Қазақстан Республикасының аймақтарының инвестициялық-инновациялық әлеуеті


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

Глоссарий

Инвестиция - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай - ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай - ақ концессионердің концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері.

Инвестор - инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

Инвестициялық қызмет - инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет.

Салық - мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, Республикалық немесе жергілікті бюджетті олардың кірістерін қалыптастыру үшін, нақты салық төлеушілер - заңды және жеке тұлғалардан айқындалған мөлшерде, белгіленген мерзімде, сондай - ақ жүйеленген тұрақты түрде мемлекет (немесе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының) қарамағына алынатын жекелей - баламсыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем.

Экономика - қоғамның шаруашылық жұмысы, сонымен бiрге өндiрiс, үлестiрiлу, айырбас және тұтынуды қатынастардың жиынтығы.

Инновация - бұл процесстердiң тиiмдiлiгiнiң сапалы өсуi немесе нарық қажеттi өнiм қамтамасыз ететiн енгiзiлген жаңалықтар. Адамның зияткерлiк қызметi, оның қиялы, творчестволық процесс, ашулар, өнертабыстар және рационализация түпкi нәтижесi болып саналады. Инновациялар мысал жаңа тұтынушы қасиеттерi немесе өндiрiстiк жүйелердiң тиiмдiлiгiнiң сапалы жоғарылатуымен өнiм бiржола жою базарға болып табылады.

Преференция - мемлекеттің кәсiпорындарға және ұйымдарға өз қызметтерін жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасау мақсатындағы жеңiлдiктер және басымдылықтар, артықшылықтар беруі.

Индустрия - жұмыс саласы, өндірісті экономика секторы.

Бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджеттік инвесторлар - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру.

Бюджеттік жоба - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс - шаралар жиынтығы.

МАЗМҰНЫ

: КІРІСПЕ
: 3
: 1.
: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
: 6
:
: 1. 1 Қазақстан Республикасының инвестициялық-инновациялық әлеуетін қалыптасуының мәні мен рөлі
: 13
:
: 1. 2 Мемлекеттік аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін жүргізуде қолданылатын құралдар
: 17
:
: 1. 3 Мемлекеттік аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін қалыптастыру және потенциалды пайдаланудағы шетелдік тәжірибе
: 23
: 2.
: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ САЯСАТЫ АЯСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮРГІЗУІН ТАЛДАУ
: 24
:
: 2. 1 Қазақстан Республикасының инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері
: 29
:
: 2. 2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін жүргізу механизмдері
: 35
:
: 2. 3 Инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау
: 40
:
: 2. 4 Алматы облысының инвестициялық - инновациялық ресурстарды қаржыландыру көздерін қалыптастыру және пайдалану ерекшеліктері
: 49
: 3.
: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
: 49
:
: 3. 1 ҚР-дағы аймақтарға инвестицияларды тартуды мемлекеттік қолдау бағыттары
: 68
:
: 3. 2 Инновациялық қызметті мемлекеттік реттеу тетіктерін дамыту
: 80
: ҚОРЫТЫНДЫ
: 83
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 86

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының сипаттамасы. Зерттеу жұмысы бүгінгі таңның, біздің мемлекетіміздің басты саясаты «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспары аясындағы - 2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналуға байланысты басты стратегиялық дамудың бірі - инвестициялық саясаттың аспектілерін айқындау. Яғни, инвесторларды мемлекеттік қолдаудың шаралары мен оларға мүмкіндіктерді оңтайландырудың бағыттарын талдауға өзіндік обьективті пікірлерді нақты көрсету. Осы еңбек мазмұнында инвестиция түсінігі мен түрлері, егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің инвестициялық саясаты, инвестициялық саясатты реттеудің құқықтық негізі, Қазақстан Республикасының инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері, инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау, осы саясат негізінде жүргізіліп жатқан жобаларды талдау қарастырылған.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мемлекеттің дамуы оның экономикасына байланысты. Сол экономиканы қалыптастыруда мемлекетіміз әр түрлі іс - шаралар жүргізуде. Соның ең бастысы «Қазақстан - 2030» стратегиялық жоспары. Осы жоспарда жеті басым бағыт көрсетілген. Соның бірі -“Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген Экономикалық өсу. Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу”.

Мемлекетіміз алдына қойған жоспарды орындау үшін көптеген жобаларды іске асыруы қажет. Ал, жобаларды іске асыру үшін қаражат қажет. Біздің мемлекетіміз осы жобалардың барлығын жүзеге асыруға қаражатты бюджеттен шығара алмайтыны анық. Яғни, қазіргі таңда жобалардың барлығын уақытылы қаржыландыруға қаражат жоқ. Осыны негізге ала отырып, мемлекетіміз инвесторларды қолдауды жүзеге асыруда. Инвесторларды қолдау біздің мемлекетіміздің дамуына үлес қосатыны анық. Осыған байланысты инвесторларды мемлекет өз дәрежесінде қолдауы қажет. Осы қолдауды дұрыс, заман талабына сәйкес, тұрақты түрде жүзеге асыру біздің мемлекетіміздің дамуының кепілі болатыны анық. Осы мәселені түпкілікті зерттеген ғалымдардар қатары аз. Ал, қазіргі таңда жүріп жатқан инновациялық әлеует саясаты осы инвесторлардың қаражатына мұқтаж. Осы саясат аясында инвесторларды қолдау өте маңызды мәселе болып табылады.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазақстанның аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін зерттеу, осыған байланысты кейбір мәселелер кешенді түрде зерттелмеген. Сонымен қатар, инвесторлардың құқықтары мен міндеттері және жеңілдіктері әлі толығымен зерттелмеген.

Зерттеу жұмысының ғылыми - теориялық негізін Қазақстан Республикасының инвестициялық климатқа әсер ететін заңдары мен экономика және заң саласында еңбек етуші ғалымдардың еңбектері құрайды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігімен қатарлас пайда болған инвестициялық құқық ғылымындағы мәселелерді зерделеуге жоғарыда арналған дипломдық жұмыстың өзектілігі даусыз. Онда зерделенген мәселелік сұрақтар еліміздің және құқықтық дамуына өз ықпалын тигізгені де сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде ұсынылып отырған зерттеу жұмысының қажеттілігі уақыт талабынан туындап отырған, яғни инновациялық әлеует саясатынан деп тұжырымдауға болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттын, оның ішінде аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін негізін зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Қойылған зерттеу мақсатына байланысты дипломдық жұмыс келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

- Қазақстан Республикасының аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін талдау;

- инвестициялық саясатты мемлекеттің тікелей және жанама қолдауын зерттеу;

- инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық саясатты мемлекеттік қолдауды талдау;

- инновациялық әлеует саясаты аясында жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаларды талдау.

Зерттеу жұмысының ғылыми - әдістемелік негіздері. Диплом жұмысы Қазақстан Республикасының заңдық күші бар, қолданыстағы заңнамаларының және отандық экономика және заң әдебиеттері негізінде орындалған. Диплом жұмысының алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық, танымдық, логикалық, салыстырмалы - құқықтық және басқа да әдістер қолданылған.

Зерттеу жұмысының нысаны Аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуеті.

Зерттеу жұмысының пәні. Инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негізі.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы. Зерттеудің тәжірибелік маңызы төмендегілерден құралады:

- жасалған тұжырымдар, ұсыныстар мен қорытынды ұстанымдар инвестициялық саясатты жетілдіруге негіз болады;

- инвесторларды қолдауды жетілдіру;

- аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін дұрыс жүргізуге негіз болатын ұсыныстар.

Зерттеу жұмысының нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетіне байланысты заңдар, инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар туралы заңдар, Салық кодексі, Бюджет кодексі, стратегиялық жоспарлар құрайды.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан, терминдердің, қысқартулардың тізімі және пайдаланылған нормативтік - құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының нақтыланған мына бағыттағы түйіндері дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаты және міндеттерімен байланысты, әрі ғылыми ізденістегі жаңалықтардың жинағын құрады.

Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан жобаларды орындаудағы қаражаттың қандай жағдайда, қалай орын алып отырғанын қарастырып өтеміз. Инновациялық әлеует саясаты аясында мемлекеттің инвесторларды қосымша қолдау көрсетуіне талдау жасалды. Мемлекеттің инвесторларды тікелей және жанама түрде қолдау қарастырылып өтеді. Үдемелі индустрияландыру саясаты аясында өзгерістерге ұшырап жатқан қолдаударға талдау жасау.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ аймақтарының ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ әлеуетін Қалыптастырудың теориялық негіздері

  1. Қазақстан Республикасының инвестициялық-инновациялық әлеуетін қалыптасуының мәні мен рөлі

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде “жалпы капиталдық салынымдар” деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін еді.

«Инвестиция» термині латынның investire - “жұмылдыру” сөзінен алынған. Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыдан инвестициялық түсінігі нарықтық тәсілге жақын келеді.

Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асады, ал инвестицияландыруды қаржылық және басқа түрлері бар екені бәрімізге мәлім. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі емес екенін, берілген терминдер ұқсас емес екенін дәлелдеп отыр. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең [1, 65 б] .

Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңына сәйкес, Инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай - ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай - ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері [2, 98 б] . Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма - қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.

Инвестициялардың белгілері.

Инвестицияларды мүліктің кез келген түрі деп түсінуге сүйене отырып, инвестициялар ретінде қарастырылуы үшін, ол құндылықтар иеленуге тиіс белгілерді тұжырымдап алған жөн. Инвестициялардың негізгі және айқындаушы белгісі - олардың жеке тұтынуға емес, метериалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кәсіпкерлік нысандарына немесе қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың мақсатты жұмсалуынан көрінеді. Мысалы, егер берілетін тауар құрал - жабдық немесе инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты басқадай қажеттіліктерге арналған материалдар болмаса, шетелдік тауар кредиттері инвестициялар санатынан шығарылуға тиіс; бұл жағдай ресми техникалық қызмет немесе біздің елімізге берілетін гранттар шегінде келіп түсетін қаражаттарға да қатысты.

Келесі белгілер инвестициялардың кәсіпкерлік маңызын ашады - олар, негізінен, пайда (табыс) табу мақсатында салынады және оларды инвестор өз атынан және өзі тәуекелге бара отырып жүзеге асырады. Бұл жерде инвестициялық қызмет, кәсіпкерлік қызмет сияқты, дербестігімен, яғни өз бетінше әрекет ететіндігімен және бастамашылығымен сипатталатынын айрықша атап өту қажет, бірақ қызметтің бұл түрлері бір - бірімен сәйкесуі де, сәйкеспеуі де мүмкін; тиісінше инвестордың кәсіпкер мәртебесін иеленуі де, иеленбеуі де мүмкін.

Ендігі жерде, инвестициялардың ерекше белгісі - дәстүрлі және үйреншікті түсінігінде қысқа мерзімге арналатыны да болғанмен, біржолғы сипатта еместігі мағынасында олардың ұзақ мерзімді болатыны. Уақыттың белгілі бір ұзақтығы инвестицияларды басқадай қаржы құралдарынан ажыратуға болады [1, 181-182 б] .

Инвестициялардың әр түрлі түрлерінің ерекшеліктерін анықтаудың және оларды жіктеудің үлкен теориялық және практикалық маңызы бар, өйткені олар инвестициялық қатынастарды реттеуге және инвестициялық заңдарды ары қарай жетілдіруге себеп болады. Инвестицияларды бөлудің әртүрлі негіздері бар. Солардың ең кең тарағанына тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:

1) инвестициялардың түрлері;

2) ақша құралдарын салу объектілері;

3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;

4) инвестицияландыру кезеңі;

5) меншік түрлері;

6) инвестордың қатысу түрлері;

7) тәуекел дәрежесі;

8) ұдайы өндіріс түрлері;

9) субъектілік белгісі бойынша.

1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтаймыз:

- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;

- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;

- авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;

- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;

- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген «ноу - хау» емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.

2. Құралдардың салыну объектілері бойынша:

- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы. Нақты инвестициялар - ол нақты активке салынған инвестицияларнемесе материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми - техникалық прогрестің дамуына, өндірістің тиімділігін көтеруге, құрал - жабдықтарды ауыстыруға және т. б. мақсаттарға бағытталуы мүмкін.

- материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;

- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар (оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпорациялық бағалы қағаздарға және т. с. с. ), банктық салынымдар.

Басқа әдебиеттерде, инвестициялардың мақсатына байланысты деп 2-ге бөліп қарастырады:

1. Капитал тудырушы инвестициялар - ол материалдық және материалдық емес активтерді көбейтуге немесе оның өсіміне бағытталған инвестициялар. Басқаша айтқанда, бұл олардың дәстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, өйткені, әдетте, инвестициялар капитал тудырушы болып табылады, яғни пайда немесе табыс табудың тәсілі немесе құралы ретінде қолданылады.

2. Зияткерлік инвестициялар - ол әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлауға, сондай -ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және т. б. мақсаттарға бағытталған инвестициялар. Мысалы, қазіргі кезде зияткерлік инвестициялардың ең көп тараған түрлері жоғары білім алу үшін берілетін мемлекеттік және жеке кредиттер болып табылады. “Зияткерлік инвестициялар” ұғымын “әлеуметтік инвестициялар” ұғымына дейін кеңейтуге болады, өйткені екі жағдайда да инвестициялар нысаны әлеуметтік сала болып шығады және негізгі мақсат ретінде әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу көзделеді. (бұл кезде бір мезгілде пайда немес табыс табу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды) .

3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:

- тікелей (төте) инвестициялар, бұл кезде инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, егер акционерлік қоғамның жарғылық капиталының кем дегенде 25%-ы шетел инвестордың меншігінде болса, онда шетелдік инвестициялар төте инвестициялар болып саналады. АҚШ, РФ заңдары бойынша жарғылық капиталдың шетелдік инвесторға тиесілі мөлшері 10% - дан кем емес, ЕО елдерінде - 20 - 25%, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің заңымен - 50%[3, 87 б] .

- жанама (қоржындық), бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асырады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.

4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мынадай 3 түрге бөлуге болады. Олар:

- қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар) ;

- орташа мерзімді 1жылдан 5 жылға дейін;

- ұзақ мерзімді 5 жылдан астам.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар әрекет ету мерзімі бойынша 1 жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді, 1жылдан 10 жылға дейінгісі орташа мерзімді, ал 10 жылдан астамы ұзақ мерзімді деп сараланады.

5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:

- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;

- мемлекеттік (бюджеттік), ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.

Мемлекеттік инвестициялардың жеке инвестициялардан айырмашылығы мынада:1) мемлекеттік инвестициялар көздері бюджеттік қаражат болып табылады; 2) мемлекеттік инвестициялар қайтарымдық және ақылы түрде жүзеге асырылады; 3) мемлекеттік инвестициялароларды берудің негіздемесін және тәртібін мемлекет белгілейтіндігімен сипатталады; 4) мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен мөлшері мемлекеттік бюджеттің бекітілуіне байланысты; 5) мемлекеттік инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына мемлекет бақылау жасайды; 6) мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік қазына мүлкімен қамтамасыз етіледі. Ал, жеке инвестициялардың басты ерекшеліктері мынада: инвестициялардың көздерін, олардың көлемдері мен мөлшерлерін инвестордың өзі белгілейді, ал мемлекет инвестордың құқықтарын мүмкін болатын қолсұғушылықтан, оның ішінде мемлекеттік органдардың да қол сұғуынан қорғауды қамтамасыз етеді.

6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:

- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас) ;

- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындардыөз меншігіне алу;

- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түріне алу;

- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.

7. Тәуекел дәрежесі бойынша:

- тәуекелі аз инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің жоғары дәрежесін негізге ала отырып, қауіпсіз деп танылған инвестициялар, алайда өзінің айрықша кепілділігіне байланысты, инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда, олардың табыстылығы төмен (дамыған елдерде бұл- мемлекеттік бағалы қағаздарға, жетекші және беделді компаниялардың акцияларына салынған салымдар) .

- тәуекелі жоғары инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің төмен дәрежесін негізге ала отырып, алыпсатарлық деп танылған инвестициялар. Инвестициялау және алыпсатарлық - бұл, жалпы алғанда, инвестициялық қызметке деген бір- біріне қарама- қайшы екі кереғар түсінік. Халықаралық тәжірибеде олардың арасын ажырату инвестициялық табыстың қаншалықты жорамалды және күтілетін нәтижесіне байланысты болады: инвестициялау барысында сатып алынып жатқан бағалы қағаздардың құны орнықты болып қала береді және олар табыс әкеледі деген толық сенімділік сақталады, ал алып сатарлықта мұндай сенімділік жоқ. Алыпсатарлық инвестицияларды жүзеге асыру барысында тәуекелдік жоғары болып тұрғанда, көбірек табыс табу да көзделеді[8, 109 б] .

Төмендегі кестеден әлемдегі елдер тобының тікелей инвестициялық жобасының бағыттарын көре аламыз.

Елдер тобы
Импортшы
Экспортшы
Елдер тобы: Бүкіл әлем
Импортшы: 3456
Экспортшы: 3541
Елдер тобы: Өнеркәсібі дамыған елдер
Импортшы: 2349
Экспортшы: 3192
Елдер тобы: Дамушы елдер
Импортшы: 1044
Экспортшы: 342
Елдер тобы: Орталық және Шығыс Еуропа елдері
Импортшы: 62
Экспортшы: 6, 7

Әлемдегі елдер тобының тікелей инвестициясының көлемі-2011 жылғы есеп бойынша (жобалар саны)

Тікелей инвестицияның халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды. 1997 жылғы 400, 5 млрд. доллар өсімінің көп бөлігі(233, 1 млрд. долл ) - өнеркәсібі дамыған елдер, 48, 9 млрд. долл. - дамушы елдер (оның ішінде 45, 3 млрд. доллардан астам - Қытай үлесіне ) және 18, 4 млрд. долларға жуығы- Орталық және Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан республикасындағы аймақтарының экономикалық әлеуеті
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәселелері
Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері
АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК–ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ, ӘДІСТЕРІ
Қазіргі таңда аймақтық саясатты жүргізу мәселелері
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz