Ұлыбританияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
география факультеті
туризм мамандығы
СӨЖ
Тақырыбы: Ұлыбританияның негізгі туристік орталықтарына сипаттама
Тексерген: Алиева Ж. Н.
Орындаған: Қанат Айнур
Халықаралық туризм 1 топ
Алматы 2010
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі 4 ірі аймақтан тұрады: Англия, Шотландия, Уэльс және Солтүстік Ирландия(Ольстер) . Дәстүрде бұл елді Ұлыбритания немесе Англия деп атайды. XXI ғасырдың аяғына дейін Ұлыбритания дүниежүзілік шаруашылықта үстем болды. Мұның себебі бұл ел капитализмнің отаны, өнеркәсіп революциясы неғұрлым ерте болған ел болғандығында еді. Ол кемел индустриалды ядролық держава, шетке мол капитал шығарушы ел, Достастықты құрушы және үйлестіруші ел. Достық - Ұлыбритания мен оның бұрынғы отарларының арасындағы қауымдастықтың өзінше бір үлгідегі формасы.
Мемлекеттік құрылысы: заң шығарушы билігі парламенттің қолында, мемлекет басында монарх(Королева) . Монарх пермьер-министрді сайлайды. Парламент екі палатадан тұрады: жоғарғы палата- лордтар( сайланбайтын), төменгі палата- қоғам.
Табиғат жағдайы: Елдің ауданы 244, 1 мың км2. Климат жағдайы алуан түрлі. Жалпақ жапырақты орман белдеуінің, өзен торының көп болуы әсіресе түсетін жауын шашынға байланысты.
Пайдалы қазбалары: мұнай, табиғи газ, тас көмір.
Халқы : 58, 59 млн. адам. Халқы - жоғары тығыз қоныстанған ел. Халықтың ұдайы өсуінің 1 типі, ер адамдар жасының ұзақтығы 74, 4 жыл, әйел адамдар жасының ұзақтығы- 79, 7 жыл. Урбандалу деңгейі өте жоғары(89 %) . Ең ірі Шеффилд, Глазго, Лондон, Манчестер, Лидс, Бирмингем, Ньюкасл, Ливерпуль агломерациялары қалыптасқан.
Діні: протестанттар 57%, рим католиктері 13%.
Ұлыбританияның туризмі : Ұлыбританияның басқа елдермен байланысы 2 дүниежүзілік соғысқа дейін болды, тіпті ол кезде ағылшын колониясымен доминиондар әлемнің ¼ бөлігін жаулап алған. Ұлыбританияның жоғары танымалдылығы мен әлемнің туристік нарығында көрінуі келесі себептерге байланысты болып келеді:
- Негізгі халықтың өмір суру деңгейінің жоғарылығы
- Ағылшын тілінің әлем бойынша таралуы
- Табиғи, мәдени және тарихи ескерткіштердің әртүрлілігі
- Білім алудың жоғары сапалылығы
- Туристік орталықтардың бір - біріне жақын орналасуы.
2008 жылы Ұлыбритания 30, 2 млн шетел туристерін қабылдап, одан түскен 36 млрд доллар табыс көлемімен әлем елдерінің ішінде 6 орынға ие болды. 2009 жылы өзгеріс болды, себебі әлемдік дағдарысқа байланысты келуші туристер саны 28, 88 млн адам болды, бірақ қызығы шығу туризмі бойынша 52, 84 млн адамға көбейген. Көбінесе бұл елге АҚШ, Франция, Германия, Ирландия мемлекетінен және Нидерланды мемлекетінен туристер ағымы көп болып келеді.
Лондон- Ұлыбританияның астанасы. Өте көне қала, б. з 43 жылы Темзаның солтүстік жағалауында римдіктермен құрылған. Өзінің әртүрлілігімен және көрікті жерлерінің байлығының арқасында жылына 20 млн туристі қаблыдайды. Лондонда 2 негізгі орталық бар: Сити- астананың іскерлік және қаржылық бөлігі, Вестминстер- парламент іс-әрекетімен патша салттарымен тығыз байланысты. Және де қаланың батыс бөлігі Вест- Энд және шығыс бөлігі Ист- Энд болып бөлінеді. Вест-Энд - көңіл көтеру ауданы, мұнда қымбат ресторан, түнгі клубтар бар, ал Ист - Энд - жұмысты аудан. Лондон қаласының туристік нысандары: London eye колесо обозрения-
«Лондон көзі» атты аттракционы әлемдегі ең үлкен болып саналады. Оның жалпы биіктігі- 135 метр. Инженерлері Дэвид Маркс пен Джулия Барфилдтің жұмысы бойынша мұнда 32 жолаушы отыратын кабинкалары бар. Айналу жылдамдығы 1, 6 км/сағ., толық бір айналу үшін 30 минут уақыт кетеді. 1999 жылы ашылды, 2000 жылы іске қосылды.
Биг- Бен- Лондондағы қоңыраулы мұнара. Вестминстер сарайының архитектуралық кешенінің бір бөлігі. Негізінен Биг- Бен ғимарат және қоңырауы бар сағат. Қоңыраудың салмағы- 13 тонна. 1858 жылы құрылған.
Мұнараның ұзындығы- 61 метр. Сағат жерден 55 метр биіктікте орналасқан. Циферблат диаметрі 7 метр ал бағыттың ұзындықтары 2, 7 және 4, 2 метр. Көп уақыт бойы бұл сағат әлемдегі ең үлкен сағат болып есептелінген. Биг-Бен Ұлыбританияның танымал символдарының бірі, ол жарнама мен кинофильмдерде көп қолданылады.
Вестминстерлық сарай- Темзаның жағалауында орналасқан ғимарат. Мұнда Британ парламентінің отырыстары өткізіліп тұрады. Сарайда 1200 бөлме, 100 баспалдақ, 5 километр коридор бар.
Трафальгар алаңы- Лондонның ең басты алаңы, алаңның дәл ортасында 50 метрлік Нельсон адмиралының колоннасы бар. Ол атақты Трафальгар соғысының көрінісін еске түсіреді. Мұнда саясаттық митингтер, демонстрациялар және де Жаңа жыл тойланады.
Лондонның мәдени нысандарына келетін болсақ, ол ерекше көңілден шығады. Мұнда 80 ге жуық театр, 30 дан аса галерея мен мұражай бар.
Британдық мұражай- Ұлыбританияның ең басты тарихи мұражайы мен әлемдегі ірі мұражайлардың бірі. Ол 1753 жылы құрылды, 1759 жылы жұмыс істей бастады. Бастапқыда ежелгі Египеттен, ежелгі Грекиядан және Ассириядан жиналған экспонаттар болды. Негізінде осы мұражайда атақты Розеттық тас пен Порленд вазасы сақтаулы. Сонымен қатар антикалық, орта ғасырға және жаңа ғасырға байланысты көптеген гравюр, медаль, сурет, тиын және кітаптар бар. Және де мұражайда кітапхана оқу залымен бірге бар. Онда 7 млн кітап басылымы, 105 мың қолжазба, 100 мың хартия мен мақтау қағаздар
ы және 3 мыңнан жоғары папирустар бар. Бұл мұражайға кіру тегін.
Лондонда - парктер мен скверлер, бақтар көп. Ол Европадағы жасыл астаналардың бірі болып саналады. Шетел туристерін көбінесе Гайд-парк, Риджентс -парк, Ричмонд парк, Сент-Джеймстық парктер қызықтырады. Ричмонд парк еліктерімен қызықтырады, ал Сент - Джеймстық паркте суда жүзетін ерекше құстар бар, мысалы пеликандар. Ал Гайд- парктің ерекше нысаны ол Серпентайн көлі, мұнда шомылуға рұқсат етілген және аттас галереясы бар.
Оксфорд қаласы- бүкіл әлемдік танымал университеттік қала, ол XII ғасырда құрылған. Оксфордтық университет халықаралық білім беру және де зерттеу орталығы ретінде танылады. Университеттің құрамына 39 колледж кіреді. Университеттің деңгейі оны оқып бітірген адамдардың деңгейімен анықталады. Мысалы: Роджер Бекон, Оскар Уальд, Джон Донн, сэр Кристофер Врен, Самуэль Джонсон, Гарольд Макмиллан, Грэхем Грин, Джонатан Свифт, Адам Смит, Перси Шелли, Льюис Кэрролл, Д. Р. Р. Толкиен. 1920 жылға дейін айел адамдарына бұл университетте оқуға рұқсат етілмеген. Сонда да әлемге танымал Индира Ганди мен Маргарет Тэтчер осы университетте оқыған.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz