Қазақ баспа ісінің өткені мен бүгіні


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І тарау. Қазақ баспа ісінің өткені мен бүгіні. . …. 8 1. 1 Егемендік жылдарындағы кітаптың қоғамдағы орны мен мәні . . . 8

1. 2 Қазақ кітабының тарихына шолу . . . 9

1. 3 Қазіргі таңдағы баспалардың қалыптасу және даму үрдістері…. . …16

1. 4 Бүгінгі баспа менеджменті және кітап бизнесі18

1. 5 Кітап басу аясындағы ұлттық мүдде. . 20

ІІ тарау. Жалпы жеке меншік баспалар ерекшеліктері27

2. 1 Жекеменшік баспалардың бүгіні. . . . 27

2. 2 Баспалардың бәсекелестікке қабілеттігі52

2. 3 Кітап маркетингі және бизнес жоспар. …60

2. 4 Баспа ісіндегі инновациялар98

Қорытынды112

Пайдаланылған әдебиет…. . 118

КІРІСПЕ

Қазақстан - 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауында: «Бір данагөй: «Егер сіз қайда бет алып бара жатқаныңызды білмейтін болсаңыз, онда сізді ол жерге кез-келген жол алып баруы мүмкін, » - деген екен. Осыны естен шығармай, болашақтың моделін жалпыланған түрде және нақты қысқа мерзімді мақсаттар түрінде ұдайы көз алдымызда бағдар етіп ұстауға тиіспіз. Мұның өзі қандай да бір іс-әрекетке кірісе отырып - біз дұрыс бағытпен жүріп келеміз бе, әлде бағдардан ауытқыдық па, оқиғалардан ілгеріге оздық па, әлде шабандап қалып келеміз бе - ұдайы таразылап отыру үшін қажет» [1, 7б. ], - дейді. Сонымен қоса кез-келген істі бастамас бұрын «стратегиялық бағыттарды жүзеге асырудағы ең қажетті нәрсе - алдағы мақсаттарды дұрыс анықтау» [1, 18б. ] дейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан республикасы тәуелсіздігін алып, дербес мемлекетке айналу қарсаңында баспалардың жағдайы қандай болды? Кітап шығару ісі, тұтастай баспа ісі тұралаған тұста өз міндетін атқара білді ме? Бұл үдеден шықса, қиын-қыстау кезеңнің шырғалаңынан қалай босады, нарыққа бейімделе алды ма? Осы мақсатты алға тарта отырып, «нарық талабына Қазақстан баспалары қалай бейімделді, тығырықтан қалай шыға алды?» деген сауалдарға жауап беру үшін осыған дейін шыққан газет-журнал беттеріндегі мақалаларды саралап, қорытынды жасау.

Зерттеудің нысанасы. Магистрлік диссертация жұмысымның негізіне айналып отырған еліміздегі жалпы жеке меншік баспалардың қалыптасу, даму тарихын, құрылымын саралай отырып, «өз кезеңіне сай, заман талабынан шыға алды ма?» деген мәселелерді қарастыру.

Қазақстан баспаларының дамуындағы менеджмент пен маркетингтің рөлі қандай? Жеке кітап бизнесін жүргізгенде бизнес жоспарды дұрыс құрып, бәсекелестікке төтеп беру, даму үрдісін сүзекіден өткізіп, талдау жасау. Еліміздегі кітап рыногын зерттеу.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осыған дейін бұл тақырыпта ғылыми-зерттеу жүргізіліп, ғылыми еңбектер өте аз қорғалған. Аталмыш тақырыпты қоғамдағы белгілі бір тарихи қысталаң кезеңнен қалай шығып, бүгінгі баспа ісін қалыптастырудағы өзіндік ерекшеліктерін баспагер мамамдығы бойынша оқитын тәлімгерлерге арнайы курс ретінде ұсынуға болады. Өйткені экономикалық әдебиеттерді қарасаң, күнделікті тұтыну тауарларын өндіретін қандай да бір жекеменшік фирмалардың қызметі жөнінде зерттеу жұмысы қалыптасқан. Ал баспа ісі жөнінде, оның қазір руханияттан бұрын бизнес көзі екендігін түсіне бастадық. Осы тұрғыдан келгенде бізде кітапты - тауар, баспаны - бизнес ошағы деп қарастырып, зерттелген әдебиеттер жарытымсыз. Бұл жағдай жұмысымның өзектілігі ғылыми айналысқа сұранып тұрған тың тақырып екендігінде деп білемін.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделуі жайында осы уақытқа дейін жүйеленген ақпарат болмағандықтан, ғылыми тұрғыда зерттелмегендіктен қоғамның оған деген зәрулігі анықталып отыр. Біз қарастырып отырған баспалар - еліміздегі кітап ісі нарығын бекем қалыптастыруға тыңнан түрен салып жүрген айшықты баспалар. Осыларды бағытта ұстап, баспа нарығының қалыптасуы мен бәсекеге бейімделуін анықтап, саралап, тұшымды зерттеу нәтижесінде зәруліктің орнын толтырсам, ғылымға аз да болса қосқан өз үлесім болар деп үміттенем.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң, өз алдына дербес егеменді мемлекет құрдық. «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік-нарықтық экономика құрудамыз. Бұл - бізге қажеттінің нақ өзі» [1, 49б], деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа Жолдауында айқын көрсеткеніндей, тәуелсіздік алысымен нарықтық экономиканың бел ортасына кіріп кеттік. 1992 жылы Қазақстан тәуелсіздігін 30 мемлекет мойындап, егемендіктің тәтті дәмі бұйыра бастады. Ескі кеңестік жүйенің де кедергілері болмай қоймады.

Міне, осы орайда, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8 тармақшасына сәйкес әрі рухани және білім беру саласын дамыту, Қазақстан Республикасының мәдени мұрасының сақталуы мен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қаңтарында №1277 Жарлығы жарияланды. Аталмыш бағдарламаның негізгі міндеттерінің ішінде «мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды зерделеудің жүйесін құру; көркем және ғылыми толық дестелерін шығару; әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын құру» [2, 4б. ] мәселелері көтерілгенді. Бұл дегеніңіз - рухани, мәдени құндылықтардың бәрін сараптап, түпнұсқасын сақтап, тасқа басқандай етіп, КІТАП шығару. Бағдарламаны қаржыландыруға республика қазынасынан 3 жылға 1933, 6 миллион теңге бөлінді.

Кітаптар мен басылымдар осы сала еңбеккерлерінің - баспагерлер мен полигафистердің ел кәдесіне жараған елеулі еңбектерінің арқасында осы тақырыпты зерттеу мүмкіншілігі туып отыр. Халықты нарықтық қыспақ кезінде рухани азығынан айырмай, сұранысына қажетті, талғамына сай, кәсібіне қолайлы әдебиеттермен қамтамасыз етіп, ғылым мен білімнің, әдебиет пен мәдениеттің, өнердің өзегін талдырмай, өмір ауанымен деңгейлес бола білуінің өзі іскерлік пен ілкімділіктің үлгісі десе де болады. Ал шын мәнінде қалай еді? Күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар ушыққан кезеңде баспагерлер мен полигарфистер қандай қиындықтарға тап болды? Одан шығудың жолдары қалай іздестірілді? Осындай сұрақтар төңірегінде жауап іздеп көрдік.

Магистрлік дисертацияның бірінші тарауында кітап шығару шаруашылығы мемлекеттік тәуелсіздік алғанан кейін өте қиын жағдайға тап болып, сол тығырықтан қалай шыққандығы жөнінде баяндаймыз. Біріншіден, бәрін өзі қамтамасыз етіп отырған бір орталықтандырылған жүйеден арылуы. Жүйе қирап, байланыстар бет-бетімен үзілгеннен кейін мемлекеттің кілті өз қолымызға тиді. Атақты философ Гейне: «Әр дәуірдің өз міндеттері бар» дегендей, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары шашыраған дүниені жаңа заманға сай етіп, қайта қалпына келтіру, оны гүлдендіріп, дамыту мәселесі алдыға қойылды. Кітап шығару ісінде қағаз тапшылығы мен полиграфия құрал-саймандарының жетімсіздігі туындады. Ресейден алынатын қағаз бен полиграфиялық техника күрт қымбаттап, келуі де сап тыйылды. Қағаз үшін аударылған қаржылар банктен-банкке ауысуы да ұзаққа созылып, адасып, құнсызданып жатты. Ал қағаз шығарушылар мен жөнелтушілер алдын-ала ақша түспей ештеңе де бермей бақты. Мұның әсері бірден-ақ байқалды. Республикамызда кітап шығару мен баспа ісі тоқырай бастады. Қағаздың бағасы күн сайын демегенмен, ай сайын қымбаттады десек те болады. Ал кітап аталымының азаюы, тираждың құлдырауы күрт өсті. Мұндай жағдайда мәжбүрлік қағаздың өзімізден шығатын көзінің болмауы, ақшанының құнсыздануы, сұранымының азаюы, мемлекеттік демеудің болымсыздығы, өнім құнының қымбаттауынан туындаған еді. Мұның бәрі бірімен-бірі жалғаса келе шор түйіні шешілуі қиын үлкен проблемаға айналды.

Ауылдағы қалыптасқан жағдай кітап саудасына қатты әсерін тигізді. Кітап дүкендері өзін-өзі ақтай алмауға дейін барды. Кітаптардың ауылға жетуі де қиындады. Ауылдағы кітап саудасы жүйесін ұстап отырған республикалық «Казкоопкітап» мекемесі тарай бастады. Олар енді кітап емес, өтімді халық сұранымына сай қант, үнді шайын, киім-кешек т. б. сатумен айналысып кетті. Аталмыш кәсіпорын жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналды. «Қазкоокітап» ЖШС-нің төрайымы Ерік-Раиса Есенбаева газет бетіне берген бір сұхбатында ауылдық жерлерге сатуға жіберген кітаптарынан не ақша, не кітап қайтпағасын Қазақ тұтыну қоғамдары одағының өз ішіндегі төрелік сотқа жүгініп, ақшаның орнына сауда мекемесінің қоймасындағы тауарларды алуға мәжбүр болғандығын айтады. Ол: «Қоймада жатқан көсеу, табақ, киім ілгіш, костюм, басқа да көрбай-жөрбайды алып, соларды сатып, баспаның ақшасын қайтардық. Ауылдық жерде кітап қалайда өтеді, облыста отырғандар ақшасын бермей әуре етеді. Ақша бізге түспеген соң, біз баспа алдында қарыз боламыз. Осыдан баспаның алдағы жұмысы тоқтайды, бұдан оқырман зардап шегеді» [2, 4б. ], - дейді. Міне, жазушы - баспа - кітап саудасы - оқырман төртбұрышы осылай үзіліп отыр.

Бұл қалыптасқан жағдайдан шығар жол бар ма еді? Мүлде жоқ деуге болатын. Өйткені: Қазақстанда қағаз бен полиграфиялық техника шығаратын бір де бір комбинат пен зауыт жоқ. Барлығы Ресейде еді, тіпті Қызылордадағы қатырма (картон) шығаратын зауыттың өнімі, яғни қатырмасы кітапқа ешбір жарамайтын. Ал өзіміздегі шикізат көздерін қарастыра отырып, шағын қағаз зауыттарын салу үшін талай-талай түн қатқан, айлап жортқан сапарлардың бірі жолын тауып, енді бірінің тауы шағылып қайтып жатты.

Диплом жұмысымның ІІ тарауына Қазақстан баспаларының нарық талабына бейімделіп, ендігі кезекте бәсекеге қабілеттілік деңгейі арқау болмақ. Әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып, әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алу үшін баспа ісі, жекелеп алғанда кітап ісінің даму тенденциясын саралап, кемшілігі болса, жанашырлық жасап, олқылық орнын толтыру - міндетіміз. Бәсекеге қабілетті 50 мемлекет қатарына еніп, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірер болсақ, біздің баспа өнімдеріміз шетелден еркін тасымалданатын өнімге төтеп бере ала ма, ұтып шығатын тұсы бар ма - осыны анықтау үшін ғылыми тұрғыда нарықты зерттеп, кітап бизнесін жасақтап, бәсекеге қабілеттілік мүмкіншілігін артыруымыз керек. Аталмыш тауарда, сонымен қатар менеджменттік басқару, маркетингтік жоспар, бизнес жоспар, қоғаммен байланыс, ассортимент түрлері, тақырып ауқымы, полиграфиялық-техникалық жабдықтардың бәсекеге қабілеттілік деңгейі жөнінде сөз болады.

Қорытындыда Қазақстан баспаларының материалдық және баспагерлік-шығармашылық салада жетіспейтін тұстарын, одан арылудың жолдарын экономикалық, әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, толыққанды қарастыруға тырысамыз.

Өркенді де өршіл дамып келе жатқан Қазақстан баспаларының іргетасы тек қана осы заманғы техникамен жабдықталып, бәсекеге қабілетті басқарудың тиімді тәсілдерін қолданып, алпауыт «мен мұндалап» тұратын баспа нарығын қалыптастыру керек. Нарық заңдарының үдесінен шығу - жас мамандардың жаңа ой қуатының арқасында жүзеге асады. Осы орайда жоғарғы оқу орындарында тек баспагер емес, әмбебап рухани дүниесі бай, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, еңбекке ынталы, елжанды маман даярлау керектігін жолға қою ләзім.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ БАСПА ІСІНІҢ ӨТКЕНІ МЕН БҮГІНІ

  1. Егемендік жылдарындағы кітаптың қоғамдағы орны мен мәні.

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында еліміздің болашақтағы бағыт-бағдары мен өсіп-өркендеуі айқын көрсетілген. Осы басымды бағыттардың орындалуына, батыл іс-қимылдың өрістеуіне кітаптың қосар үлесі шексіз екенін ешкім жоққа шығара алмайды. «Адам кітап арқылы басқышпен жоғары көтерілген сияқты өзінің қазіргі биігіне жетті. Сондықтан өркениет іргетасының тірегі деп қазіргі әлемнің ғажайып материалдық бөлігін емес, тіпті өнердің қасиетті орындарын емес, кітапты айту керек», - деген Л. Леоновтың өткен ғасырдың 60-жылдары айтқан ғажайып сөздері жаңа ғасыр белесінде де өз мәнін жойған емес. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанымен адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймайды.

«Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге», - деп данышпан Абай кітап атты құдіреттің ғаламат күшін бойына жинап, өмірлік азық қылуды ұрпағына аманат етпеп пе еді?

« Кітап , егер ол нағыз кітап болса, өзінен өзі таралмайды. Нағыз кітаптың сыртқы түрі, тіпті супер мұқабасында оның мықтылығына көзіңізді жеткізетіндей сөздер жазылғанына қарамастан, адамдарда мұны сатып алып, оқып шығуға құштарлық сезімін оятатындай ештеңе болмайды. Нағыз кітап оның бағасын түсінетін, құрметтей білетін адамдардың күш-жігері арқасында өз оқырманына жетеді», - деген қанатты тіркестің жаны бар.

Кітап - рухани азық. Ол қай кезде де адам жанына демеу болды және бола береді де. Жастар - еліміздің болашағы. Оларды кітап оқуға тарту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мен рухани сауаттылыққа тәрбиелеу - кітапхана мамандарының кәсіби міндеті. Халықтың шамшырағын өшіріп алмау - бізге сын [3, 11б] .

Кітап - даналық қазынасы. Осы бір баға жетпес рухани құндылығымыздың адамзат өмірінен алатын орны ерекше. Бұлай деп айтып отырғанымыздың себебі, біз кітап арқылы жан дүниемізді тазартып, рухани кеңістікке жол ашамыз. Сонымен қатар ғасырлар бойы сақталып келген бай мұраларымызды кітап арқылы танып білеміз.

Кітапты ойлап тапқан адам боласа, ал енді сол адамның білімін, сана - сезімін өсіріп, күшіне күш, ойына ой қосып, оны қоғам мен табиғаттың қожасына айналдырып отырған кітап. Кей кітап толып жатқан ұйқысыз түндерден соң ауыр азап пен қиын қыстау жағдайларда, кейде жоқшылық, мұқтаждықпен жарыққа шықса, біреулері жігердің құм болуымен, өмір құнымен дүниге келгенін адамзат баласы тарихтан жақсы біледі.

Кітап дегеніміз әлеуметтік қатынас жолының бір тәсілі, бір санадан екінші санаға ақпарат жеткізу құралы.

Кітап - автордың қаламгерлік таланты мен жазу процесіне жұмсаған уақытының жемісі. Қітап басып шығу мүмкіндігі - әлемдік өркениет тарихындағы ерекше бір бұрылыс кезеңі.

шығаратын мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік кәсіпорын. Баспалар шығарылатын өніміне қарай, кітап баспалары, газет-журнал баспалары, нота, плакат баспалары болып жіктеледі.

1. 2 Қазақ кітабының тарихына шолу

Кітап басу ісінің тарихы жазу сызудың пайда болуымен байланысты. Археологиялық қазбалар көрсеткендей жазу б. з. д. XV ғ. пайда болған. Жазудың ең ежелгі түрі - пиктография (ақпаратты сурет арқылы жеткізу) . Пиктографиялықжазу көптеген қиындықтар туғызған соң идеографиялық жазу пайда болды (грекше idea - түсінік, ұғым) . Сөздерді белгілермен белгілеу, дыбыстарды әріппен белгілеу тәсілдері ойластырылды.

Ежелгі идеографиялық жазу б. з. д. IVғ Египет қабырғаларында жазылған. Бұл жазуды ХІХғ. басында француз оқымыстысы Жан Француа Шампольон алғаш реет оқыды. Ал IVғ. Шуверлерде жазу болды. Ол жазу пиктографиялық және иороглифтікжазу. Б. з. д. ІІІ мыңжылдықта Қытай иероглифтері дамыды. Ол бүгінгі күнге дейін сақталуы. Қытай тілінің жетіліп дамуына байланысты оларда идеографиялық белгілер көбейді. Қазіргі Қытай тілінде елу мыңға жуық идеографиялық белгілер бар. Жазу таңбалары пайда болып қалыптасқаннан кейін әліпби түзілді.

Бір текті мәтінді көп данамен тарататын баспа тарихы Қытайдан кітап көбейтетін жаңа әдісі ксилографияның ( ксило - ағаштан ойылған қалыппен басу) пайда болуынан басталады. Осы әдіспен еі алғаш реет Будда дінінің «Жақұт Сұтра» кітабы (868 ж. ) жарық көрді. 1040-1048 жылдары Би Чен жылжымалы қаріптерді құйма әріптермен теру процесін ойлап тапты. Қаріптерді балшықтан жасап желіммен жабыстырып, оны отқа жағып, бетіне шайыр (смола) жаққан.

Еуропаға бұл жаңалық төрт ғасырдан кейін келген. XVI Қатйда түрлі-түсті баспа пайда болды. «Жақұт Сұтраның түсініктемелері» атты кітап екі түрлі бояумен басылып шықты.

Еуропада 1445 жылы неміс өнер тапқышы иоган Гуттенберг кітап басуға алғаш реет жылжымалы құйма әріптерді пайдаланды.

Ресейде 1564 жылы Иван Федоров пен Петр Мцеславец орыс тіліндегі тұңғыш «Апастоль» кітабын басып шығарды[4, 22б. ] .

XVI-XVIIIғғ баспаханаларды ірілендіру, шығаратын өнім көлемін ұлғайту және оны сатудың жүйелі жолға қоюдың қажеттілігіне қарай жекелеген баспагерлер шықты. Олар Мансия, Альдо (Венеция), Эльзебировтар отбасы (Нидерланды), Этенкофф және Дидо (Франция) секілді баспагерлерді айтуға болады.

XVIII-XIXғғ баспалар саны әлемнің алдынғы қатарлы елдерінде дамыды. XIXғ соңына қарай баспалар акционерлік қоғам түрінде құрылып, өз ішінде кітап және газет-журнал болып, өз ішінде жіктеле бастады.

«Сейфүлмәлік» - қазақтың тұңғыш баспа кітабы. Революциядан бұрын қазақ тілінде басылып шыққан кітаптардың қазіргі Қазақстанның тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, тұрмысы мен өмірін зерттеу үшін маңызы өте зор. Бұл кітаптар тарихи деректерді, архив қазыналарын толықтырып, қазақ халқының саяси, мәдени өмірінен құнды мағұлматтар береді. [5] .

Ал, екі жүз жылдық тарихы бар қазақ баспа кітабының адамзат өмірінен алатын орны ерекше. Осы орайда қазақ баспа кітабының тарихын мейлінше зерттеп, өткен ғасырда шыққан бірер еңбектердің бағыт бағдарын айқындап көрейік.

Сонау ерте замандағы Тоныкөк, Күлтегін жазбаларын қоспағанда екі жүз жылдық тарихы бар қазақтың баспа кітабы бізге баға жетпес қазына алып келді. Осыдан тура екі жүз жыл бұрын жарыққа шыққан ана тіліміздегі тұңғыш кітап мынау еді деп дөп басып айту үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізуіміз керек. Қазір бізге мәлім алғашқы қазақ баспа кітаптары «Сефүлмәлік» қиссасы мен қатар фольклорлық шығармалар болып отыр. Революцияға дейінгі кезеңде «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Хикаят Көрұғлы Сұлтан», «Қисса-и Құламерген», секілді төрт жүз аталым қарасында тасқа басылған кітап шыққан. Мұның сыртында екі жүзден астам діни кітаптар мен шығыс әдебиеті шығармалары жарық көрген.

Осы орайда айта кететіні, Қазақ елі Ресейге қосылғаннан кейін І Петр Патша Қазақстанда билігін нығайтудың амалы есебінде ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысына дейін Ислам дінін уағыздауға ат салысты. Орта мектептер балаларды мұсылмандыққа баулыды. Бұхара, Самарханд, Ташкент шаһарларындағы медреселерде білімдерін толықтырып, араб тілі мен араб философиясын үйренді. Міне, осы саясатты жүргізу барысында діни әдебиетті шығаратын алғашқы баспаханалар бой көтере бастады.

Осы кезден бастап Ресейде мәдениет пен баспа ісінің дамуы оған өз еркімен қосылған қазақ халқы сияқты ұлттардың келешегіне елеулі ықпал жасады. Өйткені қарамағындағы халықтарды басқару үшін де патша өкіметіне жергілікті ұлттардан хат танитын, оқыған мыңдаған шенеуніктер қажет болды. Ондай адамдар бір ғана мұсылманша емес, орысша да оқып, жаза білуі, сөйлесе алуы керек еді. Сондықтан оларды сауаттандыратын діни оқулықтарды көптеп басып шығару империяның әкімшілік, саяси, экономикалық мүддесінен туған талаптар еді. Оның үстіне патша үкіметінің түрлі жарлықтарын, ережелерін, ресми құжаттарын жергілікті халықтарға өз тілінде жариялап отыру үшін де баспахана мен баспа ісін ұйымдастыру қажеттігі туды. Осы талаптарға сәйкес Патша Павел І шығыс халықтары тілінде орталықта, ұлттық аймақтарда арнайы баспаханалар ашуға рұқсат етті. Осы мақсатпен Қазанда, Астраханьда, Ташкентте, Орынборда, Омбыда, Қырымда арнаулы баспаханалар ұйымдастырылды. [6, 45б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлем журналистикасының тарихы
Қазіргі қазақ кітап ісінің даму деңгейі
Қазақ тілінің тағдыры
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Қазақстан тарихы библиографиясы
Қазақстан Республикасының кітапханашы мамандарының құндылық бағдарлары
Ұлттық кітапхана
Кітап – халық тәрбиешісі
Әлем қалаларына саяхат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz