КОМПЬЮТЕР ДҮКЕНІ МҚБЖ-Н ҚҰРУ



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Мәліметтер қоры және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Delphi . де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері ... ... ... ... ...7

ІI. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДІ ҚҰРУҒА ҚОЛДАНЫЛҒАН ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ҚҰРЫЛЫМДАР
2.1 Delphi программалау ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Database Desctop программасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3. TQuery компонентімен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4. TDBGrid компонентін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

III. «КОМПЬЮТЕР ДҮКЕНІ МҚБЖ.Н ҚҰРУ» ҚОСЫМШАСЫН СИПАТТАУ
3.1 Қосымшаны сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде өндіріс қызметінде барлық республикалық мекемелерде қолданылады. Кәсіби мамандардың компьютер және интернеттегі жұмысы іс құжаттарын автоматтандыруға және іс жүргізуін, яғни есеп беруді, мәліметтер қорымен жұмысын жеңілдетуге арналған.
Өнеркәсіптегі ақпараттандырылған білім ақпараттық ресурстың қомақты саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты мекемелерде ғана емес, сонымен бірге барлық өндіріс саласына пайдалы. Өндірістік мәліметтер қорын, есеп беруді, әртүрлі есептеулерді өндіріс мамандары өздері құрады және пайдаланады. Электрондық форма өндірістік практикада қолданылады. Әрі қарай даму өндіріс қызметінің жаңа форма алуы көптеген жаңа ақпаратты технологияға негізделген, соның ішінде бірінші кезекке ауқымды желі (интернет немесе коорпаративті) арқылы мәлімет алмасу жатады.
Компьютерлік ендіруде және телекомуникациялық технологияда маңызды біріктіру республикалық өнеркәсіп жүйесінің байланыс таратуы өндірістегі кәсіби мамандар контингентінің жаңа моделі болды. Мәліметтер қорымен жұмыс жасау және есеп беруді жеңілдету әдет пен дағды негізінде ақпараттық процестер комплексін автоматтандыруда арнайы программалық әдістемемен қамту жиі қолданылады.
Ақпаратты технологияны кең арнада қолдану қазір республика бойынша көптеген салаларда ұйымдастыру-басқару қызметі болып табылады.
Курстық жобаның негізгі мақсаты компьютер дүкені қызметкерерінің жұмысын жеңілдету және қағазбен байланысты жұмыстарды қысқартатын бағдарламалық жабдықты құру болып табылады. Сонымен қатар, құрылған бағдарлама пайдаланушыға түсінікті және ыңғайлы түрде берілуі қажет. Осыған байланысты «КОМПЬЮТЕР ДҮКЕНІ МҚБЖ-Н ҚҰРУ» бағдарламасы құрылды. Бұл құрылған бағдарлама бойынша пайдаланушы, яғни компьютер дүкені қызметкері келген сағаттарды қабылдап, оны сұраныстар бойынша жөнелте алады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері :
1. Болашақта автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалануды кеңінен қолданылуына жол ашу, маңыздылығын анықтауға өз үлесімді қосу;
2. Автоматтандырылған жұмыс орнына қойылатын талаптарды қарастыру, зерттеу;
3. Сағат дүкені қызметкерінің жұмысын жеңілдету, келген сағаттарды қабылдап, сатып алушы туралы мәліметтерді енгізу, қағаз түрінде сақталатын ақпараттарды азайту. Уақытында және дұрыс, дәл қорытынды есеп беруді шығару;
4. Автоматтандырылған жұмыс орнын құруға қолданылған инструментальды құрылымдарға сипаттама беру.
1. “Информационно-поисковая система в системе управления предприятием”, Сборник научных трудов, Ленинград, 1989г.
2. В.В.Шураков. “ Информационно-поисковая система для статической обработки данных”, 1990г.
3. И.Л.Кантарь. “Информационно-поисковая система управленческого аппарата”, 1990г.
4. Баженова И.Ю. Delphi 6. Самоучитель программиста – М.: Кудиц – Образ, 2002. –432с.
5. Архангельский А.Я. Разработка прикладных программ для Windows в Delphi5 –М: Бином 1999-256с. ил-(Все о Delphi)
6. Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi 5. –М: Бином, 2000 –208с. ил-(Все о Delphi)
7. Бобровский С. Delphi 7 Учебный курс. – СПб.: Питер,и 2002-640с.
8. Кандзюба С.П. Delphi 6. Базы данных приложения: Лекции и упражнения /Кандзюба С.П., Громов В.Н. -М: Диа-Софт. 2001-576с.
9. Кенту Марко. Delphi 5 для профессианалов. СПб.: Питер, 2001-944с:ил-/в пер.
10. А. Я. Архангельский. Программирования в Delphi 6 – М.: ЗАО “Издательство БИНОМ”, 2003 г. – 1120 с., ил.
11. Томас Коннолли, Каролин Бег, Анна Страган. Базы данных: проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд.: Пер. с англ.: Уч. Пос: -М.: издательский дом “Вильямс”, 2000г.
12. Гофман И.Э., Хомененко А.Д. Delphi 5.-СПб.: БХВ-Санк-Петербург. 2000г.
13. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi 5. Рукаводство разработчика базы данных –М.: “Нолидж”, 2000г.
14. К. Грибачев. “Delphi и Model Driven Architecture” Разработка приложений баз данных – СПб.: Питер, 2004. – 348 с.: ил.

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЫ ТҮСІНІКТЕРІ
1.1 Мәліметтер қоры және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Delphi – де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері ... ... ... ... ...7

ІI. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДІ ҚҰРУҒА ҚОЛДАНЫЛҒАН ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ҚҰРЫЛЫМДАР
2.1 Delphi программалау
ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9
2.2 Database Desctop программасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3. TQuery компонентімен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4. TDBGrid компонентін қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

III. КОМПЬЮТЕР ДҮКЕНІ МҚБЖ-Н ҚҰРУ ҚОСЫМШАСЫН СИПАТТАУ
3.1 Қосымшаны
сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 31

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде өндіріс қызметінде
барлық республикалық мекемелерде қолданылады. Кәсіби мамандардың компьютер
және интернеттегі жұмысы іс құжаттарын автоматтандыруға және іс жүргізуін,
яғни есеп беруді, мәліметтер қорымен жұмысын жеңілдетуге арналған.
Өнеркәсіптегі ақпараттандырылған білім ақпараттық ресурстың қомақты
саны жинақталуы тек қана қажетті жұмыс пен нақты мекемелерде ғана емес,
сонымен бірге барлық өндіріс саласына пайдалы. Өндірістік мәліметтер қорын,
есеп беруді, әртүрлі есептеулерді өндіріс мамандары өздері құрады және
пайдаланады. Электрондық форма өндірістік практикада қолданылады. Әрі
қарай даму өндіріс қызметінің жаңа форма алуы көптеген жаңа ақпаратты
технологияға негізделген, соның ішінде бірінші кезекке ауқымды желі
(интернет немесе коорпаративті) арқылы мәлімет алмасу жатады.
Компьютерлік ендіруде және телекомуникациялық технологияда маңызды
біріктіру республикалық өнеркәсіп жүйесінің байланыс таратуы өндірістегі
кәсіби мамандар контингентінің жаңа моделі болды. Мәліметтер қорымен жұмыс
жасау және есеп беруді жеңілдету әдет пен дағды негізінде ақпараттық
процестер комплексін автоматтандыруда арнайы программалық әдістемемен қамту
жиі қолданылады.
Ақпаратты технологияны кең арнада қолдану қазір республика бойынша
көптеген салаларда ұйымдастыру-басқару қызметі болып табылады.
Курстық жобаның негізгі мақсаты компьютер дүкені қызметкерерінің
жұмысын жеңілдету және қағазбен байланысты жұмыстарды қысқартатын
бағдарламалық жабдықты құру болып табылады. Сонымен қатар, құрылған
бағдарлама пайдаланушыға түсінікті және ыңғайлы түрде берілуі қажет. Осыған
байланысты КОМПЬЮТЕР ДҮКЕНІ МҚБЖ-Н ҚҰРУ бағдарламасы құрылды. Бұл
құрылған бағдарлама бойынша пайдаланушы, яғни компьютер дүкені қызметкері
келген сағаттарды қабылдап, оны сұраныстар бойынша жөнелте алады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері :
1. Болашақта автоматтандырылған жұмыс орнын пайдалануды кеңінен
қолданылуына жол ашу, маңыздылығын анықтауға өз үлесімді қосу;
2. Автоматтандырылған жұмыс орнына қойылатын талаптарды қарастыру,
зерттеу;
3. Сағат дүкені қызметкерінің жұмысын жеңілдету, келген сағаттарды
қабылдап, сатып алушы туралы мәліметтерді енгізу, қағаз түрінде
сақталатын ақпараттарды азайту. Уақытында және дұрыс, дәл қорытынды
есеп беруді шығару;
4. Автоматтандырылған жұмыс орнын құруға қолданылған инструментальды
құрылымдарға сипаттама беру.
I. Мәліметтер қоры (МҚ) туралы түсінік.
1.1 Мәліметтер қоры және оның түрлері
Күнбе-күн ақпарат көлемі көбейіп отыр. Ал, оларды өңдеу адамның
қолынан келмейді. Сол себепті мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес
компьютерлер пайдаланылады. Компьютердегі ақпарат негізінен кесте түрінде
сақталады. Осы кестелер (бірігіп)  МҚ-на бірігеді.
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ)– мәліметтер банкі болып
табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:
1)       Есептеуіш жүйе;
2)       Бір  немесе бірнеше МҚ;
3)       Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
4)       Қолданбалы программалар жиыны.
МҚ -  бұл үлкен көлемді өзара байланысқан ақпаратты сақтауға,
өзгертуге және өңдеуге арналған бір немесе бірнеше мәліметтер файлы.
МҚБЖ - бұл МҚ  құруға, жүргізуге және қолдануға арналған тілдік және
программалық құралдар жиынтығы. Қолдану сипатына қарай МҚБЖ дербес (
персональді) және көпқолданушы болып бөлінеді:
Дербес МҚБЖ  бір компьютерде жұмыс жасайтын локальді МҚ-н құруды
қамтамасыз етеді.  Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access және т.б.
жатады.
Көпқолданушы  МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс жасайтын
ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Оларға  Oracle, Inter Base,
SyBase, Microsoft SVL Server, Informix және т.б. жатады.
Қолданбалы программалар, немесе қосымшалар МҚ-нда орналасқан
мәліметтерді өңдеуге арналады. Қолданушы МҚ осы қосымшалар  ар басқарады.
МҚ-ң  негізгі нақты бір объект тобы туралы мәлімет болып табылады.
Жалпы МҚ қандай да бір  мекеме (ұйым)  үшін арналады;   Ақпаратты мекеменің
әртүрлі бөлімдері пайдаланылады.  Осы мекеме бөлімдері МҚ-н құру негізінде
концептуальді  талаптар қояды.  Концептуалды модельді бейнелеу нәтижесінде
мәліметтердің логикалық  моделі алынады.
Логикалық модель - бұл мәліметтерді ұйымдастыру түрі.  Негізгі
логикалық модельдерге мыналар жатады:
 
1. Иерархиялық модель - ағаш құрылымды болады.  Модель ішіндегі
объектілер өзара қатаң түрде байланысқан. Мұнда бір басты объект болады.
Екінші деңгейдегілер соған бағынады.  Ал екінші деңгейге өз негізінде 3-ші
деңгей бағынады. 1-ші деңгей 3-ші деңгейді тікелей басқара алмайды. 
Сондықтан бір деңгейде байланыс жасауға болмайды.

2. Желілік МҚ  граф түрінде ұйымдастырылады. Мұнда басты және бағынқы
объект деген болмайды. Бұл модельдің кемшілігі – ұйымдастыру қйындығында.

3. Реляциялық МҚ өз атын ағылшын тіліндегі relation (қатынас)
терминінен алған. Бұл терминді 70 жж.  IBМ фирмасының қызметкері Эдгар Код
ұсынған. Реляциялық МҚ – бұл қатынас арқылы байланысқан кестелер жиынтығы.
Реляциялық модель құрылымы қарапайым, қолдануға  ыңғайлы.   Дербес
компьютерге арналған МҚ- ның көбісі реляциялық болып табылады.
4. Объектілі – бағытталған МҚ желілік және реляциялық моделдердің 
бірігуі. Оларды күрделі құрылымды МҚ-н  құруға қолданады.
МҚ Архитектурасы
МҚ-ның орналасуы мәліметтерді өңдейтін қосымшаны құруға әсер етеді.
Орналасуына қарай МҚ:
-          локальді;
-          қашықтағы
болып екіге бөлінеді:
Delphi қосымшасы МҚ-на BDE (Borland Datеbase Engine – Borland
фирмасының МҚ процессоры) арқылы қатынайды.
Локальді МҚ қосымша орналасқан компьютерде МҚ-мен жұмыс бір қолданушы
режимінде жүзеге асырылады.

МҚ көпқолданушы режимінде де жұмыс жасауы мүмкін. Ол үшін МҚ-ң файлы
мен қосымша желі серверінде орналасады. Әрбір қолданушы сервердегі 
қосымшаны жүктей алады, бұл кезде қолданушы компьютерінде қосымша көшірмесі
ғана жүктеледі. Локальді МҚ-н осылайша қолдану файл – сервер
 архитектурасына сәйкес келеді:
Қашықтықтағы МҚ желінің компьютер – серверінде орналасады, ол осы МҚ –
мен  жұмыс жасайтын қосымша қолданушы компьютерінде орналасады. Бұл
жағдайда клиент – сервер    архитектурасы  туралы  айтылады.
Ақпараттық жүйе – МҚ сервері мен клиенттен тұрады.  Компьютер сервер –
қашықтағы сервер деп  те аталады.
Клиент – бұл қосымша – клиент деп аталады.
Мәліметтер алу үшін МҚ орналасқан қашықтықтағы серверге сұраным
жіберіледі: Сұраным   SQL тілінде қалыптастырылады. Сұранымды алған соң 
қашықтықтағы сервер  оны SQL – серверге жібереді: SQL – сервер – бұл
қашықтықтағы МҚ басқаратын және сұранымды орындап клиентке оның нәтижесін
қайтаратын программа. Сұранымды өңдеу қашықтағы серверде орындалады.

МҚ  кестесі
Реляциялық МҚ өзара байланысқан кестелерден тұрады. Кестелер файлдарда
сақталады. Олар жеке құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Оларды
кәдімгідей көшіруге, жылжытуға болады. Құжаттардан өзгешелігі МҚ кестелері
көпқолданушы режимін қолдайды, яғни олармен бір уақытта бірнеше қосымша
жұмыс жасай алады.
Бір кесте үшін мәліметтерден, индекстер мен кілттерден тұратын бірнеше
файл құрылады. Кестені басты файл аты – кесте аты болып табылады. Ол кесте
құру кезінде беріледі. МҚ кестесі жолдар мен бағандардан тұрады.
Кесте  жолдары – жазба, бағаны- өріс деп аталады. Кестеде жүйеленген
бір типті объектілер туралы ақпарат сақталады.
Әрбір өрістің уникалды аты болады. Өрісте тек бір типті  мәліметтер
орналасады. Мыс: Бүтін сан немесе дата. Қолданушы кесте өрісіне мән
енгізгенде автоматты түрде типке сәйкестігі тексеріледі. Кестелерде
кілттер  мен индекстер анықталуы мүмкін.
Кілт - бұл кестедегі әрбір жазбаны бір мәнді анықталатын мәліметтерден
тұратын өрістер комбинациясы. Қарапайым кілт - бір өрістен, құрама –
бірнеше өрістен құралады.
Индекс – бұл  да кілт сияқты кесте өрістері бойынша құрылады, бірақ
өрістегі мәндер қайталануы мүмкін. Индекстер кестелерді индекстік өрістер
бойынша сұрыптау үшін қажет. Сондықтан   индекстеуді пайдалану мәліметтерді
іздеу жылдамдығын арттырады. Сонымен кілттер мен индекстерді пайдалану
мыналарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1)       Жазбаларды бірмәнді идентификациялауға;
2)       Кілттік өрістерде мәндерді қайталануын болдырмауға;
3)       Кестелерді сұрыптауға;
4)       Кестеде мәліметтер іздеу жылдамдығын жоғарылатуға;
5)       МҚ –ң жеке кестелері арасында байланыс ұйымдастыруға.
Delphi-дің өзінде кестелер форматы жоқ. Бірақ ол локальді кестелердің 
2 түрін қолдайды – dBase және Paradox. Біз  Paradox кестелерімен жұмыс
жасаймыз.

1.2 Delphi – де қолданылатын мәліметтер қорының түрлері
Локалдік мәліметтер қорында мәліметтер қоры клиент машинасында, ал
файл – сервер мәліметтер қорында мәліметтер қоры файл – серверде болады.
Локалдік вариантта мәліметтермен жұмыс істеу бір пайдаланушы режимінде
болады. Бұл вариант корпоративтік жұмыста іс жүзінде кездеспейді, себебі
бір мезгілде мәліметтермен жұмыс істеп отырған пайдаланушы саны мен
мәліметтер қоры қөшірмесінің саны тең болатындай бірнеше мәліметтер қор
қөшірмесінің құрамын синхрондау қиын.
Файл – сервер мәліметтер қорында мәліметтер желілік файл – серверде
орналасады, ол бір мезгілде бірнеше пайдаланушы жұмыс істей алады,
сондықтан мұндай мәліметтер қорында қөп пайдаланушы режимінде пайдалануы
мүмкін. Мәліметтер қорында ғы мәліметтердің жалғыз ғана сақталады, әрбір
клиент әр уақыт мезетінде осы мәліметтердің локалдік қөшірмесімен жұмыс
істейді, мәліметтерді басқару түгелімен клиент бағдарламасына
жүктеледі.Олар әрбір клиент орнындағы мәліметтердің локалдік қөшірмесін
негізгі мәліметтер қоры құрамымен синхрондауды жүргізуі тиіс.
Екеуінде де BDE клиент машинасында болады, және бағдарламамен бірігіп
локалдік мәліметтер қорын басқару жүйесін құрады, мұнда қөшірме саны мен
пайдаланушы саны тең болады.Бұл жүйеде қашықтағы орналасқан компьютерлермен
INTERNET желісіне шығуға болады. BDE локалдік және клиент – серверлік
мәліметтер қорын төмендегідей пайдалануды қамтамасыз ететін PLL- библиотека
жиынын білдіреді. Ол Delphi – де жазылған мәліметтер қорымен жұмыс істеу
үшін қолданылатын қосымшаларды пайдаланатын әрбір компьютерге қондырылады.
Клиент – серверлік мәліметтер қоры.
Клиент – сервер архитектурасында BDE мен мәліметтер қоры арасында
мәліметтер қор сервері (арнайы бағдарлама, мәліметтер қоры басқарады) –
деген маңызды аралық звено пайда болады.
Клиент – серверге реляциялық мәліметтер қоры (бір – бірімен байланысы
бар кестелерден тұратын мәліметтер қоры) үшін өндірістін стандарт болатын
SQL(Structured Query Language – құрылымдық сұраныс тілі) сұраныс тілінде
сұраныс құрады. SQL сервер сұраныс интерпретациясын қамтамасыз етеді, оны
орындайды, нәтижесін құрады және оны клиентке жібереді. Мұнда клиент
компьютері сұранысты физикалық орындауға қатыспайды, ол тек қана сұранысты
мәліметтер қоры серверіне жібереді және нәтижені алады, содан кейін оны
керекті түрге келтіреді және пайдаланушыға береді. Клиенттің қосымшасына
тек қана сұранысты орындау нәтижесі жіберіледі, ал желімен тек қана
клиентке қажет мәліметтер беріледі. Қорытындысында желіге жүктеме азаяды.
Сондай- ақ SQL-сервер алынған сұранысты тез арада орындау үшін тиімді
жағдайларды қарастырады. Мұның бәрі жүйенің орындалу әрекетін күшейтеді
және сұраныс нәтижесін күту уақытын азайтады.
SQL сервердің қолдануымен транзакцияның қуатты аппараты бір мезгілде
бірнеше пайдаланушының бір мәліметті өзгертуіне мүмкіндік бермейді және
өзгеріс енгізудұрыс аяқталмаса бастапқы мәніне қайтып келуге мүмкіндік
жасайды

Мәліметтер қоры серверінде мәліметтер физикалық тұрғыдан бір үлкен
файл түрінде дискіде сақталады, жұмыс істеу үшін әрбір пайдаланушыға пароль
беріледі, бұл әдейі бұзу мен ұрлаудан қорғауды күшейтеді.

Сервер қосымшасымен біріккен архитектура.
Клиент – сервер архитектурасын дамыту идеясы (ойы) мәліметтер қорын
ашық пайдаланудың үш звенолы архитектурасының пайда болуына әкелді.(N-tier
немесе multi-tier архитектурасы)
Клиент – сервер архитектурасы екі звенолы: бірінші звено клиент
бағдараламасы, ал мәліметтер қор сервері мен мәліметтер қоры екінші звено
болады.
Үш звенолы архитектурада қосымша бағдарлама құрылады, онда бұрын
клиент қосымшасының меншігі болып есептелетін барлық мәліметті теру
компонеттері, сондай – ақ қосымша компонеттер TDatabase және TSession
кіреді. Содан кейін бағдарлама COM немесе CORBA сервері ретінде тіркеледі,
ары қарай сервер қосымшасы болады. Клиент машинасында BDE болмауы мүмкін.
Серверлік мәліметті пайдалану үшін олар сервер қосымшасына жүгінеді, ол
қажетті мәлімет алмасуды өткізеді.
машиналар онымен ашық пайдалануға мүмкімдік жасалуы тиіс, ал машина
сервер қосымшасы тұрған мәлімет серверімен жұмыс істеу периоды кезінде
қосылуы тиіс.
Сондай – ақ мұнда мәліметті орналастырудың файл – сервер вариантын
қолдануға болады (суретте оң жағында) Мұнда дұрыс емес мәліметтерді сервер
қосымшасы кері қайтарады, мәліметтер қоры серверіне жіберілмейді.
Клиент бағдараламасында мәліметтер қорының мәліметтер бөлігінің көшірмесін
білдіретін клиенттік мәліметтер теру орналасады. Барлық өзгерістер осы
көшірмені өзгертеді, қажет уақытқа дейін мәліметтер қорына жіберілмейді.
Сондай – ақ үлкен кестелермен жұмыс істегенде сервер қосымшасынан бір
мезгілде клиент экранында орналаса алатындай порциямен локалді теруді алуға
талап қоюға болады. Бұның бәрі желі жүктемесін азайтады, сұраныс нәтижесін
күту уақытын азайтады.

II. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДІ ҚҰРУҒА ҚОЛДАНЫЛҒАН ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ҚҰРЫЛЫМДАР

2.1. Delphi – дің негізгі сипаттамалары

DELPHI – бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға
арналған жеткілікті жаңа өнімі. Қосымшалармен мәліметтер қорымен “клиент-
сервер “ архитектурасында, InternetIntranet, сонымен қатар локальді
машиналар және “ файл-серверлік “ архитектурасында жұмыс істейді.
DELPHI тілі объктілі – бағытталған Object Pascal тілінің жалғасы.
DELPHI-ге InterBase локальді SQL сервері, есеп беру генераторлары,
визуальді компоненттің және информациялық жүйені немесе Windows ортасының
қарапайым программаларын проффессиональді өндеуде өзінді сенімді сезіну
үшін арналған тағы басқа құрылғылар жатады.

DELPHI – дің басқа аналогтық программалық өнімдермен
салыстырғандағы артықшылықтар

Құрылған қосымшаны өндеу жылдамдығы;
Құрылған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы;
Құрылған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін
талап етуі;
Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы
қосымшаның жұмысын арттыру;
Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың
мүмкіншілігі;
Delphi – бұл бірнеше маңызды технологиялардың комбинациясы:
➢ машина кодына аударатын жоғары өнімді компилятор;
➢ объекті-бағытталған модель компонент;
➢ программалық прототиптерден визуальді ( сонымен қатар жылдам )
қосымшаларды құру;
➢ мәліметтер қорын құру үшін арналған масштабталатын құралдар;
Delphi6 ортасы көп терезелі жүйе тәрізді .Оны жүктеу үшін:
ПускпрограммыBorland delphiDelphi6.командасын қолданамыз.
Жүктелгеннен кейін экранда 4 терезе пайда болады .
1.Негізгі терезе(Project1)
2.Обьектілер инспекторының терезесі . (Object inspector)
3.Форма конструкторының терезесі(form1)
4.Кодтар редакторының терезесі(Unit1.pas)

Әрбір проектімен жұмыс қажеттілігіне қарай экранда басқа да терезелер
тұруы мүмкін. Жұмыс жасау барысында негізгі терезеден басқа терезелерді
алып тастауға, орын ауыстыруға болады. Көп терезелі болғанмен Delphi-де тек
қана бір уақытта жасауға болады.

Формалар, модульдер
Формалар – бұл объектілер, оған қосымшаның қолданушы
интерфейсін құруға арналған басқа объектілерді орнатуға болады.
Модульдер кодтан тұрады, ол қосымшаның функционалдануын,
формаларға және олардың компоненттеріне арналған оқиғалардың өнделуін
жүзеге асырады.
Форма туралы мәлімет .dfm және .pas деген файлдардың екі
типінде сақталады. Файылдың бірінші типі –екілік- форманың және оның
қасиеттерінің бейнесін сақтайды, екінші тип оқиғалардың өнделуін
функционалдануын және компоненттердің тұрысын баяндайды. Екі файл да
автоматты түрде Delphi-ге синхронизацияланады, сондықтан да егер проектіге
жаңа форма қосатын болсақ, онда автоматты түрде онымен байланысты .pas
файлы құрылады да, оның аты пректіге қосылады.

Жаңа объектілерді қосу

Delphi- бұл алдымен қолдануға негізделетін программалау
ортасы. Сондықтан да компоненттер палитрасына жаңа компоненттерді қосуға
болады. Жаңа компоненттерді енгізу келесі үш қадамнан тұрады.
• іс жүзінде бар компонент типінен иелік
• жаңа өріс, қасиет және әдістерді анықтау
• компонентті регистрациялау
Осының бәрі Install Components менюі арқылы жүзеге асады.
Төменде Delphi-дің құрама бөліктері көрсетілген:
1. Формалар дизайнері (Form Designer)
2. Негізгі текст редакторының терезесі (Editor Window)
3. Компоненттер палитрасы (Component Palette)
4. Объектілер инспекторы (Object Inspector)
5. Анықтама (справочник) (On-line help)

Стандартты компоненттер
Компоненттер палитрасының 1-ші бетінде қолдануда маңыздылығы
үлкен 14 объект орналасқан. Батырмаларсыз, терезелерсіз, тізімсіз т.с.с.
ұзақ жұмыс жасау көбінің қолынан келе бермейді. Бұл объектілердің бәрі
тышқан мен терезе сияқты Window-тың бөліктері. Әрбір беттегі
компоненттердің жиынтығы мен реті конфигурарлы, яғни бар компоненттерге
жаңа компоненттерді қосуға , олардың реті мен санын өзгертуге болады.
Программада қолданылған Delphi-дің компоненттері төменде
коментарийлермен берілген:
MainMenu- прграммаға негізгі менюді қосу үшін қолданылады. Бұл
компонент визуальді емес, яғни формада көрініп тұрса да, программаның
орындалу кезінде көрінбейді.
PopupMenu- жылжымалы менюді құру үшін қолданылады.Бұл тип тышқанның
сол жақ батырмасын басқанда пайда болады.
Label- экранда текстің бейнеленуі үшін қолданылады. Егер объектілер
инспекторында font қасиетінде екі рет сырт еткізсе, онда таңбаның түсін
және шрифтін өзгертуге болады.
Edit- енгізуге арналған Windows-тың стандартты элементі. Ол текстің
қысқаша фрагментін бейнелеу үшін қолданылады және қолданушыға
программанының орындалу кезінде текстті енгізуге мүмкіндік береді.
Bitbtn- суреті бар батырманы құру үшін арналған. Жүйеде дайые
шаблондар жиынтығы бар. Kind қасиетінде батырманың редакциялары беріледі.
Кейбір стандартты әрекеттер қосымша программалаусыз реализациялауға
болады.Kind қасиетінің қосымшада қолданылатын кейбір мәндері төменде
берілген:
bkOk-форманы жабудың стандартты әрекеті. ModalResult қасиетінде mrOk
жазылады.
bkCancel- өзгертулерді жасамай форманы жабу. ModalResult қасиетінде
mrCancel жазылады.
SpeedButton- “шапшаң” командалық батырмалары бар басқару панельдерін
формировать ету кезінде қолданылады.
ComboBox- тізімі бар жазба компоненті. Бұл компонент жалғасқан қосымша
өрісі бар тізім вариантын береді. Онда тізімнің таңдалған элементі
көрсетіледі.
Toolbar- бұл панель “шапшаң” командалық батырмаларды басқару үшін
қолданылады.Инструменттер панелін құрғаннан кейін автоматты түрде ол
форманың жоғарғы жағында орналасады. Инструменттер панелі ToolButton
класының батырмаларымен жұмыс жасай алады, олар Delphi компоненттер
палитрасында орналаспаған. Олар тек ToolBar компонентімен қолданылу үшін
арнайы үйлестірілген және панельге оның контекстік менюінде NewButton
пунктін тандау арқылы орналастырылады. мұндай батырмалар массиві Buttons
қасиетінде сақталады. Олардың ағымдағы саны ButtonCount қасиетінің мәнімен
анықталады.
ControlBar- Additional панелінде орналасқан компонент. Ол ToolBar
типті объектілермен бірге қолданылады. Басқару панелінде мұндай объекті
орналасу кезінде оған арнайы түбір қосылады.
DataSource- кестелер және тағы басқа физикалық мәліметтер жиынтығы мен
формада басқару элементтері арасындағы байланысты орнатады. Бұл компонент
күрделі келтірулерді талап етпейді.Тек State (TdataSetState типті) қасиетін
белгілейік, ол DataSet қасиетінде мәліметтер жиынтығы қандай жағдайда
тұрғанын көрсетеді (мыс,редакциялау, қосу, фильтрация және т.б. режимде).

Есеп беруді құру
Delphi-дегі есеп беруді құрудың негізгі принциптері.
Есеп беру әр түрлі программаларда қолданылады. Көбіне ол,
құжаттар мәліметтер қорында электрондық түрде сақталып, оларды баспаға
шығару керек болғанда құрылады. Delphi жүйесіндегі есеп беру ең бірінші
Мәліметтер қоры кестесіндегі информацияларды баспаға шығаруға бағытталған.
Есеп беру- бұл қағаз бетінің виртуальді формасы, кейін оны
өзгеріссіз принтерден өткізеді. Осындай беттің негізі Qreport (Есеп беру)
панелінде орналасқан. TquickRep компоненті болып табылады. Бұл компоненттің
көп сипаттамалары бар және нақты бір принтердің мүмкіндіктеріне келтіру
жүргізуге мүмкіндік береді.

2.2. Database Desctop программасы
Database Desctop BDE Administrator сияқты Delphi қойылымына
кіреді.Ол жаңа мәліметтер қорын құруға және бар мәліметтер қоры кестелерін
редакциялауға, сонымен қатар визуальды және SQL сұраныстарымен және
мәліметтер қоры псевданимімен жұмыс жасауға арналған.
Программаны Programfiles\Borland\Database Desctop папкасынан қосуға
болады,егер Delphi папкаға келісім бойынша қондырылған болса.
Программа файылының аты – dbd32.exe. Оны тікелей Delphi арқылы да
Delphi-дің басты менюінен Tools пункті Database Desctop
(Құралдар Database Desctop) шақыруға болады.
Мәліметтер қорының жаңа кестесін құруды қарастыру.Database Desctop
программасы қосылады.Енді оның басты менюінен мына пункттерді таңдаймыз:
File New Table (Файл Құру Кесте).Осыдан кейін
құрылатын кесте типін таңдайтын (2.5-сурет) диалогты терезе пайда болады.
Келісім бойынша программа Paradox 7 типін ұсынады. Егер dBase IV типі
таңдалып, ОК батырмасы басылса, кесте құрылымын құратын жаңа терезе (2.6-
сурет) ашылады.

2.5-сурет Жаңа кестені құру терезесі.

Бұл терезенің мынадай мүмкіндіктері бар:
• Өрістерді құру және сипаттау;
• Кілттік өрістерді беру;
• Индекстерді беру;
• Өрістер мәніне шектеулер қою;
• Паральдер беру (егер олар қолданылса);
• Қолданылатын тілдік драйверді көрсету;
• Мәнді таңдау үшін кестені беру.
Реляциялық кестеде ең болмағанда бір өріс болуы керек.Кесте
құрылымында өрісті анықтау үшін кесте құрылымын құру терезесіндегі Fied
Name (өріс аты) мәтіндік өрісіне кесте өрістерінің атын енгіземіз.Содан соң
Type (Tun) өрісінде мәліметтердің типін көрсетеміз.Ең соңында Size (өлшемі)
мәтіндік өрісінде өріс өлшемін береміз.
Құрылымы анықталған соң индекстік өріс беріледі.Ол үшін кесте
құрылымын құру терезесінің оң жағындағы Table Propezties (кесте қасиеттері)
төгілмелі тізімінде Indexes (индекстер) пункті таңдалады ашылған тізім
астындағы Define (анықтау) батырмасы басылады.

2.6-сурет Кесте құрылымын құру терезесі.

Индекстік өрісті таңдап, ондағы мәннің қайталанбауын Unique
(уникальды)-ге жалауша қою арқылы қамтамасыз етіледі.ОК басылады.Енді
құрылған таблицаны сақтауға болады, әзірше онда мәліметтер жоқ.Сақтау
үшін Save As... батырмасы басылады.
Бұл құрылған кестені енді программада қолдануға болады.Оны ашып,
ішін қарауды Database Desctop арқылы жасауға болады.Ол үшін Database
Desctop программасының басты менюінен File Open Table...
(Файл Ашу Кесте) таңдалады.
Тікелей жаңа кесте құрылымын құрумен қатар, бар кесте құрылымын
пайдаланып, оны жаңа кестеге көшіріп алуға болады.Ол үшін кесте құрылымын
беру терезесіндегі Boorrow... (меншіктеп алу) батырмасы қолданылады.
Өріс құрылымы туралы мәліметтерді көшіріп алғаннан бөтен, қосымша
информацияны да көшіруге болады.

2.3. TQuery компонентімен жұмыс
TQuery компоненті қасиетінің ерекшелігі реляциялық мәліметтер қорымен
жұмыс істеуге арналған арнайы тіл SQL-ді пайдалану болып табылады. Бұл тіл
көмегімен программа SQL-сұраныстарды құрады, оны TQuery мәліметтер қоры
машинасы BDE-ге береді.Машинада SQL құрылған интерпретаторы болады, ол
сұраныста сипатталған іс-әрекеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсақ көтерме кітап дүкені қызметінің деректер қорын жобалау
Деректер базасын қалыпты формаға келтіру
Деректер қорының физикалық моделін құру
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Қолданбалы бағдарламалар пакеті
Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары
Ұялы телефон дүкен администраторының жұмысын автоматтандыру жүйесін құру
Балалар әлемі интернет-дүкенің құру
Delphi ортасын пайдалана отырып интернет дүкен бағдарламасын құру
№1 Поликлиника негізінде медициналық құжат ауысуының ақпараттық жүйесін құру
Пәндер