Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері



Жоспар:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.1 Судьяның құқықтық мәртебесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері және қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Судьяларға өкілеттіліктерді беру тәртібі және оларға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

2 СУДЬЯЛАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.1 Сот төрелігін жүзеге асыру қағидаларының жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.2 Судьяның тәуелсіздігі . сот әділдігінің демократиялық қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46

3 СУДЬЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
3.1 Судьялардың құқықтық санасы мен мәдениетінің олардың кәсіби қызметтерін жүзеге асырудағы және тұрғындарының сенімділіктерін арттырудағы мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
3.2 Үкімнің заңдылығы мен негізділігі . судья жұмысының сапалылығының көрінісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: «ҚР-дағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері» атты бұл курс жұмысы ҚР-дағы судья мәртебесінің қысқаша тарихы мен қазіргі жағдайын, судьялардың сот төрелігін жүзеге асырудағы рөлі, судья кадрларын даярлау мен іріктеу, судьяның кәсіптік қызметі мен жарамдылығын және жұмысының сапасын зерттеп зерделеуге арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Сот жүйесі мен қызметін түпкілікті қайта құру, судья ісіндегі кәсіпқойлықты, тәуелсіздікті баянды ете отырып, сот ісін жүргізуді тиімділікпен жоғары дәрежеге жеткізу, бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы судья ешкімнің де ықпалына қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, мемлекет атынан сот билігін жүзеге асырады, сот мәжілісі тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығын қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады, ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Адам тағдырында сот билігі әділеттіліктің ең жоғарғы сатысы іспетті.
Сот пен судьяның адам мен қоғам алдындағы жауапкершілігі өте жоғары. Адам тағдырына байланысты билік айту, үкім (шешім, қаулы) шығару оңай емес. Күрмеуі қиын сұрақтардың жауабын тауып, шынайы шындықтың түбіне жету үшін арнайы білім, кәсіби даярлық, зеректік, қабілет, мол тәжірибемен қатар, заңдарды жетік білу және оны дұрыс талдай білу керек.
Елбасы соттардың ІІІ съезінде халықтың Президентке, Үкіметке, әкім не министрлерге емес, тек сотқа ғана жүгіну қажеттігін нақтылап айтты.
Қазір қалың көпшілік бұрынғыдай атқарушы билікке көп шағымданбайды. Арыз-шағымын айтып, соттарға жүгінуге бейім. Бұл сот билігіне халық сенімінің артқандығының белгісі.
Қазақстан халқы, дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде, адам құқығы мен бостандығының басымдығын мойындай отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлағанын өз Конституциямызда баянды етті.
Біз демократия жол басы емес, ол алдағы мақсатымыз екенін ешқашан естен шығарғанымыз жоқ, демократияны декретпен енгізуге болмайтынын, оны жан-жүрегіңмен түйсіну керек екенін білдік.
Жаң қоғамдық қатынастарды орнықтыру олардың құқықтық қамтамасыз етілуіне уақытылы түзетулер енгізумен, сапалы заңдардың қабылдануымен, жоғары деңгейдегі құқық қолданумен, құқық қорғау органдарының кінәратсіз әрі үйлесімді жұмыс істеуімен, сот беделінің шүбәсіздігін мойындаумен ұштастырылуда.
Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның жоғарылығы дәйекті қамтамасыз етіліп келеді. Қоғамда сот билігіне деген сенім барған сайын арта түсуде.
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы Жолдауында сот өндірісін оңайлату, оның обьективтілігін, сот актілерінің тұрақтылығы мен уақытылы орындалуын қамтамасыз ету; сот жүргізу шеңберінде және сот шешімдерін атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту; сот корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз ету; судьяның біліктілігін арттыру; қылмыстық және азаматтық сот жүргізу мен сот шешімдері шеңберінде адвокаттардың рөлін арттыруды қамтамасыз ету; сот рәсімдерінің ашықтығы мен анықтығын қаматамасыз ету сияқты алдағы уақытта шұғылданатын мәселелер нақтыланып көрсетілген.
Осы мәселелерді шешу жолында бірінші тұлға ол судья. Сол себептіде судья мәртебесіне байланысты мәселелердің өзектілігі бұрынғыданда арта түсуде. Айтылған жағдайлар курс жұмысының тақырыбының өзекті екендігін айқындауға мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы сот реформасы туралы сөз болғанда ғұлама Шоқан Уалихановтың еңбектерінен бастаған жөн. Сондай-ақ ғалымдар Н.Н. Веселовский, А.И. Добромыслов, Л. Словохотов, С. Сабатаев, Н. Дельвичтердің еңбектерін айтуға болады.
Кеңес дәуірінде бұл тақырып М.Шаламов пен М.Сапарғалиевтің көптеген ғылыми еңбектерінде біраз зерттелген.
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап судья мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеген отандас ғалымдар К.Х.Халиқов, Қ.Ә.Мәми, Ш.М.Шарипов, А.А.Касимов, Е.Қ.Қаржаубаев, А.Н.Жаилғанова, М.Р.Абилкаировты атауға болады.
Зерттеу нысаны және пәні. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі судья мәртебесін зерттеу жұмыстың нысаны болып табылады.
Зерттеудің пәні – судья мәртебесінің тарихы мен қазіргі жағдайы, судья мамандығының негізгі өзекті мәселелері.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесін кешенді түрде жан-жақты зерттеп талдау, судья институтының табиғатын ашу, оның құқықтық жүйедегі орнын айқындау.
Осы мақсаттан келесідей міндеттер туындайды:
• ҚР құқықтық жүйесіндегі судья институтының орны және оның ерекшелігін анықтау;
• Судья мәртебесінің тарихын даму кезеңдерге бөліп қарастырып, ғылыми ой елегінен өткізу;
• Судья мамандығының негізгі мәселелерін айқындау және оларға талдау жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Біріншіден, бізге дейінгі ғалымдардың айтқан ой-пікірлерін қайталамай, өз мүмкіндігімізше жаңа ғылыми мәселелерді, яғни судья кадрларын әзірлеу, іріктеу, судьяның кәсіптік қызметі мен құқықтық санасы, оның кәсіптік жарамдылығы, судья жұмысының сапасы сияқты бұрын-соңды қазақ ғылыми әдебиетінде айтылмаған жаңа мәселелерді қозғаймыз.
Екіншіден, бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы мен Сот жүйесі мен судья мәртебесі туралы Конституциялық Заң негізінде судья мәртебесін кешенді талдауға арналған монографиялық зерттеу болып табылады.
Үшіншіден, бітіру жұмысында Қазақстандағы судья мәртебесіне әсер ететін факторлар сараланып, олардың рөлі мен маңызы зерттелген.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысының құрылымы ғылыми зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі қойылған талапқа сай.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Нормативтік құқықтық актілер:
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз
1.2 «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы , 2000 жыл 25 желтоқсан №132-11
1.3 «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2006 жылғы 11 желтоқсан № 199-III Заңы. – Астана. Ақорда.
1.4 ҚР Конституциясы. Комментарий. Под ред. Сапаргалиева Г.- Алматы: Жеті Жарғы, 1998.- С. 370-373.
1.5 ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 1999 жыл 13 желтоқсан
1.6 Судья этикасының кодексі.– Алматы: Жеті Жарғы, 1997.- 16 бет.
1.7 ҚР Конституциясының 79-бабының 1-тармағына ресми түсіндіру туралы ҚР Конституциялық Кеңесінің 2004 жылғы 23 маусымдағы №6 қаулысы
1.8 ҚР Президентінің Жарлығы «ҚР-ның сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы» 2000 жыл 1 қыркүйек
1.9 ҚР-дағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы (негізгі бағыттар): ҚР Президентінің 1994 жылғы 12 ақпандағы №1569 қаулысымен бекітілген.-Алматы,1994. -21бет
1.10 Қазақстан Республикасы Сенатының Регламенті, 1996 жыл 8 ақпан
1.11 Н. Назарбаев. Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. // Егемен Қазақстан, № 79 (23289) 5 сәуір 2003 жыл.
1.12 Назарбаев Н.А. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында: ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халқына жолдауы. –Алматы, 2005. -48б.
1.13 Назарбаев Н.А. Правосудие – это справедливость. Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на III съезде судей РК // Юридическая газета. – 2001. – 11 июня.
1.14 Указ Президента РК «О мерах по обеспечению функционирования новой системы судебного администрирования» от 12. 10. 2000 г.
1.15 Сборник нормативных актов и инструктивных материалов к изучению курса: Организация суда и прокуратуры в СССР. – М., 1965.- 139с.
1.16 «Положение о выборах районных (городских) народных судов Казахской ССР» // Сборник законов Каз ССР 1938 – 1981 г.г.
1.17 Международный пакт о гражданских и политических правах. 19.12.1966.
1.18 Международная научно-практическая конференция: права человека в условиях становления гражданского общества. Государство и право. – М., 1996. - №3.



2. Негізгі әдебиеттер:
2.1 Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері: Оқу құралы. – Астана: Фолиант. 2001. – 252 б
2.2 Демократические основы советского социалистического правосудия. Под ред. Строговича М.С.- М., 1965.
2.3 Жұманбаева Н.А. ҚР-дағы судья мәртебесінің өзекті мәселелері /Мәтін/.– Алматы:б.ж, 2006.-27 б
2.4 Қаржаубаев Е.Қ. ҚР сот билігінің құқықтық мәртебесі /Мәтін/: оқу құралы.- Алматы: NAS, 2006.- 240 б.
2.5 Құқық қорғау органдары: 2002 жылдың 1 қазанына.- Алматы: Юрист, 2002.- 154 б.
2.6 Ликас А.Л. Культура правосудия.- М., 1990.- С.24.
2.7 Либус И.А. Презумпция невиновности в советском уголовном процессе. – Ташкент, 1981. – 232 с.
2.8 Мақұлбеков Б.Д. Сот билігі ҚР мемлекеттік билігінің жүйесінде (теория мен тәжірибе мәселелері) : Автореферат. –Алматы: Б.ж, 2000. – 34 б
2.9 Мақұлбеков Б.Д. Қазақстан Республикасының сот билігі: Оқу құралы.- Өскемен: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ Баспасы, 2006.- 244б. (55-56 беттер).
2.10 Палеев М.С., Пашин С.А., Савицкий В.М. Закон о статусе судей в РФ. Научно-практический комментарий. М., 1994.
2.11 Полянский Н.Н. Очерк развития советской науки уголовного процесса. – М., 1960. – С. 83-87.
2.12 Права человека в международных документах. Часть 1. Алматы: Ғылым, 1998. – С. 30-229.
2.13 Сапарғалиев Ғ.С. ҚР Конституциялық құқығы /Мәтін/: Оқулық.- Алматы: Жеті Жарғы, 1998.- 320 б.
2.14 Соломон Питер Г.,мл. Проблемы развития правового строя в постсоветской России. М., 1997.
2.15 Стецковский Ю.И. Судебная власть. – М., 1999. – С. 157-158.
2.16 Строгович М.С. Право обвиняемого на защиту и презумпция невиновности. – М., 1984. – 143 с.
2.17 Төлеубекова Б.Қ. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы (Жалпы бөлім): Оқулық/ Редакциясын басқарған Қ.А.Бегалиев.- Алматы: Жеті Жарғы,2000.- 416 б.
2.18 Уголовный процесс зарубежных социалистических государств Европы. Под ред. Чугуновой В.Е. - М., 1958. - С. 43-45.
2.19 Шайкенова С. Независимость суда и судей.-Астана,2001. 344-бет.
2.20 Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда.- Алма-Ата, 1987.
2.21 Халиков. К.Х. Проблемы судебной власти: Автореферат на соиск. док. диссер. Алматы, 1998.


3. Қосымша әдебиеттер:
3.1 Азбанбаев М. Зиялы судья, білікті маман және мемлекеттік тіл// Тураби.- 2004.- №1.- 50-54 бб.
3.2 Ахметов М. (Қызылорда қалалық сотының төрағасы). «Судья әдебін сақтау – мүлтіксіз міндет» // Тураби. - №3. – 2004 ж.
3.3 Байбатыров С. Независимость или вседозволенность // Юрид. газета, 29. 02. 2000 г.
3.4 Жұманбаева Н.А. Судья институты ұғымының кейбір мәселелері // ҚР экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңаруын қамтамасыз етудің конституциялық-құқықтық мәселелері. –Алматы,2005. -131-134 бб.
3.5 Жұманбаева Н.А. Судья мәртебесінің кейбір мәселелері // Материалы международной научно-практической конференции «Конституционный процесс В РК: состояние, проблемы и перспективы».–Алматы,2004.-Б.252-254.
3.6 Жұманбаева Н.А. Судья тәуелсіздігі – сот әділдігі деңгейінің өлшемі // Д.А.Қонаев атындағы университет «Хабаршы». -2004. -№3. -44-46 бб.
3.7 Жұманбаева Н.А. Қоғамдағы соттың рөлі және судьяның кәсіби мамандығының кейбір мәселелері. // ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы.-2004.-№ 2(30). – Б. 154.
3.8 Жаңа заң жолдама алды // Заң газеті. №4(335) 2001 жыл 24 қаңтар
3.9 Қаржаубаев Е. Сот билігін демократияландыру// Заң. - 2000.-№12.-Б.51-55
3.10 Қ. Мәми. «Қазақстан Республикасында алқа билер сотын құруды іске асыру мәселелері мен жолдары» ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзі. - Алматы, 2002 жыл 22 қараша.
3.11 Когда выносится частное определение. «Юридическая газета». 1999. – 10 ноября.
3.12 Мақұлбеков Б.Д. Заңды шешім - әділдік кепілі. // «Заң» газеті, №39 (314), 13 қыркүйек 2000 ж.
3.13 Нарикбаев М.С. Суд под каблуком? Пока это так...// Казахстанская правда от 03. 08. 1999 г.
3.14 Наврузбаев Е. Присяга судьи // Юридическая газета. 23 июня, 1999.
3.15 Строгович М.С. Об оправдании ввиду необходимости участия подсудимого в совершении преступления // Правоведение. – 1983. - №5. – С.145-162.
3.16 Сназаров Е. (Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы) Сот тәуелсіздігін нығайту жолдары.// Заң.- 2004.- №4.- Б.33-38.
3.17 Шарипов Ш.М. Судьяның тәуелсіздігі – сот әділдігінің демократиялық принципі// ҚазМУ Хабаршысы заң сериясы, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ.- Алматы, 2001.- №2(19).- Б.68-72.
3.18 Халиков К.Х. Судебная власть на переходном этапе развития государства // Тураби. – 2001. -№3. – С.108-128
3.19 Большой юридический словарь. М. ИНФРА-М., 1997.- С.665-789.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СУДЬЯ МӘРТЕБЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жоспар:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
МӘРТЕБЕСІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.1 Судьяның құқықтық мәртебесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері және
қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .7
1.2 Судьяларға өкілеттіліктерді беру тәртібі және оларға қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

2 СУДЬЯЛАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ
РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.1 Сот төрелігін жүзеге асыру қағидаларының жалпы
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
2.2 Судьяның тәуелсіздігі – сот әділдігінің демократиялық
қағидасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
.

3 СУДЬЯ МАМАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
3.1 Судьялардың құқықтық санасы мен мәдениетінің олардың кәсіби қызметтерін
жүзеге асырудағы және тұрғындарының сенімділіктерін арттырудағы
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
3.2 Үкімнің заңдылығы мен негізділігі – судья жұмысының сапалылығының
көрінісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..69

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: ҚР-дағы судья мәртебесінің өзекті
мәселелері атты бұл курс жұмысы ҚР-дағы судья мәртебесінің қысқаша тарихы
мен қазіргі жағдайын, судьялардың сот төрелігін жүзеге асырудағы рөлі,
судья кадрларын даярлау мен іріктеу, судьяның кәсіптік қызметі мен
жарамдылығын және жұмысының сапасын зерттеп зерделеуге арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Сот жүйесі мен қызметін түпкілікті
қайта құру, судья ісіндегі кәсіпқойлықты, тәуелсіздікті баянды ете отырып,
сот ісін жүргізуді тиімділікпен жоғары дәрежеге жеткізу, бүгінгі күннің
көкейтесті мәселесі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы судья ешкімнің де ықпалына қарамастан тек
Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, мемлекет атынан сот билігін
жүзеге асырады, сот мәжілісі тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығын
қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады, ол бойынша заңды және негізделген
шешім шығарады. Адам тағдырында сот билігі әділеттіліктің ең жоғарғы сатысы
іспетті.
Сот пен судьяның адам мен қоғам алдындағы жауапкершілігі өте жоғары.
Адам тағдырына байланысты билік айту, үкім (шешім, қаулы) шығару оңай емес.
Күрмеуі қиын сұрақтардың жауабын тауып, шынайы шындықтың түбіне жету үшін
арнайы білім, кәсіби даярлық, зеректік, қабілет, мол тәжірибемен қатар,
заңдарды жетік білу және оны дұрыс талдай білу керек.
Елбасы соттардың ІІІ съезінде халықтың Президентке, Үкіметке, әкім не
министрлерге емес, тек сотқа ғана жүгіну қажеттігін нақтылап айтты.
Қазір қалың көпшілік бұрынғыдай атқарушы билікке көп шағымданбайды.
Арыз-шағымын айтып, соттарға жүгінуге бейім. Бұл сот билігіне халық
сенімінің артқандығының белгісі.
Қазақстан халқы, дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі ретінде,
адам құқығы мен бостандығының басымдығын мойындай отырып, демократиялық
қоғам және құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлағанын өз
Конституциямызда баянды етті.
Біз демократия жол басы емес, ол алдағы мақсатымыз екенін ешқашан естен
шығарғанымыз жоқ, демократияны декретпен енгізуге болмайтынын, оны жан-
жүрегіңмен түйсіну керек екенін білдік.
Жаң қоғамдық қатынастарды орнықтыру олардың құқықтық қамтамасыз
етілуіне уақытылы түзетулер енгізумен, сапалы заңдардың қабылдануымен,
жоғары деңгейдегі құқық қолданумен, құқық қорғау органдарының кінәратсіз
әрі үйлесімді жұмыс істеуімен, сот беделінің шүбәсіздігін мойындаумен
ұштастырылуда.
Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесінің негіздері қаланып, заңның жоғарылығы
дәйекті қамтамасыз етіліп келеді. Қоғамда сот билігіне деген сенім барған
сайын арта түсуде.
ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2005 жылғы Жолдауында сот өндірісін
оңайлату, оның обьективтілігін, сот актілерінің тұрақтылығы мен уақытылы
орындалуын қамтамасыз ету; сот жүргізу шеңберінде және сот шешімдерін
атқару кезеңінде азаматтар құқығына берілетін кепілдіктерді күшейту; сот
корпусының тәуелсіздігін қамтамасыз ету; судьяның біліктілігін арттыру;
қылмыстық және азаматтық сот жүргізу мен сот шешімдері шеңберінде
адвокаттардың рөлін арттыруды қамтамасыз ету; сот рәсімдерінің ашықтығы мен
анықтығын қаматамасыз ету сияқты алдағы уақытта шұғылданатын мәселелер
нақтыланып көрсетілген.
Осы мәселелерді шешу жолында бірінші тұлға ол судья. Сол себептіде
судья мәртебесіне байланысты мәселелердің өзектілігі бұрынғыданда арта
түсуде. Айтылған жағдайлар курс жұмысының тақырыбының өзекті екендігін
айқындауға мүмкіндік береді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жалпы сот реформасы туралы сөз болғанда
ғұлама Шоқан Уалихановтың еңбектерінен бастаған жөн. Сондай-ақ ғалымдар
Н.Н. Веселовский, А.И. Добромыслов, Л. Словохотов, С. Сабатаев, Н.
Дельвичтердің еңбектерін айтуға болады.
Кеңес дәуірінде бұл тақырып М.Шаламов пен М.Сапарғалиевтің көптеген
ғылыми еңбектерінде біраз зерттелген.
Өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап судья мәртебесін ғылыми тұрғыдан
зерттеген отандас ғалымдар К.Х.Халиқов, Қ.Ә.Мәми, Ш.М.Шарипов, А.А.Касимов,
Е.Қ.Қаржаубаев, А.Н.Жаилғанова, М.Р.Абилкаировты атауға болады.
Зерттеу нысаны және пәні. Қазақстан Республикасының құқықтық
жүйесіндегі судья мәртебесін зерттеу жұмыстың нысаны болып табылады.
Зерттеудің пәні – судья мәртебесінің тарихы мен қазіргі жағдайы, судья
мамандығының негізгі өзекті мәселелері.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысының негізгі мақсаты
– Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесін кешенді түрде жан-жақты
зерттеп талдау, судья институтының табиғатын ашу, оның құқықтық жүйедегі
орнын айқындау.
Осы мақсаттан келесідей міндеттер туындайды:
• ҚР құқықтық жүйесіндегі судья институтының орны және оның
ерекшелігін анықтау;
• Судья мәртебесінің тарихын даму кезеңдерге бөліп қарастырып,
ғылыми ой елегінен өткізу;
• Судья мамандығының негізгі мәселелерін айқындау және оларға
талдау жүргізу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Біріншіден, бізге дейінгі ғалымдардың
айтқан ой-пікірлерін қайталамай, өз мүмкіндігімізше жаңа ғылыми
мәселелерді, яғни судья кадрларын әзірлеу, іріктеу, судьяның кәсіптік
қызметі мен құқықтық санасы, оның кәсіптік жарамдылығы, судья жұмысының
сапасы сияқты бұрын-соңды қазақ ғылыми әдебиетінде айтылмаған жаңа
мәселелерді қозғаймыз.
Екіншіден, бітіру жұмысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы
Конституциясы мен Сот жүйесі мен судья мәртебесі туралы Конституциялық Заң
негізінде судья мәртебесін кешенді талдауға арналған монографиялық зерттеу
болып табылады.
Үшіншіден, бітіру жұмысында Қазақстандағы судья мәртебесіне әсер ететін
факторлар сараланып, олардың рөлі мен маңызы зерттелген.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысының құрылымы ғылыми
зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сай келеді. Зерттеу жұмысы
кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі қойылған талапқа сай.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
1.1 Судьяның құқықтық мәртебесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері және
қазіргі жағдайы

Бұл бөлімшеде судья ұғымының қалыптасуы мен даму кезеңдері, қазіргі
жағдайы, судьяның мәртебесі, оның құқықтық жағдайы, судьяның мемлекеттік
органдардың лауазымды тұлғаларының ішінде алатын ерекше орны анықталады.
Судья мәртебесінің зерттелу тарихын шартты түрде 3 кезеңге бөлуге
болады.
Бірінші кезең, судья туралы мағлұматтардың патшалық ресей тұсында
жиналып, сұрыпталуы, жарық көруі. Бұл кезең 1917 жылы Қазан төңкерісіне
дейін созылды.
Екінші кезең, (1917-1990) Кеңес дәуірінде судья мәртебесін зерттеу
пролетарлық көзқараста жүргізілді. Қазақстан үшін ең алғашқы ғылыми еңбек
болып М.Шаламовтың Судебное устройство Казахстана зерттеуін айтуға
болады. Одан кейін М.С.Сапарғалиев бірнеше еңбектерін жария етті.
Үшінші кезең, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін уақыт. Бұл кезеңде
ең алғашқы сот билігі мен судья мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеген
профессор Қ.Х.Халиқов судьяның құқықтық мәртебесі мен оның тәуелсіздігіне
жан-жақты талдау жасап кейінгі зерттеушілерге бағыт бағдар берді.
Лауазымды тұлғаның қоғамдағы орны мен әлеуметтік мәртебесі сол
лауазымды тұлға өкілі болып табылатын ұйым мемлекетті басқару саласында
қандай қызмет атқаратындығымен анықталады. Бұл реттен судья да тыс
қалмайды. Судьяның қоғамдағы орны, сот атқаратын іспен, яғни заңдылық пен
құқық тәртібін қорғау, сот әділдігін жүзеге асыру, сот төрелігін ешқандай
кедергісіз, ешкімнің нұсқауы мен бұйрығынсыз, тәуелсіз жүзеге асыру
маңыздылығымен ерекшеленеді.
Біздің қоғамымызда судьяның алатын орнын анықтау үшін судья
институтының әлеуметтік бастау-қайнар көзін ашып, бұл институттың қалыптасу
тарихына көңіл аударған жөн. Өйткені кеңес халық сотының тарихы сол кездегі
заңгерлердің бірқатар жұмыстарында көрсетілген, ал қазақстандық соттардың
тарихы бұл мәселенеің ажырамас бөлігі болып табылады. 1936 жылғы
Конституция қабылданғанға дейін Қазақстан автономиялық республика құқығында
РКФСР құрамында болып келді, сондықтан біз кеңестік сот жүйесін РКФСР-ға
қатысты талдауға мәжбүр болдық. Біз халық судьяларына тікелей қатысы бар
мәселелерді қысқаша қараумен шектелдік, атап айтқанда, халық судьясы
институтының негізі қашан, қандай жағдайларға байланысты қалыптасты, оның
табиғаты қандай және халық судьясына үміткерлер қандай талаптарға сай болу
керек еді т.с.с.
Халық судьясы институты Кеңес мемлекетінің алғашқы күндерінде пайда
болды.
Қазан төңкерісіне дейінгі Ресейдің саяси билігін басып алып, заң
мекемелерін жойғаннан кейін Кеңес мемлекетінің өзінің құрылымдық түрі,
қызмет мазмұны жөнінде және судьялар құрамы бойынша жауап беретін жаңа сот
құру қажеттілігі туындады.
Кеңес мемлекетінің алғашқы соттарын ұйымдастырудың маңызды принциптері
сот жөніндегі 24.11.1917 жылғы №1, 7.03.1918 жылғы №2, 20.07.1918 жылғы №3
Декреттерінде және 1918 жылғы Конституцияда бекітілді.
Ресей социалистік федеративтік кеңес республикасының 1918 жылғы 30
қарашадағы Халық соттары туралы Ережесінде алғаш рет халық судьяларын
іріктеудің өлшемдері қалыптасты, олар 12-бапта көрсетілген мынадай
талаптарға жауап беруге тиісті еді: кеңестерге сайлауға және сайлану
құқығына ие болуы; партияның пролетарлық ұйымдарында, кәсіподақтарда,
жұмысшы кооперативтерінде, фабрика-зауыт комитеттері мен кеңес
мекемелеріндегі жұмыстың саяси тәжірибесінің болуы; кеңес мекемелеріндегі
жұмыстың саяси тәжірибесінің болуы; кеңес судьясы үшін теориялық және
практикалық әзірлігінің болуы. Судьялыққа үміткердің бірінші өлшемге және
қалған екеуінің ең болмаса біріне сәйкес келуі тиіс еді.[1]
Халық судьясы болуы үшін: саяси көзқарасты, қоғамдық ұйымдарда
адамдармен жұмыс істеу тәжірибесі бар және қоғамдық қызмет салаларының
бірінен өзін жағымды жағынан таныту міндетті шарт болып табылады және осы
талапқа жауап беретін адамдар ғана халық судьясына үміткер бола алатын еді.
Бұған қосымша, ол арнайы заң даярлығынан өткен немесе заң жұмысынан
тәжірибесі болуы керек екендігі тағы бар.
1920 жылғы 21 қарашадағы Халық соты туралы жаңа Ереже халық судьялығына
тағайындаудың тәртіп-ретіне кейбір өзгерістер енгізді. Бұл өзгерістер
біріншіден, судья кадрларын нығайтуға және сот жұмыстарының сапасын
жақсартуға сәйкестендірілді, екіншіден, судьялардың тәуелсіздігіне және
олардың тек заңға бағынуына бағытталды, өйткені оларды кері шақыру тек
губерниялық атқару комитетінің шешімімен бекітілген жағдайда ғана жүзеге
асатын болды. 1918 жылғы халық соттары туралы Ережеде аса күрделі қылмыстар
жөніндегі қылмыстық істер бойынша сот құрамына төрелік етіп тек қана
тұрақты судьяны ғана емес, заседательді сайлау құқығы берілген болса, ал
1920 жылғы халық соты туралы Ережеде сот талқылауында төрелік етуші болып
тек тұрақты судьяның қатысуының міндеттілігі мойындалды. Осы арқылы сот
әділдігін жүзеге асыруда басты рөл атқаратын судьяның кәсіптік тәжірибесі
мен білімінің маңыздылығы атап көрсетілді.
1922 жылғы 11 қарашадағы РКФСР сот құрылысы жөніндегі Ереженің 11-
бабына сәйкес халық судьясы болып: сотталмаған РКФСР азаматы, жынысына,
нәсіліне және ұлтына қарамастан мына шарттарға жауап беретін: а)
кеңестерге сайлайтын және сайлану құқығына ие азаматтар; б) жұмысшы-шаруа,
қоғамдық, кәсіподақ немесе партия ұйымдарында жауапты саяси жұмыстарда 2
жылдық еңбек стажы бар немесе заң органдарында халық тергеушісінен төмен
емес қызметте, тәжірибелік жұмыста 3 жылдық өтілі бар азаматтар ғана
сайланған. Өрескел қылықтары үшін қоғамдық ұйымдардан қуылғандар халық
судьясы бола алмаған.[2]
1924 жылғы 29 қазандағы КСРО мен одақтас республикалар сот құрылысының
Негіздерінің 3,4-баптары сот органдарындағы жұмыстың таптық бағытын
жүргізуді қамтамасыз етудің жалпы бастамасын белгілеп берді.[3] Бұл заңда
сот қызметін тек қана еңбекшілердің қатысуымен жүзеге асыру көзделген.
Сотталмаған, Кеңестерге сайлайтын және сайлану құқығы бар, қоғамдық-саяси
немесе кеңес әділет не басқа да мемлекеттік органдардағы тәжірибелі жұмыс
стажы бар КСРО азаматы судья болып сайлана алады делінген. 1926 жылғы сот
құрылысы жөіндегі Ережеде халық судьясы болып: сайлайтын және сайлану
құқығына ие және заң органдарында істеуі міндетті емес, жалпы мемлекеттік
мекемелерде қоғамдық-саяси еңбек өтілі бар тұлғалар сайланады деп
көрсетілді. Бұл заң Халық комиссариатына сот органдарында жұмыс істеуге
тартылған адамдарды юрисдикциялық әзірлеуге қамқорлық жасау міндетін
жүктеді.
1938 жылғы 16 тамыздағы КСРО, одақтас және автономиялық республикалар
Сот құрылысы туралы Заңның 11-бабында халық судьялары мен халық
заседательдеріне бірыңғай талап қарастырылды. Халық судьясы мен халық
заседательдері болып: сайлау құқығына ие және жасы 23-ке жеткен барлық
азаматтар бола алды. Судьяға үміткерлерге бұдан басқа талаптар
қарастырылмаған. Сотталған адамдарды сайлауға болмайтындығы көрсетілген.[4]

1958 жылғы 25 желтоқсандағы КСРО Одағы, одақтас және автономиялық
республикалар сот құрылысы туралы заң Негізінің 29-бабында судьялар немесе
халық заседательдері болып сайлану құқығына ие және сайлау күніне жасы 25-
ке толған КСРО азаматының әрқайсысы сайлана алады деп жарияланған.[5]
Ал қазіргі жағдайға келсек, Президенттің Ішкі және сыртқы саясаттың
2004 жылға арналған бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауында
көрсетілгендей, сот және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру -
басты мәселелердің бірі болып қала береді.
Қоғамның заң саласын реформалау қажеттілігі оның экономикалық және
саяси жүйесінде жүзеге асырылып жатқан өзгерістерге сай келетін құқықтық
инфроқұрылымдар құруды талап етуінен туындап отыр.
Соттардың құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған
қайта құру - реформаның маңызды құрамдас бөлігі.
Сот құрамын жасақтауда судьяларды тағайындау тәртібі енгізілді, олардың
мәртебесі мен материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін
көтеретін басқа да шаралар жүзеге асырылды.
Ол шаралардың тиімділігін арттыру және соттың тәуелсіздігін,
судьялардың кәсіпқойлылығы мен мамандандырылуын қамтамасыз ету мақсатында
соттарды ұйымдық жағынан нығайтып, жалпы және төрелік болып бөлінуінің
қажетсіздігі дәлелденді. Судьялардың ауыстырылмайтыны және Жоғарғы Сот
Кеңесі мен біліктілік алқаларының ұсынысы бойынша оларды сайлау мен
тағайындау қағидаларын қолдану; әділ сот жүргізе алмайтын адамдарды
босатудың негіздері мен тетігін тауып, сот сатылары арасында іс жүргізуден
тыс қатынастарын болдырмау шарты айқындалды. Сот құрылысы мен сот ісін
жүргізу қайта ұйымдастырылды.
Сот жүйесін реформалау, судьялардың әлеуметтік беделін арттырып, сот
органдарын жеке адамның құқығы мен бостандығының сенімді кепілгері етуге,
қоғамдық қарым-қатынастардың субьектілерінің арасындағы дау, тартыстардың
заңды, әрі әділетті түрде шешілуіне, судьяларды, олардың отбасы мүшелерін
құқықтық және әлеуметтік қорғау мәселелеріне бағытталған.
Ата Заңымыз сот билігіне ерекше көңіл бөліп, сот пен судьяның қоғамдағы
рөлі мен орнын айқындай түсті.
Конституцияның Соттар және сот төрелігі деген тарауында елімізде
әділеттілікті орнықтырудың, сот қызметін жетілдірудің стратегиялық бағыты
айқындалды.[6] Біздің Республикамыздағы соттар – беделі асқақ, мерейі үстем
мемлекеттік ірі ұғым.
1995 жылғы ҚР Конституциясы сот билігін мемлекеттік биліктің дербес
тармағы ретінде бөліп алып, заң шығарушылық және атқарушылық биліктен
бөлуді жария етті. Сот билігінің мақсаты азаматтардың, мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды жүзеге асырудан, ҚР Конституциясының, заңдардың, өзге де
нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттарының
орындалуын қамтамасыз етуден тұрады. Осы арқылы сот билігіне, біріншіден,
құқық туралы барлық жанжалдар мен дауларды шешетін төрешінің, екіншіден,
мемлекетте заңдылық режимінің орындалуы мен сақталуын қамтамасыз ететін
органның рөлі берілген.
Қоғамдық құрылыстағы өзгерістер, әсіресе кейінгі жылдары кең дамып келе
жатқан демократиялық құрылым, сот рөлін бұрынғыдан да күшейтіп, оның
құқығын көтере түсуде.
Заңда белгіленген тәртіппен судья лауазымына тағайындалған немесе
сайланған, тиісті сотта жұмыс істейтін және өз өкілеттіктерін кәсіптік
негізде жүзеге асыратын адам судья болып табылады.
Судьялардың құқықтық мәртебесі судьялардың тәуелсіздігі мен
ауыстырылмайтындығын, сондай-ақ оған ешкімнің тиіспеушілігін қамтиды.
Тәуелсіздік судьяның тәуелсіздігін және тек Конституцияға және ҚР сот
жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңына ғана
бағынатындығын білдіреді.
Сот істерін қарау кезінде сот талқылауына қатысушылардың пікіріне
байланысты емес, айыптау жағында, қорғау жағында қолдамайды. Судья істі
қарау кезінде әділ болуға және қаралған дәлелдемелерге баға беруге
негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша шешім қабылдауға және бұл ретте тек
Конституция мен заңды басшылыққа алуға тиіс.
Судьяны, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды
қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен
белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесінің
қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімінсіз, ал Жоғарғы соттың
судьясын ҚР Парламенті Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға
болмайды. Судьяға тиіспеушілік оның жеке басына, меншігіне, ол тұратын
тұрғын үй және қызметтік үй-жайларға, ол пайдаланатын жеке және қызметтік
көлік құралдарына, оған тиесілі құжаттарға, багажына және өзге де
мүліктеріне тиіспеушілікті қамтиды.[7]
Судьяға қатысты қылмыстық істі ҚР-ның Бас Прокуроры ғана қозғай алады.
Судьяға қатысты арнайы жедел іздестіру іс-шаралары прокурордың санкциясымен
ғана жүргізілуі мүмкін.
Судьяға ҚР-ның Президенті белгіленген тәртіппен куәлік береді.
Судьялардың құқықтық мәртебесі соттарды құру тәртібін, оларды
ұйымдастыру қағидаттары мен қызметін, сот жүйесін, әрбір сот буынының
құрамын, құрылымын, құзыретін, сондай-ақ судьялардың құқықтық мәртебесін
айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жүйесін құрайтын ҚР сот билігі
заңнамасымен реттеледі.
Соттардың қызметін және судьялардың мәртебесін реттейтін негізгі
құжаттар ҚР Конституциясы мен сот жүйесі туралы Конституциялық заң болып
табылады.
Судьялар институтының әлеуметтік табиғаты демократиялық және құқықтық
мемлекеттің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады. Ал демократиялық
ерекшелік – сот билігін жүзеге асыруға сауатты, жоғары білікті маманды
тартумен өлшенеді.
Профессор К.Х.Халиқов берген судья ұғымының мазмұнын толықтыра отырып,
мемлекет атынан жеке немесе алқа құрамында заңда белгіленген процесуалдық
тәртіппен сот істерін қарап, кінәсіз адамдарды жауапкершіліктен босатып, ал
кінәлі адамдарға айыптау үкімін шығаратын, қажетті жағдайда мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасын қолданатын, тәуелсіз, тек заңға ғана бағынатын биліктің
өкілі деген қорытындыға келдік.
Судьялардың басқа лауазымды адамдардан айырмашылығы, біріншіден, ол сот
жұмысында тек заңға ғана бағынуға міндетті болса, екіншіден, ол билік иесі.
Әрине заңның дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы әрбір судьяның өз пікірі
бар. Заңды түзету, өзгерту немесе күшін жою мақсатында ол басқа азаматтар
сияқты заң органдарына жүгінуге, баспасөзде сөйлеуге құқылы, бірақ сотта
істі шешу кезінде ол заңға бағынуға, оны дұрыс қолдана білуге міндетті.
Судьялардың мәртебелерінің теңдігі олардың сот төрелігін іске асырудағы
процессуалдық құқықтарының теңдігі ретінде қарастырылады. Сот төрелігін
іске асыруда барлық судьялар тең құқылы және және міндеттері де тең болады.
Олардың иммунитеттері де бірдей, мемлекет тарапынан да теңдей әлеуметтік
қамқорлықта болады.
Судьялардың құқықтық мәртебесі тақырыбын зерттей келе, олардың қазіргі
жағдайына тоқтала кеткен абзал. Қазақстанның сот ісін жүргізуде сот-
құқықтық реформалаудың жаңа кезеңі – қылмыстық істерді қарау кезінде
әділсотты жүргізу үшін алқа билер сотын енгізу мәселесі туындар отыр.
Алқа билер соты – отандық әділсот тарихындағы принципті жаңалық және
халықтың сот билігі тармағындағы жұмысқа қатысуының бірден-бір мүмкіндігі.
ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәми алқа билер соты мәселелері жөніндегі
халықаралық конференциядағы өз сөзінде: жаңа құқықтық институттың
енгізілуі қоғамда нақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік
бәтуаға келу қажеттілігінен туындап отыр. Шын мәнінде, алқа билер соты
қоғамның әділсот саласындағы өкілді органына айналуда - деп атап өтті.[8]
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің сот жүйесіне алқабилер
институты енгізілгені баршаға мәлім.
Алқа билердің қатысуымен істерді қарау – демократия қағидаларының
жарқын көрінісі. Мемлекет үшін адам құқықтары мен бостандықтары басты
құндылық болып табылса, алқа билер соты Ата Заңымызбен бекітілген осы
негізгі құндылықтарды қорғауға бағытталған. Алқа билер тиісті заңды
басшылыққа ала отырып, өзінің ішкі сенімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа
тартылған адамның кінәсі немесе кінәсіздігі туралы кесім шығаратын халық
өкілдерінің соты болып табылады.
Енді, алқа билер мүшелігіне үміткерлерге қойылатын талаптар, оларға
кепілдіктер беру тәртібіне тоқталып өтсек. Алқа билер құрамына жиырма бес
жасқа толған, сотты болмаған, наркологиялық немесе психоневрологиялық
диспансерде есепте тұрмайтын, әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылмаған
Қазақстан Республикасының азаматтары ғана алынады. Олардың қатарына
судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен
әскери қызметшілер алынбайды.
Алқа билер алқасы құрылғаннан кейін олар ант қабылдайды. Бұдан кейін
оларға төрағалық етуші құқықтар мен міндеттерін және істі қарауға
байланысты іс-әрекеттеріндегі шектеулерді түсіндіреді.
Осы арада негізгі іске қатысатын 9 алқа би ғана болады, ал екі қосалқы
алқа бидің қандай рөлі бар деген сұрақ туындауы мүмкін. Мысалы, 9 алқа
бидің біреуі аяқ астынан ауырып, ұзақ уақыт ауруханаға жатып қалған
жағдайда, не ұзақ уақытқа іс-сапарға шығып кетсе, онда қылмыстық істі
тоқтатпай, не қайтадан бастамай-ақ, сол ауырып қалған, не ұзақ уақыт іс-
сапарға кеткен алқа биді қосалқы біреуімен ауыстырып, қылмыстық істі ары
қарай жалғастыра береді. Бұның өзі қылмыстық істі созбалаңға салмай тез
бітіретіндігін көрсетеді. Ал егер негізгі 9 алқа бидің үшеуі бірдей себепті
жағдаймен қатыса алмайтын болса, онда төрағалық етуші судья өткен сот
талқылауын жарамсыз деп жариялап, сот талқылауы алқа билерді іріктеу
кезеңінен қайта басталады.
Сонымен қатар, әрбір қатысқан алқа биге көптеген кепілдіктер
қарастырылған. Атап айтқанда, қылмыстық іске қатысқан әрбір алқа биге сотқа
қатысу уақытына облыстық соттың судьясының лауазымды жалақысының жартысы
мөлшерінде, негізгі жұмыс орнының орташа жалақысынан кем емес көлемінде
сыйақы төленеді.
Алқа билердің өмірі, дүние-мүлкі мемлекеттік тұрғыда сақтандырылады.
Олардың сотқа қатысқан уақыты еңбек өтіліне кіреді. Алқа бидің міндетін
атқару кезінде оның негізгі жұмыс орны сақталып, жұмыс берушіге оны
жұмыстан шығаруға не төменгі жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Лауазымды
тұлға алқа биге талапкердің міндетін атқаруына кедергі келтірсе, заңнамада
оларға қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Бір сөзбен айтқанда, алқа билердің сот істеріне қатысуы —
Конституцияда көрсетілген соттардың адам тағдырын шешудегі және
азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудағы қызметінің халық
ортасында әділдіктің, заңдылықтың үстемдігін паш етуінің айқын көрінісі
болмақ. Қылмыстық істерді алқа билердің қатысуымен қарау сот жүйесін
реформалауда қол жеткен жетістіктердің маңыздысы деп түсіну керек.
Қорыта айтқанда, алқа билердің қылмыстық сот үдерісіне қатысуы
қылмыстық істер бойынша адам тағдырын жан-жақты зерттеп, зерделеп, әділ
шешім шығаруға өзіндік үлесін қосатыны сөзсіз. Алқа билердің әділдікті
орнатудағы бірден бір қаруы - ұшқыр таза ой, өмірлік білім мен тәжірибе
болғандықтан, осы институт сот төрелігін әділеттіліктің шыңына жеткізеді
деп сенеміз.

1.2 СУДЬЯЛАРҒА ӨКІЛЕТТІКТЕРДІ БЕРУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР

Қазіргі таңда сот билігін іріктеуде заң мамандығын игерген тұлғалар мен
жоғарғы заң оқу орындарын бітірушілердің судьяға заңмен қойылатын
міндеттерді қаншалықты атқара алатындығын зерттеген жөн.
Заңда белгіленген судья өкілеттігінің ауқымы мен сипаты судьялыққа
үміткерлерге қойылатын талаптардың жоғарылығын айғақтайды. Сот кадрларының,
сондай-ақ судьялардың арнайы дайындықтан өтуі, кәсіби деңгейінің дәрежесін
іріктеу мәселелері мемлекеттік деңгейге көтерілді және бұл туралы Президент
те бірнеше рет айтып өтті.
Судья қызметіне кандидаттарға тегіне, әлеуметтік және мүліктік
жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататындығына, жынысына, саяси
көзқарасына, діни нанымына және өзге де мән-жайларына қарамастан тең құқық
қамтамасыз етіледі.
Судья заң білімін игерген және оны белгілі бір жағдайда қолданатын
тұлға ғана емес, сондай-ақ, ол сот билігін жүзеге асыратын басшы,
ұйымдастырушы болып табылады. Жаңа кезеңдегі басшыға қойылатын талаптар тек
қана жоғары-ғылыми білгірлігі ғана емес, сонымен қатар басшы мінез-құлқының
тұлғалық қасиеті де ескеріледі.
Судья кадрларын ғылыми негіздеп іріктеу бірнеше кезеңдерден тұруы
керек.
Бірінші кезеңде кәсіби бағдар мен кәсіби іріктеу жүргізуге негіз
болатын тұлғаның психикалық сапасына қойылатын талаптардың қысқаша
жиынтығын қарастырған жөн. Бұл сот кадрларының кәсіби бағдары мен
іріктелуіне байланысты мәселелерде пайдаланылуы мүмкін. Басқа да
мамандықтар сияқты судья кәсібіне қолданылатын талаптар туралы мәселенің
қойылуы орынды. Ал, іріктеу туралы айтатын болсақ, ол судьяның мәртебесін
шешу үшін негіз беретін ерекше жол.
Екінші кезеңде, болашақ судьяның кәсіби қызметінің нәтижелілігін
қамтамасыз етуге кепіл бола алатын құқықтық және психологиялық өлшемдер
қарастырылады. Судья болуға жарамдылық өлшемі обьективті немесе субьективті
сипатқа ие болады. Олардың біріншісі өзгеруге бейім, ал екіншісі тұлғаның
жеке психологиялық түсінігімен байланысты.
Үшінші кезеңде, судьялыққа үміткердің қасиеттерін және судья міндетін
орындау үшін қажетті талаптар жиынтығын қарастырамыз. Бұған судьялыққа
үміткерлер туралы алдын ала ақпарат жинау, олардың қызметінің табыстылығы,
заң қызметіне бейімділігі, заң мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі немесе
жоғары заң оқу орындарындағы үлгерімін сипаттайтын мәліметтер жөніндегі
ақпараттар кіреді.
Судьяның қоғамдағы ерекше әлеуметтік және құқықтық мәртебесін ескерсек,
судья болу үшін тек қана жоғары заң білімі мен екі жыл қызмет істеуі,
мүлтіксіз өмірбаяны аздық ететінін уақыттың өзі айқындады. Тағылымдамадан
өту кезінде үміткер өзінің судья мантиясын киюге лайық екендігін сезініп,
оған психологиялық, кәсіби және моральдық даярлығы әбден пісіп жетілуі
керек.
Сондықтан да қазіргі қолданылып жүрген заңға судьялыққа кандидаттарға
қойылытын талаптарға: мемлекеттік тілді жетік меңгерген, 30 жастан асқан,
сот магистратурасын бітіргендер деген қосымша енгізілуі керек.
Күнделікті өмірде жиі кездесетін әр түрлі даулы мәселелер бойынша
қарапайым көпшілікпен етене жақын жұмыс жасайтын, сот билігін жүзеге
асыратын судьялар. Олардың бай өмір тәжірибесі мен мемлекеттік тілде
сөйлеп, бұқара халыққа өз қызметін толық түсіндіре, көрсете білуі олардың
басты міндеті. Көпшіліктің сын садағына ұшырап қалмас үшін судья өз
міндетіне адал, жауапкершілікті жете сезінетінін, ең бастысы әділ болуы
тиіс.
Судьялыққа тағайындау үшін қолданыстағы заңда көрсетілген шарттарды
дұрыс орындау міндеті болып табылады. Бірақ, мына жағдайға назар аудару
керек, судьяларға олардың соттағы қызметінің бір сипатта болуына
қарамастан, сот тергеуінде төрелік ете білуі ескерілуі тиіс. Соған
қарамастан, заң бірыңғай талаптар қояды. Сот әділдігін жүзеге асыруда судья
тең құқықтарға ие болады. Алайда, бұл қызметтегі және сот әділдігін жүзеге
асырудағы олардың рөлі бірдей емес, әсіресе сот құрамындағы судья мен
төрелік етуші судьяның рөлдерін бірдей дей алмаймыз.
Сот төрелігін әділ жүзеге асыру үшін ғылыми даярлығы жеткілікті, мол
тәжірибесі бар, жоғары білікті судьялардың болғаны дұрыс. Қазіргі кезде
жоғары заңгерлік білім алуды қамтамасыз ететін оқу орындары өте көп,
алайда, мамандар даярлау сапасы ойдағыдай емес. Бұл шұғыл шешімін талап
ететін мәселе.[9]
Қоғам дамуының жоғары деңгейі, ғылыми-техникалық ілгерілеу кадрлар
дайындау және олардың кәсіби шеберлігін шыңдайтын жүйеге ерекше талап қойып
отыр.
Қазақстан Республикасы Президенті тарапынан да сот кадрларын даярлау
мәселесіне, олардың шыңдалуы мен кәсіби әзірлігін жақсарту қажеттілігіне
үнемі көңіл бөлініп отыр.
Судьялардың кәсіби даярлығын жақсарту мәселелеріне көңіл аудару
кездейсоқ мәселе емес. Сот кадрларының арнайы даярлығының қазіргі жағдай
талаптарына сәйкес болуы, кәсіби білгірлігінің жоғары деңгейде болуы – сот
әділдігі деңгейінің өлшемі болып табылады.
Судьялардың кәсіптік даярлығының сапасын да үнемі арттыру қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот академиясы мен әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болашақ судьяларды дайындайтын
оқу магистратурасын құру Президенттің Қазақстан халқына 2004 жылға арналған
Жолдауынан туындайтын айқын мәселелердің бірі.[10] Осы оқу орнын
бітіргендер ғана конкурстық негізде, судьялар қатарына бірден-бір үміткер
болғаны дұрыс.
Сот төрелігін арнайы даярлықтан өткен адамдардың неғұрлым білікті
атқаруы демократиялық негіздерді бәсеңдетпейді, керісінше, күшейтіп,
тереңдете түседі. Жалпы айтқанда, негізінен сотты мүлтіксіз жүргізу,
білместіктен қайсыбір қателікке ұрынбау және заңның бұрмаланбауы үшін,
судья – тәжірибелі, адамдық қарым-қатынаста талғамды, ойлы, салауатты,
білімді, турашыл және ізгілікті болуы қажет.
Судья қызметінің басқа заң кәсіптерінен ерекшелігі сол, ол тек шешімдер
қабылдауға байланысты ғана емес, сондай-ақ істі дұрыс қарауға, маңызды
жәйттерге зерттеу жүргізуге, оған тиісті баға беруге және іс бойынша
түпкілікті шешім шығаруға міндетті. Істі жан-жақты әрі толыққанды қарау
үшін маңызды жағдайларға зерттеу жүргізу, оған тиісті баға беру барысында
судьяда ойлау қабілеттілігі қалыптасады. Зерттеу жүргізуге сот ісін дұрыс
шешу үшін деректер беру, оны тиісті бағалау және дұрыс шешу қабілеттілігі
судьяның құқықтық терең білімділігін және ойлау мәселелерін дұрыс шеше
білу мектеп пен жоғарғы оқу орындарында күрделі тапсырмаларды шешу
дағдысының болуынан деп есептеу керек.
Судьялардың кәсіби шеберлігін арттырудың маңызды көзі судья мамандығын
көтеру жөніндегі дәрістер мен қайта даярлау курстарындағы оқу болып
табылады.
Судьялардың қызметін жетілдіру үшін жаңа ақпарат алудың маңызы, ол тек
жаңалыққа қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етумен шектелмей, сонымен
қатар сот зерттеуіне қатысушы және ұйымдастырушы ретінде судьяға қажетті
рухани сілкініс сезімін қалыптастырады.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес, судья тұлғасының қалыптасуы оған
үміткерлер мен тағайындалған судьялар үшін қажет бірнеше сатылардан тұратын
(жоғары оқу орыны, магистратура, сыннан өту, өздігінен даярлану, қайта
даярлану) кәсіби әзірліктен өтеді.
ҚР-ның 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132-11 ҚР-ның сот жүйесі мен
судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңының (бұдан әрі –
Конституциялық заң) 28-бабында көзделгендей, судья:
1. ҚР-ның Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға,
судьяның антына адал болуға;
2. сот төрелігін іске асыру жөніндегі өзінің конституциялық
міндетін орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-
қатынаста судья әдебі талаптарын сақтауға және судьяның беделі
мен қадір-қасиетін түсіретін немесе оның адалдығына,
әділдігіне, объективтілігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын
барлық нәрседен аулақ болуға;
3. сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және сот
төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласу
әрекеттеріне қарсы тұруға;
4. судьялар кеңесінің құпиясын сақтауға міндетті.
Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге
шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге да ақы төленетін жұмысты
атқарумен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен, коммерциялық ұйымның басшы
органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
Судьялар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайды, қандай да бір
саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайды.
Осы көрсетілген аса жоғары талаптарға байланысты, Алматы облыстық және
аудандық (қалалық) соттар тәжірибесінен төмендегі мысалды келтіре кетуге
болады.
1999 жылы Алматы облысының аудандық (қалалық) соттарында шешім шығару
жолымен барлығы 10804 азаматтық іс қаралған. Ал облыстық сотқа кассациялық
сатыда қарау үшін 536 іс келіп түсіп, істерді қараудың нәтижесінде 152 сот
шешімдері бұзылып, 44 сот шешімі өзгерген (тиісінше 28,35 және 8,2 пайыз).
Азаматтық істерді бақылау тәртібімен қараған кезде 236 сот шешімі бұзылып,
119 сот шешімі өзгерген.
Сот шешімдерінің бұзылуы мен өзгеруіне судьялардың теориялық
дайындықтарының төмен болғандығы, тәжірибелерінің аздығы, материалды және
іс жүргізу заңдарының талаптарын сақтамау сияқты жағдайлар себеп болды.
Осы 1999 жылы Алматы облыстық сотында кассациялық сатыда 1249 адамдар
жөнінде үкімдер қаралып, 149 соттаушылар жөнінде үкімдер күштерін жойып,
259 адамдар жөніндегі үкімдер өзгертілген (қаралған істердің тиісінше 11,92
және 20,73 пайызы).
Үкімдер күшінің жойылуы мен өзгеруіне жазаның мөлшері мен түрінің
жасалған қылмыстың ауырлығына сай келмейтіндігі, қылмыстардың дұрыс
дәрежеленбеуі (сараланбауы) қылмысты оқиға барысының біржақты, шалағай,
немқұрайды тексерілуі, жиналған дәлелдерге әділетті баға бермеу сияқты
субъективті жағдайлар себеп болған.
Сот әділдігін жүзеге асыруда жіберілген мұндай кемшіліктер судьялардың
жеке бастарының қасиеттерімен тікелей байланысты екенін айта кеткен абзал.
Жоғарыда келтірілген цифрлар ҚРсоттарының сот төрелігін жүзеге асыру
кезінде заңдылықтың сақталуы және істерді қараудың сапасы жөніндегі жалпы
жағдайына тән көріністер. Әдетте, материалдық заңды қолданбау, материалдағы
істерге қорытындылаудың сәйкес келмеуі, фактілерді зерттеудің жартыкештігі,
істің жағдаяттары, іс жүргізу қағидаларының бұзылуы және басқа себептер сот
қаулыларының күшінің жойылуына немесе олардың өзгертілуіне негіз болады.
ҚР Конституциясына сәйкес судьялар сот төрелігін жүргізген кезде
ешкімнің де алдында есеп бермейді. Олар қаралған немесе өндірісте жатқан
істер жөнінде қандай да бір түсініктер беруге, заңда көзделген жағдайлар
мен тәртіп ретінде болмаса, ол істерді танысу үшін әлдекімдерге беруге
міндетті емес. Егер судья сауатты және аса тәжірибелі болса, онда
Конституцияның бұл ережесінің іске пайдасы тиеді, яғни сот қызметіне
араласу болмайды. Егер судьяның білімі жеткіліксіз болса, онда сот
процесінің нәтижесі күткендегідей болмайды.[11]
Осы талаптардың судья рөлінің айрықша маңыздылығын мен жауаптылығын
айғақтайтыны өзінен-өзі түсінікті.
Істің мәнін жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз
етуде, оны дұрыс, заңды, әділ шешу үшін судьяның жеке басы бұл іске мүдделі
болмауы керек.[12]
ҚР Конституциясының қағидаларына сәйкес, сот құрылысында барлық
деңгейдегі судьялар айрықша орын алады, өйткені судья – ол ҚР-дағы сот
билігінің өкілі. Ол Конституциялық тәртіппен сот төрелігін жүзеге асыру
және өзінің міндеттерін кәсіби негізде орындау өкілеттіктеріне ие.
Объективті және байыпты сот ісін жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында
судьяларға белгілі бір талаптар қойылады:
- судья кез келген деңгейдегі өкілетті органның депутаты
лауазымын қоса атқара алмайды, бұл талап биліктердің
бөліну қағидасына сәйкес келеді;
- судья партияларға, кәсіптік одақтарға кіруге, қандай да
бір партияны қолдауға немесе оған қарсы сөз сөйлеуге тиіс
емес, өйткені мұндай жағдайды ол амалсыздан Конституцияны
және басқа заңдарды емес, өзі мүше партиялар мен
қозғалыстардың идеяларын басшылыққа алады;
- судьялардың қандай да бір партияға материалдық қолдау
көрсетуіне, жиналыстарға, митингілерге, көше шерулеріне,
демонстрацияларға немесе пикеттерге қатысуына да жол
берілмейді;
- судья Конституцияны мүлтіксіз сақтауға, азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды
мүдделерін қорғауға міндетті;
- судья өз міндеттерін атқару үстінде, сондай-ақ қызметтен
тыс қарым-қатынастарда сот төрелігінің беделіне, судьяның
қадір-қасиетіне дақ түсіретін немесе оның әділеттілігі мен
бейтараптылығына күмән туғызуы ықтимал барлық нәрселерден
аулақ болуы керек;
- сот төрелігін іске асыру жөніндегі өз қызметіне кез келген
заңсыз араласудың кез келген әрекеттеріне қарсы тұруы
қажет;
- соттар кеңестерінің және жабық сот мәжілістері өткізіліген
кезінде алынған мәліметтердің құпиясын сақтау керек.
Осы жоғарыда аталғандардың барлығы – мемлекетіміздің судьяларына
қойылатын басты талаптар. Әрбір судья өз өкілеттігін тек заң негізінде және
заңға сәйкес әділ, шынайы атқаруы тиіс. Бұндай талап әрдайым орындалса,
олардың абыройын көтеріп, беделін арттырып, кәсіби деңгейінің жоғарғы
дәрежеде екендігін көрсетері сөзсіз.

Судьяларға өкілеттік беру тәртібі және судьялыққа үміткерлерге
қойылатын нақты талаптар

Қазіргі судьялардың арнайы біліміне, кәсіби даярлығы мен тәжірибесіне,
сондай-ақ адамгершілік сапасына қойылатын талап өте жоғары деңгейде болуы
тиіс. Сондықтан қолданылып жүрген заңға сәйкес, 25 жасқа толған, жоғары заң
білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша кемінде 2 жыл
жұмыс стажы бар, Әділет біліктілік алқасында немесе мамандандырылған
магистратурада біліктілік емтиханын тапсырған, медициналық куәландырудан
өткен және судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін
ауруларының жоқтығын растаған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және
соттың жалпы отырысының оң пікірін алған Қазақстан Республикасының азаматы
аудандық соттың судьясы болып тағайындалуы мүмкін. Мамандандырылған
магистратураны оқып бітірген адамдарға тағылымдамадан өту талап етілмейді.
Ал жоғарыда көрсетілген талаптарға жауап беретін, заң мамандығы бойынша
кемінде он жыл жұмыс стажы бар, соның ішінде, әдетте, кемінде 5 жыл
судья болған азамат облыстық соттың судьясы бола алады, ал заң мамандығы
бойынша кемінде 15 жыл жұмыс стажы бар, оның ішінде кемінде 10 жыл судья
болған азамат Жоғарғы Соттың судьясы бола алады.[13] Осыған қосымша ретінде
сот магистратурасын бітіргендер деген толықтыру заңға енгізілсе дейміз.
Судьялыққа үміткерлердің тағылымдамадан өту шарты мен тәртібі ҚР
Президенті бекітетін Ережеде айқындалады.
Судья лауазымына үміткердің судьяның кәсіби міндеттерін атқаруға
кедергі келтіретін ауруларының жоқтығын растау үшін оған медициналық
куәландыру жүргізіледі.
Судьяның кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі келтіретін аурулардың
тізбесі жергілікті соттарды ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз
етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның және денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісімен
белгіленеді.
Осылайша, заңда азаматтықпен қатар, жас, білім, кәсіпқойлық және
моральдық шек қойылады. Бұл жеткілікті теориялық білім мен практикалық
тәжірибенің болуымен қатар, жылдар бойы жинақталатын адамгершілік тазалықты
талап ететін сот қызметінің өзгешелігіне байланысты. Судья ұқыпты әрі
тәрбиелі адам, биязы мінезді, барлық жағдайларда да өзін-өзі ұстай білуге
тиіс. Шыдамсыздық, ашуланшақтық, тараптарды және басқа да процеске
қатысушыларды төзіммен тыңдай білмеу төрелік шешімдердің адал шығарылуына
кедергі келтіреді. Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаттарына
сәйкес сот лауазымына үміткерлердің жоғары моральдық қасиеті мен қабілеті
болуға тиіс.
Судьялар сот билігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға болып табылады.
Сондықтан, судьялар адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық
ұйымдардың, мемлекеттік органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды, ҚР Конституциясы мен заңдарын, ережелерін, мемлекеттің
халықаралық шарттарын орындауды жүзеге асыратын лауазымды тұлға деп
қараймыз.
Судья лауазымына сайлау және тағайындау ҚР Конституциясының 82-бабының
1,2,3-тармақтарында және Конституциялық заңмен белгіленген.
Кеңес дәуіріндегі Қазақ ССР-інің аудандық (қалалық) халық соттарын
сайлау туралы Ережеге[14] сәйкес, халық соттарының судьялары болу үшін: заң
білімі бар, жасы 25-ке толған азаматты жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл
мерзімге сайлайтын. 1989 жылғы құқықтық реформадан кейін судьялардың
лауазымын атқару мерзімі 10 жылға дейін ұзартылды.[15] Бұл институт
демократиялық қағидалардың негізі болып келді. Жалпы судьяларды сайлау
институты Батыс Европа ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы буржуазиялық идеологиясының
ағартушылық, демократиялық, теңдік, бостандық және тағы басқа қағидаларымен
бірге келді. Осы уақыттарда сотты ұйымдастыру қағидалары мен сот
өндірісінде: баршаның сот алдындағы теңдігі, алқалы заседательдер сотын
құру, жариялылық, кінәсіздік презумпциясы, судьяларды тағайындап қойылуы
институттары демократиялық ағартушылық қозғалысы нәтижесінде пайда болып
қалыптастырылды.
Судья сот төрелігін атқарған уақытта ешкімге тәуелді болмайтындығын
және ешқандай органның алдында есеп беруге тиісті емес деген қағидаға
сүйене отырып, сотты Республика елбасымен тағайындау институын енгізуді
жөн көрдік. Демек, түпкі мақсат – судьяны Президентпен тағайындау
судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету болды.
Конституциялық заңының 30-бабының 1-тармақшасында көрсетілгендей:
Судья қызметіне кандидаттардың тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына,
қай нәсілге және ұлтқа жататындығына, жынысына, саяси көзқарасына, діни
нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан тең құқық қамтамасыз
етіледі[16], - делінген.
Конституциялық заң судьялардың құқықтық мәртебесін және сот жүйесін
жаңаша бекітіп, Жоғарғы Сот Төрағасының және жергілікті соттар
төрағаларының өкілеттігін кеңейтті. Бұрын соттарды қажетті кадрлармен
қамтамасыз ету басқа саланың - Әділет министрлігінің міндеті болатын. Енді
Конституциялық заң бойынша судьялық қызметке үміткерлерді іріктеуге
соттардың жалпы отырысы арқылы судьялар да тікелей қатысып, бұл мәселе енді
қауымдасып шешілетін болды. Бұл әділдіктің арашашысы – қазылық қызметіне
кездейсоқ адамдардың кіріп кетпеуіне үлкен тосқауыл болды. Өйткені,
ұсынылып отырған үміткердің сол орынға лайықты-лайықсыздығы былайғы
судьяларға бесенеден белгілі.[17]
1. Аудандық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандидат іріктеуді
Конституциялық заңның 29-бабының 1-тармағының талаптарына сай келетін
адамдар, сондай-ақ судья қызметінің бос орнына орналасуға өтініш берген,
қызмет істеп жүрген судьялардың арасынан конкурстық негізде Әділет
біліктілік алқасы жүзеге асырады. Аудандық сот төрағасы лауазымының бос
орнына кандидатураларды Жоғары Сот Төрағасы тиісті облыстық соттың жалпы
отырысының оң қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Әділет
біліктілік алқасы қарайды. Әділет біліктілік алқасы аудандық сот төрағасы
немесе судьясы қызметінің бос орнына кандидатты Әділет министріне ұсынады,
ол заңда белгіленген тәртіппен оны қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне
ұсынады.[18] Аудандық соттардың төрағаларын, судьясын Әділет біліктілік
алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша ҚР-
ның Президенті 5 жыл мерзімге тағайындайды.
2. Облыстық сот судьясы қызметіне кандидат іріктеуді бос қызмет орнында
жұмыс істеуге өтініш берген және осы Конституциялық заңның 20-бабының 2-
тармағының талаптарына сәйкес келетін адамдар арасынан конкурстық негізде
Жоғары Сот Кеңесі жүзеге асырады. Жоғары Сот Кеңесі конкурстың қорытындысы
бойынша облыстық соттың судьясы қызметінің бос орнына кандидатты қызметке
тағайындау үшін ҚР Президентіне ұсынады. Ал облыстық сот төрағасы және оның
алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатураны Жоғары Сот Төрағасы
Жоғары Соттың жалпы отырысының оң қорытындысын ескере отырып енгізген
ұсыныс бойынша Жоғары Сот Кеңесі қарайды.[19] Жоғары Сот Кеңесі облыстық
сот төрағасы және оның алқасының төрағасы қызметінің бос орнына кандидатты
қызметке тағайындау үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады. Облыстық соттың
судьясын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-ның Президенті
тағайындайды. Облыстық соттардың төрағалары мен алқаларының төрағаларын
Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша ҚР-ның Президенті бес жыл мерзімге
тағайындайды.
3. Жоғары Сот алқасының төрағасы және судьясы қызметінің бос орнына
кандидатураны Жоғары Соттың Төрағасы Жоғары Соттың жалпы отырысының оң
қорытындысын ескере отырып енгізген ұсыныс бойынша Жоғары Сот Кеңесі
қарайды. Жоғары Сот Төрағасы қызметіне кандидатураны Жоғары Сот Кеңесі
қарайды. Жоғары Сот Кеңесі Жоғары Соттың Төрағасы, алқа төрағасы және
судьясы қызметінің бос орнына кандидатураны ҚР Парламентінің Сенатына
ұсынуы үшін ҚР-ның Президентіне ұсынады. Ал Президент бұл ұсынылған
адамдарды қызметіне сайлау үшін Сенатқа ұсынады. ҚР Жоғары Сотының
судьяларын ҚР Президентінің Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген
ұсынуы бойынша Сенат сайлайды. Жоғары Соттың Төрағасы мен осы соттың
алқаларының төрағаларын ҚР Президентінің ұсынуы бойынша тиісті қызметтерге
5 жыл мерзімге Сенат сайлайды.
Сенаттың регламентінде Жоғарғы Сотты сайлаудың және оның мүшелерін
лауазымдарынан босатудың мынандай тәртібі белгілінген: Республика
Президенті палатаға тиісті жазбаша ұсыныс енгізеді. Соның нәтижесінде
тисіті мәселені күн тәртібіне енгігу туралы шешімі қабылданады. Сенат
отырысында мәселені қарау кезінде лауазымға сайлау үшін кандидатураны
Президент немесе ол уәкілдік берген адам ұсынады. Сенат отырысында
кандидатқа және кандидатты ұсынған адамға сұрақтар қойылуы, депутаттарға
ұсынылған кандидатты жақтайтыны немесе қарсы екені туралы пікірлер
айтылуы мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы судья мәртебесінің өзекті проблемалары
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
Сот жүйесінің даму мәселелері
Сот билігі және судьялар
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздері
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтарын қорғаудағы сот билігінің маңызы мен ролі
Қазақстанның сот жүйесінің құрылу тәртібі мен мәселелерін анықтау
Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі мен сот жүйесінің ерекшеліктері
Пәндер