Балалар әлемі интернет-дүкенің құру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
Интернет-технологиялар қазіргі заманда компьютерде ақпаратты тасымалдау мен өңдеу аймағындағы дамып келе жатқан қолайлы мүмкіндік болып табылады. Осы бағытта пайдаланылатын қолданбалы бағдарламалар саны күннен күнге артуда. Интернет бұл - әр түрлі ақпарат көздеріне қолайлы жол, мысалы, өз алдына оқу, интернет-дүкендер, интернет-банкинг және басқалар. Бұл қосымшалар желілік компьютерлер технологияларына негізделген. Қолданушылардың интерактивті байланысын қамтамасыз етеді. Интернет - қосымшаларды жасау ақпаратты технологиялар облысындағы мамандардың кәсіби тәжірибиелерінің ажырамас бөлігі.
Ақпараттық ағымдармен толық қамтамасыз болу үшін, жобаларды тез және тиімді жасауға мүмкіндік беретін заманға сай технологиялық шешімдерді қолдану керек [1] .
Диплом жұмысының өзектілігі тауарды не қызметті жарнамалайтын, сатып алуға тапсырыстарды қабылдайтын, пайдаланушыға есеп айырысу нұсқасын таңдауды ұсынатын CMS Joomla ортасында «Балалар әлемі» интернет дүкенін құру.
Диплом жұмысымның мақсаты - Интернетте программалау технологиясын зерттей отырып интерактивті сайт құру.
Диплом жұмысының міндеттері қазіргі кезде қолданылатын интернет технологияларды, Web-мәліметтер қорын құрудың клиент-серверлік технологиясын және басқару принциптерін үйрену, Apache web-серверінің атқаратын қызметтерін, интернет дүкеннің жұмыс істеу механизмін зерттеу, интернетте программалау принциптерін меңгеру.
Мәселенің қазіргі жағдайдағы деңгейін бағалау CMS Joomla ортасы мен MySQL МҚБЖ ұштастырып, web-қосымшасының клиенттік және администраторлық бөлімдері жасалып, әрбір бөлімнің атқаратын қызметтері қарастырылды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері - оқу процесіндегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы материалдар, қашықтықта мәліметтер қорын жобалаудың теориялық негіздері туралы оқулықтар, материалдар, электронды басылымдарды басшылыққа алу.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығы: қосымша PHP, MySQL жинақтары біріктірілген CMS Joomla ортасында жасалған. Ұсынылып отырылған web-қосымша интернетте балаларға арналған заттарды сататын, тапсырыс қабылдайтын дүкен болып табылады. Бағдарламада жасалған өнімді интернеттегі белгілі бір хостингке тіркеп, коммерциялық мақсатта қолдануға болады. Web-қосымша бағдарламасы интернетте кез келген қолданушыға қажетті балаларға арналған заттарды сатып алуына қолданылатын web-дүкен қызметін атқарады. Осы қосымшаны балаларға арналған дүкендерінде қолдануға болады.
Теориялық бөлім 3 тараудан кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. Бірінші тарауда интернет дүкендер туралы теориялық мағлұматтар қарастырылған. Екінші тарауда қосымша құруға қолданылған РНР программалау тілі туралы негізгі мағлұматтар, MySQL МҚБЖ жөнінде және оның phpmyadmin утилитасы жөнінде, CMS Joomla MySQL арқылы мәліметтер қорын басқару және HTML гипермәтіндік тілінің негізгі тегтері мен форма элементтері туралы мағлұматтар қарастырылған. Үшінші тарауда дипломдық жұмыстың практикалық бөлімінде құрылған web-қосымшаға сипаттама жазылған.
1 Интернеттің ұйымдастырылуы
1. 1 Интернет негізгі түсініктері
Интернет - біріктірілген желілер (interconnected networks) терминінен пайда болады, яғни техникалық мағынада үлкен және кіші желелердің ауқымды түрде біріктірілуі. Толығырақ айтқанда- дүние жүзіндегі миллиондаған компьютерлердің мәліметтер алмастыруына мүмкіндік беретін ақпараттық орта. Интернет - өзіне көптеген таңғаларлық арсеналды мүмкіншіліктерді жинаған жаңа технология. Интернет - әрі ең қуатты және тәуелсіз ақпараттық ресурс, әрі сенімді және оперативтік байланыс жүйесі, сонымен қатар ақпараттық технологияның дамуына және дүние жүзіндегі миллиондаған адамдардың творчествалық көзқарасымен бөлісуге мүмкіндік беретін орта.
Интернеттің басты қызметі тәулік бойы сапалы байланыс қызметін көрсету болып табылады. Интернетке қосулы тұрған кез - келген екі компьютер бір - бірімен қалаған уақытында байланыса алады. Алдағы уақытта «Желі» ұғымын Интернет сөзінің синонимі ретінде қолданып, ол желі түсінігі интернет арқылы байланысқан компютерлер екендігін ескертіледі. Интернетке қосылған әрбір компьютер желінің бір бөлігі болып табылады.
Серверлерлік компьютерлер және клиенттік - компьютерлер. Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөлуге болады: серверлер және клиенттер. Бір компьютерде сервер де, клиент те қатар орналасқан болуы мүмкін. Локалдық компьютерде веб - сервер қосып, сонымен қатар браузермен және электронды почтамен жұмыс істеуге болады. Басқа компьютерлерге сервистік анық қызмет көрсететін компьютер - сервер(ағылш., to serve - қызет көрсету), ал сол қызметті пайдаланушы компьютер - клиент болып табылады. Көп жағдайларда үй желісі арқылы Интернетке қіріп отырған клиенттер тек керек жағдайларда ғана бұл қызметті пайдаланады. Ал серверлік компьютерлер, керісінше Интернет желісіне жедел каналдар арқылы қосулы тұрады, сондықтан оларға кез - келген ақпаратқа сұраныс жасауға болады.
Серверлерлік - қосымшалар және клиенттік - қосымшалар. Компьютерлер-ді клиенттер және серверлер деп атаумен қатар, клиент және серверлерді бағдарламалық тұрғыдан қарастырған дұрыс. Бір бағдарлама клиент ретінде, ал екіншісі сервер ретінде қосымшалардың іс - әрекет етуі клиент - серверлік архитектура деп аталады.
Сервердің басты қызметі - барлық уақытта жұмыс істеп тұру немесе клиент қандай да бір сервиске сұраныс жасағанға дейін күту режимін қабылдау.
Сервер шамадан тыс сұраныстардың көп болу әсерінен нақты бір сервистік сұранысттардың орындалуына кідіртүі мүмкін. Серверге сұраныс желі арасындағы компьтерлік байланысты қамтамсыз ететін стандарттар жинағы - белгілі бір протоколдар шегінде жүзеге асады. Серверлік бағдарламалар клиенттерге қызмет ету мақсатында компьютердің аппараттық ресурстарын пайдаланады. Клиент - бағдарлама сұраныс жасақтап, оны желіге белгілі бір мекен - жай бойынша жібереді және алдын ала келіскен проткол арқылы сервер - бағдарламамен қарым - қатынаста болады. Бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналасуы мүмкін. Клиенттік қосымша сервер орналасқан компьютерде орнатулуы мүмкін немесе желімен байланысқан оқшау компьютерде орналасуы мүмкін. Оқшау орналасқан жағдайда жауап алу мөлшері көбірек болуы мүмкін.
Әрбір сервер - бағдарламасына сай өзіндік клиент - бағдарламасы болады. Осылайша веб - клиент веб - серверге, почтолық клиент - почталық серверге т. с. с. сұраныс жасайды. Серверлік - бағдарлама сұраныстарды орындауға әрқашан дайын болуы керек, сондықтан да серверлік бағдарлама жұмыс істеп отырған компьютерлерге аппараттық жоғары талаптар қойылады.
Клиенттік компьютерге ондай қатаң талаптар қойылмайды. Жоғарыда айтылған қызмет көрсетулер (клиенттік-серверлік архитектура) дербес компьтерлер қолданушысына өз жұмыс үстелінен Интернет желісіне кіруге мүмкіндік береді.
1. 2 Интернет архитектурасы
INTERNET желісінің күрт дамуы қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінін APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең, үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
INTERNET-пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET-ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары) ;
- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары) ;
- почталық байланыстар.
1. 3 Қолданыстағы интернет технологиялар
Техникалық көзқарастан Internet - әр түрлі хаттамалар бойынша жұмыс істейтін, мүмкіншілігі бар барлық компьютерлерді байланыстыратын, мәліметтерді физикалық түрде өткізетін ашық желілердің барлық түрлері бойынша компьютерлік желілердің бірігуі. Интернеттегі компьютерлердің көбісі ТСР/IP хаттамасымен байланысқан. Internet - бұл бүкіл жер шарын қамтитын желілер желісі деп айтсақ та болады. Олар әртүрлі статистика жүргізу үшін, немесе сайттарының рейтингісін көтеру мақсатында қолданыс көрсеткішінің есебін жүргізеді. Интернет-технологиялар қазіргі заманда компьютерде ақпаратты тасымалдау мен өңдеу аймағындағы ең дамып келе жатқан және қолайлы мүмкіндік болып табылады. Осы бағытта пайдаланылатын Қолданбалы бағдарламалар саны күннен күнге артуда. Интернет бұл әр түрлі ақпарат көздеріне қолайлы жол, мысалы, өз алдына оқу, интернет-дүкендер, интернет-банкинг және басқалар. Бұл қосымшалар желілік компьютерлер технологияларына негізделген. Қолданушылардың интерактивті байланысын қамтамасыз етеді. Интернет қосымшаларды жасау ақпаратты технологиялар облысындағы мамандардың кәсіби тәжірибиелерінің ажырамас бөлігі.
Ақпараттық ағымдармен толық қамтамасыз болу үшін, жобаларды тез және тиімді жасауға мүмкіндік беретін заманға сай технологиялық шешімдерді қолдану керек.
Көптеген web-дизайнерлердің ойынша web-дизайнның негізгі мәселелерінің бірі - HTML мен сценарийды әрқайсысы әртүрлі қолдайтын броузерлер мен платформалардың болуы. Әрбір жаңа браузерлерді шығару, олардың сипаттары және мүмкіндіктерін жақсартады, бірақ бұл бұрынғы шығарылғандар нұсқалары жоғалады деген сөз емес. Біреулер өзінде барын қанағат тұтса, ал басқалары компьютерлік фирмалар мен мекемелер олар үшін таңдап берген браузерлермен жұмыс істейді.
Web-дизайнда қатал ережелер жоқ. Негізгі міндет - парақтағы мәліметтерді мүмкіндігінше көп тұтынушылардың пайдалануы, және де оларды жетілдіре түсу үшін нақты негіздегі жаңа технологияларды қолдана отырып тәжірибелер жасап сынақтан өткізу. Дизайнерлік шешімдердің негізі көпшілік көңілінен шығу және сайттың пайдалануын нақты айқындау.
Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer браузерлері. Қазір қолданушылар арасында негізінен екі браузер басымдылыққа ие: Netscape Navigator және Microsoft Internet Explorer. Олар барлық нұсқаларын ескергенде қазіргі күнде қолданылатын браузерлердің 90% жуығын пайдаланады.
Бұл екі браузер пайдаланушылар арасында өзара басымдылыққа таласуда. Олардың өзара таласуының нәтижесі HTML фирмалық коллекциясын тудырды, және де өзара үйлесімсіз әртүрлі технологияларды (айналымнан шыққан Dynamic HTML, және де JavaScript пен Cascading Style Sheets - үлгілердің касскадтық кестелері) пайда қылды. Екінші жағынан Netscape және Microsoft араларындағы бақталастық web ортасының жедел дамуына әсер етті[1] .
Көптеген web-авторлары өз жұмыстарын Navigator және Internet Explorer жүйелеріне бағыттайды, себебі олар пайдаланушылар арасында кең тараған. Олардан басқа да бірнеше браузерлер бар екенін естен шығармаған дұрыс.
Macintosh компьютерлері үшін жасалған Internet Explorer 4. 0 нұсқасында windows үшін жасалынған функциональдық мүмкіндіктердің көпшілігі жоқ, сондықтан 4. 0 нұсқасының кейбір ерекше мүмкіндіктері пайдаланушыларға жетіспейді.
Кейбір құжатталған айырмашылықтар мен кемшіліктер: іштестірілген қаріптардың қолдауының болмауы; CSS фильтрлерінің қолдауы және өтулердің (мәтін элементтерінде пайдаланылатын объектілер беретін көлеңкелерді бақылаудың әсері болмауы) ; мультимедианы (авторлық мультимедиялық программалар ортасысындағы құрылатын өтулер мен анимациялар әсерлері) басқару элементтерін басқарудың болмауы; DHTML-ді іске асыру мәселелері.
America Online браузерлері. America Online (AOL) -ді пайдаланушылар келесі жеті браузерлердің (платформаларға және AOL нұсқасындағы программалық қамтамасыздандыру (ПҚ) ) бірін қолданады, олардың кейбіреулері HTML-дің ең аздаған ғана қолдау мүмкіндіктерін пайдаланады.
Қазіргі технологиларда America Online соңғы нұсқасы - бұл нұсқа 3. 0 және Microsoft Internet Explorer 3. 0 браузерінің жетілдірілген нұсқасын пайдаланады. Бірақ бұл нұсқаға және де MS Internet Explorer 3. 0 стандарт нұсқасына көп сене беруге болмайды. Көптеген Web құраушылар өз сайттарын (басқа негізгі браузерлердің көбінде өте тамаша жұмыс істеген) көріп бірнеше рет өкінішке келді, себебі олар AOL жүйесінде жұмыс істегенде өз браузерінің бейнеленгенін көрді.
Қиындықтар көбіне дербес жағдайларда AOL-ның прокси-серверлері мен бейнелерді сығу тәсілдеріне байланысты болады. AOL бейнелерді сығу тәсілдері JPEG-графиктерді бейнелеу жүйесімен көбіне үйлесімсіз екені белгілі, яғни дақтар мен боялған сызықтар пайда болады. Келбеттік бейнелерді шығаруда да көптеген қиындықтар кездесті. Және де кейбір басқа технологиялар, мысалы Java және Cascading Style Sheets (каскадтық таблицалар үлгісі), windows 3. 0 пайдаланушыларында қолданылмайды .
Бірақ оның орнына web-дизайнерлеріне көмек ретінде арнайы сайт жасалынды және оларда AOL пайдаланушыларына қызғылықты және жұмыс істеуге ыңғайлы өз парақтарын жасауға ұмтылады. Кестелік браузерлерге ерекше көңіл бөлінеді, себебі онда әрбір браузерден (нұсқасы және платформасы бойынша) арнайы тізімдер табуға болады, және де олардың технологиялық және қолдаушы функциялары бар, ал браузерлердің жұмыс істемеу пайыздары мейлінше азаяды. (AOL сайттың адресі Web-дизайнерлер үшін: http://webmaster. info. aol. com) [2] .
Opera. Opera - бұл кішкентай және қарапайым браузер және оны Осло қаласында норвегиялық компания Opera Software шығарған. Бұл браузер машинаға өте аз уақытта жүктеледі және дискета зердесінде өте аз орын алады. Opera артықшылығы оның HTML стандарттарына жауап беруінде. Жақсы браузерлер жіберетін тәгтерді (мысалы, қалып қойған жабушы тәгтер, дұрыс іштестірілмеулер және т. б. ) сипаттаудағы қателіктер бұл браузермен дұрыс бейнеленбейді. Opera 5. 0 каскадты таблицалар үлгісі Java-ны және DHTML-ді қолдайды.
Opera пайдалануда жиі қолданылатындар қатарына жатпайды, бірақ көптеген жағдайда оның көмегімен өз сайттарын сынақтан өткізеді, яғни кодтардың дұрыстығын тексеруге ыңғайлы.
Lynx. Lynx - бұл Web-ке тез және сенімді енетін ең көп тараған және аз шығын беретін браузер және тек қана мәтіндермен жұмыс. Ол стандарттарға ең жалпы көмекші есебінде белгілі болды және Web-парақтарын функциональдық базалық сипаттамалармен сынауға мүмкіндіктер берді. Қарапайым болғанымен, бұл браузер қатардан шыққан жоқ. Lynx тұрақты жетілдіріледі және өзгертілуде. Қазір ол таблицалар, формалар және тіпті JavaScript-ті де қолдаушы есебінде пайдаланылады.
Адамдар шындығында да Lynx-ті пайдаланады сондықтан тапсырушы өз сайтын осы Lynx-те құруды өтінсе оған ешқандайда таң қалуға болмайды. Бұл браузер көзі көрмейтін адамдарға да маңызды: олар Lynx-тің дыбыс шығару мүмкіндігін пайдаланады.
Қандай браузерлердің жиі қолданылатындарын білу арқылы, қайда және қандай технологияларды пайдалану керек және кері үйлесімділігін білу шешім қабылдауды жеңілдетеді. Сайтқа кіру статикасын білу арқылы әрине ең сенімді ақпараттарды алуға болады.
Сұраныстар тудыратын серверлердің программалық тексеру барысында браузерлерге ену саны классификацияланады. Сондықтан, сайт құрушылар өз сайтына енушілердің тек 20%-ті броузердің 4. 0 нұсқасын пайдаланатынын біледі де, үлгілер таблицасын кез келген уақытта пайдалана алады.
Интернетте браузерлер туралы статистикалық мәліметтер беретін бірнеше сайттар табуға болады. Статистикада осы сайттарға енушілер талданады және де оны пайдаланушылардың таңдамалы топтары беріледі. Мысалы, сайтты пайдаланушы жаңа автомобиль алуды көздейтіндер, немесе жаңа телеарналар қарастырушылар және т. б. адамдар болуы мүмкін, олар да басқа браузерлерді пайдалануы мүмкін. BrowserWatch сайтында орналасқан статистикалық мәліметтер нұсқалар және ішкі нұсқалар туралы әрбір браузерге бөлек мағлұматтар береді [3] .
Гипертекстілік парақтарды құрастыру тілі (HTML - Hypertext Markup Language) арнайы web-құжаттарын жасайтын тіл. Ол броузерлерге құжаттардағы бейнелерді көрсететін, бірақ экранға шығарылмайтын арнайы нұсқаулар (тәгтер) синтаксистері мен орналасуларын жасайды. Ол, мысалы интернет желісінде, локальдық желілерде болатын басқа да құжаттарға сілтемелер жасауға қолданылады.
Стандарт HTML және де басқа стандарттар web үшін W3C (World Wide Web Consortium) консорциумының басшылығымен жасалынған. Стандарттарды, жаңа қосымшалар мен ұсыныстардың жобаларын, ерекшеліктерін сайтынан табуға болады. Қазіргі кезде HTML 4. 0 ерекше нұсқалары қызмет етеді және оларды қолдау негізгі браузерлер тарабынан көптеп өсуде.
Тәжірибе жүзінде HTML стандартына тәгтердің болуы үлкен әсер етеді және олар кеңінен тараған браузерлердің қолдап ұсынғандары, мысалы Microsoft Internet Explorer және Netscape Navigator. Бұл тәгтер HTML-дің қазіргі құрамына енуі, не енбеуі де мүмкін.
Тәгтер туралы ақпараттар HTML Compendium (HTML бойынша қысқаша нұсқау) Ron Woodall-да жасалынған. Компендиумде тәгтер тізімі және олардың атрибуттары алфавиттік ретте беріледі, және де олардың әрқайсысын қолдайтын броузерлер туралы жаңадан өзгертілген мәліметтер беріледі. Компендиум HTML http://www. htmlcompendium. org сайтында орналасқан. HTML-ді өңдеу жабдықтары. HTML құжаттары қарапайым мәтіндік ASCII-файлдары. Бұдан оларды жасау үшін кезкелген редакторды пайдалануға болатынын көруге болады, тіпті мүмкіндіктері өте аз редакторларды да. HTML-ге арнайы өңдеу орталары да жасалынған. Олар уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі, себебі қайталанатын амалдар үшін арнайы тез орындалатын пернелер бар, мысалы, құжаттардың бастапқы нұсқаулары, кестелер және мәтіндердегі қарапайым үлгілер. HTML редакторы авторлық WYSIWYG-жабдықтық редактордан өзгеше, сондықтан HTML редакторында жұмыс істей білу, редакторлау процессін жеңілдетеді және тездетеді [4] .
Windows қолданушыларына HomeSite компаниясы ұсынған қуатты және қымбат емес редактор HTML-ді тексеру керек. Онда HTML конструкциясында бояулармен бөлу, функция FTP, синтаксистік тексеру және жазу ережелері, көп файлдық іздестіру және ескертпелер туралы көп мәліметтер болады. Бұдан басқа да арнайы командалар және шаблондар өте күрделі элементтер жасауға (фреймдер, JavaScript және DHTML көріністері) жасалынады. Ақпараттар және жүктеуші көрсеткіш үлгі программалар (ҮП) httр://www. allaire. com/ адресінде берілген.
Macintosh компьютерлерінде жұмыс жасағанда көп көңіл бөлінетін бағдарлама коммерциялық HTML-редактор- Bare Bones Software компаниясы. Ол Web-жасаушыларының арасында өзіндік салмақ алады және де Macintosh компьютерлерінде жұмысты тиянақты орындайды. Оның құрамына ыңғайлы және тез жұмыс істейтін HTML-жабдықтары кіреді және де аспаптар, көпфайлды іздеу және ауыстырулар, іштестірілген FTP-функция, 13 бағдарлама тілдерін қолдайды, кесте құрушы, HTML синтаксистерін түзетуші және де көптеген функциялар кіреді. Қосымша мәліметтер және үлгі программалар http://www. bbedit. com. адресі бойынша табылады [5] .
Авторлық жабдықтар WYSIWYG. Соңғы жылдары авторлық жабдықтардың пайдаланушылар арасында кеңінен таралғаны мәлім. HTML-редакторлар классы WYSIWYG (What You See Is What You Get - не көрсең соны аласың) графиктік интерфейс болады және де ол HTML сипаттамасында мәтіндерді редакторлау программаларына және парақтарды жасаушыға келеді. Бұл программалардың бастапқы мақсаты пайдаланушыларды HTML тәгтерінен босату болды, яғни айтқанда, парақтарды жасау программалары қолданушыларды PostScript тілінің командаларын теруден қорғайды. Бүгінде олардың қажеттіліктері өсті, себебі олар құжаттарды шығаруды автоматтандыру деңгейін күшейтті, HTML-де берілген құжаттарға ену мүмкіндігі көбейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz