Ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні5
- Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызы . . . 18
- Ақша ағымдарын басқарудың әдістері . . . 24
2. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ («Кедентранссервис»АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында)
- Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау . . . 28
- Кәсіпорынның мүлкінің құрамы мен құрылымын талдау . . . 33
- Кәсіпорынның өтімділігін талдау . . . 39
- Ақша қаражаттарын басқаруды талдау . . . 42
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
- Ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдері . . . 52
- Қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдіру жолдары . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67
КІРІСПЕ
Қоғамымыз “Қазақстан - 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз. Ол міндеттерді бірі-экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді. »-деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. /1, 4-5 б/
«Қоғамдағы келісім-шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. » - деп Елбасы өзінің 2007ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында айтып кеткен. /2, 6-8 б/
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бергі уақыттарда, әсіресе соңғы жылдары экономикалық өсім жоғары қарқын ала бастады. Алғашқы кездегі қиындықтар біртіндеп артта қалды. Қоғам өмірінің барлық салаларын дамыту арқылы халқымыздың өркениет жүйесіндегі өмір сүріп жатқан басқа елдер тірлігімен бірдей дәрежеге қол жеткізуге болатынын соңғы жылдар жемісінің нәтижелерін байқатып отыр. Өмір сапасын және деңгейін көтеру экономикалық өсудің нәтижесіне және оның жалпы жағдайына тәуелді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Нарықтық экономикада бизнесті басқару көптеген белгілермен ерекшелікшеленеді. Біріншіден, кәсіпорынның жиынтық ресурстарының ішінде ең маңызды ресурс ретінде қаржылық ресурстар қолданылады. Екіншіден, қаржылық бейнедегі басқарушылық шешімдерді қабылдау белгісіздік жағдайында жүргізіледі. Үшіншіден, кәсіпорынның нақтылы тәуелсіздігі нәтижесінде негізгі мәселе ретінде қаржылық ресурстарды анықтау және инвестициялық саясатты ықтималды жүргізу болып табылады. Төртіншіден айналым капиталын тиімді пайдалану арқылы қаржылық жағдайды жақсарту қажет болады, ақшалай қаражаттардың ролі де жоғары мәнге ие. Кәсіпорында міндетті түрде ақшалай қаражаттар мен олардың эквиваленттерінің болуы шарт. Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі қаржы менеджметінде қаржылық циклды есептеумен, ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады. Осы себептерге байланысты нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қаржыны басқаруда ақшалай қаржаттарды басқарудың мәселелері өзекті болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ақшалай қаражаттардың кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етуіндегі маңызын анықтау және оларды басқару стратегиясын жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаржаттарды басқарудың ролін және оларды басқару әдістерін анықтау;
- «Кедентранссервис»АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында кәсіпорында ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізу;
- кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасын, қаржылық цикл ұзақтығын анықтау;
- ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық менеджменттің стратегиясын, тактикасын жетілдірудің кейбір жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі . Бұл жұмысты жазу барысында Баканов М. И., Шеремет А. Д., Сайфуллин Р. С., Ковалев В. В., Негашев Е. В. Стоянова Е. С., Дюсенбаев К. Ш. және т. б. ғалымдардың еңбектері әдістемелік арқау ретінде көрініс тапты.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс 3 негізгі бөлімнен, кіріспе, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімінен, кестеден, суреттен құралған, жалпы беттер саны- .
Жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның айналым капиталын басқарудағы ақшалай қаражаттарды басқарудың маңызы, ақшалай қаржаттарды тиімді басқарудың қаржылық жағдайға әсері, ақшалай қаражттарды басқарудың әдістері анықталған. Екінші бөлімде «Кедентранссервис»АҚ Атырау қаласындағы филиалы мысалында кәсіпорындағы ақшалай қаражаттарды басқаруға талдау жүргізілген, кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының қозғалысының динамикасы, қаржылық цикл ұзақтығы анықталған. Үшінші бөлімде ақшалай ағымдарды басқаруды болжамдау модельдерін пайдаланып, қаржылық стратегияның әр нұсқауы бойынша әр бап бойынша ұсыныстарды сандық бағалау және олардың кәсіпорын балансына әсер етуін бағалау негізінде кәсіпорын көрсеткіштерінің болжамды мәндері есептелген, қаржылық менеджменттің стратегиясын жетілдіру жолдары ұсынылған.
1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері
1. 1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні
Айналым қаражаттары кәсіпорын мүлкінің құрамдас бөлігі болып табылады. Оларды пайдаланудың жағдайы мен тиімділігі кәсіпорынның табысты қызметінің негізгі шарты болады. Нарықтық қатынастардың дамуы оларды ұйымдастырудың жаңа жағдайларын анықтайды.
Инфляция, төлемсіздік және басқа да дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындарды айналыс қаражаттарына қатысты өз саясатын өзгертуге, толықтырудың жаңа қайнар көздерін іздеуге, оларды пайдаланудың тиімділік мәселесін зерттеуге мәжбүр етеді. Өндірістің материалдық негізі болып еңбек өнімі ретіндегі өндірістік қорлар табылады. Қызмет көрсету процесі барысында еңбек өнімдері мен еңбек құралдары әрқалай және әртүрлі дәрежеде өндірілетін өнім құнына өз құнын тасымалдайды. Осының арқасында өндірістік қорлардың негізгі және айналыс қорларына бөлінуі дәлелденеді. Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріс саласына қызмет етеді және бір өндірістік цикл процесінде бастапқы түрін өзгертіп, дайын өнім құнына өз құнын тасымалдайды. Өз айналымында айналым қорлары кезек-кезек ақшалай, өндіргіштік және тауарлық форманы иеленеді, бұл олардың өндірістік қорлар мен айналыстағы қорларға бөлінуіне сәйкес келеді. /1/
Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріске қажетті шикізат қорлары, негізгі және қосымша материалдар, стаып алынатын жартылай фабрикаттар мен қосымша өнімдер, жағармай, жөндеу жұмыстары үшін керекті бөлшектер, аз құнды және тез тозатын бұйымдар, аяқталмаған өндіріс ретінде болады. /2/
Айналым қорларына мыналар кіреді: дайын өнім, ақшалай қаражаттар және дебиторлық қарыздар.
Әрдайым қозғалыста бола тұра, айналымдағы өндірістік қорлар мен айналыстағы қорлар қаражаттардың үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар қорларының айналымы шикізаттарды, материалдарды, жағармайды және басқа да өндіріс құралдарын алуға ақша түрінде құнның авансталуынан басталады- бұл айналымның бірінші кезеңі. Нәтижесінде ақшалай қаражаттар, айналыс сферасынан өндіріс сферасына көшуді көрсете отырып, өндірістік қорлардың түрін иеленеді. Сонымен қатар бұл жерде құн шығындалмайды, авансталады, өйткені айналым соңында ол қайтадан қалпына келеді. Айналымның екінші кезеңі өндіріс процесінде жүзеге асырылады, яғни еңбек күші, құрамында тасымалданған және жаңа қалыптасқан құны бар жаңа өнімді жасап, өндіріс құралдарын өндірістік тұтынуды жүзеге асырады. Авансталған құн қайтадан өзінің түрін өзгертеді - өндірістіктен тауарлыққа ауысады. Айналымның үшінші кезеңінде өндірілген дайын өнімді (жұмысты, қызметті) өткізіледі және ақшалай қаражаттар алынады. Бұл кезеңде айналым қаражаттары қайта өндіріс сферасынан айналым сферасына көшеді. Үзілген тауарлық айналым жаңғыртылады, құн тауарлық түрден ақшалай түрге айналады. Өнімді жұмыстарды, қызметтерді) дайындау мен өткізуге кеткен және өндірілген өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) жүзеге асырудан алынған ақшалай қаражаттар соммасының айырмасы кәсіпорынның ақшалай жинақтарына теңеледі.
Бір айналымды жүзеге асырып болған соң, айналым қаражаттары жаңасына көшеді. Айналым қаражаттарының тұрақты қозғалысы өндіріс пен айналымның үздіксіз процесінің негізі болып табылады. Бұл айналыс қаражаттарының ең маңызды қызметтері болып табылады- өндірістік.
Айналым қаражаттарына талдау жасау барысында айналым қаражаттарының айналым жылдамдығына әсер ететін негізгі факторларды атап өту қажет. Олардың негізгі факторлары 1 суретте көрсетілген.
Сурет 1. Айналым қаражаттарының айналымына факторлар әсері
Айналым қаражаттары өндіріс саласына, айналым саласына, халық шарушылығындағы есеп жағдайларына, соныменен мемлекеттегі ақша айналысына маңызды әсерін тигізетін негізгі қаржылық категориялардың бірі болып табылады, олар екінші қызметті атқарады - есеп-төлемдік. /2/
Жасалатын айналымдағы өндірістік қорлардың және айналыстағы қорларының қорларына ақшалай қаражаттардың авансталуы ретіндегі айналым қаражаттарының анықтамасы бұл категорияның толық экономикалық мәнін ашпайды. Бұнда айтылмаған жағдай: ақшалай қаражаттардың белгілі бір соммасын аванстаумен бірге өндіріс процесінде жасалатын қосымша өнім құнын бұл қорларға аванстау процесі жүзеге асады. Сондықтан рентабельді кәсіпорындарда қорлардың айналымы аяқталғаннан кейін авансталған айналым қаражаттарының соммасы алынған табыстың белгілі бір соммасына ұлғаяды. Табыстылығы төмен кәсіпорындарды айналым қаражаттарының сомасы қорлардың айналымы аяқталғаннан кейін шығындарға байланысты кемиді.
Соныменен, айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірістік бағдарламаларды және есептерді уақытылы орындауды жүзеге асыратын қажетті минималды көлемдегі айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларының жоспарлы түзілуі үшін ақшалай түрдще авансталатын құн болып табылады. Айналым қаражаттары ақшалай және материалдық ресурстарды қамтитындықтан, олардың ұйымдастырылуы мен пайдалану тиімділігінен материалдық өндіріс процесі ғана емес, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы да тәуелді болады. /2/
Айналым қаражаттарын ұйымдастыру олардың тиімділігін жоғарлату мәселелері кешенінде басты болып табылады. Айналым қаражаттарын ұйымдастыру мыналарды қарастырады:
- Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамын ұйымдастыру;
- Айналым қаражаттарына деген кәсіпорынның қажеттілігін анықтау;
- Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздерін анықтау;
- Айналым қаражаттарын пайдалану мен олармен айла-әрекеттер жасау;
- Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігі мен ақталуына жауапкершілік. /3/
Айналым қаражаттарының құрамы дегеніміз айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларын құрайтын элементтердің жиынтығы болады.
Айналым қаражаттарының элементтері болып мыналар табылады: шикізат, негізгі материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, жағармай, жөндеу жұмыстарына арналған құралдар, құрал-саймандар, шаруашылық инвентарь және тағы басқа аз құнды және тез тозатын нәрселер, аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнім, жеткізілген тауарлар, ақшалай қаражаттар, дебиторлар, және тағы басқасы.
Жоспарлау, есептеу және талдау тәжірибесінде айналым капиталы келесі ерекшеліктер бойынша сыныпталады:
1) Өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты - айналыстық өндірістік қорлар және айналым қорлары;
2) Бақылау, жоспарлау және басқару тәжірибесіне байланысты - қалыпқа келетін және қалыпқа келмейтін айналым қаражаттары;
3) Айналым қаражаттарының қалыптасу көздеріне байланысты - меншікті капитал және қарыздық айналым капитал;
4) Өтімділігіне (ақшалай қаражаттарға айналу жылдамдығына) байланысты - жоғары өтімді қаражаттар, тез өтімді айналым қаражаттары және баяу өткізілетін айналым қаражаттары;
5) Капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты - салымдардың минималды тәуекелі бар айналым қаражаттары, салымдардың аз тәуекелі бар айналым қаражаттары, салымдардың орташа тәуекелі бар айналым қаражаттары, салымдардың жоғары тәуекелі бар айналым қаражаттары;
6) Есеп стандарттары мен кәсіпорын балансында көрсетілуіне байланысты - қорлардағы айналым қаражаттары, дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, ақшалай қаражаттар, тағы басқа айналым активтері;
7) Материалдық-заттай мазмұнына байланысты - еңбек құралдары, дайын өнім мен тауарлар, ақшалай қаражаттар, шоттардағы қаражаттар. /4/
Айналым қаражаттарының құрылымы деп айналым қаражаттарының жалпы соммасындағы элементтердің арасындағы қатынасты атайды. /2/
Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамы экономиканың әр түрлі салаларында бірдей емес. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық тәртібіндегі көптеген факторлармен анықталады.
Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындарға қатысты негізгі ерекшелік олардың айналым қаражаттарында тауарлы-материалдық құндылықтар қорлары мен дебиторлық қарыздың көн бөлікті алатыны болады. /5/
Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі болып нормалау табылады. Бұл қағиданы жүзеге асыру меншікті айналым қаражаттарының қажетті көлемін экономикалық дәлдікпен анықтауға және соның арқасында өндірістік және төлем-есептік қызметтерді табысты орындау үшін қолайлы жағдайды туғызуға мүмкіндік береді. Айналым қаражаттарын нормалаудан бас тарту болып табылатын жағымсыз қате тәжірибе - төлем - есептік тәртіптің дағдарыстық жағдайының себептерінің бірі.
Айналым қаражаттарын дұрыс ұйымдастырудың маңызды қағидасы оларды қатаң мақсатты бағыттылығы бойынша қолдану болып табылады. Шығындарды, шаруашылықсыз негіздегі шығыстарды жабу, ссудалар бойынша жоғарғы банктік пайыздарды төлеу, салық төлемдерін бюджетке аудару үшін өндірістік айналыстан авансталған айналым қаражаттарын бөліп алу арқылы бұл қағиданың бұзылуы төлем-есептік тәртіптің дағдарысына, бюджетке салық төлемдері бойынша, еңбек ақы бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер алдындағы, жеткізілетін дайын өнім мен шикізат үшін жабдықтаушылар алдыңдағы қарыздардың өсуіне әкелді.
Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі қағидасы олардың сақталуын қамтамасыз ету, рационалды пайдалану мен айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру статистикалық мәліметтер, жедел және бухгалтерлік есеп негізіндегі зерттеулер мен ревизия арқылы қолдану тиімділігі мен сақталуына жүйелі бақылауды қамтиды.
Көптеген кәсіпорындардағы айналым қаражаттарына деген жеткіліксіздік себептерінің бірі шикізат келіп түсуінің тұрақты болмауы болып табылады. Бұл шикізатты тұтынудың тәуліктік нормасынан кейде 30-50 есе көп сатып алуына әкеп соғады. Яғни көптеп төлеу орын алады, сондықтан, көп айналым қаражаттар қажет. /6/
Төлемсіздік мәселесі мерзімі өткен кредиторлық қарыздардың мерзімдері бойынша, қазіргі кезде кімге төлеу қажет екеніне, кім күте алатынына, кімге төлемдерді жүзеге асырмау мүмкін болатынына байланысты өздерінің кредиторларын сыныптауды қажет етеді. Бұл кезекте бірінші орында коммерциялық банктерге несие мен пайыздар және республикалық бюджетке салықтар бойынша төлемдер тұрады. Мерзімінде жүзеге асырылмаған төлемдер кәсіпорынды банкроттыққа әкелу мүмкін деңгейге дейін жоғары мөлшердегі санкциялық өтемақыларға айналады. Қазақстандық шаруашылық тәжірибеде осындай қауіп салыстырмалы шартты болып келетінін атап өту қажет. Қазіргі кезде банкроттық мүмкіндік кәсіпорын көлеміне кері пропорционалды, соның ішінде бұрын мемлекеттік болған кәсіпорындарға бұл кері тәуелділік одан әрі көрініс табады. /7/
Кәсіпорынға өндірістік және өткізу әрекеттерімен байланысты шығыстарды жүзеге асыруға, шикізат пен жұмыс күшін өтеуге мүмкіндік беретін жеткілікті айналым капиталын қамтамасыз ету тәжірибеде бірнеше күрделі мәселелерді шешу қажеттілігіне әкеп соғады.
Кәсіпорынның айналым капиталын мәнді толықтыруға мүмкіндік беретін шешімдердің бірі - қорларды басқару. Қаржы менеджментінің батыс оқу-құралдарының дәлелдемелері негізінде айналым капиталының толықтылығы көзқарасы бойынша тауарлық қорлардың айналым жылдамдығынан басқа ешбір фактор маңызды болып табылмайды. /8/
Қазақстанды бұл фактордың әсерін анықтау үшін қорлардың бар болуы туралы нақты ақпаратты алу және оларды қолдану нормативтерін есептеу қажет. Яғни барлығы бухгалтерлік есеп мәселесінен басталады. Кәсіпорындар қоймаларындағы есептік жүйелердің жетілдіру қажеттігіне күмән жоқ.
Кәсіпорын жиі бір шикізат түрін әртүрлі бағамен сатып алады. Қоймашыларда барлық шикізат әртүрлі карточкаларда жазылып тұрады ( өйткені әртүрлі бағаны иеленеді ) . Бухгалтерия бұл шикізаттарды белгілі бір бағамен шығынға жазу міндетті, бірақ олар әртүрлі карточкалардан шығынға жазылатындықтан, шығынға жазудың жаңа әдісі - жорамалдап орындау орын алады. Бұл мәліметтер негізінде қаржыны басқару, әрине, мүмкін емес. /9/ Біздің мемлекетімізде қазіргі кезеңге дейін дайындамалардың нақты өзіндік құны бойынша қорларды бағалау әдісі болған. Бірақ оны қолдану кезінде көптеген кәсіпорындарға тән қорларды ұзақ уақыт сақтау жағдайында, біріншіден, өнімнің өзіндік құны төмендейді, екіншіден, материал қалдықтарының құны салыстырмалы төмендейді, яғни олардың айналымы жасанды жолмен ұлғаяды.
Соңғы сатып алулардың құны бойынша материалдарды бағалау әдісін (ЛИФО) қолдану материалдар құндарының көрсеткіштерін олардың төмендеу жағына бұрмалаушылыққа әкеледі, соның нәтижесінде, айналым коэффициентінің ұлғаюы орын алады. Бірінші сатып алулардың құны бойынша тауарлы-материалдық құндылықтар қорларын бағалау (ФИФО) әдісі өткізілген өнімнің өзіндік құнының материалдарға одан әрі төмен бағалар негізінде қалыптасуына әкеп соғады, ал олардың қалдығы максималды құны бойынша бағаланады. Сондықтан ағымдағы активтердің айналымаы берілген жағдайда қорларды бағалаудың алдағыда қарастырылған әдістерді пайдалану кездегіден объективті түрде төмен болады. Одан шығу жолы қарапайым - қорларда және бухгалтерияда орташа құн бойынша есепті енгізу. /10/
Айналым қаражаттарының ұлғаю мәселесінің екінші аспектісі - есеп жүйесін жетілдіру. Есептерді жылдамдату үшін алдыменен барлық төлеушілерді білу қажет - келісімдік соммалар, мерзімдер және төлемдердің түсуімен байланысты басқа көрсеткіштерді қамтитын реестр қажет. Сонымен қатар кім қарызды төлеуді кешіктіретінін және қандай мерзімге, кім мүлдем төлемейтінін ескеру қажет.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде көптеген кәсіпорындарда айналым қаражаттарының жағдайы жергілікті себептерден ғана емес, соныменен жалпы себептерге байланысты нашарлады: бірыңғай экономикалық кеңістіктің бұзылуы, өндіріс деңгейінің төмендеуі, бағалардың өсуі және тағы басқасы. Айналым қаражаттарын басқарудың жаңа үлгілері тексерілген және кәсіпорындармен ерікті түрде қабылданған болу қажет. Бұл бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бизнесті жүргізу процесінде инвестициялық және қаржылық шешімдерді қабылдау шаруашылық субъектілердің капиталын басқарумен тығыз байланысты, өйткені оның жағдайының белгілі бір мөлшері мен динамикасының болуы тиімді басқару шешімдерін таңдау уақытында маңызды критерийлердің бірі болып табылады. Кәсіпорынның өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде: бизнесті құру немесе кеңейту үшін ресурстарды тартудан жабылу немесе қайта ұйымдастыру уақытына дейін - капитал әрдайым кәсіпорын қызметінің қажетті атрибуты болып табылады. Казіргі кезде кәсіпорынмен ресурстарды тартудың тиімділігін анықтау мақсатында қаржылық талдау мен ақша ағымдарын анықтау әдістері қолданылады. Бұл жеткілікті қарапайым, бірақ әркезде тиімді амал бола бермейді. /11/
Кәсіпорынмен ресурстарды тарту - екі бағыт бойынша қарастырылатын екі жақты процесс: инвестор жағынан - инвестиция ретінде, ал кәсіпорын жағынан - оның қалыптасуына капитал көздерін тарту ретінде. Белгіленген мәселелерді шешу үшін инвестор жағынан салынған қаражаттардың қайтарылу мерзімдерін және инвестициялардан табыстар соммасын анықтауға мүмкіндік беретін қаржылық әдістерді қолдану жеткілікті болады. Капиталдың қалыптасуы жүзеге асырылатын кәсіпорын жағынан болса, оның ұдайы өндірісінің деңгейін анықтау үшін бір қаржылық әдісті талдау жеткілікті болмайды. Сондықтан ресурстарды тарту талдамасы мен оларды пайдалану тиімділігін бағалаудың басқа да әдістері мен әдістемелерін қолдану қажеттілігі туындайды.
Айта кететін жағдай, ағымдағы кезеңде шетелде де, мемлекетіміз Қазақстанда да тәжірибеде кәсіпорын активтерінің жеке түрлері мен олардың қалыптасу көздерін басқару бойынша мәселелерді шешуге негізделген және капиталды талдауға бағытталған утилитарды жол басым орын алады. /12/
Экономикалық талдау теориясында кешенді және жүйелі амалды 30 жылдан бұрын профессор А. Д. Шеремет жасаған, және қазіргі кезге дейін кәсіпорынның айналым қаражаттарына талдау жасауда кеңінен пайдаланылып келе жатыр. /11/
Кейбір авторлар, соның ішінде Погостинская Н. Н және Погостинский Ю. А. экономикалық талдаудың классикалық амалында жүйелік пен кешенділік тепе-теңдігінен алшақтайды деп айтады. /13/ Осы бойынша берілген авторлардың көзқарасы дәлелденбеген деп айтуға болады. Кешенді талдауда бір-бірімен байланысы және келісілген ( кешенді экономикалық талдау әдісі ) көрсеткіштер жүйесінің қолданылуы көзделеді.
Профессор А. Д. Шеремет жүйелі талдауда алты негізгі кезеңді атап өткен:
1. Белгілі бір мақсаты және оның қызмет ету шарты бар жүйе ретіндегі
зерттелетін объектіні қарастыру.
2. Аналитикалық және синтетикалық көрсеткіштердің жүйесін жасау.
3. Жүйенің схема түріндегі бейнеленуі.
4. Факторлар мен көрсеткіштер сыныптамасын жүргізу және олар
арасындағы байланысты анықтау.
5. Алдыңғы кезеңдер негізінде жүйенің үлгісін қалыптастыру.
6. Жасалған үлгіні пайдалану арқылы зерттеулерді жүргізу.
Айналым қаражаттарын талдау үшін кешенді амал олардың барлық құрамдас бөліктері мен қасиеттерін зерттеу қажеттілігімен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz