Бюджеттік болжау мен жоспарлау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І бөлім. Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаудың басым бөлігі

1. 1. Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың мәні мен маңызы

1. 2. Үкіметтің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді

фискалдық саясаты

ІІ бөлім. Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың қазіргі

жағдайын қарастыру

2. 1. Бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлау

2. 2. Бюджеттік жоспарлау мен болжауда қолданатын әдістерді жетілдіру

ІІІ бөлім. Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау

жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбы "Бюджеттік жоспарлау мен болжау".

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.

Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Осы Бюджеттік кодекс, нормативтік құқықтық құжаттар және де алдағы кезеңге жоспарланған стратегиялар бюджеттік жоспарлау мен болжауда қолданылады.

Бұл тақырыпта бюджетті алдағы кезеңде жоспарланатын, болжауды және фискалдық саясатты қамтыды. Үкімет экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне және экспорттық мүмкіндіктеріне қол жеткізу стратегиясын әзірлейді және Бәсекеге қабілеттілік пен экспорт жөніндегі ұлттық кеңес құрады.

Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі әзірленетін және енгізілетін болады.

Бұл әрбір мемлекеттік органның өзінің дамуының стратегиялық жоспарын (5 жылға арналған) және оның негізінде мемлекеттік органдардың мақсатты бағдарламаларын, операциялық (жылдық) жоспарларын әзірлеуін көздейді. Үкімет пен мемлекеттік органдардың басшылары арасында нысаналы индикаторларды белгілей отырып, үш жылдық кезеңге арналған меморандум жасалатын болды. Жыл сайын мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер жарияланатын болады. Өңірлерде осыған ұқсас жүйе енгізілетін болды.

Мемлекеттік жоспарлауға жаңа тәсілдер енгізу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. 2007 - 2008 жылдары олар екі-үш пилоттық мемлекеттік органдарда және екі пилоттық өңірде енгізілетін болады. 2009 жылдан бастап барлық мемлекеттік органдар мен өңірлердің мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуі жоспарланып отыр.

Жоспарлаудың жаңа жүйесін іс жүзінде іске асыру үшін тиісті нормативтік құқықтық база жасалатын болады.

Бүгінгі таңда бюджеттік құқықтық қатынастарды реттейтін бірқатар заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық кесімдер бар. Алайда, бұл жағдайда бірыңғай заңнамалық кесім, барлық қатысушыларына бюджеттік құқықтық қатынастарда қолданылатын барлық ұғымдарды қамтитын және оның қатысушыларының функцияларын, құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін нақты бөліп беретін бірыңғай принциптері мен ережелері бар бюджеттік өзара қарым-қатынастардың біртұтас жүйесін көру мүмкіндігі жоқ.
Бюджет кодексін әзірлеу мақсаттары, ең алдымен, бюджеттік қатынастарды реттейтін қолданылатын нормативтік құқықтық кесімдердің құқықтық нормаларын біріктіру және жүйелендіру, бюджеттік қатынастар жүйесінің бірыңғай принциптермен және ережелермен тұтастығын белгілеу, бюджет саласының шекараларын нақты анықтау, бюджет процесінің қатысушыларын және олардың өкілеттіктерін анықтау, бюджет құрылғысын және бюджет процесін жүйелендіру, бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік нормаларын енгізу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың І бөлімінде Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаудың басым бөлігі. Оның 1. 1 - тармағында Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың мәні мен маңызы ашылды. 1. 2 - тармағында1. 2. Үкіметтің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы анықтама берілді, және де 2008-2010 жылғы арналған фискалдық саясат туралы қамтылған. ІІ бөлімінде Бюджеттік жоспарлаудың қазіргі жағдайын қарастыру жүргізілді. Оның 2. 1. тармағында Бюджет түсімдері мен шығыстарын жоспарлау жүргізілді.

2. 2. тармағында Бюджеттік жоспарлау мен болжауда қолданатын әдістерді жетілдіру қарастырылды. Қазіргі кезде қолданып жүрген, және де келешекте іске асыру керек деген әдіс-тәсілдерді қарастырдым.

Соңғы ІІІ бөлімге келетін болсақ - Мұнда Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы жазылды. Осы тұжырымдама туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов “Министрліктің 2007 жылғы қызметінің қорытындылары, 2008 жылға және таяу болашаққа арналған басым міндеттері туралы” баяндамасында тұжырымдама туралы айтқан сөздерін қарастырдым. Бюджетаралық қатынастар мен Бюджет кодексті жетілдіру туралы" - Қаржы бірінші вице-министрі Қ. Келімбетовтың баяндамасы (14. 06. 2002 ж. ) да қарастырылды.

I бөлім. Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаудың

басым бөлігі

1. 1. Бюджеттік жоспарлау мен болжаудың мәні мен маңызы

Бюджеттік жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.

Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.

Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларың негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро-және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) . Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.

Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.

Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

Жоспарлау:

- экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды) ;

- қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді) ;

- тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланады:

а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;

ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі) ;

б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі) .

Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау) жүзеге асырылады.

Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.

Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.

Шаруашылықты жүргізудің рыноктық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.

Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу) . Болжамдар орташа мерзімді (5 -10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:

экономикалық үдерістерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;

корреляциялық-региссиялық талдау;

тікелей сараптамалық бағалау әдісі.

Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөл атқарады. Қаржы жоспарларын әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды төмендету және өнімсіз шығыстарды қысқарту резервтері есебінен қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын қысқартуды және т. б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің үдерісіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.

Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық-үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұнын үдерісінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.

Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында Батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.

Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы үрдістерге терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. 2001-2005 арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты - экономиканы бәсекелестікті арттыру болды.

Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты - болжанған дамуды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.

Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді - реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделжетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары.

Индикативтік жоспар - мемлекетті әлеуметтік-экономикалық даму саясатының негізгі бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты көрсеткіштерін (индикаторларын) және мемлекеттік-экономикалық реттеуіштердің тізбесін қамтитын құжат.

Индикативтік жоспарлар орын алып отрыған проблемаларды кешенді түрде шешуге және стратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағытталған, орта мерзімді және ағымдағы перспективаға арналған мемлекетті әлеуметтік-экономикалық саясатты айқындайды.

Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға негізделеді:

орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі. Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) -орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды орындаудағы, өндірісті өркендетудің және оның нәтижелігін арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.

Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде өңірлердің қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу маңызға ие болып келеді. Сонымен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда оның рөлін арттыру қажет;

бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігін көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштерін оған қарасты субъектілердің жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы жоспарлары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;

жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық (ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі - жоспарлау, бағдарламалау және бюджеттеу:

жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және баяндауды кіріктіреді;

бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын құралдардың қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;

бюджеттеу - жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару үдерісі. Бұл дәстүрлі бюджеттік топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын бөлу үдерісі.

Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1 . Экстраполяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтау болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

мүмкін болатын ішкішаруашылықтық резервтерді анықтауды есепке алмайды;

материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.

2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.

3 . Бағдарламалық-мақсатты әдіс түрлі деңгейлерде жалпыұлттық, салалық, бастапқы деңгейлерде жүзеге асырылатын ғылыми - техникалық бағдарламалардың базасында қаржылық жоспарлау әдістерінің бірі ретінде рынок жағайларында дамиды. Қаржылық бағдарламалау - негізіне оларға жетудің айқын қалыптастырылған мақсаттары мен құралдары қойылған бағдарламалық-мақсатты әдісті пайдаланатын қаржылық жоспарлаудың әдісі:

басымдықтарды белгілеу;

қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру;

баламалы нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландырудың тоқтатылуы.

4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.

5. Сараттық бағалаулар әдісі жоспарлау объектінің жай-күйінің параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.

6. Электронды есептеу машиналарын пайдаланатын экономикалық-математикалық әдістер есеп-қисаптардың көп нұсқалығы жағдайларында, ең жақсы шешімдерді таңдау үшін қолданылады.

Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.

Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты. Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

Рыноктық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында өндірістің қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арылы қайта бөлу мүмкін.

Қаржылық жоспарлаудағы предметтік-мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.

Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде есеп беріліп отырған мезгілдің қаржылық көрсеткіштерінің орындалуына экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкішаруашылықтық резервтерді табуға мүмкіндік береді.

Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында бюджеттік жоспарлау жүйесін қарастыру
Қаржылық жоспарлау жайлы
Қаржылық жоспарлау– шаруашылықты жургізу
Салық түсімдерінің мемлекеттік бюджетке жоспарлануы
Қазақстан Республикасындағы қаржылық жоспарлау мен оның әдістері.
Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Экономиканы тұрақтандыру жағдайындағы салық механизмінің экономиканы басқаруда алатын орны
Мемлекеттің қаржысын басқару түсінігі
Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz