ҚР-дағы несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Нарық жағдайындағы несие жүйесінің мәні және қажеттілігі

1. 1 Несиенің мәні, қажеттілігі және құрылымы

1. 2 Несиелік жүйені құру принциптері, формалары және түрлері . . .

1. 3 Несие жүйесі дамуының әлемдік тәжірибесі.

2 ҚР-дағы несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары

2. 1 ҚР-дағы несие жүйесінің даму ерекшеліктері . . .

2. 2 ҚР-ның несие жүйесінің қазіргі жағдайын талдау.

3 ҚР-ның несие жүйесін перспективалық дамыту бағыттары

3. 1 ҚР-ның несие жүйесін дамыту мәселелері. . ……


1. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ

1. 1 Несиенің мәні, қажеттілігі және құрылымы.

Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принциптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

-несие келісімі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір келісімде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;

-несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін қарастырған жөн;

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт-құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-бірімен өзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен қарызға алушылар жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. ОЛ ақша өзінікі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.

Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші- банк болып табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа) тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда- қарыз алушы болып крінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы тұғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар-кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.

Несиелік мәміледе қарызға алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші өз талаптарын қояды. Қарыз алушы мен несие беруші несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші-қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс-әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушыға мүмкіндігінше арзан несие несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие берушілер мен қарызға алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі-алыс-берістің объектісі-несиеленген құн (ссуженная стоимость) болып табылады.

Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ. сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

Несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында:басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін сақтайды.

Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды.

Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:

Ко -Қақ--Кп . . . Рб . . . Кқ . . . -Бқ

Мұндағы: Ко - несие орналастыру;

Қақ - қарызға алушының несиені алуы;

Кп - несиенің пайдаланылуы;

Рб - ресурстарды босату;

Кқ - несиенің қайтарылуы;

Бқ - банктің аталмыш қарызды қайтаруы.

Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы) Ко - несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы (аккумуляция), яғни уақытша бос ақша қаражаттар себепкер болады. Несие беруші қарыз алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.

Несие алу (Қақ) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана беғреді.

Несиені пайдалану (Кп) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы (Бр) қарыз алушының шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдаланылу процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база болып табылады.

Несиенің қайтарылуы (Кқ) уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушыдан несие берушіге қайтуын көрсетеді. Қарыз алушының шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие берушіге өтеді.

Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Кп) құнды несие берушінің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің қайтарылуы (Кқ) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) Қақ сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: қарыз алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады.

Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген құнның толық айналымының бір бөлігі болып саналатын несиенің қозғалысын көруге болады, ол тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие берушіден қарыз алушыға құнның актісінің ауфсуы және керісінше деп қараған дұрыс.

Несиенің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни несиелік қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Несиенің мәнін ашып көрсететін, несиенің негізін құрайтын негізі (база) неден тұрады? О. И. Лаврушкин ондай негіз несиенің қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды. Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану -қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық- несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланнған несиеленген құнды несие берушіге қайтару процесі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерде негізделеді. Бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар қарыз алушыға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процесс болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші мен қарыз алушы бекіткен келісім шартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.

Банкке, несие берушіге қарыз алушының несиені қайтаруы соңғысына кез-келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.

Несиенің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау нәтижесінде несиенің мәнін толық анықтамасы дей отырып, былайша айтуға болады: «несие беруші мен қарыз алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделген қозғалысынан туатын экономикалық қатынастар» -деп.

Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие-бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы- бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Капитал- бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал капитал- өз-өзінен өсетін құн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы- несие капиталының өзінен- өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды.

Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие- кеңейтілген қайта өңдіру мақсатында экономиканың, халықтың бос ақшалай қаражаттарын жұмылдырып қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді.

Несиелік қатынастардың мәні несиенің- қайтару, қамтамасыз етілу, мақсатты сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады.

Бұл принциптер несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.

Несиенің қайтарылу принципі - қарыз алушының несиені пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.

Несиенің төлемділігі - қарыз алушыға берілген несиенің уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.

Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез-келген тиімді уақытта емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттігін көрсетеді.

Белгіленген мерзімді бұзу - несие беруші үшін қарыз алушыға өндіріп алатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып табылады. Несиенің қамтамасыз етілу принципі несие келісімшартында қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл принцип жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.

Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді.

Бұл принциптердің барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы принциптердің біреуі бұзылса, онда неси қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қаситтері жоғалады.

Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «кredo»- сенемін днген мағына беретін латынша «kreditium» деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалы түрде жүзеге асатын кеңейтілген өңдірістің ерекшеліктерінен туындайды. Несиелік капитал түрлері үнемі ауысып отырады. Меншіктің ақшалы түрі тауар түріне, тауарлы өңдірістік түрге, өңдірістік тауарлыға және тауарлық қайтадан ақша түріне ауысып тұрады, яғни А - Т - Ө - Т¹ - А¹ капиталдың ауыспалы айналымы жүреді. Ауыспалы айналымның бірінші кезеңінде ақша өңдіріс қорына (машиналар, шикізат жабдықтары және т. б. ) ауысып кетеді, екінші кезеңде - өңдіріс процесінде - дайын өнім (тауар) жасалады, өңдірістік тауарлыға айналады. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне ауысады. Капиталдың осындай ауыспалы айналымы тұрақты түрде бөлек жеке кәсіпорында және жалпы халық шаруашылығында үнемі жүріп жатады. капиталдың қозғалысы - оның тек ауыспалы айналымы емес (кругооборот), сондай-ақ оның айналымы да. капиталдың айналымы (оборот) дегенде оның үнемі қайталанатын ауыспалы айналымы түсіндіріледі.

Капитал түрлерінің ауысуы бір шаруашылық субъектілерінде ақша қаржысының уақытша босатылып және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақшаға деген қажеттіліктің қалыптасуымен қоса жүреді. Әрбір шаруашылық субъектісінде (кәсіпорын) өзінің жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады.

Қызмет процесінің бағыттылығы ауыспалы айналымның әр түрлі сатыларында болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық өңдіріс саласы үшін - өңдірістік, тауарлы және ақшалы, ал айналым саласы үшін - тауарлы және ақшалай болуын талап етеді.

Өңдірісті жеке шаруашылық жүргізуші субъектілері ақшаларды уақытша босатуға және оларға деген қажеттілік үшін жағдай туғызады. Мысалы, негізгі өңдірістік және айналым қорларының құн қозғалысының процесінде. Негізгі қорлар өздерінің құндылығын аммортизациялық тозу шамасына қарай дайын өнімдерге бірте-бірте аударады, ал олар негізгі қорларды модернизациялап жаңарту үшін бірнеше жылдар бойы жинақталатыны мәлім. Бұл жағдайда негізгі құрал-жабдықтарды ауыстыру (айырбастау) және жөңдеу үшін жұмсалатыны себепті ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы қалыптасады. Бірақ, бұл сәтте жинақталған ақша жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда ақшаға қажеттілік туады. Яғни, ақшалай қаражатты босату мен оған деген қажеттілік айналым қорларын пайдалануда да үнемі болып тұрады. Мысалы, дайын өнімді сатудан түсетін түсім ақша және шикізат, материалды сатып алу, еңбекақысын төлеу үшін бірден бір сәтте жұмсала қоймайды және бұл жағдайда ақшалай қаражаттың уақытша босауы орын алады. Қосымша ақшалай қаражатқа деген қажеттілік маусымдарда нақты айналым қорларының жеткіліксіздігінен (шикізат, материалдар, жанар-жағармай) өндіріс пен тауар айналымының уақыты сәйкес келмеуінен және т. б. туындауы мүмкін.

Осылайша негізі және айналым қорларының қозғалыс процесінде ақшалай қаражаттың құйылуы (қажеттілік кезде) мен қайтуы (босатылу кезеңінде) болады. Сондықтан бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға қарағанда бұрынырақ тауар сатушы ретінде және оның сатып алушысы болып шығуы мүмкін.

Ақшалай қаржаттың уақытша босауы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықта да болуы мүмкін. Мысалы, бюджетке салықтардың келіп түсуі мен оларды жұмсау уақыттары, ұзақ пайдаланатын заттарды сатып алумен халықтың ақша қоры бірдей сәйкес келе бермейді.

Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босауы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты қызметі үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана шешіледі.

Несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен ауыспалы айналымның бір қалыпты еместігімен ғана түсіндірілмейді.

Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары - несие беруші мен қарызға алушы - экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулары керек. Ф. Энгельс:«Әрбір қоғамның экономика мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.

Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан - оны алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.

Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.

Шарушылық жүргізуші субъектілердің жеке ауыспалы айналымынан туындайтын несиеге қажеттілік несиенің объективті жүзеге асуын төлем қаражаттарын жасау және жаңадан пайда болған құнды қайта бөлу процесінде оның рөліне жете назар аудармай, оны толық дәрежеде анықтамайды. Ақша эмиссиясының процесі (қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз) несие капиталының бір көзі болып табылатын несие операцияларының нәтижесі.

Түрліше несие қарым-қатынастарындағы несиенің мән-маңызы сол немесе басқа қоғамдық формацияда оның өмір сүруінің объективті себептерімен анықталады.

Құндық қатынастың ерекше формасы ретінде несиенің пайда болуы шаруашылық жүргізуші бір субъектіден босаған құн шаруашылық келісімде қолданысқа түсіп, белгілі уақыттарда жаңа қайта өңдіру цикліне әлі ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттілігі туып отырған басқа субъектіге өтеді және қайта өндіру процесінің шеңберінде қызметін жалғастыра береді. Бірақ, несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық байланысқа түсуге дайын меншік иелері сияқты бір-біріне қарсы тұралатын тауар иеленушілер арасындағы айырбас ауқымынан іздеген жөн. Тауарларды қолдан-қолға өткізу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелік қатынастардан туындаған экономикалық жеміс.

Несиелік қатынастар пайда болатын және дамитын нақты экономикалық негізде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелік қатынастың материалдық негізі боп құн қозғалысы саналатын болады.

Қарызға алушы несиені кедей болғаны үшін алмайды, ол өзінің меншікті қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективті күшіне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз ісін алға бастыру үшін алады.

Сонымен, несиенің объективті өмір сүруінің негізгі талаптары төмендегідей тізбектеледі:

-жеке тауар өндірушілердің өндірістік (негізгі және айналымдық) қор-

лар айналымы мен жеке ауыспалы айналымдардың уақыт бойынша

сәйкес келмеуі;

-несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі;

-несиелік қатынасқа несие беруші мен қарызға алушының мүдделік

танытуы.

Несие объективті қажеттіліктен туындаған және ол қоғамдық өндіріс процесінде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызға алушылардың арасындағы қарым-қатынаста білдіреді.

Оның көмегімен мемлекеттің, халықтың, ұйымдардың және кәсіпорындардың табыстары мен бос (еркін) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлеміне аударылатын несие капиталына айналады.

Несие мен ақшалар - түрлі экономикалық қарым-қатынастарды білдіретін дербес экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда несие тарлау болып келеді. Себебі, несие қарым-қатынасының субъектілері тек несие мәмілесінің қатысушылары ғана болса, ал ақша қарым-қатынасының субъектілері барлық заңды, заңды емес және жеке тұлғалар болып табылады.

Осыған байланысты несие және ақша қарым-қатынасының ең бірінші ерекшілігі - қатысушылар құрамының әр түрлі екендігін атап өткен дұрыс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-дағы шағын кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі және даму тенденциялары
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары
Қазақстан Республикасының несие жүйесінің құрылымы және дамуының ерекшеліктері
Нарықтық қарынастарда несиелік жүйесінің принциптері
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің экономикадағы ролі мен даму тенденциялары
ҚР валюта жүйесі
Нарық жағдайындағы аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйені басқару ерекшеліктері
Ұсақ бизнес
Кәсіпорынның жалпы сипаттамасы
Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz