Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік саясаттың даму болашағы және өзекті мәселелері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3 I. Банктік депозиттердің теориялық -әдістемелік негіздері . …. 8
- Депозиттердің экономикалық мәні, түсінігі және жіктелуі………. … . . . -
- Банктердің депозиттік саясатының мәні, мақсаты және критерилері . . . 24
- Шетел банктеріндегі депозитердің түрлері мен оларды сақтандыру ерекшеліктері. . 31
II. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік саясаты. . 46
2. 1 Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымын талдау-
2. 2 Жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесінің қызметін талдау. 61
III. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік саясаттың даму болашағы және өзекті мәселелері 71
3. 1 Қазақстандық банктердің депозиттік саясатының кейбір қырлары және даму ерекшеліктері -
3. 2 Депозиттік портфелді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту жолдары 79
3. 3. Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму болашағы. . 92
Қортынды . . . 101
Қолданылған әдебиеттер тізімі. …. . 105
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі -уақытша бос ақша қаражаттарын тарту және инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау- коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі -базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10% -ын құрайды.
Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәләндыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі.
Соңғы уақыттарға дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселелеріне назар аударылған жоқ болатын.
Табысты әрі белсенді пайдалану мақсатында заңды және жеке тұлғалардың депозиттер түріндегі бос ақша қаражаттарын мобилизациялауға бағытталған шаралар жүйесін депозиттік саясат деп атайды.
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктері қазіргі уақытта жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесіне депозит түрінде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Олар өз тәжірибелерімен бірге шетелдік банктердің озық тәжірибелерін де енгізуде. Коммерциялық банктің депозиттік саясаты қалыптасатын қатынастар жүйесі салымшыларды тарту және өзін -өзі жою, сенімділік, салымдардың табыстылығы негізінде клиентерге қызмет көрсету сапасын жетілдіру бойынша шаралар кешенін білдіреді. Олар әр түрлі шарттармен, мазмұнмен, мерзіммен жаңа депозиттік салымдар түрлерін ашу, пластикалық карточкалар арқылы төлемдер төлеу, электронды есеп айырысулар жүргізу, сейфтік сақтау қызметтерін, интернет- банкинг қызметтерін көрсету және т. б. тәжірбиелер енгізуде.
Бұл қызметтердің барлығы да банктерге депозиттік салымдарды тартуға әсер етіп отыр.
Коммерциялық банктердің негізгі қызметі салымдарды тартумен байланысты депозиттік операциялар және осы құрылған ресурстарды орналастырумен байланысты. Қаражат иелерінің өз қолдарындағы ақша қорларын тиімсіз сақтап отыруы банк жүйесінің 90-жылдардың басындағы экономика дағдарысына байланысты халық сенімінен шығып қалуының салдарынан болып отыр. Банк жүйесіне деген ел сенімін арттырып, олардың мүдделерін жан-жақты қорғап, экономикаға қызмет етпей бос жатқан ақшалай қаражаттарын тарту әрбір атқан күннің басты мәселесі.
Бүгінгі күндері банк ресурстарын құруда депозиттердің рөлі жоғары екенін түсінген үкімет Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорын құрды. Қордың тәжірбиесі бүкіл дүние жүзі елдеріндегі нәтижелі қызмет көрсетіп жатқан осындай қорлардың тәжірбиесінен таңдап іріктеліп алып жатыр. Мұндай озық тәжірбиелі қорлар АҚШ, Германия, Франция, Англия, Жапония және т. б. елдерде бар. Сонымен бірге, елдің көлеңкелі бизнесте жүрген және шетелдегі банктерде ашылған депозиттік шоттарда сақталынып жатқан ақшаларын жария ету арқылы банк жүйесіне 500 млн. долларға жуық ақшалай қаражат тартылды.
Бұл үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаулар болса, банктер өздерінің рейтенгісінің өсуіне байланысты халықтың, заңды ұйымдарадың, резидент және резидент еместердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын депозит есебінде тарта отырып, банк ресурсы ретінде пайдаланып жатыр.
Қазақстанда банктердің депозиттік саясаттары ғылыми-теориялық және тәжірибелік тұрғыдан ғалымдармен аз зерттеліп, әдебиеттерде көп жарияланбағандықтан, бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында аса бір зерттеуді талап ететін өзекті тақырыптардың бірі. Өйткені, депозиттік саясат банктің депозиттік базасын ұлғайту мақсатында қажетті жағдайлар туғызуда көрініс табады. Ал, өз кезегінде депозиттердің қажеттілігі артып отырған бүгінгі күні депозиттік сыйақы пайызы мен негізгі шартты талаптарын тиімдірек ету және депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуда шаралар қолданылуда.
Сондықтан, диплом жұмысымның тақырыбын «Банктік депозиттік саясат» таңдап алуға негіз болды.
Зерттеу объектісі . Банктің депозиттік саясаты.
Зерттеу пәні . Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің депозиттік саясаты.
Депозиттік саясаттың ұйымдастырылуы тиімді депозиттік портфельдің қалыптасу принцпіне негізделеді. Нарық жағдайында банк дамуының жалпы стратегиясында депозиттік портфелдің орны мен рөлі бірталай өседі. Бұл жағдай ұсынылатын қызметтер саны мен сапасының ұлғаюы депозиттер түрлерінің өсуі және осыған байланысты мемлекеттің әлеуметтік іс-әрекеті шекарасының кеңеюімен белгіленелі.
Зерттеу міндеті.
- ақша-несие қатынастары жүйесіндегі «депозит», «депозиттік саясат», экономикалық категорияларының мәні мен мазмұнын ашу.
- Қазақстан Республикасы коммерциялық банктердің бірінің депозиттік портфеліне талдау жасау;
- шетел банктеріндегі депозитердің түрлері мен оларды сақтандыру ерекшеліктерін салыстырмалы талдау.
- шетел тәжірибесіндегі депозит нарығының қызмет ету жағдайына талдау жасау;
- депозиттерді сақтандыру қорының қызметі мен міндеттеріне теориялық және тәжірибелік материалдар негізінде талдау жүргізу;
- депозиттік портфелді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту жолдарын қарастыру;
- депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қортындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде проблеманың өзектілігі, зерттеу мақсаты мен себебі, міндеттері көрсетілген.
«Банктік депозиттердің теориялық - әдістемелік негіздері» деп аталатын бірінші тарауда депозиттердің түсінігі, жіктелуі және шетел банктеріндегі депозиттерімен оларды сақтандыру ерекшеліктері жан-жақты зерттеліп, шетел тәжірбиесімен салыстырмалы талданылады.
«Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердін депозиттік саясаты» деп аталатын екінші тарауда екінші деңгейдегі банктердің депозиттік портфель құрылымына және «Жеке тұлғалардың салымдардың кепілдендіру Қоры» қызметтеріне сандық салыстырмалы талдау жасалынды.
Үшінші тарау «Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі депозиттік саясаттың даму болашағы және өзекті мәселелері» деп атала отырып қазақстандық банктердің депозиттік саясатының кейбір қырлары және даму ерекшеліктері, депозиттік портфелді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту жолдары және Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму болашағының маңыздылығын ашып көрсетеді.
Қорытындыда зерттеу нәтижелері тұжырымдалған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер қолданылды. Яғни, статистикалық және ақпараттық база ретінде ҚР Ұлттық банкінің есептік деректері, нормативтік құжаттары, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары, сондай-ақ депозиттердің дамуы жағдайын қамтитын отандық және шетелдік басылымдардағы мақалалар, дерек көздері ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары мен басқа да нормативті-құқықтық құжаттары, жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қорының сандық мәліметтері, мерзімді басылымдардағы материалдар пайдаланылды.
I-тарау Банктік депозиттердің теориялық - әдістемелік негіздері
1. 1 Депозиттердің экономикалық мәні, түсінігі және олардың жіктелуі
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері Конституцияға, "Қазақстан Республикасының банктері мен банктік қызмет туралы" 1995 жылдың 31 тамызындағы Қазақстан Республикасының заңына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 15-маусым 2001 жылғы, ҚР кодексіне, "Валюталық реттеу туралы" Заңға, "Екінші деңгейдегі банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы заңға сәйкес депозиттік операцияларды жүргізеді.
"Банк және банктік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "депозит - бір тұлғаның екінші тұлғаға-банкке (сонын ішіндеҰлттық банкке) оларды номиналды түрде қайтару шартымен, бірінші ретте талап еткенде сондай-ақ белгілі бір мерзім өткеннен кейін қайтарылу шартына байланыссыз, толығымен немесе бөліктеп, алдын-ала келісілген өсіммен немесе өсімсіз, тікелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойынша үшінші тұлғаға берілетін ақшалар".
Депозиттік қатынастардың субъектілері бір жағынан банк, екінші жағынан депозиторлар болып табылады. Депозиторлар (салымшылар) ретінде занды, жеке тұлғалар, ҚР резиденттері және резидент емес тұлғалар, банктердің клиенттері және клиент емес тұлғалар бола алады. Шотты ашқан кезде банк пен депозитор арасында келісім-шартпен негізделген қүқықтық қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар ағымдағы заң мен құқықтық қатынастар келісім-шартына сәйкес бюджетке есептелуге тиіс салықтарды төлегеннен, есептелген мүдде мен депозиттің негізгі сомасын толығымен қайтарғаннан кейін ғана тоқтатылады. Бұл қатынастар депозиттік келісім-шартпен рәсімделеді. Сондай-ақ, депозиттік шоттарды ашу және жүргізу туралы келісім шартта депозиттің ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз төлеу тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражаттарды алу тәртібі жайлы мәләметтер қарастырылады.
Келісім-шарт банктің клиентпен қарым-қатынастарының сипатын анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір-бірінің қызметін алдын ала, жан-жақты танып білудің нәтижесінде жасалады. Банк әріптесінің қаржылық жағдайы мен несиелік қабілеттілігін белгілеген әдістеме арқылы талдайды, көбінесе көрсеткіштердің төрт тобына негізделеді: өтімділік, айналымдылық, қаражаттарды тарту және табыстылық.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және сондай -ақ олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады.
Экономикалық әдебиеттерде «жинақтау» түсінігінің көптеген анықтамалары кезддеседі. Олардың біріне жүгінсек, жинақтаулар- бұл «жаратудан бас тарту», яғни байлық иелерінің ақша қаражаттары түріндегі жинауларының нәтижесі.
Жинақтаулар- төменгідей екі типтің детерменттігі жағдайында дамитын экономикалық құбылыс:
- табыс алудың белгілі бір кезеңділігін, жалақы және бағдарлардың деңгейін белгілейтін, экономикалық
- ағымдық табыстың бір бөлігін бірінші кезекте негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін бөлугеп .
Қалай болғанда да, жинақтаулар, өз кезегінде, өндірістік қатынастардың дамуына себеп болатын қоғамдағы айырбас қатынастары дамуының белгілі бір формасы болып табылады. Жалпы алғанда, жинақтаулар - бұл тұрғындардың белгілі бір тұтынушылық мақсаттарға қол жеткізуін қалыптастыратын ақшалай қоры. Бұл ақшалай қордың ерекше пайда болу механизмі, өзіндік даму логикасы мен әрекет ету формасы болады.
Шетелдік ғалымдардың пікірінше, адамдардың өз қаражаттарын жаратпай, сақтауының көптеген себептері мен мотивтері бар. Олар:
- Ақша «қиын- қыстау кезеңге» бөлінетін сақтандырушылық мотивтер.
- Кейбір адамдардың өз тұтынуындағы басқаларға қарағандағы үнемділігі немесе аз жарату әдетіне байланысты ұқыптылық мотиві.
- Жинақтаулар болашақтағы тұтынуларды қаржыландыруға арналған кейінге қалдырылған сатып алу себебі.
- Ақша кепілді борыштардын орнын толдыру, несие төлемін, сақтандырушылық салымдар төлемін жүзеге асыру үшін бөлінетін келісім-шарттардын міндеттемелер себебі.
Салымдардын кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттік - бұл осы жинақтауларды сақтау формаларынын бірі.
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.
Барлық жұмсалымдардың түрлері жинақ ақша болып табылады.
Депозит - жинақ ақшаларды сақтаудың бір түрі.
Депозиттің экономикалық категорияларын сипаттайтын мынадай белгілерін бөліп айтуға болады:
1. Депозиттер банктермен ақшалай қайта бөліну процестерін
қарастырады, яғни салынған салымдардың алу мерзімі келген кезде салынған ақша қаражаттарының қолма-қол қайтарылуы шарттастырылған.
2. Депозиттер жеке табыс бөлігі ретінде капиталмен тығыз байланысты. Мұндай қайта бөлу қатынастарының пайда болуы депозиттік салымдарды өтеу кезінде есептелген пайыздар түрінде табыс алу жағдайының болуына негізделген.
3. Депозиттер қайтарылу мерзімдері бойынша көп түрлілігімен
сипатталады. Бұл мерзімдік салымдар және ұзақ мерзімге салынған
салымдар және мезгілсіз салымдар болуы мүмкін.
Депозит термині анықтамасына көптеген ғалымдардың салыстырмалы теориялық көзқарастарын келтіруге болады:
Дж. Кейнс - тұрғындардың қолма-қол ақша түрінде сақтайтын табыстарының үлесі.
Д. Рикардо - банктің қажетті капитал ретінде тартылған ресурстары. Банк өзінің меншік капиталын пайдаланудан пайда алып отырған болса, онда банк ешқашан мекеме бола алмайтын еді. Банктің негізгі пайдасы тек басқа капиталды тартып орналастырған кезде ғана пайда болады.
Шетел әдебиеттерінде депозит түсінігіне барлық мерзімді және мерзімді емес жинақ ақшалардан басқа банк клиенттерінің басқа да құндылықтары түріндегі салымдары жатады.
Ал, Отандық банктік әдебиеттерде депозиттерге тек кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың мерзімді салымдары, ағымдағы бюджет есеп айырысуларын қоспағанда, бюджеттік және басқа да арнайы пайдаланылған шоттардағы қалдық ақшалар жатады.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттік нарықтың даму ерекшелігін ескеретін болсақ, онда депозит анықтамасы келесідей болып түсіндіріледі:
Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі-бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс болып, сақтандырыла отырып салынган халықтың және сақтандырылусыз салынган кәсіпорындардың ақша қаражаттары.
Егер біз депозит категориясын ғылыми-экономикалық тұрғыдан талдап, оған анықтама беретін болсақ, онда депозиттің атқаратын қызметтерін де зерттеп, нақты тұжырымдар беруіміз керек. Яғни, депозиттің келесі қызметтерін атап айтуға болады:
- Коммерциялық қызмет-жеке және заңды тұлғалардан ақшақаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тартаотырып оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негіз болады.
- Ынталандыру қызметі-депозиттік салымдардың әр түрлішартпен құрылуы, салымшылардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс ақша қаражаты, несие алу мүмкіндігі және белгілі бір сыйлық есебінде ұтыс алу ж, т. басқа түрінде болуы мүмкін.
- Қорлану қызметі-депозитке тартылатын қаражаттар ақшатүрінде болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негізболады. Олар - банктің өтімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруғанегізделген қорлар. Бүл қорларды коммерциялық банк реттеушіоргандардың талап етуімен және өз қызметін тиімді атқару үшін өзеркімен құрады.
- Банк ресурстарын құру қызметі-депозиттік салымдар тарихиқалыптасуы бойынша олар банктік ресурстарды құрудың негізгі көзіболып табылады. Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әруақытта бар болып тұратын каражаттар. Депозиттік қаражаттарбанктің пассивтерінің 70-80 % құрайтын ресурс болғандықтан оларактивтік операцияларды жүргізуге қажетті банк ресурстарыныңнегізін құрайды.
Депозиттердің осы қызметтерін тиімді атқаруына келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- жеке және заңды тұлғалардың қызметінің табыстылғы;
- депозиттік нарықты реттейтін тиімді нормативтік-құқықтықбазалардың болуы (жария ету процесі) ;
- депозиттерді сақтандыру жүйесінің қызметі;
- Салымшылардың сұранысын қанағаттандыратын әр түрлішарттағы депозиттер түрлерінің және құралдарының болуы.
"Банктік ресурстар - банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынттығы". Бұл жердегі барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банктің арзан ресурс көзі болып табылады.
1-сурет. Сырттан тартылған қаражаттар. *
- ҚазМУ хабаршысы. Экономика сериясы. № 6(52) . 2005. 113-б.
Депозит (латын тілінде depositum - сақтауға берліген зат) - бұл
бір тұлғаның (депозиттерді») басқа тұлғаға - банкке (оның ішінде: Ұлтгық банкке) кайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Мұнда қайтарылуға депозиттік келісім-шартта белгіленген пайыздық ставкасы мен депозиттің негізгі сомасы жатады. Депозиттер депозиттік операциялардың объектілері болып табылады.
Депозиттік операциялар - бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі бір мерзімдегі немесе қажет уақытында талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты жүргізілетін банктің операциялары болып табылады. Депозиттік операцияларға пассивтердің 80% үлесі тиеді.
Депозиттік операциялар субъектілеріне:
- мемлекеттік мекемелер;
- кооперативтер;
- акционерлік қоғамдар;
- шетел капиталының қатысуымен акционерлік кәсіпорындар;
- қоғамдық ұйымдар мен қорлар;
- қаржылық және сақтандыру компаниялары;
- жеке тұлғалар мен олардың бірлестіктері;
- банктер және басқа да несиелік мекемелер жатады.
Депозиттік операциялар экономикалық мазмұнына байланысты халықаралық банктік тәжірибеде депозиттердің 4 ірі тобын бөледі:
1) мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері депозиттік
сертификаттар;
- қажет уақытында талап етілетін депозиттер;
- халықтың жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Бұл топтардың әрқайсысы өз кезегінде әр түрлі белгілеріне байланысты жіктеледі. Мерзімді депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай:
- ай мерзімге дейінгі депозиттер;
- айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 6 айдан 9 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 9 айдан бір жылға дейінгі депозиттер;
- бір жылдан жоғары уақыттағы депозиттер.
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін: біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны олардың депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, "жасанды" депозиттер, яғни клиентке чек арқылы есеп-айырысуы мүмкіндігін беру барысында.
Көптеген елдерде депозиттік шоттар мынадай екі жағдайды ескере отырып жіктеледі:
- депозиттік мерзім;
- салым иелерінің категориялары.
Қаражаттарды депозиттерге орналастыруды бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Банктер үлкен қаражат сомасының тұрақты сақталуын қамтамасыз етеді. Одан кейін мерзімді салымдар банктен төленетін пайыз түрінде табыс әкеледі, ал қажет уақытында талап етілетін салымдар төлем құралы қызметін атқарады.
Салым иелеріне байланысты шоттардың келесі түрлері бар:
- жеке тұлғалардың шоттары;
- кәсіпорын, акционерлік қоғамның шоттары;
- үкімет ұйымдарының шоттары;
- қаржы мекемелерінің шоттары;
- шетелдік салым иелерінің шоттары.
Қажет уақытында талап етілетін депозиттер банктерде клиенттер ашатын әртүрлі шоттарда орналасады. Олар ағымдағы есеп-айырысуларды жүргізу үшін арналған және кез келген уақытта толығымен немесе ішінара талап етілуі мүмкін. Салымдар қолма-қол ақшамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түріңде жүргізілуі мүмкін.
Қажет уақытында талап етілетін депозиттер - клиенттің банкке салған салымын алдын-ала хабардар етуінсіз кез-келген уақытта талап етуіне жататын қаражаттарды білдіреді. Олар шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
- кәсіпорындардың, жеке ұйымдардың ағымдық немесе есепайырысу шоттарында сақталатын каражаттар қалдықтары;
- әртүрлі қорларды сақтауға байланысты арнайы шоттардағықаражат қалдықтары;
- күрделі қаржы жұмсауына арналған кәсіпорындардың, меншіктіқаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы несиелік қалдықтар;
- шетелдік банк-корреспондентердің шоттарындағы қалдықтарболып бөлінеді;
- заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті қаражаттары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz