«Ақшат 1» әктас кенорнының өнеркәсіптік маңызын айқындап, С1 және С2 категориялары бойынша қор есептеу


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы ауданында орналасқан «Ақшат1» құрылыс тасы (әктас) кенорны Романюк Я. И. және тағы басқалардың 196162 жылдары жүргізген геологиялық түсіру жұмыстары нәтижесінде анықталған.
«Ақшат-1» кенорнында жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесі бойынша қаралып отырған аумақ жыныстардың құрамы және тау-кен-геологиялық шарттар бойынша құрылыс тасы үшін перспективті деп қарастырылады.
Ауданда көптеген геологиялық зерттеулер, оның ішінде: 1:5 масштабтағы геологиялық түсіру жұмыстары, 1:2 масштабтағы гидрогеологиялық түсірулер және әртүрлі пайдалы қазбаларды іздеу мен барлау бойынша жергілікті жұмыстар жүргізілген.
Дипломдық жобаға қажет геологиялық мәліметтер диплом алды өндірістік тәжірибе барысында жиналды. Жобаның негізгі мақсаты «Ақшат1» әктас кенорнының өнеркәсіптік маңызын айқындап, С 1 және С 2 категориялары бойынша қор есептеу болып табылады.
Дипломдық жоба көлемі 96 жазба беттен және 4 сызба материалынан, 10 кестеден тұрады.
1 Ауданның сипаттамасы
Сипатталып отырған аудан әкімшілік жағынан Ақтөбе облысына кіреді және мына координаталармен шектеледі: 50°00'-50°40' с. е. және 57°00'-58°00' ш. б. (1-сурет)
Географиялық жағынан аумақтың көп бөлігі Ораласты үстіртінде орналасқан. Ауданның солтүстік-шығыс бөлігін ауданның шығыс шекарасында абсолютті биіктігі 453 мге жететін Ор-Елек көтерілімінің жиегі алып жатыр. Бұл Ұсақ шоқыдан батыста әртүрлі биіктіктермен тізбек бедерлері дамыған, 438-360 м биіктікке дейін жетеді.
Елек өзенінің аумағында абсолютті биіктіктер 203 м-ден аспайды. Ауданның басты су артериясы көптеген ағыны бар Елек өзені болып табылады. Оның ішіндегі ірілері - Жақсы-Қарғалы, Жаман - Қарғалы, Есет және Табантал. Көбіне ұсақ ағындар Сазды, Тамды, Жіңішке және Байбақты өзендерімен бағыт алып жатыр. Өзендердің қоректенуі атмосфералық жауын шашынесебінен және жер асты сулардың қатысуымен жүзеге асады. Көбінесе толық сулы, яғни үнемі тұрақты ағысты жыл ішіндегі Елек және Жақсы-Қарғалы өзендері болып табылады. Жаз уақытында олар қатты азаяды. Олардың ағындары толығымен құрғап, жеке бөліктерге бөлінеді.
Ауданның климаты шұғыл континенттік, ыстық құрғақ жазымен және аз қарлы суық қыстарыменен ерекшеленеді. Қаңтардың орташа температурасы -15, 7°, шілде +22, 5°. Ауданның климатына шұғыл тәуліктік температуралар тербелістері, қатты желдер, кейде жазда шаңды борандар, ал қыста - қарлы борандар тән. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 83-тен 416 мм-ге дейін тербеледі, ал орташа көпжылдық мәліметтер бойынша 252 мм-ге тең.
Ауданның ашылымдары біртекті емес. Көбінесе жақсы табиғи ашылымдары Жақсы-Қарғалы, Жаман-Қарғалы және Табантал өзендерінің оң жақ бөлігіндегі жағалауы болып табылады. Бұл жерде мезазой және палеозой түзілімдерінің қабатты қималарын бақылауға болады. Беттің қалған аумағы мардымсыз қалыңдықты төрттік түзілімдерімен көмкерілген.
Өсімдік жамылғысы климаттық жағдайлар мен жер бетінің тау жынысына тікелей байланысты орнласқан. Өзен аңғары мен олардың беткейлерінде ағаш өсімдігі дамыған: қарағай, қайың, т. б. Суайрық жер бөлікшелерінде олардың беткейлері көбінесе құрғақ дала ретінде көрініс береді.
Аумақ Ақтөбе облысының көпелді мекені болып келеді. Мұнда Ақтөбе қаласы және ірі ауылдар орналасқан: Новоросийское, Родниковка, Петропавловка, Александровка, Жыланды, Белогор, Благодарный, Шибаевка және көптеген колхоз, совхоз фермалары бар.
Ауданның оңтүстік-батыс бөлігін Москва-Ташкент теміржол магистралі қамтып жатыр. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Ақтөбе-Орск грунт жолы өтеді, ал батыстан шығысқа қарай Ақтөбе-Қарабұтақ жолы алып жатыр. Көбіне құрғақ мезгілден көшуге қажет грунт суларының жүйесі жақсы дамыған.
Елді мекенде көбіне орыстар, қазақтар, украиндер, татарлар, немістер және басқа халықтар тұрады. Ауылдағы елді мекен тұрғындарының негізгі ісі жер және мал шаруашылықтары. Облыс орталығының тұрғындары өндірістік өнеркәсіп және мемлекеттік ұйымдар жұмысымен шұғылданады.
1- сурет. Ақшат1 кенорнының шолу картасы
2 Бұрын жүргізіліп кеткен жұмыстарға шолу және оларды талдау мен бағалау
Ең алғаш ауданның геологиясы туралы 1860 жылғы Н. А. Северцов, И. Г. Борщов пен 1904-1913 жылғы Н. Н. Тихонович қалдырған жазбаларда сипатталған және қазіргі кезде тек тарихи маңызға ие.
1929 жылдары мұнай, фосфорит, көмір іздеу жұмыстарына қарай жалпы жоспарлық және жүйелік зерттеулер басталды.
Ауданның зерттеу жұмысына өзіндік үлес қосқан В. Е. Руженцев болатын. Ол 1930 жылы Табантал ауданында мұнай ашылымдарын анықтаған болатын.
В. Е. Руженцев Орал алды Ақтөбе маңында ірі зерттеулер нәтижесінде стратиграфия бойынша жаңа жоғарғы палеозой мәліметтері мен тектоникасын және 1:1 масштабты ауданның геологиялық картасын құрастырған болатын.
1933 жылы ВНИГРИ тапсырмасы бойынша мұнайлылық құрылымын іздеу барысында аумақтың солтүстік-батыс бөлігін П. И. Климов, Д. И. Лукьянычев 1:5 масштабта түсірген болатын.
1940 жылы П. И. Климов 1:5 масштабта Ақтөбе ауданында геологиялық түсірулер жұмыстарын жалғастырады. Бір уақытта ауданның батысына және оңтүстігіне қарай 1:5 масштабта Е. Н. Соколованың басшылығымен геологиялық түсіру жұмыстары жүргізілген.
1941-1942 жылдары Бестамақ ауылынан шығысқа қарай Табантал бассейнінде С. А. Скутина (1944) басқарған комплексті геологиялық-геофизикалық жұмыстары жүргізілді.
1945 жылы Н. И. Леоненок 1:5 масштабта ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде геологиялық түсіру жұмыстарын жүргізген болатын. Осы жылы Ақтөбе қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай В. И. Елисеев, ал оңтүстік-батыс бөлігінде П. И. Климов геологиялық түсірулер жүргізген.
1944-1946 жылдары ең алғаш рет П. И. Климов, Н. И. Леоненок және В. Е. Руженцев аумаққа 1: 2 масштабта геологиялық карта құрастырған болатын. Қазіргі уақытта олар ауданның пайдалы қазбасы мен геологиясы жайлы көп мәліметтерге сай емес.
1947 жылы зерттелген аумақтың солтүстік бөлігінде Е. И. Платонова мен орталық бөлігінде В. С. Сафаровтың басқаруымен 1:1 масштабта бұрын құрған геологиялық картасын анықтауда және күнгір мен жоғарғы пермь түзілімдерін тереңірек зерттеу үшін геологиялық түсіру жұмыстары жүргізілген. Бірақ бұл жұмыстар пермь түзілімдері жайлы аз мәлімет берді.
1947-1949 жылдары Жақсы-Қарғалы өзен бассейнінде В. И. Елисеев көмегімен аллювиальді түзілімдердің нақты зерттеуі мен шлихты сынамалау жұмыстары жүргізілген.
Ал триас және юра түзілімдерін зерттеуде Э. А. Копытованың жұмыстары маңызды рөл алады. Ол осы түзілімдерді алғаш рет палиналогиялық зерттеулерге негіздей отырып, свиталарға жіктейді.
1949-1951 жылдары ауданда бұрын жүргізілген 1:5 масштабтағы геологиялық картаны Х. С. Розман, Р. А. Сегедин, Н. И. Леоненок толықтыру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Кемпірсай ауданының 1:5 масштабтағы геологиялық картасы құрастырылған болатын және ауданың гелогиялық құрылысы мен пайдалы қазбасы жайлы мәліметтер алынған болатын.
1950 жылы А. П. Бархотинаның көмегімен ауданның негізгі бөлігі 1:2 масштабтағы жер үсті магнитометриялық түсірулермен көмкерілген болатын.
1949 жылдан бастап ауданның батыс бөлігіндегі антиклинальдерде сейсмикалық зерттеулер жүргізілген, нәтижесі Т. С. Дюсенгалиев пен В. П. Данилин жұмыстарында айқын көрсетілген.
1950-1958 жылдары бұл антиклинальді қатпарларда «Ақтөбе мұнайбарлау» құрылымдық-іздеу және барлау жұмыстары жүргізілген. Бұл зерттеулер нәтижесінде Жыландыда мұнай және Петропавл антиклинальді қатпарларында газ ашылған.
1951-1953 жылдары игерімдік ұңғыма бұрғылау жұмыстары қаланың өндірістік мекемелерін сумен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген. Өндірістік ұлғаюмен Ақтөбедегі тұрғын-коммунальді құрылыста және ауданның берілген шегінде тұрғын пункттерінде 1952 жылы іздеу және барлау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде ірі құрылыстық материалдар кенорындары ашылған: құрылыстық құмдар, гипстер, әктастар, құмды-гравий қоспасы.
1954-1958 жылдары А. К. Замаренов кернді терең ұңғымаларда зерттеу негізінде жоғарғы палеозой түзілімдерін антиклинальді қатпарларға жіктейді және В. Е. Руженцева, И. В. Хворова мәліметтері бойынша фациялдық талдау береді.
1960 жылы ауданның оңтүстік-шығыс бөлігінде В. В. Иванов 1:5 масштабта жер үсті радиометриялық жұмыстары және геологиялық түсірулер жүргізілген. Бұл мәліметтер нақты нағыз картаны құруға қолданылған болатын.
Осы жылдары да Ақтөбе қаласының маңында В. М. Бабусенко электробарлау жұмыстарын жүргізген. 1960-1961 жылдары М. Г. Патрихаличев, В. М. Дмитров зерттеуімен барлық аумақ 1:2 масштабта гидрогеологиялық түсірумен көмкерілген болатын. 1960 жылдан бастап Ақтөбе маңында жерасты суларының шығу көздерін іздеу-барлау жұмыстары жүргізілген. Бұл жұмыстар нәтижесі Ю. В. Архидьяконский, Баранниковтың есепнамаларында толықтырылған.
1961-1963 жылдары Я. И. Романюк, А. П. Добровольский, ал 1962-1963 жылдары В. И. Железко, О. В. Кульчицкий зерттеулері нәтижесінде ауданның батыс және оңтүстік бөлігінде 1:5 масштабта геологиялық түсірулермен көмкерілген. Бұл зерттеулер нәтижесінде пайдалы қазба кенорындары ашылған және жаңа стратиграфиялық, тектоникалық мәліметтері алынған.
1961-1963 жылдары ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде іздеу жұмыстары жүргізілген. Бұл зерттеулерден мыстың кенбілінімдері анықталған және 1:25000 масштабтағы сұлбалық геологиялық карта құрастырылған болатын.
1961-1963 жылдары А. К. Гусев басқаруымен жоғарғы палеозой түзілімдерінің стратиграфиясы бойынша тақырыптық жұмыстары жүргізілген. Осы мәліметтер жинағы алғаш рет Орал алды Ақтөбенің палеонтологиялық негіздеуге және күнгір ярусы мен жоғарғы пермьді подъярустарға жіктеуге мүмкіндік туғызады.
1963 жылы В. А. Лобанчук ерте ашылған Сазды және Бұтақты бөлікшелерінде керамзитті шикізатқа, аглопоритті шикізатқа Ақтөбе кірпіш зауытында және Александров бөлікшесіндегі доломиттерге іздеу-барлау жұмыстарын жүргізген.
1964 жылы А. К. Волошко көмегімен аумақта геофизикалық жұмыстардың интерпритация мәліметтері бойынша тақырыптық жұмыстары аяқталған. Бұл мәліметтер геологиялық карта және пайдалы қазба картасын құрастыруда қолданылған.
1964-1965 жылдары В. С. Лыков ауданның шығыс бөлігінде іздеу-түсірулер жұмыстарын жүргізді.
Сонымен, аумақтың солтүстік-шығыс бөлігінен басқа барлық ауданы нақты геологиялық картамен қамтамасыз етілген.
3 Ауданның геологиялық құрылысы
3. 1 Стратиграфиясы
Бұл аумақ Орал қатпарлы жүйесінің әр түрлі құрылымдық-фациалдық белдемдерін кіріктіреді. Мұнымен сипатталып отырған ауданның батыс және шығыс бөліктерінің геологиялық құрылысының өте күрделілігі және палеозойлық түзілімдерінің әртүрлілігі түсіндіріледі. Мезозойлық және кайнозойлық түзілімдердің кішкене қалыңдығы мен мезозойға дейінгі қабат қалыңдығын салыстырғанда, геологиялық карта тек мезозойға дейінгі жаралымдардың стратиграфиялық бағанасын қамтиды.
Ауданның геологиялық құрылысында әртүрлі жыныстар таралған. Көнелеу кешен аумақтың шығыс бөлігінде дамыған. Ол протерозойдың метаморфталған жыныстарынан, кембрийдің, ордовиктің, силурдың және девонның шөгінді және вулканогенді жаралымдарынан тұрады. Бұл жыныстар кешенінің барлығы қатты дислокацияланған және негізді және ультранегізді құрамды ұсақ интрузиялармен бөлінген. Батыстан төменгі және ортаңғы палеозой жыныстары аймақтық бастырмамен шектелген. Жарылымнан батысқа қарай таскөмір мен пермьнің шөгінді жаралымдарымен қатталған сызықты қатпарлар жолағы дамыған. Палеозойлық кешен зерттелген аумақтың оңтүстік жартысы мен батысында таралған мезозой түзілімдерімен үйлесімсіз көмкерілген.
Протерозой. Жоғарғы бөлім. Каялин свитасы. Төменгі подсвита (Pt 3 kl 1 )
Жақсы-Қарғалы өзенінің жоғарғы ағысындағы (ауданның солтүстік-шығыс бөлігі) ауданы бойынша үлкен емес бөліктерінде арасында хлоритті, биотит-серицит-кварцты, серицит-кварцты, серицит-хлоритті тақтатастар таралған қарқынды метаморфталған жыныстар ашылған. Бұл жыныстардың барлығына компоненттері параллель орналасқан жолақты, жолақты-тақтатасты бітімдер тән. Амфибол-биотитті плагиогнейстер мен кварциттер бағынышты рөлге ие.
Түзілімдер орнықпаған. Ордовиктің эффузивтері олардың үстінде терең шайылумен және үйлесімсіз жатыр. Сипатталған қабат С. С. Горохов (1963) бойынша жоғарғы протерозойдың қаратау сериясының құрамына кіретін Оралтау жотасының ақбиік свитасымен Кемпірсай антиклинорийінің төменгі аялин подсвитасымен параллель жатыр. Подсвита қалыңдығы 750-800 м. Шығысынан көрші аудандағы толығырақ қималарда оның қалыңдығы 1500 м-ге жетеді.
Кембрий жүйесі. Жоғарғы бөлім (Є 3 )
Ақай қабаты (Є 3 ak) . Сипатталып отырған ауданның шығыс шекарасын бойлай Бұтақ өзенінің үстінде шартты кеш кембрийлік ақай свитасының Н. И. Леоненок (1955) арқылы белгіленген бір бөлігін құрайтын метаморфталған эффузивтер қабаты енсіз субмеридианальды жолақпен таралған.
Ақай қабаты арасында туфты құмтастар, туфтар және филлиттенген сазды тақтатастар бар диабаздар мен диабазды порфириттер кездесетін қара және сұр жасыл қатты тақтатасталған және өзгерген негізді құрамды эффузивтермен қатталған. Диабаздар бластоофитті құрылымға және тақтатасты бітімге ие. Моноклинді пироксен олардың ішінде тұтасымен мүйіз алдамшы немесе хлорит пен эпидот түрінде орын басады. Шығыс жақ ауданда көнелеу жынысты бұл қабаттың да жапсары тектоникалық болып келеді. Негізгі қабатта да, қабат жамылғысында да бұрыштық үйлесімсіздік болжанады.
Ақай қабаты шартты түрде жоғарғы кембрийге жатады. Мұндағы жыныстар жоғарғы протерозойдың каялин свитасының қатты метаморфталған жыныстарынан айрықшаланады. Олардың ордовиктің вулканогендік жыныстарынан айырмашылығы аз байқалады. Қабат қалыңдығы 400 м.
Ордовик жүйесі (О)
Ордовик жүйесіне палеонтологиялық сипатталған төменгі бөлім түзілімдері және тремадок пен арениг ярустарының трилобит фаунасы бар эффузивті және туфогенді жыныстар қабаты жатады. Ортаңғы бөлімге косистек свитасы жатады.
Төменгі бөлім. Тремадок ярусы
Кидрясов свитасының (O 1 kd) түзілімдері шектеулі таралған. Бөлек ашылым түрінде олар Қызылтам ауылынан солтүстікке қарай 0, 8 км-де Жақсы-Қарғалы өзенінің сол жақ жағалауында, сонымен қатар Косистек және Қарабұтақ өзендерінің оң жақ жағалауында кездеседі.
Көрсетілген пункттердің бәрінде біртекті жасылтым- және қара-сұр полимиктілі, басымырақ ұсақтүйірлі, кейбір жерлерде қия жұқа қабатты құмтастар ашылады. Олардың арасынан Косистек пен Қарабұтақ өзендері бойынша көптеген әктасты құмтастардың конкрециялары кездеседі. Құмтастардың кластикалық материалы негізінен кварц пен дала шпатының (альбит және калийлі дала шпаты) сынықтары болып келеді. Кварциттің, кремнийлі жыныстардың және серицит-кварцты тақтатастардың сынықтары аздап кездеседі. Сирек цирконның, гранаттың, эпидоттың, цоизиттің және хромиттің түйірлері кездеседі. Жыныстың 10-15%-ын құрайтын цемент биотит қабыршақтары мен темір қышқылдары, сирек кальцит ретінде кездеседі.
Қарабұтақ өзенінің оң жақ жағалауындағы кидрясов свитасының қимасында қалыңдығы 5 м-ге дейін негізгі құрамды эффузивтер қабатшалары, сонымен қатар сазды тақтатастар мен аргиллиттердің қабатшалары білінеді. Косистек өзенінің сағасынан солтүстік-батысқа қарай 1, 5 км қашықтықтағы Жақсы-Қарғалы өзенінің сол жақ жағалауында Я. И. Романюк арқылы құмтастарда брахиоподалар жиналған: Alimbella armata Andr., Tritoechia lermontovae (Lessn. ), Lingula sp. (О. Н. Андрееваның анықтамасы) . Косистек өзенінің оң жақ жағалауында Н. И. Леоненок арқылы (1955; Розмин, Сегедин, Леоненок, 1952ж) Andesaspis argentinensis Kobayashy трилобиттері (Е. А. Балашованың анықтамасы) мен Siphonotreta latisiphonalis Andr., Acrothyra kidriassensis Andr., Eoornis ex gr. remnicha Winch., Porambonites auritulis Andr., Obolus sр. және т. б. брахиоподалар (О. Н. Андрееваның анықтамасы) жиналған. Бұл фауна Швецияның эулома-ниобе белдеміне, тремадок ярусына жатады. Аумақтың шығысында бұл түзілімдердің арасында кеш тремадоктың да фаунасы кездеседі. Кидрясов свитасының қалыңдығы 300 м-ге жетпейді.
Төменгі-ортаңғы бөлімдер
Қуағаш свитасының (O 1-2 kg) түзілімдері ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде субмеридиональды шайылудың екі жолағы түрінде көрініс береді. Ол кидрясов свитасының түзілімдерінде трансгрессивті жатыр, ал көнелеу жыныстарда - бұрыштық үйлесімсіздікпен жатыр.
Жақсы-Қарғалы өзені бойының меридиональды бөлігіндегі батыс жолақта диабаздар, диабазды порфириттер, спилитадалар, туфтар, альбитофирлер және сирек кремнийлі жыныстар жолақтары ретінде көрініс беретін эффузивті жаралымдар басым дамыған. Қимада диабаздар мен диабазды порфириттер кездеседі. Вариолиттер мен спилиттер сирегірек кездесді. Сонымен қатар пилотакситті негізгі массасы және белдемді плагиоклаз бен мүйізалдамшының порфирлі белгілері бар андезитті порфириттер жолақтары білінеді. Мұнда құрылымы кристаллолитокласттық жарықшақты, темірлі, жасылтым-сұр туфтар шамалы таралған. Пирокласттық материал плагиоклаз бен кварц кристалдарының, сонымен қатар альбитофирлер мен диабаздардың ынықтары ретінде көрініс береді. Байланыстырушы масса плагиоклаздың лейстінен, кварц пен ыдыраған эпидоттың ұсақ түйірлерінен тұрады. Альбитофирлер кішкене жамылғылар мен дайкалар түріндегі эффузивтердің арасынан бақыланады. Бұл жолақта сирек линзатәрізді қабатшалар түрінде анық брекчияланған және опалданған сұр және қара-сұр кремнийлі жыныстар кездеседі.
Әртектілеу жыныстар түрінде сипатталып отырған аумақтың шығыс шекарасын бойлайтын шығыс жолақтағы қуағаш свитасы көрініс береді. Эффузивті жыныстармен қатар мұнда шөгінді жыныстар кеңінен дамыған: полимиктілі құмтастар, конгломераттар, сирек - әктастар мен кремнийлі жыныстар.
Ауданның солтүстік шекарасындағы Косистек өзенінің оң жақ жағасында қызыл ала әктастың линзасында Н. И. Леоненок (1955, 1952ж) арқылы тремадок кезеңінің трилобиттері жиналған. Е. А. Балашова мен Н. Е. Чернышеваның мұнда анықтағандары: Apatokephalus serratus (Sars et Boeck), Euloma ornatus Ang., Hystricurus conicus (Bill. ), Agnostus sp.
Оңтүстікке қарай, Шоршалысай бұлағының сағасынан төмен 0, 6 км-де Қарабұтақ өзенінің сол жақ жағалауында әктастарда Е. А. Балашованың қорытындысы бойынша тремадок ярусына жататын қоңдылау фауналар жиналған: Niobe aff. lindstromi Schmidt, Symphysurus aff. augustatus Boeck, Symphysurus sp., Remopleurides sp., Agnostus sp., Homagnostoides sp., Illaenus sp.
Қарабұтақ, Бұтақ және Ақай өзендерінің жоғарғы ағысында диабазды порфириттердің және сирек диабаздардың біртекті қабаты дамыған. Ақай өзенінің ортаңғы ағысында диабазды порфириттердің негізгі құрамында ауданның шегінен асатын құмтасты-алевритті жыныстар будасы білінеді. Құмтастар мен алевролиттер кидрясов свитасының жыныстарына өте ұқсас келеді.
Қуағаш свитасының жасы свитаның тек төменгі бөлігін сипаттайтын фауна негізінде анықталады. Палеонтологиялық мәліметтер бойынша свитаның жасы тремадоктың, аренигтің соңы және ортаңғы ордовиктің басы ретіне анықталады. Оның қалыңдығы 600 м-ге жетеді.
Ортаңғы бөлім
Косистек свитасы (O 2 ks) 1994 жылы Н. И. Леоненокпен белгіленген. Аумақ көлемінде бұл свита Косистек өзенінің төменгі ағысы бассейнінде және Жаксы-Қарғалы өзенінің сол жақ жағалауында кеңінен таралған және мұнда ол шағын антиклиналдың ядросында ашылған. Өзінің дамыған барлық ауданында косистек свитасы бір-бірімен алмасып қабаттасқан тақтатастанған кремнийлі және альбитофирлі туфтардың, туфты құмтастардың, туфты тақтатастардың, құмтастардың, сирек конгломераттардың, брекчиялардың және тағы басқаларының, бастысы ашық жасыл түсті туфогенді жыныстардың өзіндік қабатымен қатталған. Туфты құмтастар мен туфты тақтатастарға ине тәрізді жақпар тән. Жыныстардың осы қабаттарының бәрі қатты жарықшақтанған және көптеген ұсақ лықсымалармен жарылған. Кремнийлі тақтатастар, әдетте жасыл және сургучты-қызыл түсті жиі тұтасымен радиолярия қалдықтарының орнын басқан кварцты құрайды. Бұл түзілімдердің толық петрографиялық сипаттамасы Н. И. Леоненоктың (1955, 1952ж) жұмыстарында келтірілген.
Косистек свитасының астында жатқан түзілімдермен жапсары кейбір жағдайларда барлық жерде жабық, ал басқаларында - тектоникалық сипатта болып келеді. Бұл түзілімдердің жасы ортаңғы ордовик болып анықталады. А. А. Гаврилов (1965) бұл түзілімдерді Оңтүстік Оралдың кураган свитасымен сәйкестейді және төменгі шекараның жасын аренигке дейін төмендетеді. Свитаның қалыңдығы 800 м.
Силур жүйесі
Силур жүйесінің түзілімдері ауданның солтүстікшығыс бөлігінде кең таралған.
Төменгі бөлім. Лландовер-венлок ярустары (S 1 ln-w)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz