Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ6
1. 1 «Инновация» ұғымы6
1. 2 «Ақпараттандыру» түсінігі10
1. 3 Банк ісі, қызметтері12
1. 3. 1 Банк міндеттерін шешудің техникалық жағынан қамтамасыз етілуі14
1. 3. 2 Банк қызметінің автоматтандырылған технологиясы14
1. 4 Банктік саладағы телекоммуникациялық жүйелер21
1. 4. 1 Call Center- телефон қоңырауларын өңдеу қызметі21
1. 4. 2 Siebel CRM жобасының енгізілуі21
1. 4. 3 IP MPLS (MultiProtocol Label Switching) 23
1. 4. 4 VPN желісі23
1. 5 Банкаралық SWIFT жүйесі24
1. 6 БХАЖ, БААЖ, АТҚАЖ25
1. 6. 1 БХАЖ туралы ақпарат25
1. 6. 2 БААЖ туралы ақпарат26
1. 7 «Ұлттық банк» мысалы негізінде технологиялық инновациялар29
2 ЖАҢА БАНКТІК ӨНІМДЕР МЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР37
2. 1 Пластикалық карточкалар - жаңа қызмет түрі37
2. 2 Қашықтан қызмет көрсету сервистері44
2. 2. 1 Мобильді банкинг46
3 ӨЗІНДІК ПРОЕКТТІК ЖОБА53
3. 1 Сайтты HTA негізінде жасау53
3. 2 Сайтты ақпараттық қамтамасыз ету55
4 ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН ЖОСПАРЛАУ60
4. 1 Диплом жұмысының экономикалық негізі60
4. 2 Программалық құралды жасау мен енгізуге кететін шығынды есептеу61
4. 3 Программа жазу мен оны жүргізуге кеткен шығынды есептеу61
ҚОРЫТЫНДЫ64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ65
ҚОСЫМШАЛАР67
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстанның экономикалық нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды. Сондықтан коммерциялық банктер әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, жаңашыл (инновациялық) технологияларды енгізу арқылы өздерінің қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра алады.
Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбес құрылымдарының бірі. Банктер қаржылық делдалдар сияқты шаруашылық қызмет процесінде босайтын шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтарын, және де басқа да бос ақша қаражаттарды тартып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысуларды жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер атқарады. Осылайша, өндіріс тиімділігіне және қоғамдық өнім айналысына тікелей ықпал етеді.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде ғана жүзеге асады. Бұл зерттеу тақырыбымның өзектілігін анықтап отыр.
Соңғы жылдарда қаржы нарықтарының - ақша және капитал нарықтарының - құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен тұтынудың айырмасын көрсетеді.
Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т. б. Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.
Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып, көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының өтімділігі мен табыстылығының қолайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен қолдауын және т. б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.
Банктің клиенттерімен қарым-қатынасы банк өнімдерін сатып алу-сату процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялары, төлем карточкалары сонымен қатар трасталық қызметтер, бағалы металдарды сақтау және т. б.
Көп клиенттермен банктік операцияларды орындау - дамыған несие жүйесі бар әлемнің барлық елдеріндегі қазіргі банктік қызметтің маңызды ерекшелігі.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Банктік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамасына банктік қызметтер нарығындағы бәсеке де ықпал етеді.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т. б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі. Бұл өзекті мәселе менің дипломдық жұмысымда да кең өріс алып отыр.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Қазақстан Республикасы экономикасының даму жолындағы алдыңғы қатарлы банктердің тізімінен орын алатын «Ұлттық банк» АҚ және т. б банктердің тиімді қызметтері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы банктердің іс-жүзіндегі көрсететін қызметтер көрінісін талдау, сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру саласындағы банктердің қызмет етуі, енгізілген жаңашыл жаңартуларды анықтап көрсету болып табылады.
Негізгі міндеттер. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес төмендегі міндеттерді орындау көзделген:
- банктердің қызметтерінің теориялық аспектілерімен танысу;
- банктердің ақпараттандыру саласымен танысу;
- банктік қызметтердің дамуының негізгі бағыттарын анықтау;
- бантерде енгізілген жаңартуларды қарастыру;
- банктық ақпараттандырудың технологиялық инновацияларын анықтау.
Дипломдық жұмыс төрт тараудан тұрады:
Бірінші тарауда банктік қызметтің мәні, экономикадағы ролі және т. б. операциялары туралы мәліметтер, жалпы банктік қызметтің даму перспективалары қарастырылады.
Екінші тарауда банктік қызметтің жаңа түрлерін енгізудің мәселелері, пластикалық карточкалар және қашықтан қызмет көрсету сервистері қарастырылған.
Үшінші тарауда өзіндік проекттік жобаның қай программалау тілінде жасалғаны, оның ақпараттық қамтамасыз етілуі көрсетілген.
Төртінші тарауда жобаның экономикалық қамтамасыз етілуі және оның іске асырылуын жоспарлау қарастырылған.
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ
1. 1 «Инновация» ұғымы
Инновация - жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстапдың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы. Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация ұғымын бірнеше мағынамен түсіндіруге болады, бірақ та ең бастысы “инновация” мен “жаңалық” терминдерін айыра біліп, ол ұғымдардың мағынасын білу керек. Жаңалық қандай да қызмет саласында оның тиімділігін жоғарылату бойынша фундаменталды, қолданбалы, тәжірибелік жұмыстардың рәсімделген нәтижесі болып табылады. Жаңалық мынадай түрлерде рәсімделеді: жаңалық ашу; патенттер; тауар белгісі ; рационализаторлық ұсыныстар; жаңа немесе өндіріс процесі құжаттары; ұйымдастыру, өндіріс немесе басқа құрылымдар; ноу-хау; ұғымдар; ғылыми тұрғыдағы принциптер; құжаттар (стандарттар, ұсыныстар, әдістемелер, нұсқаулар және т. б. ) ; маркетингтік зерттеулердің нәтижелері және т. б. жаңалықты жасаудағы инвестиция - жұмыстың жартысы. Ең бастысы - жаңалықты енгізу, жаңалықты инновация формасына айналдыру, яғни инновациялық диффузияны жалғастыруға болады. Жаңалықты жасау үшін маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет. Ал, инновация - жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылымитехникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңа-лықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация - жаңалықты енгізудің нәтижесі.
Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде “жаңалық” және “иннова-ция” дегенге әр түрлі категорияларда түсіндірулер кездеседі. Кей жағдайларда бұл түсініктер синонимдер секілді қолданылады, бірақ айқын айырмашылықтар бар. Инновация - бұл іздеуге, жасауға және жаңа бұйым түрлерін, технологияларын, таратуға бағытталған қызмет. Оның басқа да анықтамасы бар. Иновация -бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық, қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады. Фирма жүйесінің “кірісі” сияқты сатушылардың тез енуіне, инновациялық формаға өтуде, өзінің енгізу үшін уақытын күтіп, жай жинақталу жаңалығы болады. Фирманың “шығысында” тауарлар сияқты тек жаңалық болады. ҒЗТКЖ стратегиялық маркетинг процесі бойынша өндірістің ұйымдастыру - технологиялық дайындығының, жаңалықты рәсімдеу және өндіру, және оларды технологиялық өндіру.
Инновация және жаңалық портфелін қалыптастыру барысында тауардың бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижесі негізінде ұйымдардың ұйымдастыру, әлеуметтік, техникалық, қаржылық жағдайын, оның бәсекелестік мүмкіндігі ұйымның қызмет және кешенді даму саясаты қалыптасады. Ұйымның саясаты - басты жолы, қандай да бір қызмеи саласында (техникалық, экономикалық, әлеуметтік, сыртқыэкономикалық және т. б. ) ұйымдардың басшыларымен өткізілген стратегиялық шама жүйесі болып табылады. Кез-келген саясаттың негізі жаңалығы, яғни инновацияны ендіру болып табылады. Ұсыныстар бойынша орындалған жұмыс негізінде ұйымның инновация және жаңалық портфелі қалыптасады. Инновация портфелі ұйымда енгізуге жататын (кіргізуге) жеке еңбектер мен сатып алынатын өзінше кешенін жаңалық тізімін көрсетеді. Осылайша, стратегиялық маркетинг ісінің әдістері мен ғылыми тұрғыда келу негізінде тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі, нормативтері ұйымдардың жаңалық және инновация портфелінде жасалған.
Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады. Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:
1. мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;
2. ұйымның рационалды құрылымын талдау;
3. ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының кәсіби шеберлігін талдау;
4. ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;
5. ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда қолданылатын сәйкестікті талдау;
6. ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;
7. инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық, жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық) ;
8. жоба экспертизасының сапасын талдау;
9. ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапсаын талдау;
10. инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;
Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:
- диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу) . Қажеттілік және кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі, өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;
- талдау мен жинақтау бірлігі;
- ранжирлеу;
- баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;
- оперативтілік;
- сандық анықтамалылығы және т. б.
Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т. б.
Инновация бұл - экономикалық категория. Категория бойынша инновация жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын көрсетеді. Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді. Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді. Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын инновацияны іске қосарда, «ақша-инновация» айырбасы жүзеге асырылады. Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен (продуцент, инвестор-сатушы) алынған ақша мүліктері, біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден, инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.
Технологиялық инновациялар - бұл нысанда ұйымның инновацияны әзірлеумен және де енгізумен байланысты қызметтері. Атап айтқанда, өнеркәсіпте - технологиялық жаңа өнімдер мен үдерістер, сондай-ақ өнімдер мен үдерістердегі едәуір технологиялық жетілдірулер; қызмет көрсету салаларында - технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген қызметтер және жаңа немесе жетілдірілген қызмет өндіру (табыстау) тәсілдері.
Технологиялық жетілдірілген өнім - қолда бар өнім, ол үшін сапалық сипаттамалар жақсартылады, тиімділігі ең жоғары компоненттерді немесе материалдарды, бір немесе одан көп техникалық қосалқы жүйелерді жартылай өзгертуді (кешендік өнім үшін) пайдалану арқылы өндірістің экономикалық тиімділігі артады.
Технологиялық жаңа өнім - технологиялық сипаттамалары (функционалдық белгілері, құрылымдық орындалуы, қосымша операциялар, сондай-ақ қолданылатын материалдар мен компоненттер құрамы) немесе шамаланған пайдаланылуы негізіндегі жаңа, не осыған ұқсас бұрын шығарылатын өнімдерден елеулі айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновациялар негізіндегі жаңа технологияларда, не осыған ұқсас қолданыстағы технологияларды жаңа пайдалануда, не зерттеулер мен әзірлемелер нәтижесін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Технологиялық инновациялар екіге бөлінеді: өнімдік және үдерістік болып.
Өнімдік инновация - өндіріске немесе нарыққа технология жағынан жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді ендіруді қамтиды. Технологиялық сипаттамалары немесе пайдалану ұсынысы мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылған ұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновация мүлдем жаңа технологиямен немесе бұрыңғы технологияны жаңа қырынан пайдалануға негізделді. Технологиялық жетілдірілген өнім сапалық немесе құндық сипаты біршама тиімдіреу болатын құрамдастар мен материалдар пайдалану есебінен бір немесе бір қатар техникалық ішкі жүйелерін ішнара өзгерту есебінен айтарлықтай жақсара түскен қолданыстағы өнім.
Үдерістік инновация - технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді әзірлеп ендіруді қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа өндірістік құрал-жабдықты өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалануға, сондай -ақ зерттеулер мен әзірлеу нәтижелерін пайдалануға негізделуі мүмкін. Мұндай инновациялар, әдетте, өндіріс тиімділігін арттыруға немесе өндіріске шығарылып жатқан өнімді беру, ал кей жағдайда қарапайым өндірісітік әдістермен өндірілуі мүмкін болмайтын технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнім өндіруге беруге бағытталады.
Инновация қасиеттері:
Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда ғана іске асырылған деп есептелінеді. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-техникалық инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
Жаңалығы болуы керек;
Нарық сұранысын қанағаттандыру керек;
Өндірушіге пайда әкелуі керек.
Демек, инновация - белгілі бір тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін комерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жаңалығымен қатар өндірістік қолданбалығы да жатады. Инновация жоғарыда аталған барлық қасиеттер де бірдей дәрежеде маңызды екендігін айта кеткен жөн. Оның қайсы бірінің болмауы инновацияның үдеріске кері әсер етеді.
1. 2 «Ақпараттандыру» түсінігі
Ақпарат (лат. інформатіо - түсіндіру, мазмүндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білім, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырғын Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарды жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Бұл жағдайларға ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. Қазіргі уақыттарда ақпарат жүйелері есептеу техникасынсыз қолмен жасалатын ақпарат жүйелері және автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып жіктеледі.
Тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сектордың борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша жүйелік мониторинг жүзеге асырылады. Борышты басқарудың негізгі проблемаларының бірі мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымның сыртқы борышын басқаруға және жеке сектордың сыртқы борышын реттеуге жауапты мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасудың жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығы болып табылады. Сондықтан, мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру және тиісті деңгейде борыштың жағдайына жүйелік талдау жүргізу үшін бірыңғай тұтастандырылған электрондық дерекқор құрылатын болады, ол тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік басқару секторының борышы және мемлекеттің шартты міндеттемелері бойынша - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органмен, басым қатысуы бар ұйымдардың сыртқы борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, қаржы секторының қаржылық тұрақтылығының өлшемдері бөлігінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жаңартады. Бұл ретте, құпиялық сипаттағы ақпарат құрылатын дерекқорда ұсталмауы тиіс және қолданылатын ақпараттық алмасу туралы келісім жасасу тәжірибесі арқылы мемлекеттік органдар арасында алмасуға жатады. Елдің сыртқы борышын басқаруға және реттеуге қатысатын мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы резиденттерінің сыртқы борышы туралы ақпаратқа тиісті қол жеткізе алуы тиіс. Қолданыстағы заңнамада борышты басқару мәселелері жеткіліксіз регламенттелген, түрлі мемлекеттік органдардың толық емес көлемде борышты басқару мәселелерін көздейтін жеке нормативтік құқықтық актілері бар. Осыған байланысты, тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және толық көлемде ел борышын басқару тәртібін регламенттеу мақсатында заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылып отыр, атап айтқанда:
- жалпы сыртқы борыш бойынша;
- борыш ұғымын, оның құрылымын, жалпы сыртқы борыштың ықтимал шекті таңбаларын анықтау тәртібін және жалпы сыртқы борыш жағдайын жақсарту жөніндегі тетіктерді анықтау;
- жалпы сыртқы Mемлекеттік басқару секторының борышы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелері бойынша:
- үкіметтік борыш лимитін және есептердің тиісті әдістемесін көрсете отырып, мемлекеттік кепілдіктер, кепілгерліктер беру лимитін анықтау ережесін әзірлеу;
- мемлекеттік басқару секторының борышы және оның құрылымы ұғымын анықтау;
- мемлекеттік басқару секторының борыш тәуекелін басқару және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шартты міндеттемелері бойынша ереже әзірлеу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz