«Физика 1» пәні бойынша электрондық оқулық жасақтау



КІРІСПЕ 3
1 HTML тілі туралы мәлімет 8
1.2 Қаріптерді форматтау 15
1.2 Қаріптерді форматтау 22
1.3 Тізімдерді ұйымдастыру 23
1.4 Объектіні белгіленген орынға қою 27
1.5 Кестелер тұрғызу 32
1.6 Web.дизайн технологиясы 33

2 Электрондық оқулықта фреймдерді пайдалану 55
2.1 Фреймдер құру тәсілдері 55
2.2 Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру 62
2.3 HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері 64



ҚОРЫТЫНДЫ 67

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 68
Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында физика пәнін оқытуда, ақпараттық-компьютерлік технологияларды тиімді пайдалануға негізделген бағдарламалық құралдар болып табылатын теориялық материалды ұсынатын, оны меңгеруде өз бетінше шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырып және білім деңгейін бағалауға қажетті электрондық оқулықтарды жетілдіру және құрудың негізгі мәселесінің көкейтестілігі күннен-күнге өсуде.
Оқыту үдерісіне электрондық оқулық, мультимедиалық, Интернет сияқты жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың дидактикасы мен технологиясы кеңінен қолданылып келе жатқаны мәлім. «Электрондық оқулық» жайлы әдебиеттерде әртүрлі айтылып келгені мәлім.
Жұмыстың өзектілігі: HTML тілінің көмегімен қолданушыға қазақ тілінде тиімді қолдану әдістерін ашып жазып, олардың барлығын мысалдар келтіре отырып көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Физика 1» пәнінен электрондық оқулығын Web-бетте құру қолданушыға ыңғайлы түрде өңдеу және программалауда тиімді пайдалану жолдарын көрсету.Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді қойдым:
HTML программалау тілін терең оқып үйрену;
Арнайы оқулықтармен танысу;
Web-бетте ортасында электрондық оқулық жасау үшін қажетті компоненттерді, олардың қасиеттерін оқып үйрену;
HTML-де «Физика 1» пәнінен электрондық оқулығын жасау;
Жұмыстың жаңашылдығы: Электрондық оқулықтың заманауи ,тиімді үлгіде жасалынып шығуы.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде HTML тілінің негіздері жайлы толық мәлімет берілген.
Екінші бөлімде фреймдер жайлы жазылған.
Электрондық оқулықтың басты ерекшелігі, оқыту үдерісін басқару жүйесі, білімді жүйеге келтіру және диагностикалау құралы, сөздік әдісті қолдану, көрнекілікті пайдаланудың жоғары деңгейі, мультимедиа құралдарын, оқытудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол ЭО-тың деңгейін екі түрге бөледі:
мемлекеттік стандарт талаптарына толық сай, негізгі теориялық материалдарды қамтитын, практикалық дағдыларды қалыптастыратын жаттығулар мен есептердің жүйесі; оқыту процесін басқару құралдары мен әдістері, қорытынды тексеру әдістері, базалық білімдерді меңгеруді бағалау деңгейі;
1 Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиарова, Информатика және есептеуіш негіздері. –Алматы: Мектеп, 2005.
2 Вирт Н. Алгоритмы и структуры данных: Пер. с англ. — М.:
Мир, 1989. — 360 с: ил.
3 Зелковиц М., Шоу А., Гэннон Дж. Принципы разработки
программного обеспечения: Пер. с англ. — М.: Мир, 1982. —
386 с: ил.
4 Практическое руководство по программированию: Пер. с англ.
Б. Мик, П. Хит, Н. Рашби и др.; под ред. Б. Мик, П. Хит,
Н. Рашби. — М.: Радио и связь, 1986. — 168 с: ил.
5 Фокс Дж. Программное обеспечение и его разработка: Пер.
с англ. — М.: Мир, 1985. — 368 с: ил.
6 Энциклопедический словарь юного математика. Сост. А. П. Са¬
вин. — М.: Педагогика, 1989.—352 с: ил.
7 Язык компьютера: Пер. с англ. / Под ред. и с предисл.
В. М. Курочкина. — М.: Мир, 1989. — 240 с: ил.
8 Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б.,Дәулетқұлов А.Б. Жаңа ақпараттық технологиялар. Алматы 2005
9 Бөрібаев Б. HTML тілінде web-құжаттар жасау негіздері: Оқу құралы. – Алматы: ҚБТУ, 2004
10 Бөрібаев Б., Мадьярова Г.А. Web – технологиялар: Оқу құралы. – Алматы: ҚазККА баспасы, 2007
11 Бөрібаев Б. Программалау тілдеріне кіріспе: Оқулық. – Алматы: АЭСА, 2008
12 Интернетке кіріспе: «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал// Балапанов Е., Бөрібаев Б., Мадьярова Г. – Алматы: Жаңа технологиялар институты, 2004
13 Дузбаева Р.М. Основы создания HTML – документов. Уч. пособ. для студентов. – Алматы: КБТУ, 2008
14 Джамса Крис. Эффективный самоучитель по креативному Web – дизайну. HTML, XHTML, CSS, Javascript, PHP, ASP, ActiveX. Пер. с англ. /Крис Джамса, Конрад Кинг, Энди Андерсен. – М.: ООО «ДиаСофтЮП», 2005
15 Шапошников И.В. Самоучитель HTML 4.- СПб.: БХВ-Петербург, 2001
16 Кирсанов Д. Веб – дизайн. –СПб.: Символ-Плюс,2001

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Физика-техникалық факультеті

Плазма физикасы және компьютерлік физика кафедрасы

Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен
қорғауға жіберілді:
ф.-м.ғ.д., профессор
________________ Архипов Ю.В.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: ФИЗИКА 1 ПӘНІ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАҚТАУ

МАМАНДЫҚ:050110 - Физика

Орындаушы:
4-курс студенті
Ыхласова Ж.У

Ғылыми жетекші:
ф.-м. ғ. к.,доцент
Габдуллина Г.Л

Норма бақылаушы:

ф.-м. ғ. к. аға оқытушы
Габдуллина А.Т

Алматы 2012

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 HTML тілі туралы мәлімет 8
1.2 Қаріптерді форматтау 15
1.2 Қаріптерді форматтау 22
1.3 Тізімдерді ұйымдастыру 23
1.4 Объектіні белгіленген орынға қою 27
1.5 Кестелер тұрғызу 32
1.6 Web-дизайн технологиясы 33

2 Электрондық оқулықта фреймдерді пайдалану 55
2.1 Фреймдер құру тәсілдері 55
2.2 Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру 62
2.3 HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері 64



ҚОРЫТЫНДЫ 67

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 68











КІРІСПЕ

Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында физика пәнін оқытуда,
ақпараттық-компьютерлік технологияларды тиімді пайдалануға негізделген
бағдарламалық құралдар болып табылатын теориялық материалды ұсынатын, оны
меңгеруде өз бетінше шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырып және білім
деңгейін бағалауға қажетті электрондық оқулықтарды жетілдіру және құрудың
негізгі мәселесінің көкейтестілігі күннен-күнге өсуде.
Оқыту үдерісіне электрондық оқулық, мультимедиалық, Интернет сияқты
жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданудың дидактикасы мен
технологиясы кеңінен қолданылып келе жатқаны мәлім. Электрондық оқулық
жайлы әдебиеттерде әртүрлі айтылып келгені мәлім.
Жұмыстың өзектілігі: HTML тілінің көмегімен қолданушыға қазақ
тілінде тиімді қолдану әдістерін ашып жазып, олардың барлығын мысалдар
келтіре отырып көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Физика 1 пәнінен электрондық оқулығын
Web-бетте құру қолданушыға ыңғайлы түрде өңдеу және программалауда тиімді
пайдалану жолдарын көрсету.Осы мақсатқа жету үшін алдыма келесі міндеттерді
қойдым:
HTML программалау тілін терең оқып үйрену;
Арнайы оқулықтармен танысу;
Web-бетте ортасында электрондық оқулық жасау үшін қажетті
компоненттерді, олардың қасиеттерін оқып үйрену;
HTML-де Физика 1 пәнінен электрондық оқулығын жасау;
Жұмыстың жаңашылдығы: Электрондық оқулықтың заманауи ,тиімді үлгіде
жасалынып шығуы.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, және
қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде HTML тілінің негіздері жайлы толық мәлімет берілген.
Екінші бөлімде фреймдер жайлы жазылған.
Электрондық оқулықтың басты ерекшелігі, оқыту үдерісін басқару
жүйесі, білімді жүйеге келтіру және диагностикалау құралы, сөздік әдісті
қолдану, көрнекілікті пайдаланудың жоғары деңгейі, мультимедиа құралдарын,
оқытудың басқа да түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол ЭО-тың
деңгейін екі түрге бөледі:
мемлекеттік стандарт талаптарына толық сай, негізгі теориялық
материалдарды қамтитын, практикалық дағдыларды қалыптастыратын жаттығулар
мен есептердің жүйесі; оқыту процесін басқару құралдары мен әдістері,
қорытынды тексеру әдістері, базалық білімдерді меңгеруді бағалау деңгейі;
қосымша теориялық материалдарды қамтушы; студенттің кәсіптік және
шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырушы бөлімдері, оқыту процесін
басқарудың дидактикалық құралдары сияқты деңгейлерге жіктейді.
Сонымен бірге, электрондық оқулықтарға қойылатын талаптарды ғылыми-
әдістемелік, техникалық, тәрбиелік деп үш түрге бөледі. Эксперименттік
зерттеулердің нәтижесінде ЭО-тар арқылы студенттердің оқу материалы жайлы
ақпаратты қабылдауы мен практикалық жұмыстарын орындаудағы белсенділіктері
де қырық, қырық бес минут аралығында болатындығын көрсетті.
Электрондық оқыту – кешенді емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік,
интерактивті бағдарламалық жүйе және ол оқу материалында кездесетін
қиындықтарды артта қалдырады әрі мультимедианың соңғы мүмкіндіктерін
қолданып, ғылыми-зерттеу әдістерін толықтырады.
Электрондық оқыту, негізінен, үш бөліктен құрастырылады: негізгі
ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері
бойынша бекітілген жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін
тесттер. Компьютерлік оқыту негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуішті,
зертханалық жұмыстарды бір-бірімен байланыстырады.
Электрондық оқулық дегеніміз – ақпаратты бейнелеудің әртүрлі
формалары арқылы компьютерлік дискіден оқылатын және дискiде сақталатын,
білім беретін электронды тасымалдығыштағы дидактикалық, әдістемелік және
интерактивтік бағдарламалық жабдықтау деп айтуға болады.
Оқу үдерісін интенсивтендіру мақсатында, оның тиімділігі мен сапасын
жоғарылатуда электрондық оқулықтарды қолдану қажеттілігі артуда.
Электрондық оқулық компьютерлік оқыту жүйесінің бір түрі бола отырып,
қойылған мүмкіндіктерге сәйкес әр түрлі үлгіде беріле алады. Электрондық
оқулықты автоматтандырылған оқыту жүйелерінің қатарына жатқызуға болады.
Біздің зерттеуімізде, электрондық оқулықтардың мүмкіншіліктерін
қарастырып, оларды былай ажыраттық:
кері байланыстың жылдам өтуі;
физикалық заңдылықтар мен құбылыстар жөніндегі оқу ақпаратын нақты,
ағымдық және виртуальдық түрде берілуі;
өте үлкен көлемді ақпаратты, оның тасымалдау, қолданушымен қарым-
қатынас жасау және оған тез қосылу мүмкіндігі;
ақпараттық – іздеу қызметін автоматтандыру, сонымен қатар
эксперименттік тәжірибелерді көп ретті қайталау мүмкіндігі мен
тәжірибелердің нәтижелерін өңдеуі;
оқу қызметін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету, ұжымдық басқару
және меңгеру нәтижелерін бақылау процестерін автоматтандыру;
Электрондық оқулықтың мүмкіндіктері студенттің тұлғалық дамуына,
мамандардың сапалы дайындалуына ерекше әсер етеді, адамды ақпараттық қоғам
жағдайында дағдыларын қалыптастырып, қамтамасыз етуі;
ойлау қабілетінің дамуы (мысалы, байқампаздық-әрекеттік, байқампаздық-
бейнелік, интуитивтік, шығармашылық, теориялық);
эстетикалық тәрбие алуы (мысалы, мультимедиа технологиясының,
компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін қолдану есебінен);
қарым-қатынас қабілеттерін дамыту;
күрделі жағдайда шешімдер ұсыну немесе қолайлы шешім қабылдай білуді
қалыптастыру;
физикалық тәжірибелік - зерттеу жұмыстарында іскерліктің дамуы;
ақпараттық мәдениет пен ақпараттық жетістіктерді қалыптастыру.
Электрондық оқулықтар тиімділігі мен нәтижелілігін сөзсіз
жоғарылатқан, оқыту процесін іске асыратын оқу құралы ретінде ғана емес,
сонымен қатар оның сапасын арттырады:
қоршаған орта тану құралы;
студенттің тұлғасын дамыту құралы;
оқыту аймағы (мысалы, физика курсын меңгеру аймағы);
ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету құралы;
алдыңғы педагогикалық технологияларды тарату мақсаттарында қатынас
құралдары;
компьютерлік тестілеу мен психологиялық сараптама жасау, оқу
қызметінің нәтижелерін түзету, бақылау процестерін автоматтандыру
құралдары;
студенттердің өзіндік, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен интеллектуалды
ойындарын ұйымдастыру құралдары.
Электрондық оқулық (ЭО) – топтық, дербес немесе жеке оқыту үшін және
студенттердің алған білімдері мен іскерлігін бақылауға мүмкіндік беретін,
баспа оқулықтарын толықтыратын, жаңа ақпаратты көрсетуге арналған
компьютерлік, әдістемелік, бағдарламалық құрал.
Электрондық оқулық, жаңа бейнедегі оқу құралы тәрізді, ашық жүйе
болып табылады, яғни оқулықтың құрылымы мен мазмұнына өзгеріс енгізуге
мүмкіндік беретін жүйе.
Электрондық оқулықтың кейбір негізгі элементтерін қарастырсақ:
Электрондық оқулық өте аз мәтіндік ақпараттан тұруы тиіс, себебі
экраннан ұзақ уақыт бойы мәтінді оқу тез жалығуға және білімді қабылдау мен
меңгеруді төмендетуге әкеледі. Мұндай оқулықтар көп мөлшерде суретті
материалды қамтуы тиіс.
1. Бейнеүзінділерді қолдану динамикалық процестер мен құбылыстарды
айқын көрсетуге мүмкіндік береді. Файлдардың өлшемдерінің үлкен
болатындығына қарамастан, оларды мақсатқа сай қолдану керек, себебі
студенттердің қабылдауы мен қызығушылығы артады және сәйкесінше, білім
сапасы жақсарады.
2. Дәстүрлі оқытуда жаңа материал ауызша түсіндіреді. Осыған
байланысты электрондық оқулықта аудио-видео үзінділерді қолдану ақпарат
берудің үйреншікті тәсіліне жақындатуға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен
қатар жаңа материалды қабылдауды жақсартады, ол тек көзбен көру ғана емес,
сонымен қатар есту орталықтарын да іске қосады. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша,
аудиоқабылдауда ақпараттың тек 12%-ы, визуалды ақпараттың шамамен 25%-ы
меңгеріледі, ал аудиовизуалды ақпарат 65%-ға дейін қабылданады.
3.Электрондық оқулық, оқулық элементтері бойынша гиперсілтемелерден
тұруы тиіс және басқа электрондық оқулықтар мен анықтамаларға сілтемелер
болуы тиіс.
4.Ерекше дидактикалық мақсатқа сай мәтіндік, графикалық және басқа
материалдар құрамына енгізуге болады. Жаңа ақпаратты қабылдау сапасы,
талдау мүмкіндігі, есте сақтау жылдамдығы, белгілі бір мөлшерде оқу
ақпаратын меңгеру толықтығы беттегі (компьютер экранындағы) ақпараттың
орналасуынан және бірінен соң бірі жүретін беттердің сәйкестігіне
байланысты. Электрондық оқулық кез-келген уақытта сілтеме жасауға мүмкіндік
береді, оларды кез-келген реттілік сұрыпталып, сілтеуіштер тізімін, мәзірді
көрсетіп қою керек.
Электрондық оқулықта пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы тиіс.
Жоғарыда айтылғандай, электронды оқулық ЖОО-ның нақты оқу жоспарына
бейімделіп жасалады және сондықтан әдебиеттер тізімінде кітаптармен қоса
басқа басылымдарды да қарастыруға болады. Әдебиеттер тізімі
журналдардан, ғылыми конференция жинақтарынан және т.б. мақалаларға сілтеме
берумен ғана толықтырылмай, сонымен қатар оқу электронды басылымдарды
немесе Internet жүйесінен алынған материалдарды енгізуге болады.
Электрондық оқулықтың негізгі қасиеттері:
1.жинақылық – бұл үлкен көлемдегі материалдардың аз көлемде жинақы
түрде берілуі;
2.жүйелілік – ақпараттың белгілі бір жүйеде берілуі;
3.эстетикалық безендірілуі – мәтінмен бірге аудио-видео бейне түрінде
ақпаратты қабылдауы;
4.жылдамдылығы және т.б. – мұнда студенттің кез-келген тақырыпты тез
әрі жылдам іздеп таба алуы мен қабылдауы.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:
Жан-жақтылығы – электрондық оқулық арқылы кез-келген физикалық немесе
басқа да құбылыстар арқылы толық, жан-жақты мәлімет ала алады.
Бейімділігі – электрондық оқулық өте аз тексттік ақпараттан тұруы
тиіс, себебі экраннан ұзақ текстті оқу шаршауға және білімді қабылдау мен
меңгеруді төмендетуге әкеледі. Мұндай оқулықтар көп мөлшерде суретті
материалды қамтуы тиіс.
Тиімділігі – гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық
материалдар алады; әрбір жеке тұлғаның білімін, біліктілігін әрбір тараулар
бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.
Модульдік – сабақты иллюстрациялық жеке-жеке материал ретінде
жабдықтауда көмектеседі; сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен
әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтың дәстүрлі оқулықтан айырмашылығын мынадай
технологиялық ерекшеліктерден көруге болады: электрондық оқулықты жасауда
мультимедиялық технологияларды: анимация, дыбыстық қолдау, гиперсiлтеме,
бейнесюжет және т.б. тәсілдерді қолдану арқылы баспа оқулығына қарағанда
көрнекіліктің басым болуын қамтамасыз етедi.
Электрондық оқулыққа қол жеткізу мүмкiндiгiнің жоғарылығы, яғни
сұраныс кезiнде оның санын көбейту, телекоммуникациялық құралдар арқылы алу
аз шығынды талап етеді.
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықпен жұмыс жасау барысында
студенттердің білімін бағалау үшін диагностикалық зерттеу жүргізуге
мүмкіндік бар:
1.Білім мониторингі – сабақта әрбір студенттің берген жауабына
байланысты білімін бағалау үшін кесте құрастырады.
2.Сауалнамалар – арнайы құрастырылған сұрақтарға студент оқытушының
сұрақ қоюымен жауап беру арқылы жүзеге асады.
3.Тестік бақылаулар – мұғалім студентке өткен тақырыпқа байланысты
тестік тапсырмаларды береді.
4.Мұғалім жеке тақырыптар бойынша студенттермен әңгіме, пікір алмасу
және т.б. оқыту технологияларын қолдана отырып жұмыс жасайды;
5.Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы –
мұғалімнің қадағалауымен студенттің тақырыпқа сай орындаған жұмыстарын
айтады.
Электрондық оқулықты қолдану кредиттік оқыту жүйесі, қашықтан оқыту
және т.б. оқыту технологиялары бойынша оқытудың мақсатын айқындауға,
студенттердің іс-әрекетін, ұйымдастыру әдістерін құруға, физикалық
құбылыстардың және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу мен
нәтижелерін алудың негізгі мақсатына сай іс-әрекеттер түрін жоспарлауға
жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесі саясатының басты
мақсаттарының бірі жан жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке
тұлғаны тәрбиелеу.
Білім туралы заңда білім беру жүйесінің басты міндеті Ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім
алу үшін жағдайлар жасау делінген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартында оқу бітіруші түлектердің біліміне
қойылатын талаптардың ішінде былай делінген:өз еңбегін ғылыми негізде
ұйымдастыра білу, кәсіптік қызмет саласында қажет ақпаратты жинау, сақтау
мен сұрыптаудың компьютерлік әдістерін меңгеру;өзінің кәсіптік қызметінің
түрі мен сипатының өзгеруіне пәнаралық жобаларымен жұмыс істеуге әдістік
және психологиялық жағынан дайын болу.
Қазіргі кезеңдерде негізгі мәселелердің бірі – оқыту процесін де
білім, тәрбие берудің пәрменділігін, білімнің тәрбиелік, тәрбиенің білімдік
мәнін жоғары дәрежеге жеткізу болып табылады. Білім берудің кез келген
саласында
Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін
қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Әлі де білім
беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі
заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру
қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Оқушы өзін қоршаған ортаны барлық сезім мүшелері арқылы танып,
біледі, алайда олардың қабылдауы әртүрлі. Ақпаттарды қабылдаудың негізгі
арналары: есіту, көру және сезу болып табылады. Өзін қоршаған ортадан
қабылдайтын мәліметтердің 90 пайызын көру жүйесі арқылы, 9 пайызын есту
жүйесі арқылы, тек 1 пайызын сезім мүшелерінің көмегімен қабылдайды. Көру
жүйесі –  есте сақтаудың түрлері ішінде жетік, үздік дамығаны. Педагог –
психологтардың зерттеулері бойынша берілетін білім оқушының ішкі
мұқтаждығымен  сәйкес келмесе, онда оқу процесінде қиындық туындайды.
Тәжірибе тұрғысынан информатика пәнін алатын болсақ, компьютермен
жұмыс істеу кезінде жаңа ұғымдармен таныс болмауынан және техника құралын
бірінші рет пайдаланып отырғандықтан, оның мүмкіншілігі мен қажеттілігін
білмеуі салдарынан оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігі туады.
Қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының
жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы, жалпы болмысы, ең алдымен
мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі
болуымен қатар, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси
экономикалық, білімділік және ақпараттық сауаттылық т алап етілуде. Ол
заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс
істеп, оқу-тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген
жан болғанда ғана, білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты
саналады.
Оқушы білімінің сапалы болуы бір жағынан мұғалімнің сабақ беру
шеберлігі мен жаңа технологияны тиімді пайдалана білуіне байланысты болса,
екінші жағынан мектептің техникалық материалдық базасының жабдықталуы да
әсер етеді. Оқушының мектепте алған білімді тек игеріп қана қоюы
жеткіліксіз, оны жетік меңгеру арқылы болашақ өмірінде өз қажеттілігіне
жарата білуі керек. Соңғы кездері мектебіміз сабаққа қажетті электрондық
оқулықтармен, интерактивті тақтамен және мультимедиялық кабинеттермен
жабдықталды.
Бүгінгі күннің басты ерекшелігі оқу процесінде жетілдіру жолында ең
озық әдістемелер іздестіріліп, оқу орындары әртүрлі оқу бағдарламамен 
жұмыс істеуде. Солардың ішінде оқушы үшін электрондық оқулықты пайдалану
арқылы:
оқу материалдары туралы оқушыларға дәл және толық ақпарат беру арқылы
оқыту сапасын арттырады. Оқытудың көрнектілігін арттырып, оқу материалын
саналы игеруге жеткізеді;
абстрактылы оқу материалдарын нақтылыққа жеткізіп, оқытудың
тиімділігін жетілдіреді;
оқу материалының маңызын арттырып, уақыттан ұтып, есте сақтау
қабілеттерін жетілдіруге қол жеткізеді. Есте сақтаудың әсер алу, қайталау
ассоциация арқылы оқу материалдарын терең игеруге жеткізеді;
мұғалім мен оқушы еңбектерін жеңілдетіп, пікір алысып, байланыстарын
арттырады.
Қазіргі таңда дайындалған электрондық оқулықтарда мынадай жағдайларды
ескеру керек:
белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондық оқулықтың сол
пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі
қысқа берілуін ескеру керек;
электрондық оқулықтар оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты
дәріс конспектісін қамтитын негізгі материалдар;
зертханалық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша
материалдар;
материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші
материалдар;
аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест;
материалды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері қамтылуы.
Информатикадан оқушы үшін электрондық оқулықты қолдану тиімді.
Электрондық оқулықты қолдана отырып оқушылар төмендегідей жұмыс
жасауға мүмкіншілігі болады:
Өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
Оқушының өздігімен дайындалып, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін –
өзі тексеруге;
Жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
Түсінбеген тақырыптарды шексіз қайталауға;
Оқулықты сабақтарда қолданып, оқушының өз деңгейінде тапсырмаларды
таңдауға;
Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады.
Ақпараттық технологиялардың  мүмкіндері пайдаланып жасалынған
электрондық баспа оқулығын пайдалану арқылы мұғалімдер мен оқушылардың
өздігінен жұмыс жасай алады. Әсіресе аталған электрондық оқулықты пайдалану
оқушылардың сабаққа деген ынтасын жоғарылатып, өздігінен мұғалімнің
нұсқауынсыз тақырыптарды игеруіне және зертханалық жұмыстарға алдын ала
дайындалуларына мүмкіндік туғызады. Электрондық оқулықты қолдану барысында
графикалық безендірулер және сұқбат терезесі түрінде пайдаланушы интерфейсі
оқушыларды бұл кітап пайдалануға деген қызығушылығын арттырады.
Электрондық оқулықты қолдану саласы өте кең: электрондық – оқыту
жүйесі қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге
деген талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай
мүмкіндігін көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша
оқушылардың дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға
мүмкіндік береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның  дамуының
тереңдетілуі білім сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің  жұмысын жеңілдете
түседі.
Электрондық оқулықты пайдалану арқылы:
сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану
тиімділігі;
мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық технологияны меңгеруі;
оқушының пәнге қызығушылығы;
алынған білім, дағды деңгейі;
білімнің тереңдігі;
тексеру түрлері, бағалау;
практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.

1 HTML ТІЛІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

HTML (Hyper Text Markup Language) – гипермәтіндік құжаттарды
белгілеуге арналған тіл.Бұл тілді 1991 жылы Тим Бернерс-Ли таралған
гипермәтіндік жүйе жасау жобасын жүзеге асыру кезінде жасап, World Wide
Web (WWW) немесе Жахандық өрмек деп аталады. HTML - World Wide Web
ортасында жарияланатын гипермәтіндік құжаттарды жазуға арналған тіл. HTML
тіліндегі құжаттар құрамы мынадай бөліктерден (компоненттерден) тұруы
мүмкін:
- белгілі бір стильге келтіріліп форматталған мәтін;
- графикалық және дыбыстық файлдарды іске қосу командалары;
- Internet-тің әр түрлі ресурстарымен гипербайланыс жасау;
- JavaScript және VBScript тілдеріндегі скриптер;
- әр түрлі обьектілер, мысалы , Flash-анимациялар.
HTML – құжаты құрамына арнайы белгілеу тәгтері (немесе басқаратын
элементтері) бар кәдімгі мәтіндік файл болып табылады. Тәгтер Web браузерге
(web – парақтарды көрсетуге арналған программа, мысалы, Internet Explorer,
Mozilla, Netscape немесе Opera) парақтағы мәтінді, суретті экранға қалай
шығару керектігін көрсетеді.
Әдетте HTML файлдарының кеңейтілуі htm немесе html болады.Олар кез-
келген мәтіндік редактордың көмегімен жасала береді.
HTML тілі баспа қызметінде кең қолданылатын қуатты SGML
(Standard Generalized Markup Language) тілінің бір бөлімі болып
табылады.Бұл тілдерді қолданудың негізгі артықшылығы әр түрлі баспа
жүйелеріндегі мәтіндердің бірінен-біріне жеңіл көшіріліп жазылу
мүмкіндігінің болуы еді.Осы ерекшелік HTML тілінде де сақталған
болатын.Ондағы құжатты оқып отырған тұтынушылар өз қалаулары бойынша
мәтіннің кез келген бөлігін ерекшелеп алу тәсілдерін орнатып, оның
гарнитурасы мен қаріп мөлшерін өзгерту, т.с.с. әрекеттерді оңай орындауға
қол жеткізеді.
Барлық ақпарат WWW байттарының негізгі элементі болып келетін Web
беті ретінде бейнеленеді.
Web-беттер мультимедия технологиясын қолдап, өзінде әр түрлі
ақпараттар түрін біріктіреді. Олар: мәтін, графика, дыбыс, анимация және
бейне. Көп жағдайда сол немесе басқа Web-беттердің желідегі жетістігі
саналы және әдемі жасалуына байланысты.
Қолданушыылар стильді безендендірілген, анимация және графикамен тым
қамтылмаған, тез жүктелетін Web-броузер терезесінде дұрыс бейнеленетін Web
беттерін қолдану ұнамды.
HTML тілі бір Web-парақ көлемінде бірнеше құжатты көрсетуге
мүмкіндік береді. Көрнекі құралдар көзқарасында HTML тілінің мүмкіндігімен
мәтінге графикалық және т.б. объектілерді ендіру ең әсерлі болып табылады.
Жұмыс барысында HTML тәгтері құжаттың сәйкес бөліктерін көрсетуге әсерін
анықтаймыз. HTML технологиясы кәдімгі мәтіндік құжатқа басқарушы символдар
(тәгтер) орналасқан құрылымнан тұрады.Мүнда тәгтердің мәтіннің өлшемін,
сызылымын, түсін, мәтіннің орналасуын, беттегі графикалық бейнені  мәтіндік
құжатқа графикалық бейнені жасанды енгізу мұмкіндігін қарастырамыз. Сонымен
жақсы HTML құжатын қалыптастыру үшін, бірқатар

HTML құжатында екі негізгі бөлімді ерекшелеп алуға болады,олар:
тақырыптық бөлім және құжат тұлғасы.Тақырыптық бөлімдегі (тақырыптың
өзінен басқа) ақпарат тұтынушы экранына шықпайды. Онда түйінді сөздер,
авторлар және де басқа керекті ақпарат көрсетіледі, сонымен қатар мұнда
стильдердің сыртқы кестелерін және скриптерді қосу ісі орындалады. Ал
құжаттың негізгі бөлімінде , яғни тұлғасында тұтынушыға көрсетілетін
мәлімет орналасады.Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-
парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде
жазылған. HTML тілінде Web-парақтарды жасау программалауға ұқсас
болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтіндік
белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндері Web-парақтар түрінде бейнелеуге
арналған ережелер жиынтығын анықтайды. Интернетте орналастырылатын
материалдарды екі кезеңде даярлықтан өткізу керек: материалдарды дайындау
және оларды жариялау. Материалдарды дайындау кезінде HTML тілі
заңдылықтарын сақтай отырып, Интернет талабына сәйкес құжаттың бастапқы
нұсқасын жазып шығу керек. Ал, оларды жариялау, яғни кез келген тұтынушының
қолдануына жол ашу Web-серверлердегі дискіден орын алу, жеке адрес иесі
болу тәрізді ұйымдастыру мәселелерін шешкеннен кейін жүзеге асады.
Жеке құжаттарды Web-тораптарда орналастыру үшін оларды HTML
(HyperText Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінің тәгтерімен
толықтырылған гипермәтінге түрлендіру керек. Гипермәтін, яғни белгіленген
мәтін ішіне иллюстрациялар, сілтемелер, басқа да объектілер тәрізді қосымша
элементтер енгізіледі. Мәтінді белгілеу деп құжатты гипермәтінге айналдыру
үшін оның негізгі мазмұнынан жеңіл ажыратылатын арнайы кодтарды – тәгтерді
пайдалану болып табылады.
HTML тілі құжатты форматтау үшін емес, оны функциональдық түрде
белгілеу үшін қажет.
Сонымен, HTML тілінің басқару кодтары тегтер деп аталады, олар
бұрыштық жақша ішіне ... жазылып мәтін ішінде орналасады.
Тәгтер екі-екіден жазылып, белгілеудің басын және соңын көрсетіп
тұрады, кейде жалғыз тәг те қолданылады. Жалғыз тәг барлық құжатқа әсер
етеді немесе өзі тұрған орынға бір-ақ рет әсер етеді. Қосарланған тәг
қолданылғанда, оның бірі ашылу, екіншісі жабылу тәгі болып саналады,
олардың әсері тек орталарында орналасқан мәтінге қатысты болып саналады.
Жабылу тәгінің коды, яғни түйінді сөзі алдында (қисық сызық) символы
орналасады, мысалы, DIV.
Тәгтің әсері оларға атрибуттарды қосу арқылы түрлендірілуі мүмкін.
Кейбір атрибуттар олардың мәнін енгізуді талап етеді. HTML құжатын экранда
бейнелеген кезде тәгтер көрсетілмейді, бірақ олар құжаттың сыртқы түріне,
форматына әсерін тигізеді.
Экрандағы бейненің оның нақты түпнұсқасына сәйкес келуі WYSIWYG
(ағылшынша What You See Is What You Get — Нені көрсеңіз, соны аласыз) деп
аталады. WYSIWYG мүмкіндігінің қарапайым редакторы болып Windows
операциялық жүйесінің құрамына кіретін FrontPage Express программасы
саналады. көрсетілмесе де, олардың қай жерде тұратынын айтуға болады. Сол
себепті HTML тілінің стандартында құрылымдық тәгтердің ішіндегі тек TITLE
тәгінің міндетті түрде болуы керектігі айтылады.

HTML элементтері

Қосарланған тәгтер ашылу және жабылу тәгтерінің ортасында тұрған
мәтінге әсер етеді. Тәгтермен шектелген мәтін бөлігін HTML тілінің элементі
деп атайды. Жалғыз қолданылатын тәгтердің элементі сол тәгтің өзімен, яғни
әсер ету аймағымен шектеледі. HTML тілінің элементерінің көпшілігі құжаттың
белгілі бір бөліктеріне әсер етеді де, олар BODY және BODY тәгтерінің
ортасында, яғни BODY құрылымдық элементі ішінде орналасады. Мұндай
элементтерді блоктық және мәтіндік деп екіге бөледі. Блоктық элементтер
мәтіннің абзацтарына немесе жолдарына әсер етеді. Ал мәтіндік элементтер
жеке сөздердің немесе оның да ішкі бөлігінің кейбір қасиеттерін сипаттайды.

Енді элементтерді қабаттастыра қолдану ережелерін айтуға болады.
Элементтер қиылыспауы тиіс. Егер ашылу тәгі бір элемент ішінде болса,
онда жабылу тәгі де осы элемент ішінде болады.
Блоктық элементтер ішінде басқа да ішкі блоктық және мәтіндік
элементтер бола береді.
Мәтіндік элементтер ішінде басқа да мәтіндік элементтер бола береді.
Мәтіндік элементтер ішінде блоктық элементтер болмайды.

Функциональдық блоктық элементтер

Құжаттардың көпшілігінде негізгі функциональдық элементтер рөлін
тақырыптар мен абзацтар атқарады. HTML тілінде тақырыптардың көлемі өзгеріп
отыратын алты түрі қолданылады. Олар қосарланған Н1, Н2, ... Н6
тәгтерімен белгіленеді. Экранда Web-құжат түрінде бейнеленгенде, Н1 – ең
үлкен әріптерге, ал Н6 – ең кіші әріптерге сәйкес келеді.
Мәтін абзацтары қосарланған Р тәгтерімен беріледі.
Босорындар мен келесі қатарға көшу белгілері (Enter пернесін басу)
тізбегі экранда бір-ақ босорынмен беріледі.
Абзац соңының белгісі ретінде горизонталь (көлденең) сызық та жиі
қолданылады.

Гипермәтіндік сілтемелер

Гипермәтіндік сілтеме мәтін фрагменті болып табылады, сол себепті ол
қосарланған А тәгтерімен анықталатын мәтін элементімен беріледі. Оның
атрибуты ретінде сілтеме көрсетіп тұрған құжаттың URL адресі пайдаланылады.
URL адресі хаттама түрі мен Web-торап адресі көрсетілген абсолюттік формада
берілуі мүмкін.
Гиперсілтемелер арқылы мультимедиялық файлдарды да көрсетуге болады.
Гиперсілтемелердің толық форматында сол құжаттың ішкі бөліктеріне де
сілтеме жасап көшуге болатын мүмкіндіктер бар.

Web-графика

Web-парақтардың графикалық элементтері ретінде GIF және JPEG (жаңа
PNG форматы әлі кең қолданысқа кірген жоқ) форматтарындағы екі түрлі
суреттерді пайдалануға болады. Web-парақтарды экранда көрсете алатын барлық
графикалық броузерлер осы форматтардағы суреттерді бейнелей алады.
GIF (Graphic Interchange Format) форматындағы файлдардың типі .GIF
болып келеді. Ал JРЕG (Joint Photographic Expert Group — осы форматты
ұсынған топ аты, оқылуы джейпег) форматындағы файлдардың типі – JPEG
немесе JPG. Бұл формат фотографиялық бейнелерді сақтауға арналған.
Сурет форматтарын таңдағанда, бірінші кезекте сол файлдардың көлемі
есепке алынады, тек екінші кезекте – олардың сапасы тұрады. Форматты таңдау
кезінде GIF және JPEG форматында – екі файл дайындаған дұрыс, соңында
қайсысының көлемі кіші болса, соны жұмысқа кірістіреді.
Суреті бар парақтар жасай отырып, оларды барлық тұтынушылар көре
алмайтынын да есте сақтаған жөн. Сапалы экраны болмаған тұтынушыларды сурет
мазмұнымен альтернативті мәтін арқылы таныстыруға болады. Альтернативті
мәтін сурет көрсетілмеген жағдайда ALT= атрибутының мәні ретінде беріледі
де, ол экранға шығарылып көрініп тұрады.
Суреттік бейне мәтін элементі сияқты берілетін болғандықтан, оны
мәтіндік элемент ішіне де гиперсілтеме тәрізді орналастырып, А тәгі
арқылы басқа файлға көшуге болады. Мұндайда суреттің өзі гиперсілтеме рөлін
атқарады.

Мәтінді форматтау

Форматтауды жүргізу HTML 4.0 тілінің негізгі жұмысы емес, бірақ ол
әзірше экранда құжатты бейнелеуді басқару ісінің ыңғайлы тәсілі болып
табылады.
Қосарланған FONT тәгі қаріп (шрифт) параметрлерін басқаруға
мүмкіндік береді, оның міндетті түрде кем дегенде бір атрибуты (барлығы
үшеу – COLOR=, FACE=, SIZE) болуы тиіс.
COLOR= атрибуты ағылшын тіліндегі сөзбен немесе оналтылық цифрмен
нақты түрде көрсету арқылы мәтін түсін өзгертеді, FACE= атрибуты қаріп
түрін, яғни гарнитурасын береді, ал SIZE= салыстырмалы бірліктер (1-ден 7-
ге дейін) көмегімен қаріп мөлшерін анықтайды.
Келісім бойынша пайдаланылатын қаріп параметрлері жалғыз
қолданылатын, атрибуттары FONT тәгімен бірдей BASEFONT тәгімен
анықталады, ол бір рет BODY элементі ішінде көрсетілуі тиіс.
Символдар сызылымын (курсив, қалыңдатылған, асты сызылған) өзгерту
кезінде мәтіннің функциональдық ерекшеліктерін көрсететін сөз элементтері
(мысалы, STRONG) қолданылады.
Қосарланған СІТЕ тәгі цитаттарды белгілеу үшін қажет.
Қосарланған ЕМ (ерекшелеу) және STRONG (қатты ерекшелеу) тәгтері
курсивпен және қалыңдатылған сызылымдардың функциональдық баламалары болып
табылады. HTML тілінде компьютерлік программалар жұмысын сипаттайтын
элементтер жиыны бар, ол үшін CODE, KBD, SAMP және VAR сияқты
қосарланған тәгтер қолданылады.

Тізімдер

HTML тілінде реттелген тізім, реттелмеген тізім және анықтау
тізімдерін жасауға болады. Барлық тізім түрлері блоктық элементтерге
жатады.
Реттелген (нөмірлі) және реттелмеген (белгіленген) тізімдер бір-
біріне ұқсас тәсілмен жасалады.

Анықтау тізімдері қосарланған DL тәгімен қоршалады. Мұндай тізімдер
арқылы анықталатын терминдер (қосарланған DT тәгтері) және анықтамалар
(қосарланған DD тәгтері) жасалады. Кестелер. HTML тіліндегі кестелер
қосарланған TABLE тәгтері көмегімен құрылады. Олардың ішінде қосарланған
CAPTION тәгтерімен қоршалған кесте тақырыбы мен TR тәгтерімен қоршалған
кесте жолдары болады.

Кестенің әрбір жолында бағаналарға сәйкес ұялар орналасады, олардың
да екі түрі болуы мүмкін. Кесте тақырыбына қатысты оның бастапқы жолдары
мен бағаналары қосарланған ТН тәгтерімен, ал қалғандары — TD тәгтерімен
қоршалып жазылады.
Бірнеше құжатты көрсету. HTML тілінің бір Web-парақ ішінде бірнеше
құжат көрсете алатын мүмкіндігі бар. Ол үшін экран беті бір-бірінен
тәуелсіз бірнеше аймақтарға — фреймдерге бөлінуі тиіс.
HTML тілінің бір Web-парақ ішінде бірнеше құжат көрсете алатын
мүмкіндігі бар. Ол үшін экран беті бір-бірінен тәуелсіз бірнеше аймақтарға
— фреймдерге бөлінуі тиіс.

Интерактивті Web-парақтар

Гиперсілтемелері бар Web-парақтар жасалуы бойынша бірден интерактивті
мәлімет болып табылады. Бірақ нақты интерактивтілік қасиет формаларды
пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Web-парақтардағы формалар басқару
элементі болып табылатын өрістер жиынын құрайды.
Форма — FORM тәгтерімен қоршалып жазылатын блоктық элемент. Оның
ішінде әртүрлі тәгтермен берілетін форма өрістері болады. Форма жасау
кезінде электрондық пошта арқылы жөнелтілетін мәліметті өзгелер оқымайды
деп есептеуге болмайды. Көптеген броузерлер тасымалданатын мәліметті
басқалар да алып пайдалана алатыны жайлы хабар беріп те отырады.
Құжат жасау және оны түзету. FrontPage Express программасының
терезесі редактор терезесі мен браузер терезесінің комбинациясы тәріздес
болады. Редактор HTML құжатындағы көрінбейтін элементтерді де көрсете
алатын арнайы броузер сияқты етіп көрсетеді.
Мұнда негізгі форматтау құралы рөлін Форматтау аспаптар тақтасы
атқарады. Ол тақтаға шығарылмаған қосымша форматтау элементтері жеке диалог
терезелерінде беріледі.
Гиперсілтеме жасау үшін сілтеме болуға тиіс мәтін фрагментін белгілеп
алып, Кірістіру Гиперсілтеме (Вставка Гиперссылка) командасын орындау
керек.
Тағайындау кадры өрісі осы парақ ашылатын фрейм атын көрсету ісін
атқарады. Ал Белгі өрісі – сол фреймді ашатын белгі (зәкір) атын
көрсетеді.
FrontPage Express редакторының форма жасайтын арнайы командасы жоқ.
HTML тілінде элементтердің қасиеттері тәг атрибуттарымен беріледі.
Ал FrontPage Express редакторында олар арнайы диалог терезелері арқылы
енгізіледі. Түзетіліп жатқан құжатқа қосымша объектілер енгізу редактордың
Кірістіру (Вставка) менюі арқылы орындалады.

Программа шеберін және шаблондарды пайдалану.

Web-парақтарды жасау ісін жеңілдету, әрі автоматтандыру үшін
Frontpage Express редакторы программа шеберлері мен шаблондарды қолдану
мүмкіндігін береді.
Шеберлерді қолдану кезінде (Негізгі жеке парақтар шебері – Мастер
персональных основных страниц немесе Формалар шебері – Мастер форм)
программа бірсыпыра сұрақтар қояды, соларға берілген жауаптар негізінде ол
құжаттың нұсқасын даярлайды.
Шаблондар (Көрсету формасы –растау формасы)представляют собой готовый
документ жалпы сипатта даярланған дайын құжат нұсқасы болып табылады.

Web-құжаттарды жариялау

Web-торапты (Web-парақтарды) жариялау дегеніміз дайындалған HTML
құжаттарын және соларды сүйемелдеу файлдарын Интернетте орналастыру ісі
болып табылады. Web-құжатты дайындау кезінде өз компьютерімізде бірден Web-
тораптың бумалар құрылымын жасап, олардың ішіне жарияланатын керекті
файлдарды жазып қою керек шығуымыз керек. Олардың ішкі сілтемелерінде сол
құжаттардың салыстырмалы адрестерін ғана пайдалану қажет. Web-серверге
осылай жасалған құрылымды толық көшіру сілтемелердің дұрыс жұмыс істеуін
қамтамасыз етіп, кіргізілген объектілердің де байланыстары ойдағыдай болуын
іске асырады.
Қажетті құжаттарды Web-серверге орналастыру алмалы-салмалы мәлімет
жинақтауыштар көмегімен немесе Интернет арқылы тікелей көшіру жолымен
жүргізіледі.

HTML тілін пайдалану. HTML құжатының құрылымы

HTML құжаттарының барлығы да олардың құрылымдық кезеңдерін анықтайтын
бірсыпыра құрылымдық тәгтерден тұрады. Мысалы, құжат әрқашанда HTML
тәгінен басталып, осыған сәйкес HTML тәгімен аяқталады. Құжат екі
бөліктен – тақырып бөлігі мен құжат тұлғасынан тұрады.
Құжаттың негізгі мазмұндық бөлігі қосарланған BODY құрылымдық
тәгтерінің ішінде орналасады. Қысқаша айтқанда, осы сияқты құрылымдық
тәгтер

World Wide Web және HTML тілі

Интернеттің қазіргі дамуы 1990 жылдар басында комьютерлер арасында
мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды.
Бұл хаттама HTTP (Hyper Text Transfer Protocol- гипермәтінді тасымалдау
хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар HTTP серверлерінің
кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай
алатын World Wide Web қызмет бабы (WWW немесе Web) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web – парақтар түрінде – HTML (Hyper
Text Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы
файлдар түрінде болады. Осы файлдарды HTTP серверлерінде (web-
тораптарында) орналастыру жолымен Web – парақтар қалың көпшілік
пайдаланатындай түрде интернетте жарияланады. Web – парақтар мазмұны әр
түрлі бола береді және олар әр түрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың
бәрінің де негізі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай
HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM
немесе *. HTML болуы тиіс.
HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып , Web –
парақтардың ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып ,оны кең пайдалану
жолдарымен толықтырылып отырды. Ол World Wide Web жүйесінің негізі бола
отырып , оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web сөзі қазақ
тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің
мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішінде арнаулы
код , яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол – мәтін ішіне
сурет, дыбыс енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер (browsers) деп
аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда
белгіленіп, ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол
сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен
байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер
ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда
орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілеу мүмкіндігін
HTML тілі береді,Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары
мен ережелері бар.
HTML тілінің атқаратын қызметі
Web – парақтар экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілген, HTML
тілі мәтіндерді пішіндеп (форматтап) көрсететін тілге жатпайды. Өйткені
әрбір тұтынушы әр түрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана
зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын
браузері бар болса, екінші бір тұтынушы компьютері тек MS DOS жүйесінде
жұмыс істейтін ескі браузерді пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету
мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, бір файл екеуіне екі түрлі болып
көрсетіледі. Ал үшінші компьютердегі Web – парақтар мәтіндері зағиптарға
арналған Брайль қаріптер арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады
Құжаттарды әрбір тұтынушының әр түрлі құрылғыларда және әр түрлі браузер
программалармен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу
(форматтау) тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болмайды. Ол
Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір
тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін
тіл болып табылады.
Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны
тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң,
оны браузер - программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі
әріптермен жазуы ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып
қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы
арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып,
одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін. HTML тілінде мәтінді форматтау
тәсілдерінің де бар екенін айта кету керек, бірақ жалпы алғанда, құжаттың
мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып
отырады. HTML тілі World Wide Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web
парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең
пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wide Web жүйесінің
негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wide Web
сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML
тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады
Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы
код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет,
дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішіндеу (форматтау) ісін орындайтын
немесе осы күжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде
қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз- келесі
көрсетілетін кұжат бөлігі калай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы
сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп
аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда
белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп,
тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол
сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа
парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба,
сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін
мүмкіндікті беретін HTML miлі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз
заңдылықтары мен ережелері бар

1.1 HTML тілінің негізгі тэгтер тобы

H1...H1 - H6...H6
Hi белгісі ( i -1-ден 6-ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі сатыдағы
символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы тақырып – ең
ірісі, алтыншы сатыдағы ең кішісі.
P...P немесе жалғыз P
Мұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол жабылса, келесі абзацтың
басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді. Жалпы P және P
белгілерінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац ретінде қабылданады.
Hi және P белгілерінің қосымша ALIGN (оқылуы элайн, ағылшынның
туралау деген сөзінен ) атрибуты – сипаттамасы болуы мүмкін. Мысалы: H1
ALIGN=CENTER Тақырыпты ортаға жылжыту H1 немесе P ALIGN=RIGHT Абзацты
оң жақ шетке жақындатып туралау түрі P(1 сурет)Үйренгеніміздің барлығын
тиянақтап, төмендегі 2-мысалды орындайық:

htmlheadtitle 2 мысал titlehead
bodyH1 ALIGN=CENTER Сәлем! H1
H2Бұл HTML құжаттың сәл күрделірек мысалы H2
P Енді біз абзацты тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай,
P ALIGN=CENTER ортаға қарай немесе P
P ALIGN=RIGHT оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз. P
body
html

Сурет 1- 2-мысал нәтижесі

Ал параметр арқылы оның түсін (COLOR=түс), ұзындығын (WIDTH=пайыз,
экран еніне байланысты сызықтың пайызбен берілген ұзындығын анықтайды) және
қалыңдығын (SIZE=пиксель,яғни нүктелер саны) өзгертуге болады. Төменде
бірнеше көлденең сызықтардан мысал келтірілген:

htmlheadtitle Сызықтар titlehead
body
H1 Көлденең сызықтар жиынтығы H1
HR color=red size=2 width=100%BR
HR color=green size=4 width=50%BR
HR color=blue size=8 width=25%BR
HR color=black size=16 width=12%BR
body
html

FONT тәгі
FONT тәгі HTML-дағы мәтіннің сыртқы түрін басқарады.Ол мәтіннің
мөлшерін, түсін және сызылымын таңдап алу үшін пайдаланылады. Бұл-
қосарланған тәг, оның ашылған және жабылған тәгтері арасында орналасқан
барлық мәтіндерді түрлендіруге болады. Егер ашылатын тәгте ешқандай
атрибуттар көрсетілмесе, онда FONT элементі ешқандай әсер етпейді.
FACE құжатта қолданылатын қаріп түрін таңдауға мүмкіндік береді.FACE
атрибутының параметрі - қаріп аты. Атрибутта көрсетілген қаріп аты
қолданушы компьютеріндегі қаріп атымен сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте
орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компьютерінде қандай қаріптердің
орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті ол көбінесе
көрсетілмейді.Төменде қаріпті таңдау мысалы келтірілген.

html
headtitle Қаріп түрін таңдау titlehead
body
FONT FACE= “KZ Arial”Бұл жерде басқа қаріп түрі пайдаланылған
FONT
body
html

SIZE бұл элементі мәтіндегі әріптің көлемін мөлшерін тағайындайды,
яғни символдардың биіктігін таңдауға мүмкіндік береді. Қаріп өлшемі 1-ден 7-
ге дейінгі шартты бірлікте беріледі, олар белгілі бір өлшем бірліктеріне
сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері
ұлғаяды.Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол 3-ке тең болып саналады.
Size атрибутын екі түрлі тәсілмен қолдануға болады: қаріптің абсолютті
өлшемін көрсету,мысалы size=5 немесе салыстырмалы өлшемді көрсету
size=+2,екінші тәсіл көбіне негізгі қаріп ретінде basefont тәгі
көрсетілгенде қолданылады.
COLOR мәтіннің түсін анықтайды,ол ағылшын тіліндегі мағынасы бар
түйінді сөз арқылы немесе RGB жүйесіндегі он алтылық санмен берілуі
мүмкін.Төменде құжаттағы түстерді анықтауға арналған мысалдар келтірілген.

htmlheadtitleТүстер таңдауға мысал titlehead
body
font color= “#FF0000” Бұл мәтіннің түсі – қызыл fontBR
font color= “GREEN” Бұл мәтіннің түсі –жасыл fontBR
Алдарыңызда - font color= “red” face= “arial” size= “3” үшінші
мөлшермен arial типімен жазылған қызыл түсті әріптер
font
bodyhtml

Мәтін түстерін анықтау үшін BODY тәгінің BGCOLOR атрибуты да
қолданылады.
Барлық HTML тэгтерін олардың қызметі мен істеу аймағына қарай келесі
топтарға бөлуге болады:
1.Құжат құрылымын анықтаушы;
2.Гипермәтін блоктарын безендіру (параграфтар, тізімдер, кестелер,
бейнелер);
3.Гипермәтіндік сілтемелер;
4.Диалог ұйымдастыратын формалар;
5.Программалардың шақырылуы;
Гипермәтіндік торап құрылымы гипермәтіндік сілтемелермен беріледі.
Гипермәтіндік сілтемелер дегеніміз – басқа HTML құжатының немесе INTERNET
ақпарат қорының адресі.
Гипермәтіндік сілтемелерді жазу үшін WWW жүйесінде арнайы форма
құрылған болатын. Оның атауы - UNIVERSAL RESOURCE LOCATOR. Осыған мысал
ретінде төмендегіні келтіруге болады:
HREF="http:polyn.net.kiae.sualta iindex.html" A
Жоғарыда келтірілген мысалда HTML-да якор (anchor) деп аталатын “А”
тэгі URL түрінде сілтемені жазу үшін “HREF” (HYPERTEXT REFERENCE) атрибутын
қолданады. Бұл жоғарыда көрсетілген сілтеме “http” протоколы арқылы
“polyn.net.kiae.su” серверінің “altai” директориясында орналасқан
“index.html” құжатына көрсетіп тұр.
HTML-дағы гипермәтіндік сілтемелер екі түрге бөлінеді: контексті және
жалпы гипермәтіндік сілтемелер. Контексті гипермәтіндік сілтемелер деп
құжатқа енгізілген (ішіне енгізілген) сілтемелерді айтамыз. Ал жалпы
гипермәтіндік сілтемелерге бүкіл құжатпен байланысы бар және құжаттың кез-
келген бөлігін көрсету мүмкіншілігі бар сілтемелер жатады.
HTML құжаты құрылымы бір-біріне енгізілген контейнерлерді қолдануға
мүмкіндік береді. Алайда, құжаттың өзі де HTML тэгімен басталып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық оқулықтың құрылымы
Оқыту процесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
Мұғалімнің және оқушылардың компьютерлері
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Қашықтықтан оқыту тәсілі
Математика сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану
Қазақ облыстарының автономиясы
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
Пәндер