Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың негіздері


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
6
КІРІСПЕ. . .: 1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
6:
КІРІСПЕ. . .: 1. 1 Шағын және орта бизнес субъектілерінің экономикалық мәні және оның экономикадағы алатын орны . . .
6: 9
КІРІСПЕ. . .: 1. 2 Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салудың шетелдік тәжірибелері . . .
6: 17
КІРІСПЕ. . .:

2 ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТҮСІМДЕРДІ ТАЛДАУ

2. 1 Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық салу механизмі . . .

6: 22
КІРІСПЕ. . .:

2. 2 Алматы қаласы бойынша Ауезов ауданы Салық Басқармасы мәліметтері бойынша шағын бизнес субъектілеріне салық салу жағдайын талдау . . .

3 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

6:

33

50

КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
6: 68
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
6: 71

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы өзінің дамуы барысында XXI ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Нарықтық қатынастар жағдайында салық, салық жүйесі эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады.

Елдегі экономиканы дамытудағы ең негізгі көрсеткіштерінің бірі - шағын бизнес болып табылады. Шағын кәсіпкерлік немесе бизнес - бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын бизнесті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Қорғауға және қолдауға ие бизнес шағын кәсіпкерлікті дамыту ол - кез келген ел экономикасының негізі. Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айтқанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады.

Шағын және орта бизнес субьектілеріне салық салу арнаулы салық режимі негізінде тұрақты және үнемі жүргізілетін болса, ол экономиканың дамуына мүмкіншілік береді, ал экономиканың дамуы ол - дамыған елдердің қатарына қосылуға мүмкіншілік тудырады. Экономикасы жаңа дамып отырған елдер үшiн шағын бизнестi жандандыру шешушi рөл атқарады. Кәсiпкерлiк қызмет бұл елдер үшiн дағдарыстан алып шығатын бiрден-бiр сара жол болып отыр. Оның аясында жалпы iшкi өнiмнiң үлес салмағын артып, экономикалық тұрғыдан жұмысқа жарамды тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етiледi. Бұл индустриалды, дамыған экономикасы бар және өтпелi кезеңдi басынан кешiрiп отырған елдер экономикасы үшiн тым жағымды көрiнiс. Ол бәсекелестiкке сай келе алатын динамикалық диверсификациялық бағытта халықтың жұмыспен қамтамасыз етiлуiне, оның әлеуметтiк тұрмыс жағдайын көтеретiн шын мәнiндегi қуатты экономикаға жол ашады. Дегенмен, зерттеу барысында шағын бизнес алдында тұрған проблемалардың жеткілікті екендігі анықталды және олар терең ғылыми ізденісті талап етеді. шағын бизнестің дамуына кері әсер ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады:

  1. Салық саясаты;
  2. Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы;
  3. Несие саясаты;
  4. Өнімді өткізу мәселесі;
  5. Шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі;
  6. Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл.

Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып отырған мәселелердің бірі - салық саясатының жетілмегендігі, салық мемлекеттің болашағы, кепілі, сондықтан салық саясатына көп көңіл бөлген жөн, салық саясатының дұрыс жүргізілуі мемлекеттің дамуына, өркендеу мүмкіншілігін тудырады. Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту факторларын атайтын болсақ, онда мына төмендегі жағдайды көруге болады. Аталған мәселелерді салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді:

  1. жаңа өндірістік - инновациялық кәсіпорындарға салық салудың жеңілдетілген режимін енгізу;
  2. өндірістік сектордағы кәсіпорындардың несиені өтеу кезінде салық салу процедурасын қайта қарау;
  3. ынталандырушы салық режимін орындау жолымен шағын бизнеске жанама қаржылық талдау көрсету.

Салық саясаты шағын кәсіпкерлік субъектілер санының өсуін ынталандырушы, жұмыс орындарының өсуіне, өндірілген жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек.

Тақырыптың өзектілігіне келетін болсақ, қазіргі таңдағы шағын бизнес субьектілеріне салық салу мәселелері, проблемалары, олардың экономиканың дамуындағы алатын орны, мемлекет тарапынын жүргізіліп жатқан қолдау мәселелері тақырыптың өзектілігін ашады.

Сонымен қатар, шағын бизнес субьектілеріне салық салуда мемлекет тарапынан көптеген қолдау шаралары жүргізілу үстінде, олардың барлығы Қазақстанда жұмыс жасайтын шағын бизнес субьектілерінің жағдайын жоғарлату мен қатар бюджетке белгілі мөлшерде салықтың түсуін қамтамасыз етеді. Осы жұмыстың негізгі мақсаты ол- шағын бизнес субьектілеріне салық салу ерекшеліктері, мемлекет тарапынын жүргізіліп жатқан қолдаулардың тигізетін әсері қандай, шағын бизнес субьектілері арнаулы режим негізінде салық төлейтін болса ол мемлекеттік бюджетті толтыруға өз үлесін қоса ма осы мәселелерді қарастыру болып табылады.

Ал осы мақсатқа сүйене отырып, негізгі міндеттерге мыналар жатады:

  1. осы таңдағы өзекті проблемелардың бірі- шағын бизнес субьектілеріне салық салуда шағын бизнесті дамыту идеологиясын түбегейлі жаңалауымыз қажет;
  2. шағын бизнес субьектілерінің арнаулы салық режимін қолдану шарттары, оларды шетел тәжірибелерімен салыстыру, артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру;
  3. шағын бизнес субьектілеріне көрсетіліп жатқан қолдауларын ақтау, салықтан жалтаруды болдырмау шараларын қарастыру.

Осы мәселелерді қарастыра отырып, біз шағын бизнес субъектілеріне оларға қойылған талаптарға сәйкес жұмыстарын атқаруын, қандай да бір кемшіліктері болса, оларды шетел тәжірибелеріне сүйене отырып шешуге мүмкіншілік беруіміз керек. Сондай-ақ мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетілуде, осы қолдауларды уақытымен қолдана алу мүмкіншілігін тудыру керек.

Болашақта шағын бизнестің дамуы, өркендеуі ол - орта, ірі бизнестің туындауына себеп болады, сондықтан қазіргі кезден-ақ шағын бизнесті дамытуымыз керек. Мемлекеттегі шағын бизнес одан орта, ірі бизнестің туындауы - елдің экономикалық жағдайының жақсаруына, дамыған елдердің қатарына қосылуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына бірден-бір себеп болып табылады. Шағын және орта бизнес - мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық жағдайының өркендеуі.

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

  1. Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және оның экономикадағы алатын орны

Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастарға өту кезінде шаруашылықтың әртүрлi формаларын ұйымдастырды және оның ең маңызды бөлiгi шағын бизнес болып табылды. Ел экономикасын дамытуда, нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер монополиясын шектеуде және бәсекелестiктi дамытуда, тауар және қызмет сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесiн тежеуде және жаңа технологияларды енгiзуде шағын бизнес маңызды роль атқарады. Өйткенi ол қоғамның алға жылжуының бiрден-бiр тетігі болып табылатыны сөзсiз. Шағын және орта бизнес iрi бизнеске қарағанда нарыққа тез бейiмдi, өзгермелi жағдайларға байланысты икемдi, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндiрiс секторларында жұмыс iстеуге қабілеттi.

Шағын бизнестің мәнін анықтауда алдымен «кәсіпкерліктің» негізгі түсінігін ашып айқындау, содан кейін ғана «шағын бизнестің» негізгі түсінігін нақтылау керек. Қазіргі кезде бизнес, яғни кәсіпкерлік мағынасына берілетін анықтамалар шамадан тыс көп.

Кәсіпкерлік немесе бизнес теориясы ғасырлар бойы дамыды, оған классикалық экономикалық теорияға, неоклассикалық теорияға, кейнсиандық, необерализмге және қазіргі заманғы экономикалық ілімдерге негізделген әр түрлі бағыттар тән.

Ғылыми термин түсінігінде «кәсіпкер» экономика теориясына тұңғыш рет VIII ғасырдағы атақты ағылшын экономисі, банкирі Ричард Кантильон енгізді. « Кәсіпкер - бағаның тұрақсыздығы мен сату болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сатып алу мен сату процесстеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдар. Ең басты ерекшелік - тәуекелділік » - деген.

ХХ ғасырдың басындағы капиталистік елдер экономикасының шапшаң өсуі және ғасырдың отызыншы, жетпісінші жылдардағы әлемдік дағдарыстар кәсіпкерлікке қатысты жаңа баптардың пайда болуына әкелді. Мұнда әйгілі экономист Йозеф Шумпетерді атап өту керек.

Й. Шумпетер кәсіпкерлер деп - әр түрлі комбинацияларда экономикалық жаңашылдықпен айналысатын адамдарды атады. Оның пікірі бойынша, кәсіпкерлік қызмет адамға мәңгілік бекітілмеген, ол оның жеке қасиеттеріне байланысты.

А. Смит шағын кәсіпкерлік пен кәсiпкер туралы төмендегідей жазған екен: « . . . ол тек өзінің жеке қызығушылығын, өзінің жеке пайдасын ғана ойлайды және де көрінбейтін қол арқылы жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден гөрі, өзінің жеке пайдасын ойлаған кезде, қоғамға көбірек пайда алып келеді.

Кәсіпкерлік ұғымына анықтама беруші келесі ағым - кәсіпкерлікке тән тәуекелділікпен қатар, одан алынатын пайда мен туындайтын жауапкершілікті жатқызады. Мысалы, 1797 жылы Бодо кәсіпкер - іскерлік қызметке жауап беруші, кәсіпорын қызметін бақылап, жоспарлап, ұйымдастырып және оған иелік етуші тұлға деген. 1964 жылы Питер Друкердің дәлелдемесі - кәсіпкер қандай болмасын мүмкіндікті пайдалана отырып, ең жоғарғы деңгейдегі пайдаға жетуге ұмтылатын адам.

Сөз болып отырған әр түрлі ағымдардың тұжырымдары түсінікті, ғылыми көзқарас тұрғысынан қарағанда өте маңызды. Белсенді ізденушілік жұмыстарын жүргізгендіктерінің дәлелі. Ол кәсіпкерлік қызметті ең алдымен жаңалықтар мен жаңа немесе ескі тауарларды жаңа әдіспен өндірудің әр түрлі мүмкіндіктерін қолданатын, жаңа шикізат көздерін, өткізу рыноктарын аша отырып, өндірісті реформалаумен немесе түбірімен өзгертумен байланысты іс-әрекет деп есептейді.

Кәсіпкерлікке, яғни бизнес ұғымына берілген анықтамалар, оның мазмұнын барынша жақсы ашып көрсеткен. Сондықтан, кәсіпкерліктің барлық жоғарыда аталған анықтамаларын негізге ала отырып, тағы бір жаңа ағым шығуына себеп болды. Кәсіпкерліктің кешенді анықтамасы пайда болды. Дәлел ретінде Роберт Хизричтің анықтамасын келтіруге болады.

Кәсіпкерлік (бизнес) - белгілі құнға ие болатын жаңа нәрсе ашу үрдісі, ал кәсіпкер - осыған бар күші мен уақытын жұмсай отырып, орнына ақшалай және қанағаттанарлыққа жете алатын, қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді мойнына алатын адам.

«Кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктерінің мағынасы жағынан өте ұқсас екенін айтқан жөн. Орыс тілінде «бизнес» - кәсіпкерлікті, ал бизнесмен - кәсіпкерді білдіреді. Орыс тіліндегі сөздер шет ел сөздеріне сәйкес келеді, сонымен қатар, қосымша мағына да береді.

Кәсіпкерлік сөзінің ар жағында - «іс» және жай «іс» ғана емес, «кәсіпорын», яғни басқаша айтқанда, кәсіпорынды және өз ісін ұйымдастыру болып табылады.

Егер де біз, батыс экономикалық әдебиеттеріне назар аударсақ, онда олардың «кәсіпкер» және «бизнестің» жүйелі анықтамаларына сүйенетінін көре аламыз.

С. Розенблатт, Р. Бонингтон, Б. Нидлдің берген анықтамаларына көңіл аударайық. Олардың пайымдауынша, бизнес деген не? Бизнес - іс жүргізу жүйесі. Бизнес - адамдарға қажетті өнім өндіру. Бизнес - біздің әлеуметтік- экономикалық жүйеміздің орталық магистралі. Бизнес - қажеттіліктерімізді қанағаттандыру үшін құрған жүйеміз. Бизнес - біздің өмір сүріп жатқан жүйеміз.

Бизнесті - біз, өзіміз қоғам талабын және қажеттілігін қанағаттандыратын өндіріс жүйесі ретінде қарап кеттік. Сонымен қатар, бизнестің түрлеріне қарай шағын бизнес, яғни, ықшамдалған топтан құралған тұлғалардың қоғам талабын және өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында және де заңға сәйкес орындауы негізінде түсіндіріледі.

Берілген анықтаманың жүйелігін мынадан көруге болады: қоғамның экономикалық өмірінде бизнес және кәсіпкерліктің рөлін түсіну деңгейінің меңгерілгендігін білдіреді. Батыс экономистерінің анықтамаларында игілікті бизнес жайлы айтылады.

Ал, біздің экономикалық әдебиеттерімізде, негізінен, жүйесіз сипаттағы анықтамалар орын алған. Әдетте, табыс табуға бағытталған қызмет бабын түсіндіреді.

«Бизнес» және «кәсіпкерлік» түсініктерінің ұқсастықтарымен қатар, олардың өздеріне тән бірқатар айырмашылықтары бар. Мысалы, бизнес кәсіпкерлік түсінігіне қарағанда ауқымды болып келеді.

Кәсіпкерліктің субъектілері - жеке немесе заңды тұлғалар, басқаша айтқанда, кәсіпкер. [14, б. 70-76]

Ал, бизнес субъектілері төмендегі сызбада көрсетілген.

Сурет 1. Бизнес субъектілері.

Дерек көзі: Нысанбаев С. Н., Қожамқұлова Ж. Т. Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері.

Бизнестегі субъектілеріне қарай бөлгенде мынадай түрлері болады.

Сурет 2. Бизнес түрлері.

Дерек көзі: Нысанбаев С. Н., Қожамқұлова Ж. Т. Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері.

Көрсетілген бизнес түрлерінің мәнін тереңірек талдаған жөн. Бизнес түрлерінің әрқайсысы екі жақты болып келеді. Олардың қарым-қатынасында іскерлік мүдде жатыр, түпкі нәтижесінде өзара тиімділікке жетеді. Аталған элементтерді келесі кесте арқылы қарастырамыз. (1 кесте )

Осылайша ғасырлар бойы кәсіпкерліктің теориялық негіздемелері дамып отырды. Сонымен мынадай қорытынды жасауға болады: «Кәсіпкерлік - бұл, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және толық экономикалық жауапкершілікке негізделген, қауіптің және белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне негізделген өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі жаңарту процесі.

Кесте 1. Әр түрлі бизнес түрлерінің мәні

Негізгі нышандары
Кәсіпкерлік бизнес
Тұтынушылық бизнес
Еңбек бизнесі
Мемлекеттік бизнес
Негізгі нышандары: Бизнес негізі
Кәсіпкерлік бизнес: Өндіріс құралдарына жеке меншік
Тұтынушылық бизнес: Тұтыну және қызмет көрсетуге жеке меншік
Еңбек бизнесі: Жұмысшы күшіне жеке меншік
Мемлекеттік бизнес: Өндіріс, ақпарат құралдарына, интеллектуалды меншік, еңбегіне, бағалы қағаз, ақша ресурстарына жеке меншік
Негізгі нышандары: Бизнестің шаруашылықты субъектілері
Кәсіпкерлік бизнес: Кәсіпкер- кәсіпкер, кәсіпкер- рыноктық экономиканың түрлі агенттері
Тұтынушылық бизнес: Кәсіпкер- тұтынушы
Еңбек бизнесі: Кәсіпкер- жалдамалы жұмысшы
Мемлекеттік бизнес: Кәсіпкер- мемлекеттік ұйымдар
Негізгі нышандары: Дерек көзі: Нысанбаев С. Н., Қожамқұлова Ж. Т. Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері.

Кәсіпкерлік дамыған рыноктық экономикада кәсіпорын ұйымдарының, жеке кәсіпкерлердің жиынтығы ретінде келесі қызметтерді атқарады: жалпы экономикалық, шығармашылық ізденіс (инновациялық), ресурстық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық.

Дамыған рыноктық экономикада жалпы экономикалық қызмет анықтаушы болып табылады, бұл кәсіпкерлік ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің рынок субъектісі рөліне негізделеді. Кәсіпкерлік қызмет тауар (қызмет көрсету, жұмыстарды орындау) өндіруге және нақты тұтынушыларға жеткізуге бағытталады. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық өсудің, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыс өсуінің басты шарты болып табылады.

Ресурстық қызмет - кәсіпкерліктің маңызды қызметтерінің бірі. Кәсіпкерліктің дамуы ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды талап етеді. Кәсіпкер өз ісіне ғылыми техникалық идеяларды, жаңалықтарды енгізіп, біліктілігі жоғары жұмыс күшін, ресурстарды тиімді пайдалана білсе жоғары табысқа қол жеткізеді.

Сонымен қатар кәсіпкерлік шығармашылық ізденіс қызметін де атқарады. Кәсіпкер қызметінде жаңа идеяларды қолданып қана қоймай, алға қойған мақсатына жету үшін жаңа құралдар мен факторларды жасауы қажет.

Кәсіпкерлік ұйымдар неғұрлым тиімді қызмет етсе, олардың әртүрлі деңгейдегі бюджетке, бюджеттен тыс және әлеуметтік қорларға түсетін қаражаттары да соғұрлым көп болады.

Сонымен бірге кәсіпкерліктің дамуы жұмыс орындарының санын көбейтеді, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді, жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартады.

Кәсіпкерліктің келесі бір маңызды қызметі - ұйымдастырушылық қызмет, бұл қызметке кәсіпкерлердің өз ісін ұйымдастыруда дербес шешім қабылдауы, кәсіпкерлік басқарудың қалыптасуы, күрделі кәсіпкерлік құрылымдарды құруы және т. б. жатады. Ұйымдастырушылық қызмет шағын және орта кәсіпкерліктің тез дамуынан, сондай-ақ ұжымдық кәсіпкерлікте айқын көрініс табады.

Кәсіпкерлікті шаруашылық қызметтің бір түрі деп қарастыра отырып, оның негізгі ерекше сипатты белгілерін бөлуге болады:

  1. Шаруашылық субъектілерінің еркіндігі және тәуелсіздігі.
  2. Пайда табуға бағытталуы.
  3. Шығармашылық ізденісі.
  4. Шаруашылық жүргізуде нар тәуекелге баруы.

Егер осы жоғарыда аталған белгілер экономикалық қызметке тән болса, онда оны толық негізбен кәсіпкерлік қызмет деп атауға болады.

Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің кез келген түрімен айналыса алады.

Қазіргі таңда кәсіпкерлікті жандандыру процесі:

  1. экономикалық және инвестициялық дағдарыстармен;
  2. білікті мамандардың жоқтығымен;
  3. нормативті - құқықтық базаның жетілдіруімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық - коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен;
  4. капиталдың тапшылығымен;
  5. шаруашылық жүргізуші субъектілердің, моральды және табиғи тозған материалдық базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде.

Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында заңдылық негіздері тәуелсіздік алған жылдардан бастап құрала бастады. Бұл бизнес түрінің дамуына заңдар қабылданды, сонымен қатар заңдылық және басқа да нормативті құқық актілері қабылданып, іске асуда. Сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуы туралы түрлі сұрақтар қамтылуда, ол: шаруашылық серіктестерінің дамуы, акционерлік қоғам, тұлғалық кәсіпкерлік, лицензиялау, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтар мен заңды тұлғалардың құқығын қорғау және т. б. Ал, бүгінгі күні көптеген өзгерістер енгізілді, олар тәуелсіздік жылдарынан бастау алса, қазіргі кезде өзгерістер енгізіліп, сонымен қатар шетел тәжірибелерін ескере отырып, кемшіліктерін ескере, 2010 жылы жаңа салық кодексі қабылданғаны белгілі.

Шағын және орта бизнес - әдебиетте ұсақ және орта жеке кәсіпкерлердің жиынтығы деп берілген, кәсіпкерлер бірлестікке тікелей енбеген және экономикада монополия тарапынан орындаушылық роль атқарады.

Шағын кәсіпорын - аздаған жұмыскерлер саны бар, кәсіпорынға арналған кәсіптік іс- әрекетімен мемлекет, аймақ бойынша аз ғана үлесі бар кез-келген жеке меншік формасындағы фирма. Оның негізі шығаратын және жүзеге асырылатын өнімінің құнымен анықталады. Ірі елдегі бір үлгілі кәсіптегі шағын кәсіпорындар саны ондаған, жүздеген мың боп келсе, бір ғана осындай кәсіпорынға жалпы өндіріс көлемінің аз ғана бөлігі тиеді, бірақ олар біріксе еліміздің барлық өнімінің жартысын шығаруға қабілетті болар еді.

Шағын және орта бизнес дарынды, адал, жоғары дәрежелі тұлғаларға қолайлы. Шағын және орта бизнес табиғаты белсенді адамдарға жеке пайдасын іс жүзіне асыруына және тәуелсіз болуына мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер шағын бизнесті шығармашылықпен жұмыс істете отырып, кез-келген экономикалық ыңғайлы жағдайда пайда түсіруге, инновациялар енгізуге тырысуда. Көбінесе олар асығыс шешімдер қабылдауға еркін, олар өздерінің мойнына шығындар мен тәуекелді ала отырып жаңа технологиялар енгізе алады, жаңа өнім немесе қызметтің жаңа түрін жасай алады, ал ірі өндірушілер болса компанияның нұсқауларымен және ережелерімен тығыз байланысты болғандықтан аз еркіндікке ие.

Бүгінгі күнде елімізде шағын топтарға жататын кәсіпорындарға қатысты 50-ден астам статистикалық өлшемдер бар. Жалпы түрде олардың ең негізгілерін төмендегідей бөлуге болады :

1) Сапалық өлшемдер (басқару жүйесінің қарапайымдылығы, меншік иесі мен менеджер қызметін бір адамның атқаруы, нарықтың аздаған бөлігіне ие болу және шағын кеңістіктегі қызмет сферасы, қызметтің қысқа да нұсқа мақсаты және т. б. )

2) Сандық өлшемдер (кәсіпорындағы жұмыс істеушілер саны, негізгі капиталдың құны, сатылған өнім көлемі және т. б. )

Кәсіпорынды шағын бизнеске жатқызатын критерийлер бір елден екінші елге ауысуда, сондай-ақ капиталдың бір сферадан басқаға ауысуында өзгереді

Дегенмен де, көптеген елдердің тәжірибесінде көбінесе сандық өлшемдер қолданылады .

Жапонияда ұсақ кәсіпорындардың басты өлшемдерін анықтау капитал көлемі, жұмыскерлер саны болып табылады, ал Ұлыбританияда айналым көлемінің өлшемдері, активтер мен орташа саны көрсетіледі.

ҚР-да кәсіпорындар сандық өлшемдер негізінде жіктеледі, яғни, жұмыскерлердің саны, негізгі капитал құны, қызмет түрі салық төлеу негізінде. Біздің Республикамыздың Президенті мен Үкімет шетелдік үлгіні бетке ала отырып, шағын бизнестің қажеттігі туралы үнемі айтып келеді.

Шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер санына біздің елімізде жолданған адам саны елуге жетпейтін жеке кәсіпкерлер енеді.

Шағын және орта бизнестің ерекшелігі капитал салымының тез өзін-өзі ақтауы, өндірушілердің аймақтық нарыққа бағытталуы, сұраныстың өзгеруіне қолайлы бейімдеу және т. б. Бүгінгі күнде шағын бизнес секторы Қазақстан экономикасының ажырамас бөлігі.

Шағын және орта бизнестің дамуы көптеген маңызды ерекшіліктер әкеледі:

1) жеке меншік иелерінің көбеюі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының бюджет қазынасын толтырудағы салық жүйесі мен салық салу
Кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен маңыздылығы
Шағын бизнес субъектілерінің қызметіне салық салу
Салықтардың экономикалық мәні мен атқаратын қызметі
Шағын бизнес субъектілеріне салық салу тәртібі
Үкімет неге салық жинайды?
Кәсіпкерлік қызметті жетілдірудегі салық режимінің маңызын ашып көрсету және тиімді жүйесін ұсыну
Кәсіпкерлік қызметке салық салу мәселелері
Шағын бизнес субъектілеріне салық салу
Жеке тұлғалардың кірістеріне салық салу ставкалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz