Венчурлық кәсіпкерліктің теориялық және ғылыми-тәжірибелік проблемаларын зерттеу, Қазақстан экономикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің басымдықтарын анықтау, елімізде венчурлық кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау жасау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 99 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ВЕНЧУРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6

1. 1 Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің экономикадағы рөлі . . . 6

1. 2 Венчурлық капиталдың қалыптасу көздері . . . 24

1. 3 Венчурлық қаржыландырудың шет елдік тәжірибесі . . . 31

2. ҚАЗАҚСТАНДА ВЕНЧУРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ . . . 37

2. 1 Қазақстанда венчурлық кәсіпкерліктің даму жағдайы, жаңашылдық принциптері . . . 37

2. 2Қазақстандағы даму институттарының жаңашылдық әрекеті, жалпы экономикалық сипаттамасы. . . . . 48

2. 3 «ҰИҚ» акционерлік қоғамының инновациялық қызметін талдау . . . 60

3. ҚАЗАҚСТАНДА ВЕНЧУРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ . . . 70

3. 1 Қазақстан Республикасында венчурлық кәсіпкерлікті қаржыландыру көздері және даму бағыттары . . . 70

3. 2 « ҰИҚ» акционерлік қоғамының инновациялық даму перспективалары, инновациялық жобаларды қаржыландыру мәселелері . . . 84

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 98

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 100

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі . Тәуелсiздiк алғаннан кейiн Қазақстан жаhандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара, түстi, жерде сирек кездесетiн және қымбат металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Қазiргi уақытта Қазақстанда пайдалы қазбалардың iрi қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы екені сөзсіз, дегенмен ол классикалық экономика сценарийiнен алысқа бармайды. Бұл экономиканың бір жақты дамып отырғанының белгісі. Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа иe болып, мемлекет пен жекe сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Алайда ұзақ мерзiмдi келешекте шикiзат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейiн тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулi проблемалар туғызады.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарындағы өзгерiстерге тым тәуелдi болып қала бередi. Қысқасы біз экономикамызды әртараптандармасақ, болашақта әлемдік жаһандану үрдісінде өзінің бірегей орнымен ерекшеленетін ұлттық экономикамызды қалыптастыра алмаймыз.

Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай проблемалар орын алуда:

- экономиканың шикiзат бағыттылығы;

- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

- ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;

- өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi;

- кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;

- ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

- отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi;

- ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы.

Зерттеу мақсаты мен міндеті . Зерттеудің негізгі мақсатына венчурлық кәсіпкерліктің теориялық және ғылыми-тәжірибелік проблемаларын зерттеу, Қазақстан экономикасындағы Ұлттық инновациялық жүйенің басымдықтарын анықтау, елімізде венчурлық кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау жасау.

Қойылған мақсатқа жету үшін мына міндеттерді орындау қажет:

Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің экономикадағы рөлін анықтау; Венчурлық капиталдың қалыптасу көздерін табу; Венчурлық қаржыландырудың шет елдік тәжірибесін қарастыру; Қазақстанда венчурлық кәсіпкерліктің даму жағдайы, жаңашылдық принциптерін анықтау; Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасындағы венчурлық кәсіпкерлік субъектілері табылады.

ХХ-шы ғасырдың ортасынан бастап үлкен пайда алып келетін адами-зияткерлік құндылықтырға бағытталған жаңа бизнестің түрі пайда болып, тиісінше ҒТП-ң дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Бүгінгі таңда бұл бизнес - венчурлық қаржыландыру атымен танымал. Ол ғылыми сыйымды әрі жоғары технологияларға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікке тікелей инвестиция салуымен ерекшеленеді. Венчурлықтың біздің ел үшін әлі де белгісіздеу, жұмбақтау бизнестің түрі екендігінде дау жоқ. Өйткені оның соншалықты дамып кететініндей уақыт та өте қойған жоқ. Венчурлық капиталдың мақсаты - тәуекелге бел буған кәсіпорынның аяғынан тұруына сол кәсіпорын акцияларының белгілі бір бөлігін иемдене отырып, қаржы жағынан көмектесу.

Зерттеу пәні: венчурлық кәсіпкерлікті дамыту механизмдері мен құралдары, олардың венчурлық бизнестің дамуына ықпал ету мәселелері болып табылады.

Зерттеудің теоретикалық және әдістемелік негізі ретінде индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру проблемасын қарастырған отандық және шетел ғалым-экономистердің еңбектері алынды. Жұмыста индустриялық-инновациялық процестің дамуы, оның қаржыландырылуы мен несиеленуі бойынша Қазақстанның заң және нормативтік актілері аумақты түрде қолданылған. Зерттеудің ақпараттық негізіне шетелдік әдістемелік және анықтау материалдары, шетел статистикалық органдарының ресми ақпараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттігінің және өнеркәсіптік кәсіпорындар мен компаниялардың мәліметтері, түрлі басылымдар, мақалалар алынған.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы экономикалық дамудың қазіргі сатысында венчурлық кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетудің жаңа механизмдері мен құралдарын ұсыну болып табылады.

Зерттеу үрдісінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- венчурлық кәсіпкерліктің даму кезеңдеріне салыстырмалы талдау жасау негізінде венчурлық кәсіпкерлікті дамытудың объективті қажеттілігі негізделді;

- венчурлық кәсіпкерліктің қазіргі даму барысын талдау арқылы оның болашақ даму бағыттары айқындалды;

- венчурлық кәсіпкерлікті дамытуға негіз болатын экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық мәселелер анықталынды;

- венчурлық кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін проблемалар анықталып, оларды жоюдың жолдары белгіленді;

- шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде оның ел ерекшелігіне сәйкес келетін тұстары анықталып, оны қолдану мүмкіндіктері көрсетілді.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі танымал экономист-ғалымдардың еңбектерінде баяндалған венчурлық бизнесті қалыптастыру мен дамыту мәселелері жөніндегі пайымдаулар мен қорытындыларға және монографиялық зерттеулерге сүйенеді. Сонымен қатар кәсіпкерліктің даму теориялары жөніндегі танымал ғалымдардың ғылыми еңбектері, ғылыми - тәжірибелік конференция материалдары, ғылыми және қолданбалы зерттеу жұмыстары, шетелдік авторлардың, отандық экономистердің монографиялары, оқу құралдары, сонымен қатар, заңды және нормативті-құқықтық актілер, статистикалық жинақтар, құжатты материалдар құрайды.

Диссертациялық жұмысты жазу барысында әр түрлі экономикалық зерттеу әдістері қолданылды: талдау және синтез әдістері, салыстырмалы және факторлық талдау тәсілдері, бағалау, жүйелілік талдау әдістері, логикалық және статистикалық тәсілдер.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Венчур еліміздің экономикасына үлкен пайда алып келетіні сөзсіз. Сонымен қатар бүкіл әлемдік деңгейде Қазақстанды үшінші қатарлы елдер санатынан алып шығып, индустриялды мемлекеттер қатарына қосып, бірегей ұлттық экономиканың негізін қалайтыны сөзсіз.

Зерттеу нәтижесінің жариялымы. Диссертациялық жұмыс бойынша 2 ғылыми мақала жарияланды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс 100 бет көлемінде баяндалған, соның ішінде 11 кесте және 8 сурет бар. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен құрылған.

1. ВЕНЧУРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің экономикадағы рөлі

ХХ-шы ғасырдың ортасына дейін мұнай, қару-жарақ, анаша саудасы, ірі ойынханалар үлкен пайда алып келетін бизнестің түрлері болып есептелді. Бұл бизнес түрлерінің бағыты мен табиғаты өте ауыр, әрі соңында адамдардың физикалық, психологиялық, моральды құлдырауына алып келеді.

Алайда 50-ші жылдардан соң үлкен пайда алып келетін адами-зияткерлік құндылықтырға бағытталған жаңа бизнестің түрі пайда болып, тиісінше ҒТП-ң дамуына айтарлықтай үлесін қосты. Бүгінгі таңда бұл бизнес - венчурлық қаржыландыру атымен танымал. Ол ғылыми сыйымды әрі жоғары технологияларға негізделген шағын және орта кәсіпкерлікке тікелей инвестиция салуымен ерекшеленеді. «Венчур» сөзі бір жағынан кәсіпорын, екінші жағынан тәуекел деген мағынаны білдіреді. Венчурлық бизнес дегеніміз - пайда табу мақсатында біреуі қаражатымен, екіншісі идеясымен инновациялық ғылыми сыйымды өнім шығаруға бағытталған үлкен тәуекелге баратын кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы.

Венчурлық қаржыландыру акцияға қаражат салумен, биржалық ойынмен байланысты болады.

Қаражат акциялары әлі қаржы нарығына шығарылмаған кәсіпорынға салынады.

Венчурлық капитал шағын жоғарытехнологиялық кәсіпорынға салынады.

Венчурлық капитал жаңа компанияларға орта және ұзақ мерзімге беріледі, әрі өмірлік цикл аяқталғанға дейін венчурлық капиталистің қалауымен қаражат қайта алынбайды.

Венчурлық қаржыландыру үлкен табыс алып келіп тұрған компанияға емес, потенциялды даму мүмкіндігі бар жас компанияларға беріледі.

Венчурлық капитал дәстүрлі емес, жаңа компанияларды қолдауға жұмсалады. Бұл бір жағынан тәуекелді арттырса, бір жағынан үлкен пайда алып келеді.

Венчурлық капиталист, 5-7 жылдан кейін өзінің қаражатын компаниядан қалай алатынын анықтап алуы тиіс.

Қаржыландырудың жетістігі компанияның акциясының құнының өсуімен анықталады.

Кәсіпорын 3-5 жылдан соң қор нарығына акциясын сатуына болады. Әдетте, венчурлық капиталистер алғашында салған капиталын 5-10 есеге өсіруін қалайды. Әрі олар сол мақсаттарына жетеді. Мысалы, Ресейде біраз ғалымдар мықты имунитет қалыптастырушы Тимоген дәрілік препоратын ойлап тапқан үшін аз ғана мыңдаған доллар жұмсалған. Бұған бірден бірнеше ел қызығушылық танытты. Тіпті соңында таурды шығаруға рұқсат берілетін лицензиясының өзін АҚШ бірнеше миллион долларға сатып алды. Сонымен қатар 1975-1979 жылдары танымал емес шағын жоғарытехнологиялық Apple Computer атты американ компаниясы біраз инвесторлардан 7 миллион доллар алған еді. 1980 жылы 12 желтоқсанда жоғары сұраныспен компьютер шығарып сататын кәсіпорын, өзінің акциясын қор нарығына шығарғанда, бұл құнды қағаздардың бағасы бірақ күнде шарықтап кеткені соншалық 1, 7 миллиард долларға көтерілген. Кәсіпорынның негізін қалаушы 25 жастағы Стивен Джобс 24 сағаттың ішінде акция пакеті 4 миллиард долларды құрайтын миллиардер болып шыға келді.

Бұдан біз мынадай тұжырымға келеміз венчурлық бизнес бұл жаңа идеялармен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады. Венчурлық қаржыландырудың тағы бір ерекшелігі ол модамен бірге жүреді. Мысалы, 80-ші жылдары «сидиромдарға» қатты қызығушылық пайда болған еді, дәл сол кезде венчурлық капиталистер соған қаражатты көп бөлді. Кейін бұл сәннен кете бастады, тиісінше қаржыландыру да азайды. Ұялы телефондар пайда болғанда тура сондай көрініс байқалған (қазір ұялы телефондар шығаратын кәсіпорындарға қиындық туды, тауар нарығы толы, сұраныс азайды, ал мұндай кәсіпорындардың саны жетерлік) . Уақыт өтумен дербес компьютерге деген сұраныстың азаятыны сөзсіз. Сонымен бірге бұл салаға да венчурлық қаржыландыруда қысқарады. Себебі венчурлық қаржыландыруды өмір бойы қызықтыратын саланың болуы мүмкін емес. Тек венчурлық капиталистер өздерінің активтерін ұлғайтуға мәңгі ұмтылуы мүмкін.

Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік несиеден қандай айырмашылығы болуы мүмкін:

Инвестор өз қаржысын акцияға салады. Инвестор жаңа кәсіпорынға көмектеседі (кеңес береді, тәжірибесімен бөліседі, таныстар табады) . Тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді. Банктер тәуекелі жоғары әрі ұзақ мерзімге қаржы беруден сақтанады. Венчурлық капитал беруші акционері ретінде сәтсіздіктерді де, жауапкершілікті өзінің мойнына алады. Кәсіпорынның негізін қалаушы мен инвестор әріптес ретінде жұмыс істейді. Егерде венчурлық инвестордың қаражаты жетпейтін болса, онда ол компаниямен бірге бес тәуекелі жоғары деңгейлерді өткенше жаңа, қайта жаңа қаржы көзерін іздейді. Бес даму деңгейінен кез келген жоғары технологиялы компания өтеді:

Компанияның пайда болуы. Алғашқы маңызды инвестициялық венчурлық капиталды тарту. Ғылыми сыйымды өнім шығарған дейінгі компанияның дамуы. Компанияның жоғары рентабельді болғанынша кеңеюі, жоғары пайда алып келуі мен акцияларының қорбиржасында сатылуы пайдалы болғанынша. Компанияның қор нарығында(немесе арнайы биржаларда) акцияларының сатылуы және көп мөлшерде пайда алып келуі. Әр деңгейде қаржыландыру тәуекелі әртүрлі. Ең алғашында кез келген жоғары технологиялы компанияның негізін бір техник немесе ғалым қалайды. Бұл кезде инновациялық идеядан басқа ештеңе жоқ. Не бұл адамның өзінің бизнесі жоқ, не венчурлық компанияны басқару тәжірибесі жоқ, не бизнес жоспары жоқ, өнімі үшін арнайы нарық жоқ, не өнімге деген сұраныс та жоқ, ең маңыздысы өнімнің өзі жоқ, тек қана идея ғана. Әрине бұл деңгейде тәекел өте жоғары болатыны сөзсіз. Осындай уақытта тек венчурлық капиталистер ғана бұндай тәуекелге бара алады. Бұндай батыл адамдар болмағанда жоғары технологиялы компаниялар тіпті болмаушы еді. Жақсылыққа орай, қайтпас қайсар мінезді, өзіне деген сенімі мол, дәл венчурлық бизнесқа керекті қабілеттері бар, белгілі бір категориялы іскер адамдар бар. Дәл осы қасиеттер жаңа компаниялардың жұмысын жетістікке алып келеді және қазіргі заманғы экономиканың дамуына өте керек болуымен ғана қоймай, оның дамуының лакомативі болып табылады.

Жаңа жоғары технологиялы компанияларды қаржыландыру сөзсіз әрқашанда жоғары тәуекелмен байланысты. Себебі инновациялық жбалардың барлығының табыс алып келетінін ешкім көрегендікпен дәл 100% сенімділікпен айта алмайды. Салмақты түрде қадам басу мен салиқалы тәуекел, тіпті 100% сенімділік болмаған жағдайда да саналы тәуекел дамудың қайнар бұлағы болып табылады. Жаңа құрылғалы жатқан компаниялар көбінесе ынталы дамдардың өз қаржысына басталады, немесе біреуден қарызға алған қаражат болуы мүмкін. Дегенмен көп жағдайларда бұндай компаниялар шектеулі қаржы көздеріне ие. Сондықтан қосымша қомақты қаржысыз жаңа, жоба, жаңа жұмыс, жаңа бизнес, жаңа ғылыми - техникалық өнім болмаушы еді. Алғашқы қадамнан кейін ақ компания негізін қалаушылардың жеке материялдық ресурстары біте бастайды, сосын оларға жаңа қомақты көлемде инвесторлар іздеуге тура келеді. Бұл деңгейдегі компанияны қаржыландырушылар тізімі өте аз болмақ. Банк несиесі туралы айтсақ, жоғары дәрежедегі тәуекелден қорқып, әрине сонымен қатар жаңа компанияның несиелік тарихы болмағандықтан да бір де бір банк несие бермейді. Себебі банктер пайда болған жаңа компания тіпті болмайтын, тұрақты кепілдемелерді талап етеді. Мұндай жағдайда жалғыз әрі нақты қаржыландыру көзі венчурлық капитал болмақ. Дегенмен жаңа компанияларды венчурлық капиталистер құшақ жая қарсы алмайды. Себебі венчурлық капиталистерді жоғары технологиялы жас коипанияларды қаржыландыруға тартудың өзі оңай емес. Мұндай капиталды алғаннан кейін шағын жоғары технологиялы компаниялар мүлде басқа жаңа сапа деңгейіне өтеді. Осы сәттен бастап венчурлық капитал есебінен дамып отыратын, венчурлық кәсіпорын болып есептеледі. Жетістікке жеткен жағдайда бұл кісіпорындар жаңа технологияларды еңгізу арқылы оның кең көлемде таралуын қамтамасыз ету арқылы, өнім өндірудің аз уақыт аралығында өсу қарқынын көрсетеді, соның ішінде экспортқа бағытталған өнім өндіру, жаңа жұмыс орындары мен салынған қаржының жоғары табыстылығын қамтамасыз етеді. Мұндай жетістікке жету көп компаниялардың күш-қуаты жете бермейді. Алғашында барлық венчурлық компаниялар аз ғана штаттық әріптестері болады, активтерінің өтімділігі тіптен болмайды. Мұндай компаниялардың болашағы белгісіз.

Мысал келтірсек, Хьюлетт пен Паккардтың тарихы көпке танымал. Олар өздірінің өлшеуіш приборларын ескі гаражда ойлап тапқан. Бұл гаражды олар таныстарынан аз ғана ақшаға жалдап отырған еді. Кейін олар осы приборды өндіру үшін венчурлық капиталды тартқан болатын. Бұдан кейін бұл екеуі активтері біршама млрд. долл. құрайтын, әлемге танымал компютерлік компанияның негізін қалады.

Екі хатшының өмірі туралы айтсақ та болады. Стив Джобс пен Стив Возняк Apple ІІ компютерін ойлап шығарған болатын. Алғашында мүлдем қаражаты болмағаннан өз хатшыларына келісілген жалақыны бере алмағаннан, Компания акцияларымен компенсация жасап отырған. Жұмыстары өрге қарай дамалай бастағанда, бұл екі жас қыздар өздірінің бұрынғы жұмыстарын тастап кетті, себебі олар миллионерлер болып кетті.

Бұған қарап отырып венчурлық қаржыландыру жоғары эффектілі бизнес және жоғары технологиялы компанияларды қаржыландырушы ғана емес, сонымен қатар қаржы жүйесі мен экономиканың нақты секторымен конструктивті арақатынасы көрсетеді.

Венчурлық капиталдың басқа қаржыландыру көздерінен жоғары технологиялы компаниялар үшін келесідей басымдық артықшылықтары бар:

Компанияның болашақтағы дамуы үшін және барлық этаптардан сәтті өтуі үшін, ол қаржылық база құрады. Ғылыми сыйымды өнімді өндіретін компаниялар үшін ұзақ мерзімді қаржыландырылады. Компания брлық этаптардан өткенше венчурлық капиталистаер пайыздық төлемдер талап етпейді. Жоғары технологиялы компанияларға инвестицияланған венчурлық капитал, өте жоғары табыс алып келеді, тіпті кей жағдайларда 10 есеге көп болады. Инвестор өз ақшасын сала отырып, нағыз іскер әріптес болады. Ол тек қана қаржылық көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар консультативтік, эксперттік, ұйымдастырушылық көмегін тигізеді. Ең маңыздысы венчурлық капитал ғылыми-техникалық сфераның коммерциялануына ықпал жасайды. Венчурлық капитал шағын жоғары технологиялы компаниялардың қызметі үшін арнайы орта мен ыңғайлы жағдайлар жасайды. Жаңа жоғары технологиялы компанияның дамуының қай деңгейінде болса да әсіресе венчурлық кәсіпорынның алғашқы деңгейінде венчурлық қаржыландыру болады. Венчурлық қаржыландырудың жарты ғасырлық тәжірибесі көрсе ткендей, бизнестің бұл түрі кәсіпкерлерге де, венчурлық капиталисттерге де тиімді әрі ыңғайлы.

Мұнда мынандай үш маңызды сұрақтар туады:

«Шағын компаниялар дегеніміз не?»«Венчурлық капитал не үшін шағын компанияларды қаржыландырады?»«Не себепті венчурлық капитал жоғары технологиялы компанияларды қаржыландыруды маңызды санайды?»Шағын кәсіпкерлік деген түсінік кәсіпкерліктің құрамдас бөлігінің бірі ретінде, ең алдымен кәсіпорынның көлемділік сипатымен байланысты. Кәсіпкерлік шағын кәсіпкерлікке, айналым көлеміне, жұмысбасытлар санына, кіріс немесе табыс көлемінің бағасына қарай жатқызылуы мүмкін. Шаруашылық есепке алу дамымаған және инфляция жоғары болған жағдайда жұмысбастылар саны ең керекті критерий болып табылады.

«Ресей Федерациясындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау туралы» заңында жұмысбастылар саны төмендегідей болып келетіндерді шағын кәсіпорындарға жатқызуды ұсынады:

өнеркәсіпте - 200 адамға дейін; құрылыста - 100 адамға дейін; көтерме саудада - 50 адамға дейін; ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін; ғылымда және өндірістік емес өрісте - 25 адамға дейін; бөлшек саудада - 15 адамға дейін. Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 50 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылмайды.

Шағын кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.

Шағын бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктеріне көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмаитындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындыр үшін 0, 5 - 1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмаиды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5 - 6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін 95 % инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әртүрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.

Шағын жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс ( 1987 ) мәліметтері бойынша шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Венчурлық кәсіпкерлік
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдірудің нарықтық механизмдері
Венчурлық капитал компаниялары
Отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметін экономикалық талдау
Қазақстан Республикасындағы шағын инновациялық бизнестің даму барысына жан-жақтылы талдау жасай отырып, қазіргі кезеңдегі шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуында кездесетін проблемаларды саралау және соның негізінде шағын инновациялық бизнесті дамытудың жаңа бағыттарын ұсыну
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Шағын бизнес теориясы
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Инновациялық кәсіпкерліктің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz