Фразеологиялық тіркестердің ерекшеліктері



Кез келген тілдің сөз байлығы болады. Оны тілдің лексикасы деп атайды. Тілдің сөз байлығын, яғни лексикасын зерттейтін саланы лексикология деп атайды. Сонда фонетика дыбыстарды тексерсе, лексикологияның зерттейтіні - сөз.
Тілдегі сөздердің қыр-сыры мол. Әр сөздің белгілі бір мағынасы болады. Кейбір сөздің бір емес, бірнеше мағынасы болуы да мүмкін. Кейбір сөз бір жерде өзінің тура мағынасында қолданылса, екінші бір жерде дәл сол сөз ауыспалы мағынасында келуі мүмкін. Кейбір сөздер сырт тұлғасы, дыбысталуы бірдей болғанымен, әр басқа мағынаны білдіреді; кейбір сөздер әртүрлі тұлғалы болғанымен, мағыналары бір-біріне жақын болады.
Мәселен, бас – адамның дене мүшесі. Оның басы жұмыс істейді. Алатаудың басынан бұлт кетпес. Балама бас-көз бола жүр. Бұл сөйлемдерде бас сөзі түрлі-түрлі мағына беріп тұр.
Ақтаудан бір қасқыр соғып алдым. Ақтаудың жігіттері шетінен қасқыр. Бірінші сөйлемде қасқыр сөзі тура мағынада, екіншіде - ауыспалы мағынада.
Еркеш - әдемі, келбетті де көрікті жігіт десек, әдемі, келбетті, көрікті – мағыналас сөздер.
Бұл келтірілген мысалдар сөз мағыналарының әр түрлі бола беретіндігін көрсетеді. Бұдан тілдің лексикологиясы ең алдымен сөз мағынасын зерттейтінін аңғарамыз.
Тілдегі сөздердің қолданылуында да ерекшеліктер көп. Кейбір сөздер үнемі қарапайым мағынада, кейбір сөздер әсерлі мағынада жұмсалады. Мәселен, ұялдым деген сөз бен бетімнің оты шықты деген тіркестің мағынасы бірдей. Бірақ соңғы тіркес өте әсерлі. Сондай-ақ өнерлі дегеннен гөрі бес аспап, бармағынан бал тамған; әсем, сұлу дегеннен гөрі ай десе аузы, күн десе көзі бар дегендер айтылмақшы ойды жеріне жеткізе түсетін сияқты. Лексикология сөздер мен сөз тіркестерінің осы тәрізді ерекшеліктерін де зерттейді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ҚАЙНАР университеті

Қазақ филологиясы

Р Е Ф Е Р А Т

ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Орындаған: Құралай ЖҰМАДІЛОВА.

Алматы – 2005

Фразеологиялық тіркестің ерекшеліктері

Кез келген тілдің сөз байлығы болады. Оны тілдің лексикасы деп атайды. Тілдің сөз байлығын, яғни лексикасын зерттейтін саланы лексикология деп атайды. Сонда фонетика дыбыстарды тексерсе, лексикологияның зерттейтіні - сөз.
Тілдегі сөздердің қыр-сыры мол. Әр сөздің белгілі бір мағынасы болады. Кейбір сөздің бір емес, бірнеше мағынасы болуы да мүмкін. Кейбір сөз бір жерде өзінің тура мағынасында қолданылса, екінші бір жерде дәл сол сөз ауыспалы мағынасында келуі мүмкін. Кейбір сөздер сырт тұлғасы, дыбысталуы бірдей болғанымен, әр басқа мағынаны білдіреді; кейбір сөздер әртүрлі тұлғалы болғанымен, мағыналары бір-біріне жақын болады.
Мәселен, бас – адамның дене мүшесі. Оның басы жұмыс істейді. Алатаудың басынан бұлт кетпес. Балама бас-көз бола жүр. Бұл сөйлемдерде бас сөзі түрлі-түрлі мағына беріп тұр.
Ақтаудан бір қасқыр соғып алдым. Ақтаудың жігіттері шетінен қасқыр. Бірінші сөйлемде қасқыр сөзі тура мағынада, екіншіде - ауыспалы мағынада.
Еркеш - әдемі, келбетті де көрікті жігіт десек, әдемі, келбетті, көрікті – мағыналас сөздер.
Бұл келтірілген мысалдар сөз мағыналарының әр түрлі бола беретіндігін көрсетеді. Бұдан тілдің лексикологиясы ең алдымен сөз мағынасын зерттейтінін аңғарамыз.
Тілдегі сөздердің қолданылуында да ерекшеліктер көп. Кейбір сөздер үнемі қарапайым мағынада, кейбір сөздер әсерлі мағынада жұмсалады. Мәселен, ұялдым деген сөз бен бетімнің оты шықты деген тіркестің мағынасы бірдей. Бірақ соңғы тіркес өте әсерлі. Сондай-ақ өнерлі дегеннен гөрі бес аспап, бармағынан бал тамған; әсем, сұлу дегеннен гөрі ай десе аузы, күн десе көзі бар дегендер айтылмақшы ойды жеріне жеткізе түсетін сияқты. Лексикология сөздер мен сөз тіркестерінің осы тәрізді ерекшеліктерін де зерттейді.
Сонымен, лексикология – тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Қазақ тілінің суреттеме және көркемдегіш құралдарын орынды қолдана білу үшін тілдің сөз байлығын – лексикасын жетік білу қажет. Қазақ тілінің сөз байлығы әр түрлі арналар мен салалардан құралған. Оның басты бір негізі – тіліміздің ежелден бергі байырғы, төл сөздері; соның негізінде әр түрлі жолмен жасалған толып жатқан туынды сөздер, жаңа сөздер, терминдер.
Стильдік тұрғыдан тілдің лексикасы тілдің актив лексикасы және пассив лексикасы деп екі салаға бөлінеді.
Актив лексика деп жұртшылықтың бәріне бірдей түсінікті, күнделікті өмірде, сөйлеу-жазу тәжірибесінде көп қолданылатын сөздерді айтады. Мысалы, байырғы түбір сөздер, олардан өрбіген туынды сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, көп мағыналы сөздер, омонимдер, синонимдер, антонимдер, кірме сөздердің сіңісіп кеткен түрлері, мақалдар мен мәтелдер, фразеологиялық тіркестер, т.б. актив лексикаға жатады.
Пассив лексика деп күнделікті көп қолданылмайтын, жалпыға бірдей түсінікті бола бермейтін, кейбір мамандар арасында ғана, ғылыми-техника саласына тән, қажетті болған жағдайда ғана пайдаланылатын сөздерді айтады. Мысалы, неологизмдер, терминдер, архаизмдер мен тарихи сөздер, диалектизмдер, профессионализмдер, т.б. пассив лексикаға жатады.
Фразеология деген термин (гректің phraseos - сөйлемше, lodos – сөз, ілім деген сөзінен шыққан) екі мағынаны білдіреді: 1) тілдегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕР МЕН КОММУНИКАТИВТІК ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Қазақ тілі мен əдебиеті
Фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығы
Сын есім компонентті фразеологизмдер
Мағыналас фразеологизмдер
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
СЫН ЕСІМ МӘНДІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Пәндер