Кәсіпкерлік іс-әрекет
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Кәсіпкерлік іс.әрекеттің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік іс.әрекеттің қалыптасуы және даму эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және оның формаларының сипаты ... ... ... ... ... 10
2. Қазақстандағы кәсіпкерлік іс.әрекетті құқықтық реттеу жағдайы
2.1 Қазақстан республикасының кәсіпкерлік қызмет туралы заңдары: құрылу және даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі кәсіпкерлік іс.әрекеттің рөлі және маңыздылығы
3.1 Қазіргі кездегі кәсіпкерлік қызметті талдау және тиімділігін бағалау ... ... ..35
3.2 Кәсіпорындағы инновациялық кәсіпкерлік қызметтің экономикалық дамудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
3.3 Мектеп және колледж білім беру ортадағы кәсіби мамандарды дайындаудағы кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62

Қазіргі кезде әлемдік және отандық экономикада терең әлеуметтік –– экономикалық өзгерістер орын алуда. Кәсіпкерлік теориясы мен қазіргі тәжірбиесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасау, қолдану, міндетті түрде Қазақстан экономикасын одан әрі дамытып жетілдіретіні сөзсіз. Кәсіпкерлік – бұл коммерцияның табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет, кәсіпкер кәсіпорынды иемденетін адам, немесе иемденушінің атынан кәсіпорынның жұмыстарын басқаратын өкілетті менеджер ретінде қарастырылады.
Кәсіпкерлік қызметті зерттеу проблемаларының маңыздылығы мен өзектілігі - теориялық негіздеріне кәсіпкерліктің алғашқы атауынан бастап, қазіргі кездегі ғылыми сараптамалардан өткізіп басты қызметтерімен, ерекшеліктеріне сипаттамалар жасалды. ХVІІІ ғасырдан бастап көрнекті ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, негізгі концепцияларына көңіл бөлінді. Атап айтсақ, Р.Контильон, Н.Баум, Ж.Б.Сэй, А.Смит, Дж.Кларк, А.Маршал, және Д.Шумпетердің жетістіктеріне тоқталдық. Кәсіпкерлік қызмет қазіргі кезде басты өзекті мәселелердің бірі, себебі кез-келген ұлттық экономиканың дамуын қамтамасыз ететін негізгі өндіруші күш деп атауға болады. Кәсіпкерлік қызметі капитал мен еңбекті айналысқа келтіру негізінде жоспарды жасап, оны келешекте орындау іс-шараларын егжей-тегжейлі көрсетілді. Кәсіпкерлік қызметтің мәні - өндіргіш күштерді жаңадан, қайта ұйымдастырып, құрамдастыруы жайында қарастырылады. Сонымен қатар теориялық мәселеде кәсіпкерліктің негізгі формаларын анықтап, олар қызметтері мен операциялары жайында жан-жақта көрсетіледі, талданады. Мысалы, коммерциялық кәсіпкерлік қызметі, өндірістік кәсіпкерлік қызметі, қызмет көрсету, инновациялық, өндірістік тұтыну және ақпараттық қызмет түрлерінің тармақтарына бөлінді.
Кәсіпкерлік қызметінің мақсаты – теоретикалық өңдеулерге талдау жасау арқылы қазіргі кездегі кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін баға беру болып табылады. Кәсіпкерлік қызметі,іс-әрекеті,дамуы, бәсекелік аясына байланысты маңыздылықтарына сипаттама жасалады. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет жағдайы жайында ерте заманнан бастап, әйгілі Жібек жолындағы халықаралық сауданың роліне, орта ғасырдың кәсіпкерлік ерекшеліктерін қамтып, қазіргі уақыттағы шағын, орта және ірі бизнестің даму сипатын анықтап талдау жасалды. Он жыл бойы белсенді мемлекеттік қолдау отандық кәсіпкерліктің сандық іргетасын қалауға мүмкіндік берді, дегенмен бизнестің толыққанды саналы дамуына әлі де болса ойдағыдай жетістіктерге шет қойған жоқ. Ағымдағы жағдайда мемлекеттің стратегиясының мақсаттары тұрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың жаңа кезеңіне өтудің мүмкіндігі туып отыр. Сондай-ақ, әлемдік тәжірбиеге көңіл бөліп кәсіпкерлікті дамытудың оң салдарын іздеп, жан-жақты тиімді жолдарын іздестірудеміз. Қазіргі кездегі экономикалық жетістіктеріне кәсіпкерліктің үлесі де баршылық.

1. Белых В.С. Правовое регулирование предпринимательской деятельности. М.Проспект 2005 ж
2. Лаптев В.В Введение в предпринемательское право. М 1999ж
3. Круглова Н.Ю. Хозяйственное право. М. 2006ж
4. Горфинкель В.Я. Предпринимательсво, Москва, «Банки и биржи», 1999г
5. Картанбаева А.К.Предпринимательсво. Институционально-эволюционный подход. «Раритет», Алматы, 2000г
6. Мамыров Н.К. Основы предпринимательсва.Алматы, Экономика,1997г
7. Горфинкель В.Я. Курс предпринимательства.-М: «Макс»1997г
8. Мороз.С.П. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық. Алматы. 2009ж
9. Предпринемательское (хозяйственное) право. Учебник. Отв. Ред О.М.Олейник. Т.1. – M 2000ж
10. Кембелл Р. Макконелл,Стенли Л. Брю. Экономика. М: «Республика», 1992гю., том 2
11. Осипова Ю.М. Основы предпринимательской деятельности.М: Инфра. 1992г
12. Ашимбаева А.Т. Структура экономики: закономерности формирования, тенденции и приоритеты развития.-А.:Дайк-Пресс, 2000.-239с.
13. Туровец О.Г. Организации производства на предприятиях: Р-Д,2000г
14. Грузинов В.П. Экономика предприятия.-М:Банки и биржи, ЮНИТИ-1998г
15. Хэй Д., Морим Д. Теории организаций промышленности: Экономическая школа,1999г
16. Гелбрейт Дж.Экономические теории и цели общества.-М: Прогресс,1976г
17. Л.Р. Хард. Благосостояние для всех.-М: Дело,2001.332с
18. Елемесов Р.Е. Переходная экономика: проблемы методологии и теории.-А: Қазақ университеті, 1998.-366с
19. Шеденов У.К. Сфера обслуживания: экономика развитого социлизма и удовлетворение насущных потребностей народа. А: Казахстан, 1983.-224
20. А.В.Сидарович, А.Б.Абішев. Ұлттық экономика. Алматы. 2010 ж.
21. Друкер П.Рынок: как выйти в лидеры. Практика и принципы.М: «Форматика»,1992.-164с
22. Стиглиц Дж.Экономика государственного сектора.-М.:Инфра-М:1997г
23. Хоскинг А. Среда предпринимательства. Курс предпринимательства.-М.,1993г
24. Панкратов Ф.Г. Коммерческая деятельность. М.: «Маркетинг», 1996г
25. Есентугелов А. Путь Казахстана к рынку был долгим и тернистым, но не напрасным (к десятилетию экономических реформ) / Экономика и статистика. – 2001. №2. – С.11-15
26. Сатубалдин С.С. Азиатский кризис и экономика Казахстана / Материалы Международной конференции, посвященной 10 – летию независимости РК. – Алматы, 2001. Часть1. – С.49
27. И.С.Елшібаев. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негіздері. Алматы. 2010ж.
28. Кабдиев Д.К. Рост государственного регулирования в условиях к переходу к рынку / Материалы международной конференции, посвященной 10-летию независимости РК. – Алматы, 2001. – Часть1. – С.49
29. Қазақстан Республикасының идустриалдық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы. – Алматы. – 2003. б52
24. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін. «Егемен Қазақстан». Алматы 19/03/04
25. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Жаңа кезең - жаңа экономика. «Егемен Қазақстан». Алматы. 16.12.04.
26. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстан экономикалық-әлеуметтік және жедел жаңару жолында. «Егемен Қазақстан» Алматы. 19/02/05
27. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Қазақстанның әлемдегі 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, «Егемен Қазақстан» 01.03.2006.
28. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдау. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясатың басты мақсаты. «Егемен Қазақстан» 2008ж.
29. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы. Еліміздің жасампаздық жолын жалғастырудың басым бағыттарын белгілеп берді.
30. Кулкеев Ж.А. Бесять лет рыночных реформ во имя будущего процветания Казахстан. Банки Казахстана. 2001. с 18-20.
31.Конституция РК-Алматы-1995г.
32.Закон РК «О Республиканском бюджете на 2007г от 1512.2001г.» (Казахстанская правда, 30 декабрь, 2006г )
33.Закон РК «О труде в Республике Казахстан»- Юридическая газета,1999
34.Закон РК «О недобросовестной конкуренции». – Вести Парламента РК. 1998г.№9-10
35. Закон РК «О гасударственных прямых инвестициях».- Казахстанская правда. 1997г., 1 марта
36.Закон РК «О банкротстве».- Казахстанская правда. 1997г., 25 января.
37. Закон РК « О гасударственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций» от 12.07.2003года.
38. Закон РК. «Об естественных монополиях». Казахстанская правда. 1998г. 24 ноября
39.Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы №124-ІІІ Заңы // Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік.
40.Нормативтік актілер жиынтығы. – Алматы: Юрист, 2006. -268 б.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік іс-әрекеттің қалыптасуы және даму
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және оның формаларының
сипаты ... ... ... ... ... 10
2. Қазақстандағы кәсіпкерлік іс-әрекетті құқықтық реттеу жағдайы
2.1 Қазақстан республикасының кәсіпкерлік қызмет туралы заңдары: құрылу
және даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 26
3. Қазақстан Республикасының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі
кәсіпкерлік іс-әрекеттің рөлі және маңыздылығы
3.1 Қазіргі кездегі кәсіпкерлік қызметті талдау және тиімділігін
бағалау ... ... ..35
3.2 Кәсіпорындағы инновациялық кәсіпкерлік қызметтің экономикалық дамудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
3.3 Мектеп және колледж білім беру ортадағы кәсіби мамандарды
дайындаудағы
кәсіпкерлік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...47
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..60
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 62
Кіріспе
Қазіргі кезде әлемдік және отандық экономикада терең әлеуметтік ––
экономикалық өзгерістер орын алуда. Кәсіпкерлік теориясы мен қазіргі
тәжірбиесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасау, қолдану, міндетті түрде
Қазақстан экономикасын одан әрі дамытып жетілдіретіні сөзсіз. Кәсіпкерлік –
бұл коммерцияның табысқа жетуді көздейтін іс-әрекет, кәсіпкер кәсіпорынды
иемденетін адам, немесе иемденушінің атынан кәсіпорынның жұмыстарын
басқаратын өкілетті менеджер ретінде қарастырылады.
Кәсіпкерлік қызметті зерттеу проблемаларының маңыздылығы мен
өзектілігі - теориялық негіздеріне кәсіпкерліктің алғашқы атауынан бастап,
қазіргі кездегі ғылыми сараптамалардан өткізіп басты қызметтерімен,
ерекшеліктеріне сипаттамалар жасалды. ХVІІІ ғасырдан бастап көрнекті
ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, негізгі концепцияларына көңіл бөлінді.
Атап айтсақ, Р.Контильон, Н.Баум, Ж.Б.Сэй, А.Смит, Дж.Кларк, А.Маршал, және
Д.Шумпетердің жетістіктеріне тоқталдық. Кәсіпкерлік қызмет қазіргі кезде
басты өзекті мәселелердің бірі, себебі кез-келген ұлттық экономиканың
дамуын қамтамасыз ететін негізгі өндіруші күш деп атауға болады.
Кәсіпкерлік қызметі капитал мен еңбекті айналысқа келтіру негізінде
жоспарды жасап, оны келешекте орындау іс-шараларын егжей-тегжейлі
көрсетілді. Кәсіпкерлік қызметтің мәні - өндіргіш күштерді жаңадан, қайта
ұйымдастырып, құрамдастыруы жайында қарастырылады. Сонымен қатар теориялық
мәселеде кәсіпкерліктің негізгі формаларын анықтап, олар қызметтері мен
операциялары жайында жан-жақта көрсетіледі, талданады. Мысалы, коммерциялық
кәсіпкерлік қызметі, өндірістік кәсіпкерлік қызметі, қызмет көрсету,
инновациялық, өндірістік тұтыну және ақпараттық қызмет түрлерінің
тармақтарына бөлінді.
Кәсіпкерлік қызметінің мақсаты – теоретикалық өңдеулерге талдау жасау
арқылы қазіргі кездегі кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерін,
артықшылықтары мен кемшіліктерін баға беру болып табылады. Кәсіпкерлік
қызметі,іс-әрекеті,дамуы, бәсекелік аясына байланысты маңыздылықтарына
сипаттама жасалады. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет жағдайы жайында ерте
заманнан бастап, әйгілі Жібек жолындағы халықаралық сауданың роліне, орта
ғасырдың кәсіпкерлік ерекшеліктерін қамтып, қазіргі уақыттағы шағын, орта
және ірі бизнестің даму сипатын анықтап талдау жасалды. Он жыл бойы
белсенді мемлекеттік қолдау отандық кәсіпкерліктің сандық іргетасын қалауға
мүмкіндік берді, дегенмен бизнестің толыққанды саналы дамуына әлі де болса
ойдағыдай жетістіктерге шет қойған жоқ. Ағымдағы жағдайда мемлекеттің
стратегиясының мақсаттары тұрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың жаңа кезеңіне
өтудің мүмкіндігі туып отыр. Сондай-ақ, әлемдік тәжірбиеге көңіл бөліп
кәсіпкерлікті дамытудың оң салдарын іздеп, жан-жақты тиімді жолдарын
іздестірудеміз. Қазіргі кездегі экономикалық жетістіктеріне кәсіпкерліктің
үлесі де баршылық.
Кәсіпкерлік қызметінің зерттеу нысаны және пәні - капитализм жүйесінің
пайда болуынан бастап байлыққа деген ұмтылыс, шексіз пайданы алуға ынта
тудырды. Кәсіпкерлердің іс-әрекеті мәдени шеңберге ие бола отырып,
мамандандырылыған сипатқа ие болды. ХІV ғасырдың ортасынан бастап
акционерлік капитал пайда болып, акционерлік қоғамдар құрыла бастады. Сауда
қатынастары әлемде кеңінен таралып дамыды. Шағын жәнет орта бизнес
арасындағы айырмашылық ұлғайды. Жалпы осы кезеңнен бастап, максималды пайда
болу мотиві күшейді. Жаңа мамандар-жетекші менеджер және ірі өндірісті
ұйымдастырушы мамандықтар қалыптасты. Экономистер, қаржыгерлер,
бухгалтерлер, заңгерлер, конструкторлар, технологтар мамандықтары пайда
болды.
Қазіргі уақытта шағын, орта және ірі бизнес даму үстінде, жылдан-жылға
кәсіпкерлер қызметінің саны артып келеді. Кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы
теориялық концепциялар отандық ғалымдардың еңбектерінде жиі кездеседі, атап
айтсақ академик Шеденов Ө.Қ., профессор Искалиев М.Е., профессор Жатқанбаев
Е.Б., профессор Елемесов және тағы басқалар. Кәсіпкерлік қызмет көрсетуде
мемлекетімізде өте қолайлы жағдайлар және жеңілдіктер жасалған, тек әрине
әлі де болса әкімшілдік-әміршілдік жүйенің осы саланың қарқынды дамуына
кедергілердің бар екені белгілі. Қазақстан қысқа мерзім ішінде нарықтық
қатынасқа бейімделіп, өз беделін көтере бастады. Қазір тек Қазақстан аумағы
ғана емес, ТМД елдерінің аумақтарында қаржыларын салып, кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастыра бастады. Ал, сонымен бірге ҚР аумағында шетел капиталы
қатысқан кәсіпорындарының қызметі Еуропа, Азия, Америка елдерінің
капиталымен де жүзеге асырылып отыр.

эволюциясы.
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының көптеген
факторларының ішінде кәсіпкерлік қызмет және оның субъектілері, яғни
кәсіпкерлер маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерліктің мәні мен маңызын ашу, оның
негізгі белгілерін анықтауға экономика ғылыми үш ғасырдан астам уақыттан
бері өзіндік үлес қосып келеді. Алайда, үздіксіз жүргізілген зерттеулер
негізінде кәсіпкерлік түсінігі жаңа элементтермен толыға түсті. Ол өз
кезегінде кәсіпкерліктің мәні мен мазмұнын толық ашуға септігін тигізеді.
Бірақ ол қоғам мен экономиканың дамуына сәйкес жүйелі түрде зерттеуді қажет
етеді. Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы орта ғасырлардан бастау алса,
кәсіпкер түсінігін алғаш рет ағылшын экономисі Ричард Контильон ХVII-XVIII
ғасырдың басында енгізген. Оның пікірінше, кәсіпкер-ол жағдайында іс-
әрекетін жүзеге асыратын адам. Кейінірек атақты француз экономисі Ж.Б. Сэй
(1767-1832) кәсіпкерлік қызмет негізгі үш өндіріс факторының, яғни жер,
капитал, еңбектің өзара үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп
сипаттаған. Ол кәсіпкерді тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы
үшін қандай да бір өнім өндіруді қолға алған адам деп есептейді.
Кәсіпкерлік ғылыми талдаудан кейін адамдар оның маңызы мен мәнін жақсы
түсіне бастады. Бастапқыда (ХVI ғ.) кәсіпкерлік тәуекелмен байланысты және
табыс алуға бағытталған қызмет, ал кәсіпкер капиталдың меншік иесі деп
қабылданды (Р.Контильон, А.Смит, Д.Рикардо), осы пікір кезеңде атқарылған
кәсіпкерлік қызметтің айқын байқалған белгілермен өте үйлескен болатын. Ал
ағылшынның экономист-ғалымы А. Смиттің (1723-1790) пікірінше, кәсіпкер-
капиталдың меншік иесі бола отырып, белгілі бір коммерциялық идеяларды
жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баруы.
Кейінірек атақты француз экономисі Ж.Б. Сэй (1767-1832) кәсіпкерлік
қызмет негізгі үш өндіріс факторының , яғни жер, капитал, еңбектің өзара
үйлесуі мен бірігуі нәтижесінде орын алады деп сипаттаған. Ол кәсіпкерді
тәуекелге бара отырып, өз есебінен өз пайдасы үшін қандай да бір өнім
өндіруді қолға алған адам деп есептейді.Кейіннен (XIX ғасырдың ортасынан
бастап), меншік пен басқару функцияларының жеке бөлінуіне орай
кәсіпкерліктің маңызы өндірісті ұйымдастыру мен оны басқару саласына ауысты
(Ж.-Б. Сэй, Дж.С.Милль). Жаңа классикалық теорияның осы түсініктерді
дамытуына байланысты кәсіпкер өндіріс факторларын үйлестіретін менеджер, ал
кәсіпкерлік ерекше басқарушы функция ретінде қабылданатын болады
(А.Менгелл, К.Менгелл, Л.Вальрас, Ф.Визер, Дж.Р.Хикс).
XIX-XX ғасырларда кәсіпкерлік институтының рөлі мен мәні күшейе түсті.
Француз экономисі А.Маршал (1907-1968) жоғарыда атап өткен үш өндіріс
факторына (жер,капитал,еңбек) төртінші фактор ретінде ұйымдастыруды қосты.
Ал, американдық экономист Дж.Б.Кларктың (1847-1938) пікірінше, өндіріс
процесінде төрт фактор тұрақты түрде қатысады. Олар: капитал, капиталдық
игіліктер, жер мен өндіріс құралдары, кәсіпкерлік қызмет, жұмысшының
еңбегі. Осыған байланысты әрбір факторға өндірістік түсімнің өзіндік үлесі
тән болуы керек: капитал – капиталиске пайыз түрінде, капиталдық игіліктер
– рента түрінде, кәсіпкерлік қызмет – пайда түрінде үлесті алып келсе,
жұмысшылар еңбегі оған жалақыны қамтамасыз етеді. Кейініректе
кәсіпкерліктің функцияларының маңызы өте жоғары бағаланып, енді ол жер,
капитал мен еңбекпен қатар өндірістің ерекше факторы ретінде қарастырыла
бастады (А.Маршалл, Д.Б.Кларк). Ең соңында, XX ғасырда кәсіпкерліктің
маңызы одан сайын тарылып, енді ол тек жаңашылдық қызмет ретінде
қабылданатын болды (Й.Шумпетер). Танымал американдық ғалым, Й.Шумпетер
(1883-1950) кәсіпкер түсінігін новатор ретінде сипаттайды. Атап айтатын
болсақ, кәсіпкер – бұл жаңа технологияларды әзірлейтін новатор (жаңашыл).
Басқаша айтқанда, ол өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастырады, үйлестіреді
және олардың қозғаласы өз кезегінде жалпы экономикалық өсімге немесе
өндіріс циклінің жеделдеуіне алып келеді. Оның ойынша, кәсіпкердің
функциясы – экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, капиталистік экономиканың
дамуында маңызды рөл атқаратын жаңашылдықты жүзеге асыру. Осыған байланысты
Шумпетер кәсіпкерлік қызметті іске асыруда пайдаланылатын немесе
ескерілетін негізгі мәселелерді атап көрсеткен. Оларға төмендегілер
жатқызылады:
• жаңа өнімдер өндіру және қызметтер көрсету;
• өндірістің жаңа әдістерін анықтау немесе жаңа технологиялар енгізу;
• өткізудің жаңа нарықтарына ие болу;
• жабдықтаудаң (шикізіттың) жаңа көздеріне ие болу мүмкіндіктері;
• ұйымдастырудың жаңа нысандарын анықтаудың қажеттілігі.
Кәсіпкерліктің жаңашылдық, ал кәсіпкердің экономикадағы ілгері
жылжытатын қозғалтқыш күш болып табылатын адам ретінде қабылдануы ғылыми –
техникалық революция өрістеген кезеңмен әбден үйлесіп, жуық арада өктемдік
ете бастады. Осы идея кейіннен одан әрі дамып, енді ол қайта құратын күшке
(Л.Мизес, О.Уильямсон, Д.Норт) айналды.
Марксистік теорияда кәсіпкерлік мүлдем басқа жағынан қарастырылған.
К.Маркс кәсіпкерліктің маңызын меншік қатынастарының ерекшелігімен
салыстыра келе, кәсіпкерді қызметі жалдамалы қызметкерлерді пайдалану
арқылы капиталдың өсуін қамтамасыз ететін жұмыс істейтін капиталист ретінде
сипатталады [20, 38б.].
Кәсіпкерлікті жоғарыда аталған ғалымдардан басқа да көптеген экономист-
ғалымдар әр аспектіде қарастырған. Зерттеушілердің бір тобы, кәсіпкерлікті
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы қаржылық
міндеттемелерін өтеу мен жеке істің дамуын қанағаттандыру үшін түрлі
қызметтер аясында еркін экономикалық қызмет ету, нарық субъектілері мен
қоғамның нақты тұтынушыларының сұраныстарын өнім өндіру (жұмыс орындау,
қызмет көрсету) арқылы қанағаттандыру жане пайда табу мақсатындағы іс-
әрекет ретінде қарастырса, тағы бір тобы кәсіпкерлікті меншік иелерінің
инновациялық іс-әрекетіне негізделген, жаңа идеяларды табу және оларды
қолдану, сондай-ақ, нақты кәсіпкерлік жобаларға енгізуге бағытталған
шаруашылық жүргізу қағидаларының жаңа түрі ретінде сипаттайды.
Кәсіпкерліктің дамуы тауарлық шаруашылықтың дамуымен тығыз байланысты.
Даму кәсіпкерліктің ауқымы мен салаларының, сондай-ақ оның жұмыс істейтін
нысандарының өзгеруіне ықпал етті.
Кәсіпкерлік бастама төрелік етумен, яғни тауарларды нарықтан нарыққа
тасумен байланысты сауда қызметінен басталады, ал бағадағы айырма табыс
көзіне айналды. Сол кезеңде кәсіпкерлік бағынысты, қосалқы рөл атқарды, ал
оның функциясы пайдамен салуды іздестірумен шектелді. Кәсіпкерлікке ең
басты – тәуекелдің жоғары дәрежесі мен пайданы барынша арттыру тән еді.
Кәсіпкерлік функция өзінің қызметінің барлық қырларын бір өзі анықтайтын
және оның нәтижесі үшін өзі жалғыз жауап беретін меншік иесінің монополиясы
болды.
Өндірістің индустриялық кезеңіне көшуіне орай енді кәсіпкерлік
материалдық өндіріс саласына ойысты. Ендігі жерде кәсіпкерлік табысқа жету
үшін нарықтағы бағалардың айырмасын пайдаланып емес, қолданылатын
факторларды ұтымды үйлестіріп, яғни өндірістің тиімді тәсілдерін қолдану
қажет болды. Кәсіпкерліктің қызмет түріндегі рөлі артып келеді. Қызметтің
күрделенуінің салдарынан кәсіпкерлік функциялар да күрделенеді, сол
себептен кәсіпкерлік ұйымның басқару құрылымына сәйкес қызметті орнықтыру
қажет болып, кәсіпкерлік функция меншік иесінің монополиясы болудан қалды.
Кәсіпкерліктің сипаттамасы:
Анықтама – бастамашыл, шаруашылық тәуекелмен байланысты және бәсекелік
артықшылыққа жетуге және оны сақтауға бағытталған, сондай-ақ табыс алу және
меншікті молайту мақсатында жүгізілетін қызмет;
Белгілер – Шаруашылық бастама. Комерциялық тәуекел. Шаруашылық
жауапкершілік. Факторларды үйлестіру. Жаңашылдық;
Уәж (мақсат) – табысты алу және меншікті молайту;
Маңызы - өзінің имманенттік мақсатына жеткізетін бәсекелік артықшылыққа
жету және оны сақтау;
Мәні – жарысу қағидасымен жүзеге асырылатын нарықтық алмасу арқылы
пайда алу;
Нысандары – жеке кәсіпкерлік: шағын тауарлық, капиталистік, ұжымдық
кәсіпкерлік, мемлекеттік кәсіпкерлік;
Функциялар – 1) Шаруашылық ортаға бейімделу: барынша аз шығын жұмсап
барынша көп өнім шығару; кәсіпорын активтері құнының және оның қаржылық
тұрақтылығының өсуін қамтамасыз ету; ресурстармен нарықтық және нарықтық
емес нысандарын оңтайландыру; кызметкерлердің сана-сезімінде кәсіпкерлік
қызметке қатысу сезімін қалыптастыру; тұтынушылардың сұранысын анықтау. 2)
Шаруашылық ортаны қайта құру: экономикалық: қоғамдық өндірістің
тиімділігінің өсуіне көмек көрсету; нарықтық тепе-теңдіктің орнығуына көмек
көрсету; институционалдық: шаруашылық ортаны өзгерту; жаңа нарықтық
институттар құру; әлеуметтік: қоғамның әл – ауқатының өсуіне көмек көрсету;
басқару мен меншікті басқаруды демократияландыруға көмек көрсету; қоғамның
әлеуметтік интеграциясына көмек көрсету [27, 23б.].
Қоғамның постиндустриялық даму кезеңінде шаруашылық жүргізудің басқа
басымдықтары пайда болды. Енді кәсіпкердің қызметінің негізгі буынына
ресурстарды ұтымды пайдалану ғана емес, шаруашылық жүргізудің нысаны мен
тәсілін ұтымды ету айналды. Жеке нәтижені барынша арттыру емес шаруашылық
ұйымның ұзақ мерзім бойы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты қойылады.
Қазіргі уақытта өзгеретін жағдайға бейімделуге емес, шаруашылық жүргізу
жағдайын қоғамдық тұтыну мен өндірістің даму тенденциясына сәйкес қайта
құруға бетбұрыс жасалады. Сондықтан инновациялық қызмет кәсіпкерлікке тән
негізгі белгі ретінде танылып, кәсіпкерлік қоғамдық өндірісте басты рөл
атқара бастады. Инновациялық функцияны бүкіл ұжымның күш – жігерін
жұмылдырып қана іске асыруға болады, сондықтан кәсіпкерлікті жүзеге асыру
үшін оған барлық қатысушылардың осы процеске жаппай тарту керек.
Кәсіпкерліктің маңызының өзгеру шамасына орай оның әлеуметтік бағасы да
өзгереді. Кәсіпкерлік қызметтің моральдық – этикалық жағынан толымсыз екені
жөнінде антика дәуірінде айтылып христиандардың догмаларында бекітілген
тұжырым (лайықсыз, күнәлі) жүздеген жылдар бойы сақталды. Қалыпты әрі
өзгермейтін өмір сүріп, патриархалдық шаруашылықпен айналысқан қоғам
орнығып қалған тыныс – тіршілікті өзгертуге бағытталған қызметі басқаша
қабылдай алмады. Ресурстарды ұтымды пайдалану мен жаңашылдық тұрақты
экономикалық өсудің негізгі факторына айналған индустриялық өндіріс
тұрпатына көшуге орай қоғам кәсіпкерлік қызметті басқаша қабылдай бастады.
Кәсіпкерлікті қандай да бір құштарлық қызмет ретінде қабылдау қате. Алайда
кәсіпкерліктің атқаратын игілікті жұмысын ескермей оның тек алуға тырысуына
ерекше көңіл бөлу әділсіз болар еді. Кәсіпкерлік бастаманың арқасында жаңа
өнім мен қызметтер жасалып, жаңа өндіріс тәсілдері енгізіледі, сондай – ақ
жаңа нарықтар ашылады. Ал ең бастысы кәсіпкерлік материалдық мәдениетті
дамытуға ең шығын жұмсалатын фактор екені.
Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде қалыптасу кезеңінде
экономикалық реформалардың табысты жүзеге асуына ерекше назар аударды.
Өйткені ұзақ жылдар бойы үстемдік еткен жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға өту тұсында оның маңыздылығы жоғары болды. Осыған байланысты
елімізде меншіктің әр түрлі нысандарының қалыптасуы және соның негізінде
кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне жол беру кәсіпкерліктің қалыптасуы мен
дамуының бастапқы алғышарты болып табылады.
Қазақстанда кәсіпкерліктің пайда болуы мен қалыптасуы қайта құру
кезеңінен бастау алып тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жалғасын тапты.
Еліміздің негізгі заңнамалық құжаттарының бірі Азаматтық кодексте (Жалпы
бөлім, 1-бөлімнің 10-бабы) кәсіпкерлікке мынадай анықтама берген:
Кәсіпкерлік – меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы
таза табыс табуға бағытталған (жеке кәсіпкерлікке не мемлекеттік
кәсіпкерлікке негізделген) ынталы қызметті [27, 43б.].
Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және
мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Ал, мемлекет кәсіпкерлік
қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз
етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында атап көрсетілгендей,
әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды
кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Монополистік қызмет
заңмен реттеледі әрі шектеледі. Жосықсыз (әділетсіз) бәсекеге тыйым
салынады. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің негізгі қағидаларына келесілерді де
жатқызуға болады:
• кәсіпкерлік қызметке азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктері мен
қаражаттарын тарту;
• кәсіпкерлік қызметті іске асыру мен даму бағыттарын дербес анықтау
(жабдықтаушыларды, өткізу нарықтарын еркін таңдау, түрлері мен өндіріс
көлемін анықтау т.б.);
• материалдық, қаржылық, еңбек, табиғи және басқа да ресурстарды тарту
және пайдалану;
• салық және басқа да міндетті төлемдерді, міндеттемелерді төлегеннен
кейін қалған табыс көлемін бөлу еркіндігі.
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері ретінде мыналарды атап
көрсетуге болады:
• мүліктік және ұйымдастырушылық дербестік;
• тәуекел мен жауапкершіліктің болуы;
• экономикалық мүдделілік немесе табыс табу;
• қоғамдық қажеттілікті және сұранысты қанағаттандыру үшін өнім өндіру
(жұмыс орындау,қызмет көрсету);
• заң шеңберінде іскерлік іс-әрекеттерді жүзеге асыру [27, 33б.].
Кәсіпкерлік экономикада маңызды орынға ие бола отырып бірқатар маңызды
функцияларды орындайды. Олардың қатарына жалпы экономикалық, ресурстық,
жаңашылдық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, шаруашылықтық және жекетұлғалық
функциялар жатқызылады.
Кәсіпкерлік қызметті тиімді әрі тұрақты түрде жүзеге асыру үшін белгілі
бір шарттар немесе жағдайлар жасалуы тиіс. Әдетте,олар экономикалық,
әлеуметтік және құқықтық шарттар түрінде қарастырылады. Осы аталған
шарттардың әрқайсысына қысқаша тоқталайық.
Экономикалық шарттар:
• меншіктің әр түрлі нысандары мен типтерінің болуы және олардың өзара
бәсекелесуі;
• мемлекеттің тұрақты экономикалық саясаты;
• кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымның дамуы;
• ақша қаражаттары және олардың қол жетерлік болуы;
• төлем төлеуге қабілетті сұраныстың болуы (тұтынушылардың төлем
қабілеттілігі);
• бос жұмыс орындарының болуы, жұмыс күшінің жетіспеушілігі немесе артық
болуы;
• ұтымды сыртқы экономикалық саясат, отандық тауар өндірушілерді қорғау
және т.с.с.
Әлеуметтік шарттар:
• белгілі бір талғамға, сәнге (модоға) сәйкес келетін тауарларды сатып
алу;
• еңбек жағдайы және жалақы деңгейі;
• кәсіпкерлер мамандарын даярлау, қайта дйярлау және біліктіігін
арттыру;
• кәсіпкерлік қызметі жүзеге асыру және кәсіпорынды басқару бойынша
кеңес беру орталықтарын құру;
• кәсіпкерлік этика мен мәдениет деңгейі және т.б.
Құқықтық шарттар:
• кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдайлар жасайтын және кәсіпкерлік
қызметті реттейтін тиімді әрі тұрақты құқықтық база (негіз);
• дамыған антимонополдық (монополияға қарсы) заңнама және оны жүзеге
асырудың нақты әрекет ететін механизмдердің болуы;
• интелектуалдық меншікті (өнертапқыштық, патент, лицензия т.б.) тиімді
қорғау жүйесі
• кәсіпорынды тіркеу мен таратудың оңайлатылған тәртібі;
• өндірістік кәсіпкерлікті ынталандыру бағытында салықтық заңнаманы
жетілдіру.
1.2. Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және оның формаларының сипаты
Кәсіпкерлік адам қызметі салаларының бірі болып табылады, ал
кәсіпкерлік қызмет - бұл кәсіпкерлікті ұйымдастыру және іс жүзіне асыру
бойынша орындалатын әрекеттер жиынтығы. Кәсіпкерліктің, өркендеуінің
алғышарты болып тауар-ақша қатынастары, ел және аймақ экономикасының
орнықты дамуының экономикалық заңдылықтарын жанама түрге айналдыратын
объективті экономикалық заңдар саналады.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл шаруашылық қызметтің кәсіпкерлік қызмет
субъектісінің пайда (табыс) табуға бағытталған өз бетінше жүргізетін
бастамашылық қызметі болып табылатын түрі. Өз кезегінде, шаруашылық қызмет
– ол тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша
мемлекеттік билік және басқару органдары, сонымен қатар шаруашылық
жүргізуші субъектілер тағайындаған ережелерге сай жүзеге асырылатын
экономикалық қызмет түрлерінің бірі. Экономикалық қызмет – бұл өндірісті,
сауда-саттықты, көлік, қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.
ұйымдастыруға бағытталған экономика саласындағы кез келген қызмет.
Экономикалық қызмет өндірісті, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды
қосқандағы материалдық және рухани игіліктер үдерісінен көрініс табады.
Егер осы ұғымдарды салыстыратын болсақ, онда төмендегіні айқындауға
болады: кәсіпкерлік қызмет – кәсіпкерлік тәуекелге негізделген және жүйелі
түрде пайда (табыс) табуга бағытталған шаруашылық қызмет. Шаруашылық қызмет
– кәсіпкерлік қызметке қарағанда кеңірек ұғым, өйткені оны іс жүзіне асыру
үшін кәсіпкердің ерекше мәртебесі болғаны талап етілмейді, онымен
коммерциялық емес ұйымдар да айналыса алады (егер бұл олардың мақсат-
мұраттарына сай келсе және заңға қайшы болмаса). Экономикалық қызмет -бұл
өте терең ұғым, ол барлық тауар өндірісін қамтиды және адамның
қажеттіліктерін өтеуге, оның өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған.
Экономикалық қызмет экономика саласында заң жолымен іс-әрекет жасауға
қабілетті кез келген тұлға, заңды – тұлға мәртебесі жоқ кейбір ұжымдық
құрылымдар, көпшілік құрылымдар, сонымен қатар, тұтастай алғанда, қоғам
мүшелері алынатын экономикалық табыс есебінен материалдық және рухани
(материалдық емес) игіліктер жасау, жеке адамның әртүрлі мұқтаждықтарын
қанағаттандыру мақсатында айналыса алатын жалпы пайдалы (әлеуметтік) қызмет
түрі болып табылады.
Қазақстан Республикасы заңдарында кәсіпкерлік қызмет түсінігінің
орнына кәсіпкерлік деген термин енгізілген (соған сәйкес мемлекеттік және
жеке кәсіпкерлік деп ажыратылады). Сөйтіп, жеке кәсіпкерлік деп жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің табыс табуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және олардың тәуекелдері
мен мүліктік жауапкершілігі үшін жеке кәсіпкерлік субъектілері атынан
жүзеге асырылатын бастамашылық қызметін айтамыз (Жеке кәсіпкерлік туралы
ҚР Заңы 1-бабының 5-тармағы). Сондықтан заң шығарушы жеке кәсіпкерліктің
белгілері ретінде мыналарды атайды: 1) бастамашылық; 2) табыс табу; 3)
меншіктің болуы; 4) кәсіпкердің тәуекелі; 5) кәсіпкердің дербес мүліктік
жауапкершілігі [27, 34б.].
Сол себепті кәсіпкерлік қызметтің зандық белгілері қатарына
төмендегілерді жатқызу керек: 1) кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы және
дербестігі; 2) меншіктің болуы; 3) тәуекел сипаты; 4) пайда (табыс) алуға
деген мүдделілік.
Кәсіпкерлік қызметтің бастамашылығы мен дербестігі: кәсіпкердің жұмыс
бағыттары мен әдістерін таңдау еркіндігі, шешімдерді тәуелсіз қабылдауы,
әлдекімдердің жеке істерге жосықсыз араласуына жол бермеуі, құқықтарын
кедергісіз жүзеге асыруы, олардың сақталуын, сот арқылы қорғалуын
қамтамасыз етуі дегенді білдіреді. Кәсіпкер кез келген заңға қайшы
келмейтін келісім талаптарын өз қалауы бойынша айқындап алуға, өзінің
құқылары мен міндеттерінің ауқымын белгілеуге құқылы. Оған қоса,
кәсіпкердің бастамашылығы мен дербестігі оның жекелей тәуекелінде және ҚР
Азаматтық кодексіне сәйкес жоғары деп танылатын (себебі, кәсіпкердің
кінәсіна байланыссыз орын алады) жеке мүліктік жауапкершілігінде көрініс
табады. Кәсіпкерді жауапкершіліктен босататын жалғыз негіз жеңе алмайтын
төтенше күш (форс-мажор) жағдайлары болып табылады. Ақыр соңында,
кәсіпкердің қызметі заңмен (бірақ мемлекеттің дара кұзырына жатқызылған
мәселелер (конституциялық құрылыс негіздерін, басқа адамдардың
адамгершілігін, денсаулығын, құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау, елдің
қорғанысын және мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету) бойынша ғана)
шектелуі мүмкін.
Меншіктің болуы кәсіпкердің өз қызметін жүзеге асыруының негізі болып
табылады. ҚР Конституциясының 26-бабының 4-тармағына сәйкес, кез келген
адам өзінің мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалануға
құқылы. Сонымен бірге белгілі бір мүлікті иелену кәсіпкерлік қызметпен
айналысуға мүмкіндік береді, яғни кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға
қажетті шарт болып табылады. ҚР Азаматтық кодексі айқын бекіткендей, меншік
кұқығымен шаруашылық жүргізу немесе тікелей басқару үшін оқшау мүлкі бар
ұйым заңды тұлға деп танылады (33-баптың 1-тармағы), сондықтан оқшау
мүліктің болмауы қандай да бір ұйымның заңды тұлға, тиісінше кәсіпкерлік
қызмет субъектісі деп танылмауына себеп болады.
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды белгісі пайда, табыс табу, өзара тиімді
нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Пайда ақша қаражаттары түрінде де,
басқадай материалдық және материалдық емес құндылықтар түрінде де болуы
мүмкін. Бұл салынған капитал пайыздары, кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асырудан түскен үлес немесе тұтас пайда болуы да мүмкін. Табыс табу кез
келген түрдегі еңбекке қатысуға, оның ішінде өз капиталын да қатыстыруға
байланысты болады. Бұл табыстарды пайдалану көлемін және мүмкіндіктерін
ешкім де, ештеңе де шектей алмайды, кәсіпкер кәсіпкерлік қызметтен тапқан
пайдасының салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдерден
қалған бөлігін өз бетінше пайдалануға құқылы.
Айтарлықтай маңызға ие (бірақ қолданыстағы заңдарда бекітілмеген) тағы
бір белгісі ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың жүйелілігін атауға
болады. Кәсіпкерлік қызметтің жүйелілігі аталған қызмет біржолғы сипатта
емес және ұзақ мерзім немесе тіпті шектеусіз уақыт ішінде іске асырыла
алады дегенді білдіреді. Ондай кезде кәсіпкерлік қызметтің мазмұнын
құрайтын іс жүзіндегі нақты әрекеттер пайда табуға және мүлікті пайдалану,
тауарлар сату, жұмыстар орындау немесе қызметтер көрсету болып табылатын
түпкілікті кәсіпкерлік нәтижелерге жетуге бағытталуға тиіс.
Ақыр соңында, кәсіпкерлік қызметтің белгісі деп оның жария
(заңдастырылған) сипатын, яғни кәсіпкерлік қызмет субъектісінің тиісті
мемлекеттік органдарда кәсіпкердің: заңды тұлға немесе заңды тұлға құрмай,
азамат-кәсіпкер, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі нәтижесінде иеленетін ресми
мәртебесі болуын айтуға болады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тіркеусіз
де атқаруға болғанмен, алайда аталған тұлғалар солай-ақ кәсіпкер бола
алмайды, керісінше, заңсыз кәсіпкерлік, яғни тіркеусіз немесе арнайы
рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асырылған кәсіпкерлік үшін, мұндай рұқсат
(лицензия) алу міндетті болып саналатын немесе лицензиялау шарттары
бұзылған жағдайда немесе қызметтің тыйым салынған түрлерімен айналысу, егер
бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі залал келтірсе немесе
ірі көлемде табыс табуға немесе акцизді тауарларды елеулі көлемде өндіру,
сақтау немесе сатуға байланысты болса, заңсыз әрекет ретінде жауапқа
тартылуы мүмкін (ҚР ҚК-нің 190-бабы).
Жеке және мемлекеттік кәсіпкерлік Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерліктің негізгі формалары болып табылады. ҚР Азаматтык кодексі
меншік түріне қарай жеке және мемлекеттік кәсіпкерліктің аражігін ажыратып
көрсетеді - жеке кәсіпкерлік жеке меншікке, ал мемлекеттік меншік
мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықпен басқару құқына негізделген (ҚР АК 10-
бабының 1-тармағы). Мемлекеттік кәсіпкерлік деп мемлекеттің өзінің
кәсіпкерлік қызметін емес, а шаруашылық жүргізу құқы бар мемлекеттік
кәсіпорындар іске асыратын кәсіпкерлікті түсіну керек. Мемлекет кәсіпкерлік
қызмет субъектісі бола алады және екі қасиетте: кәсіпкерлік қатынастарды
реттеуші (сатылас қатынастар) және кәсіпкерлік қатынастардың жай қатысушысы
(деңгейлес қатынастар) ретінде әрекет етуі мүмкін. Соңғы жағдайда дәл сол
мемлекеттік кәсіпкерлік туралы сөз болып отыр. Демек, мемлекеттік
кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-құқықтық формасы мемлекеттік кәсіпорын болып
табылады [27, 41б.].
Ақырында, мемлекеттік меншік түріне байланысты мемлекеттік
кәсіпорындарды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: 1) республикалық
мемлекеттік кәсіпорындар (яғни республика меншігіндегі кәсіпорындар); 2)
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар (коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар)
(Мемлекеттік кәсіпорындар туралы Заңның 1-бабы, 2-тармағы).
Сонымен қатар мемлекеттік кәсіпкерліктің ерекше ұйымдық-құқықтық
формалары болып ұлттық компаниялар және ұлттық холдингтер әрекет етеді. ҚР
Үкіметінің шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке
немесе ұлттық холдингке тиесілі және заңмен көзделген жағдайларды есепке
алмағанда (2003 ж. мамырдың 13-інде шыққан № 415-ІІ Акционерлік қоғамдар
туралы ҚР Заңының 34-бабы), ұлттық экономиканың құрамдас бөліктерін
құрайтын стратегиялық маңызды салаларда қызмет ететін акционерлік қоғамдар
ұлттық компания болып саналады. Құрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР
Үкіметі болып саналатын, ұлттық компаниялар мен басқадай акционерлік
қоғамдардың меншік кұқымен иеленген акциялар пакеттерін тиімді басқару үшін
құрылған акционерлік қоғам ұлттық холдинг болып табылады.
Кәсіпкерлік қатынастардың қатысушылары қатарына ұлттық басқарушы
компанияларды және ұлттық даму институттарын жатқызу керек. Ұлттық
басқарушы компания болып кұрылтайшысы және жалғыз акционері ҚР Үкіметі
болып табылатын, негізгі мақсаты ұлттық даму институттары және басқа да
заңды тұлғалардың меншік құқымен иеленген акциялар пакеттерін (қатысу
үлестерін) тиімді басқару болатын акционерлік қоғам саналады. Ұлттық даму
институттары - бұлар қызметінің негізгі мақсаты индустриялық-инновациялық
даму және кәсіпкерлік саласында жобаларды жүзеге асыру болып табылатын
акционерлік қоғамдардың ұйымдық-құқықтық формасында ҚР Үкіметінің шешімімен
кұрылған қаржылық, консалтингтік, инновациялық, сервистік ұйымдар.
Аяқтай келе, кәсіпкерлік қызметті тек коммерциялық заңды тұлғалар ғана
емес, сонымен қатар коммерциялық емес ұйымдар (мемлекеттік мекемелер) да
жүзеге асыра алатынын атап өткен жөн.
Жеке кәсіпкерлікті екі негізгі түрге - заңды тұлғалардың жеке
кәсіпкерлігі (мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кәсіпкерлігі) және жеке
тұлғалардың заңды тұлға кұрмаған кәсіпкерлігі (жеке кәсіпкерлік) деп бөлуге
болады.
Жеке кәсіпкерлік түрлеріне дара және бірлескен кәсіпкерлік жатады. Дара
кәсіпкерлікпен меншік құқымен өзіне тән мүлік негізінде, сонымен бірге
мүлікті пайдалануға және (немесе) билеуге басқадай кұқы бар (Жеке
кәсіпкерлік туралы Заңның 7-бабы, 2-тармағы) бір жеке тұлға айналысады.
Бірлескен кәсіпкерлікпен оларға ортақ меншік құқымен берілген мүлік
негізінде және мүлікті ортақ пайдалануға және (немесе) билеуге басқадай
құқы бар (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 7-бабы, 2-тармағы) жеке тұлғалар
тобы айналысады.
Бірлескен кәсіпкерлік формаларына мыналар жатады:
1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге
асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
шаруа (фермерлік) қожалығының немесе жекешелендірілген тұрғынжай
негізінде жүргізілетін отбасылық кәсіпкерлік;
жеке кәсіпкерлік ортақ үлес меншігі негізінде жүзеге асырылатын жай
серіктестік.
Жеке кәсіпкерлікті үш түрге саралауға болады: 1) шағын кәсіпкерлік
(шағын бизнес); 2) орташа кәсіпкерлік (орташа бизнес); 3) ірі кәсіпкерлік
(ірі бизнес). Бұл әлемнің барлық дамыған елдерінде қолданылатын жалпы
танымал бөлу.
Жеке Кәсіпкерлік туралы Заңның 6-бабы, 1-тармағына сәйкес, жеке
кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға тек азаматтық заңмен
көзделген ұйымдық-құқықтық формада құрыла алады, сол себепті коммерциялық
ұйымдардың жеке кәсіпкерлігінің ұйымдық-құқықтық формалары шаруашылық
серіктестік, акционерлік қоғам және өндірістік кооператив болуы мүмкін (ҚР
АК 34-бабы, 2-тармағы). Коммерциялық емес ұйымдарды айтатын болсақ (мекеме,
қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік
түрінде және заң актілерімен көзделген басқадай формада (ҚР АК 34-бабының 3-
тармағы), онда олар кәсіпкерлік қызметпен өздерінің жарғылық мақсаттарына
сәйкес қана айналыса алады.
Қазақстан Республикасында жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
төмендегі бағыттар: 1) жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері бойынша
заңдарды жетілдіру; 2) жеке кәсіпкерлік, бизнес-инкубаторлар, технологиялық
парктер, индустриялық аймақтар және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа
да нысандарын қолдау орталықтарын құру және дамыту; 3) бюджет қаражаты
есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің оқу-әдістемелік, ғылыми-
әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету қызметі бойынша жүргізіледі [4,
45б.].
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту формалары мыналар: 1)
мемлекеттік органдар жанынан жеке кәсіпкерлікті дамыту туралы мәселелерді
зерттеу және ұсыныстар әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құру;
2) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар жанынан сараптау
кеңестері қызметін ұйымдастыру; 3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың
қаржы институттарын кұру; 4) бизнес-инкубаторлар және индустриялық аймақтар
қызметін ұйымдастыру; 5) жер телімдерін, ғимараттарды, тұрғынжайларды
сатуды немесе тұрғынжайларды тұрғын емес етіп ауыстыруды ҚР заңдарына
сәйкес (мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жер
телімдерін, ғимараттарды, тұрғынжайларды сатады немесе ҚР заңдарына сәйкес
жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуын өзгертеді немесе ҚР тұрғынжай
қатынастары туралы заңына сәйкес сатып алу-сату шартына немесе қажетті
инфрақұрылымға қосуға арналған техникалық шарттар рұқсаттамасына сәйкес
тұрғынжайды тұрғын емес етіп қайта жабдықтауға рұқсат береді) орындау.
Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамытудың тағы бір формасы
жеке кәсіпкерлікті өркендету үшін, экономикалық және ұйымдастырушылық
шарттарды қамтамасыз ететін индустриялық аймақтарды құру болып табылады.
Индустриялық аймақтар төмендегідей міндеттерді орындау үшін кұрылады: 1)
өнеркәсіп саласында жеке кәсіпкерліктің жедел өркендеуіне ықпал ету; 2)
жаңа өндірістер инфрақұрылымын кұру және дамытуға кететін шығындарды
оңтайландыру; 3) өндіріс тиімділігін көтеру; 4) халықты жұмыспен қамтуды
қамтамасыз ету. Жеке кәсіпкерлікті мемлекетті қолдауды қамтамасыз етуде
жеке кәсіпкерліктің ақпараттық қамтамасыз етілуі маңызды рөл атқарады.
Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 23-бабына сәйкес тегін негізде таратуға
шек қойылмаған ақпарат пен материалдарды тарату үшін, жұрттың қолы жетерлік
телекоммуникация желілерінде (Интернет және басқаларында) барлық деңгейдегі
мемлекеттік органдар WЕВ-сайттар құруға және олардың жарнамаларын
қамтамасыз етуге міндетті болып саналады.
Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, мемлекеттік қолдаусыз шағын бизнес
субъектілері банкроттыққа ұшырамай қоймайды, өйткені олардың әрбір 10-ының
2-3-і ғана жұмыс істеп қала алады, сондықтан шағын бизнес ең бір тәуекелді
бизнес саласына жатады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдерде
шағын бизнес субъектілерін қолдау шаралары қабылданады, өйткені шағын
кәсіпорындар кәсіпкерлік және бәсекелестік орта құруда және оны қолдауда
үлкен рөл атқарғанмен, сонымен бірге өзінің шектеулі масштабтарына және
ресурстарына бола, нарықта ірі кәсіпорындарға қарағанда, тиімсіздеу
жағдайға тап болады да, олармен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Сол
себепті бұл елдердің мемлекеттік саясаты шағын кәсіпорындардың осындай
қабілеттерін өтеуге және оларға нарықта бәсекелестіктің толық құқылы
субъектілері ретінде әрекет етуге көмектесуге бағытталған.
Экономикасы дамыған елдердегі шағын бизнес мәртебелерінің қатарына
дәстүрлі түрде мыналар жатқызылады: 1) икемділік және шешім қабылдаудың
шапшаңдығы (шағын кәсіпорын қызметіне шаруашылық саясатты анықтай отырып,
өзгермелі нарық жағдайларына қатысты жеңіл талдау жасауға болады); 2)
кәсіпорынның шағын көлемдері өндіріс үдерісін тұтынушылар мен нарықтың
бүгінгі күнгі сұраныстарына (салықтардағы, жеңілдіктердегі өзгерістерге
шапшаң бейімделу, бәсекелестік ортадағы тұрақтылық) байланысты қайта реттеу
отырып, оны оңай бақылай алады; 3) кәсіпорын ішіндегі қарапайым
коммуникация байланыстары және тиісінше бұйрықтарға және өкімдерге жылдам
икемделу қызметтің тиімділігін көтереді; 4) ірі істе кесірін тигізетін жеке
қарым-қатынастар (байланыстар) шағын бизнесте оның негізін құрайды және
тиімділігін көтеруге кемектеседі.
Қолданыстағы заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі: 1) шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің мемлекеттік қаржы, статистикалық, материалдық-техникалық
және ақпарат ресурстарын, сонымен қатар ғылыми-техникалық зерттеулер мен
технологияларды пайдалануы үшін қажетті шарттар құру; 2) шағын
кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық
бағдарламаларын әзірлеу; 3) мемлекеттік тіркеудің және шағын кәсіпкерлік
субъектілерін таратудың оңайлатылған тәртіптерін белгілеу; 4) салық салудың
оңтайлы режимін тағайындау; 5) шағын кәсіпкерлікке кредит беру
бағдарламаларын қабылдау; 6) шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін
инвестициялар (оның ішінде шетелдік те) тарту және пайдалану; 7)
мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып
алудың кепілді көлемін қамтамасыз ету; 8) шағын кәсіпкерлікті қолдау және
дамыту үшін жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, консалтинг ұйымдарын және
ақпарат жүйелерін құру болып табылады [3, 36б.].
Қазақстан Республикасында әлі де экономика тұрақтылығын және
экономикалық өсуді қамтамасыз етуге негізделген өркениетті кәсіпкерлік орта
құру үшін қажетті шарттар құру міндеті тұр. Соған байланысты шағын бизнес
субъектілері қызметін іс жүзіне асыру үшін жеңілдік шарттарын құру
экономиканың жалпылай көтерілуіне және өндірістің құлдырауын жеңуге
септігін тигізетін ынталандыру болары сөзсіз.

2.1 Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызмет туралы заңдары:
құрылу және даму кезендері
Құқықтық реттеу құралы - қоғамдық қатынастардың оларға біртұтас
құқықтық форма қолдануға жол беретін біртектес тобы. Ол құқық жүйесінің
шешуші және бағалаушы белгісі ретінде қолданылады. Реттеудің өзіндік
құралының болуы құқықтың негізгі (дербес) салаларына ғана емес, сонымен
бірге құқықтың жан-жақты (кешенді) салаларына да тән.
Дәстүрлі түрде кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық құралының құрамына
қатынастардың үш тобы жатқызылады: 1) кәсіпкерлік мүліктік (деңгейлес
қатынастар); 2) кәсіпкерлік басқару (сатылас қатынастар);
3) кәсіпкерлік фирмаішілік (корпорациялық қатынастар) [27, 51б.].
Қатынастардың бірінші тобына кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметті жүзеге
асыру барысында пайда болатын қатынастар, оның ішінде кәсіпкер өз қызметін
іске асыру кезінде пайда болған коммерциялық қатынастар ғана емес, сонымен
бірге коммерциялық емес қатынастар да, оның ішінде заңды тұлғаларды құру
және тарату бойынша ұйымдастырушылық-мүліктік қатынастар; кәсіпкерлік
қатынастарға түскен коммерциялық емес ұйымдардың (мысалы, биржалар, тұтыну
кооперативтері, қоғамдық, қорлар және т.б.) ұйымдастырылуы мен қызметі
бойынша қатынастар кіреді.
Қатынастардың екінші тобын кәсіпкерлік (шаруашылық) қызмет субъектілері
және мемлекетік немесе соған өкілетті басқа да органдар арасында
қалыптасқан кәсіпкерлік (шаруашылық) қызметті ұйымдастыруға (реттеуге)
байланысты қатынастар құрайды. Мұндай қатынастар көпшілік-кұқықтық болып
табылады.
Қатынастардың үшінші тобына деңгейлесе де, сатыласа да қалыптаса
беретін шаруашылықішілік немесе корпорациялық деп аталатын натынастар
кіреді. Мұндай қатынастар бір кәсіпорын шегіндегі оның бөлімшелері
арасында, сонымен қатар солар және тұтас кәсіпорын арасында пайда болады.
Демек, кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық құралы құрамына деңгейлес (жеке
құқықтық) қатынастар және сатылас қатынастар енгізілген. Бұл қатынастар
көпшілік-құқықтық (мысалы, мемлекет қоғамның көпшілік мүдделерін жүзеге
асыра, бір мезгілде реттей де, бақылай да отырып, экономикалық қатынастарға
ықпал етеді) сипатқа ие.
Сөйтіп, кәсіпкерлік қатынастарды қоғамдық қатынастардың басқа
түрлерінен ерекшелендіріп тұратын белгілер төмендегілер болып табылады:
1) кәсіпкерлік қатынастар кәсіпкерлік қызметпен байланысты, өйткені оны
іске асыру барысында туады; 2) бұл қатынастардың тікелей қатысушысы болып
кәсіпкер немесе басқадай шаруашылық жүргізуші субъект саналады. Жиынтығында
осы екі белгінің талаптарына сай болған жағдайда ғана қоғамдық қатынастар
кәсіпкерлік болып танылады.
Егер құқықтық реттеу құралының сипаттамасы: оны не (қандай қоғамдық
қатынастар) құрайды деген сұраққа жауап берсе, онда әдіс сипаттамасы басқа:
аталған реттеу қалай (қандай құқықтық тәсілдер мен амалдар арқылы) жүзеге
асырылады деген сұраққа жауап берген болар еді. Соған сәйкес құқықтық
реттеу әдісі - бұл құқықтық қатынастар қатысушыларына құқықтық ықпал ететін
тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы болып табылады.
Кәсіпкерлік құқық қатынастарды тең дәрежеде реттеудің: құқықтық
реттеудің диспозитивтік әдісі (тараптардың теңдігіне негізделген) және
құқықтық реттеудің өктем әдісі (билік және бағыныштылыққа негізделген) деп
аталатын екі әдісін қолданумен сипатталады. Сөйтіп, қызметтің бір немесе
басқа түрін лицензиялау бойынша міндетті талаптарды белгілейтін нормаларды
іске асыру барысында лицензиялаушы органның директивалық ұйғарымдары
қолданылатын болады. Ондай кезде, егер лицензиялаушы органның ұйғарымы
талапқа сай болмаса, онда онымен келіспеушілік белгіленген тәртіппен
қаралып, заңсыз деп танылуы мүмкін. Бұл жерде тағы бір жағдай есепке
алынуға тиіс: мемлекеттік ықпал тек шектейтін, тыйым салатын ғана емес,
көтермелейтін де, үлгі алатын да сипатта болуы мүмкін. Сол себепті билікке
және бағыныштылыққа негізделген, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-
құлық ережелерін белгілеуге бағытталған көпшілік-құқықтық реттеу тыйым
салу, шектеу, ұсыныс беру, көтермелеу, салық төлеуден босату немесе
жеңілдетілген салық салу және басқадай шаралардан көрінеді.
Жеке-құқықтық реттеу кәсіпкерлік қатынастардың қатысушыларының
теңдігіне негізделген және, әдетте, келісім-шарт түрінде көрініс табады.
Жеке-құқықтық кәсіпкерлік қатынастарда барлық субъектілер, - оның ішінде
мемлекет және әкімшілік-аумақтық бірлік те бар, - бұл қатынастардың басқа
қатысушыларымен тең дәрежеде әрекет етеді. Сондықтан кәсіпкерлік
қатынастарды диспозитивтік реттеу әдісінің үлкен маңызы бар және ол
кәсіпкерлік қызметтің дамуына оң ықпал етеді.
Жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның қорғауды қамтамасыз ету мен шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымы Қазақстан Республикасының
Конституциясында, ҚР Азаматтық кодексінде және басқа да кәсіпкерлік
қатынастарды реттейтін нормативтік актілерде бекітілген.
Сонымен, ҚР АК 10-бабына сәйкес, мемлекет кәсіпкерлік еркіндігіне
кепілдік береді және оны қорғау және қолдауды қамтамасыз етеді. Сонымен
бірге кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі даусыз емес және қоғамдық мүдделер
үшін заңмен шектелуі мүмкін. Атап айтқанда, заң актілері арқылы жеке
кәсіпкерлік үшін тыйым салынған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің
тізімдемесі белгіленуі немесе экспорт пен импортқа шектеу қойылуы мүмкін.
Алайда Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 3-бабы, 1-тармағында көрсетілгендей,
жеке кәсіпкерлік тек ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған негіздемелер бойынша
ғана шектелуі мүмкін.
Кесте 1.
Кәсіпорын қаржысын басқаруы жүйесінін құқықтық және
нормативтік қамтамасыз етілуі *
* Дерек көзі: кәсіпкерлік құқық оқулығы А.В.Мороз 45б.
Негіз болып табылатын бастау іспетті кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық
ұстанымдары кәсіпкерлік қатынастардың мақсатқа сай реттелуін қамтамасыз
етеді. Бәрінен бұрын, кәсіпкерлік қатынастар Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің 2-бабында бекітілген ұстанымдар негізінде реттеледі,
атап айтқанда:
азаматтық заңмен реттелетін қатынастарға қатысушылардың теңдік ұстанымы
(азаматтық құқықтың барлық субъектілері, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет
субъектілері де тең құқықтарға ие және олардың ешқайсысы да басқаларға
қарағанда басымдық жағдайында бола алмайды. Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның
4-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерліктің
жекелеген субъектілерінің басымдық жағдайын белгілейтін нормативтік-
құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынған дегенді білдіреді);
меншікке қол сұқпау ұстанымы (мемлекет меншік иеленушілерге - кәсіпкерлік
қызмет субъектілеріне ҚР Конституциясының 26-бабының 3-тармағына сәйкес,
олардың меншігіндегі мүлікті толықтай иелену, пайдалану және билеу бойынша
өкілеттіктерін іске асыру мүмкіндігіне кепілдік береді, яғни сот шешімінсіз
ешкім де өз мүлкінен айырылып қалмайды дегенді білдіреді);
3) келісім-шарт еркіндігі ұстанымы (тараптар келісімдердің мазмүнын өз
қалауы бойынша айтарлықтай дәрежеде айқындап алуға құқылы, бірақ шарт
еркіндігі даусыз болып табылмайды, сол себепті келісім-шарт мазмұнын
анықтағанда, нормативтік актілердің талаптары және келісім-шарт тараптары
қалауының арасалмағы оңтайлы болуға тиіс дегенді білдіреді);
4) әлдекімдердің беталды жеке істерге араласуына жол бермеу ұстанымы
(кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңмен белгіленген талаптарды бұзбаса,
мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары және кез келген басқа
адамдар олардың істеріне араласуға құқылы емес дегенді білдіреді);
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз іске асыру ұстанымы (кәсіпкерлік
қызмет субъектілерінің өз құқыларын толық көлемде және қандай да бір
шектеулерсіз, бастысы, басқа адамдардың мүдделері мен құқықтарына тиіспей
іске асыруы дегенді білдіреді);
6) бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету
ұстанымы (оның мәні кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне белгіленіп берілген
құқықтар бұзылған жағдайда, оларды қалпына келтіруге кепілдік беріледі
дегенді білдіреді);
7) азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау ұстанымы (кәсіпкерлік қызмет
субъектілері өздерінің құқыларын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғай
алады дегенді білдіреді) [4, 58б.].
Сонымен бірге кәсіпкерлік құқық ұстанымдарының қатарына өзінің тікелей
мәнін құқықтық нормаларда таба алмаған, бірақ азаматтық заңның бар жүйесін
кемсітетін төмендегідей азаматтық-құқықтық ұстанымдарды да жатқызуға
болады: 1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді еркін ауыстыру ұстанымы
(ішкі шекара дегенді білмейтін, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің,
қаржы қаражаттарының, шығармашылық қызмет нәтижелерінің және т.б. алмасуы
еркіндігін бір мемлекет аумағында да, әртүрлі мемлекеттер арасында да
шектемейтін біртұтас нарық, біртұтас экономикалық кеңістік ережелеріне
негізделген); 2) кәсіпкерлік қатынастар қатысушылары ретіндегі тұтынушылар
кұқықтарын қорғау ұстанымы (тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды білдіреді); 3) кредит берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғау ұстанымы (кредит берушіні қорғау борышкерге өзіне қабылдаған
міндеттерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін барлық
қолайсыз зардаптарды жүктеуден, сонымен қатар кредит берушіні міндеттерді
кездейсоқ орындамау қаупінен және борышкердің кінәсін дәлелдеу қиындығынан
босатудан көрінеді); 4) азаматтың құқықтардың қорғалуы ұстанымы (азаматтық
құқықтардың қорғалуының дара сипатында, жеңіліс тапқан жақ үшін қорғау
органын және азаматтық құқықтарды қорғау тәсілін таңдау еркіндігінде,
сонымен қатар жеңілген жақтың бұзылған құқын қорғауға арыздануға немесе
арызданбауға өз бетінше шешім қабылдауында көрініс тапқан). Ақыр соңында,
кәсіпкерлік қатынастарды реттеу үшін, заңдылық ұстанымының маңызы зор.
Сонымен қатар кәсіпкерлік құқықта тек оның өзіне ғана тән ұстанымдар
(салалық ұстанымдар) бар. Әдетте, құқық ұстанымдары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz