«Алматы экстертиза» ЖШС жағдайында өнім сапасын талдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Физика-техникалық факультеті

Жылуфизика және техникалық физика. Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасы

Диплом жұмысы

«Алматы экстертиза» жшс жағдайында өнім сапасын талдау

050732- стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы

Орындаушы

4курс студенті Айыпхан Ш.

(қолы, күні)

Ғылыми жетекші

т. ғ. к., доцент Бектібай Б. Ж.

(қолы, күні)

Норма бақылаушы

доцент Шортанбаева Ж. Қ.

(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:

жылуфизикасы, стандарттау

және метрология кафедрасының

меңгерушісі, доцент Бөлегенова С. Ә.

(қолы, күні)

Алматы, 2012

реферат

Бітіру жұмысы : 65 беттен, кіріспеден, 6 бөлімнен, қорытындыдан және 19 әдебиеттр тізімінен тұрады.

Зерттеу нысаны : « Балдырған» балалар велосипеді

Негізгі сипаттаушы сөздер : сынау, сертификаттау, сапасын талдау, стандарттау, ҰлтОртЭкС, ӨҚ, СЖ, НҚ, СО

Бітіру жұмысының мақсаты : «Балдырған» велосипедінің сапасын талдау, сынау зертханаларында өнімді сынау, халық назарын өзіміздің елімізден шығатын отандық өнімдерге аударып, балаларымыздың өз өнімдерімізді қауіпсіз пайдалануға мүмкіндік жасау. Өнім сапасын жоғарлату және қазіргі нарықта өз беделін нығайту.

Бітіру жұмысының міндеті : «Балдырған» балалар велосипедінің сапасын талдау, ұйымлық құрылымын зерттеу, сынақ лабараториясында өнімнің сапасын анықтау, өнімды сынау әдістері, негізгі сынақ түрлері, сынау құрылғыларының түріне талдау, қауіпсіздік талаптары, өнім сапасының әр түрлі қасиеттер бойынша анықталулары қарастырылады.

Алматы 2012

глоссарий

СЭҚТА(ТН ВЭД коды) - сыртқыэкономикалық қызметкерліктің тауарлық атау тізімі.

TQM - өнімнің қажетті сапасына жету үшін барлық жұмыстың жоғары сапасын жорамалдайтын, толық қамтушы, тотальдық менеджмент сапасы.

Мемлекеттiк стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;

Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал мiндеттерге қатысты көпшiлiкке ортақ, көп мәрте және ерiктi пайдалану үшiн ережелер белгiлеу арқылы өнiмге, көрсетiлетiн қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтiрудiң оңтайлы деңгейiне қол жеткiзуге бағытталған қызмет;

Өнім сапасы- өнімнің сатып алушының белгілі бір қажеттерін қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын сапалық қасиеттерінің жиынтығы және тиімділігінің өлшемі;

Талап- белгіленген қажеттілік немесе күту, әдетте болжанады немесе міндетті болып табылады;

Сапа- өзінді сипаттамалары бар жиынтығы белгілі талаптарға сәйкесетін деңгей;

Сапа көрсеткіші- бұйым сапасының сандық сипаттамасы;

Сынау -әртүрлі әсер ету жағдайында жұмыс істейтін объектінің сандық немесе сапалық сипаттамаларын тәжірибе (эксперимент) жүзінде анықтау;

Сынақ зертханасы -зерттеулердi, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлiмшесi;

Сертификаттау -сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм;

Инспекциялық бақылау - сертификатталған өнiмнiң, процестiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген органның уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын тексеруi;

Техникалық регламент -өнiмдерге және (немесе) олардың өмiрлiк циклiнiң процестерiне қойылатын мiндеттi талаптарды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзiрленетiн және қолданылатын нормативтiк құқықтық акт;

Тежеуіш (гр. tormos ) -Велосипедтің жүрісін бәсеңдетуге немесе тоқтатуға арналған құрылғы;

қысқартылған сөздер

ҰлтОртЭкС - Ұлттық Экспертиза мен сертификаттау орталығы;

ӨҚ -өлшеу құралдары;

СЖ -сынау жабдығы;

НҚ - Нормативті құжаттамалар;

СО -Сынау орталықтары;

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . 4

1 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ӘЗІРЛЕУГЕ БАСТАПҚЫ АҚПАРАТ… . . .

  1. Негізгі құжаттамалық мәліметтер. .

2 КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР

2. 1 Кәсіпорынның нарықта қалыптасу тарихы

2. 2 Кәсіпорынның ішкі құрылымы және қызметкерлік аймағы. .

3 ӨНІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР.

3. 1 Өнім жіктелуі, қолданылу аймағы

4 ӨНІМ САПАСЫН ТАЛДАУ. .

4. 1 Өнім сапасы туралы жалпы мағлұматтар

4. 2 Сапа көрсеткіштерінің атау тізімін анықтау

4. 3 Өнімнің сапа деңгейін бағалау.

4. 4 Өнімді дайындаудың сапа деңгейін техникалық регламент

cәйкестігіне талдау

4. 4. 1 Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды өндіру

кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

4. 4. 2 Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдарды тасымалдау

және сақтау кезінде қауіпсіздік талаптарын талдау

4. 4. 3 Ойыншықтардың қауіпсіздік талаптарын талдау. .

4. 4. 3. 1 Балалар арбасына, велосипедтер қауіпсіздігіне қойылатын

талаптар. .

4. 4. 4 Ойыншықтардың жалпы қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды

талдау. .

4. 4. 5 Ойыншы қтардың механикалық қауіпсіздік талаптарын

талдау.

4. 4. 6 Ойыншықтардың химиялық қауіпсіздік талаптарын талдау………. .

4. 4. 7 ойыншықтардың биологиялық қауіпсіздік талаптарын талдау………. .

5 СЕРТИФИКАТТАУ. .

5. 1 Сертификаттау туралы жалпы түсінік

5. 2 Өнімнің Техникалық регламент талаптарына міндетті түрде Cәйкестігін растау сұлбасы

6 «БАЛАЛАР ОЙЫНШЫҒЫН» СЫНАУ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ

КҮЙІН БАҒАЛАУ

6. 1 Сынау орталығының құрамы және құрылымы

6. 2 Сынау зертханасында сапаның басқарылу күйі

6. 3 Зертханада жүзеге асырылатын сынау әдістері.

6. 4Жабдықпен қамтылуы. .

6. 5 «Балалар велосипедін» сынауға таңдама жасау

6. 6 Өлшеулерді қадағалау.

6. 7 Сынау нәтижелерінің сапасын қамтамасыз ету

6. 8 Нәтижелерді рәсімдеу

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

ҚОСЫМШАЛАР

А ҚОСЫМШАСЫ.

Ә ҚОСЫМШАСЫ.

Б ҚОСЫМШАСЫ. .

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда САПА тұтынушылардың басты ұранына айналып отыр. Сапалы өнім тұтыну әрбір сатып алушының басты арманы. Ал елімізде бүгінгі таңда отандық өнімдердің аз болуы сонымен қатар шетелден келген сапасыз өнімдердің нарықты жаулауы негізгі проблемаға айналып отыр. Оның ішінде әсірісе айта кетерлігі еліміздің болашағы саналатын балалар денсаулығына, психологиясына, өсіп жетілуіне тікелей әсер ететін негізгі құрал ойыншықтар бұл күнде елімізде өте аз шығарылады. Базардағы ойыншықтар түгелдей дерлік қытайдан әкелінген, олардың саны мен түрі де өте көп . ал сапасына келер болсық бояуы тез шығады, бөтен йістері бар, бала денсаулығына тікелей қауіпті. Сондықтан отандық өнімдердың санын да сапасында арттыру бүгінігі күннің басты мәселесі болып табылады. Сонымен қатар елімізде өндірілген отандық өнімдерды сынау лабараториялары аз әрі өнімдерді сынайтын сынақ құрылғылары, орталықтар, мамандар жетіспейді.

Бұл дипломдық жұмыста зерттелген негізгі өнім балалар ойыншығы, оның ішінде Қарағандыдағы «Металл бұйымдары зауыты» ЖШС шығаратын «Балдырған» балалар велосипедінің сапасын талдау, ұйымлық құрылымын зерттеу, сынақ лабараториясында өнімнің сапасын анықтау, өнімды сынау әдістері, негізгі сынақ түрлері, сынау құрылғыларының түріне талдау, қауіпсіздік талаптары, өнім сапасының әр түрлі қасиеттер бойынша анықталулары қарастырылады. үгінгі таңда осы баладар велосипедіне сұраныс өте аз болып отыр, негізі 1970 жылдан бастап шығарылған бұл балалар велосипеді дүниеге келе сала Қазақстан көлемінде, кеңестік лагерь елдері - РСФСР, Өзбекстан, Түрікменстан тарапында керемет сұранысқа ие болғаны да бар, сонымен қатар «Балдырған» өндірістен шыққан жылы бірден экспортқа жол тартып, Мексикада өткен халықаралық байқауда үздік сапасы үшін «Бриллиант жұлдыз» иегері атанды. «Балдырғанның» ең көп тұтынушысы Венгрия және Мексика болды. Осы кезде айына орта есеппен 20 мың велосипед шығарылып тұрды. Қазір айына 5-8 мың велосипед шығарылады. Зауыттан шығатын кездегі құны - 2300 теңге. Қазіргі «Балдырғанның» бүгінгі нұсқасы алғаш дүниеге келген кездегіден еш өзгере қоймаған. Керісінше, құрылымдық сапасы, темірінің тегі нашарлай түскен. Шынтуайтында, кеңестік шайтанарбалардың салмағы да зіл батпан, темір ұстыны да шомбал көрінетін. Салмағы жеті келіге дейін басатын. Сол дәуірдегі конструкторлар шағын велосипедтің доңғалағын темір қаңқасынан гөрі салмақтырақ етіп жасайтын. Салмақ төменгі жақта басымдау болған соң, арба да орнықты болуы шарт. Ал қазіргі шайтанарбаның доңғалағының ені бармақ елі, өзінің жалпы салмағы бес келіге дейін ғана басады. Тізгін темірі доңғалақтарынан гөрі ауырлау. Доңғалақ бекіген біліктері де нәшекі, әлсіз. Осы мәселелерді қарастыра отырып, «Балдырған» велосипедінің сапасын зерттеу, халық назарын өзіміздің елімізден шығатын отандық өнімдерге аударып, балаларымыздың өз өнімдерімізді қауіпсіз пайдалануға алғы шарт әзірлеу ол дипломдық жұмыстың негізігі мақсаты болып табылды.

Өнім сапасын жоғарлату мақсатында кәсіпорында уақытпен қатар сапаны басқару, сәйкес емес өнім мөлшерін төмендету мақсатында өзгерістер, жаңартулар енгізілуі мүмкін. Соның ішінде біздің таңдап отырған кәсіпорын - «Карағанды металл өнімдер зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қолданылатын сапаны қамтамасыз етудің басты құралдарын атап өтейік: СЖМ енгізу нәтижесінде іске қосылған процедуралар, басқару құралдары, Исикавы диаграммасы, Парето диаграммасы және т. б. принциптер.

Осы өнім сапасын жоғарлату және қазіргі нарықта өз беделін нығайту мақсатында жаңа сынау зертханасын аккредиттеу ұсынылып отыр. Болашақ бұл сынау зертханасының біраз артықшылықтарын айта кетейік: балалар ойыншығының өндірісі саласындағы сынау зертханасы біздің республикамызда аз, бірақ өндірістің өзі жоғарғы қарқынмен дамуда. ТМД елдерінде мұндай зертханалардың аз болуы ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өзі осы саланың дамуына қолдау көрсететіндігін айта кеткендігі, үлкен кепілдік болмақ. сәйкестікті бағалаудың ресми танылған объектілері:

- өнімнің, процестердің, көрсетілетін кызметтің қауіпсіздігі мен сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

- сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;

- саудадағы техникалық кедергілерді жою;

- отандық өнімнің сыртқы нарыққа шығуына және Қазақстан Республикасының аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін халықара-лық ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу болып табылады. Қазақстан Республикасының сәйкестікті растау саласындағы аккредиттеу туралы Заң сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларын (орталықтарын), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу саласындағы қоғамдық қатынастарды. сондай-ақ сәйкестікті бағалау саласындагы олармен байланысты өзге де қатынастарды реттейді.

Бір нәрсені түсінген дұрыс, қазіргі сапаны басқару концепциясы - бұл тәжірибе көрсеткендей тек қана өндіріс сферасында ғана емес, соған қоса мемлекеттік және муниципалдық басқаруларда, қарулы күштер және басқа сфераларда да табысқа жетуге мүмкіндік беретін, қызметкерліктің кез келген мақсатты басқару концепциясы.

1 ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ӘЗІРЛЕУГЕ БАСТАПҚЫ АҚПАРАТ

1. 1 Негізгі құжаттамалық мәліметтер

Бұл дипломдық жұмысты құрастыру үшін пайдаланылған жетекші нормативтік құжаттама 1кестесінде көрсетілген.

1кесте . Жетекші нормативтік құжаттама

№:
Нормативті құжат белгіленуі: Нормативті құжат белгіленуі
Нормативті-әдістемелік құжат атауы: Нормативті-әдістемелік құжат атауы
№: 1
Нормативті құжат белгіленуі: ҚР СТ 1. 0-2006
Нормативті-әдістемелік құжат атауы: ҚР МСЖ. Негізгі жағдайлар
№: 2
Нормативті құжат белгіленуі: ҚР СТ 1. 2-2002
Нормативті-әдістемелік құжат атауы: ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды өндіру тәртібі
№: 3
Нормативті құжат белгіленуі: ҚР СТ 1. 5-2008
Нормативті-әдістемелік құжат атауы: ҚР МСЖ. Стандарттарды құруға, ұсынуға, рәсімдеуге және құрылымына жалпы талаптар
№: 4
Нормативті құжат белгіленуі: ҚР СТ 1. 7-2003
Нормативті-әдістемелік құжат атауы: ҚР МСЖ. Стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау реті
№: 5
Нормативті құжат белгіленуі: ҚР СТ ИСО 9000 - 2008
Нормативті-әдістемелік құжат атауы: Сапа менеджментінің жүйесі. Негізгі жағдайлар мен сөздік
№: 6
Нормативті құжат белгіленуі: ҚР СТ ИСО 9001- 2008
Нормативті-әдістемелік құжат атауы: Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар

Таңдалған кәсіпорын мен өнім бойынша пайдаланылған базалық нормативтік құжаттамалар тізімі 2 кестесінде келтірілген.

2 кесте Базалық нормативтік құжаттама

Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі
Бөлім, пункт нөмірі
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 9. 014-78
Бөлім, пункт нөмірі: 3. 5. 1
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 1760-86
Бөлім, пункт нөмірі: 3. 5. 5
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 8273-75
Бөлім, пункт нөмірі: 3. 5. 5
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 9569-79
Бөлім, пункт нөмірі: 3. 5. 5
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 9840-74
Бөлім, пункт нөмірі: 3. 5. 5
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 14192-77
Бөлім, пункт нөмірі: 3. 4. 3
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 15150-69
Бөлім, пункт нөмірі: 6. 1, 6. 3
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 15151-69
Бөлім, пункт нөмірі: 3. 2. 2
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 15156-84
Бөлім, пункт нөмірі: 3. 2. 1
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 16711-84
Бөлім, пункт нөмірі: 3. 5. 5
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 25243-89
Бөлім, пункт нөмірі: 2
Сілтеме берілген НТҚ-тың белгіленуі: ГОСТ 26964-86
Бөлім, пункт нөмірі: 4. 11

2 КӘСІПОРЫН ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТТЕР

2. 1 Кәсіпорынның нарықта қалыптасу тарихы

«Қарағанды Металлбөлшек Зауыты» ЖШС-нің құрылу және даму тарихы. «Қарағанды Металлбөлшек Зауыты» ЖШС-і мына мекен-жай бойынша орналасқан: 100020 Қарағанды қ., Социалистическая көш. 2Б, Пришахтинск.

«Қарағанды Металлбөлшек Зауыты» ЖШС орналасқан аумақта 1954 жылдың 12 қыркүйегінен шабадан (чемодан), гребешки, сүйек пен мүйізден қ айта өңделетін қалдықтарды шығаратын «Галантерея» Артелі орналасқан болатын.

1959 жылы «Галантерея» Артелі таратылып, оның территориясын өндірістік кооперати жүйесіндегі «Метталист» Артелі құрылды. Бұл мекеменің негізгі шығаратын өнімі болып металл бұйымдар, соның ішінде шелектер, қоршаулар және т. б. табылады.

1963 жылы «Металлист» Артелінің атауы металлөңдеумен айналысатын және велосипед, балалар арбасы шығаратын мекеме П/Я 18 болып ауыстырылды.

1967 жылы П/Я 18 мекекмесінің таратылуынан кейін басында кәмелетке толмаған балаларға арналған 154/18, кейіннен қатаң режимді еңбек колониясы болып қайта құрылды. Жақын маңдағы елдімекеннің тұрғындарының арызынан кейін 1968 жылы мекеме таратылып, оның базасында Қарағанды Металлбөлшек Зауыты құрылып, Қазақ ССР-нің Жергілікті өндіріс Министрлігіне берілді. Бірінші жетекшісі Черепанов Николай Владимирович болатын.

1968 жылдан бастап мекеме негізінен балалар ассортиментінің өнімдерін: бала лар велосипеді, серуендеуге арналған балалар арбасы, балалар шаналарын, сондай-ақ әртүрлі жүк арабаларын шығара бастады. Зауыт өнімдері, әсіресе балар велосипеді, тек Қазақстанда ғана емес, Ресейде, Өзбекстанда, Түркменстанда үлкен сұранысқа ие болды. Зауыт коллективімен шығарылатын өнім көлемі 1 айда 20 мың данаға дейін жетті. Бұл велосипедтер экспортқа Венгрияға және Мексикаға жіберілді.

Бүкілодақтық әлеуметтік сайыс нәтижесі бойынша 1973 жылы Красное Знамя ВЦСПС және ЦК КПСС, ВЦСПС және ЦК ВЛКСМ берілді.

Зауыт коллективінің нәтижесі болып велосипедтердің Халықаралық нарықта мойындауы табылады. «Балдырған» балалар велосипедіне Мексикада «Бриллиантовая Звезда качества» және Халықаралық сапа Сертификаты берілді.

1992 жылы 24 желтосанда зауыт атауы «Темір Зат» Ашық Типтегі Акционерлік Қоғамы болып өзгертілді, ал 1998 жылдың 15 қыркүйегінде «Темір Зат» АТАҚ-нан «Металлбөлшектер зауыты» ААҚ заңды тұлғасы болып бөлініп шықты. Қайта құрылған шаруашылық субъекттің президенті Паршина Галина Васильевна болды, ол осы күнге дейін мекемені басқаруда. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің он жылдығына орай Паршина Галина Васильевна медальмен марапатталды. Қазіргі уақытта мекеме тұрақты режимде жұмыс істеуде және тұрақты дамуда. Әртүрлі «Балдырған» балдалар велосипедин, серуендеу балалар арбасы, жүк арбаларын өндіре жалғасуда. Жаңа өнімдерді: балалар манежі, жинақталатын балалар және ересектер төсектеріне арналған металл таралар, мектептерге, балабақшаларға және аулаларға арналған шағын архитектуралық формалар өндіру енгізілді.

:
:
:

:
:
:
:
:

:
:
:
:
:

:
:
:
:
:

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

1 сурет «Қарағанды Металлбөлшек Зауыты» ЖШС шығаратын өнімдер[18]

Қазіргі таңда шығарылатын өнім көлемі жылына 145 млн. тенгеден асып отыр. Жұмыскерлердің жалпы саны 150-ден асады. «Қарағанды Металлбөлшек Зауыты» ЖШС-ның құрамында бес цех бар. «Қарағанды Металлбөлшек Зауыты» ЖШС-нің алып жатқан аумағы 3, 48 га. ЖШС «Қарағанды Металлбөлшек Зауыты»

2. 2 Кәсіпорынның ішкі құрылымы және қызметкерлік аймағы

Компанияның басты профилі болып балалар оншығы өнімі табылады. Компания СМЖ енгізгелі, келесідей процедураларды іске қосты:

  • Ішкі нормативтік құжаттама;
  • Ұйым құжаттамасы;

- Қызметтік құжаттама;

  • Сыртқы құжаттар;
  • Архив;
  • Жазбаларды басқару;
  • Басшылық басқаруы;
  • Жақсартуларды жоспарлау;
  • Персоналды басқару;
  • Өндірістік желілерді күту;
  • Автокөлік құралдарын күту;
  • Еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Негізгі жұмысшыларды дайындау;
  • Келісімдерді талдау;
  • Сатып алулар;
  • Бақылау өлшеу аспаптары;
  • Өндірісті жоспарлау;

- Жаңа өнімді дайындау;

  • Беттік шыныдан өнім өндірісі. Шыны бұйымдарды дайындау;
  • Орталық қойманы басқару;
  • Жеткізіп қоюды басқару;
  • Сатулар;
  • Ішкі тексерулер;
  • Түзетуші және алдын алу әрекеттері;
  • Сапаны бақылау және сәйкес емес өнімді басқару.

- Сапаны бақылау және сәйкес емес өнімді басқару процедурасы Өнім сапасын басқаруды қамтамасыз етуге және сәйкес емес өнімді басқаруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу ретін орнатады.

Өнім сапасын бақылау және тұтынушы, конструкторлық, технологиялық және басқа да нормативті-техникалық құжаттама талаптарына сәйкестікке тексеру мақсатында кәсіпорында жоғарыда көрсетілген бірнеше процестер қарастырылған.

Кәсіпорында сапаны бақылау мақсаты - өнімнің сәйкестік деңгейінің орнатылған талаптарға сәйкестік деңгейін анықтау.

Жоғарыда көрсетілген процедура талаптары мына кезеңдерді қарастырады:

  • шикізаттың кіріс сапасын бақылау;
  • технологиялық және операцияаралық процестерді бақылау;
  • дайын өнім сапасын бақылау ;
  • жаңа өнім өндіру кезіндегі сапаны бақылау.

Кәсіпорында енгізілген СМЖ негізінде енгізілген рәсімдеу құжаттарымен сәйкес өнім сапасы мен процесс сапасын бақылау екі басты кезеңнен тұрады. [19]

3 ӨНІМ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР

3. 1 Өнім жіктелуі, қолданылу аймағы

Бірегей кедендік тариф - кедендік одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірегей Тауарлық номенклатурасына (КО СЭҚ ТН) сәйкес жүйелендірілген үшінші елдерден бірегей кедендік аймаққа енгізілетін тауарларға қолданылатын кедендік салықтың үстемесі.

Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасындағы тауарлардың классификациясы мынадай ережелерге сәйкес жүзеге асырылады:

1. Тараулардың, топтар мен кіші топтардың атаулары КО СЭҚ ТН қолдану ыңғайлы болуы үшін келтіріледі; заңды мақсаттарда КО СЭҚ ТН тауарлардың классификациясы тауарлық бағыттардың мәтіндері мен тарауларға немесе топтарға қойылатын сәйкес ескертулерге қатысты жүзеге асырылады, егер аталмыш мәтіндерде мынадай қағидаларға қатысты өзге шарттар қарастырылмаса:

а) қандай да бір тауарға тауарлық бағыт атауына кез келген сілтеме осындай түрдегі толығымен жабдықталмаған немесе аяқталмаған түрдегі тауарға да қатысты болуы тиіс, егер жабдықталмаған немесе аяқталмаған түрінде осы тауардың аталған жабдықталған немесе аяқталған түрдегі тауардың негізгі қасиеттеріне ие болса, сонымен қатар жиналмаған немесе бөлшектелген түрдегі аяқталған немесе жабдықталған сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс;

б) қандай да бір материалға немесе затқа тауарлық бағыттың атауындағы кез келген сілтеме осы материалдың қоспасына немесе ерітідісіне сілтеме ретінде қарастырылуы тиіс. Белгілі бір материалдан немесе заттан жасалынған тауарға кез келген сілтеме осы материалдан немесе заттан толығымен немесе ішінара жасалынған тауарларға сілтеме ретінде де қабылданады. Бірден көп материалдан немесе заттан жасалынған тауарлардың классификациясы 3 ереженің қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жіктелуі, негізгі параметрлері және өлшемдері:

ТНВЭД ТС (КБ СЭҚТА), сыртқыэкономикалық қызметкерліктің тауарлық атау тізімі - Белорусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кедендік бірлестіктің біртұтас тарифі (БКТ) соңғы үлгісі үш ел басшыларымен 27. 11. 2009ж. бекітілген және 2010 жыллың 1-қаңтарынан іске қосылған.

СЭҚТА он таңбадан тұрады. Бастапқы төрт белгі тауар позициясын анықтайды; 5, 6 сан - субпозициясын; 7, 8, 9 белгілер - ішкісубпозициясын; соңғы 10-таңба - тауар бөлшектенуін.

СЭҚКА кодтарында тауарларды белгілі бір топқа жатқызу принциптері қатаң түрде қадағалануда. Тауарды дұрыс анықтау және оның классификациясы (жіктелуі) ставка анықтағанда, режім, салымдар мен төлемдерді орнатқан кезде маңызды рөл атқарады.

Қаупісіздік талаптарын орындау қажетті ойыншықтар тізімі 3 кестеде келтірілген. Қолданылатын материалдарына, бұйымның жинақталуына және құрастырылуы ерекшелігіне байланысты ТН ВЭД коды бес мәннен кем емес сандармен біртекті топ және ойыншық идентификациясы құрылады.

3 кесте. Біртекті ойыншықтардың Тн ВЭД кодталуы

өнімнің топтық аталуы
ТН ВЭД коды
өнімнің топтық аталуы: Транспорттық, техникалық металл құрылымыдық ойыншықтар
ТН ВЭД коды: 950100
өнімнің топтық аталуы: Ағаш ойыншықтар
ТН ВЭД коды: 950330
өнімнің топтық аталуы: Пластмасса ойыншықтар
ТН ВЭД коды: 950349
өнімнің топтық аталуы: Жұмсақ иілгіш ойыншықтар
ТН ВЭД коды: 950341
өнімнің топтық аталуы: Резенке ойыншықтар
ТН ВЭД коды: 950390
өнімнің топтық аталуы: Қағаздан және картоннан жасалған ойыншықтар
ТН ВЭД коды: 950390
өнімнің топтық аталуы: Фарфор, фаянс, керамика, ағашты-қиқымнан жасалған ойыншықтар
ТН ВЭД коды: 950210
өнімнің топтық аталуы: әртүрлі ойыншықтар(музыкалық, оптикалық, зерттеулік топтамалар)
ТН ВЭД коды: 950350
өнімнің топтық аталуы: Балалар шығармашылығына арналған ойыншықтар
ТН ВЭД коды: 950390

4 кесте. Арбалармен велосипедтердің ТН ВЭД кодталуы

Өнімнің атауы
ТН ВЭД коды
Өнімнің атауы: Арбалар
ТН ВЭД коды: 96 9240
Өнімнің атауы: Велосипедтер
ТН ВЭД коды: 45 2990

4 ӨНІМ САПАСЫН ТАЛДАУ

4. 1 Өнім сапасы туралы жалпы мағлұматтар

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Өнім сапасын басқарудың теориялық аспектілері
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жайлы
Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары
Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі
Ұйымда өнім сапасын басқару
КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН жоғарылату
Сапа менеджменті
Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқару
«Фудмастер» өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz