Мұнаймен ластанған топырақты тазалауға қолданылатын көмірсутек тотықтырушы бактериялардың негізгі қасиеттерін бағалау


МАЗМҰНЫ

Кіріспе
6
: 1
Кіріспе: негізгі бөлім
6: 8
: 1. 1
Кіріспе: Қоршаған ортаның мұнай көмірсутегімен ластануы
6: 8
: 1. 2
Кіріспе:

Негізгі көмірсутегі тотықтырушы бактерияларға жалпы

Сипаттама

6: 17
: 1. 3
Кіріспе: Мұнайдың микробиологиялық тотығуы
6: 20
: 2
Кіріспе: Материалдар мен әдістер
6: 27
: 2. 1
Кіріспе: Зерттеу нысандары
6: 27
: 2. 2
Кіріспе: Қоректік орталар
6: 27
: 2. 3
Кіріспе: Зерттеу әдістері
6: 28
: 2. 4
Кіріспе:

Бактериялардың морфологиялық және культуралдық

қасиеттерін анықтау

6: 31
: 3
Кіріспе: Алынған нәтижелер мен оларды талдаулар
6: 22
: 3. 1
Кіріспе:

Мұнаймен ластанған топырақтан бактериалды изоляттарды

бөліп алу

6: 36
: 3. 2
Кіріспе:

Бөлініп алынған түрлі таксономиялық топтарға жататын

бактериялардың, биоалуантүрлілігін анықтау үшін

культуралды-морфологиялық және физиологиялық -

биохимиялық белгілерін зерттеу

6: 49
:
Кіріспе: Қорытынды
6: 59
:
Кіріспе: пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6: 61

КІРІСПЕ

Қазақстан дүние жүзі бойынша мұнай державасы болып саналатын елдердің қатарына жатады. Мұнай қоры бойынша дүние жүзінде 13-ші орынды иеленсе, ал мұнай шикізатын өндіру көлемі бойынша 18-ші орынды алады. Европа және Азия елдері ішінде Қазақстан Ресей, Ұлыбритания, Норвегиядан кейінгі төртінші орында тұр. Территориямыздың 1 млн 700 мың шаршы шақырымын мұнай және газ қоры алып жатыр. Қазіргі таңда 208-ден астам мұнай газ кен орындары ашылған. Басым көпшілігі Батыс Қазақстан облысы аумағында шоғырланған [1] .

Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатының құнарлығына кері әсерін тигізеді. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Сонымен бірге біздің планетамызда топырақ маңызды басқа да роль атқарады. Жердің топырақ жамылғысында және оның гумустық қабатында тірі организмдердің және олардың биогенді энергиясының негізгі бөлігі орналасқан. Осыдан «топырақ-организмдер» экологиялық жүйесі биосфераның қалыптасуының, тұрақтылығының және өнімділігінің бас механизмінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының энергетикалық жоспары алдағ1ы ұзақ уақытта «қара алтынды» өндіру көлемін жоғарылатуды көздейтіні белгілі. Бұл мұнай құбырларының кеңеюі мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мөлшерінің көбеюіне әкеледі.

Сондықтан, жаңа апаттар мен мұнай және мұнай өнімдерінің төгілу қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды [1-4] .

Топырақта мұнай және мұнай өнімдерінің ыдырау барысында микроорганизмдер саны ластанбаған топырақтағы микроорганизмдер санына жақындайды. Бірақ көмірсутек тотықтырғыш бактериялар саны көпке дейін үлкен мән көрсетеді.

Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың өзіндік тазару және қайта қалпына келу процестері өте ұзақ, көптеген ғалымдардың айтуы бойынша шамамен 20-25 жыл уақыт аралылығында жүзеге асады екен [7-10] .

Мұнай өнімдерін топырақтан тазартудың әлемдік тәжірибеде қолданылатын әдістері экстракция, физикалық адсорбция, пиролиз, өртеу және т. б әдістер экономикалық және экологиялық жағынан тиімсіз болып келеді [12] .

Сондықтан бұл проблемаға байланысты жүргізілген бірнеше зерттеулерге қарамастан, аймақтың табиғи жағдайларының ерекшеліктерін есепке ала отырып тазарту әдістерінің тиімді түрін қажет етеді. Қазіргі уақытта тазартудың тиімді тәсілінің бірі көмірсутектерді тотықтырушы бактериялар көмегімен тазарту болып болып табылады.

Микроорганизмдерді топыраққа еңгізу мұнайдың биодегродация процесін жылдамдатады. Микрооганизмдер бірлестігі өте күрделі құрылымды субстратты ыдырата алады. Сондықтан қазігі кезде алуан түрлі микроорганизмдерді және олардың қауымдастықтарын қоршаған ортаның мұнаймен ластанған аудандарына еңгізу туралы сауал өте өзекті болып отыр. Соған орай, деструктор-микроорганизмдерді бөліп алу, сұрыптау және оларды зерттеулер өте қажеттілікпен сұранысқа ие.

Жұмыстың мақсаты : Мұнаймен ластанған топырақты тазалауға қолданылатын көмірсутек тотықтырушы бактериялардың негізгі қасиеттерін бағалау.

Алдымызға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді қарастырдық:

  • Мұнаймен ластанған топырақтан көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдерді бөліп алу және сұрыптау
  • Көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдердің деструктивті белсенділігін зерттеу
  • Көмірсутегін тотықтырушы бактериялардың биохимиялық, физиолого - биохимиялық және морфологиялық қасиеттерін анықтау.

Жұмыстың өзектілігі мен жаңалығы:

Мұнайды өндіру, тасымалдау, өңдеу және мұнай өнімдерін қолдану

көпшілік жағдайда технологиялық және авариялық бөліністердің қоршаған ортаға шығуымен жүреді. Бұл экожүйенің ластануына және әр түрлі деңгейде бұзылуына дейін, экологиялық апаттарға әкеледі. Соңғы жылдары мұнай негізіндегі экотоксиндерді тазарту үшін микроорганизмдерді ұтымды қолдану туралы көптеген жұмыстар жасалуда .

Жұмыстың жаңалығы: мұнаймен ластанған топырақтан көмірсутегін 70% - ға дейін тотықтыру белсенділігіне ие бактериалды изоляттар бөлініп алынды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Қоршаған ортаның мұнай көмірсутегімен ластануы

Табиғаттағы көптеген экологиялық тепе - теңдікті бұзушылар ақырында экологиялық өзгеріске әкеледі. Адамдардың биосфераға тоқтаусыз және бақыланбайтын іс - әрекетінің нәтижесінен топырақ пен су қоймалары әр түрлі зиянды заттармен ластанады [25] . Қазіргі таңда әр түрлі техногендік бұзушылардың арасында біршама күрделі және қалпына келуі қиын ластануға мұнаймен ластану жатады. Мұнай өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу және сақтау кезінде топыраққа түскен мұнай және оның компоненттері (ароматты, нафталинді және парафинді көмірсутек) қауіпті ластаушылардың бірі болып саналады. Мұнайдың үнемі тасуы ландшафтардың тез әрі толық деградациясына әкеледі [33] . Топырақтың өзін - өзі тазалауын жылдамдату үшін барлық табиғи қорлар, оның ішінде биологиялық қорлар қолданылады. Топырақты тазалаудың микробиологиялық әдістері әр түрлі технологияларды толықтырып отыруғ4а қабілетті, ал нақты жағдайда ұқсастығы болмайды [6] Мұнаймен биологиялық бұзылуда елеулі үлес топырақ биоценозының тұрақты компоненті - көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдерге тиеді. Микроорганизмдер мұнай көмірсутектерін көміртек көзі ретінде қолдауға және органикалық заттардың трансформациясынан толық минералдануына дейінгі процесті жүргізуге қабілетті. Биохимиялық процесс нәтижесінде табиғи ластаушылар көмірқышқыл газына, суға және басқа да экологиялық бейтарап қосылыстарға ыдырайды [11] .

Мұнай және мұнай өнімдерімен жердің ластануы Қазақстанның үлкен күрделі проблемаларының біріне айналуда. Сонымен қатар, мұнай және мұнай өнімдерімен үлкен мұнай өткізгіш құбырларындағы апат әсерінен ауылшаруашылық мақсаттағы жерлердің де ластануы байқалуда.

Сондықтан мұнаймен ластанған топырақты рекультивациялау мәселесі үлкен мәнге ие болды. Қазіргі уақытта мұнайдан топырақты тазарту үшін прогрессивті технология болып оған микроорганизмдерді енгізу немесе ондағы көмірсу тотықтыратын микрофлораны активтендіру саналады.

80 мл/кг-нан аз болған дозада тест өсімдіктердің дәндері бақылаудағылардан айырмашылығы болмады. 250 мл/кг-да олар 50%-ке дейін төмендеді, 400 мл/кг-нан жоғары дозада дәндердің ұқсастығы толығымен тоқтады. Мұнайдың жеңіл фракциялары (бензин және дизель майы), одан да фитоулылығы жоғары: 150 және 90 мл/кг қатынасының өзінде дәндердің ұқсастығы 50%-ға дейін төмендеді. Ал ауыр фракциялары (гудрон және мотор майы) тест өсімдіктерге өте жоғары дозаларында да фитоулылық әсерін көрсетпейді.

Қазіргі уақытта көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдердің таза және араластырылған дақылдарын қолдануға негізделген қоршаған ортаны мұнайдан тазалауға арналған микробиологиялық әдістері қарқынды дамуда және жиі қолданылады. Бұл әдістің тиімділігі ортаның физика - химиялық жағдайына сәйкес жоғарылайды [15] . Мұнаймен ластанған топырақты микробиологиялық тазалаудың басты шарттарының бірі - әртүрлі микроорганизм топтарының (бактериялар, актиномицеттер, ашытқы саңырауқұлақтары мен микромицеттер) бірлесіп ластанумен «күресу» қабілеті, сонымен қатар жоғары деңгейде инокулятивті тіршілік ету қабілетінің болуы [17-18] .

Мұнаймен ластанған бірінші аптасында топырақта негізінде физикалық миграция және көмірсулардың ыдырау процесінде булану және сілтілену жүреді. Булану жылдамдығы орта қасиеттеріне, метеорологиялық жағдайларына сонымен қатар мұнай құрамына байланысты. Алдымен қайнау нүктесі 370°С-тан төмен фракциялар буланады.

Соңғы уақыттары шет елдерде комплексті микробиологиялық препараттар негізіндегі биоремедиациялық препараттар кең қолданылады.

Мұнай көмірсутектерінің ерітіндісінің биодеструкциясына мына бактерия туыстарының өкілдері қатысады: Mycobacterium, Mycococcus, Micro-coccus, Pseudomonas, Brevibacterium, Corynebacterium, Flavobacterium, Achromobacter, Bacillus, Acetobacter, Alcalibacter. Алғашқы 4 туыстың өкілдері метаболитикалық белсенділігімен ерекшеленеді. Әртүрлі микроорганизм өкілдері мұнаймен ластанған жасанды су тоғандарында да кездеседі. Е. И. Квасников дерегі бойынша, Қара теңіздің беткі қабатында Pseudomonas и Mycobacterium туысының өкілдері басымдық көрсетеді. Псевдомонадтар мұнаймен ластанған тұзды су тоғандарды бұзуда маңызды рөл атқарады. Баренц теңізіндегі көмірсутек тотықтырушы микроорганизмдер: Bacillus, Pseudomonas, Micrococcus туысының өкілдері. Мұнай және мұнай өнімдерін Bacillus бактерия туысының өкілдері белсенді ыдыратады [20-23] .

Мұнайдың булану нәтижесінде қалған бөлігінің тұтқырлығы жоғарылайды және миграция жылдамдығы төмендейді С 20, ароматты және циклдық көмірсутектердің мөлшері ұлғаяды, себебі негізінен төмен молекулалы көмірсулар ыдырайды. Улырақ және жеңіл көмірсутектердің бөлініп кетуі нәтижесінде қалған бөліктің деструктор микроорганизмдерге зиянды әсері азаяды, ол одан арғы микробиологиялық деградацияны жеңілдетеді, сонымен қатар ыдыратуға тұрақты ұшқыш және ерігіш компоненттердің үлесі жоғарылайды.

Судың және топырақтың бетіндегі көмірсу қабықшасы фитохимиялық және термиялық қозулар нәтижеснде қалыптасатын бос радикалдардың әсерінен химиялық әсер етуге түсуі мүмкін. Бұл процестер сулы және құрғақ ыстық климатты зоналарда айтарлықтай және бір қалыпты және суық климатты топырақта азырақ. Бірінші жағдайда фотохимиялық тотығу көбірек, булану және одан арғы механикалық бұзылу және ыдырау осының нәтижесінде екі үш жылдан кейін ластанған орталардың өздігінен тазалануы жүреді.

Мұнайдың топыраққа сіңуі аумақтың кеңеюіне және ластану тереңдігінің ұлғаюына әкеледі. Топырақтың жеңіл механикалық құрамында мұнай және мұнай өнімдерінің жеңіл фракциялары 1, 5-2 м тереңдікке еніп топырақтың биологиялық активтілігін басып тастайды.

Мұнай көмірсутектерінің қоршаған ортаға түскеннен кейін 1-4 аптасынан кейін микрофлора өсуіне қолайлы жағдайлар үшін ластанудың биодеградациясы басталады.

Тотығу деңгейінің микроорганизмдермен төмендеуі бойынша мұнай және мұнай өнімдерінің компоненттерінің орналасуы мынадай реттілікпен: алифаттық → ароматтық → смолалар → асфальтендер (тотықсызданбайды) .

Активті түрде утилизацияланатын көмірсутектер тіке тізбекті, ұзын тізбекті С 12 - С 22 н-парафиндер. Жағдайларға тәуелді олар 1-2 ай көлемінде 10-90%-ке дейін ыдырайды. Көпшілік микроорганизмдер н-алкандарды ассимиляцияламайды, оларды Flavobacterium, Mycobacterium, Nocardia бактериялардың туыстары ғана ыдыратуға қабілетті. Төмен молекулярлы н-алкандар көбіне микробты қауымдастықтың дамуын төмендетеді, бірақ та ұшқыштығының әсерінен олардың әсері ұзақ болмайды. С 20 -дан ұзын тізбекті н-алкандар қоршаған орта температурасының әсерінен тұтқыр сұйықтыққа немесе қатты затқа айналады. Сондықтан оларды клеткаларға тасымалдау қиындайды. Тізбегі азырақ н-алкандармен қоспасында олар сұйық түрде болады, салыстырмалы түрде жеңіл тұтынылады.

Тотықтыруға изоалкандар, циклоалкандар және ароматты көмірсутектер тұрақты. Олардың көбі моносубстраттар түрінде микроорганизмдермен тұтынылмайды, олар тотығу режимінде оңайрақ көмірсутектермен ыдырайды.

Биоремедиация үшін ортадағы мұнайдың масималды мөлшері 5-10%-тен аспайды (масса бойынша) .

Биодеградация жылдамдығына әсер ететін маңызды факторлардың біріне температура жатады. Көмірсутектердің биодеградациясы үшін оптималды температура 30-40°С, бірақ-та бұдан да жоғары температурада көмірсутектерді ыдыратуға қабілетті микроорганизмдер бар, сонымен қатар және де төмен температураларда ыдыратушы микроорганизмдер бар. Ұзын тізбекті көмірсутектер 25°С-тан төмен емес температурада утилизацияланады.

Мұнай деструкторлары үшін топырақтағы оптималды ылғал мөлшері 50-80%. Бұдан төмен ылғалдылықта осмостық және матрицалық күштер сумен қамтамасыз етуді шектейді. Нәтижесінде олардың өсуін төмендетеді. Бірақ-та ылғалдылығы көп топырақта газды кеңістіктің төмендеуі оттегі келуін төмендетеді. Мұнаймен ластанған топырақта мұнай қосылыстарының гидрофобтылығынан су балансы айтарлықтай бұзылады.

Көмірсутектерді ыдырату дәрежесіне және жылдамдығына олардың ортадағы агрегатты күйі әсер етеді. Сулы орталар үшін көмірсутектердің суда еритіндігі маңызды, себебі еритін молекулаларды микроорганизм клеткаларына тасымалдау оңай. Көмірсутектердің ерігіштігі төмен және олардың молекулярлы массасының ұлғаюынан төмендейді. Қаныққан тетрадекан ерітіндісі (С 14 ), мысалы концентрациясы 1 10 -6 мг/л. Сонымен қатар тотығу жылдамдығына көмірсутектердің суда дисперсионды дәрежесі әсер етеді. Дисперсиондықты механикалық әсермен немесе детергенттер көмегімен көтеруге болады. Көптеген микроорганизмдер БАЗ, имульгирлеуші көмірсутектер продуцирлеуге қабілетті, ол олардың тотығуын жылдамдатады.

Бактериялармен мұнай көмірсутектерін утилизациялау үшін айтарлықтай жағымды орта нейтралды рН (5, 6-8) . Саңырауқұлақтардың және ашытқылардың оптималды дамуы рН-тың кең диапазонында өтеді, аралас популяциялар дамиды.

Ескі мұнай қалдықтарымен ластанған топырақтар үшін немесе екінші рет мұнаймен ластанған топырақтарға (жабайы немесе аборигенді мұнайдеструктор - микроорганизмдердің болуы тән. Бұл жағдайда аборигенді микрофлораның көмірсутекті тотықтыру қабілетін активациялау үшін агротехникалық іс-шараларды жүргізу жеткілікті. Жаңа мұнай қалдықтарын ликвидациялау үшін деструктор - микроорганизм препараттарын ортаға енгізу қажет. Қазіргі жағдайда техногенді және табиғи орталарды тазарту үшін арнайы жасалған моно және аралас культуралар негізінде жасалған және активтенген биопрепараттардың көп түрлері қолданылады. Тәжірибе жағдайларында (қышқыл ортада, ылғал жетіспеушілігінде, қоректік заттардың жетіспеушілігінде) мұнайдеструкторлар ретінде ашытқылар және саңырауқұлақтарды пайдаланған тиімдірек. Мицелийлі өсу саңырауқұлақтарға топырақ - мұнайагламераттарының арасынан өтіп, қорек көздерінің компоненттеріне және олар рН-тың төмендігіне, ылғалдың аздығына онша мән бере бермейді. Ол олардың мұнай қалдықтарында кеш сатыларының өзінде көбеюін активтендіріп, қамтамасыз етеді.

Микроорганизмдермен қатар мұнайдың ыдырауына жанама түрде болса да өсімдіктер мен жануарлар да қатыса алады. Мұнай топыраққа түскен кезде өсімдіктердің өсуі шектелуі мүмкін және де топырақ жануарларының активтелуі байқалады, ол өз кезегінде микробты активтілікке әсер етуі мүмкін. Топырақтың өсімдік тамырларымен, жер құрттарымен және қазушы артропоттармен қопсылуы дренаж және газдардың өтуін жеңілдетеді. Сонымен қоса қазушы жануарлар топырақтың биологиялық активті қабаттарына органикалық материалды тасымалдауы мүмкін.

Басқа зиянды заттармен салыстырғанда көмірсутектермен ластану үлкен дәрежеде макрофауна және макрофлораға, қоршаған ортаның эстетикалық қабылдауына әсер етуі мүмкін және биотаның микробты құрамына әсер етеді. Микрофлора өзгерістерге жауап қайтарады және қоршаған ортаның қалпына келуіне өз әсерін тигізеді, бірақ-та бұл процесс ұзаққа созылуы мүмкін. Биоремедиацияның мақсаты - оны жеделдету.

Топыраққа түскен мұнай мен мұнай өнімдері сыртқы ортаның агенттерінің қарқынды әсеріне ұшырайды, осы агенттер мұнай өнімдерін түрлі трансформацияға ұшыратады. Мұнай заттарының биологиялық және химиялық айналымдарды анықтыйтын ең белсенді агенттер - күн радиациясы, температура режимдері мен ылғалдылық, топырақтың тұздық құрамы болады. Бірақ, ең маңыздысы болып биологиялық процестердің белсенділігі, әсіресе микробиологиялық болып табылады [6] .

Топыраққа түскен мұнай заттарының әсерінен органикалық заттар құрамының өзгерісі жүреді. Органикалық көміртегінің құрамы 3-4 есе артық болады.

Көміртегінің жалғыз қорегі ретінде көмірсутегілерді пайдаланылуы көптеген микроорганизмдердің негізгі маңызды экологиялық қасиеті болып табылады. Осы қасиет бойынша микроорганизмдер басқа органикалық дүниенің түрлерінен ерекше айрықшаланады. Мұнайды айналым процесіндегі микроорганизмдердің алатын орны ерекше [7] .

Мұнай көмірсутегісімен қоректене алатын микроорганизмдер табиғатта кең таралған. Олар көптеген таксономиялық топтарға жатады да, кәдімгі микробты ценоздардың түрлері болып табылады.

Мұнаймен қатты ластанған аймақтарда осы микроорганизмдер көп кездеседі. Ашық мұхит суының құрамындағы мұнай өнімдерінің, осы микроорганизмдер мен көмірсутегі концетрациясы арасында корреляция байқалмайды. Бірақ, Командор аралында көмірсутегін тотықтыратын микроорганизмдер саны көп анықталған, осы сулардың құрамында мұнай өнімдері мүлдем жоқ, бірақ олар жануар мен өсімдік табиғатты органикамен байытылған. Осылайша, мұнаймен ластанудың нағыз көрсеткіші болып көмірсутегін тотықтыратын бактериялар болып табылады, бірақ осы микроорганизмдер санының көп болуы ластанудың көрсеткіші болып табылмайды [8] .

Сонымен қатар, аса мұнаймен ластанған аудандарда көмірсутегін тотықтыратын бактериялар саны, таза аудандарға қарағанда төмен болуы мүмкін. Көмірсутегін тотықтыратын бактериялар санының артық болуы көмірсутегілермен ластану көрсеткіші болмайды, ол тек табиғи экожүйенің сапалы деңгейде өзін-өзі қарқынды тазарту процесін көрсетеді [9] .

Барлық топырақтарда көп мөлшерде сұйық парафиндерді тотықтыра алатын микроорганизмдер кездеседі, ал ұшқыш көмірсутегілерді тотықтыра алатын микроорганизмдер өте сирек кездеседі. Құрамында мұнай бар топырақтарда н-алкандарды және аромат көмірсутегілерді ассимиляциялайтын микроорганизмдер саны, осы қосылыстар жоқ топырақтарға қарағанда артық болады. Топырақ микрофлорасына селекциялық әсер ететін, бөлек жеке көмірсутегі қажет ететін, мұнайдың әрекеті біркелкі емес [10] .

Мұнаймен ластанған топырақтың, көміртегі атомдарының аз саны бар парафиндерді тотықтыратын микроорганизмдерді таңдау коэффициенті парафиндердің ұзын тізбектері бар микроорганизмдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Мұнай өнімдері бар топырақтардағы микроорганизмдер формаларының бар болуына: газтәрізді көмірсутегілерді тотықтыра алатын, қатты парафиндерді қорыта алатын, аромат көмірсутегілерді пайдаланатын бактериялар тән.

Мұнаймен ластанған топырақтардан көмірсутегілерді сіңіре алатын термофильді спора түзетін аэробты бактериялардың өсуінің оптимальды температурасы 45-65ºС. Олар Baccilus subtillis, Bac. coagulans -қа жатады. Штаммдардың үлкен тобы Bac. circulans ssp. thermopilus nov. ssp жаңа түрлері ретінде сипатталған.

Жеңіл парафиндерді (C 6 10 ) Pseudomonas, Rhodococcus туыстарына жататын бактериялар мен кейбір ашытқылармен сіңіре алады [11] .

Aspergillus amstebodami және Rhodococcus туысының түрлері: R. erytropolis, R. . luteus, R. . maris мұнайдың вазелин майында және C 10 -C 16 н-алкандарда өсіп, көміртегі мен энергияның жалғыз көзі ретінде пайдаланады.

Аромат сақинасының құрамында түрлі хлорлы заттарды дехлорлау қабілеті бар топырақ микрофлорасы бар. Микробты әсер етуге тұрақтылық дәрежесі, хлорлану дәрежесінің артуымен өседі. Хлораромат қосылыстардың толық және тез деградациясы жақсы аэрацияланатын топырақ аймақтарында жүреді. Ал анаэробты жағдайларда деградация процестері жүру мүмкін, бірақ оның жылдамдығы әлдеқайда төмен болады. Анаэробты дехлорлау үшін топырақта жеңіл ыдырата алатын органикалық заттар болу қажет [12] .

Алифат көміртсутегілер мен мұнай өнімдерін тотықтыру қабілетіне негізінен Mycobacterium және Arthrobacter туысының түрлері ие .

Барлық микробактериялар үшін гидрофобты клеткалық қабыршақ тән, оның құрамында жоғары молекулалы микол қышқылдары бар, осы қышқылдар ортадан н-алкандарды пассивті диффузия жолымен жұту мүмкіндігі арқылы клеткаларға беріледі [7] .

Микробактериялар мен псевдомонадалар табиғатта және мұнаймен ластанған аймақтарда кең таралған, осы аймақтарда олар көмірсутегілердің активті ыдыратушылары болып табылады [13] .

Mycobacterium mucosum және Pseudomonas aeruginosa микроорганизмдері үшін ең қолайлы болып тізбегінің ұзындығы 14-18 көміртегі атомдарынан тұратын н-алкандар жатады. Осы бактериялардың саны таза дақылда 1, 5 есе артық болады. Н-алкандардың P. aеruginosa клеткаларымен тотықтырған кезде хемотаксис үлкен маңызға ие болады, яғни көмірсутегінің молекулаларына бағытталған қозғалысы, ол микобактериялардың клеткалық қабырғасындағы мамандандырылған липидтердің ассоциациясымен байланысты.

P. aeruginosa микобактериялардың аралас дақылында жақсы өседі. Ол микобактериялар беті липофильді болғандықтан, дамыған кезде ортада көмірсутегілердің эмульгациясы жүретінін көрсетеді. Ал липолфильді қабырғасы жоқ псевдомонадалар үшін бұл жағдай өте маңызды себебі, ол гидрофильді субстратпен әрекеттесу бетін жеңілдетеді [14, 15] .

Мұнай өнімдерін активті ыдырататын микобактериялар мен оларға туыс формалар климат жағдайлары әр түрлі топырақтарда табылған. Осылайша, активті көмірсутегін тотықтыратын микрофлора мамандандырылған болып табылмайды. Бактериялар мен нокардиялар арасында атмосфера азотын өзіне көміртектік қоректің жалғыз көзі ретінде көмірсутегілерді пайдаланып сіңіре алатын қабілеті бар түрлер табылған. Барлық көмірсутегілер қолайлы жағдай кезінде микробты әсер етуге бейім келетіні дәлелденді. Бөлек түрлердің түрлі көмірсутегілерге ара қатынасы арнайы болады: бөлек жеке көмірсутегілерге бейімделген микроорганизмдер кейде басқаларын да тотықтыра алады. Микроорганизмдердің мұнайды тотықтыратын топтары жұмысын ластанудан соң бірден бастайды, олар топырақтағы мұнайдың жоғары концетрациясына қарамайды. Мұнайды тотықтыратын микроорганизмдердің микробиологиялық іс-әрекеті мұнай затының бөлшектік минерализациясына әкеп соқтырады да, сонымен қатар органикалық ерітінділерде ерімейтін мұнай метаболизм өнімдерінің пайда болуын болдырады .

Көмірсутегі молекулаларының биодеградация процесі олардың гидроксилденуінен басталады деп тұжырымдайды. Сосын окситуындылар органикалық қышқылдарға айналады, алкандар монотерминальды тотығады, ал ареналар - аромат сақинасының ыдырауымен жүреді. Ең соңында молекуланың көмірсутектік қаңқасы клетканың жалпы метаболизміне енеді [16] Топырақтардағы мұнайдың өзгеру жылдамдығы біркелкі болмайды. Мұнайдың негізгі массасы топыраққа түскен соң бастапқы кезеңде жоғалады. Одан кейін осы өзгеріс өте баяу жүреді, әдетте ол мұнайдың топырақтағы концетрациясы 1, 0-1, 5% жеткен кезде іске асады [17] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнаймен ластанған топырақтың биоремедиациясы
Ұзақ уақыт сақталған коллекциялық штамдардың деструктивті белсенділігін анықтау
Мұнаймен ластанған су қоймалары мен топырақты тазалау шаралары
Мұнаймен ластанған топырақтан
Атырау облысы топырағынан бөлініп алынған көмірсутегін тотықтырушы микроорганизмдерді зерттеу
Жаңа мұнайтотықтырушы микроорганизмдер композициясының дақылдау жағдайларын таңдау
Құмкөл мұнайын ыдырататын микроорганизмдердің табиғи ассоциациясын жасау
Биосорбенттердің микроорганизмдердің антибиотикке сезімталдығына әсері
Биосорбенттердің микроорганизмдердің антибиотикке сезімталдығына әсерлері
Мұнай тотықтырғыш бактериялардың коллекциялық штамдарының антибиотикрезистенттілігін зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz