное, И. Ренте, Р. Хилл, Дж. Хоманс, т. б. аттары бүгінгі таңда дүниежүзі әлеуметтанушыларына мәлім.

Отбасы мәселелерін зерделеген ТМД өкілдерінің алдыңғы қатарында А. Г. Харчевті (теориялық мәселелер), М. С. Мацковскийді (әдістемелік тәсілдер), А. И. Антоновты (туылым, демографиялық мәселелер), И. В. Бестужев - Ладаны (отбасын болжау), И. С. Голодты (отбасы тұрақсыздығы), И. С. Контты (сексуалдық іс - әрекет), М. Х. Титманы (ұрпақтар сабақтастығы), Н. Г. Юркевичті (қазіргі отбасы мәселелері), т. б. атауға болады.

Қазақстандық қоғамтанушылардың ішінен отбасы мәселелерін екшелеумен айналысқандар саусақпен санарлықтай ғана. Мысалы тарихшы Х. А. Арғынбаевтың «Қазақ отбасы» атты еңбегі көшпелі қоғамдағы қазақ отбасыларының тұрмыс - тіршілігін этнографиялық суреттеулерге арналса, әлеуметтанушы З. Ж. Жаназарованың «Современная семья в Казахстане и ее проблемы» атты монографиялық зерттеуі отбасы мәселелерін талдаудың теориялық - методологиялық тұғырнамаларының мазмұндарын, бүгінгі таңдағы қазақ отбасының жай - күйін талдауларға арналған.

Десек те, жоғарыда біздер тарапынан аттары аталып, еңбектеріне қысқаша болса да шолу жасалған ғалымдардың еңбектерінде біз зерттегелі отырған мәселе нақтылы қарастырылмағанымен, олардың еңбектерінде тұжырымдалған қағидалық принциптер мен тұжырымдар зерттеуіміз үшін теориялық - методологиялық қайнар бастаулары ретінде қарастырылғаны анық.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі қазақстандық отбасылардың балаларына ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан әлеуметтік тәжірибені, білімді, құндылықтарды, шаруашылық жүргізу тәсілдерін, салт - дәстүрлерді, жөн - жоралғыларды, мінез - құлық үлгілерін және белгілі бір кәсіпті меңгерту арқылы әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге қосудағы орны мен рөлін талдау.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазіргі Қазақстан отбасылары.

Зерттеу жұмысының пәні. Қазіргі Қазақстандық отбасылардың өз балаларын әлеуметтендіріп, қоғамдық өмірге қосудағы қызметін (функциясын) бағымдау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • диссертациялық зерттеуде Қазақстандық әлеуметтануда алғаш рет жас ұрпақты отбасында әлеуметтендіру мәселелері жеке тақырыптық зерттеу объектісі ретінде қарастырылып, сараланды;
  • жас ұрпақты отбасында әлеуметтендіруді талдаудың теориялық - методологиялық негізі ретінде отбасы социологиясының мәні, оның қалыптасып, дамуына ықпал еткен социолог - ғалымдардың еңбектерінде айтылған отбасы құрылымы, тұрмысы, атқаратын қызметтері (функциялары) туралы айтқан ой - пікірлері талданып, тақырыпқа қатысты екшеленді;
  • балаларды отбасында әлеуметтендірудің әлеуметтік (отбасылық) алғы шарттары негізделді;
  • балаларды отбасында әлеуметтендірудің жетекші факторлары анықталып, барша отбасыларға ортақ заңдылықтары мен жеке отбасыға тән өзіндік ерекшеліктері анықталды;
  • балалардың жас шағындағы бағымы, өсіріп - жетілдірудің және тәрбиесінің ауыртпалықтары талданды;
  • балаларды балаң жас шағында әлеуметтендірудің тәрбиелік амалдары мен ерекшеліктері нақтыланды;
  • отбасылық салт - дәстүрлер мен жөн - жоралғылардың балаларды әлеуметтендірудегі орны мен рөлі бағымдалды.

Зерттеу жұмысының теориялық - әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың қарастырылып отырған мәселенің қайсы бір жақтарын қарастырған еңбектері пайдаланылды.

Заңдық негіздері ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының заңы, әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қаулылары, жеткіншек ұрпаққа білім беру, оларды оқытып, тәрбиелеу, кәсіпшілдікке бейімдеу жөніндегі ведомстволық нормативтік құжаттар, тұжырымдамалық бағдарламалар алынды.

Зерттеудің эмпирикалық негізі ретінде жас ұрпақты әлеуметтендіру үрдісіндегі отбасының орны мен рөлінің қаншалықты екендігін анықтау мақсатында 2007-2009 жылдары аралығында Қазақстанның оңтүстік өңірі тұрғындары арасында диссертанттың өзі жүргізген нақты - социологиялық зерттеу мәліметтері пайдаланылды. Сауалнама сұрақтарына 1237 респондент жауап қайтарды. Олардың 568-і әке - шеше, 384-і аталар мен әжелер, 265-і мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілер, жыныстық тұрғыдан алып қарастырғанда сұралғандардың 796-сы әйелдер, 441-і ер азаматтар.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеуде жас ұрпақты отбасылық әлеуметтендірудің мән - мағынасы, нысандары мен амалдары негізделгендіктен, жұмысты жоғары оқу орындарында отбасы социологиясынан, психологиялық - педагогикалық арнайы курстардан дәріс оқығанда, билік органдары жандарындағы әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиялар өз жиындарында, қаулы - қаралар қабылдағанда пайдалануларына болады. Жұмыс, сонымен қатар, ата - аналарға бала тәрбиесінде таптырмайтын көмекші құрал бола алады.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

  • Балаларды отбасында әлеуметтендірудің өзіндік ерекшеліктерін анықтап негіздеу үшін жанұя нақты тарихи құрылым ретінде қарастырылып, талдаудың теориялық - методологиялық негізі - отбасы социологиясының мәні, оның қалыптасып, дамуына ықпал еткен социолог - ғалымдардың еңбектерінде айтылған отбасының құрылымы, тұрмысы, атқаратын қызметтері (функциялары) туралы пікірлері тақырыпқа қатысты екшеленіп таразыланды;
  • Бақуатты тұрмыс қалпы, жанұялық жылылық туыстық қарым - қатынас, ата - ананың, аға - інінің, апа - сіңлінің, туған -туыстың өнегелі үлгісі баланың ішкі жан дүниесінің, сана - сезімінің, ой - өрісінің қанаттануына, дене бітімінің өсіп, жетілуіне, жоғары адамгершілік қадір - қасиеттері мен оң мінез - құлқының қалыптасуына ықпал етеді;
  • Бала әлеуметтенуінің отбасылық жетекші факторларына әлеуметтік (тегі, өсіп, өніп келе жатқан ортасы, парасаттылық деңгейі, т. т. ), отбасылық (берекелік, ынтымақтастық, үйішілік қарым - қатынас мөлдірлігі мен табиғилығы, ата - ананың баланың дұрыс азамат болып қалыптасуына белсенді ықпал ете, тәлімді тәрбие бере білуі, т. т. ), жеке бастық қабілеттілігі (ақыл - ой өрісі, ерік - жігері, талап талпынысы, т. т. ) жатады;
  • Әлеуметтік ортаның және арнайы үйрету, тәрбиелеу және оқыту негізінде ғана баланың бойында адам болып қалыптасуға, адамша сезіну мен ойлауға қабілетті жеке адам, тұлға қалыптасады. Демек, баланы жас шағында әлеуметтендіруде үлкендер (ата - ана және т. б. ) баланың жеке басының қалыптасуына ықпал ететін барлық жағдаяттарды есепке ала отырып, баланың жалпы адами қасиеттерін, өмір сүруге бейімділігін, танымдық, қызығушылық, өнер - білімге құмарлық, әуестік, мүдделік, мақсат - мұраттық қалыптарын, мінез - құлқы мен адамгершілік қадір - қасиеттерін, айналасындағылармен дұрыс қарым - қатынасын, іс - әрекетке, ойынға, оқуға, үйренуге талаптылығын, ішкі сезім дүниесі мен ойлау жүйесін, интеллектісін, өзін - өзі тануы мен бағалай білуін, өз «менін» түсінуін, ерік - жігері мен өмірлік бағдарлық ұстанымын, психикасын дұрыс қалыптастырып, дамытуға күш жұмсалуы тиіс. Бір - бірімен кіріге байланысып, бала бойында орныққан адами қасиеттер ғана баланың әлеуметтенуі мен психикалық тұрғыдан дұрыс қалыптасуының мазмұнын құрайды. Баланың биологиялық тұрғыдан да, физиологиялық және психикалық тұрғыдан да пісіп жетілуі, ойлауы, есі, тілді қабылдауы, іс - әрекеттің белгілі бір тәсілдерін, білімді, т. б. игерумен айтарлықтай сабақтас, қатар жүретін үрдістер;
  • Балаң жас шақ кәмелеттікке толар шақтың бастауында тұрғандықтан ата -анадан балаларын өмір сүрудің бұрынғыдан өзгеше жаңа деңгейіне шығаруға дайындықты барынша жандандыруды талап етеді. Мұндайда ата - ана балаларының әлеуметтенуін кешенді ұйымдастырып, олардың талап - тілектері мен қабілеттеріне сәйкес келетін кәсіпті дұрыс таңдауларына ұйтқылық жасай білулері керек. Алдағы өмірлеріндегі бағыт - бағдарлық ұстанымдары мен өмірлік жоспарларын оң түзулеріне, ақыл - ой жүйесі мен өзіндік сана -сезімдерінің шарықтық деңгейде дамуларына, оңды мінез - құлық пен адамгершілік мәдениетін, политехникалық білім мен біліктілікті талап ететін еңбек мәдениетін, қоғамдық тәртіп пен заңдылықты сақтап жүруге мүдделікті, саяси және құқықтық мәдениетті, эстетикалық және дене дамуының мәдениетін, экологиялық және экономикалық мәдениеті меңгерулеріне күш жұмсаулары керек. Сонда ғана бала жаңа өмірге нық басып ене алады. Өзі өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосыла алады. Нарықтық қоғамда өмір сүруге бейімделіп, қазіргі еңбек рыногінен білімі мен біліктілігіне сәйкес келетін жұмысты таңдап ала алады;
  • Ұлттық тәрбиенің өскелең ұрпақты әлеуметтендірудегі, яғни оларды әлеуметтік өмірге даярлап, қосуға бағытталған тәлімдік дәстүрлі өнеге - үлгісі халықтың аңыз әңгімелерінде, ертегілерінде, мақал - мәтелдерінде, шешендік сөздерінде, эпостық жырларында, әдет - ғұрыптарында, наным - сенімдерінде, ырым - жоралғыларында, емшілік пен бақсы - балгерлік ісмерлігінде, т. б. сақталған. Бір сөзбен айтқанда, қазақта халық педагогикасының тәлімдік үлгі - өнегелерін қамтитын рухани мұра мол. Оны халқымыз үзбей тәлім - тәрбие ісінде орын - орнымен тиімді пайдаланып келеді. Өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің өзегі іспеттес қазіргі ғылыми - педагогикалық және психологиялық заңдар мен ережелердің қалыптасуына халықтық педагогиканың тәлімдік жөн - жоралғылары кәдімгідей ықпал етті.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі мен жариялануы. Зерттеудің негізгі мәтіні автордың ғылыми - практикалық конференциялар мен ғылыми семинарларда жасаған баяндамаларында және жариялаған мақалаларында мазмұндалған.

Диссертациялық жұмыстың мақұлдануы. Зерттеу жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің Әлеуметтану кафедрасының мәжілісінде және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Әлеуметтану кафедрасында талқыланып, мақұлданып, қорғауға ұсынылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертация кіріспеден, 3 бөлім, 8 бөлімшеден, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 143 бет.

1 БАЛАНЫҢ ОТБАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТЕНУІ:

ЗЕРТТЕУДІ ТЕОРИЯЛЫҚ - МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН НЕГІЗДЕУ

  1. «Әлеуметтендіру» ұғымы

«Әлеуметтендіру» терминінің мән - мағынасы қысқа қайырғанда, индивидтің басқалармен қарым - қатынасы және іс - әрекеті барысында ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан әлеуметтік тәжірибені игеру нәтижесінде қоғамдық өмірге кірігуін айқындайтын ұғым ретінде түсіндіріледі.

Десек те бұл ұғымның мәні тереңірек. «Әлеуметтендіру » ұғымының мәні әртүрлі әрі күрделі әлеуметтік қатынастардың, факторлардың және үрдістердің баланың адам ретінде қалыптасуына әсер ететін түрткілік қызметтерінің нәтижесінде пайда болатын әлеуметтік - психологиялық, саяси - экономикалық, моральдық - этикалық, мәдени, рухани, аксиологиялық, тәрбиелік және біліми ықпалдардың желісі ретінде мазмұндалады. Сонымен қатар әлеуметтендіру үрдісі қайсы бір жағдайда қоғамдағы әртүрлі өмірлік жағдаяттардың индивидке стихиялық ықпал етуі нәтижесі. Сондай - ақ өсіп келе жатқан жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеу, адам етіп қоғамға қосу желісі, индивидті жеке тұлға етіп мақсатты бағытта қалыптастыру өзегі ретінде де танылады.

Себебі адам баласының дүниеге келгенде жануарлар төлінен айырмашылығы шамалы ғана болады. Дегенмен адам баласының бойында адам болып қалыптасу мүмкіндіктері мол. Нәресте адамдар дүниесінде, адам заттары дүниесінде, адамдар қарым - қатынастары дүниесінде өмірге келеді. Алда сонда тіршілік етеді. Адамдар дүниесінде қоғами орта қалыптасқан. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан әлеуметтік тәжірибе бар. Баланың адам болып қалыптасуының негізі осы тәжірибені игеру процесі болып саналады. Бұл үрдіс үлкендер тарапынан үздіксіз басшылық, тәрбиелеу, үйрету, бойға сіңіру, дағды - ісмерлікке баулу және оқыту болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Баланың биологиялық тұрғыдан да, физиологиялық және психикалық тұрғыдан да пісіп жетілуі, ойлауы, есі, қабылдауы, тілді, іс - әрекеттің белгілі бір тәсілдерін, білімді, т. б. игеруімен айтарлықтай сабақтас.

Адамзат тарихында іс - әрекетті жүзеге асыру құралдары ғана ойлап табылып, жетілдіріліп отырылмаған, осы құралдарды, қоғамдық тәжірибені кейінгі ұрпақтарға жеткізудің ерекше жолдары да анық ойластырылған. Бұл ойластырылған жол тәрбиелеу, бойға сіңдіру, дағды - ісмерлікке баулу және оқыту тәсілдері. Әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан - ұрпаққа беріп отырудың бағытты, бағдарлы әрі тиімді ұйымдастырылған әдісі. Бұл үрдістер, сонымен қатар, өскіндердің физиологиялық және психикалық тұрғыдан пісіп жетілулерінде де, оларды әлеуметтендіріп, қоғамдық ортаға белгілі бір кәсіпті меңгерген білімді де саналы азаматтар етіп қосуда айқындаушы рөл атқарады.

«Әлеуметтендіру» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады. Ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар Дж. Кольманның, А. Парктің, А. Бондураның, Д. Доллэрдтің есімдері аталады. Жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғашқы монографиялық зерттеулердің алдыңғы қатарында Дж. Кольманның «Молодежное общество» (1961), Э. Макнейланның «Социализация человека» (1968) еңбектерін атауға болады.

Қазақстандық социологиялық әдебиетте «Әлеуметтендіру» ұғымын алғашқылардың бірі болып ғылыми айналымға ендірген ғалым О. Нұсқабаев өзінің 1984 жылы «Қазақстан» баспасында жарияланған «Дүниеге ғылыми көзқарас және жастар» атты монографиялық зерттеуінде бұл термин Европа елдерінде XIX ғасырдың аяғынан бермен қарай қолданыста дей келіп, «алғашында «әлеуметтендіру» ұғымы адамның «әлеуметтік табиғатын» немесе «мінез - құлық» нормаларын белгілеу үшін ғана қолданылды. Бертін келе адамның әлеуметтенуі психикалық жетілудің, әлеуметтік тәжірибені игертудің және оқытып, тәрбиелеудің нәтижесі ретінде қарастырыла бастады» деп анықтайды [2. 29б] .

«Әлеуметтендіру» ұғымы қоғамда қалыптасқан рухани байлықтар мен мінез - құлық нормаларын белсенді түрде меңгерту және жетілдіру жолымен жас ұрпақты сол қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосуды бейнелейді [3-4] .

Белгілі психолог Л. С. Выготскийдің пікірінше, адамның жеке адам ретінде қалыптасуы, әрқайсысының біршама өзіндік дербестіктері бар, бірақ бір -бірімен тығыз байланысты екі жақты дамудың табиғи өсіп жетілу мен әлеуметтік пісіп толысудың өзара диалектикалық әрекетінің жемісі.

Табиғи өсіп жетілудің негізінде адамның биологиялық жетілу процесі, яғни онтогенез жатыр. Бірақ, адамның жан - жақты жетілген жеке адам ретінде қалыптасуы тек әлеуметтендіру процесінде жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өскелең ұрпақты қоғамдық өмірге әлеуметтендіру
Әлеуметтендіру педагогикасындағы ата-ананың тарихи орны
Әлеуметтендіру — ортаның дара түрге (индивид) ықпалы
Жеке тұлғаны өмірлік даярлауда әлеуметтендірудің алатын орны
Халықтық педагогика - өскелең ұрпаққа ұлттық мұраларды меңгерту құралы
Оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру түрлері
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Әлеуметтендіру– рухани құндылықтарды таратушы және қайта жаңғыртушы механизм ретінде
Әлеуметтік педагогика пәні
Саяси білімді меңгеру Қазақстан жастарын саяси әлеуметтендіру факторы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz