Құрылыс нысандарында қолданылатын жеке қорғаныс құралдары


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Бабалиева С. Б.
Құрылыс нысандарында қолданылатын жеке қорғаныс құралдары
Бітіру жұмысы
050731 - қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Қызметте пайдалану үшін (қажет болған жағдайда)
Химиялық физика және
материалтану кафедрасы
меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді: Мансуров З. А.
Бітіру жұмысы
Құрылыс нысандарында қолданылатын жеке қорғаныс құралдары
050731 - қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығы
Орындаған 4 курс студенті: Бабалиева С. Б
Ғылыми жетекші: Исанбекова А. Т
Норма бақылаушы:
Алматы 2011
Реферат
Бітіру жұмысы беттен, кестеден, суреттен, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Түйін сөздер: құрылыс нысаны, өндірістік процестер, технологиялық құрал-жабдықтар, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар, нормативтік құжаттар, жеке қорғаныс құралдар,
Зерттеу объектісі: Алматы қалалық құрылыс нысандары: «Ақбұлақ», «Көкжиек », «Таусамал».
Бітіру жұмысының мақсаты: құрылыс нысандарында қолданылытын жеке қорғаныс құралдарын зерттеу.
Реферат
Выпускная работа сострит из страниц, содержит таблицы, рисунков, использованных источников.
Ключевые слова: строительная организация, производственные процесы, технологические оборудования, вредные и опасные факторы, СН И Правила, средства индивидуальной защиты.
Объекты исследования: Алматинская строительная организации: «Акбулак», «Кокжиек », «Таусамал».
Цель работы: исследование средств индивидуальной защиты применяемых в строительных объектах
Глоссарий
ЖҚҚ- жеке қорғаныс құралдары;
СН және Е- санитарлық нормалар мен ережелер;
МемСТ- Мемлекетік стандарт;
ШРК- шекті рұқсат етілген концентрациясы;
ҚЖАЖЖІҚ- қорғаныстық жартылай автоматты жоғарыда жұмыс істеу құралдары;
Мазмұны
Кіріспе
Құрылыс нысанындағы еңбек қауіпсіздігі мен тіршілік қаіпсіздігі мәселелерінің шиеленісуі және жеке қорғаныс құралдарын талаптарға сай пайдаланбауы нәтижесінде жұмыс орындарындағы жарақаттар, кәсіптік аурулардың жиілігімен, жұмыс ауырлығы, өндірістік апаттар санының артуымен анықталуда
Дамыған өндірістік мемлекетерде құрылыстық жұмыстарға барлығы 5%-10% жұмысшы күші керек деп есептеледі. Дүние жүзі бойынша 90% жұмысшылар- ер адамдар болса, ал кейбір мемлекеттерде осы көрсеткіштен көбі- әйел адамдар, бірақ олар топ болып ұсақ жұмыстармен айналысады.
Құрылыс жұмыстардың әрбір түріне байланысты, келесідей болжам жасауға болады, негізгі қауіп көзі болып- құлаудан келетін қауіпті айтуға болады, тіптен аласа жерден құлаудан да зардаптар келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес өндірістік жарақаттар көрсеткіші 50% құрап отыр.
Құрылыс нысанындағы жазатайым оқиғаның ықтимал болуынан немесе қолайсыз жағдайлармен қоса, денсаулыққа келтiрiлетiн зияннан тиiстi қорғау өзге құралдармен қамтамасыз етiлмеген жағдайда, жұмыс берушi қызметкерлер үшiн, жұмыстың сипаты мен қатерiн ескере отырып, ұлттық заңнамадағы және ережелердегi ұйғарымдарға сәйкес тиiстi жеке қорғану құралдарын және қорғану киiмiн тегiн бередi және оларды тиiстi жағдайда тегiн ұстайды.
Өндірісте кездесетін жарақаттардың негізгі себептері: электрөткізгіш, құралдарда ақаулар, механиздердің қоршалмауынан, жұмысшылардың техника қауіпсіздігі ережелерін жеткілікті білмеуі, электр тогымен жұмыс жасайтын құралдар мен аппараттардың дұрыс оқшауланбауы және т. б
Қазіргі кезде, жұмысшылардың еңбек жағдайы мен қауіпсіздігін жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жұмыс пен бөлінген үлкен көлемдегі қаражатқа қарамастан, құрылыс нысанындағы жоспарлы-ескертпелі жөндеу жұмыстарының графигі жиі бұзылады. Ескірген, ақауы бар құрал-жабдықтар қолданылады, техника қауіпсіздігінен білімі жоқ адамдар жұмысқа алынады, жұмысшылардың білімін тексеру уақыты мен техника қауіпсіздігін сақтамайтын жағдайлар жиі кездесіп, осының салдарынан бақытсыз жағдайлар орын алады. Құрылыс нысанындағы жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарын талаптарға сай дұрыс пайдаланбауы жайында басшыларға ескертіп айттық.
Жұмыстың мақсаты: өндірістік құрылыстық процестер және аталмыш нысандағы қолданылытын жеке қорғаныс құралдары қауіпсіздігін .
Зеріттеген нысанда жұмысшыларға таратылатын жеке қорғаныс құралдарынан каска, қолғап және белбеу ғана таратылады. Осы берілген жеке қорғаныс құралдарын жұмыс атқаратын жұмысшылардың 50% мүлдем, 40% жартылай пайдаланады.
Міндеттері:
- Құрылыс нысандарын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын бағалау;
- Құрылыс нысандағы пайдалануға берілетін жеке қорғаныс құралдарының техникалық талаптарға сәйкестігін зерттеу;
- Құрылыс нысандарында жеке қорғаныс құралдарын зерттеу;
- Аталмыш нысандағы қауіпті және зиянды өндірістік факторларды бағалау;
1. 1 Құрылыс нысанындағы корғаныс кұралдары
Құрылыс нысанындағы қорғаныс құралдары дегеніміз -жұмысшылардың ағзасына кері әсер ететін факторлардың әсерінен қорғайтын техникалық жабдықтар жиынтығын айтады. Олар қолдану мақсатына қарай екі түрге бөлінеді: жеке және ұжымдық қорғану құралдары.
Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғануы үшін арналған.
Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір мезетте қорғануы үшін арналған техникалық жабдықтар.
Емдеу-профилактикалық құрал -жұмысшы денесінің ашық жерлерін әртүрлі факторлардан қорғауға арналған түрлі пасталар мен басқа да залалсыздандыру құралдары.
Ұжымдық қорғаныс құралдары қолданылуына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- өндірістік ғимараттар немесе жұмыс орнының ауасын қалыпта сақтайтын қорғаныс құралдар;
- өндірістік ғимараттар немесе жұмыс орнының жарықтануын қалыпта ұстайтын қорғаныс құралдары;
- иондаушы сәулелерден қорғайтын құралдар;
- инфрақызыл сәулелерден қорғайтын құралдар;
- ультракүлгін сәулелерден қорғайтын құралдар;
- электромагниттік өрістен қорғайтын құралдар;
- оптикалық кванттық генереторлы сәулелерден қорғайтын құралдар;
- шудан қорғайтын құралдар;
- дірілден қорғайтын құралдар;
- ультрадыбыстан қорғатын құралдар;
- электрлік токтың зардабынан қорғайтын құралдар;
- электростатикалық зарядтан қорғайтын құралдар;
- құрылғылардың, материалдардың бетіндегі жоғары немесе төменгі температурадан қорғайтын құралдар;
- механикалық фактордар әсерінен қорғайтын құралдар;
- химиялық фактордар әсерінен қорғайтын құралдар;
- биологиялық фактордар әсерінен қорғайтын құралдар;
Құрылыс нысанындағы жеке қорғаныс құралдарының түрлері келесідей болады:оқшаулағыш костюмдер, пневмокостюмдер, гидрооқшаулағыш костюмдер, скафандрлар; Шаңнан және улы заттардан адамның тыныс мүшесін қорғайтын құралдар: газқағарлар, респираторлар, пневмошлемдер, пневмомаскалар; Бояу жұмыстары кезінде, сонымен қатар улы заттармен жұмыс жасаған кезде келесі құралдар қолданылады: комбинезондар, жартылай комбинезондар, курткалар, сымдар, костюмдер, халаттар, плащтар, алжапқыштар, қолға киетін қолғаптар; Арнайы аяқ киімдер:бәтеңкелер, етіктер, жартылай етіктер, туфлилер, голоштар, ботылар; Қолды қорғайтын құралдар:қолғаптар, резеңке қолғаптар; Бетті қорғайтын: қорғаныш маскалары; Көзді әртүрлі зиянды заттардан қорғайтын құралдар: қорғаныш көзәйнектер; Жоғарыдан құлау қаупінен басты сақтайтын:каскалар, шлемдер, береттер, қалпақтар; Құлақты шудан, дірілден қорғайтын: шуға қарсы шлемдер, шуға қарсы құлаққа тақыштар, тығындар; Жоғарыдан құлау қаупінен қорғайтын құралдар:қорғағыш белбеулер, диэлектрлік төсеніштер, тізеге киетін, иыққа киетін кигіштер жатады; Дерматологиялық қорғаныс құралдары:жуғыштар, пасталар, кремдер, мазьдар.
Құрылыстық каскалар
1- сурет. Құрылыстық каска
Құрылыстық нысанда жұмыс жасайтын барлық жұмысшы бастарына каска киіп жүруге міндетті болып саналады. Жұмысшылар және инженерлік-техникалық қызметкерлер жұмыс орнына каскасыз және басқа да жеке қорғаныс құралдарынсыз жіберілмейді. Каска негізінен сыртқы корпус пен ішкі қабаты , иекке тағылатын баудан турады.
Касканын салмағы оның өлшемінен аспауы тиіс. ( 1-кесте)
- 1-ші өлшем 54-тен бастап 58 см-ге дейін
- 2-ші өлшем 58-ден бастап 62 см-ге дейін
1-кесте
Құрылыстық касканың өлшемдері
Құрылыстық белбеулер
Жоғарыда жасалатын жұмыстарға 18 жастан асқан, медициналық тексеру нәтижесінде жұмысқа жарамды, жоғарыда жасалатын жұмыстарда кемдегенде бір жылдық тәжірибиесі бар адамдар қабылданады. Егер мұндай жұмыстарға жіберілсе, нысанның басшышының нұсқауымен кемдегенде бір жыл көлемінде тәжірибиелі жұмысшылардың қадағалауында болуы тиіс
Құрылыстық белбеулер Мем Ст 12. 4. 089-80 ережелеріне сейкес жүзеге асады.
Бұл стандартта иыққа киеті бауы жоқ және иыққа киеті бауы бар құрылыстық-монтаждық және биіктікте істелетін жұмыстарға арналған белбеулер қарастырылады және олар ережелерге сай жүзеге асуы тиіс.
2- сурет. Иыққа киетін бауы жоқ және иыққа киетін бауы бар белбеулер
Иыққа киеті бауы жоқ белбеудің массасы 2, 1 кг-нан, ал иыққа киеті бауы бар белбеудің массасы-2, 5 кг-нан аспауы керек.
Белбеулер қозғалыс кезіндегі ұзындығы және белге байланатын бауы 640-тан 1500 мм болуы керек. Белбеулер жұмыс істеушіні қорғаныстық қасиетімен қамтамасыз етуі тиіс.
Динамикалық күш түскенде иыққа киеті бауы жоқ қорғаныстық қасиеті 4000 Н (400 кгс) аспауы керек, ал иыққа киеті бауы бар белбеудің қорғаныстық қасиеті 6000 Н (600 кгс) аспауы керек
Қолғаптар
Қол қорғанысының топтары: механикалық әсер етуден, уландырғыш емес шаңнан, сулар және уландырғыш емес заттардың ерітінділерінен, қауіпті биологиялық факторлардан, кислота ерітінділерінен (99% дейін), жалпы өндіріс қалдықтарынан, сілтілерден (99% дейін), улы заттардан. Химиялық тұрақтылық: кислота және сілтілер (99% дейін), органикалық емес заттар, спирттер, метанол, газдық конденсат, фенол, органикалық ерітінділер. Тілінуге, тесілуге, өшірілуге, жыртылуға деген ерекше төзімділік. Өте күшті құрғақ және (майланған) қармау. Антистатикалық. Бактерияға қарсы өңдеме.
Ерекшеліктері: неопрен қолғаптары күрделi ахуалдардағы жұмыс қышқылдар және сiлтiлердiң, шоғырландыруы 99% дейiн қоғауға жақсы келеді. Қорғаудың барлық қасиеттерiн сақтайды, тiптi төмен температураларда икемдi. Мақталық себінді тітіркенуден қорғайды. Бұжырлы беткі жағы қармауды жеңілдетеді.
МЕСТ 20010-93, МЕСТ 12. 4. 183-91, МЕСТ Р 51121-97
Модель 29-500
Қалыңдығы: 0, 75 мм
Ұзындығы: 330 мм
Сыртқы өабаты: изопренді каучук
Астары: 100% мақта
3-сурет. Құрылыстық қолғаптар
Құрылыстық арнайы киімдер
Құрылыстық нысандарындағы жұмыстар арнайы киімдерсіз, арнайы аяқ киімдерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұның барлығы жұмысшыны ыстықтан, электр әсерінен, қысылулар мен биіктен сырғып кетуден, бояулармен жұмыс жасаған кезде булардың әсерінен және дәнекерлеу жұмыстары кезіндегі өнідердің әсерінен сақтайды. Арнайы киімдер жұмыстардың түріне байланысты өзгеріп отыруы тиіс.
4- сурет. Құрылысшы киімі
Мысалы: тас өңдеуші костюмі: олар комбинезон( немесе куртка мен сым) бастарына міндетті түрде каска болғаны жөн және арнайы аяқ киімі- шошқа терісінен тігілген биік табанды сонымен қатар қоспалармен жұмыс істеген кезде қоспалар сіңбейтін болуы тиіс.
Моляр киімі
-бұған куртка және сым оған қоса берет(орамал немесе косынка- әйелдерге) резеңке қолғап. Кей жағдайлада дымқыл штукатур жұмыстары кезінде су өтпейтін ташықтан құрамына синтетика қосылған су сіңбейтін қабаты бар киім киген өте ыңғайлы. Тыныс мүшесін зиянды қоспалардан қорғау мақсатында- респираторлар қолданылады.
Плотник костюмі:Олар құралдарды салып қоюға қолайлы қалташаламен толықтырылған( көп жағдайда құралдарды салуға арналған көтеріп жүруге ыңғайлы жәшіктер қолданылады)
фасадты жұмысшылардың киімінің ерекшеліктері:
алыстан байқалатын түсті шағылыстыратын белгісі бар арнайы дыбыл желеттерін жатқызуға болады. Олар флюоресцирлі талшықтан( киімге жапсырылып тігілген- горизонтальді не вертикальді жолақтар, 5сурет. Дыбылды желет ромбылар, үшбұрыштан және т. б) тігіледі. ( 3- сурет)
.
электрик киімі: кей жағдайларда хлапчатоқағазды комбинезон және жұмыс аяқ киімі болуы мүмкін, бірақ 300 В электр тогымен жұмыс істеген кезде міндетті түрде резеңке бахилдар, диэлектрлі қолғаптар, резеңке алашаларымен қамтамасыз етілуі тиіс. (4-сурет)
6-сурет. Электрик киімі
дәнекерлеуші киімінің барлығы дерлік- куртка, сымдары, қолғаптары-брезент талшығынан жасалуы тиіс. Мысалы: өртке тұрақты брезент сіңіргіштен жасалған киім болуы тиіс. Аяқ киімі- өртке төзімді табанды болуы керек. Беті мен басында от шашырауынан сақтайтын арнайы щиттер мен шлем- каска киеді.
әртүрлі жұмыстың атқаруна байланысты жұмысшылар респираторлары, қолғаптары, каскамен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар олардың аяқ киімдері де түрліше болады. Мысалы:
- резеңкелі не кирзовой етік;
- жанар-майға тұрақты табанды бәтеңкелер;
- ішінен киетін нәскиі бар немесе қонышы бар бәтеңкелер( титанда құрылысы болады)
Биіктікте монаждау жұмысын жүргізетін жұмысшылар қорғаныс құралдарынан басқа( монтажды сақтандыру белбеулер, әртүрлі қысқыштар, арқандар және т. б) ерекше аяқ киімдері сырғанамайтын табанды болуы тиіс.
Денені жылытқыш және сымдар
Олар жасалған материалдары:
- талшық өте берік болуы тиіс себебі құрамына синтетикалық қоспасы араласқандықта талшық берікігі одан сайын жақсара түседі. Сонымен қатар олар терінің дұрыс тыныс алуын қамтамасыз етуі керек( әсіресе жаз мезгілінде) . Материалды таңдағанда синтетиканың оптималды сәйкестігіне көп көңіл бөлу тиіс.
Қазіргі кезде арнайы киімдер материалдарының әртүрлі түсінен жасалады, ал құрылыс киімдері сол баяғыша қызғылт сары және сары түстерден тігіледі.
Арнайы аяқ киімер
Резеңке етіктер- жұмысшының аяғын ылғалдан және әртүрлі қоспалар әсерінен сақтайды. Сонымен қатар резеңке етіктер құрылыс саласында өте кең пайдаланылады, себебі құрылыс жұмыстарының көпшілігі: фундамент монтаждау, жердегі әртүрлі жұмыстар және ашық аймақтағы жұмыстар кезінде олар өте қолайлы. Осы жерден резеңке аяқ киімдердің басты мақсаты- оның су өткізбеуінде екендігін байқауға болады. Басқа жеке қоғаныс құралдары секілді оларда Мемлекеттік Стандарттарға сай жасалады.
Олар:
- өлшемі мен формасымен қолданылуы;
- жеңіл және иілгіштігі
- аяқты судан қорғауы және берік болуы;
- метоморфтылығы төмен болуы;
- гидрофобты және батпаққа тұрақтылығы;
- аяққа кеигенде ыңғайлылығы;
- ұзақ мерзімде сақтағанда және эксплуатациялағанда өзінің беріктігін, тұрақтылығын сақтауы;
7- сурет. Арнайы аяқ киімдер
Арнайы аяқ киімдерді пайдалану уақыты 0, 5- тен 2 жылға дейін созылады. Оған арналған метериалдар ережеге сай- берік және сенімді болуы тиіс. Аяқ саусақтарын абайсызда кірпіштің, тастардың және т. б ауыр заттардың түсуінен аяқ киімнің бас жағындағы метал құрылғысы ( берік ұшы) қорғайды. Ал табаны біріншіден берік металдан жасалғаны дұрыс( егер жұмысшы байқаусызда шеге немесе өткір заттарды басқанда), ал екіншіден арнайы өте берік желімделген бөлікпен жалғасуы тиіс. ( 7- сурет)
Дәрі-дәрмек қобдишасы
Дәрі-дәрмек қобдишасы- құрылыс нысандарында орын алған бақытсыз жағдайлар кезінде көмек көрсету үшін арналған қажетті дәрі-дәрмектер жиынтығы орналасқан, көтеріп жүруге ыңғайлы
қобдыйшалар немесе сөмкелер. (8-сурет) Олар әртүрлі: металдық шкаф және текстильді футляр тәріздес болады. Аптечкалар 30- дан 50 адамға дейінгі ұжымдық көмек көрсетуге арналған. Ол жердегі заттар тізімі келесі кестедегідей орналасады:
8-сурет. Дәрі-дәрмек қобдишасы
2- кесте
Дәрі-дәрмек қобдишасы құрамындағы заттар тізімі
1. 5 Жұмысшылырдың қорғаныс құралдарын пайдалануы
Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Минмстрлігі бұйрығымен бекітілген 2005 жылдың 27 қаңтарындағы №22-п жұмысшыларды жеке және ұжымдық қорғану құалдарыме, санитарлы-тұрмыстық құралдармен, едеу-профилактикалық құралдармен қамтамасыз ету Ережесіне сәйкес жұмысшыларды өз есебінен жеке және ұжымдық қорғану құалдарымен, санитарлы-тұрмыстық құралдармен, едеу-профилактикалық құралдармен қамтамасыз етуді жұмыс беруші жеке және ұжымдық қорғаныс
жабдықтарын сақтауды ұйымдастырады. Профилактикалық өңдеуді және жеке, ұжымдық қорғаныс құралдарын жөндеуді уақытында жасау керек.
Егер бұл еңбек жағдайында талап етілетін болса, ұйымдарда кептірілген, қоймалар мен жеке қорғаныс құралдарына басқа да профилактикалық өңдеулер жүргізіледі. Арнайы киімдер мен аяқ киімдерді сақтау кезінде олар залалсыздандырылып, шаң- тозаңнан тазартылуы, кептірілуі тиіс. Жеке қорғаныс құралдарын өңдеу мен жөндеу өзара ауысу үзілісі немесе жұмысшылар жұмыс істеп жатпаған кезде жасалуы тиіс. Егер жұмысшыларға екі немесе үш арнайы киім берілу нормамен қарастырылған болса, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдары профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары басқа кездерде жасалады. Қауіпті және зиянды жерлерде жұмыс істейтін( сынап, қорғасын, этилді бензин, радиоактивті заттар ) жұмысшылардың жеке қорғаныс құралдарын профилактикалық өңдеу мен жөндеу жұмыстары өз күшіндегі заңнамаға сәйкес жүргізіледі.
Құрылыс нормасы мен ережесіне сәйкес құрылыстық-монтаждық нысанның басшылары жұмысшыларды, инженерлі-техникалық жұмысшыларды және қызметкерлерді арнайы киімдермен, арнайы аяқ киімдермен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуі тиіс және құрылыс нысандарындағы қолданылатын жеке қорғаныс құралдары Мемлекеттік стандарттарға сәйкес болуы қажет.
Құрылыстық каскалардың пайдаланылуы
Касканың сыртқы корпусы төрт түстен тұрады. Ақ түс-нысандағы бөлім басшысы, еңбек қауіпсіздігінің қоғамдық инспекторы, техника қауіпсіздігінің қызметкерлері; қызыл түс- мастерлер, пропабтар, энергетиак бөлімінің инженерлік- техникалық қызиеткерлері; жасыл және сарғыш қызыл түс- нысандағы жұмыскерлер мен төменгі дәрежелі қызметкерлерге беріледі.
Каскалар ұйым бойынша қолданылатын болғандықтан олардың көлемі
бір бөлімде 3000 тал жасалған материалы бірдей, техникалық бір режимде
болады. Бір бөлімнен өнім көлемін 51- ден 1200 талдан 5 касканы алып, ал 1201- ден 3000- ға шекті бөлімнен 8 касканы алу арқылы есептейді.
Құрылыстық белбеулердің пайдаланылуы
Құрылыстық белбеулер де басқа қорғаныс құралдары секілді уақытылы тексеруден өтіп тұруы тиіс. Бұл белбеулерді пайдалану құрылыстық нысанда жұмыс істейтін барлық жұмысшыларға міндет болып санлғандықтан, бір бөлімдегі белбеу саны 5000-нан аспауы тиіс.
Белбеудің жалпы салмағы-2, 1 кг болуы керек.
Иыққа тағатын баулары бар белбеудің бауларының арақашықтығы бір-бірінен 50 мм-ден аспауы тиіс, ал иыққа тағатын бауы жоқ белбеудің арқаға байланатын бөлігінің көлемі 80 мм болуы тиіс.
Белбеулердің эленттерінің бір-біріне берік жалғасуы үнемі қадағалауда болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz